Мәжілістегі конференция: «2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асырудың механизмдері»
АСТАНА. Мәжіліс үйі. Бүгін 11- қараша күні, Мәжілісте «2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асырудың механизмдері» деген тақырыпта конференция өтті.
Конференцияны Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КХҰ) Еуропалық одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны жөніндегі бағдарламасы шеңберінде Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Әлеуметтік Кеңесінің жұмыс тобы және «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Конференцияның модераторы Орталық Азияның еңбек көші-қоны бойынша жобаның аймақтық үйлестірушісі Павел Шалусь болды.
Барлық дамушы елдер, сондай-ақ өтпелі экономикасы бар мемлекеттер де көші-қон процестерін, соның ішінде еңбек көші-қонын реттеуді қарастыратын саясатты, заңнамалар мен тетіктерді әзірлеуге ұмтылыс жасайтыны анық. 2007 жылы тамыз айында Қазақстан 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады. КХҰ оны жүзеге асыру үшін ұсыныстарын береді. Ол көші-қон мәселелерінің аясын кеңейтіп және тиімді механизмдерін тұтастай және жеке алғанда еңбек көші-қонын реттеу жөніндегі саяси стратегияны әзірлеуге көмектеседі.
Конференцияға Парламент депутаттары, «Нұр Отан» ХДП-ның Парламентаризм институтының өкілдері мен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктері мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің жауыпты қызметкерлері, ҚР Статистика агенттігінің, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының, ЕҚЫҰ және Қазақстандағы Еуропалық комиссияның өкілдері қатысты.
Әзірлеген Сәуле Досжанова, баспасөз қызметкері.
баспасөз қызметі таратып отыр.Т.74-63-01.SauleD.@parlam.kz)2008
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі