Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.05.2011

2011 жылғы 25 сәуір – 10 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға Ш О Л У


2011 жылғы 25 сәуір – 10 мамыр аралығында

Қазақстан Республикасы  Парламентінің қызметі туралы

жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға

Ш О Л У

 

Ақпарат-талдау бөлімі сіздердің назарларыңызға «Бұқаралық ақпарат құралдары Парламент туралы» ақпараттық шолуды ұсынады. Шолуға қазақ баспасөзінде және республикалық телеарналарда мен ақпараттық агенттіктерде, сондай-ақ Интернет-басылымдарда жарық көрген материалдар енгізілді. Парламент қызметі туралы мемлекеттік тілде барынша жиі, шұғыл және егжей-тегжейлі ақпарат ұсынған мемлекеттік тілдегі БАҚ арасынан «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Заң газеті», «Жас қазақ», «Алтын Орда», «Түркістан», «Ел» газеттерін, «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», «BNews.kz» ақпарат агенттіктерін және «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарнала-рының жаңалықтар қызметін атап өтуге болады.

 

27-28 сәуір күні Астанада түркі дүниесі үшін және халықаралық өмірде ерекше маңызы бар шара – ТүркПА-ның ІІ-ші жалпы отырысы өткізілді.

Түбі бір түркітілдес елдердің достығы мен ынтымақтастығын парламентаралық байланыс арнасында одан әрі нығайтуды көздейтін осы шараның өту барысы мен онда қарастырылған мәселелердің мән-жайы отандық ақпарат құралдары арқылы қалың жұртшылыққа жеткізіліп отырды.

Мәжіліс Төрағасы О. Мұхамеджанов осы отырыстың қарсаңында қырғыз, әзірбайжан және түрік парламенттерінің басшыларымен кездесулер өткізді.

«ҚазАқпараттың» хабарлауынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков Мәжіліс пен Жогорку Кенеш арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сенат Төрағасы Қ. Мәми де аталған елдер парламенттері басшыларымен кездесті.

27 сәуірде ТүркПА Кеңесінің отырысы өтті. ТүркПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысқан бұл отырыста ТүркПА-ның ІІ пленарлық отырысының күн тәртібі талқыланды. ТүркПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары «Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясын құру туралы» Стамбул келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ, Парламенттер Аппаратының басшылары «Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясына мүше Парламенттер кітапханалары арасында ниеттестік туралы» Хаттамаға қол қойды.

Сонымен бірге, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Оқтай Асадов ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановқа ТүркПА-ның төрағалығын Әзербайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына табыс етті, – деп хабарлады ақпарат құралдары.

ТүркПА-ның ІІ-ші жалпы отырысы Қазақстан Республикасының Президенті                      Н. Назарбаевтың отырыс қатысушыларына құттықтау хатын оқудан басталды. Содан соң ТүркПА Ассамблеясы төрағалығының тізгінін қолға алған Мәжіліс Төрағасы                                              О. Мұхамеджанов баяндама жасады.

Ақпарат құралдары жұртшылықты ТүркПА-ға қатысушылар құрамын одан әрі кеңейту жөніндегі жоба-жоспарлар жайынан де хабардар етті. Мысалы, Түркия парламентінің спикері Мехмет Әли Шахин бұл жөнінде: – «ТүркПА құрамында әзірше төрт елміз. Алдағы кезеңде Өзбекстан мен Түркіменстанды да Ассамблеяға қосу бағытында жұмыстар атқарып келеміз. Бұған тек қана ПА хатшылығы ғана емес, 4 елдің Парламент төрағалары да атсалысуда. Сондықтан да, ТүркПА-ның болашақ құрамы ұлғаятындығына сенім бар», - деді.

ТүркПА-ның ІІ-ші жалпы отырысы Астана Декларациясын қабылдаумен аяқталды.

Апталық шолудың «Заң шығару қызметі» бөлімінде Парламент Сенатының жалпы отырысында қаралған заң жобалары жөніндегі материалдар қамтылды.

Ал «Депутаттық қызмет», «Түсініктемелер мен сұхбаттар» бөлімдерінде Мәжіліс депутаттарының өңірлерде халықпен кездесу барысында атқарған істері, сондай-ақ қоғамдық маңызды оқиғалар жөніндегі ой-пікірлері туралы жарияланымдар берілді.

 

 

 

Шолуды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты М. Садықов дайындады.

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ


 

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 05.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды.

Күн тәртібіне сәйкес депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, талқылады. Сеул қаласында 2010 жылы сәуірде жасалған келісімді ратификациялау туралы заң қабылданды.

Талқылаулардың нәтижесінде «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қабылданды.

Бұл жобаға негіз болған Келісімге Қазақстан, Беларусь және Ресей Федерациясының Президенттері 2010 жылы желтоқсанда Мәскеуде қол қойды.

Келісімде қатысушы мемлекеттердің валюталық саясат жүргізуін жүзеге асыратын қағидалар айқындалған. Атап айтқанда, олар валюталық саясатты үйлестіруді кезең-кезеңімен жүзеге асыру және оны қалыптастыру мен жүргізуге қойылатын тәсілдерді жақындастыру, валюта саласындағы ықпалдастық үдерістерін дамыту үшін ұйымдастыру-құқықтық жағдай жасау, қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарына деген сенімді арттыру болып табылады.

Заң жобасы бойынша депутаттардың сауалдарына Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Д.Ақышев жауап берді.

Отырыста сондай-ақ екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.

Қолданыстағы заңдарға жер қатынастары мәселелері бойынша ұсынылып отырған өзгерістер жер туралы заңнаманы жетілдіруге, Жер кодексінің кейбір ережелеріндегі қайшылықтар мен қиғаш түсінушілікті алып тастауға бағытталған.

Заң жобасы бойынша Сенатта жүргізілген жұмыстар барысында Мәжіліс мақұлдаған жобаға тиісті (20-дан астам) өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, осы жобамен Жер кодексіне қатысты, мемлекеттік мүлік туралы және тұрғын үй-коммуналдық саладағы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген өзгерістер Парламент Мәжілісіне жіберілді.

Жалпы отырыста сондай-ақ депутаттарды халықаралық Парламенттік ұйымдарға және шет мемлекеттер Парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу туралы Сенат қаулысына өзгерістер енгізу мәселесі де талқыланды.

Сөйтіп, Сенат Регламентінің 173-1 тармағына сәйкес, Парламент жоғарғы палатасының Төрағасы Қ.Мәми ЕҚЫҰ ПА, ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА, ҰҚШҰ ПА-дағы делегациялар басшысы, ТҮРКПА Кеңесінің мүшесі болды.

 

 

ҚР Парламенті Кореяға дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салу үшін

Астанадан жер беру туралы келісімді ратификациялады

 

/«Kazakhstan Today», 05.05.2011 ж./ - ҚР Парламенті Кореяға дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салу үшін Астанадан жер беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Аталған құжатқа 2010 жылғы 22 сәуірде Сеулде қол қойылған болатын. Бұл ретте келісім Корея Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру мәселелерін зерттейді. Құжаттың 1-бабына сәйкес Корея тарапына Қазақстан тарапы Корея Республикасының елшілігінің ғимаратын салу үшін Астана қаласындағы Обаған және Арғанаты көшелерінің қиылысындағы жалпы алаңы 1 гектар жерді уақытша өтеусіз пайдалануға береді.

Сондай-ақ аталған республика елшісінің резиденциясын салу үшін Обаған көшесіндегі жалпы алаңы 0,5 гектар жер учаскесін 49 жылға уақытша өтеусіз пайдалануға беретін болады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюна жіберіледі.

 

 

Парламент Кореяға дипломатиялық өкілдіктерінің ғимаратын салу үшін

Астанадан жер беру туралы келісімді қабылдады

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Аталған құжатқа 2010 жылғы 22 сәуірде Сеулде қол қойылған болатын. Бұл ретте келісім Корея Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру мәселелерін зерттейді. Құжаттың 1-бабына сәйкес Корея тарапына Қазақстан тарапы Корея Республикасының елшілігінің ғимаратын салу үшін Астана қаласындағы Обаған және Арғанаты көшелерінің қиылысындағы жалпы алаңы 1 гектар жерді уақытша өтеусіз пайдалануға береді.

Сондай-ақ аталған республика елшісінің резиденциясын салу үшін Обаған көшесіндегі жалпы алаңы 0,5 гектар жер учаскесін 49 жылға уақытша өтеусіз пайдалануға беретін болады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюна жіберіледі.

 

 

ҚР Парламенті Астанада Оңтүстік Кореяның елшілігін салуға

жер беру туралы келісімді ратификациялады

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 05.05.2011 ж./ - Қазақстанның Сенаты (Парламенттің жоғарғы палатасы) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлады агенттіктің тілшісі Парламенттен.

Құжатқа 2010 жылдың 22 сәуірінде Сеул қаласында қол қойылды, деп еске салды қазақстандық сыртқы саяси ведомствоның жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев.

«Келісім Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласынан жер беру мәселелерін реттейді», - деп атап көрсетті ол.

Құжаттың нормаларына сәйкес, Қазақстан корейлік тарапқа 49 жылға уақытша ақылы жерді пайдалануға елшілік ғимаратын тұрғызу үшін жалпы көлемі бір гектар және елшінің резиденциясына ауданы 0,5 гектардан тұратын Обаған және Арғыната көшелерінің қиылысында орналасқан жер телімін береді.

Осылайша, заң қабылданды деп саналып, мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

 

 

ҚР Парламенті Валюталық саясаттың келісілген қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

 

/«Kazakhstan Today», 05.05.2011 ж./ - ҚР Парламенті Валюталық саясаттың келісілген қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Аталған келісімге 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған болатын. Беларусь Республикасы, Қазақстан мен РФ Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттер ұлттық валюталарының сыртқы сауда және инвестициялық операцияларындағы рөлін арттыру және аталған валюталардың өзара өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай валюталық саясат жүргізу туралы уағдаласқаны белгілі. Осыған орай, келісімде негізінен тараптардың валюталық саясатты әзірлейтін және жүргізетін қағидаттары белгіленеді.

Мәселен, біріншіден тараптар валюталық саясатты қалыптастыруға және жүргізуге көзқарасты кезең-кезеңімен және ықпалдастық ынтымақтастықтың қалыптасқан макроэкономикалық қажеттеріне сай келетін көлемде үйлестіру мен жақындастыруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, валюталық саладағы ықпалдастық үдерістерді дамыту, валюталық саясатты үйлестіру әрі келісу үшін ұлттық және мемлекетаралық деңгейде қажетті құқықтық ұйымдастыру шаралары жасалынады. Екіншіден, Тараптар валюталық салада ықпалдастық үдерістерінің дамуына теріс әсер етуі мүмкін іс-қимылдар жасамайды. Ал оларды еріксіз қолданған жағдайда осындай іс-қимылдардың салдарын барынша азайтуға тырысады. Үшіншіден, Тараптар келісімге қатысушы әрбір мемлекеттің ішкі валюта нарығында да, сондай-ақ халықаралық валюта нарығында да Тараптардың ұлттық валюталарына сенімді арттыруға бағытталған экономикалық саясат жүргізеді. «Келісім бойынша төлем балансында проблемалар және экономикаға төнетін басқа қауіптер болған жағдайда валюталық шектеулерді уақытша енгізу мүмкіндігі де көзделеді.

Құжат ағымдағы жылғы қыркүйекке дейін жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен бірге, заң жобасында көзделген іс-шаралар қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарының айырбасталуын қамтамасыз етеді. Олардың сыртқы саудада, инвестициялық операцияларда рөлін арттыруға, қазақстандық тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұлттық валюталардың рөлі жоғарылап, оларға деген сенім арта түседі деп ойлаймыз», - дейді құжат бойынша баяндаған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюна жіберіледі.

 

 

Парламент валюталық саясаттың келісілген қағидаттары

туралы келісімді қабылдады

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Аталған келісімге 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған болатын. Беларусь Республикасы, Қазақстан мен РФ Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттер ұлттық валюталарының сыртқы сауда және инвестициялық операцияларындағы рөлін арттыру және аталған валюталардың өзара өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай валюталық саясат жүргізу туралы уағдаласқаны белгілі. Осыған орай, келісімде негізінен тараптардың валюталық саясатты әзірлейтін және жүргізетін қағидаттары белгіленеді. Мәселен, біріншіден тараптар валюталық саясатты қалыптастыруға және жүргізуге көзқарасты кезең-кезеңімен және ықпалдастық ынтымақтастықтың қалыптасқан макроэкономикалық қажеттеріне сай келетін көлемде үйлестіру мен жақындастыруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, валюталық саладағы ықпалдастық үдерістерді дамыту, валюталық саясатты үйлестіру әрі келісу үшін ұлттық және мемлекетаралық деңгейде қажетті құқықтық ұйымдастыру шаралары жасалынады.  Екіншіден, Тараптар валюталық салада ықпалдастық үдерістерінің дамуына теріс әсер етуі мүмкін іс-қимылдар жасамайды. Ал оларды еріксіз қолданған жағдайда осындай іс-қимылдардың салдарын барынша азайтуға тырысады. Үшіншіден, Тараптар келісімге қатысушы әрбір мемлекеттің ішкі валюта нарығында да, сондай-ақ халықаралық валюта нарығында да Тараптардың ұлттық валюталарына сенімді арттыруға бағытталған экономикалық саясат жүргізеді. «Келісім бойынша төлем балансында проблемалар және экономикаға төнетін басқа қауіптер болған жағдайда валюталық шектеулерді уақытша енгізу мүмкіндігі де көзделеді. Құжат ағымдағы жылғы қыркүйекке дейін жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен бірге, заң жобасында көзделген іс-шаралар қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарының айырбасталуын қамтамасыз етеді. Олардың сыртқы саудада, инвестициялық операцияларда рөлін арттыруға, қазақстандық тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұлттық валюталардың рөлі жоғарылап, оларға деген сенім арта түседі деп ойлаймыз», - дейді құжат бойынша баяндаған  ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюна жіберіледі.

 

 

ҚР Парламенті валюталық саясаттың келісілген қағидалары туралы

келісімді ратификациялады

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 05.05.2011 ж./ - Қазақстанның Сенаты (Парламенттің жоғарғы палатасы) «Валюталық саясаттың келісілген қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады.

Құжатқа 2010 жылдың тоғызыншы желтоқсанында Мәскеу қаласында қол қойылды, деп еске салды Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

«Келісіммен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдер (Қазақстан, Беларусь және Ресей)  олардың негізенде валюталық саясатты әзірлеп жүргізетін қағидалар белгіленеді», - деп түсіндірді ол.

 

 

Қазақстанның Парламенті КО аясында валюталық саясаттың

келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялады

 

/«BNews.kz.», 05.05.2011 ж./ – Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары пленарлық отырыста «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын мақұлдады.

Сенат комитетінің қорытындысында қазіргі келісімге 2010 жылы 9 желтоқсанда Мәскеуде Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының президенттері қол қойған делінген.

Келісімде КО мүше-мемлекеттердің валюталық саясаттың жүзеге асыру қағидаттары белгіленген. Оған: валюталық саясатты құру мен жүзеге асыру кезінде іс-шараларды үндестіру мен жақындастыруды кезең-кезеңмен атқару, валюталық салада ықпалдасу үрдістерін дамыту үшін ұйымдастыру-құқықтық жағдайларды құру, КО мүше-мемлекеттердің ұлттық валюталарына сенімді арттыруға бағытталған экономикалық саясатты жүргізу жатады.

 

 

Сенаторлар 4 бірдей заң жобасын мақұлдады

 

/«Қазақстан» ТРК, 05.05.2011 ж., Н. Бекбау/ - Сенаттың бүгінгі отырысында депутаттар Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы валюталық саясатты біріздендіру мәселесін қамтитын заң жобасын қарап шықты. Естеріңізге сала кетейік, бұл құжат Кедендік одаққа мүше елдердің басшыларының мақұлдауымен өткен жылдың желтоқсанында бекіген болатын. Келісімнің басты мақсаты - инвестициялық операциялар кезінде, сондай-ақ, ішкі сауда ісінде ұлттық валютаның рөлін күшейту.

Әрі валюта бағамына қатысты бар саясатты нақтылау, біріздендіруді де көздейді. Мұнан бөлек, тағы 4 заң жобасы қаралды. Бірсыпыра талдаудан өткен соң, мақұлданды. Жиын соңында депутаттық сауал жасалды. Сұрақ иесі Қуаныш Сұлтанов мектеп оқулықтарының нашар сапасын сынға алды. Сенатор бұл мәселе талай рет көтерілгенін айтады. Шешімі ретінде нақты шаралар қолға алынса екен дегенді де алға тартты.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Елімізде қазір миллионға тарта оқушы бар. Ал олардың оқулықтары замана талабына сай емес, бағдарламасы ауыр. Сол себепті түбегейлі жүйені өзгерту керек.

 

 

 

 

 

Сенат жер қатынастарын реттеуді жетілдіруге бағытталған

заң жобасын Мәжіліске қайтарды

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылады.

Құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен заң жобасы Парламент Мәжілісіне қайтарылды.

Аталған заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған болатын. Құжат жер заңнамасын жетілдіруге, Жер кодексінің жекелеген ережелеріндегі қайшылықтар мен әркелкіліктерді жоюға бағытталған. Сонымен қатар заң жобасы «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық кеңестің шешімдерін орындау мақсатында әзірленген болатын. Заң жобасында жерді резервке қалдыруға байланысты қатынастар бойынша құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою мақсатында Жер кодексі жаңа баппен толықтырылады. Онда жерді резервте қалдырудың негіздері, тәртібі және мерзімдері айқындалып, жергілікті атқарушы органдардың осы мәселе бойынша құзыреті нақтыланған. Яғни, жерді резервке алуға жергілікті органдарға құқық беріледі. Бұдан бөлек, нарықтық тетіктер ескеріліп, елді мекендер аумақтарын бағалай отырып, жерді аймақтарға бөлу мәселелері ретке келтірілмек. Бұған сәйкес, жер учаскелерін елді  мекендерде жекеменшікке беру кезіндегі олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу мәселелері облыстық, Астана және Алматы қалаларының өкілді және атқарушы органдарының құзыретіне жатқызылады. Қолданыстағы заң жобасы бойынша ондай ставкалар тек қана Үкімет қаулысымен бекітіліп келген еді. Ал ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жалға беру мәселесі бойынша бірқатар шектеулер енгізіледі. Сонымен қатар, шетелдіктерге қойылатын дәл осындай шектеулерді жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 пайыздан асатын қазақстандық заңды тұлғаларға да қолдану белгіленіп отыр. Яғни, ендігі күні шетелдіктерге жер беру мәселесі қатаң қадағаланады.  Бұдан бөлек, заң жобасында Алматы қаласында ортақ пайдалану жерлерінде, көше жиектерінде ақылы автотұрақтарды салу мәселелерін ұйымдастыру нормалары енгізілген.

Заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында палата депутаттары бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқанда, заң жобасының нормалары Жер кодексіне сәйкес нақтыланды. Құжаттың жергілікті атқарушы органдардың жерді резервке қалдыру жөніндегі құзыретін көздейтін жаңа баппен толықтырылуына байланысты, тиісті уәкілетті органдардың құзыретіне ұсыныстар мен шешімдердің жобаларын дайындау жөніндегі толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты заң жобасы Парламент Мәжілісіне қайтарылды.

 

 

Халықаралық заң жобалары қолдау тапты

 

/«Егемен Қазақстан», 06.05.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен өткен палатаның кезекті отырысында төрт мәселе депутаттар назарына ұсынылды. Соның екеуі келісімдерді ратификациялауға байланысты заңдық құжаттар болып табылады.

Бірінші болып күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Ол бойынша баяндама жасаған Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев Астана қаласынан Корея елшілігін салуға 1 гектар және Елші резиденциясын салуға 0,5 гектар жер телімі бөлінетіндігін жеткізді. Жер 49 жыл мерзімге жалға беру шартымен берілмек екен. Жалдан өзге барлық салықтардан, алымдар мен баждардан босатылғандығын айта кету керек. Қосымша баянда­машы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов Кореямен ынтымақтастық ерекше дамып отырғандығын жан-жақты дәлелді жеткізді. Сенаторлар Сеул қаласында 2010 жылы сәуірде жасалған келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады.

Келесі қаралған мәселе «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы болды. Келісімге Қазақстан, Беларусь және Ресей Федерациясының президенттері 2010 жылғы желтоқсанда Мәскеуде қол қойған. Онда қатысушы мемлекеттердің валюталық саясат жүргізуін жүзеге асыратын қағидалар айқындалыпты. Атап айтқанда, олар валюталық саясатты үйлестіруді кезең-кезеңімен жүзеге асыру және оны қалыптастыру мен жүргізуге қойылатын тәсілдерді жақындастыру, валюта саласындағы ықпалдастық үдерістерін дамыту үшін ұйымдастыру-құқықтық жағдай жасау, қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарына деген сенімді арттыру болып табылады. Заң жобасы бойынша депутаттардың сауалдарына Ұлттық банк төрағасының орынбасары Д.Ақышев жауап берді. Сөйтіп, заңдық құжат депутаттар тарапынан бірауыздан қабылданды.

Осыған дейін бір рет мақұлдаудан өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Заң жобасы қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізуге, жер туралы заңнаманы жетілдіруге және Жер кодексінің кейбір ережелеріндегі қайшылықтар мен қиғаш түсінушілікті алып тастауға бағытталған. Жобаға енгізілген өзгерістер Мәжіліске жіберілді.

 

 

Валюталық саясатты ұлттық саясаттан неге бөлдік?

 

/«Алаш айнасы», 06.05.2011 ж., Қ. Қазы/ - Валюталық саясат мәселесі күні кеше әлемнің экономикадағы суперэлитасы саналатын тұлғалардың басын қосқан Астаналық экономикалық форумда кеңінен талқыланған еді. Сонда аузы дуалылар, нобельдік сыйлықтың иегерлері айтып кетті «кез келген елдің валюта мәселесі – қаржылық тұрақтылықтағы маңызды мәселе» деп. Ендеше, Қазақстанның Парламенті кеше «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын қабылдап, маңызды шараны жасады деп айтуға келеді. Мамандар мұны ықпалдастық үшін жауапты қадамға балайды. Әйтсе де ұлттығымыздың, мемлекеттігіміздің нышаны – теңге саясатынан, яғни ұлттық саясатымыздан бұл бағытта не ұтамыз? Осы жағы ойлантады...

«Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары» деген атауынан-ақ көрініп тұрғанындай, Заңның мақсаты Бірыңғай экономикалық кеңістікте валюталық саясатты жүзеге асыру қағидаттарын қарастырады. Бұл ретте құжат валюталық саясатты қалыптастырудың және жүргізудің тәсілдерін БЭК шеңберінде кезең-кезеңімен жақындастыруды айқындайды. Соған сәйкес, бағамдық саясатты үйлестіру барысында Қазақстан өз алдына «дәліз» іздемейді, ақылдасатын болады. Қазіргі Кедендік одақтағы мемлекеттермен келісіп пішеді. Осыған орай, Кеден одағының үш мемлекеті валюталық реттеу мен валюталық бақылауға қатысты заңнамаларын да үйлестіретін болады. Төлем балансында проблемалар болса, экономикалық қатерлер туындаса, әр мемлекеттің өз алдына валюталық шектеулерді уақытша енгізу мүмкіндігі де көзделеді. Бірақ бұл туралы басқасына ескертулері міндетті болады. Қысқасы, валютаға қатысты саясатты Ресей мен Беларусьтың саясатына ортақтастыра бастайтын боламыз. «Келісімде қарастырылған іс-шаралар қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарының айырбасталуын да қамтамасыз етеді. Олардың сыртқы саудадағы және инвестициялық операциядағы рөлін арттыруға, қазақстандық тауарлардың еркін қозғалысына мүмкіндік жасалатын болады. Ұлттық валюталардың рөлі артып, оларға деген сенім де жоғарылайды деп ойлаймыз.

Сыртқы саудада жағдайымыз жақсарады, валюталық реттеу мен қадағалау заңнамалары біртіндеп үйлесе түседі», – дейді құжаттың мазмұнын ашқан ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев. Дәл осы «валюталар арасындағы үйлесімге» сенатор Ғани Қасымовтың ашуы келді. Нақты мысалы да жоқ емес. «Сіз үйлесім туралы айтасыз, ол қандай қатынас мөлшерінде болмақ? Бүйтсек, ашығын айтайын, біздің теңге рубльдің арасына сіңіп, астына түсіп жоқ болып кетеді. Олардың жалпы валюталық операциялары біздікінен әлдеқайда көп, сонда қайдағы үйлесімді меңзеп тұрсыз? Мәселен, біз шетелге мұнайды доллармен сатамыз, олар рубльмен. Үйлесім қайда қалды, сонда? Теңгені кім қорғап тұр, мен көріп отырғаным жоқ. Әйтпесе «Қазақстан тарапынан барлық операциялар теңге негізінде жүргізілуі шарт» деп жазылуы тиіс еді ғой», – деді Ғани Есен­гелдіұлы. Расында, теңге – біздің дербес ұлттығымызды білдіретін символ, мем­лекеттігімізді айшықтайтын нышан. Ендеше, «теңге саясаты да ұлттық саясатпен бірге қарастырылса қайтеді?» деген сауал көлденеңдейді екен. Сенатордың сауалы да осыны меңзеп тұрғандай болды. Әйтсе де бұндай «шабуылға» төтеп бермек болған Ұлттық банк өкілінің бар айтқаны: келісім «рамалық» сипатта әрі ешқандай міндеттемелерді жүктемейді. «Рубльдің немесе басқа да бір валютаның басымдыққа ие болатыны туралы қорқыныш болмауы керек. Бұл келісім Кедендік одақтағы біздің қатынасымыздың басымдықтары негізінде әзірленді», – дегенді алға тартады Данияр Ақышев. Дей тұрғанмен, валюталық саясатта жақындасып отырып, жарға жығылмасымызға кім кепіл? Қанша жерден одақ әйтпесе кеңістік болғанымен, әрбір ел ең алдымен өзінің мүддесін күйттейтіні айқын. Тіпті табан астынан туындайтын қатер болса да, әркім өз қотырын өзі қасымай ма?.. «Қазақтың теңгесі мүшкіл» деп қайсыбірінің қарайласатынына көз жетпейді. Мұндай жағдай қазақтың басынан өтті ғой. Мәселен, кешегі Тәуелсіздік алған тұс есіңізде болар. Сонда «біз бәріміз бірге сомның сенімінде боламыз» деген орыс ағайын бір-ақ күннің ішінде қазаққа ескертпестен рубльге көшіп кетті емес пе? «Ел болуларың екіталай, рубльдің зонасында қалыңдар» деген қоқан-лоқы да сол кезде айтылғаны есте. Тек Елбасының көреген саясатының арқасында ғана ұлттық нышанымыздың бірі – теңге дүниеге келіп, экономиканың опырылып түсетін тұсын ұстап қалғаны бар. Бұл – бір. Екіншіден, Ресейдегі доллар бағамы тұрақсыз. Ендеше, бұның теңгеге әсері де болатыны түсінікті. Жә! Қазіргі кеңістіктегі жағдайға келсек, валюталық саясатты үйлестіріп, соған сеніммен қарайтын негіз әлі қалыптаспаған сыңайлы. Дегенмен Ұлттық банк тарапынан рубльдің еш басымдыққа бармайтыны, теңгені қор­ғаудың барлық шаралары қамтылатыны туралы мәлімдеме жасалды. «Доллар бағамына да, басқаға да қатысты қауіп әр кезде де болады. Ал келісімге сәйкес, ортақ саясатты ұстану бағытындағы либералдандыру мәселесін біз ары қарай жалғастыра түсеміз. Әрине, бұндай жағдайларда Қазақстанның тәуекелі азғантай. Ресей мен Беларусь тарапы валюталық реттеуде қатаң саясат ұстанып отыр. Сондықтан кейбір мәселеде біз алға озып кеттік. Реформа бойынша олар бізді емес, біз оларды күтетін боламыз», – дейді ҰБ төрағасының орынбасары Д.Ақышев. Ол теңгенің дербестігінен айырылуына, теңге тәуелділігіне қатысты пікірді негізсіз деп санап, олай болуы мүмкін еместігін алға тартады. Әмсе солай болсын деп тілейік.

Сапасы сын көтермейтін оқулықты қайта-қайта басу – Білім және ғылым министрлігінің білімсіздігін көрсетпей ме?!

Еліміздегі оқулық сапасының сын көтермейтіні туралы мәселе бұған дейін де дүркін-дүркін көтерілгені белгілі. Әңгіме әлі де таусылған жоқ. Ал бұған құлақ асқан кім бар? Білім министрлігі оқулық сапасына қойылатын талап күшейтіледі, оқулық сараптайтын орталық ашылады дегенімен, «баяғы жартас – сол жартас». Сапасыз дүниенің таралымы шектелместен одан сайын жалғасып жатқанына дәлелді оп-оңай-ақ табуға болатындай. Сондықтан болуы керек, Сенаттың отырысында депутат Қуаныш Сұлтанов атқарушы билік алдына мәселені төтесінен қойып, «Оқулық» атты бағдарлама болмаса, жағдайдың тым оспадарланып бара жатқанын ескертті. Білім және ғылым министрлігі бекіткен, 2006 жылы шыққан English оқулығының авторлары – Т.Аяпова, З.Әбілдаева. Депутаттың айтуынша, аталмыш оқулық ішінде Ресейге тән мысалдар – адам, жер-су аттары жетіп-артылады екен. Авторлар жасаған ең зор қиянат «Болашақ» деген тарауға түсіпті. 121-бетте Еуропа, Азия, Африка картасы берілген. Осы картада Қазақстан атты мемлекет атымен жоқ (!). Ресейдің құрамына кіріп кеткен. Осылайша «оңбағандай» қате жіберген оқулықты Білім және ғылым министрлігі екінші басылыммен таратып отыр. «Бұл не? Кітап авторлары мұндай картаны қай ғасырдан алған? Жоқ, әлде бұл министрліктің біліксіздігі, білімсіздігі ме? Қолжазбаны қабылдауға немқұрайдылық па? Жоқ, әлде болашаққа жастарды осылай өз Отанынсыз дайындау ма? Мұндай оспадарлық үшін кім жауап беруі тиіс?» – деп бір түйіндеді сөзін сенатор Сұлтанов.

Ғани ҚАСЫМОВ, сенатор:

– Келісім шеңберінде әрбір тарап өздерінің ұлттық валюталарының болашақ тағдырына қатысты қағидатты қадамдарын анықтап, соны көрсетуі керек еді. Бұл – кемсітушілік мәселесі емес, керісінше, әркімнің валюталық операциялар бойынша қауіпсіздік мәселесі. Мынаған назар аударыңыз: Қазақстан экспорттық-импорттық операцияларды тікелей валюталық айырбастау негізінде доллармен есеп айырысады. Ұлттық экономикалық жүйемізде теңге басымдықта тұр. Ендігі күні үшінші тармақ пайда болмақ. Ал ол бағытта бізде қандай сараптамалар, болжамдар бар екенінен хабарсызбыз. Ендеше, Кедендік одақ шеңберінде не болатынын да болжай алмаймыз. Теңгенің перспективасын да түсіне алмай отырмын. Теңге – біздің ұлттық нышанымыз. Ұлттың Туы, Елтаңбасы, Әнұраны секілді валюта да атрибутқа жатады. Оны сыйлауға, қорғауға тиіспіз. Ендеше, валюталық мәселеге қатысты келісімді үдетіп өткізбей, салмақты саралау керек.

 

 

 

 

 


 

ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ


 

 

 

27-28 сәуірде – Түрк ПА-ның отырыстары

 

/«Parlam.kz», 25.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - 27-28 сәуір күндері Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы және Түрк ПА-ның ІІ жалпы отырысы өтеді. Бұл шараға Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысады.

Айта кету керек, 2006 жылы 17 қарашада Анталья қаласында түркі тілді мемлекеттер басшыларының 8-ші Саммиті өтті, оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғыз елдерінің Прездиденттері қатысты. Осы Саммитте Парламенттік Ассамблея құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет ұсынған болатын.

Сәрсенбі, 27 сәуір күні, Түрк ПА Кеңесінің отырысы өтеді, аталған ұйымның төрғалығы онда Әзірбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына табыс етілетіні көзделуде (Бейбітшілік және келісім сарайы, «Бесік» залы, сағат 16-30).

Түрк ПА Кеңесінің отырысында Түрк ПА Кеңесінің күн тәртібі және Түрк ПА-ның ІІ пленарлық отырысының күн тәртібі жобасы талқыланады деп күтілуде. Бұл жөнінде Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлімет беретіні қарастырылған.

28 сәуір, бейсенбі күні, Түрк ПА жұмысы «Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігі: дамуы және жаңа белестері» атты фотокөрмесінің ашылуынан басталады. (Бейбітшілік және келісім сарайы, сағат 09-00). Сағат 09-40-та Түркі Академиясы қызметінің таныстырылымы өтеді. Содан кейін делегация басшылары естелік суретке түседі (сағат 09-50).

Сағат 10-00-де Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының екінші жалпы отырысы өз жұмысын бастайды деп жоспарланған (Бейбітшілік және келісім сарайы, «Атриум» залы).

Түрк ПА-ның екінші жалпы отырысының салтанатты ашылу рәсімінде Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Әли Шахин сөз сөйлейді деп күтіліп отыр.

ТҮРКСОЙ, Ислам Конференциясы Ұйымы Парламенттік Одағының, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің өкілдері құттықтау сөз сөйлейтіні көзделуде.

Түрк ПА-ның екінші жалпы отырысы Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың қорытынды сөзімен аяқталатыны белгіленіп отыр.

Отырыстың қорытындысы бойынша делегациялар басшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтетіні жоспарлануда (Бейбітшілік және келісім сарайы, «Кіші Атриум», залы сағат 13-00).

 

 

Түрк ПА 27 сәуірде Астанада өз жұмыстарын бастайды

 

/«ҚазАқпарат», 25.04.2011 ж./ - 27-28 сәуір күндері Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы және Түрк ПА-ның ІІ жалпы отырысы өтеді. Бұл шараға Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысады.

Айта кету керек, 2006 жылы 17 қарашада Анталья қаласында түркі тілді мемлекеттер басшыларының 8-ші Саммиті өтті, оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғыз елдерінің Прездиденттері қатысты. Осы Саммитте Парламенттік Ассамблея құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет ұсынған болатын.

Сәрсенбі, 27 сәуір күні, Түрк ПА Кеңесінің отырысы өтеді, аталған ұйымның төрағалығы онда Әзірбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына табыс етілетіні көзделуде.

Түрк ПА Кеңесінің отырысында Түрк ПА Кеңесінің күн тәртібі және Түрк ПА-ның ІІ пленарлық отырысының күн тәртібі жобасы талқыланады деп күтілуде. Бұл жөнінде Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлімет беретіні қарастырылған.

28 сәуір, бейсенбі күні, Түрк ПА жұмысы «Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігі: дамуы және жаңа белестері» атты фотокөрмесінің ашылуынан басталады. (Бейбітшілік және келісім сарайы, сағат 09-00). Сағат 09-40-та Түркі Академиясы қызметінің таныстырылымы өтеді. Содан кейін делегация басшылары естелік суретке түседі.

Сағат 10-00-де Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының екінші жалпы отырысы өз жұмысын бастайды деп жоспарланған.

Түрк ПА-ның екінші жалпы отырысының салтанатты ашылу рәсімінде Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Әли Шахин сөз сөйлейді деп күтіліп отыр.

ТҮРКСОЙ, Ислам Конференциясы Ұйымы Парламенттік Одағының, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің өкілдері құттықтау сөз сөйлейтіні көзделуде.

Түрк ПА-ның екінші жалпы отырысы Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың қорытынды сөзімен аяқталатыны белгіленіп отыр.

Отырыстың қорытындысы бойынша делегациялар басшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтетіні жоспарлануда.

 

 

Қазақстан Түркітілдес елдердің

Парламенттік Ассамблеясын басқарады

 

/«BNews.kz.», 25.04.2011 ж./ - Қазақстан Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын басқарады, - деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

«27 сәуірде ТүркПА Кеңесінің Мәжілісі болып, ТүркПА төрағалығының Әзірбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына өту рәсімі қарастырылады», - делінген хабарламада.

«28 сәуірде ТүркПА жұмысы «Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігі: қалыптасуы және перспективалары» атты фото көрмемен басталады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, ТүркПА құру туралы бастаманы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы Антальяда өткен Түркітілдес елдер басшыларының 8-ші саммитінде көтерген болатын.

 

 

Қазақстан Түркітілдес мемлекеттері

Парламенттік Ассамблеясына төрағалық етеді

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 25.04.2011 ж./ – Осы аптада Астанада Түркітілдес мемлекеттердің Парламент депутаттары бас қосады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Парламент Ассамблеясы кеңесінің 27-сәуірдегі отырысында ТүркіПА-на төрағалық Әзірбайжаннан Қазақстанның қолына өтеді.

28-сәуірде ПА-ның пленарлық отырысы өтеді. Отырысқа Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Милли Межилисінің төрағасы Октай Асадов, Қырғызстан Жогорку кенешінің төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Ұлттық Ұлы жиыны төрағасы Мехмет Әли Шахин қатысады, Ислам конференциясы ұйымының Парламент кеңесі, АЫӨСШК және Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өкілдері қатысады.

 

 

Астана төріндегі алқалы жиын

 

/«Егемен Қазақстан», 27.04.2011 ж./ - 27-28 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы және Түрк ПА-ның ІІ жалпы отырысы өтеді. Бұл шараға Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысады.

Айта кету керек, 2006 жылы 17 қарашада Анталья қаласында Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 8-ші саммиті өтті, оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан президенттері қатысты. Осы саммитте Парламенттік Ассамблея құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет ұсынған болатын.

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 26.04.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астанаға түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ІІ жалпы отырысына қатысу үшін Астанаға келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібековпен кездесті.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты қатынастарын, оның ішінде Парламентаралық ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«Қырғызстан Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі және тату көршісі болып табылады», деді Қ.Мәми және ол біздің еліміз ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі Қырғызстан басшылығының күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.

Осыған байланысты төраға қазіргі кезде Қазақстан жағы Қырғызстанға көмек беру жөніндегі Мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуге кіріскенін, сонымен қатар Президент Н.Назарбаев биылғы Жолдауында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгеніне тоқталды.

Қ.Мәмидің айтуынша, заң шығару органдары арасындағы тұрақты байланыстар екіжақты және көпжақты тұрғыдағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан мен Қырғызстан Парламентшілері ТМД, ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеялары аясында өзара белсенді іс-қимыл жасауда.

Осы ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылда Парламенттік байланыстарды одан әрі нығайту, төраға атап өткендей, ортақ стратегиялық мақсаттарға жауап беретін ықпалдастық үдерістерін дамытуда маңызды рөлі бар.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының қызметіне қатысты Қ.Мәми Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған ТүркПА-ны дамытуға қырғыз жағының үлесі үшін ризашылық білдірді.

«Бауырлас халықтардың Ассамблеясы халықаралық Парламенттік ұйымдар арасында ерекше орын алатыны даусыз», деді Сенат Төрағасы және ол «оның табысты жұмысы біздің халықтарымыздың игілігіне арналады» деп сенім артты.

А.Келдібеков сонымен бірге мемлекетаралық қатынастардағы барлық салалар бойынша Қазақстан мен Қырғызстан байланыстарын одан әрі нығайтуды жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, Парламенттік желі бойынша ынтымақтастық екі елдің жан-жақты қатынастарын тереңдетуге қомақты үлес болады.

 

 

Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Қырғыз Республикасы

Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібековпен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 26.04.2011 ж./ - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астанаға түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ІІ жалпы отырысына қатысу үшін Астанаға келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібековпен кездесті.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты қатынастарын, оның ішінде Парламентаралық ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«Қырғызстан Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі және тату көршісі болып табылады», деді Қ.Мәми және ол біздің еліміз ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі Қырғызстан басшылығының күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.

Осыған байланысты төраға қазіргі кезде Қазақстан жағы Қырғызстанға көмек беру жөніндегі Мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуге кіріскенін, сонымен қатар Президент Н.Назарбаев биылғы Жолдауында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгеніне тоқталды.

Қ.Мәмидің айтуынша, заң шығару органдары арасындағы тұрақты байланыстар екіжақты және көпжақты тұрғыдағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан мен Қырғызстан Парламентшілері ТМД, ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеялары аясында өзара белсенді іс-қимыл жасауда.

Осы ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылда Парламенттік байланыстарды одан әрі нығайту, төраға атап өткендей, ортақ стратегиялық мақсаттарға жауап беретін ықпалдастық үдерістерін дамытуда маңызды рөлі бар.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының қызметіне қатысты Қ.Мәми Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған ТүркПА-ны дамытуға қырғыз жағының үлесі үшін ризашылық білдірді.

«Бауырлас халықтардың Ассамблеясы халықаралық Парламенттік ұйымдар арасында ерекше орын алатыны даусыз», деді Сенат Төрағасы және ол «оның табысты жұмысы біздің халықтарымыздың игілігіне арналады» деп сенім артты.

А.Келдібеков сонымен бірге мемлекетаралық қатынастардағы барлық салалар бойынша Қазақстан мен Қырғызстан байланыстарын одан әрі нығайтуды жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, Парламенттік желі бойынша ынтымақтастық екі елдің жан-жақты қатынастарын тереңдетуге қомақты үлес болады.

 

 

Сенат төрағасы ҚР Жоғарғы Кеңес төрағасы

А.Келдібековты қабылдады

 

/«Қазақстан» ТРК, 26.04.2011 ж./ - Бүгін Сенат төрағасы Қайрат Мәми Астанада өтетін түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының отырысына келген Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңес төрағасы Ахматбек Келдібековты қабылдады. Кездесуде қазақ-қырғыз қарым-қатынасының даму келешегі талқыланды. «Стратегиялық серіктесіміз, әрі құдай қосқан көршіміздің ішкі тұрақтылығы мен экономикалық дамуына Қазақстан мүдделі», - деді Сенат төрағасы.

Қайрат Мәми сонымен қатар мәртебелі мейманды, қазір Қазақстан тарапының Қырғыз еліне көмек көрсету туралы мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеп жатқаны жайлы хабардар қылды. Қырғыз Жоғарғы Кеңесінің төрағасы өз сөзінде екіжақты ынтымақтастықты нығайта беруге ықыласты екенін жеткізді. Жоғарғы Кеңес төрағасы бастап келген Қырғыз елінің делегациясын Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов та қабылдады.

Кездесуде Ахматбек Келдібеков қиын-қыстау күнде қол ұшын созған Қазақ елі мен оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Тараптар сонымен қатар Мәжіліс пен Жоғарғы Кеңес арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

 

Қазақстан-Қырғызстан: Парламентаралық байланыс

 

/«Хабар» агенттігі, 26.04.2011 ж./ - Бүгін Парламент Сенатының спикері Қайрат Мәми Астанаға түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының ІІ жалпы отырысына келген Қырғызстан Жогаргу Кенешінің төрағасы Ахметбек Келдібековпен кездесті.

Тараптар қазақ-қырғыз қатынастарын, оның ішінде, Парламентаралық сұхбаттастықты дамыту мәселелері талқылады. «Қырғызстан Қазақстанның стратегиялық маңызды серіктесі. Сондықтан Қазақстан сіздердің мемлекеттегі тұрақтылықты сақтау және экономикалық дамуға бағытталған әрекеттеріңізді қолдайды» деп атап өтті Қайрат Мәми. Спикердің айтуынша, Елбасының тапсырмасы бойынша Қырғызстанға көмек көрсету мақсатында Үкіметаралық бағдарлама әзірленуде. Қазақстан мен Қырғызстан Парламентшілері ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы Парламенттік Ассамблеялары аясында өзара белсенді іс-қимыл жасауда. Сондай-ақ, Ахметбек Келдібеков Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жогару кенеш төрағасы, өткен жылы қырғыз елінің басына күн туғанда қолдау көрсеткен Қазақстанға және Нұрслұтан Назарбаевқа зор алғысын білдірді. Қазір Қырғызстанда жаңа конституция қабылданып, соның негізінде сайлау өтті. Жылдың соңына дейін Қырғыз Республикасының президенті сайлауы болады, - деді Жогорку Кенеш төрағасы.

 

 

Ықпалдастық жолындағы жүздесу

 

/«Егемен Қазақстан», 27.04.2011 ж./ - Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астанаға Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (Түрк ПА) ІІ жалпы отырысына қатысу үшін Астанаға келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Ахматбек Келдибековпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты қатынастарын, оның ішінде Парламентаралық ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. «Қырғызстан Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі және тату көршісі болып табылады», деді Қ.Мәми және ол біздің еліміздің ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі Қырғызстан басшылығының күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.

Осыған байланысты Төраға қазіргі кезде Қазақстан жағы Қырғызстанға көмек беру жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуге кіріскеніне, сонымен қатар, Президент Н.Назарбаев биылғы Жолдауында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгеніне тоқталды. Қ.Мәмидің айтуынша, заң шығару органдары арасындағы тұрақты байланыстар екіжақты және көпжақты тұрғыдағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан мен Қырғызстан Парламентшілері ТМД, ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеялары аясында өзара белсенді іс-қимыл жасауда. Осы ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдың Парламенттік байланыстарды одан әрі нығайту, Төраға атап өткендей, ортақ стратегиялық мақсаттарға жауап беретін ықпалдастық үдерістерін дамытуда маңызды рөлі бар.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының қызметіне қатысты Қ.Мәми Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Түрк ПА-ны дамытуға қосқан қырғыз жағының үлесі үшін ризашылық білдірді. «Бауырлас халықтардың Ассамблеясы халықаралық Парламенттік ұйымдар арасында ерекше орын алатыны даусыз», деді Сенат Төрағасы және ол «оның табысты жұмысы біздің халықтарымыздың игілігіне арналады» деп сенім артты.

А.Келдибеков, сонымен бірге, мемлекетаралық қатынастардағы барлық салалар бойынша Қазақстан мен Қырғызстан байланыстарын одан әрі нығайтуды жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, Парламенттік желі бойынша ынтымақтастық екі елдің жан-жақты қатынастарын тереңдетуге қомақты үлес болады.

 

 

Мәжіліс пен Жогорку Кенеш арасындағы ынтымақтастық туралы

Меморандумға қол қойылды

 

/«Parlam.kz», 26.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков бастаған көрші елдің парламентшілерін қабылдады.

Қырғыз депутаттары біздің елге ресми сапармен келген болатын.

«Қош келдіңіздер, құрметті әріптестер! – деп сөз бастаған Мәжіліс Төрағасы: – Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы қарым-қатынас ежелден қалыптасқан, тамырын тереңнен тартқан. Мұнда бауырластық та бар, туыстықта бар, көршілік те бар. Еліміз егемендігін алған соң, байланысымыз жаңа сатыларға көтеріліп жатыр»,- деді.

Қос мемлекет арасында ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарттар жасалған. Жалпы, екі елдің арасындағы қарым-қатынас ойдағыдай дамып келе жатыр деуге толық негіз бар.

Палата Төрағасы Қазақстан Қырғыз еліндегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық дамуды, әлеуметтік өркендеуді көздейтін Қырғызстан басшыларының қолға алған шараларын қолдап отырғанын жеткізді. Және де ол шаралар алдағы уақытта өз нәтижесін беретініне сенім білдірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қырғызстанға көмектің мемлекетаралық бағдарламасын жасап, қабылдау маңызды екенін айтты. Соған сәйкес Қазақстан және басқа мемлекеттер тарапынан да Қырғыз экономикасына көмек көрсету жағы да қамтылып отыр. Осыған байланысты жұмыстар қазір жүріп жатыр.

Парламентаралық байланыс тұрақты дамып келеді.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы өз сөзінде Парламентшілер делегациясын шақырып, құшақ жайып қарсы алып, ыстық ықылас білдіргені үшін қазақ тарабына алғысын жеткізді. Қазақстандағы Президенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады.

«Өткен жылы Қырғыз елінің бастан кешкен қиындықтарында бізге көмек көрсетіп, қолдау жасаған Қазақстанға, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығымызды білдіреміз»,- деді Ахматбек Келдібеков.

Мейманның айтуынша, өткен жылғы оқиғалардан кейін Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Соның неізінде сайлау өтті. Жылдың соңында Қырғыз Республикасы Президентінің сайлауы өтпекші.

Кездесу соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков Мәжіліс пен Жогорку Кенеш арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қырғыз депутаттары ертең басталатын Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (Түрк ПА) ІІ жалпы отырысының жұмысына да қатыспақшы.

 

 

Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Республикасы

Жогорку Кенешінің Төрағасымен жүздесті

 

/«ҚазАқпарат», 26.04.2011 ж./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков бастаған көрші елдің парламентшілерін қабылдады.

Қырғыз депутаттары біздің елге Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (Түрк ПА) ІІ жалпы отырысының жұмысына қатысу үшін ресми сапармен келген болатын.

«Қош келдіңіздер, құрметті әріптестер!» деп сөз бастаған Мәжіліс Төрағасы «Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы қарым-қатынас ежелден қалыптасқан, тамырын тереңнен тартқан. Мұнда бауырластық та бар, туыстықта бар, көршілік те бар. Еліміз егемендігін алған соң, байланысымыз жаңа сатыларға көтеріліп жатыр», - деді.

Қос мемлекет арасында ынтымақтастық жөніндегі келісім-шарттар жасалған. Жалпы, екі елдің арасындағы қарым-қатынас ойдағыдай дамып келе жатыр деуге толық негіз бар.

Палата Төрағасы Қазақстан Қырғыз еліндегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық дамуды, әлеуметтік өркендеуді көздейтін Қырғызстан басшыларының қолға алған шараларын қолдап отырғанын жеткізді. Және де ол шаралар алдағы уақытта өз нәтижесін беретініне сенім білдірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетаралық бағдарлама жасау жөнінде айтылды. Соған сәйкес Қазақстан және басқа мемлекеттер тарапынан да Қырғыз экономикасына көмек көрсету жағы да қамтылып отыр. Осыған байланысты жұмыстар қазір жүріп жатыр.

Парламентаралық байланыс тұрақты дамып келеді.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы өз сөзінде Парламентшілер делегациясын шақырып, құшақ жайып қарсы алып, ыстық ықылас білдіргені үшін қазақ тарабына алғысын жеткізді. Қазақстандағы Президенттік сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады.

«Өткен жылы Қырғыз елінің бастан кешкен қиындықтарында бізге көмек көрсетіп, қолдау жасаған Қазақстанға, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығымызды білдіреміз»,- деді Ахматбек Келдібеков.

Мейманның айтуынша, өткен жылғы оқиғалардан кейін Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Соның негізінде сайлау өтті. Жылдың соңында Қырғыз Республикасы Президентінің сайлауы өтпекші.

Кездесу соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков Мәжіліс пен Жогорку Кенеш арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан және Қырғызстан

Парламентаралық ынтымақтастықты белсендендіруде

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 26.04.2011 ж./ – Қазақстан Парламентінің Мәжілісі және Қырғызстанның Жогорку Кенеші (Парламент) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою рәсімі Астанада сейсенбіде спикер Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық Парламентшілер мен Қырғызстан Парламентінің төрағасы Ахматбек Келдібеков бастаған делегациямен арадағы кездесу барысында өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметінен.

Хабарламаға қарағанда, кездесу барысында тараптар екі елдің қарым-қатынастарын, оның ішінде сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстандық жақ сондай-ақ Қырғызстанмен арада инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі өрістетуге әзірлігін білдірді.

 

 

Тағылымы толайым кездесу

 

/«Егемен Қазақстан», 27.04.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Астанаға жұмыс бабымен  келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Ахматбек Келдибековпен кездесті.

Қырғыз Парламентінің басшысы бастаған ресми делегация Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының жұмысына  да қатысады. Ал делегация мүшелерімен кездесу Мәжіліс ғимаратында болып өтті. Оған сондай-ақ екі ел елшілері де қатысып отырды. Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде әріптесіне Жогорку Кенеш төрағалығына сайлануымен құттықтауын жеткізді. «Қазақ пен қырғыз арасындағы қарым-қатынас ежелден қалыптасқан, тамырын тереңнен тартқан қарым-қатынас. Мұнда бауырлық та, достық та және көршілік татулық та бар. Екі елдің, халықтың арасындағы қарым-қатынас ойдағыдай дамып келе жатыр деп айтуға болады», деді Орал Байғонысұлы. Қазақстан көршілес елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін, экономикалық даму мен әлеуметтік өркендеуді көздейтін Қырғызстан басшылығын қолдайды. Жыл соңында Қырғызстан тағы бір саяси науқанды, яғни президенттік сайлауды күтуде. Осы ретте спикер көрші елдің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», халық мүддесі биігінен көрінеріне сенім білдірді.

Алматы облысындағы Қызылағаш оқиғасы салдарын жоюға қырғызстандықтар көмек көрсеткен-ді. Ал Қазақстан көрші елдегі саяси дағдарыстан шығуға гуманитарлық көмек ретінде 20 миллион доллар бөлгені белгілі. Мұндай өзара көмек пен сыйластық  дәстүрлі достық пен бабалар рухында жалғасын тауып жатыр және ол әрі қарай дамитын болады. Спикер сөзінің соңында Қазақстан Парламентінің жұмысы жайлы, өткен сайлау барысы туралы кеңінен мағлұмат бере кетті.

Жогорку Кенеш төрағасы өз кезегінде Қырғызстандағы оқиғалардан кейінгі Қазақ елі мен оның басшысының қолдауын қырғызстандықтардың сезінгендігін ерекше атап өтті. Былтыр Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінде осы мәселе өткір көтерілген тақырыптардың біріне айналып, жаман оқиғадан жақсы тағылымдар алынды. Астанаға үлкен делегацияның келуі де сондықтан. Мәртебелі мейман өз елінің қиыншылықтарды  басынан өткеріп отырғандығына да ерекше назар аудартты. Жақында қабылданған республикалық бюджеттің жетіспеушілігі 22 пайыз болған. Төраға қырғыз халқының қиыншылықтардан мойымай өтерін де ерекше атап өтті.

Қырғыз делегациясының басшысы сөз орайы келгенде  шекара өткізу бекеттеріндегі қырғыздық көліктер мен азаматтардың біраз уақытқа дейін бөгеліп қаларын да жеткізе кетті. Осы мәселені шешуге қатысты алты келісімді ратификациялау жайын сөз етті. Сондай-ақ А.Келдибеков Ыстықкөлде демалушылардың 60-70 пайызын қазақстандықтар құрайтындығын тілге тиек ете келіп, осы өңірге келіп кетуге шақырды.

Кездесу соңынан тараптар Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жалпы, бұл сапар екі ел арасындағы Парламентаралық байланыстарды нығайтып қана қоймай, сауда-экономикалық және өзге де салалар бойынша қарым-қатынастардың жандануына өзіндік игі ықпалын тигізуі тиіс.

 

 

Қазақстан мен Әзербайжан: Парламентаралық ынтымақтастық

 

/«Parlam.kz», 27.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Біз Түрк ПА-ның алғашқы іргетасын қаладық. Бұл пікірді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Оқтай Асадовпен кездесуде айтты.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы, оның бұған дейін өткен басқосулары туралы болды. Астанада Түрк ПА-ның іс-шаралары бүгін басталды.

Өз сөзінде Орал Мұхамеджанов Қазақстан Парламентшілері Түрк ПА отырысына қатысуға келген әзірбайжандық әріптестерін үлкен құрметпен қарсы алатынын жеткізді.

Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Әзірбайжан елін Қап тауы аймағындағы сенімді әріптесі санайтынын, қос елдің Мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдердің нәтижесінде ынтымақтастық байланыс жоғары қарқын алғанын тілге тиек етті.

«Біздің халықтарды сан ғасырға ұласқан бауырластық, туыстық байланыстар жалғастырып жатыр. Қазақстанда 85 мыңдай әзірбайжан ұлтының өкілдері тұрады. Олар біздің елді өз Отанымыз деп санайды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына, сонымен қатар олар екі елдің достық байланысының нығаюына үлес қосуда»- деп атап өтті Орал Мұхамеджанов.

Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның ішкі саяси-экономикалық жағдайына тоқталған кезде 3 сәуірде өткен Президент сайлауы туралы айтып өтті. Бұл сайлаудағы жеңіс елдің қарқынды дамуының айқын көрінісі болды. Сайлау процесі тәуелсіз елдің 20 жылдағы атқарған ісіне баға бергендей нәтижені көрсетті.

Екі мемлекет БҰҰ, ЕҚЫҰ, Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨІСШК), ТМД, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңес, ТҮРКСОЙ және басқа да халықаралық ұйымдардың қызметі шеңберінде жан-жақты байланыс орнатып отыр. Екі елдің басқарушы партиялары арасындағы ынтымақтастық та өріс алып келеді.

Сөз алған мейман Оқтай Асадов мырза бауырластықпен қабыл алған Қазақстан тарабына алғысын айтты. Түрк ПА түркі тілді халықтардың байланысын арттыруда рөлі ерекше екеніне маңыз берді. 2006 жылы түркі тілді мемлекеттер басшыларының 8-ші Саммитінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтқан Парламенттік Ассамблея құру идеясы толық жүзеге асып отырғанын айтты. Қазақ еліне деген әзірбайжан халқының ізгі тілегін жеткізді.

Мәжіліс Төрағасы мәртебелі мейманға еліміздің атына айтқан жылы лебізі үшін ризашылығын білдірді.

Орал Мұхамеджанов 2012 жылы Түркі әлемінің орталығы – Астанада Парламентшілердің кездесуі өтетінін хабарлады. Елордада Түркі Академиясы ашылғанын, ертең таныстырылымы болатынын жеткізді. Үстіміздегі жылы қазан айында Астанада түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің Саммиті өтеді деп жоспарлануда.

Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың өркендеуі туралы сөз болды.

Оқтай Сабыроғлы Асадов мырза Мәжілістің құрметті қонақтар кітабына тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.

 

 

Мәжіліс спикері О. Мұхамеджанов Әзірбайжан Меджилисінің төрағасы

бастаған делегацияны қабылдады

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің төрағасы Оқтай Асадов бастаған делегацияны қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, әзірбайжандық Парламентшілер ертең Астанада өтетін Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ІІ жалпы отырысының жұмысына қатысады.

«Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары үшін сіздерді елордада қабылдау зор мәртебе. Мен біздің достас мемлекеттің жоғары делегациясын қабылдағаныма қуаныштымын. Қазақстан Әзірбайжан елін Кавказдағы негізгі әріптес мемлекет деп біледі. Біздің мемлекет басшыларымыз да бұған жоғары көңіл бөлетіні белгілі. Мәселен, тек өткен 2010 жылдың өзінде ғана Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің Мемлекет басшылары 5 мәрте кездесу өткізген. Биыл да бұндай жоғары деңгейдегі кездесулер аз болмайды деп сенемін», - деді жүздесу барысында О. Мұхамаджанов. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы екі елдің өзара қарым қатынасы қарқынды дамып отырғанын айтып, ғаламдық қаржы дағдарысы экономикалық алыс-берісте біршама әсер еткенін, дегенмен соңғы уақытта бұл үдеріс қалпына келе бастағанын айтып өтті. Мәселен, былтырғы жылы Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сауда айналымы 500 млн. долларға жеткен. Алдағы уақытта экономика, энергетика салалары бойынша жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қарастырылған. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та өз деңгейінде дамып жатыр.

Өз кезегінде әзірбайжандық делегация басшысы бауырластық қарым қатынастың одан сайын тереңдей түсетініне сенім білдірді. «Қазақ пен әзірбайжан қарым қатынасының тамыры тереңде. Мәдениетіміз, дініміз бір. Түркі тілдес елдер аясындағы байланыс та біздің елдерімізді жақындастыра түседі», - деді Оқтай Асадов.

 

 

Қазақстан төрағалығы барысында барлық түркі тілдес елдер \

Түрк ПА-ға жұмылады деп сенемін - Оқтай Асадов

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Қазақстан төрағалығы барысында барлық түркі тілдес елдер Түрк ПА-ға жұмылады деп сенемін. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуі барысында Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің төрағасы Оқтай Асадов осылай мәлімдеді.

«Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын құрудың бастамасында тұрған тұлға. Тоқтала кететін тағы бір мәселе бар. Біз өзіміздің Парламентаралық қарым-қатынастарымызды, оның ішінде түркі тілдер мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының жұмысын дамытуға тиіспіз. Дегенмен де, біз күні бүгінге дейін барлық түркі тілдес мемлекеттердің ТүркПА-ға жұмылуын жүзеге асыра алмай келеміз. Бүгін өтетін ТүркПА кеңесінің отырысында ұйымға төрағалық  Әзірбайжаннан Қазақстанға өтетіні белгілі. Сондықтан да, біз Қазақстан төрағалығында түркі тілдес мемлекеттердің барлық Парламентшілерінің басын қосу міндеті жүктелмек. Біз де осы тілекті жеткізгіміз келеді. Мен жақын келешекте біз арқылы, әйтпесе біздің жақтастарымыз арқылы осы мәселенің түбегейлі шешім табатынына сенімдіміз»,  - деді О. Асадов.

Сонымен қатар, мәртебелі мейман Қазақстанның Орталық Азияда ғана емес, халықаралық аренада беделі артып отырғанын айта келе, бауырлас елдерді біріктіруді ортақ шараларды жүзеге асыра түсу мәселесіне назар аудартты. «Мен бұрынғы Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ-дағы Жоғары лауазымымен құттықтаған болатынмын. Бұл біздің ортақ қуанышымыз. Түркі жұртының ұландары халықаралық ұйымдарда отырып, қызмет жасауы біздің беделімізді де арттырады», - деді Милли Меджлисінің төрағасы.

 

 

Күзге қарай Астанада түркі тілдес мемлекеттер

басшыларының саммиті өтеді

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың қазанында Астанада түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммитін өткізу жоспарланған.

Бұл туралы бүгін Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің төрағасы Оқтай Асадов бастаған делегациямен кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті.

«Біз Қазақстан елордасының 2012 жылы түркі әлемінің астанасы болып жарияланғанына зор қуаныштамыз. Былтырғы жылдың желтоқсанында түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысы да Астанада болып өтті.  Ал ағымдағы жылдың қазанында Түркі тілдес мемлекеттердің саммитін Астанада өткізу жоспарланып отыр. Бұндай және осыған ұқсас фактілердің барлығы Қазақстанның халықаралық саяси аренадағы маңызды мемлекет болып отырғанын аңғартады»,  - деді О. Мұхамеджанов.

 

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 27.04.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүрікПА) ІІ жалпы отырысына қатысуға Астанаға келген Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесті.

Әріптесімен кездесу барысында Қ.Мәми Қазақстан мен Әзірбайжанның екіжақты қарым-қатынастарының елеулі бөлігі болып табылатын Парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту үшін Астанада өтіп жатқан Парламенттік форумның аса маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған ТүрікПА-ны дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін біз әзірбайжан жағына алғыс айтамыз»,-деді төраға және ол,-«бауырлас елдердің Ассамблеясы беделді халықаралық Парламенттік ұйымдар қатарына кіретін болады», деп сенім білдірді.

Қазақстан мен Әзірбайжан Парламентшілері екіжақты түрде, және басқа Парламенттік ұйымдар аясында, атап айтқанда, ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА деңгейінде өзара белсенді қызмет етіп келеді.

Біздің еліміз биыл төрағалық ететін Ислам Конференциясы Ұйымына Қазақстан мен Әзірбайжан белсенді қатысушы екенін атап өте келіп, Қ.Мәми 2011 жылы Астанада ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38 сессиясын өткізу туралы қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін әзірбайжан жағына ризашылық білдірді.

Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты Сенат Төрағасы «екіжақты қатынастардың қарқынды дамуы және халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл екі мемлекет Президенттерінің кездесулері және оның нәтижелерімен, жоғары деңгейде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асуымен айқындалып отыр», деп атап өтті.

Өз кезегінде О.Асадов Қазақстанның ТүрікПА-ға табысты төрағалық ететіне сенім білдіріп, Қ.Мәмиді өзіне қолайлы уақытта Әзірбайжанға ресми сапармен келуге шақырды.

 

 

Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Әзірбайжан Республикасы

Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж./ - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүрікПА) ІІ жалпы отырысына қатысуға Астанаға келген Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесті.

Әріптесімен кездесу барысында Қ.Мәми Қазақстан мен Әзірбайжанның екіжақты қарым-қатынастарының елеулі бөлігі болып табылатын Парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту үшін Астанада өтіп жатқан Парламенттік форумның аса маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған ТүрікПА-ны дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін біз әзірбайжан жағына алғыс айтамыз», - деді төраға және ол, - «бауырлас елдердің Ассамблеясы беделді халықаралық Парламенттік ұйымдар қатарына кіретін болады», деп сенім білдірді.

Қазақстан мен Әзірбайжан Парламентшілері екіжақты түрде, және басқа Парламенттік ұйымдар аясында, атап айтқанда, ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА деңгейінде өзара белсенді қызмет етіп келеді.

Біздің еліміз биыл төрағалық ететін Ислам Конференциясы Ұйымына Қазақстан мен Әзірбайжан белсенді қатысушы екенін атап өте келіп, Қ.Мәми 2011 жылы Астанада ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38 сессиясын өткізу туралы қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін әзірбайжан жағына ризашылық білдірді.

Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты Сенат Төрағасы «екіжақты қатынастардың қарқынды дамуы және халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл екі мемлекет Президенттерінің кездесулері және оның нәтижелерімен, жоғары деңгейде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асуымен айқындалып отыр», деп атап өтті.

Өз кезегінде О.Асадов Қазақстанның ТүрікПА-ға табысты төрағалық ететіне сенім білдіріп, Қ.Мәмиді өзіне қолайлы уақытта Әзірбайжанға ресми сапармен келуге шақырды.

 

 

Бүгін Сенат спикері Әзірбайжан Парламентінің төрағасы

Октай Асадовпен кездесті

 

/«Қазақстан» ТРК, 27.04.2011 ж./ - Бүгін Астанада Түркі тілдес елдердің Парламент-аралық Ассамблеясының екінші сессиясы өтеді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ұйым. Астанаға қазір делегаттар келе бастады. Бүгін Сенат спикері Қайрат Мәми Әзірбайжан Парламентінің төрағасы Октай Асадовпен кездесті.

Басқосуда екі ел арасындағы қарым-қатынастар жайы сөз болды. Сондай-ақ, әзірбайжандық депутатты Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов та қабылдады. Кездесуде Түркі тілдес елдер Парламентаралық Ассамблеясының бауырлас халықтардың ынтымағын нығайтудағы ролі жоғары екені айтылды.

 

 

Қазақстан Сенатының спикерін Әзірбайжанға шақырды

 

/«BNews.kz.», 27.04.2011 ж./ – Астанадағы кездесуінде  Әзірбайжан мемлекетінің Милли Меджлис төрағасы Октай Асадов Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Қайрат Мәмиді  ресми сапармен Бакуге келуге шақырған болатын, - деп хабарлайды Қазақстан Сенатының баспасөз қызметі.

«О.Асадов Қазақстнның Астанада Парламент Ассамблеясының (Түрік ПА) ІІ пленарлық басқосуын сәтті  өткізгені жөнінде айта келіп, Қ.Мәмиді кез келген өзіне тиімді уақытта  Әзірбайжанға ресми сапармен келіп кетуге шақырды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қ.Мәми әзірбайжан жағын қазақстанның 2011 жылы Астанада ИКҰ мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлер Кеңесінің 38-ші Кеңесін өткізу жөніндегі бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

 

 

Әзірбайжан Милли Меджлисінің төрағасы Қазақстанның Түркі Парламенттік Ассамблеясына табысты төрағалық ететініне сенімді

 

/«Хабар» агенттігі, 27.04.2011 ж./ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының екінші жалпы отырысына қатысу үшін Астанаға келген Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің төрағасы Октай Асадовпен кездесті.

Кездесу барысында Қайрат Мәми екі ел арасындағы Парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту үшін Астанада өтіп жатқан Парламенттік форумның аса маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде Октай Асадов Қазақстанның Түркі Парламентік Ассамблеясына табысты төрағалық ететіне сенім білдіріп, Сенат төрағасын Әзірбайжанға ресми сапармен келуге шақырды. Бұдан соң мәртебелі мейманды Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхаметжанов қабылдады. Сұхбат барысында екі елдің аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша ұстанып отырған пікірлерінің ортақ екендігі айтылды. Мәжіліс төрағасы Түркі тілдес елдердің ықпалдастығына Парламенттік Ассамблеяның қызмет етіп отырғанын жеткізді.

 

 

Сенат Төрағасы Қ. Мәми Әзірбайжан

Милли Меджлисінің Төрағасы О. Асадовпен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүрікПА) ІІ жалпы отырысына қатысуға Астанаға келген Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесті.

Әріптесімен кездесу барысында Қ.Мәми Қазақстан мен Әзірбайжанның екіжақты қарым-қатынастарының елеулі бөлігі болып табылатын Парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту үшін Астанада өтіп жатқан Парламенттік форумның аса маңызды екенін атап өтті. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған ТүрікПА-ны дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін біз әзірбайжан жағына алғыс айтамыз. Бауырлас елдердің Ассамблеясы беделді халықаралық Парламенттік ұйымдар қатарына кіретін болады», деп сенім білдірді төраға кездесу барысында. Сөз аарсында Қазақстан биыл төрағалық ететін Ислам Конференциясы Ұйымына Әзірбайжан белсенді қатысушы екенін атап өте келіп, Сенат спикері, 2011 жылы Астанада ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38 сессиясын өткізу туралы қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін әзірбайжан тарапына ризашылық білдірді.

Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты Сенат Төрағасы «екіжақты қатынастардың қарқынды дамуы және халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл екі мемлекет Президенттерінің кездесулері және оның нәтижелерімен, жоғары деңгейде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асуымен айқындалып отыр», - деп атап өтті.

Өз кезегінде О.Асадов Қазақстанның ТүрікПА-ға табысты төрағалық ететіне сенім білдіріп, Қ.Мәмиді өзіне қолайлы уақытта Әзірбайжанға ресми сапармен келуге шақырды. 

 

 

Қазақстан Сенаты Спикерінің

ресми сапармен келуін Әзірбайжан күтіп отыр

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 27.04.2011 ж./ - Әзірбайжан мемлекетінің Милли Меджлис төрағасы Октай Асадов Қазақстан Сенаты (Парламенттің жоғарғы палатасы) спикері Қайрат Мәмиді ресми сапармен Бакуге келуін күтіп отыр, - деп хабарлайды Қазақстан Сенатының баспасөз қызметі. 

Астанада Парламент Ассамблеясының (Түрік ПА) ІІ пленарлық басқосуы шеңберінде Парламент спикерлерінің кездесуі өткен болатын.

«Асадов Қазақстанның ТүрікПА сәтті төрағалық ететініне сенімін білдіре отырып және  Әзірбайжанға К.Мамиді өзіне қолайлы уақытта ресми сапармен келіп кетуге шақырған», - деп көрсетілген сәрсенбі күнгі жарияланған хабарламада.

 

 

Қазақстан Сенатының спикерін

Әзірбайжанға шақырды

 

/«BNews.kz.», 27.04.2011 ж./ – Астанадағы кездесуінде  Әзірбайжан мемлекетінің Милли Меджлис төрағасы Октай Асадов Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Қайрат Мәмиді  ресми сапармен Бакуге келуге шақырған болатын, - деп хабарлайды Қазақстан Сенатының баспасөз қызметі.

«О.Асадов Қазақстнның Астанада Парламент Ассамблеясының (Түрік ПА) ІІ пленарлық басқосуын сәтті  өткізгені жөнінде айта келіп, Қ.Мәмиді кез келген өзіне тиімді уақытта  Әзірбайжанға ресми сапармен келіп кетуге шақырды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қ.Мәми әзірбайжан жағын қазақстанның 2011 жылы Астанада ИКҰ мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлер Кеңесінің 38-ші Кеңесін өткізу жөніндегі бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

 

 

2012 жылы Астана Түркі әлемінің елордасы деп белгіленіп отыр

 

/«Parlam.kz», 27.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мехмет Әли Шахин мырзамен кездесті.

«Қош келдіңіздер, аса құрметті түркиялық әріптестер!» деп сөзін бастаған Мәжіліс Төрағасы меймандарды Астанада, Парламент қабырғасында қарсы алып отырғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Шахин мырза бастаған Түркия Парламентшілерінің делегациясын Астана қаласында ТүркПА-ға қатысушысы ретінде қабылдап отырғанымыз үлкен мәртебе екенін атап өту қажет және шақыруымызды қабыл алғандарыңыз үшін ризашылық білдіремін»,-деді Орал Мұхамеджанов.

Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келеді. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2009 жылғы 21-23 қазандағы Түркияға ресми сапары барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан-түрік қатынастары сапалық жаңа мазмұнға ие болғаныдығын және Қазақстан мен Түркия арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шарттың жасалуы екі жақты ынтымақтастықты дамытуда жаңа кезең болып табылатынын атап өтті.

Қазақстан мен Түркияның халықаралық мәселелерде де көзқарастары бір жерден шығып келеді. Екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы жаңадан құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі (Түркі Кеңесі), АӨСШК, ТМЫК, ЕҚЫҰ, БҰҰ, ЭЫҰ, ИКҰ шеңберлеріндегі белсенді ықпалдастық елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар ауқымын кеңейтуге негіз болып отыр. Бұл біздің халықтарымыздың тарихи, мәдени, діни-этникалық жақындығымен қатар, мемлекеттеріміздің мұсылман және түркі әлемдеріндегі жоғары беделі, аймақтық және әлемдік саясат үрдістеріндегі атқарып отырған маңызды рөлдеріне байланысты. Соның дәлелі – өткен жылы Қазақстанның АӨСШК төрағалығын Түркияға тапсыруы. 2010 жылы Қазақстан түркі тілдес және мұсылман елдері арасында бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті және осы беделді ұйымның Саммитін өткізді.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді. Өз төрағалығы кезінде Қазақстан халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті күшейтуге, өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілетуге, ислам әлемі мен Батыс арасындағы қарым-қатынастардың бейбіт және сындарлы сұхбат арнасында өрбуіне ауқымды үлес қосуға мүдделі.

«Біздің елдің тұңғыш Президентінің бастамасымен Түркі кеңесінің және Түрк ПА-ның құрылуы екі елдің ынтымақтастығын одан сайын нығая түсуіне жағдай жасайды. Және де екі елдің Парламентаралық байланысының өріс алуына жол ашады»,- деді Орал Мұхамеджанов.

Өткен жылы Түркия Президенті Астанаға келген сапарында Түркі Академиясы ашылды. Мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2010 жылы Астана қаласында Түркі Академиясы – түркі өркениетінің тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысатын халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ашылғаны мәлім. Жұмысының алғашқы жылын тәмәмдайын деп отырған Академия, келешекте, халықтарымызыдың интеллектуалды тұрғыда жақындасуына, тарих саласындағы тәжірибемен және мамандармен алмасу үрдістерін үйлестіруге бағытталған. Осы орайда, Қазақстан, барлық тараптарды түркология саласындағы туындылар, ғылыми еңбектер және басқа да материалдардан тұратын Академия қорын жасақтауда белсенді қадамдарға шақырады.

Мәжіліс Төрағасы: «2010 жылғы 7 желтоқсанда Елордамызда Түркітілдес мемлекеттер Ақсақалдар Кеңесінің бірінші отырысы өтті. 2012 жылы Астана Түркі әлемінің елордасы деп белгіленіп отыр. Мұның бәрі осыдан 20 жыл бұрын үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін жайт еді. Бұл – Кеңес одағы құрамындағы түркі тілдес республикалардың егемендік алуының нәтижесі. Және де біздің бауырларымыз Түрік мемлекетінің КСРО құрамынан шығып, тәуелсіздігін алған түркі тілдес мемлекеттерге достық, бауырластық қол ұшын беруінің нәтижесі»,- деп ойын қорытты.

3 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы елдің қарқынды саяси дамуының айқын дәлеліне айналды. Сайлаушылардың 95,55 пайызы Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Сайлау нәтижесі – жиырма жыл ішінде атқарылған істерге берілген баға. Басқа мемлекеттер үшін бірнеше онжылдықтар қажет болған даму жолын Қазақстан 20 жыл ішінде қарқынды қадамдармен жүріп өтті деуге толық негізіміз бар және сайлу нәтижесі біздің осы тұжырымымыздың дәлелі.

«Құрметті бауырым, досым» деп сөзін бастаған Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мехмет Әли Шахин мырза Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) іс-шараларын жақсы ұйымдастырып жатқанына алғыстарын білдірді. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көп дауыс жинап, халықтың қолдауымен сайлануы біз үшін де үлкен қуаныш. Соған орай Сіздеді құтттықтағым келеді»,- деді М.Шахин мырза.

Тараптар осындай кездесулер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары, оның ішінде Парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайта түсудегі жаңа кезең болатынына сенім білдірді.

 

 

 

Қазақстан мен Түркия халықаралық саясатта өздерін

өте беделді мемлекет екендіктерін дәлелдеп келеді

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., М. Жиембай/ - Қазақстан мен Түркия халықаралық саясатта өздерін өте беделді мемлекет екендіктерін дәлелдеп келеді. Бүгін елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахинмен кездесуі барысында осылай деді.

Өз сөзінде түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүрікПА) ІІ жалпы отырысына қатысуға шақыртуды қабыл алған түркиялық делегаттарға алғысын білдірген ол: «Екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды даму үстінде екендігін өте жақсы білеміз. Біздердің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасымыз, саяси  ынтымақтастығымыз ойдағыдай дамып келе жатыр», - дей келіп, оның қорытындысы 2009 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың Түркияға ресми сапары барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімшартқа қол қойылуы екендігін баса айтты.

Мәжіліс төрағасының пайымынша, бауырлас екі елдің халықаралық деңгейде ұқсас не бір көзқарас танытуы көп нәрсеге байланысты. Сонымен қатар екі мемлекет те өздерінің халықарылық саясатта өте беделді ойыншы екендіктерін дәлелдеп келеді. Соның дәлелі өткен жылы Қазақстан Азиядағы өзара іс -қимыл және сенім шаралары кеңесінің  төрағалығын Түркияға тапсырып, өзі Шанхай ынтымақтастық ұйымына төраға болып отыр. Сондай-ақ өткен жылы Қазақстан түркі тілдес елдердің, мұсылман  елдерінің арасында бірінші болып Еуропадағы беделді ұйым ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті және сол ұйымның Ыстамбұлдан кейін 11 жыл бойы өтпеген Саммитін Астанада өткізді. 

«Алдағы бір-екі айдың ішінде Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалығын жоспарлап отыр. Осының барлығы біздің халықаралық саясатта қандай орын алатындығымыздың айғағы болмақ», - деді О.Мұхамеджанов.

 

 

Қазақстан қазір өз өңірінде және әлемде өте беделді елге айналды –

Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахин

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., М. Жиембай/ - Қазақстан қазір өз өңірінде және әлемде өте беделді елге айналды. Бүгін елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуі барысында Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахин осындай пікір білдірді.

«Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 20 жыл ғана болды. Жалпы мемлекет тарихы үшін 20 жыл тым қысқа мерзім саналады. Дегенмен осындай қысқа уақыттың аралығында Қазақстанның дамуын өте жоғары бағалауға тұрарлық», - деп атап өткен ол еліміздің гүлденуі Елбасы Н.Назарбаевтың арқасы деп білетіндігін баса айтты.

«Қазақстан қазір өз өңірінде және әлемде өте беделді елге айналды. Біз түркі бауырлар елінде бұған жоғары баға береміз», - деді мәртебелі мейман.

Сонымен қатар ол Қазақстан Түркияның Азиядағы ең маңызды сауда әріптесі болып табылатындығын тілге тиек етіп өтті. Оның пайымынша, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту және одан әрі арттыру үшін екі елдің де, әсіресе басшыларының саяси ниеттері өте зор.

 

 

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің

саммиті қазан айында өтеді

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 27.04.2011 ж./ - Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті қазан айында Қазақстанда өтеді, деп хабарлады Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.

«Біздің елдеріміздің алдында тұрған міндеттердің өзектілігін ескере келе, Қазақстан түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 2011 жылы қазан айында республикада өткізілетін саммитіне ерекше назар бөліп отыр», деді О.Мұхамеджанов Астанаға ТүркПа-ның отырысына қатысуға келген Түркия Парламентінің төрағасы Мехмет Али Шахинмен кездесу барысында.

Спикер атап өткендей, Астана 2012 жылы түркі әлемінің астанасы ретінде жария етілген.

Бұрыннан белгілі, 2009 жылы 3-қазанда Нахичеванда Түркі кеңесі – халықаралық ұйым құрылған, ол түркітілдес мемлекеттерді біріктіріп отыр.

 

 

Астана – түркі әлемінің елордасы

 

/«Егемен Қазақстан», 29.04.2011 ж./ - 27 сәуірде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мехмет Али Шахинмен кездесті.  «Қош келдіңіздер, аса құрметті түркиялық әріптестер!» деп сөзін бастаған Мәжіліс Төрағасы меймандарды Астанада, Парламент қабырғасында қарсы алып отырғанына қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Шахин мырза бастаған Түркия Парламентшілерінің делегациясын Астана қаласында Түрк ПА-ға қатысушысы ретінде қабылдап отырғанымыз үлкен мәртебе екенін атап өту қажет және шақыруымызды қабыл алғандарыңыз үшін ризашылық білдіремін», – деді Орал Мұхамеджанов.

                Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келеді. Президент Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 21-23 қазандағы Түркияға ресми сапары барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан-Түркия қатынастары сапалық жаңа мазмұнға ие болғандығын және Қазақстан мен Түркия арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімнің жасалуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда жаңа кезең болып табылатынын атап өтті.

«Біздің елдің тұңғыш Президентінің бастамасымен Түркі кеңесінің және Түрк ПА-ның құрылуы екі елдің ынтымақтастығы одан сайын нығая түсуіне жағдай жасайды. Және де екі елдің Парламентаралық байланысының өріс алуына жол ашады», – деді Орал Мұхамеджанов.

Өткен жылы Түркия Президенті Астанаға келген сапарында Түркі академиясы ашылды. Қазақстан басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2010 жылы Астана қаласында Түркі академиясы – түркі өркениетінің тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысатын халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ашылғаны мәлім.

«Құрметті бауырым, досым», деп сөзін бастаған Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мехмет Али Шахин Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының іс-шаралары жақсы ұйымдастырылып жатқанына алғысын білдірді. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көп дауыс жинап, халықтың қолдауымен сайлануы біз үшін де үлкен қуаныш. Соған орай сіздерді құттықтағым келеді», – деді М.Шахин.

Тараптар осындай кездесулер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары, оның ішінде Парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайта түсудегі жаңа кезең болатынына сенім білдірді.

Орал Мұхамеджанов Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен де кездесті.

 

 

Бүгін Астанада түркі тілдес елдердің

Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтеді

 

/«Хабар» агенттігі, 27.04.2011 ж./ - Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін шараға ПА құрамына кіретін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысады.

Екі күнге созылатын жиында 2012-ші жылға дейінгі бюджет жобасы, Ассамблея бас хатшысының қызметі, тұрақты комиссиялар құрамы, сондай-ақ сол комиссиялардың хатшыларын бекіту мәселелері қаралмақшы. Осы шара аясында Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Әзірбайжан республикасы Милли Межілісінің төрағасы Октай Асадовпен кездеседі. Бұдан кейін мәртебелі мейман Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановпен де жүздеспек. Сонымен қатар, Елордада Түрік республикасы Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахинмен де кездесу жоспарланған.

 

 

 

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 27.04.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүрікПА) Астанада өтіп жатқан ІІ жалпы отырысы аясында Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Али Шахин бастаған делегациямен кездесті.

Қ.Мәми Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуда осы сапардың маңызын атап өте келіп, тарихи тамыры ортақ екі мемлекеттің арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанғандық білдірді.

Қ.Мәми түркі әлеміндегі экономикалық, саяси және рухани ықпалдастықты тереңдетудегі Қазақстан мен Түркияның маңызды рөлін атап өтті. Биылғы қазан айында Қазақстанда түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің (Түркі Кеңесі) алғашқы Саммитін өткізу жоспарлануда.

- «Біздің еліміз бұл оқиғаға ерекше мән беріп отыр», деп атап өтті Төраға.

Сенат Төрағасы ТүркПА қызметіне жан-жақты қолдау білдіретінін және Қазақстан бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды нығайту жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыруда бірлескен жұмыстарды жүргізуге әзір екенін айтты. Ол сондай-ақ ТҮРКСОЙ аясындағы мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асырудың келешегі зор екенін атап өтті.

Биылғы 28-30 маусымда Астанада Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясы болады. Төраға айтқандай, Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету барысында халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды дамыту жұмыстарын жалғастырады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Али Шахин Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қол жеткізген табыстарды жоғары бағалай келіп, біздің еліміздің Орталық Азия аймағындағы жетекші рөлін атап өтті. М.Шахиннің айтуынша, мерзімінен бұрын президент сайлауының қорытындысы Елбасының саясаты Қазақстан халқының басым қолдауына ие екендігін тағы бір көрсетті.

 

 

Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Али Шахин бастаған делегациямен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж./ - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүрікПА) Астанада өтіп жатқан ІІ жалпы отырысы аясында Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Али Шахин бастаған делегациямен кездесті.

Қ.Мәми Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуда осы сапардың маңызын атап өте келіп, тарихи тамыры ортақ екі мемлекеттің арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанғандық білдірді.

Қ.Мәми түркі әлеміндегі экономикалық, саяси және рухани ықпалдастықты тереңдетудегі Қазақстан мен Түркияның маңызды рөлін атап өтті. Биылғы қазан айында Қазақстанда түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің (Түркі Кеңесі) алғашқы Саммитін өткізу жоспарлануда.

- «Біздің еліміз бұл оқиғаға ерекше мән беріп отыр», деп атап өтті Төраға.

Сенат Төрағасы ТүркПА қызметіне жан-жақты қолдау білдіретінін және Қазақстан бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды нығайту жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыруда бірлескен жұмыстарды жүргізуге әзір екенін айтты. Ол сондай-ақ ТҮРКСОЙ аясындағы мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асырудың келешегі зор екенін атап өтті.

Биылғы 28-30 маусымда Астанада Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясы болады. Төраға айтқандай, Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету барысында халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды дамыту жұмыстарын жалғастырады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Али Шахин Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қол жеткізген табыстарды жоғары бағалай келіп, біздің еліміздің Орталық Азия аймағындағы жетекші рөлін атап өтті. М.Шахиннің айтуынша, мерзімінен бұрын президент сайлауының қорытындысы Елбасының саясаты Қазақстан халқының басым қолдауына ие екендігін тағы бір көрсетті.

 

 

Түркиялық саясаткер Мехмет Әли Шахин Астанада

 

/«Хабар» агенттігі, 27.04.2011 ж./ - «Қазақстан бүкіл жаһанның назарын өзіне аудара білген аймақтағы бірден-бір ел. Бауырлас түркі жұртының бұл қадамына біз де қуана қараймыз».

Бүгін Астанада Парламент Сенатының спикері Қайрат Мәмимен болған кездесу кезінде Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мехмет Әли Шахин осындай пікір білдірді. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас жайында сөз қозғап, түркі әлеміндегі экономикалық, саяси және рухани ықпалдастықты тереңдетудегі екі елдің маңызды рөлін атап өтті. Биылғы қазан айында Қазақстанда түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің алғашқы Саммитін өткізу жоспарлануда. Біздің еліміз бұл оқиғаға ерекше мән беріп отыр, деп атап өтті сенат төрағасы. Мехмет Әли Шахинді Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов та қабылдап, онда екі жақты әріптестік мәселелері сөз болды. Өз кезегінде Мехмет Әли тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отырған Қазақстанның осынша аз ғана уақыт ішінде дамудың ерекше үлгісін таныта білгендігіне тоқталып, мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегімен байланыстыратынын айтты. Сондай-ақ ол Қазақстан Түркияның Азиядағы ең маңызды саяси-экономикалық һәм рухани әріптесі болып қала беретінін атап өтті.

 

 

Бауырлас халықтардың ынтымағын нығайту

мәселесі сөз болды

 

/«Қазақстан» ТРК, 27.04.2011 ж., Е. Қалымбайұлы/ - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының 2-ші пленарлық отырысы шеңберінде Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Түркі Республикасының Ұлы Ұлттық жиынының делегациясымен келіссөздер жүргізді. Қайрат Мәми түбі бір түркі мемлекеттері арасындағы стратегиялық серіктестіктің шапшаң дамуына ризашылық білдірді. Қазақ елінің жетістіктеріне жоғары баға берген Түркияның Ұлы Ұлттық жиынының төрағасы Мехмет Әли Шахин Президент Назарбаевтың Орталық Азиядағы көшбасшы ролін айрықша атап өтті. Оның айтуынша, президенттік сайлау нәтижесі ұлт көшбасшысының саясатын халықтың толық қолдайтынын айғақтап берді.

Мәртебелі мейманмен Мәжіліс төрағасы да кездесті. Орал Мұхамеджанов қазақ-түрік қатынастары жаңа мазмұнға ие болғанын әрі екі ел ынтымағының жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Сонымен қатар, бүгін Сенат спикері Қайрат Мәми Әзірбайжан Парламентінің төрағасы Октай Асадовпен кездесті. Басқосуда екі ел арасындағы ынтымақ сөз болды. Әзірбайжандық депутатты Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов та қабылдады. Кездесуде Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының бауырлас халықтардың ынтымағын нығайтудағы ролі жоғары екені айтылды.

 

 

Өңірдегі айтулы рөліміз аталды

 

/«Егемен Қазақстан», 29.04.2011 ж./ - 27 сәуірде Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (Түрк ПА) Астанада өтіп жатқан ІІ жалпы отырысы аясында Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мехмет Али Шахин бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Қ.Мәми Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтудағы осы сапардың маңызын атап өтіп, тарихи тамыры ортақ екі мемлекеттің арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанғандық білдірді.

Қ.Мәми түркі әлеміндегі экономикалық, саяси және рухани ықпалдастықты тереңдетудегі Қазақстан мен Түркияның маңызды рөлін атап көрсетті. Биылғы қазан айында Қазақстанда Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) алғашқы саммитін өткізу жоспарлануда.

– «Біздің еліміз бұл оқиғаға ерекше мән беріп отыр», – деді Қ.Мәми.

Сенат Төрағасы Түрк ПА қызметіне жан-жақты қолдау білдіретінін және Қазақстан бауырлас халықтар арасындағы байланыстарды нығайту жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыруда бірлескен жұмыстарды жүргізуге әзір екенін айтты. Ол сондай-ақ ТҮРКСОЙ аясындағы мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асырудың келешегі зор екенін атап өтті.

Биылғы 28-30 маусымда Астанада Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясы болады. Төраға айтқандай, Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ету барысында халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды дамыту жұмыстарын жалғастырады.

Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қол жеткізген табыстарды жоғары бағалай келіп, біздің еліміздің Орталық Азия аймағындағы жетекші рөлін атап өтті. М.Шахиннің айтуынша, мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлау қорытындысы Елбасының саясаты Қазақстан халқының басым қолдауына ие екендігін тағы бір көрсетті.

Қ.Мәми, сондай-ақ Әзірбайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен де кездесті.

 

 

Бүгін Астана қаласында Түркі тілдес елдердің

Парламенттік Ассамблеясы өз жұмыстарын бастады

 

 /«Parlam.kz», 27.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін Астана қаласында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы өз жұмыстарын бастады.

Бейбітшілік және келісім сарайында Түрк ПА Кеңесінің отырысы өтті. Бұл шараға Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысты.

Онда Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Оқтай Асадов ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановқа осы Түрк ПА-ның төрағалығын Әзербайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына табыс етті.

Бүгін Түрк ПА-ның ІІ пленарлық отырысының күн тәртібі талқыланды.

Бүгін Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары «Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясын құру туралы» Стамбул келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Хаттамаға қол қойды.

Сондай-ақ Парламенттер Аппаратының басшылары «Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясына мүше Парламенттер кітапханалары арасында ниеттестік туралы» Хаттамаға қол қойды.

Ертең, 28 сәуір күні, Түрк ПА-ның ІІ пленарлық отырысы өтеді.

 

 

Астанада ТүрікПА отырысы басталды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 28.04.2011 ж./ - Астанада 28 сәуірде  Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүрікПА) ІІ жалпы отырысы басталды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.

Түрік ПА түркітілдес елдері арасындағы Парламенттік бірлестік. Түрік ПА құру туралы бастаманы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, 2006 жылы Анталья қаласында өткен түркі тілдес елдері басшыларының сегізінші саммитінде көтерген.

Бүгінгі таңда Түрк ПА-ның құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия енген.

 

 

Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына

енді Қазақстан төрағалық етеді

 

/«Астана» телеарнасы, 27.04.2011 ж./ - Ұйымды 2009-шы жылдан бері басқарып келген Әзірбайжан бүгін төрағалық тізгінін қазақ еліне тапсырды.  Бұл туралы құжатқа бауырлас 4 ел Парламентінің өкілдері Астанада қол қойды. Ертең ұйымның 2-ші пленарлық отырысы өтеді. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер де сол кезде қаралмақ. «Еуразия кеңістігінің 4 миллион шаршы шақырымынан астам аумағында 200 миллионға жуық халқы бар түркі әлемінің халықаралық аренада алатын орны зор екені анық. Сондықтан тегі мен тілі бір, әрқашанда тілегі бір туыстардың бір шаңырақ астына бірігуі - маңызды» – дейді делегаттар. Айта кету керек, Парламент Ассамблеясына әзірге 4 мемлекет мүше. Олар - Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзірбайжан.

 

 

Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының төрағалығы

Әзірбайжаннан Қазақстанға өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 27.04.2011 ж./ - Бүгін Астанада өткен ұйым кеңесінің отырысында осындай шешім қабылданды.

Айта кету керек, 2006 жылы Анталия қаласында болған түркі тілдес мемлекет басшыларының саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттік Ассамблея құру идеясын ұсынған болатын. Бауырлас елдер Парламенттерінің ынтымақтастығы соңғы жылдары жоғары деңгейге көтерілді. Ассамблея – мемлекеттердің заңнамалық базасын жақындатуға, өзара сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды нығайтуға негіз болды.

Талант Мамытов, Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты:

-Бізде әзір 4 мемлекет кіріп отыр, бұл Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан. Біз ойлаймыз келешекте басқа түрік тілді мемлекеттер қосылады деп.

 

 

Түрк ПА-ға төрағалық Қазақстанға өтті

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына төрағалық Әзірбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына ресми түрде өтті. Бұл туралы бүгін Түрк ПА Кеңесінің отырысы барысында мәлім болды.

Кеңес отырысында негізінен ертең, 28 сәуірде өтетін Түрк ПА ІІ пленарлық отырысының күн тәртібі нақтыланған болатын. Сондай-ақ, бүгінгі жиын барысында Түрк ПА делегация басшылары ұйымның ағымдағы жылғы бюджетін пысықтап, ынтымақтастық бағыттағы  бірқатар құжаттарға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылғы 17 қарашада Анталияда Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 8-і саммиті өтіп, сол отырыста Парламенттік Ассамблея құру туралы идеяны Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ұсынған болатын. Осыған орай, 2008 жылы Ыстамбұл қаласында Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттері жетекшілерінің бірінші конференциясы өтіп, сол жиында Түрк ПА құру туралы келісімге қол қойылды. Ал 2009 жылы 28-29 қыркүйекте Баку қаласында ТүркПА бірінші жалпы отырысы өтті. Содан бері ұйымға Әзірбайжан мемлекеті төрағалық етіп келді.

Ертең Түрк ПА ІІ пленарлық отырысы  «Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсізлдігі: дамуы және жаңа белестері» атты фотокөрмемен ашылатын болады. Жиын барысында Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов сөз сөйлейтіні күтілуде. Бұдан бөлек, Түрк ПА-ға мүше басқа да мемлекеттердің делегация басшылары сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын жасайтын болады.

 

 

Түркі дүниесін ұйыстырған ұйым төрағалығы

ресми түрде Қазақстанға табыс етілді

 

/«Егемен Қазақстан», 29.04.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Сәрсенбі күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының жұмысы осы Ұйым Кеңесінің отырысымен басталды. Онда Түрк ПА төрағалығы Әзірбайжаннан Қазақстанға  ресми түрде өтті.

Әзірбайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановқа өз өкілеттігін табыстады. Осылайша Қазақстан халықаралық қоғамдастықта  өзін енді ғана таныта бастаған Түрк ПА-ны басқарғалы отыр. Ділі мен діні бір, тамырын тереңнен алатын тарихы ортақ әрі мәдени жақындығы бар халықтардың бұлайша ұжымдасуы құптарлық іс әрі уақыт талабынан туындаған қадам болып табылады. Қазіргі таңда Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы құрамына төрт ел: Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Қырғызстан мүше болып кірген. Осы орайда бір айта кетерлігі, Қырғызстан тарабы Парламенттік Ассамблеяның кезекті пленарлық отырысын өздерінде өткізуге дайын екендіктерін мәлімдеп үлгерді. Әзірге жаңадан әлем сахнасына шыққан құрылым құрамында Өзбекстан мен Түркіменстан жоқ, әйтсе де алдағы уақытта ортаазиялық көршілеріміздің сапқа қосылуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

2006 жылғы 17 қарашада Түркияның Анталья қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 8-ші саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттік Ассамблея құру идеясын ұсынған болатын. Елбасы бастамасын жүзеге асыру  мақсатында сол Антальяда 2008 жылы түркі тілдес елдер Парламенттерінің жетекшілері бас қосып, ұйымдастыру шараларын бастаған еді. Сол жылдың 27 наурызында Астанада түркі тілдес елдер Парламенттері аппараттары басшыларының жиыны болып, оның қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды және Түрк ПА келісімі жобасы бекітілді. Ал 2008 жылдың 21-22 қарашасында Ыстамбұл қаласында Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттері жетекшілерінің бірінші конференциясы ұйымдастырылды. Осы конференция барысында Түрк ПА құру туралы келісімге қол қойылғаны мәлім.

Араға бір жыл салып, яғни 2009 жылдың 27-29 қыркүйегінде Бакуде  Түрк ПА-ның І жалпы отырысы өткенін айта кету керек. Қазақстандық Парламентшілер де­легациясын сонда Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастап барған. Аталған отырыста Баку декларациясы қабылданса, онда бүкіл түркі халықтарының көп ғасырлық арман-мақсаттары бірінші рет қамтылды. Баку декларациясында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына қатысушы елдер Парламенттерінің өз мемлекеттерінде атқаратын елеулі рөлі, парламентаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейі және олардың тарихының, тілі мен мәдениетінің ортақтығы атап көрсетілген. Түркі дүниесін нығайтудағы күрмеулі мәселелерді шешуде осы қағидаттар басшылыққа алынатыны айтпаса да түсінікті.

Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы,  ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, Ислам Конференциясы Ұйымының Парламенттік одағы сияқты белді де беделді ұйымдардың бедерінде Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы енді ғана еңсесін тіктей бастады. Бірақ соның өзінде қазірден аймақтық мәселелерді шешуде, түркі тілдес елдердің интеграциялануын заңнамалық қамтамасыз етуде және өзге де мәселелерде Ассамблеядан үлкен үміт күтіліп отыр. Аталған ұйым бүгінгі таңда ЕКПА, НАТО ПА сияқты ұйымдармен өзара ықпалдастық орнатып үлгерсе, ИКҰ мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеялары және Халықаралық Парламенттік одақ жанынан бақылаушы мәртебесін алған. Түрк ПА өз жұмысын әлі де ширата түсетіні қазірден белгілі болып отыр.

Сәрсенбі күнгі Түрк ПА Кеңесінің отырысында хатшылықты қаржылық жағынан қамтамасыз ету барысы және алдағы жалпы отырыс күн тәртібінде қаралатын мәселелер жан-жақты пысықталды. Бұдан басқа, Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясын құру жөніндегі Ыстамбұл келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу  хаттамасына қол қойып, бекітті. Сондай-ақ Парламенттер аппараттарының басшылары  Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясына мүше елдер Парламенттерінің кітапханалары арасындағы ниеттестік  хаттамасына қол қойды.

Жалпы, елордада басталған Түрк ПА ІІ жалпы отырысы және Қазақстанның төрағалығы түркі тілдес елдер Парламенттерін ғана емес, сонымен бірге, түркі халықтарының арасын жақындата түсетініне үлкен сенім артылуда. Оның үстіне үстіміздегі жылы Астанада Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің саммиті өтеді деп күтіліп отыр.

 

 

Төртеу түгел болса - төбедегі келеді

 

/«Қазақстан» ТРК, 27.04.2011 ж., Е. Қалымбайұлы/ - Қазақстан тағы да төраға. Бүгін түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы тізгінін қолына алды. Оны Астанада өтіп жатқан аталған ұйым кеңесінің 2-ші жалпы отырысында Әзірбайжан Республикасы табыс етті. Кеңесте Парламенттік Ассамблеяның беделін көтеру қарастырылып, бюджеті бекітілді. Бір тамырдан өсіп-өнген елдер жаһандану заманында қолға алған ұйысудың жаңа тәсілі өз жемісін беруі тиіс. Еуразиялық ұлан-ғайыр кеңістікті ен жайлаған ер түркі ұрпағы еншісіне қазір 4 миллион шаршы шақырымнан астам аумақ тиесілі. Шұрайлы жердің байлығы шамамен 500 триллион АҚШ долларынан асады. Демек, шыққан тегі бір туыс мемлекеттерге тонның ішкі бауындай бірлік аса қажет.

Мамандар да, түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының болашақта саяси салмағы ауырлай түсеріне бек сенімді. Жиын соңында төрт елдің жоғарғы заң шығарушы органдарының төрағалары ұйымның «Ыстамбұл келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» хаттамасына қол қойды. Сонымен қатар, осы мемлекеттердің «Парламенттік кітапханаларының ынтымақтастығы туралы» хаттама бекітілді. Жиын ертең де жалғасады.

Талант Мамытов, ҚР Жогорку Кенешінің депутаты:

Бізге қазір мүше болып төрт мемлекет кірді: Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан. Біз келешекте басқа да түркі тілді мемлекеттер де қосылады деп ойлаймыз. Мысалы, Өзбекстан, Түркіменстан және басқа да мемлекеттер.

 

 

Түрк ПА делегация басшылары Ыстамбұл келісіміне

өзгерістер енгізілген хаттамаға қол қойды

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы барысында Түрк ПА делегация басшылары Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Қол қою салтанатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Әли Шахин жүзеге асырды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған келісім 2008 жылы 21-22 қарашада Ыстамбұл қаласында Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттері жетекшілерінің бірінші конференциясында жасалған болатын.

Сондай-ақ, бүгінгі Кеңес отырысынан соң Түрк ПА-ға қатысушы мемлекеттер Парламенттері аппараттарының басшылары Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясына қатысушы мемлекеттердің Парламенттік кітапханаларының ынтымақтастығы туралы хаттамаға да қол қойды.

 

 

Түрк ПА келесі пленарлық отырысын Бішкекте өткізуге бастама жасалды

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Түрк ПА келесі пленарлық отырысын 2012 жылы Қырғыз елінің астанасында өткізуге бастама жасалды.

Бұл туралы бүгін Түрк ПА Кеңесінің отырысы барысында журналистерге берген сұхбатында Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Талант Мамытов мәлім етті. 

«Бүгінгі күні Түрк ПА қызметі аясында маңызды мәселелер көтеріліп отыр. Сонымен қатар, Қырғыз Жогорку Кенеші Түрк ПА-ның келесі пленарлық отырысын 2012 жылы Бішкек қаласында өткізу туралы бастама жасады. Жалпы, қазіргі таңда біздің мемлекетімізде жағдай тұрақсыз дегенге қатысты пікір қалыптасқан. Бұл дұрыс емес. Қырғыз Парламенті де, Үкіметі де тиісті деңгейде қызмет істеп жатыр. Күзге қарай елімізде президенттік сайлау өтуі де жоспарлануда. Бұл шара да өз деңгейінде  өтеді деп ойлаймын», - деді Қырғыз депутаты Т. Мамытов. Сонымен қатар, делегация мүшесі  Түрк ПА-ға қазақстандық төрағалық барысында ортақ дүниелерге, ықпалдастық пен ынтымақтастыққа қатысты тиімді шаралар атқарылатынына сенім білдірді.

«Бүгінгі күні Түрк ПА-ға төрт мемлекет мүше болып отыр. Алдағы уақытта басқа да түркітілдес мемлекеттер, оның ішінде Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары Ассамблеяға қосылады деп ойлаймын. Бұл түбі бір бауырлас елдер арасында жағымды қарым-қатынастың одан сайын тереңдеуіне септігін тигізбек. Қазақстан осы бағытта жұмысты белсендіре түсетініне сенімдімін», - деді Т. Мамытов.

 

 

Астанаға түркі елдері түгел жиналды

 

/«Айқын» газеті, 28.04.2011 ж., А. Шәріп/ - Қазақ елінің бас қаласына барша түркі әлемі елдерінен қалаулылар жиналды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы атты ұйым Кеңесінің отырысы және Түрк ПА-ның ІІ жалпы отырысы өз жұмысын бастады. Бұл құрылтай Түрк ПА ұйымының құрамына енген түбі бір бауырлас елдердің заң шығарушы биліктері басшыларының басын қосып отыр. Жиын аясында елді елең еткізген жаңалық жария етілді: биылғы жылдың қазан айында Астанада түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммиті өтпек.

Бұл жаңалықты кеше Милли Меджлис төрағасы Оқтай Асадов бастаған әзірбайжандық делегациямен кездескен Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов жеткізді. «Біз Қазақстан елордасының - Астананың 2012 жылы «Түркі әлемінің астанасы» болып жарияланғанына зор қуаныштымыз! - деді Орал Байғонысұлы, - былтырғы жылдың желтоқсанында түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысы да Астанада өтті. Ал ағымдағы жылдың қазанында Түркітілдес мемлекеттердің саммитін Астанада өткізу жоспарланып отыр. Осы жағдаяттардың барлығы Қазақстанның халықаралық саяси сахнада маңызды рөл ойнайтын мемлекетке айналғанын аңғартады».

Таяуда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан Президентінің ұсынысын қабыл алып, Қ.Тоқаевты осынау жаһандық ұйымның Женевадағы бөлімінің Бас директоры және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындағаны мәлім. Бұл хабар бүкіл түркі әлеміне тез тарап, ба­уырлас жұртты қуанышқа бөлепті. «Мен бұрынғы Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ-дағы биік лауазымымен құттықтадым, - дейді Әзірбайжан Милли Меджлисінің төрағасы О.Асадов. - Бұл - біздің ортақ қуанышымыз. Түркі жұртының ұландары халықаралық ұйымдарда отырып, қызмет жасауы - біздің беделімізді де арттырады!».

Расында, барыс жылында жаһан жұртшылығы алдындағы беделін одан сайын бекемдей түскен Қазақ елі бүгінде Түркиямен қатар, түркі әлемінің тұтастығына жауапкер мемлекетке айналып келеді. Осы орайда Түрк ПА ұйымына күні бүгінге дейін төрағалық етіп келген Әзірбайжанның Милли Меджлисінің төрағасы Оқтай Асадов қазақтардың енді

осы ұйымның шаңырағының астына барлық түркітілдес елдерді жинайтындығынан өздерінің үмітті екендіктерін ашық білдірді. «Біздің түп-тамырымыз бір! Мәдениетіміз ортақ. Бұл біздерді, түркітілдес елдерді ХХІ ғасырда бұрынғыдан да тығыз жақындаса түсуге міндеттейді» деген О.Асадов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы Парламенттік Ассамблеяны құру бастамашыларының бірі болып табылатындығын еске салды. Шынтуайтына келгенде, 2006 жылдың 17 қарашасында Анталия қаласына түркітілдес мемлекеттердің басшылары VІІІ саммитке жиылған болатын. Бұл құрылтайға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан президенттері қатысты. Осы саммитте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет «Парламенттік Ассамблея құру» идеясын ұсынды. Мұның сыртында, қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлемін тұтастыра түсетін Түркі кеңесін және Түркі академиясын құру сияқты бірқатар бастамалары да қолдау тауып, іске асырылуда.

Жалпы, Қазақстан Президентінің түркі әлемінің мүддесін діттеп, дүниесін түгендеу жолында үлкен іс тындырып жүргенін осы әлемнің алпауыты - түріктердің өздері де мойындайды. Бір қызық дерек бар. Қазақтар жақында ғана Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ елінің Көшбасшысы, яғни «Елбасы» мәртебесін заңды бекіткені мәлім. Ал түріктер Елбасыға, тіпті «Түркі әлемінің Көшбасшысы» атағын бермекші болыпты. Мұны өткен жылдың мамырында Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Республикасының президенті Абдулла Гүлдің айтқаны бар. Осы сапарында Астанаға аттанбас бұрын, қасиетті Түркістан топырағына табан тіреген А.Гүл осыған қатысты символдық мәні бар жоралғы жасады. «Қазақстан бүгінде Орталық Азия елдері ішінде экономикасы өрлеп келе жатқан, әлеуеті зор, әлем таныған мемлекет болып дараланды, - деді Түркия көшбасшысы. - Мен Түркия елшілігінде өткен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі елдерін біріктірудегі қажырлы еңбегін бағалап, «Түркі әлемінің Көшбасшысы» деген атаққа лайық екендігін айтқан едім. Алайда Қазақстан басшысы ұсынысымды қолдаған жоқ. Бірақ мен де өз ұста­нымымнан қайтпай, сол ұсынысымды тағы да қайталап, айғағы ретінде асатаяқ ұстатып, иығына шапан жабамын!» деді Абдулла Гүл.

Сонымен, Астана төрінде алқа құрып, ақыл қосуға жиылған түркі елдерінің Парламенттерінің төрағалары кеше Түрк ПА Кеңесінің отырысын өткізді. Осы жиында, Бейбітшілік және келісім сарайының «Бесік» залында ұйымның төрағалық тізгінін Әзірбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына табыс ету рәсімі ұйымдастырылды. Ал Түрк Парламенттік Ассамблеясының бүгінгі жұмысы «Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігі: дамуы және жаңа белестері» атты халықаралық фотокөрменің ашылуынан басталады. Осыдан кейін, Елбасы бастамашылығымен құрылған Түркі Академиясының тұсаукесері болады. Сағат 10-00-де Түрк ПА-ның екінші жалпы отырысы өз жұмысын бастайды. Бұл жиынның салтанатты ашылу рәсімінде Түрк ПА Кеңесінің төрағасы, Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мехмет Әли Шахин сөз сөйлейді деп күтілуде. Мұның сыртында ТҮРКСОЙ, Ислам Конференциясы ұйымының Парламенттік одағының, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің өкілдері де құттықтау сөзбен қатысушыларға қайырылмақ. Жиынды Орал Мұхамеджанов қорытынды сөзімен жабады. Отырыстың қорытындысы бойынша делегациялар басшылары қазақстандық және шетелдік журналистерге арнап, «Кіші Атриум» залында баспасөз мәслихатын өткізеді деп жоспарлануда.

 

 

Түрк ПА – түркі тілдес елдердің ықпалдасуы

 

/«Parlam.kz», 28.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін, 28 сәуір күні, Астана қаласында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының ІІ пленарлық отырысы өтеді. Бұл шараға Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысуда.

Түркі тілдес халықтардың арасындағы бауырластық байланыстың тарихы тереңде жатыр. Тегі мен тілі бір, әрқашанда тілегі бір туыстардың сауда-экономикалық қарым-қатынасы үзіліп қалған жылдар болса да, ізгі ниеттестігінен айныған емес. Жер арасы қашық болғанмен, бір-бірінің жағдайын біліп отырды. Бірінің басына қиын күндер туса, екіншісі қолдау көрсетуге тырысты. Мәселен, 1920 жылы Түрік елі өз тәуелсіздігін алу үшін жанталаса күресіп жатқанда, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлы «Алыстағы ағайынға» атты жалынды жырын жазды. Барша қазақ халқының үнін жеткізді.

Аумалы-төкпелі замандар өтті. Алайда, түркі халықтары әркез ынтымақтастық жағдайда бірігуді мақсат тұтты.

Тарих деректеріне көз жүгіртсек, Баку қаласында үлкен басқосулар өткен. 1920 жылы 1-8 қыркүйек күндерi Әзiрбайжан астанасы Бакуде Шығыс халықтарының бiрiншi съезi өттi. Съезге көптеген шетелдіктер де шақырылған. Бұл тарихи жиынның жоғары деңгейде өтуiне Мәскеуде Сыртқы iстер комиссариатының Күншығыс бөлiмiн басқаратын, әзiрбайжан халқының ардақты ұлы Нариман Наджапұлы Нариманов көп еңбек сiңiрген екен. Сол съезге қазақтың ардақты ұлы Тұрар Рысқұлов Түркiстан, Бұхара, Хорезм республикаларының делегаттарын бастап барған. Съезге 37 ұлттың 1275 делегаты келген.

Ал 1926 жылы Бакуде түркітанушылардың Бүкілодақтық I съезі өтті. Оған Қазақстаннан ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы қатысқаны тарихтан белгілі. Ол  сол басқосуда «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. А.Байтұрсынұлы – түркі тілді халықтардың бір ортаға тоғысуы туралы мәселе көтерген алаштың ардақтысы.

Содан кейін Кеңес үкіметінің туыс, бауырлас халықтарды бір-бірінен алыс ұстау жөніндегі саясаты өз дегеніне жетті. Бауырлас республикалар арасында экономикалық байланыс болғанмен, салт-дәстүр, тіл мен дін мәселесінде ой қозғауға тиым салынды.

Арпалыста жеңіске жетіп, азаттығын алған Түркияның тұғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік 1933 жылғы 29 қазанда тәуелсіз Түркия Республикасының 10 жылдығына орай сөйлеген сөзінде барлық түркі әлеміне ұран болған пікірді айтты. «Бүгін Кеңес Одағы – досымыз, одақтасымыз. Алайда, ертең не боларын бүгін ешкім кесіп айта алмайды. Дүние жаңа тепе-теңдікке ұласуы мүмкін. Міне, сол кезде Түркия не істеу керектігін білуі тиіс. Бұл досымыздың қол астында тілі, діні, тегі бір бауырларымыз бар. Оларға қол ұшын созуға дайын болуымыз қажет! Әзір болу – сол күнді үнсіз күту емес. Дайындалған жөн. Халықтар бұған қалай әзірленеді? Рухани көпірлерді сақтай отырып әзірленеді. Тіл – бір көпір... Сенім – бір көпір... Тарих – бір көпір. Тамыр – тегімізге оралып, сан қилы оқиғалармен сөгілген тарихымызда түгенделуге тиіспіз», - деген Түркия көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік.

Мұстафа Кемал Ататүріктің айтқан ойы 1991 жылы айнымай келді. КСРО құрмамындағы одақтас республикалар өз тәуелсіздігін алды. Соның ішінде түркі тілдес Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан, Түркіменстан елдері егемен болды. Туыс елдер қайта табысты.

2006 жылы 17 қарашада Анталья қаласында түркі тілді мемлекеттер басшыларының 8-ші Саммиті өтті, оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғыз елдерінің Прездиденттері қатысты.

Осы Саммитте Парламенттік Ассамблея құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет ұсынған болатын. Бұл ұсынысты барлық түркі тілді халықтар қуана қолдады. Әсіресе, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия Парламенттері ұйымдастыру істерінде белсенділік танытты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын құру туралы бастамасын жүзеге асыру мақсатында 2008 жылы 21-22 ақпанда Анталья қаласында түркі тілдес мемлекеттер Парламенттерінің жетекшілері бас қосып, ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.

2008 жылы 27 наурызда Астана қаласында түркі тілдес мемлекеттер Парламенттері аппараттары басшыларының жиыны өтті, оның қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды және ТүркіПА Келісімі жобасы бекітілді.

2008 жылы 21-22 қарашада Стамбул қаласында Түркітілдес мемлекеттер Парламенттері жетекшілерінің бірінші конференциясы өтті. Осы жиынның соңында Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын (Түрк ПА) құру туралы келісімге қол қойылды.

2009 жылы 28-29 қыркүйек күндері Баку қаласында Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының бірінші жалпы отырысы өтті. Қазақстан Парламентшілерінің делегациясын Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастап барды.

Отырыста қорытынды құжат – Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Баку Декларациясы қабылданды. Бұл тарихи құжат болып табылады. Осы Декларацияда бүкіл түркі халықтарының көп ғасырлық арман-мақсаттары бірінші рет қамтылды.

Баку Декларациясында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына қатысушы елдер Парламенттерінің өз мемлекеттерінде атқаратын елеулі рөлі, мемлекеттердің демократиялық дамуындағы қажетті шарттардың бірі болып табылатынын негізге ала отырып, қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейін және олардың тарихының, тілі мен мәдениетінің ортақтығы атап көрсетілген.

Сонымен қатар тәуелсіздік, егемендік, аумақтық тұтастық пен шекаралар мызғымастығы, құқықтық теңдік, ұлттық экономикаларды серпінді дамыту арқылы халықтардың әл-ауқатын арттыру принциптерін сақтау ісіне қомақты үлес қосуға ниет білдіре отырып, ортақ мәлімдеме жасалды.

1. Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы шеңберіндегі ынтымақтастық мемлекеттеріміздің саяси, экономикалық, мәдени және өзге де салалардағы өзара қарым-қатынастарын тереңдету, халықтарымызды одан әрі жақындастыра түсу ісіндегі маңызды құрал болып табылады.  

2. Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының қызметі қатысушы мемлекеттер тарихының, тілі мен мәдениетінің ортақтығынан туындайтын мүмкіндіктерді бауырлас елдеріміздің одан әрі дамуы үшін пайдалануға негізделеді.

3. Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы өңірдегі мемлекеттердің өзара тиімді және тең құқылы ынтымақтасуына тың серпіліс беруге ұмтылатын болады. 

4. Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы мемлекеттер арасындағы саяси диалогты Парламентаралық ынтымақтастықтың сапалық тұрғыдан жаңа бір сатысы – Парламенттік дипломатияның көмегі арқылы одан әрі дамытуға жәрдемдесуді көздеп отыр және өңірімізді қауіпсіз әрі гүлденген аймаққа айналдыру мақсатындағы әртүрлі бастамаларды әзірлеп, іске асыру үшін қолайлы саяси кеңістік құрады.  

2010 жылы 24 маусым күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа барлық түркі әлемі үшін атқарып келе жатқан ерен еңбегіне орай Анкара қаласында ескерткіш орнатылды.

Адамзат тарихында түркі өркениетінің жетістіктері маңызды орын алғандығы баршаған аян. Ұлан-байтақ Еуразия кеңістігінің 4 миллион шаршы километрден астам аумағын мекендейтін 200 миллионға жуық халқы бар түркі әлемінің қазіргі заманғы әлемдік аренада да стратегиялық салмағының сақталуы заңды құбылыс. Осы өңірдің бай табиғи ресурстарын сарапшылар 500 триллион АҚШ долларынан астам деп бағалайды. Түркі елдерінің Азия мен Еуропа арасында жолаушылар мен жүкті жылдам тасымалдаудың жолдарын жүзеге асырудағы транзиттік-көліктік әлеуеті де орасан зор.

«Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы бірінші кезекте елдеріміздің заңнамалық базасын жақындатуға, унификациялауға ұмтылу арқылы, өзара сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарымыздың қарқынын арттыруға негіз болады.  Сонымен бірге біздің Ассамблея Парламентаралық қатынастар тетігін қалыптастыру, саяси көзқарастарды бір-біріне жақындата түсу, ақпарат алмасу, мәдениетті насихаттау, экономикалық байланыстарды нығайту, басқа да өзекті мәселелер төңірегінде пікір алысу орталығы болатыны сөзсіз.

                Ассамблеямыз тарихы бай, Парламентаралық қатынастарда тәжірибесі мол ЕуроПарламент, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, Ислам конференциясы ұйымының Парламенттік Одағы сияқты  халықаралық беделді институттардың қатарынан орын алатынына сенеміз», - деді Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Бүгін, 28 сәуір күні, Бейбітшілік және келісім сарайында Түрк ПА-ның ІІ пленарлық отырысы өтеді. Бұл шараға Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысады.

 

 

ТүркПА-ға да төрағалық ететін болдық

 

/«Ел» газеті, 29.04.2011 ж., Л. Қанат/ - Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына төрағалық Әзірбайжан Республикасынан Қазақстан Республикасына ресми түрде өтті. Бұл туралы 27 сәуірде өткен ТүркПА Кеңесінің отырысы барысында мәлім болды.

ТүркПА-ның алғашқы жиынында ТүркПА ІІ пленарлық отырысының күн тәртібі нақтыланған болатын. Сондай-ақ, жиын барысында ТүркПА делегация басшылары ұйымның ағымдағы жылғы бюджеті пысықталып, ынтымақтастық бағыттағы бірқатар құжаттарды мақұлдады. Атап айтқанда, жабық күйде өткен отырыс нәтижесінде ТүркПА делегация басшылары Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Қол қою салтанатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Әли Шахин жүзеге асырды. Одан бөлек ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттердің Парламенттік кітапханаларының ынтымақтастығы туралы хаттама да тараптар қолдауын тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылғы 17 қарашада Анталияда Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 8-і саммиті өтіп, сол отырыста Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Парламенттік Ассамблея құру туралы идеясын ұсынған болатын. Осыған орай 2008 жылы Ыстамбұл қаласында Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттері жетекшілерінің бірінші конференциясы өтіп, сол жиында ТүркПА құру туралы келі-сімге қол қойылды. Ал 2009 жылы 28-29 қыркүйекте Баку қаласында ТүркПА бірінші жалпы отырысы өтті. Содан бері ұйымға Әзірбайжан мемлекеті төрағалық етіп келді.

ТүркПА ІІ пленарлық отырысы «Түркітілдес мемлекеттердің тә-уелсізлдігі: дамуы және жаңа белестері» атты фотокөрмемен ашылды. Жиын барысында ТүркПА Кеңесінің Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, сондай-ақ ТүркПА-ға мүше басқа да мемлекеттердің делегация басшылары сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар жиын барысында Қазақстаннан кейінгі төрағалық қызметін Қырғызстан мемлекетіне тапсыру жайы сөз болды. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Талант Мамытов мәлім етті.

«Бүгінгі күні ТүркПА қызметі аясында маңызды мәселелер көтеріліп отыр. Сонымен қатар Қырғыз Жогорку Кенеші ТүркПА-ның келесі пленарлық отырысын 2012 жылы Бішкек қаласында өткізу туралы бастама жасады. Жалпы, қазіргі таңда біздің мемлекетімізде жағдай тұрақсыз дегенге қатысты пікір қалыптасқан. Бұл дұрыс емес. Қырғыз Парламенті де, Үкіметі де тиісті деңгейде қызмет істеп жатыр. Күзге қарай елімізде президенттік сайлау өтуі де жоспарлануда. Бұл шара да өз деңгейінде өтеді деп ойлаймын», – деді Т. Мамытов. Сонымен қатар, делегация мүшесі ТүркПА-ға қазақстандық төрағалық барысында ортақ дүниелерге, ықпалдастық пен ынтымақтастыққа қатысты тиімді шаралар атқарылатынына сенім білдірді.

«Бүгінгі күні ТүркПА-ға төрт мемлекет мүше болып отыр. Алдағы уақытта басқа да түркітілдес мемлекеттер, оның ішінде Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары Ассамблеяға қосылады деп ойлаймын. Бұл түбі бір бауырлас елдер арасында жағымды қарым-қатынастың одан сайын тереңдеуіне септігін тигізбек. Қазақстан осы бағытта жұмысты белсендіре түсетініне сенімдімін», – деп түйді қырғыз депутаты.

 

 

 

Түркі әлемінің игіліктері мен құндылықтары

жасампаздық жолына пайдаланылуы керек - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 28.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада өтіп жатқан ТүркПА ІІ-жалпы отырысына қатысушыларға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады. Елбасының хатын жалпы отырыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, ТүркПА кеңесінің төрағасы Орал Мұхамеджанов оқып берді.

«Түркі әлемі біздің мәдени мұраларымызды етене байланыстыратын алтын арқау. Түп тамырымыз бір, тарихымыз, дініміз және мәдениетіміз ортақ. Біздер осы игіліктеріміз бен құндылықтарымызды жасампаздық жолына пайдалануымыз қажет. Бүгінде тамырлас халықтардың неғұрлым тығыз жақындата түсу жолында Түркі кеңесі, Түріксой, Түркі академиясы сияқты құрылымдар, сондай-ақ түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы арқылы нақты қадамдар жасауға мол мүмкіндік туып отыр. Ассамблея - Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге аймақтық және халықаралық интегарциялық процестерді жандандыруға зор еңбек сіңіруде. Бұл игі қадамдар біздің елдеріміздегі бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеп дамуға жол ашуда», - делінген Елбасының құттықтау хатында.

Сондай-ақ, Президент аталмыш басқосудың мемлекеттер мен халықтар арасындағы тиімді ынтымақтастық пен саяси диалогты жан-жақты дамытуға серпін беретініне сенім білдіреді.

 

 

ТүркПА-ның да түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге

қабілеті бар беделді ұйымға айналатыны күмәнсіз

 

/«Parlam.kz», 28.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін, 28 сәуір күні, Астана қаласында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының ІІ пленарлық отырысы өтті. Осы басқосуда Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов сөз сөйледі.

                Баспасөз қызметі Мәжіліс Төрағасының сөзін БАҚ назарына ұсынады:

«Құрметті Ассамблея мүшелері!

Құрметті қонақтар!

Ханымдар мен мырзалар!

Қонақжай қазақ елінің жаңа Елодасына ат басын тіреген әріптестерімізге Қазақстан Парламентарийлері атынан зор қошаметпен «Қош келдіңіздер!» демекпіз.

Бүгінгі жолығуымыздың мақсат-мұраты мен мазмұн-маңызы  айрықша. Биыл  халықаралық қауымдастықтың тең құқықты мүшелері ретінде біржола қалыптасқан Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан өз тәуелсіздіктерінің 20 жылдығын атап өтпек.

                2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіздік – бұл біздің басты жетістігіміз, баға жетпес жеңісіміз. Тәуелсіздік алумен жас ел тарихында жаңа кезең басталды. Бұл жасампаздық, сенімді әрі серпінді даму кезеңі болды», - деп атап көрсетті.

Біздің елдер үшін бұл кезең қилы-қилы қатал сынақ пен мән-маңызы мол істерге толы кезең болды. Қазақстан да осындай сан сынақтан сүрінбей өтіп, ХХІ ғасыр табалдырығынан абыроймен аттады. Біз өз жолымызды таба білдік, ал, бұл жол біздерді бірлігі мен ынтымағына қуаты сай, әлемге танымал ел мәртебесіне жеткізді.

Тәуелсіздік алған кезден бастап ұлттық экономиканың берік іргетасын қалау мемлекеттік саясаттың өзегіне айналды. Өйткені тек қана күшті экономика халықтың әл-ауқатын арттырып, шынайы егемендікті қамтамасыз ететін еді. 

Әйтсе де, алға қойған міндетімізді орындау біз ойлағаннан әлдеқайда қиын болып шықты. Бір жағынан, Кеңестер Одағының қираған экономикасының қалдықтары мен кереғар тоталитарлық идеологияның мұрагері болған Қазақстанға бәрін де тыңнан бастау қажет болса, екінші жағынан, қысқа мерзім ішінде әміршіл экономиканың орнына өркениетті елдерді жетістіктерге жетелеген мол тәжірибені пайдалана отырып, еркін нарықтық экономика құру қажет еді.

Сонымен бірге біздің алдымызда тұрған маңызды  мәселелердің бірі – әлемдік экономикалық қатынастарға кірігу болатын. Осылайша, өз нарығымыздың қақпасын басқа елдерге айқара ашқан кезде жаһандық үрдістермен бетпе-бет келдік. Ал, бұл үрдістердің озығы да, тозығы да бар еді. 

Бүгіндері алыс-жақын елдердің озық тәжірибесіне сүйене отырып,  экономикамыздың дербестігіне қол жеткіздік деп сеніммен айта аламыз. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 122 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Соңғы он жыл бойы Қазақстанның үздіксіз өрлеу үстінде екеніне бүкіл әлем куә. Тіпті, жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың өзі де біздің дамуымызға айтарлықтай кері әсерін тигізе алмады. Оның дәлелі - 2010 жылы ішкі жалпы өнім 7 пайызға өсіп, ол 140 млрд. доллардан асты. Мұның өзі жан басына шаққанда 9 мың долларға жетті.

2010 жылдан бастап елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асырыла бастады. Өткен жылы осы бағдарлама шеңберінде 800 млрд теңгені құрайтын 152 жоба іске қосылып, жаңадан 23 мың жұмыс орны ашылды. Ал биылғы жылы 192 кәсіпорын өнім бере бастамақ. Мұның өзі қосымша 20 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сайып келгенде, барлық экономикалық реформалар мен батыл құрылымдық өзгерістердің түпкі мақсаты біреу-ақ еді, ол – қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру, халықтың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту. Соңғы он жылда елдегі орташа айлық жалақы – бес жарым есеге, ал зейнетақы мөлшері  6 есеге өсті. Осы орайда жалақы мен зейнетақының дағдарыс кезеңінің өзінде қатарынан үш дүркін өскенін атап көрсетуіміз керек.

Тұрмыс сапасының аса маңызды көрсеткіштері ретінде денсаулық сақтау мен білім беру салалары айрықша басымдыққа ие болды. Өткен он жыл ішінде осы салаларға арналған шығыстар он есеге жуық өсті. Осының арқасында 450 денсаулық сақтау объектісі салынып, 4 мыңнан астам медицина объектілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ жаңадан 750 мектеп және басқа да білім ошақтары ашылды.

Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам қазақстандық жастар шет елдердің жетекші университеттерінде оқып жатыр. Олардың  4 мыңнан астамы «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекет  қаражаты есебінен білім алуда. Сонымен бірге өз елімізде де халықаралық деңгейде білім алуға жағдай жасала бастады. Осы талаптарға сай келетін «Назарбаев университеті» мен «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» өз жұмысын бастауы - бұның айқын дәлелі. 

Қазақстанның экономикалық табыстары қоғамда саяси реформалар жүргізу үшін алғышарттар жасады. Республикада өмірдің барлық қырларын одан әрі демократияландыруға және азаматтық қоғам құруға бағытталған саяси жаңару бағдарламасы жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Осы тұрғыдан алғанда, 2007 жылғы конституциялық реформа саяси жаңарудың ерекше маңызды кезеңі болды. Бұл реформа Парламенттің рөлін күшейтіп, саяси партиялардың мемлекет және қоғам өміріндегі ықпалын арттырды.

Тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың санасында да елеулі өзгерістер орын алды. Нарық экономикасының қағидаттарына деген сенім, өз құқықтары мен мүдделерін заңды тәсілдермен қорғай білу қазақстандық қоғамның ажырамас нышандарына айналды.

Қымбатты достар!

Қазақстан көп ұлтты елдердің  бірегейі бола отырып, тәуелсіздік жылдарында қоғамның – ішкі тұрақтылығын,  халқымыздың бірлігін сақтай білді. Қазақстандағы  130-дан астам этнос өкілдерінің арасындағы риясыз достық, берік татулық және ырысты ынтымақ өзінің тиісті жалғасын тауып, жылдан жылға нығая түсуде. 

Бүгінгі күні құрамына 820 этномәдени бірлестіктер кіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы да еліміздегі ұлтаралық келісімнің арқаулық институтына айналып, осы салада жемісті жұмыс атқаруда. 2007 жылғы конституциялық реформа негізінде Ассамблеяға Парламент Мәжілісінің 9 депутатын сайлау құқығы берілді.

Қоғамда этносаралық келісім орнату бағытындағы Елбасы ұсынып отырған салиқалы да сындарлы  саясатты ойдағыдай жүзеге асыра отырып, біз  көп ұлттылықтың кемшілік емес, керісінше, экономика тілімен айтқанда, Қазақстанның «бәсекелестік басымдығына» айналғанын іс жүзінде дәлелдедік. Бұл ретте, қазақ халқының тағатты және инновациялар үшін ашық сан ғасырлық мәдениеті рухани келісімге қол жеткізудің негізіне айналды.

Құрметті әріптестер!

Күрделі ішкі қайта құрумен қатар, егемендік алғаннан кейін біздің елдеріміздің алдында дербес сыртқы саясат қалыптастыру мәселесі де тұрды.

Қазақстанның өңірлік қана емес, сондай-ақ ғаламдық ауқымдағы қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жалпыжұрт мойындады.

Елбасының ядролық сынақтарды тоқтату, Семей  полигонын жабу, қуаты жағынан әлемдегі төртінші орындағы ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту жөніндегі тарихи шешімі бүкіл әлемнің назарын бірден Қазақстанға аударып, біздің бейбіт ел екендігімізді, бізбен ынтымақтастық және достық орнатудың тиімді екенін айқын көрсетті.

Қазақстан Ресеймен тату көршілік қатынастарды, Қытаймен тұрақты және өзара тиімді ынтымақтастықты, Еуропалық Одақ мемлекеттерімен және АҚШ-пен стратегиялық әріптестікті, мұсылман әлемімен сындарлы диалогты дамытуға бағытталған теңдестірілген дипломатияны жүзеге асыруға бағыт алды.

Сонымен, әлемдік саясатта айтарлықтай орны бар барлық мемлекеттермен достық және бүкпесіз ашық қарым-қатынасты дамыту арқылы еліміздің алға басуына қолайлы  жағдайлар жасалды.  

Мұнда да Қазақстанның интеграциялық бастамалары елеулі рөл атқарды. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын және  Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты   осының айқын айғағы ретінде атауға болады. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымының да әлеуеті мол. Оның шеңберінде халықаралық терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі көпжақты ынтымақтастық формуласы пысықталуда.

Қазақстан Президентінің бастамасымен өткізіліп жүрген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері қазіргі заманғы әлем діндері арасындағы жаһандық диалогтың етене әрі пәрменді бөлігіне айналды.

Қауіпсіздікті, дінаралық және ұлтаралық ықпалдастықты қамтамасыз ету мәселелерін шешуде жинақталған тәжірибе біздің еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы беделін нығайта түсті. Осы ықпалды форумға  Қазақстан түркітілдес және мұсылман мемлекеттері арасынан бірінші болып төрағалыққа сайланды.

Біздің Елбасының бастамасы бойынша Астана қаласында өткізілген Ұйымның соңғы 11 жыл ішіндегі алғашқы Саммиті де осы төрағалықтың нақты нәтижесі болды. Онда  қабылданған тарихи мәні зор Астана Декларациясы еуратлантикалық қауіпсіздікпен қатар еуразиялық қауіпсіздікті де күн тәртібіне дәлелді түрде енгізді.

Біздің еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына алдағы төрағалығы Шығыс пен Батыс арасын байланыстыратын алтын арқау ретіндегі Қазақстанның тарихи миссиясын жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік бермек.

Осылайша, бүгінгі күндері егеменді Қазақстанның сыртқы саясатта өзінің айқын стратегиясы бар, халықаралық қауымдастық мойындаған, беделі зор мемлекетке айналуына қол жеткізілді.  

Құрметті әріптестер!

Біздің жиырма жылдық, тарихи маңызы мен даму қарқыны жағынан ғасырларға бергісіз өсу, толысу жолының қысқаша сипаттамасы осындай. Сол өркендеу жолын жарқын етіп, қазақ  ұлтын төрткүл дүниенің төріне оздырған Нұрсұлтан Назарбаевтың 3 сәуірде өткен кезектен тыс президенттік сайлаудағы айқын жеңісі іргелі істеріміздің нақты дәлелі. Сайлаушылардың 90 пайызға жуығы сайлауға қатысып, олардың 95,5 пайызының Тұңғыш Президентке дауыс беруі еліміздің одан әрі жасампаздықпен дамуының, Қазақстан халқының бірлігін, сондай-ақ келісім, тұрақтылық және тағаттылық негіз болған іргелі құндылықтарымызға және Елбасының ұстанған саясатына халықтың адал екендігін айқын көрсетті.  

Құрметті достар!

Қазақстан Президентінің, басқа да түркітілдес мемлекеттер басшыларының игі бастамалары арқасында түркі тамырластығы идеясы жаңа серпінге ие болып, тың мазмұнмен толықты.

2009 жылдың қазанында Нахичеваньдағы саммитте біздің елдер арасындағы бірлесудің, саяси және экономикалық ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін ашуға арналған жаңа жалпытүркі бірлестігі – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының Кеңесі құрылды. Түркі кеңесінің аясында оның құрамына біздің елдердің сыйлы әрі құрметті өкілдері кірген Ақсақалдар кеңесі өз жұмысын бастады. Тарихы, діні және тілі ортақ  бауырлас мемлекеттер Парламентарийлерін біріктірген  Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы құрылып, осы игі істерді жалғастыруда.

1994 жылы құрылған ТҮРКСОЙ-дың  біздің мәдени және рухани салалардағы байланысымызды нығайтуға қосқан үлесі өте зор. Осы ұйымның күшімен түркі халықтарының мәдени мұрасын қорғау, соның ішінде тарих пен мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ фольклорды,  дәстүр мен салт-сананы қайта жаңғырту жұмыстары  тиімді жүзеге асырылуда.

Астанада Түркі Академиясын ашу туралы шешім бүкіл түркітілдес елдердің барлығы үшін маңызды оқиға болды. Ол білім беру мен мәдениеттің жалпытүркілік орталығы болып қана қоймай, біздің елдеріміздің тарихын, этнографиясы мен өнерін зерделейтін өзіндік  бір «шеберханаға» айналмақ.

Оның үстіне бізді тек ортақ мәдениет пен тарих қана  жақындастырып қоймай,  бүгінгі таңдағы  мүдделеріміздің де ортақ екенін бәріміз терең түсіне бастадық.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның түркітілдес әлеммен ынтымақтастығы оның сыртқы саясаттағы мүдделерінің ішінде барынша маңызды орынға ие болады.

Қазақстан-Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастар туралы айтатын болсақ, қазір экономика, энергетика және көлік салаларында бірнеше бірлескен жоба қолға алынды.  Олардың арасында Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағын құру, мұнай-газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім, сондай-ақ Транскаспий жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандум да бар. Каспий теңізінде тұтастай бір инфрақұрылым жасауды көздейтін  «Баку-Тбилиси-Джейхан» жүйесімен халықаралық нарықтарға мұнай тасымалдауға қолдау көрсету және жәрдемдесу туралы шарттың ерекше мәні бар.

Біздің елдеріміз арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың да серпінді дамып отырғаны қуантады. 2010 жылғы екіжақты тауар айналымы бір жарым миллиард доллардан асып, 2009 жылмен салыстырғанда үштен бір есеге ұлғайғаны -  осының  айғағы.

Әзірбайжан халқының ұлы перзенті Гейдар Әлиев пен біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзара сыйластығы мен бір-біріне деген ерекше құрметінен бастау алатын жарқын істер қазіргі таңда да жалғасын табуда. Былтырғы жылы Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде Гейдар Әлиев атындағы Кабинет ашылып, онда Әзірбайжанның Жалпыұлттық көшбасшысының мүсіні орнатылуы – бұның айқын дәлелі.

Ғасырлар бойы «төскейде малы, төсекте басы қосылған» ежелгі дос, етене бауыр қырғыз ағайындармен тату-тәтті көршілік қатынасымыздың әлеуеті жылдан-жылға арта түсіп отыр. Талай-талай «тар жол, тайғақ кешуді» бірге өткен, тағдырдың тауқыметін бірге тартқан, Алатауды бірге жайлап, қуаныш-тойларын бірге тойлап келе жатқан «бір туған» ағайындар бірін-бірі ешқашан да ұмытқан емес.

2010 жылы Қырғызстанмен арадағы тауар айналысы 14 пайызға өсті. Бұл елде экономиканың энергетика, көлік саласы, өнеркәсіп, құрылыс материалдарының өндірісі, банк секторы сияқты салаларда қазақстандық капиталдың қатысуымен 400-ден астам кәсіпорын жұмыс жүргізуде.

Ал Қазақстанда қырғыз бизнесі қатысатын 250-ден астам кәсіпорын тіркелген. Олар сауда, туризм, құрылыс және көлік саласында жұмыс істейді.

Қырғызстандағы сайлауалды кезеңінде де, сайлаудан кейін де ел ішінде тыныштық пен тұрақтылықты сақтау мақсатында Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның іс басындағы төрағасы ретінде ағайындарға көмек қолын созуы – игілікті істердің бір ғана жарқын мысалы.

Сондай-ақ, жаңадан сайланған Қырғызстанның Жогорку Кенешінің Қазақстанға ресми сапары екі ел арасындағы  саяси-экономикалық қатынастарға соны серпін беретіні сөзсіз.

Екі елдің тамырын тереңнен тартқан әдеби-мәдени байланыстарының тарихын таразылар болсақ, достығымыз Тоқтоғұл мен Жамбылдың, Әуезов пен Айтматовтың достығындай, әуелеген әуеніміз домбыра мен қомуздың егіз шегінен тараған әсем әуездей қатар өріліп жатқанын көреміз.

Құрметті қауым!

Біз 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Заң   қабылданған күні Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған әлемдегі бірінші мемлекет болғанын ешқашан ұмытпаймыз. Бұл қадам достық пен сенімге негізделген тұрақты өзара қарым-қатынастың берік іргетасын қалады.

Осы жерде түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемаль Ататүрктің бұрынғы КСРО-ның құрамына кірген түркі халықтары туралы шын мәніндегі көрегендікпен айтқан мына бір сөздерін еске алмасқа болмайды: «Кеңес Одағы тарайтын күн де туады. Әлемде жаңа теңдік орнайды. Кеңес Одағының қоластында тіліміз бір, дініміз бір және болмысымыз бір бауырларымыз бар. Біз оларды қолдауға дайын болуға тиіспіз», - деген екен. 

Біздің мемлекеттеріміздің арасында әртүрлі сипаттағы 90-нан астам құжаттан тұратын ауқымды шарттық база қалыптасты, олардың ішіндегі ең маңыздысы –  2009 жылғы 22  қазандағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт.

Бүгінде Түркия Қазақстанның басты сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қорытындылары бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі үштен бір есеге өсті. Түрік бизнесінің Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялары 1993 жылдан бері 1,6  миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Қазақстан, өз кезегінде, 2004 жылдан бері Түркия экономикасына шамамен 500 миллион доллар салды.

Білім беру саласындағы жемісті қатынастарымыздың жарқын мысалы ретінде Түркістандағы Қ.А. Йассауи атындағы  Халықаралық Қазақ-Түрік университетін атауға болады. Онда түркітілдес елдерден студенттер оқыту үшін жыл сайын 200 орын бөлінеді.

Бұған қоса түрік елі өз жоғары оқу орындарынан Қазақстанның студенттеріне арнап жыл сайын 125 орын бөліп келеді. Еліміздің барлық өңірлерінде жемісті жұмыс істеп жатқан 24 қазақ-түрік лицейінің  қызметін де ерекше атап өту қажет.

Астананың төрінде – Түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемаль Ататүрікке, ал Анкараның орталығында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатылуы – екі ел арасындағы шынайы достықтың белгісі.

Біздің Түрікменстанмен де, Өзбекстанмен де сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарымыз серпінді дамып келеді.

Еліміздің Түрікменстанмен қарым-қатынасында отын-энергетика секторындағы ынтымақтастықтың болашағы зор. Сондай-ақ, көлік және коммуникация саласында автомобиль жолдарын реконструкциялау және Каспий теңізі бойынша жаңа теңіз көлік бағыттарын ашу мәселесі пысықталуда.

1998 жылғы Мәңгілік достық туралы шарт шеңберінде Өзбекстанмен де осындай достық байланыстар ойдағыдай қалыптасуда.

Екі елдің өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығының серпінді дамуының дәлелі –  2010 жылғы екі жақты тауар айналымының 2009 жылмен салыстырғанда үштен бір есеге ұлғайып, бір жарым миллиард доллардан асуы.  

Құрметті бауырлар!

Түркі халықтары қоғамдастығына ортақ рухани құндылықтарды қайта жаңғыртатын, еселеп арттыра түсетін  және  бүкіл әлемге паш ететін кез келді. Тарих бізге осындай мүмкіндік беріп отыр. Ал оны пайдалана білу үшін бұдан да тығыз араласып,  бір-бірімізді бұдан да терең танып-білу жолында   нақты қадамдар жасауымыз қажет.

Осы мақсаттарға қол жеткізу біздерден, Парламентарийлерден қазіргі құрылым шеңберінде Парламентаралық дипломатияны жандандыруды қажет етеді.

Тиісті заңнамалық үндестікке қол жеткізу, ұлттық заңнаманы үйлестіру, интеграциялық байланыстарымызды одан әрі дамыту біздің елдерімізге зор мүмкіндіктер береді.

Осы тұрғыда құқықтық жүйелерімізді жақындастыру жұмысын жүргізудегі ТүркПА-ның әлеуетін ерекше атап өткім келеді.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы –  жас ұйым.  Біздің осы басқосуымыздың арқауы болып отырған тәуелсіздігіміздің мерейтойы туралы тағы да сөз қозғай отырып, біздің мемлекеттеріміздің қалыптасу кезеңінен  ойдағыдай өткені сияқты, ТүркПА-ның да түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілеті бар беделді ұйымға айналатыны күмәнсіз.

Сөзімнің соңында біздің ортақ мақсаттарымыз бен міндеттерімізді іске асыруға бағытталған ТүркПА-ның бастамалары мен ұсыныстарының бәрі қазақстандық әріптестері тарапынан барынша қолдау табатынына Сіздерді сендіргім келеді.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!»

 

 

Қазақстанның түркітілдес әлеммен ынтымақтастығы оның сыртқы саясаттағы мүдделерінің ішінде барынша маңызды орынға ие - О. Мұхамеджанов

 

/«ҚазАқпарат», 28.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Қазақстанның түркітілдес әлеммен ынтымақтастығы оның сыртқы саясаттағы мүдделерінің ішінде барынша маңызды орынға ие. Бүгін елордада өтіп жатқан ТүркПА ІІ-жалпы отырысы барысында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамбеджанов осылай мәлім етті.

Өз сөзінде төраға Қазақстан Президентінің және басқа да түркітілдес мемлекеттер басшыларының игі бастамалары арқасында түркі тамырластығы идеясы жаңа серпінге ие болғанын, тың мазмұнмен толыққанын атап өтті. Оның айтуынша, 2009 жылдың қазанындағы Саммитте  жаңа жалпы түркі бірлестігі - түркітілдес ынтымақтастығының кеңесі құрылды. Түркі кеңесінің аясында ақсақалдар кеңесі де өз жұмысын бастады. Ал, тарихы, діні, тілі ортақ бауырлас мемлекеттер Парламентшілерін біріктірген ТүркПА осы игі істерді жалғастырып келеді.

«Астанада Түркі академиясын ашу туралы шешім бүкіл түркітілдес елдердің барлығы үшін маңызды оқиға болды. Ол білім беру  мен мәдениеттің жалпы түркілік орталығы болып қана қоймай, елдеріміздің тарихын, этнографиясы мен өнерін зерделейтін өзіндік «шеберханаға» айналмақ. Оның үстіне бізді ортақ мәдениет пен тарих қана жақындастырып қоймайды, бүгінгі таңдағы мүдделеріміздің де ортақ екенін бәріміз терең түсіне бастадық. Тұтастай алғанда Қазақстанның түркітілдес әлеммен ынтымақтастығы оның сыртқы саясаттағы мүддерінің ішінде барынша маңызға ие», - деді О. Мұхамеджанов.

 

 

Түркі әлемінің Парламентаралық дипломатиясын

жандандыру қажет - О. Мұхамеджанов

 

/«ҚазАқпарат», 28.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Түркі әлемінің Парламентаралық дипломатиясын жандандыру қажет. Бүгін елордада өтіп жатқан ТүркПА ІІ-жалпы отырысы барысында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.

«Түркі халықтары қоғамдастығына ортақ рухани құндылықтарды қайта жаңғыртатын, еселеп арттыра түсетін және бүкіл әлемге паш ететін кез келді. Тарих бізге осындай мүмкіндік беріп отыр. Ал, оны пайдалана білу үшін бұдан да тығыз араласып, бір-бірімізді бұдан да терең танып-білу жолында нақты қадамдар жасауамыз керек. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Парламентшілерден қазіргі құрылым шеңберінде Парламентаралық дипломатияны жандандыруды қажет етеді», - деді О. Мұхамеджанов.

Спикердің айтуынша, ұлттық заңнаманы үйлестіру түркі әлемнің ықпалдастық байланыстарын дамыту мен халықтардың жақындасуына зор мүмкіндік береді.

 

 

ТүркПА түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілетті

беделді ұйымға айналатыны күмәнсіз - О. Мұхамеджанов

 

/«ҚазАқпарат», 28.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - ТүркПА түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілетті беделді ұйымға айналатыны күмәнсіз. Бүгін елордада өтіп жатқан ТүркПа ІІ-жалпы отырысы барысында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.

Өз сөзінде Мәжіліс спикері бүгінгі бас қосудың мақсат-мұраты мен мазмұн-маңызы айырықша екенін атап көрсетті. «Биылғы халықаралық қауымдастықтың тең құқықты мүшелері ретінде біржола қалыптасқан Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан өз тәуелсіздіктерінің 20 жылдығын атап өтпек. Біздің елдердің қай-қайсы үшін де бұл кезең қилы-қилы қатал сынақ пен мән-маңызы мол істерге толы кезең болды», - деді О. Мұхамеджанов.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы түркі әлемін жақындастыру мақсатындағы ТүркПА-ның әлеуетіне де ерекше тоқталып өтті. «Түркітілдес мемлекеттердің Парламеттік Ассамблеясы - жас ұйым. Біздің осы бас қосуымыздың арқауы болып отырған тәуелсіздігіміздің мерейтойы туралы тағы да сөз қойғай отырып, мемлекеттердің қалыптасу кезеңінің ойдағыдай өткені секілді, ТүркПА-ның да түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілеті бар беделді ұйымға айналатынын күмәнсіз деп білемін. Біздің ортақ мақсат-міндеттерімізді іске асыруға бағытталған ТүркПА-ның бастамалары мен ұсыныстарының бәрі қазақстандық әріптестері тарапынан барынша қолдау табатынына сендіргім келеді», - деді О. Мұхамеджанов.

 

 

Түрк ПА отырысында Астана декларациясы қабылданды

 

/«ҚазАқпарат», 28.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының ІІ жалпы отырысының қорытындысына сәйкес, Астана декларациясы қабылданды.  Естеріңізге сала кетейік, жиынға Әзірбайжан Милли Меджилисі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, Қырғыз Республикасы Жогорку кенеші, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің делегациялары қатысқан болатын.

Бұл ретте отырысқа қатысушылар 2008 жылғы 21 қарашада Ыстамбұл қаласында қол қойылған «Түркітілдес елдер Парламенттік  Ассамблеясы туралы» келісімді, 2009 жылғы 2-3 қазанда Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммитінде қабылдаған декларациясын және 2010 жылғы 16 қыркүйекте Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х Саммитінің декларациясын жүзеге асыруды жалғастыруға дайын екендігін атап өтеді. Бұнымен қоса, Парламентшілер Парламентаарлық ықпалдастықтың мемлекетаралық қатынастардағы, оның ішінде саяси диалогты дамыту мен өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамсыз етуге тиісті жағдай жасаудағы маңызына мән береді. Түркітілдес елдер арасындағы тарих, тіл және мәдениет ортақтығына негізделген тығыз және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы Парламентшілердің ерекше рөлін назарға ала отырып, бірқатар бағытты ұстанады.

«ПА елдеріміздің саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы қарым-қатынастарын тереңдетудің және халықтарымызды одан әрі жақындастырудың маңызды құралы болып табылады. ПА қысқа мерзім ішінде Ислам конференциясы ұйымының Парламенттік одағы мен Парламентаралық одақта байқаушы мәртебесіне ие толыққанды құрылымға айналды. Сондай-ақ, ПА шеңберінде тиісті шешімдерді қабылдауға жол ашатын тұрақты комиссиялардың құрылуы ықпалдастықтың жаңа сатыға қадам басуына мүмкіндік береді. ПА Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының, Түркі Академиясының және Ақсақалдар кеңесінің тиімді жұмыс істеуіне жан-жақты ықпал етеді. Сонымен қатар, ПА қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналған дағдарыстан кейінгі әлемді қайта құруда халықтарымыздың мүдделеріне сәйкес келетін жаңа ғаламдық экономика мен қаржы жүйесін қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүдделі. ПА түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 20 жылдығы осы елдердің жаңа тарихындағы маңызды кезең болатынын атап өтеді», - делінген декларацияда.

Бұдан бөлек, құжатта 2010 жылы Қазақстанның түркітілдес мемлекеттер ішінен алғашқы болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткені түркі елдерінің халықаралық мәртебесін асқақтатуға және халықаралық қауымдастықтың Еуразиядағы орын алып отырған проблемаларды шешуге атсалысуына айтулы үлес қосқаны айтылған.  Қазақстанның ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі болашақ төрағалығын құптай отырып, әлемнің түрлі мәдениеттері арасындағы түсіністік пен үндестіктің  мәдениетаралық өзара іс-қимылдар мен дінаралық сұхбаттың бейбітшілікті сақтаудағы маңызды құрал екендігін ескере отырып, бұған жан-жақты қолдау көрсетуге мүдделі болмақ. Сондай-ақ, ТүркПА Қырғыз елінде жағдай біртіндеп қалпына келіп, ел даму жолына түскендігін де атап өтеді.

 

 

Түрк ПА аясында қызмет ететін

4 тұрақты комиссия құрылды

 

/«ҚазАқпарат», 28.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы аясында қызмет ететін 4 тұрақты комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін ТүркПА-ның ІІ жалпы отырысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті.

«Баршаңызға белгілі ТүркПА Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Ұйымның бірінші жалпы отырысы 2009 жылы қазан айында Баку қаласында өтті. Бүгіннен  бастап төрағалық Қазақстанға өтіп отыр. Ассамблея барысында көптеген күрделі мәселелер қаралды. Оның ішінде түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігінің 20 жылдығы төңірегінде әңгіме өрбітіп, өткенге көз жүгіртіп, алдағы межелерді белгіледік. Соған байланысты Астана декларациясы қабылданды», - деді О. Мұхамеджанов. Оның айтуынша Ассамблея жұмысын алдағы уақытта дамыту, тереңдете түсу үшін ұйым аясында қызмет ететін 4 тұрақты комиссия құрылып, төрағалары тағайындалды. ПА регламентіне өзгерістер енгзілді.

«Ассамблея мүшелері бірауыздық танытып, кез келген мәселелер бойынша ортақ тіл таба білдік», - деді Қазақстан Мәжілісінің спикері.

               

 

 

 

Қырғыз елі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне өтуі үшін

ТүркПА тарапынан қолдау сұрайды

 

/«ҚазАқпарат», 28.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Қырғыз елі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне өтуі үшін ТүркПА Парламентшілер басшыларының тарапынан қолдау сұрайды.  Бұл туралы бүгін ТүркПА-ның ІІ жалпы отырысы барысында сөз сөйлеген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Ахматбек Келдибеков мәлім етті.

Сөз сөйлеу барысында Қырғыз Парламентшілер делегациясының басшысы өз елінің жақын және алыс шетелдермен қарым қатынасына тоқтала келе, елдің саяси билігі түбегейлі өзгергенімен, сыртқы саясат бағытындағы ұстанымның сол қалпында екендігін атап өтті. «Жан-жақты ынтымақтастық пен тату көршілік стратегиясы, өңірлік және ғаламдық проблемаларды шешуге қатысу әрекеттері әрі қарай жалғаса түседі. Бүгінгі күні әлемнің ешқандай да мемлекетімен қарама қайшылығымыз да, конфликтіміз де жоқ. Сонымен қатар, мүмкіндікті пайдалана отырып Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан Парламентшілерінен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2012-2013 жылдарға арналған тұрақты емес мүшелерін сайлау барысында Қырғыз елінің кандидатурасын қолдауларыңызды сұраймын. Бұл шара ағымдағы жылдың қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-ы сессиясында болады», - деді А. Келдибеков. Оның айтуынша, қырғыз елі өзінің белсенді сыртқы саясатымен, Ауғанстандағы жағдайды реттеу, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаһандық экологиялық проблемаларды шешу секілді бірқатар өңірлік проблемаларға араласа отырып, бұндай беделді халықаралық ұйымның  құрамына кіруге құқысы бар. «Қырғыз елі ТүркПА қызметіне бұдан кейін де белсенді атсалыспақ. Соған орай, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші ТүркПА-ның ІІІ жалпы отырысын 2012 жылы Бішкек қаласында өткізу туралы ұсыныс жасайды», - деді Жогорку Кенеш төрағасы.

 

 

Келешекте Түрк ПА құрамы кеңейетіндігіне сенім бар - Мехмет Әли Шахин

 

/«ҚазАқпарат», 28.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - ТүркПа құрамы кеңейетіндігіне үміт бар. Бұл туралы бүгін ТүркПА-ның ІІ жалпы отырысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мехмет Әли Шахин  мәлім етті.

                Баспасөз мәслихаты барысында журналистер тарапынан ТүркПА-ның болашақтағы құрамын кеңейту мүмкіндіктеріне қатысты сауалдар болған еді. «ТүрПА құрамында әзірше төрт елміз. Алдағы кезеңде Өзбекстан мен Түркіменстанды да Ассамблеяға қосу бағытында жұмыстар атқарып келеміз. Бұған тек қана ПА хатшылығы ғана емес, 4 елдің Парламент төрағалары да атсалысуда. Сондықтан да, ТүркПА-ның болашақ құрамы ұлғаятындығына сенім бар», - деді Мехмет Әли Шахин.

 

 

Түркінің жоғын түгендеуге негізделген ұйым отырыс өтті

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.04.2011 ж., Е. Қалымбайұлы/ - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы келешекте саяси келбеті келісті, кез-келген мәселеде кесіп айтар алпауыт ұйымға айналуы тиіс. Құрылымның әр қадамына қарап сарапшылар қазірден сүйсініп отыр. Бүгін Астанада Ассамблеяның 2-ші пленарлық отырысы өтті. Бір атаның балалары бас қосқан жиынға мемлекет басшысы да құттықтау хат жолдапты. Онда: «Түркітілдес елдердің Ассамблеясы - Парламентаралық ынтымақтастықты одан ары тереңдетуге, аймақтық және халықаралық интеграциялық үдерістерді жандандыруға зор еңбек сіңіруде» делінген.

Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғыздың жоғарғы заң шығарушы органы жетекшілері бағзы дәстүрді бұзбай, ең әуелі «Отан Ана» монументіне барып, ел қорғаған ерлер руһына тағзым жасады. Іле түркі Академиясында болып, бабалардан қалған жәдігерлерге мұқият зер салды. Бұл аралықта «Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігі: дамуы және жаңа белестері» атты фотокөрме дайын тұр еді.

Ержан Қалымбайұлы, тілші:

Құрылғалы үш-ақ жыл болған саяси институттың көздегені алыста. Әуелгі мақсат - түбі бір түркі жұртының береке-бірлігін бекемдеу. Одан соң, саясат, экономика һәм мәдениет сынды салалардағы байланыстарды баянды ету.

Бауырластардың жоғарғы заң шығарушы органдарының басын қосатын ықпалды ұйым құру бастамасын Қазақстан президенті 2006 жылы көтерген болатын. Араға екі жыл салып, түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы дүниеге келді. Алғашқы жалпы отырысы Әзірбайжанда өтіп, «Баку декларациясы» қабылданды.

Орал Мұхамеджанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:  

Түркі халықтары қоғамдастығына ортақ рухани құндылықтарды қайта жаңғыртатын, еселеп арттыра түсетін және бүкіл әлемге паш ететін кез келді. Тарих бізге сондай мүмкіндік беріп отыр. Ал оны пайдалана білу үшін бұдан да тығыз араласып, бір-бірімізді бұдан да терең танып-білу жолында нақты қадамдар жасауымыз қажет.

Жиында жас ұйымның бюджеті екі есе көбейіп, жанынан тұрақты төрт комиссия құрылғаны мәлім болды. Бұл - түркі елдерінің ортақ саяси институтының мәртебесін арттыруға бағытталған оң шешім. Ассамблея қазірдің өзінде Ислам Конференциясы ұйымының Парламенттік Одағы мен Парламентаралық Одақта байқаушы мәртебесіне ие.

Агаф Кафказ, Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты:

Парламенттік Ассамблеяның қарқыны жақсы. ОБСЕ-ге өзге де салиқалы халықаралық жиындарға бақылаушы болуда. Ұйым түркі елдерінің Парламенттік ынтымақтастығымен бірге, арадағы байланыстарды да дамытуға зор септігін тигізеді.

Түркінің жоғын түгендеуге негізделген ұйым ықпалдасудың бұлақ-бастауына айналмақ. Парламенттік Ассамблеяға мүше төрт елдің өкілдері алдағы уақытта қатарлары Өзбекстан және Түркіменстанмен толығарына сенімді.

Ахматбек Келдібеков, ҚР Жогорку Кенешінің төрағасы:

Мен үш-төрт жиналыс өткеннен кейін Ассамблеяның келешекте ОБСЕ сынды халықаралық беделді ұйымдар қатарына қосыларына күмәнсіз сенемін.

Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының екінші жиынының қорытынды құжаты - 11 баптан тұратын «Астана декларациясы» қабылданды. Онда Парламенттік Ассамблеяның өзге де түркітілдес елдердің Парламенттерімен арада жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі екені баса айтылған. Ал ұйымның 3-ші жалпы отырысы келер жылы Бішкек қаласында өтеді.

 

 

Астана Декларациясы бірауыздан қабылданды

 

/«Parlam.kz», 28.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін, 28 сәуір күні, Астана қаласында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының ІІ пленарлық отырысы өтті.

Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттері делегацияларының қатысуымен өткен осы басқосуда Астана Декларациясы бірауыздан қабылданды.

 

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ

II ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫНЫҢ

АСТАНА ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

2011 жылғы 27-28 сәуірде Астана қаласында Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисі, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісі делегацияларының қатысуымен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының II пленарлық отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар

-  2008 жылғы 21 қарашада Стамбул қаласында қол қойылған «Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы туралы» Келісімді, 2009 жылғы 2-3 қазанда Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX Саммитінде қабылданған Нахчыван Декларациясын және 2010 жылғы 16 қыркүйекте Түркия Республикасының Стамбул қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшылары X Саммитінің Декларациясын жүзеге асыруды жалғастыруға дайын екендігін,

- 2009 жылғы 29 қыркүйекте Баку қаласында өткен Түркітілдес елдер    Парламенттік Ассамблеясының бірінші отырысы осы органды қалыптастырудағы тағы бір қадам болғандығын,

- Парламентаралық ықпалдастықтың мемлекетаралық қатынастардағы, оның ішінде саяси диалогты дамыту мен өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті жағдай жасаудағы маңызын,

- түркітілдес елдер арасындағы тарих, тіл және мәдениет ортақтығына негізделген тығыз және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы Парламенттердің ерекше рөлін назарға ала отырып, темендегілерді мәлімдейді:

1. Парламенттік Ассамблея елдеріміздің саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы қарым-қатынастарын тереңдетудің және халықтарымызды одан әрі жақындастырудың маңызды құралы болып табылады.

2. Парламенттік Ассамблея қысқа мерзім ішінде Ислам Конференциясы Ұйымының Парламенттік Одағы мен Парламентаралық Одақта байқаушы мәртебесіне ие толыққанды Парламентаралық құрылымға айналды.

3.  Парламенттік Ассамблея өз қызметінде өзге де түркітілдес елдердің Парламенттерімен арада жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

4. Парламенттік Ассамблея  шеңберінде тиісті шешімдерді қабылдауға жол ашатын тұрақты комиссиялардың құрылуы ықпалдастықтың жаңа сатыға қадам басуына мүмкіндік береді.

5. Парламенттік Ассамблея Түркітілдес  Мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесінің, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының, Түркі Академиясының және Ақсақалдар Кеңесінің тиімді жұмыс істеуіне жан-жақты ықпал етеді.

6. Парламенттік Ассамблея қазіргі заманның өзекті мәселесіне  айналған дағдарыстан кейінгі әлемді қайта құруда халықтарымыздың мүдделеріне сәйкес келетін жаңа ғаламдық экономика мен қаржы жүйесін қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүдделі.

7. Парламенттік Ассамблея түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 20 жылдығы осы елдердің жаңа тарихындағы маңызды кезең болып табылатынын атап өтеді.

8. 2010 жылы Қазақстан Республикасының түркітілдес мемлекеттер ішінен алғашқы болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі және түркітілдес мемлекеттер Парламенттерінің ЕҚЫҰ ПА аясындағы белсенді қызметі, ең алдымен, біздің елдеріміздің халықаралық мәртебесін асқақтатуға және халықаралық қауымдастықтың Еуразиядағы орын алып отырған проблемаларды шешуге атсалысуына айтулы үлес қосты.

9. Парламенттік Ассамблея Қырғыз Республикасында жағдай біртіндеп қалпына келіп, ел даму жолына түскендігін атап өтеді және республикада заңдардың ұлықтылығы мен тиімді басқарудың қамтамасыз етілуін қолдайды.

10. Парламентік Ассамблея Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері Кеңесіндегі болашақ төрағалығын құптай отырып, әлемнің түрлі мәдениеттері арасындағы түсіністік пен үндестіктің, мәдениетаралық өзара іс-қимылдар мен дінаралық сұхбаттың бейбітшілікті сақтаудағы маңызды құрал екендігін ескере отырып, оған жан-жақты қолдау көрсетуге мүдделі.

11. Парламенттік Ассамблея Әзірбайжанның мәдениетаралық диалогты дамытудағы үлесін атап өте отырып, мәдениеті, этносы, діни көзқарастары және мұралары бөлек топтар мен жеке тұлғалардың өзара түсіністік негізінде өткен ашық пікір алмасуларын құптай отыра, 2011 жылғы сәуірде Әзірбайжанда өткен Мәдениетаралық диалог жөніндегі бүкіләлемдік форумының ұйымдастырылуын жоғары бағалайды.

 

 

Түрк ПА-ның ІІ пленарлық отырысы табысты өтті

 

/«Parlam.kz», 28.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін, 28 сәуір күні, Астана қаласында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының ІІ пленарлық отырысы болып өтті.

Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов кіріспе сөзінде осы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі өткенін айта келіп, ал енді туысқан елдер Парламентшілерінің басқосуында маңызды мәселелер талқыланып, шешімін табатынына сенім білдірді.

Парламенттік Ассамблея құру идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрк ПА-ға қатысушыларға құттықтауын жолдады.

«Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының II пленарлық отырысына қатысушыларға!

Қазақстан түркі халықтары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ортақ рухани құндылықтарды қайта түлету ісіне айрықша мән беріп келеді.

Түркі әлемі – біздің мәдени мұраларымызды етене байланыстыратын алтын арқау. Түп тамырымыз бір, тарихымыз, дініміз, тіліміз және мәдениетіміз ортақ. Біздер осы игіліктеріміз бен құндылықтарымызды жасампаздық жолына пайдалануымыз қажет.

Бүгінде тамырлас халықтардың неғұрлым тығыз жақындаса түсуі жолында Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы сияқты құрылымдар, сондай-ақ Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы арқылы нақты қадамдар жасауға мол мүмкіндік туып отыр.

Ассамблея – Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге аймақтық және халықаралық интеграциялық процестерді жандандыруға зор еңбек сіңіруде. Бұл игі қадамдар біздің елдеріміздегі бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеп дамуға жол ашуда.

Бүгінгі отырысқа қатысушыларды форум жұмысының басталуымен құттықтай отырып, бұл басқосу біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен саяси диалогты жан-жақты дамытуға жаңа серпін береді деп сенемін.

Пленарлық отырысқа қатысушылардың жұмысына сәттілік тілеймін.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

АҚОРДА, АСТАНА.»

 

Бұдан кейін Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов баяндама жасады (Мәжіліс Төрағасының баяндамасы Парламент сайтында (www.parlam.kz) жеке берілді).

Келесі кезекте Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисінің Төрағасы Оқтай Сабыроғлы Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Әли Шахин мырзалар сөз сөйлеп, түркі әлеміне қатысты ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар Ислам Конференциясы Ұйымы Парламенттік Одағының Бас Хатшысы Махмұд Эрол Килич, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің Бас Хатшысы Халел Акынжы, ТҮРКСОЙ Бас Хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Азиадағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесі Бас Хатшысының орынбасары Серхад Варлы мырзалар сөз сөйледі.

Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттері делегацияларының қатысуымен өткен осы басқосуда Астана Декларациясы бірауыздан қабылданды (Астана Декларациясының мәтіні Парламент сайтында (www.parlam.kz) жеке берілді).

Астана басқосуында Түрк ПА-ның үшінші отырысын Бішкек қаласында 2012 жылы мамыр-шілде айларының ішінде өткізу туралы ортақ шешімге келді.

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 28.04.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ІІ жалпы отырысына жоғарғы палата Төрағасы Қайрат Мәми бастаған Парламент Сенатының депутаттары қатысты.

Форумға Әзірбайжан, Түркия мен Қырғызстанның Парламенттік делегациялары, сондай-ақ түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің өкілдері (Түркі Кеңесі), Ислам Конференциясы Ұйымы Парламенттік Одағының (ИКҰ ПО), ТҮРКСОЙ, АӨСШК өкілдері қатысты.

ТүркПА-ның ІІ жалпы отырысында Астана декларациясы қабылданды, Ұйымның қызметіне қатысты құжаттарға түзетулер енгізіліп, бюджеті бекітілді.

ТүркПА Кеңесінің кешегі отырысында Ұйымға төрағалық ету Қазақстанға берілген болатын.

Кезекті жалпы отырысты 2012 жылы Бішкекте өткізу жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

Астана түркі әлемінің астанасы атанды

 

/«Алтын орда» газеті, 29.04.2011 ж./ - Астанада түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының ІІ пленарлық отырысы өтті. Оған Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттерінің төрағалары қатысты.

Анталья қаласында 2006 жылдың 17 қарашасында өткен түркі тілді мемлекеттер басшыларының 8-ші Саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Парламенттік Ассамблея құру идеясын ұсынған болатын. Бұл ұсынысты барлық түркі тілді халықтар қуана қолдап, 2008 жылы 21-22 қарашада Стамбул қаласында түркі тілдес мемлекеттер Парламенттері жетекшілерінің бірінші конференциясы өтті. Осы жиынның соңында түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын (Түрк ПА) құру туралы келісімге қол қойылды.

2009 жылы 28-29 қыркүйек күндері Баку қаласында түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының бірінші жалпы отырысы өткен-ді. Түрк ПА құрамына енетін елдер Парламенттері делегацияларының қатысуымен өткен биылғы басқосуда Астана Декларациясы бірауыздан қабылданып, 2012 жылы Астана Түркі әлемінің елордасы деп белгіленгені жария етілді.

Астана басқосуына қатысушылар Түрк ПА-ның үшінші отырысын Бішкек қаласында 2012 жылы мамыр-шілде айларының ішінде өткізу туралы ортақ шешімге келді.

 

 

Ықпалдастықтың әлеуеті жоғары

 

/«Егемен Қазақстан», 30.04.2011 ж./ - Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (Түрк ПА) Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қ.Мәми Түрк ПА-ның ІІ Жалпы отырысы табысты өткенін атап өте келіп, халықаралық қоғамдастықта Ассамблея беделін биіктетудегі Ұйым Хатшылығының қомақты үлесін атап өтті.

«Парламент Сенаты бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты пішіндегі Парламентаралық байланыстарды тереңдетуге жан-жақты көмектесуге әзір», деді Төраға.

Түркі тілдес елдердің жаңа деңгейдегі ықпалдастығын одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты Қ.Мәми Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) қызметін бекітетін заңнамалық база жасау қажеттігін атап өтті.

Түркі тілдес мемлекеттер Кеңесінің тұңғыш саммиті биылғы қазан айында Қазақстанда өтетін болды.

Түрк ПА Бас хатшысы түркі әлеміндегі елдер арасындағы, оның ішінде Парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады.

 

 

Түбі бір түркі жұртының бүгіні һәм болашағы

 

/«Қазақстан» ТРК, 01.05.2011 ж., Е. Қалымбайұлы/ - Тарихын тасқа басқан ер түркінің ұрпағына жаһандану жанданған заманда ауызбірлік ауадай қажет. Түбі бір түркінің мүддесін бір арнаға тоғыстырып, тамырлас халықтарды неғұрлым жақындастыра түсіру үшін Түркі Кеңесі, Түркісой, түркі елдерінің ақсақалдар алқасы және Түркі Академиясы сияқты құрылымдар талмай жұмыс істеуде. Алайда, түркі жұртының беделді халықаралық ұйымдармен иық қағыстырып, тең дәрежеде сөйлесе алатын ортақ саяси орданың жоқтығы бірден көзге ұратын-ды. Бұл арман да, бұйыртса ,ақиқатқа айналатын сыңайлы. Бауырластардың жоғарғы заң шығарушы органдарының басын қосатын ықпалды ұйым құру жөнінде 2006 жылғы бастама араға екі жыл салып, түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын дүниеге әкелді. Алғашқы жалпы отырысы Әзірбайжанда өтіп, «Баку декларациясы» қабылданған ұйымның екінші отырысы Астанада өтті. 

Бір кездері «тізеліні бүктірген, бастыны иідірген» ер түркінің жаужүрек ұлдарының өзгелерден мысы басым-тұғын. Орта Азиядан шыққан көшпелі халықтардың тұлпарларының ізі Қытай, Үнді және Батыс елдеріне дейін сайрап жатты. Түгел дүниені тамсандырған түркі әлемінің соңғы бірнеше ғасырлар мұғдарында тағдыр-талай қиын болды. Мәселен, ХХ ғасырдың соңына дейін түркітілдес елдерден Түркиядан өзге Тәуелсіз мемлекет қалмады. Түркінің біртуар ұлы - Ататүріктің Кеңес Одағына бүйрегі бұрып, ымырамен саясат жүргізуі де тегін емес еді.

«Бүгін Кеңес Одағы — досымыз, одақтасымыз. Алайда, ертең не боларын бүгін ешкім кесіп айта алмайды. Дүние жаңа тепе-теңдікке ұласуы мүмкін. Міне, сол кезде Түркия не істеу керектігін білуі тиіс. Бұл досымыздың қол астында тілі, діні, тегі бір бауырларымыз бар. Оларға қол ұшын созуға дайын болуымыз қажет! Әзір болу - сол күнді үнсіз күту емес. Дайындалған жөн».

Мұстафа Кемал Ататүрік, 1933 жыл.

Тілек қабыл болды. Өткен ғасырдың соңында бес түркі елі егемендік алды. Осы күнді асыға күткен Түркия Қазақтың тәуелсіздігін алғаш болып мойындады. Содан бергі аралықта тамыры мен тарихи, түбі мен тегі бір елдерді ықпалдастыру мықтап қолға алынды. Дерек көздері, «қазір әлемдегі түркілердің саны 200 миллионның үстінде, ал түркі тілдес елдер саны 40-тан асады», дейді. Демек, туыстас елдердің Парламенттік Ассамблеясы алдағы уақытта халықаралық белді ұйымға айналуы тиіс. Бауырластар осындай нақты байлам жасады. Саяси құрылымның қазіргі аяқ алысы бұл үдеден шығуға толық мүмкіндік береді. Бір атаның балалары бас қосқан жиынға қазақ Президенті құттықтау хат жолдады. Онда: «Ассамблея - Парламентаралық ынтымақтастықты одан ары тереңдетуге, аймақтық және халықаралық интеграциялық үдерістерді жандандыруға зор еңбек сіңіруде» делінген.

Орал Мұхамеджанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:  

Түркі халықтары қоғамдастығына ортақ рухани құндылықтарды қайта жаңғыртатын, еселеп арттыра түсетін және бүкіл әлемге паш ететін кез келді. Тарих бізге сондай мүмкіндік беріп отыр. Ал оны пайдалана білу үшін бұдан да тығыз араласып, бір-бірімізді бұдан да терең танып-білу жолында нақты қадамдар жасауымыз қажет.

Жиында ұйымның бюджеті екі есе көбейіп, жанынан тұрақты төрт комиссия құрылғаны мәлім болды. Бұл түркі елдерінің ортақ саяси институтының мәртебесін арттыруға бағытталған оң шешім. Ассамблея қазірдің өзінде Ислам Конференциясы ұйымының Парламенттік Одағы мен Парламентаралық Одақта байқаушы мәртебесіне ие.

Агаф Кафказ, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты:

Парламенттік Ассамблеяның қарқыны жақсы. ОБСЕ-ге, өзге де салиқалы халықаралық жиындарға бақылаушы болуда. Ұйым түркі елдерінің Парламенттік ынтымақтастығымен бірге, арадағы байланыстарды да дамытуға зор септігін тигізеді.

Бүгінгі заманда шыққан тегі бір туыс мемлекеттерге тонның ішкі бауындай бірлік аса қажет. Саясаттың өлшемімен қарағанда, ұйым ықпалдасу үдерісінің бұлақ-бастауына айналуы қажет. Жалпы түркінің сыртқы саяси әлемге де ауызбірлігін аңдатада алуы тиіс. Ендігі мақсат - Ассамблея қызметін арттырып, Парламентаралық байланыстарды тереңдету. Қанына тартпағанның қары сынсын. Ұйымға мүше елдер алдағы уақытта қатарлары толығарына сенімді.

Талант Мамытов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты:

Бізге қазір мүше болып төрт мемлекет кірді: Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан. Біз келешекте басқа да түркі тілді мемлекеттер де қосылады деп ойлаймыз. Мысалы, Өзбекстан, Түркіменстан және басқа да мемлекеттер.

Қазақстан тағы да төраға. Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының тізгіні Әзірбайжан Республикасынан біздің қолға көшті. Төрт елдің жоғарғы заң шығарушы органдарының төрағалары ұйымның қос хаттамасына қол қойды. Бірі - «Ыстамбұл келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», келесісі - «Парламенттік кітапханалардың ынтымақтастығы жайлы».

Огтай Асадов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің төрағасы:

Ассамблея түркі елдерінің құқықтық жүйесін жақындастырып, халықаралық белді ұйымдар шеңберінде Парламенттік дипломатияны жандандырады. Мұндай бірлестік түркілерде ешқашан болған емес.

Екі күндік жиын соңында Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының екінші жиынының қорытынды құжаты - 11 баптан тұратын «Астана декларациясы» қабылданды. Онда ұйымның өзге де түркітілдес елдердің Парламенттірімен жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі екені баса айтылған. Ал Парламенттік Ассамблеясының үшінші жалпы отырысы келер жылы Бішкек қаласында өтеді.

 

 

 

 

 

Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының екі жылдық

бюджеті бекітіліп, Астана декларациясы қабылданды

 

/«Хабар» агенттігі, 28.04.2011 ж./ - Түркі халықтарының ортақ рухани құндылықтарын қайта жаңғыртып, әлемге паш ететін кез келді.

Тарих осындай мүмкіндік беріп отыр. Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының жалпы отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың айтуынша, бұл мақсатқа жету үшін Парламентаралық дипломатияны жандандырып, интеграциялық байланыстарды нығайту қажет.

Басқосу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сәлемі оқылды. «Түркі әлемі – біздің мәдени мұраларымызды етене байланыстыратын алтын арқау. Түп-тамырымыз бір, тарихымыз, дініміз, тіліміз және мәдениетіміз ортақ. Біздер осы игіліктеріміз бен құндылықтарымызды жасампаздық жолына пайдалануымыз қажет» делінген Президент хатында. Бүгін Ассамблеяның екі жылға арналған бюджеті бекітіліп, Астана декларациясы қабылданды.

Орал Мұхамеджанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Ең басты мәселе, түркітілдес елдер тәуелсіздігінің 20 жылдығы төңірегінде әңгіме өрбітіп, өткен-кеткенге көз жүгіртіп, алдағы межелерді белгілеп алдық. Осыған байланысты Астана декларациясы қабылданды. Одан кейінгі күрделі мәселе ол Ассамблея жұмысын дамыту үшін, тереңдету үшін Ассамблея аясында 4 тұрақты комитет құрылды.

Биыл Қазақстан түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының төрағасы міндетін атқарады. Келешекте ТүркПа-ны түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілетті әрі беделді ұйымға айналдыру негізгі мақсат болмақ. Айта кету керек, 2006 жылы Анталия қаласында болған түркітілдес мемлекет басшыларының Саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттік Ассамблея құру идеясын ұсынған болатын.

 

 

ТүркПА түбі бір түркінің бірігуіне қызмет етсе игі...

 

/«Алаш айнасы» газеті, 28.04.2011 ж., Қ. Қазы/ - Құрылғанына үш жыл толған Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы кеше өз тарихындағы екінші пленарлық отырысын өткізді. Осы күні ұйымға төрағалықтың тізгіні Қазақстанға ауысып, түркі Парламентшілері Ассамблеяның бюджетін бекітті, арнайы Астана декларациясын қабылдады. Тоқетері, түркілер сөзден іске көшетін уақыттың келгенін меңзегендей.

Расында, ТүркПА – жас ұйым. Бұған дейін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша 2008 жылы Ыстамбұл қаласында Ассамблеяны құру рәсімі жасалды, сосын ұйымның жалпы отырысы осыдан екі жыл бұрын Баку қаласында өткен. Содан кейінгі бір жылдық үзілістен соң болған негізгі басқосу – осы ғана. Дегенмен түрлі төрағалықтан тәжірибені әжептәуір жинақтаған Қазақстанға жетекшілік тигенде ТүркПА жұмысына бірден тың серпін біткендей болды. Күн тәртібімен айтсақ: Парламенттік Ассамблея шеңберінде төрт тұрақты комиссия құрылды, бұл ықпалдастықтың жаңа сатыға көтерілгенін айғақтайды. Әлгі комиссия арқылы Ассамблеяда қабылданатын шешімдерге жол ашылады. Екіншіден, ұйым регламенті жаңарып, эмблемасы айшықталды, бюджеті бекітілді. Үшіншіден, түркітілдес елдер арасындағы тарих, тіл және мәдениет ортақтығына негізделген тығыз және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы Парламенттердің ерекше рөлін арттыруға бағытталған Астана декларациясы қабылданды. Бұдан бөлек түркі бірлігін қаузаушылар Қазақстан төрағалығынан бір шаңырақ астына жиылу бағытындағы тың қадамдарды күтетінін жасырмады. Ал жалпы басқосудың мәніне келетін болсақ, бұл жайында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов былай деді: «Бүгінгі жолығуымыздың мақсат-мұраты, мазмұн-маңызы айрықша. Биыл халықаралық қауымдастықтың тең құқықты мүшелері ретінде біржола қалыптасқан Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз, Түркіменстан және Өзбекстан елдері өз Тәуелсіздіктерінің 20 жылдығын атап өтпек. Біздің елдердің қай-қайсысы үшін де бұл кезең қилы-қилы сынақ пен мән-маңызы мол істерге толы кезең болды».

Осы кезең ішінде Қазақстан түркілік әлеммен ынтымақтастықты сыртқы саясаттағы мүдделерінің ішінде аса маңызды орынға қойғаны белгілі. Бұл ретте Мәжіліс спикері түркітілдес мемлекеттердің әрқайсысымен өзара байланыстың мән-жайына тоқтала келе, түбі бір жұрттың ортақ рухани құндылықтарын қайта жаңғыртатын, оны бүкіл әлемге паш ететін кез келгенін жеткізді.

«Тарих бізге сондай мүмкіндік беріп отыр», – деп шегелеп айтты Орал Мұхамеджанов. Ал ондай мүмкіндікті пайдалану үшін түркінің араластығы бұдан да нығайып, ықпалдасу жолында нақты қадамдар жасау қажет. «Түркілер бір-бірін бұдан да терең танып-білуі үшін Парламентшілерден осы құрылым шеңберінде Парламентаралық дипломатияны жандандырса игі. Түркі мемлекеттері тәуелсіздіктерінің мерейтойына дейінгі кезеңін ойдағыдай өткерді. ТүркПА-ның да түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілеті бар беделді ұйымға айналатыны күмәнсіз», – деді О.Мұхамеджанов.

Түркі жұрты Ататүрктің өсиетін ұмытпауы тиіс

Тәуелсіздік демекші, түркі жұртының көсемі Мұстафа Кемал Ататүріктің 1933 жылғы 29 қазанда тәуелсіз Түркия Республикасының 10 жылдығына орай сөйлеген сөзінде барлық түркі әлеміне ұран боларлық пікір айтылған болатын. Сол ұрансөздің маңызын еш ұмытуға хақымыз да жоқ. «Бүгін Кеңес Одағы – досымыз, одақтасымыз. Алайда ертең не боларын бүгін ешкім кесіп айта алмайды. Дүние жаңа тепе-теңдікке ұласуы мүмкін. Міне, сол кезде Түркия не істеу керектігін білуі тиіс. Бұл досымыздың қол астында тілі, діні, тегі бір бауырларымыз бар. Оларға қол ұшын созуға дайын болуымыз қажет! Әзір болу сол күнді үнсіз күту емес. Дайындалған жөн. Халықтар бұған қалай әзірленеді? Рухани көпірлерді сақтай отырып әзірленеді. Тіл – бір көпір, сенім – бір көпір, тарих – бір көпір. Осылар түгенделуі тиіс», – деген еді М. Ататүрк. Бүгінгі Түркия Ататүрк айқындаған сол бір кездегі саясаттан бас тартпайтынын, түркі бірлігіне бағытталған ұранның мәңгілік болатынын дәлелдейтіндей. «Түркия – өз тәуелсіздігінен бастап, бүкіл түркі жұртының тәуелсіз ел болып, бірігуін аңсаған ел. Қазір тәуелсіз жас түркі мемлекеттері қарыштап дамып келеді. Бұл – қуанышты. Алайда ТүркПА құрамында әзірше төрт елміз. Алдағы кезеңде Өзбекстан мен Түркіменстанды да Ассамблеяға қосу бағытында жұмыстар атқаруға тиіспіз. Бұған тек қана хатшылық қана емес, төрт елдің Парламент төрағалары да атсалысса игі. Сондықтан да ТүркПА-ның болашақ құрамы ұлғаятындығына, оның қызмет аясы кеңейетініне сенім бар. Ендеше, біздің әлеуетіміз де болашақта арта түседі», – дейді Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мехмет Әли Шахин.

Бірлікке ұмтылған түркі ынтымағына қырғыз бауырлар зор үміт артады

Ал қырғыз делегациясын бастап келген Ахматбек байке Келдибеков өз елінің жақын және алыс шетелдермен қарым-қатынасына тоқтала келе, елдің саяси билігі түбегейлі өзгергенімен, сыртқы саясат бағытындағы ұстанымның сол қалпында екендігін атап өтті. Алдағы дөңгеленген дүниедегі саясатта ең алдымен түркі бауырларына сенім артып, арқа сүйейтінін алға тартты. «Қырғыз елінің ешқандай да мемлекетпен жаулығы жоқ, қақ-соғы да болмайды. Тек осы мүмкіндікті пайдалана отырып Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан Парламентшілерінен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2012-2013 жылдарға арналған уақытша (тұрақты емес – автор.) мүшелігіне сайлау барысында қырғыз елінің кандидатурасын қолдауларыңызды сұраймын», – деді А.Келдибеков. Оның айтуынша, қырғыз елі өзінің белсенді сыртқы саясатымен Ауғанстандағы жағдайды реттеу, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаһандық экологиялық проблемаларды шешу секілді бірқатар өңірлік проблемаларға араласудан танбайды. Ендеше қырғыз елінің мұндай беделді халықаралық ұйымның құрамына кіруге құқысы бар.

Түбі бір түркілердің ежелден қалған аманаты бір болу екендігін айта сөйлеген Әзірбайжан Милли Меджилисі төрағасы Оқтай Асадов болса, Парламентшілердің ықпалымен халықтар тілегі ұштасуы қажеттігін айтты. «Тарихқа үңілсек, түркінің бабалары тек қана бірігу нәтижесінде жеңіске жетіп отырғаны мәлім. Сондай-ақ түркі мемлекеттерінің ықпалдастығы дәл бүгінгідей маңызға ие болмағанын айту керек. Сол себепті алдағы бағдар шашырандыны көтермейді, керісінше, жұмылуды талап етеді. Бұл ықпалдастық жаңа мүмкіндіктерді де ашатынын ескерген жөн. Түрік мемлекеттерінің тарихи мұраларын сақтап қалудың маңызы зор. Бұған Парламентаралық ықпалдастықты алға тартқан орынды», – деді Оқтай Асадов.

Бағдар – айқын, мақсат – бір

Сонымен мұның алдындағы кеңесте көп мәселе кесіп-пішілгендіктен, пленарлық отырыста талқылауға уақыт жоғалған жоқ. Бірауыздылық танылып, Ыстамбұл құжатына өзгерістер енгізілді, артынан Астана декларациясы қабылданды. Осы құжатта ТүркПА-ның Парламентаралық ықпалдастықтың мемлекетаралық қатынастардағы, оның ішінде саяси диалогты дамыту мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті жағдай жасаудағы маңызы ерекше аталып өтіледі. ПА қызметіндегі өзге де түркітілдес елдердің Парламенттерімен жемісті ынтымақтастық орнатуға ниеттілігі де айқын жазылған декларацияда.

Айтпақшы, ресми бөлімнен кейін бақылаушы мәртебесіндегі халықаралық ұйымдар тарапынан келген өкілдер де ТүркПА жұмысына сәттілік тілеп жатты. Алайда мұндай байқаушылардың арасынан өзбек пен түркімен бауырластар байқалмады. Осыны және Қазақстан төрағалығының басым бағытын ескеріп, Ассамблея мүшелерінен пікір суыртпақтаған едік.

Ғарифолла ЕСІМ, Парламент Сенатының депутаты:

– Өзбекстан мен Түркіменстан ТүркПа-ға қатысты әлі ойлануда. Түркі әлемінің бірлестігі болған соң, оларға қосылатын тың жол — осы. Ал түркілердің бір шоғыры болған Башқұртстан, Татарстан туралы сөз басқа. Ресей құрамында болғандықтан, сол тараптан бақылаушы болып кіргісі келетін сыңай танылып отыр, осы елдерде. Бастысы, ынта бар. Бұған қосымша Түрік академиясы құрылып еді, сол арқылы Ресей субъектілері болып табылатын түркілестермен байланысқа да түсіп жатырмыз. Ғылымды жақындастырып алсақ, ортақ мұралар арқылы көпірді сақтасақ игі. Жалпы, ТүркПА-ға түркі мемлекеттер бірігуге мүдделі болулары шарт. Тіпті менің ойымша, бұған Тәжікстан да ниетті болуы мүмкін. Өйткені түркі жұрты мен тәжіктер арасындағы рухани байланыстарды ажыратып әкету мүмкін емес. Сондықтан да түркітілдестер өз ішіндегі мәселені ширата түссе, әлеуетін көтере берсе, басқасы да соған үйірілетініне сенемін.

Агаһ КАВКАЗ, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты:

– ТүркПА түркі тілдес елдер Парламенттерінің ынтымақтастығын ғана емес, халықтар арасындағы өзара байланыстың дамуына да зор мүмкіндік ашады. Мұндай бастаманы Түркия Президенті мен Қазақстан Президенті де қашаннан қуаттап келеді. Ұйым мен түркітілдес мемлекеттер арасындағы байланысты жан-жақты етуге ниеттіміз. Мәдени, гуманитарлық тетіктеріміз тиісті деңгейде қамтылған. Сондықтан ТүркПА-ның негізгі мақсатының бірі — сауда-экономикалық, құқықтық саладағы әріптестікті дамыту. Дәл осы бағыт арқылы да басқа түркілерді тартуға болады. Оның ішінде тәуелсіз түркілерді (Өзбекстан мен Түркіменстанды айтып отыр — автор).

 

 

Түбі бір түркілер түбінде бір бірігер ме екен?

 

/«Алаш айнасы», 28.04.2011 ж./ - Жаһандану заманының зор талабы бар, бұл – ықпалдастық. Сондай талаптың үдесінен шығып, ынтымақтаса ықпалдасуға ұмтылғандар көп жағдайда ұтады. «Ықпалдасу кімге тиімді?» десек, мұның түп-тамыры һәм тегі бір, тілі ұқсас, мәдениеті ортақ бауырлас мемлекеттерге ең алдымен қажеттігі анық. Бір сөзбен айтқанда, жаһанданудың жағымсыз құбылысына жұтылып кетпей, бірлесіп әрекет жасау, бауырласып тірлік кешу, ынтымақтасып қарым-қатынас орнату бүгінгі түркі жұртшылығы үшін өте-мөте маңызды. Әйтсе де маңыздылықты біле тұра, түрлі сипаттағы жаһанданудың жағадан алғанын көре тұра, түркі әлемінің бір шаңырақ астына жиналуы оңай шаруа болмайтыны байқалып жүр.

Тарихқа сәл шегінсек...

Бұған дейінгі түркілік бірлікке анадолылық түріктер ең бірінші мүдделі болып, сол та­раптан үлкен қолдау болғаны анық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әлем картасында пайда болған жас әрі жаңа бес түркі мемлекетін алғашқы болып мойындаған Түркия Ата­түріктің аманатына адалдық танытты. Өткен ғасырдың 90-жылдары Түркиядағы ұлтшыл-тұраншыл көзқарастағы тұлғалар бастауымен һәм түрік және Тұран ұлтшылдығының нышанына айналған Ұлтшыл қозғалыс партиясының негізін қалаған марқұм Алпарслан Түркештің идеясымен Түркітілдес мемлекеттердің құрылтайы біраз жыл рухани жақындасуға азық болды. Кейінгі жылдары Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитін өткізу де дәстүрге айналды. Сондай саммиттер барысында Түркі академиясын енгізу, Ақсақалдар кеңесін ұйымдастыру, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясын құру, түркі жұртының ортақ мәдени мұрасын сақтау секілді бастамалардың бір парасы Қазақстан Президенті тарапынан ұсынылды. Сосын саяси және экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы өзара жақындасудың мұратын жүзеге асыру үшін ТүркПА құрылды. 

Осындай түркілік ұйымның астына Өзбекстан мен Түрікменстан секілді жас мемлекеттердің ұмтылмауы нені аңғартады? Түркі жұртына ортақ бастамалардың мұндай немқұрайдылыққа ұшырауы неліктен?

ТүркПА-ға бүгінге дейін төраға болып келген Әзірбайжан Милли Меджлисінің төрағасы Оқтай Асадов кеше Қазақстан Парламенті Мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджановпен кездесе отырып, осы жайтқа қынжылыс білдіргендей болды. «ТүркПА-ның ендігі төрағасы – Қазақстан. Ендеше, бұған дейін бірікпей келген түркітілдес басқа да мемлекеттер қазақстандық төрағалықта ұйымға қош келетінін күтемін әрі бұған зор сеніммен қараймын», – деді әзірбайжандық Парламентші кездесу барысында. Расында, бөрілі байрағын биік ұстап, өр намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қана емес, сан-салалы қарым-қатынасты қайта жандандырудан неге қашқақтайтыны түсініксіз.

Түркі жұртының ынтымақтастығын қолдайтындар келешекте қызмет ететін ортақ мүдделерді қаузағанда, негізінен, тілдегі бірлік пен пікір бірлігіне, сосын істегі бірлікке баса мән береді. Мұны ширатып айтсақ, тілдік бірлігіміз түсінікті, ал пікір бірлігі – саясат, істегі бірлік – экономика. Саясаттағы солқылдақтық проблемасын түсіну қиын шаруа емес. Әйтсе де бір түркі мемлекетінің проблемасы барша түркі еліне ортақ болуы тиіс екендігін тұраншыл-түркішілдер алға тартады. Ал істегі бірлік туралы Түркияның үкіметбасы Р.Ердоған «түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық және энергетикалық салалардағы байланыстар және оларды жүзеге асыру жөніндегі карта жасалса» деген ойын бірнеше мәрте білдіргені белгілі. Түркітілдестер арасында теміржол бағытын тартудың экономикалық өзектілігі хақысынан ғана емес, халықтар араластығы тұрғысынан қарау туралы мәлімдемелердің бұған дейін болғаны да белгілі. Бір сөзбен айтқанда, түркі бірлігі бір бағытта емес, әр бағытта қамтылуды сұранады. Сонда ғана оның маңызы артады. Мәселен, Мұстафа Кемал Ататүріктің «Ей, түрік ұланы, сен түрік болып туғаныңа мақтан» дейтін құдыретті сөзін қазақ жұрты да өз сөзіндей қабылдайды емес пе? Ендеше, ортақ рухани құндылықтарымызды жинап, барымызды түгендеп, жоғымызды іздеу үшін түркі дүниесінің бірлігін жан-жақты дамыту өте маңызды. Түрік ақыны Фейзуллах Будак қазақтың дарынды ұлдарының бірі Мағжан Жұмабаевқа арнаған өлеңінде: «Бауырым, сен о жақта, мен бұ жақта, Не таптық, шашырағанда шартарапқа? Барлығын күш-қайраттың жинау керек, Атадан мирас болған ұлы Отанда!» дейтіні де сол бірлік емес пе?! Ендеше, түркі жұртының бірлігі – тілдік, діндік, пікірдегі һәм істегі шаралардан көрініс тапса, сол дамыса игі. Қазақстанның ТүркПА-ға төрағалығы бұған өз септігін тигізетініне сеніммен қараушылар да осылай дейді.

 

 

Ортақ құндылықтарды қайта жаңғыртатын кез келді

 

/«Егемен Қазақстан», 29.04.2011 ж./ - Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының екінші пленарлық жалпы отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар алдымен «Түркі тілдес мемлекеттердің тәуелсіздігі: дамуы және жаңа белестері» атты фотокөрмемен және Түркі академиясының қызметімен танысты. Одан кейін Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының пленарлық отырысы басталды. Отырысқа Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов төрағалық етті және жүргізіп отырды.

Пленарлық отырыстың ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдибеков және Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мехмет Али Шахин сөз сөйледі.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрк ПА ІІ пленарлық отырысына қатысушыларға құттықтауын оқып берді.

Құттықтауда былай делінген:

Қазақстан түркі халықтары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ортақ рухани құндылықтарды қайта түлету ісіне айрықша мән беріп келеді.

Түркі әлемі – біздің мәдени мұраларымызды етене байланыстыратын алтын арқау. Түп тамырымыз бір, тарихымыз, дініміз, тіліміз және мәдениетіміз ортақ. Біздер осы игіліктеріміз бен құндылықтарымызды жасампаздық жолына пайдалануымыз қажет.

Бүгінде тамырлас халықтардың неғұрлым тығыз жақындаса түсуі жолында Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы сияқты құрылымдар, сондай-ақ Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы арқылы нақты қадамдар жасауға мол мүмкіндік туып отыр.

Ассамблея – Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге аймақтық және халықаралық интеграциялық үдерістерді жандандыруға зор еңбек сіңіруде. Бұл игі қадамдар біздің елдеріміздегі бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеп дамуға жол ашуда.

Бүгінгі отырысқа қатысушыларды форум жұмысының басталуымен құттықтай отырып, бұл басқосу біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен саяси үнқатысуда жан-жақты дамытуға жаңа серпін береді деп сенемін.

Пленарлық отырысқа қатысушылардың жұмысына сәттілік тілеймін.

Құттықтаудан кейінгі сөзін О.Мұхамеджанов биыл халықаралық қоғамдастықтың тең құқықты мүшелері ретінде қалыптасқан Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан өз тәуелсіздіктерінің 20 жылдығын атап өтетіндігінен бастады. 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіздік – біздің басты жетістігіміз, баға жетпес жеңісіміз. Тәуелсіздік алумен жас ел тарихында жаңа кезең басталды. Бұл жасампаздық, сенімді әрі серпінді даму кезеңі болды», деп атап көрсетті, деді спикер осы туралы. Біздің елдердің қай-қайсысы үшін де бұл кезең қилы-қилы қатал сынақ пен мән-маңызы мол істерге толы кезең болды. Қазақстан да осындай сан сынақтан сүрінбей өтіп, ХХІ ғасыр табалдырығынан абыроймен аттады. Біз өз жолымызды таба білдік, бұл жол біздерді бірлігі мен ынтымағына қуаты сай, әлемге танымал ел мәртебесіне жеткізді.

Біздің алдымызда тұрған маңызды мәселелердің бірі – әлемдік экономикалық қатынастарға кірігу болатын, деді шешен әрі қарай. Осылайша, өз рыногымыздың қақпасын басқа елдерге айқара ашқан кезде жаһандық үрдістермен бетпе-бет келдік. Бұл үрдістердің озығы да, тозығы да бар еді. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 122 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Соңғы он жыл бойы Қазақстанның үздіксіз өрлеу үстінде екеніне бүкіл әлем куә. Тіпті, жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың өзі де біздің дамуымызға айтарлықтай кері әсерін тигізе алмады. Оған дәлел, 2010 жылы ішкі жалпы өнім 7 пайызға өсіп, ол 140 млрд. доллардан асты.

Мәжіліс Төрағасы, сондай-ақ халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын да ортаға салды. Төрағаның айтуынша, барлық экономикалық реформалар мен батыл құрылымдық өзгерістердің түпкі мақсаты біреу, ол – қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру, халықтың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту.

Төраға бұдан соң Қазақстан көп ұлтты елдердің бірегейі бола отырып, тәуелсіздік жылдарында қоғамның ішкі тұрақтылығын, халқымыздың бірлігін сақтай білгендігіне, еліміздегі 130-дан астам этностар достық, берік татулық және ырысты ынтымақта өмір сүріп жатқандығына қатысушылар назарын аударды. Бүгінгі күні құрамына 820 этномәдени бірлестіктер кіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық келісімнің арқаулық институтына айналып, осы салада жемісті жұмыс атқаруда, деді шешен. 2007 жылғы конституциялық реформа негізінде Ассамблеяға Парламент Мәжілісіне 9 депутатын сайлау құқығы берілді.

Орал Мұхамеджанов Қазақстан Ресеймен тату көршілік қатынастарды, Қытаймен тұрақты және өзара тиімді ынтымақтастықты, Еуропалық Одақ елдерімен және АҚШ-пен стратегиялық әріптестікті, мұсылман әлемімен сындарлы үнқатысуды дамытуға бағытталған теңдестірілген дипломатияны жүзеге асыруға бағыт алғанын атап өтті. Қазақстан Президентінің бастамасымен өткізіліп жүрген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері қазіргі заманғы әлем діндері арасындағы жаһандық үнқатысудың етене әрі пәрменді бөлігіне айналды, деді спикер.

Мәжіліс Төрағасының тоқталып өткеніндей, Қазақстан Президентінің, түркі тілдес мемлекеттер басшыларының игі бастамалары арқасында түркі тамырластығы идеясы жаңа серпінге ие болып, тың мазмұнмен толықты.

Сөзінің соңына қарай Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен және Түркиямен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, тағы басқа да салалардағы қатынастарына жеке-жеке тоқталып өтті. Түркі халықтары қоғамдастығына ортақ рухани құндылықтарды қайта жаңғыртатын, еселеп арттыра түсетін және бүкіл әлемге паш ететін кез келді, деді Орал Мұхамеджанов сөзін қорытындылай келіп. Тарих бізге осындай мүмкіндік беріп отыр. Ал оны пайдалана білу үшін бұдан да тығыз араласып, бір-бірімізді бұдан да терең танып-білу жолында нақты қадамдар жасауымыз керек.

Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы – жас ұйым. Біздің осы басқосуымыздың арқауы болып отырған тәуелсіздігіміздің мерейтойы туралы тағы да сөз қозғай отырып, біздің мемлекеттеріміздің қалыптасу кезеңінен ойдағыдай өткені сияқты, Түрк ПА-ның да түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілеті бар беделді ұйымға айналатыны күмәнсіз.

Әзірбайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов алдымен тәуелсіздік Орталық Азиядағы түркі тілдес мемлекеттермен қатар, Әзірбайжанға да тың өзгерістер алып келгеніне тоқталды. Спикердің атап өтуінше, Әзірбайжан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері ауқымды жетістіктерге жетті. Жаһандық экономикалық дағдарыста да ел экономикасы құлдыраған жоқ. Қазіргі кезде ойдағыдай дамып келеді. Соңғы он жыл ішінде Әзірбайжан экономикасы 16 есеге өскен. Баку – Тбилиси – Жейхан құбырының тартылуы ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосуда. Бұл мұнай құбыры арқылы Әзірбайжан мұнайы сыртқы рынокқа шығарылатын болады.

Түркі тілдес мемлекеттердің бір-бірімен ынтымақтастығы әркезде де қажет, деді спикер әрі қарай. Біздердің ата-бабаларымыз осыны армандап келген. Соған енді мүмкіндік туып отыр. Бұл жерде Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы өзіндік рөл атқарады. Қазіргі кезде түркі халықтарына ортақ тарихи-мәдени мұраларды сақтап, оларды жаңғырту қажеттігі күн тәртібіне қойылуда. Әзірбайжандықтар түркі мемлекеттерінің бүгінде қол жеткізген табыстарына шын ниетпен қуанады. Біздің елдердің өзара ықпалдасып, ынтымақтасуына Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ыстамбұлда өткен жоғары деңгейдегі саммиті жаңаша серпін бергенін атап өткім келеді.

Октай Асадов Ыстамбұл саммитінде алға қойылған мақсат-міндеттер бүгінде толық орындалып келе жатқанына ризашылық білдіре келіп, Парламентаралық дипломатияның рөлін ортаға салды.

Келесі кезекте сөз алған Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдибеков қырғыз елі егемендігін алғаннан бергі кезеңдерде Қырғызстан көптеген қиындықтарды бастан кешкендігіне байланысты пайымымен бөлісті. Төрағаның тоқталғанындай, Қырғызстандағы өткен жылғы, сондай-ақ одан бұрынғы саяси жағдайлар елді тұрақсыздандыруға душар етті. Осы проблемалар ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізді. Дегенмен, қырғызстандықтар сол қиындықтар мен жанжалдарды жеңуге төтеп берді. Қазіргі кезде елдегі саяси жағдай тұрақтанып, халықтың еңсесін көтеруге, экономиканы қайта қалпына келтіруге қатысты шаралар қолға алынуда.

Бұдан соң Ахматбек Келдибеков Қырғызстандағы саяси жағдайды тұрақтандырып, қиыншылық кезде қолдау-көмек көрсеткен түркі тілдес мемлекеттерге ризашылығын білдірді. Осы елдердің қолдау-көмектерінсіз біздің ел басқа түскен қиындықтардан шыға алмас еді, деді ол. Бұл біздің халықтың болашағына деген сенімін оятты.

Сонымен қатар, шешен Қырғызстанда индустриялық жобалар қолға алынып жатқандығын, елдің алыс-жақын мемлекеттермен сыртқы саясаты өзгермейтіндігін атап өтті. Парламент сайлауының талап деңгейінде өтуіне Қазақстан, Түркия және Әзірбайжан Парламентарийлерінің үлкен қолдау көрсеткеніне алғыс айтты. Қырғызстан Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының жұмысына белсенді араласатынын алға тарта келіп, Ассамблеяның келесі отырысын Бішкекте өткізуге ұсыныс жасады.

Ал Түркия Ұлы Ұлттық Жиналыстың Төрағасы Мехмет Али Шахин сөзін осыдан 20 жылдай бұрын Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстан республикалары өз тәуелсіздіктерін жариялағанда, осы елдердің тәуелсіздігін алғашқы болып таныған мемлекет Түркия болғанынан бастады. Биылғы жылы Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстанның тәуелсіздік алғанына 20 жыл толады, деді Мәжіліс спикері осы туралы. Бұл сіздердің елдеріңіз үшін де, біздің ел үшін де ерекше мерейтой болып табылады. Біздің елдер тарихи және мәдени тұрғыдан ортақ құндылықтарға ие. Осы мәселелерді ескере келіп, Ыстамбұлда Түркі тілдес мемлекеттердің ұйымы құрылды. Бұл мәселені алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтергенін жақсы білесіздер. Мұны мен Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы, көрегендігі деп білемін.

Осылай деген Мехмет Шахин әрі қарай түркі дүниесінің ортақ құндылықтарына тоқталды. Және Парламенттік Ассамблеяның Бакудегі басқосуына назар аударды. Оның айтуынша, 2009 жылы Бакуде өткен Түрк ПА-ның отырысында бірқатар мәселелер көтерілген. Ал елдердің Парламенттері Парламенттік Ассамблея аясында өзара тәжірибелер алмасуына толық мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ ол Түркия Парламентінің ынтымақтастықты нығайтудағы қызметіне тоқтала отырып, ТҮРКСОЙ мен Түркі академиясы алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтіндігіне сенімді екендігін білдірді. Түрк ПА-ға болашақта Өзбекстан мен Түркіменстан Парламенттері де кіретіндігіне сенетінін жеткізді.

Ислам Конференциясы Ұйымы Парламенттік одағының Бас хатшысы Махмуд Эрол Килич өзі басшылық етіп отырған Парламенттік Ассамблеяның ЕО-ның Парламенттік Ассамблеясынан кейінгі екінші одақ болып саналатынына тоқталды. Парламенттер арасындағы байланыстарды дамыту үшін құрылған бұл ұйым жыл сайын жиналысын өткізіп тұрады, соңғы Бас Ассамблеямыз Абу-Дабиде жиналды. Ендігісі, Индонезияда өтеді. Біздің ұйымымыздың 19 түрлі халықаралық ұйымдарда байқаушылық мәртебесі бар және Түрк ПА-дағы байқаушы мәртебесі сол өткен жолы Абу-Дабидегі жиында біздің Кеңеспен мақұлданды. Міне, осының шеңберінде біз екіжақты байланыстарды дамытуға пейілдіміз. Шынында Түрк ПА-ның мүшелері біздің ұйымның да мүшелері. Біз жағырапиялық жағынан 3 топқа – Араб, Азия елдері және Түркітілдес мемлекеттер деп бөлінеміз. Сөзімді қорытындылай келе, біздің ұйымды байқаушы ретінде қабылдауларыңызға рахметімді айтамын, деді.

Модератор мұнан соңғы сөз кезегін Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Халел Ақынжыға ұсынды. Құрметті Парламентарийлер, отырысқа қатысушылар, ең алдымен кездесуге шақырғандарыңызға ризашылығымды айтып алайын, деп сөзін бастаған ол әрі қарай осы аймақтағы түркі тілдес мемлекеттердің тәуелсіздіктерін алғанына 20 жыл толғанына тоқтала келіп, осы жылдар ішінде олардың арасындағы ықпалдастықтың артып отырғанын атап көрсетті.

Түрк ПА құрылуы ол байланыстарды одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік береді. ТҮРКСОЙ 1993 жылы құрылып, түркі әлемі мәдениетінің, құндылықтарының дамуына, оның жер жүзіне жайылуына оң әсерін тигізді. Бізде түркі мемлекеттерінің құндылықтарын зерттеу қоры құрылған болатын. Бұл қор осы мемлекеттердегі ғылымның өркендеуіне өз үлесін қоспақ. Сонымен қатар, біздер экономикалық және бизнес кеңесін құруға мүдделіміз, және осы ой жүзеге асуы үшін дайындық жұмыстарын қолға алып отырмыз. Бірінші экономикалық кеңес биылғы жылы Алматыда өтеді деген жоспарымыз бар. Осы жайындағы хаттамаға алдағы саммитімізде қол қойылады.

Біз өзге де халықаралық ұйымдармен байланыстарды дамыту үстіндеміз. Түркі тілдес елдердің әлемде өзіндік дауысқа ие болатынына сенімдіміз. Және парламенттік өлшемдегі іс-әрекеттеріміз біздің әрі қарайғы ынтымақтастығымызда маңызды рөл атқарады, деді Х.Ақынжы.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ Түрк ПА-ның екінші отырысы өтіп жатқан мезгілде Ашғабадта біздің президенттеріміздің шешімімен мәдени фестиваль өтіп жатқандықтан, Бас хатшы келе алмады, алайда ол кісі өз ризашылығын жеткізуді маған жүктеді, деді.

ТҮРКСОЙ аясындағы елдердің ортақ тарихы, мәдениеті, тілі мен ортақ құндылықтары бар екенін біз бәріміз де білеміз. Ал Түрк ПА осы елдердегі демократиялық үдерістердің дамуына өз үлесін қосу мақсатында құрылды. Шынында да, қазіргі күні түркі тілдес мемлекеттерде демократиялық үдерістер қарқынды даму үстінде. Егер біз тереңірек бойласақ, ТҮРКСОЙ мен Түрк ПА-ның түпкі мақсаттары бір, өйткені, біз бір-бірінен бөліп-жаратыны жоқ ортақ құндылықтары бар елдерміз. Сондықтан, біздердің бірлесе жұмыс атқарумыз барша түркілердің мүддесі үшін қажет. Тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты тереңдету, бірлесе жұмыс жасаудың берер олжасы мол деп білеміз, деп алдағы жоба-жоспарлар жайын да ортаға салды.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Бас хатшысының орынбасары Серхад Варлы қазіргі таңда біз АӨСШК басшылығы атынан осындай жүздесуді жемісті ұйымдастырып, өткізулеріңізбен құттықтаймыз, деп бастады өз сөзін. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде жас мемлекеттерде игі өзгерістер көп болды. Осы жылдар ішінде Кап тауында, Балқан түбегінде жаңа мемлекеттердің, жаңа шекаралардың пайда болғанын, әр мемлекеттің өзінің дербес саясатын ұстанатынын көріп келеміз. Сондай-ақ, жаңа шекаралардың пайда болуы жаңа қауіптердің пайда болуына алып келгені аян. Әлем өзгеру үстінде. Сондықтан біздің байланыстарымыз да жаңа қағидаларға сүйенуі тиіс. Осы ретте Қазақстан және оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ортақ мәселелерді шеше алатын ұйым қажеттігін және оларды шешу үшін бірігудің маңыздылығын алға тартты. Осындай игі мақсаттан құрылған АӨСШК ынтымақтастық пен сенімді орнықтыру үшін қажетті басымдықтарды анықтады, деді.

Осыдан кейін Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының регламентіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша баяндама жасау үшін сөз Түрк ПА Бас хатшысы Рамиль Гасановқа берілді. Алдымен ол Парламенттік Ассамблеяға 4 комиссия құру туралы ұсыныс түскенін айтты. Атап айтқанда, олар: Экономикалық, сауда және қаржылық мәселелер, Құқықтық мәселелер, Халықаралық істер және Әлеуметтік, мәдени және гу­манитарлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялар болады, деді ол. Одан әрі регламентте комиссиялардың атқаратын функциялары, отырыстарын өткізу, шешімдерін қабылдау тәртібі, мүшелерінің саны және т.б. туралы толықтырулар енгізілетіні жарияланды. Сонымен бірге, шешен 22-баптың бірінші тармағына Қазақстан тарапының ұсынысымен Ассамблея жұмысын жүргізудің ресми тілдері қатарына келісуші тараптардың мемлекеттік тілдерінен басқа ағылшын тілі де енгізілетінін айтты. Сондай-ақ қатысушы ел болып табылмайтын тараптардың шақыруы бойынша сайлауларға байқаушы ретінде қатысу тәртібі туралы да қосымша енгізілетіні белгілі болды.

Баяндама аяқталған соң қатысушылар ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды бірауыздан қабылдады. Сондай-ақ осы шешеннің баяндауында Түрк ПА төлбелгісі мен туы таныстырылды. Делегация мүшелері ұсынылған белгілерді өзгеріссіз қабылдайтындықтарына дауыс берді.

Келесі кезекте Түркі тілдес елдер ПА Хатшылығының 2011 және 2012 жылдарға арналған бюджетінің жобалары туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты Улви Гулиев баяндама жасады. Оның баяндамасынан ұйымның 2011 жылғы бюджетінің кіріс және шығыс бөліктері 300 мың еуродан тұратыны белгілі болды. Ал 2012 жылдың бюджеті 560 мың еуро көлемінде белгіленді.

Баяндама оқылып болған соң Хатшылықтың бюджеті бірауыздан бекітілді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – Түрк ПА-ның халықаралық ұйымдарға байқаушы мәртебесін беруі туралы болды. Айтылған мәселе бойынша баяндаған Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Агах Кафкас Ислам Конференциясы Ұйымының Парламенттік одағы (ИКҰ ПО) байқаушы мәртебесін сұрағанын жеткізді. Өтініш бірауыздан қабылданды.

Келесі мәселе Түрк ПА жалпы отырысының қорытынды құжаты – Астана Декларациясын қабылдауға арналды. Оның жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғарифолла Есім оқып берді. Алып-қосар ұсыныстар болмаған соң Декларация тұтасымен қабылданды.

Отырыс соңында Қырғызстан тарабынан Бас хатшының орынбасарлығына Бектемір Зиядинов сайланды және келесі отырыс 2012 жылдың мамыр, маусым айларының бірінде Бішкек қаласында өтетін болып белгіленді.

Отырыс қорытындысы бойынша делегациялар басшылары журналистермен баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

 

Қазақстан төрағалығы

Парламентаралық дипломатияны дамытады

 

/«Айқын» газеті, 29.04.2011 ж., Х. Бұқарқызы/ - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының екі күнге созылған ІІ жалпы отырысы аяқталды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жиын соңында «Астана декларациясы» қабылданды. Қазақстан осы отырыстың алғашқы күні Әзірбайжан елінен ТүркПА төрағалығын ресми түрде қабылдап алған-ды. Сондықтан да екінші күнгі отырыстың тізгіні Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановта болды.

ТүркПА-ны құру туралы идея Қазақстан Президентіне тиесілі. Мемлекет басшысы 2006 жылы Анталияда өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының VІІІ саммитінде түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын құру туралы ой тастаған-ды. Ұсыныс қолдау тапты. ТүркПА-ның алғашқы отырысы екі жыл бұрын Әзірбайжан астанасында өтті. Содан бері ұйымға Әзірбайжан мемлекеті төрағалық етті. Енді міне, төрағалық Қазақстан қолына өтті. Қазақстан төрағалығымен өткен ТүркПА отырысына қатысушыларға жолдаған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын Орал Мұхамеджанов оқып берді. «Түркі әлемі біздің мәдени мұраларымызды етене байланыстыратын алтын арқау. Түп тамырымыз бір, тарихымыз, дініміз және мәдениетіміз ортақ. Біздер осы игіліктеріміз бен құндылықтарымызды жасампаздық жолына пайдалануымыз қажет. Бүгінде тамырлас халықтарды неғұрлым тығыз жақындата түсу жолында Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы сияқты құрылымдар, сондай-ақ түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы арқылы нақты қадамдар жасауға мол мүмкіндік туып отыр», - деген Елбасы бұл басқосу мемлекеттер мен халықтар арасындағы тиімді ынтымақтастық пен саяси диалогты дамытуға серпін беретініне сенім білдіріпті.

ТүркПА-ның ІІ отырысы басталмас бұрын Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігі: дамуы және жаңа белестері» атты фотокөрме ашылды, Елбасы бастамасымен ашылған Түркі академиясының тұсаукесері өтті. Түркі академиясы білім беру мен мәдениеттің жалпы түркілік орталығы ғана емес, сондай-ақ түркі елдерінің тарихын, этнографиясы мен өнерін зерттеп-зерделейтін «шеберханаға» айналады деген үміт бар. ТүркПА-ның ІІ жалпы отырысына қатысушы тараптар - Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Милли Меджилисінің төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Жогорку Кенешінің төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мехмет Әли Шахин бастаған Парламентшілер тобының пікірі осыған саяды.

Ресми түрде жұмысын бастаған ТүркПА-ның ІІ отырысында Орал Байқонысұлы Түркі әлемінің Парламентаралық дипломатиясын жандандыру қажет екенін атап өтті. Себебі түркі халықтары қоғамдастығына ортақ рухани құндылықтарды қайта жаңғыртып, бүкіл әлемге паш ететін кез келді. «Тарих бізге осындай мүмкіндік беріп отыр. Ал оны пайдалану үшін бұдан да тығыз араласып, бір-бірімізді бұдан да терең танып-білу жолында нақты қадамдар жасауымыз керек. Ол үшін Парламентаралық дипломатияны жандандыруды қажет етеді», - деді ол.

Бұл жиында ТүркПА-ның жұмысын әрі қарай дамыта түсу үшін ұйым аясында қызмет ететін 4 тұрақты комиссия құрылып, төрағалары тағайындалды. ПА регламентіне өзгерістер енгізілді. Отырыста қырғыз елінің өкілдері белсенді болды. Мәселен, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Ахматбек Келдибеков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне өтуі үшін ТүркПА ұйымының Қырғыз еліне қолдау көрсетуін сұрады. Сондай-ақ ол, ТүркПА-ның ІІІ жалпы отырысын 2012 жылы Бішкек қаласында өткізу туралы ұсыныс жасады. Талқылауда көтерілген мәселенің бәрі де бауырластық сипатта шешімін тапты. Бұл түркі тілдес халықтардың арасындағы бауырластықтың тарихы тереңнен басталатынына бір дәлел десек, қателеспейміз. Тегі мен тілі, діні мен тілегі бір туыстар қашанда да бірін-бірі түсіне білген. Бірінің басына қиын күндер туғанда, екіншісі қолдау көрсетуге тырысқаны тарихтан мәлім. Алысқа бармай-ақ, 1920 жылы Түркия тәуелсіздігін алу үшін жанталаса күресіп жатқанда, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлы «Алыстағы ағайынға» атты жыр жолдарын жазып, қалың қазақтың үнін жеткізді. 1920 жылы Бакуде өткен Шығыс халықтарының бірінші съезіне қазақтың арда ұлдарының бірі Тұрар Рысқұлов қатысқанын да тарих айтады. Ал 1926 жылы Бакуде түркітанушылардың Бүкілодақтық бірінші съезіне қатысқан Ахмет Байтұрсынов «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген баяндама жасаған. Әрине, Кеңес үкіметінің туыс, бауырлас халықтарды бір-бірінен алыс ұстау саясатының салдарынан алтын арқау үзіле жаздаған да заман болды. Жетпіс жыл бойы дәурен сүрген КСРО-ның көбесі сөгіліп, одақ құрамындағы түркітілдес елдер азаттық алды. Енді міне, Түркі өркениеті қанатын кеңге жая бастады. Ұлан байтақ Еуразия кеңістігінің 4 миллион шаршы шақырымынан астам аумақты мекендейтін 200 миллионға жуық халқы бар түркі әлемінің әлемдік аренада стратегиялық салмағы артып келеді. Осы өңірдің бай табиғи ресурстарын сарапшылар 500 трлн АҚШ долларынан асады деп бағалауда. Түркі елдерінің Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік-көліктік әлеуеті де өзгелердің назарын аударып отыр. Олай болса, түркітілдес елдер үшін дамудың жаңа кезеңі туып тұр. Ол мүмкіндікті тиімді пайдалануда ТүркПА-ның да рөлі зор болмақ. Соның жарқын мысалы, Қазақтан төрағалығымен өткен ТүркПА-ның ІІ отырысы соңында, Астана декларациясы қабылданды. Бұл құжатта, отырысқа қатысушылар, 2008 жылғы 21 қарашада Ыстамбұлда қол қойылған «Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы туралы» келісімді, 2009 жылғы 2-3 қазанда Әзірбайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ саммитінде қабылдаған декларацияны, 2010 жылғы 16 қыркүйекте Ыстамбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммитінің декларациясын жүзеге асыруды жалғастыруға дайын екендігін атап өткен. Сондай-ақ Парламентшілер Парламентаралық ықпалдастықтың мемлекетаралық қатынастардағы, оның ішінде саяси диалогты дамыту мен өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамсыз етуге тиісті жағдай жасауға да мән беретіні айтылған. ПА-ның қысқа мерзім ішінде Ислам конференциясы ұйымының Парламенттік одағы мен Парламентаралық одақта байқаушы мәртебесіне ие толыққанды құрылымға айналғаны, ПА-ның Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының, Түркі Академиясының және Ақсақалдар кеңесінің тиімді жұмыс істеуіне жан-жақты ықпал ететіні, қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналған дағдарыстан кейінгі әлемді қайта құруда халықтарымыздың мүдделеріне сәйкес келетін жаңа ғаламдық экономика мен қаржы жүйесін қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүдделі екені де декларациядан көрініс тапқан. Алдағы уақытта ТүркПА құрамына Өзбекстан мен Түрікменстанды қосуға басымдық берілмек.

 

 

Түркi тiлдес елдердiң Парламенттiк Ассамблеясы ортақ құндылықтарымыздың жасампаздығына кең жол ашпақ

 

/«Дала мен қала» газеті, 30.04.2011 ж., М. Садыханұлы/ - Астана қаласында Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының ІІ пленарлық отырысы болып өтті. Оған Түркi ПА Кеңесінің Төрағасы, ҚР Мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Әли Шахин қатысты.

Отырысқа қатысушылар алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын ТүркіПА кеңесінің төрағасы Орал Мұхамеджанов оқып берді. Елбасының құттықтауында: «Түркі әлемі – біздің мәдени мұраларымызды етене байланыстыратын алтын арқау. Түп-тамырымыз бір, тарихымыз, дініміз және мәдениетіміз ортақ. Біздер осы игіліктеріміз бен құндылықтарымызды жасампаздық жолына пайдалануымыз қажет. Бүгінде тамырлас халықтардың неғұрлым тығыз жақындата түсу жолында Түркі кеңесі, Түріксой, Түркі академиясы сияқты құрылымдар, сондай-ақ түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы арқылы нақты қадамдар жасауға мол мүмкіндік туып отыр. Ассамблея – Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге аймақтық және халықаралық интеграциялық процестерді жандандыруға зор еңбек сіңіруде. Бұл игі қадамдар біздің елдеріміздегі бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеп дамуға жол ашуда», – делінген.

Адамзат тарихында түркі өркениетінің жетістіктері маңызды орын алғандығы баршаған аян. Ұлан-байтақ Еуразия кеңістігінің 4 миллион шаршы километрден астам аумағын мекендейтін 200 миллионға жуық халқы бар түркі әлемінің қазіргі заманғы әлемдік аренада да стратегиялық салмағының сақталуы – заңды құбылыс. Осы өңірдің бай табиғи ресурстарын сарапшылар 500 триллион АҚШ долларынан астам деп бағалайды. Түркі елдерінің Азия мен Еуропа арасында жолаушылар мен жүкті жылдам тасымалдаудың жолдарын жүзеге асырудағы транзиттік-көліктік әлеуеті де орасан зор. Бәрімізге белгілі, түркі тілдес халықтардың арасындағы бауырластық байланыстың тамыры өте тереңде жатыр. Тегі мен тілі бір, әрқашанда тілегі бір туыстардың сауда-экономикалық қарым-қатынасы үзіліп қалған жылдар болса да, ізгі ниеттестігінен айныған емес. Жер арасы қашық болғанмен, бір-бірінің жағдайын біліп отырды. Бірінің басына қиын күндер туса, екіншісі қолдау көрсетуге тырысты.

Мәселен, 1920 жылы Түрік елі өз тәуелсіздігін алу үшін жанталаса күресіп жатқанда, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлы «Алыстағы ағайынға» атты жалынды жырын жазды. Сөйтіп, Анадолы даласына барша қазақ халқының үнін жеткізді. Тарих деректеріне көз жүгіртсек, 1920 жылы 1-8 қыркүйек күндерi Әзiрбайжан астанасы Бакуде Шығыс халықтарының бiрiншi съезi өткен. Съезге көптеген шетелдіктер де шақырылған. Бұл тарихи жиынның жоғары деңгейде өтуiне Мәскеуде Сыртқы iстер комиссариатының Күншығыс бөлiмiн басқаратын, әзiрбайжан халқының ардақты ұлы Нариман Наджапұлы Нариманов көп еңбек сiңiрген екен. Сол съезге қазақтың ардақты ұлы Тұрар Рысқұлов Түркiстан, Бұхара, Хорезм республикаларының делегаттарын бастап барған. Съезге 37 ұлттың 1275 делегаты келген. Ал 1926 жылы Бакуде Бүкілодақтық түркітанушылардың I съезі болды. Оған Қазақстаннан ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы қатысқаны тарихтан белгілі. Ол сол басқосуда «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік 1933 жылғы 29 қазанда тәуелсіз Түркия Республикасының 10 жылдығына орай сөйлеген сөзінде: «Кеңес Одағы біздің – досымыз, одақтасымыз. Алайда, ертең не боларын бүгін ешкім кесіп айта алмайды. Дү­ние жаңа тепе-теңдікке ұласуы мүмкін. Міне, сол кезде Түркия не істеу керектігін білуі тиіс. Бұл досымыздың қол астында тілі, діні, тегі бір бауырларымыз бар. Оларға қол ұшын созуға дайын болуымыз қажет! Әзір болу – сол күнді үнсіз күту емес. Дайындалған жөн. Халықтар бұған қалай әзірленеді? Рухани көпірлерді сақтай отырып әзірленеді. Тіл – бір көпір… Сенім – бір көпір… Тарих – бір көпір», – деп айтуы нағыз көрегендіктің белгісі емес пе? Түркия көсемі Мұстафа Кемал Ататүріктің айтқан бұл ойы 1991 жылы айнымай келді. КСРО құрамындағы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан тәуелсіз мемлекет болды. 2006 жылы 17 қарашада Анталья қаласында түркі тілдес мемлекеттер басшыларының VIII Саммиті өтті, оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғыз елдерінің Президенттері қатысты. Осы Саммитте Парламенттік Ассамблея құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет ұсынған болатын. Сөйтіп, 2008 жылы 27 наурызда Астана қаласында түркі тілдес мемлекеттер Парламенттері аппараттары басшыларының жиыны өтті, оның қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды және ТҮРКІ ПА Келісімі жобасы бекітілді. Сондықтан да, түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы бірінші кезекте елдеріміздің заңнамалық базасын жақындатуға, унифи­кациялауға ұмтылу арқылы, өзара сауда-экономикалық, инвестициялық байла­ныстарымыздың қарқынын арттыруға негіз болады. Сонымен бірге біздің Ассамблея Парламентаралық қатынастар тетігін қалыптастыру, саяси көзқарастарды бір-біріне жақындата түсу, ақпарат алмасу, мәдениетті насихаттау, экономикалық байланыстарды нығайту, басқа да өзекті мәселелер төңірегінде пікір алысу орталығы болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, Елбасының ұсынысымен Астанада Түркі академиясын ашу туралы шешім бүкіл түркі тілдес елдердің барлығы үшін маңызды оқиға болды. Ол білім беру мен мәдениеттің жалпы түркілік орталығы болып қана қой­май, елдеріміздің тарихын, этнографиясы мен өнерін зерделейтін өзіндік «шебер­ханаға» айналмақ. Оның үстіне бізді ортақ мәдениет пен тарих қана жақындастырып қоймайды, бүгінгі таңдағы мүдделеріміздің де ортақ екенін бәріміз терең түсіне бастадық. Тұтастай алғанда Қазақстанның түркі тілдес әлеммен ынтымақтастығы – оның сыртқы саясаттағы мүдделерінің ішінде ең маңыздысы.

Түркі әлемі – біздің мәдени мұраларымызды етене байланыстыратын алтын арқау. Түп-тамырымыз бір, тарихымыз, дініміз және мәдениетіміз ортақ. Біздер осы игіліктеріміз бен құндылықтарымызды жасампаздық жолына пайдалануымыз қажет. Бүгінде тамырлас халықтарды неғұрлым тығыз жақындата түсу жолында Түркі кеңесі, Түріксой, Түркі академиясы сияқты құрылымдар, сондай-ақ түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы арқылы нақты қадамдар жасауға мол мүмкіндік туып отыр. Ассамблея – Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, аймақтық және халықаралық интеграциялық процестерді жандандыруға зор еңбек сіңіруде. Бұл игі қадамдар біздің елдерімізде бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеп дамуға жол ашатындығына шүбә келтіруге болмайды.

 

 

«Отан қорғаушылар» Монументіне гүл шоқтарын қойды

 

/«Parlam.kz», 28.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін  Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының екінші жалпы отырысына қатысушылар  «Отан қорғаушылар» Монументіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Бұл рәсімге Түрк ПА-ның екінші жалпы отырысына қатысушы Түрк ПА Кеңесінің Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Әли Шахин  қатысты.

 

 

Қатысушылар лебізі

 

/«Егемен Қазақстан», 29.04.2011 ж./:

 

Урмат АМАНБАЕВА, Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты:

– Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының құрылып, жұмыс істей бастауы біздің елдер үшін маңызды деп айта аламын. Өйткені, біздің елдердің тілі мен діні бір, ұлттық салт-дәстүрлері де бір-біріне өте жақын келеді. Түрлі тарихи себептерге байланысты түркі әлеміндегі халықтар бір-бірімен етене жақын араласа алмады. Оның сәті түркі тілдес елдер тәуелсіздік алғаннан кейін ғана түсті. Оның нақты мысалын Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының құрылуынан көруге болады.

Әрине, Түркі тілдес елдердің басын қосып, бір-бірімен ынтымақтастық жасауына ұйытқы болған, сол мәселені алғаш рет көтерген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Ал Парламенттік Ассамблеяның құрылғанына көп уақыт болмаса да, оның елдер арасындағы байланыстарды нығайтып, түркі дүниесіне ортақ құндылықтарды қайта жаңғыртуына мол үлес қосатындығына қазірдің өзінде көзіміз жетіп отыр. Оған бүгінгі отырыс кезінде айтылған сөздер, қабылданған құжаттар нақты дәлел.

*  *  *

Сафа МИРЗОЕВ, Әзірбайжан Милли Меджлисінің бас хатшысы:

– Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының атқаратын қызметі анық. Ол елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тарихи-мәдени ортақ құндылықтарымызды қайта жаңғыртуға бағытталған. Мұның сыртында, әрине, біздің елдер арасындағы экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселесі де бар. Ол үшін Ассамблеяға кіретін мемлекеттердің Парламенттері тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек. Оның негізі қаланғанына біздер ерекше қуанып отырмыз.

Бұл ұйымның құрылғанына онша көп уақыт өте қойған жоқ. Бірақ, осы жылдар ішінде Ассамблеяның еларалық ынтымақтастықты жандандыруға айтарлықтай үлес қосатындығы анық байқалды. Енді Ассамблеяның алдында тұрған мақсат – оны халықаралық ірі ұйымдардың деңгейіне көтеру. Сондықтан біздер ендігі жерде Ассамблеяның іргелі халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасауына қызмет етуге тиіспіз.

*  *  *

Агя КАВКАЗ, ПА мүшесі, Түркия Парламентінің депутаты:

– Парламентаралық осы байланыс бірлігімізді нығайта отырып, келешекке нық қадам жасауға жол ашады. Біз бірлесе жұмыс атқара жүріп, әлемге шашыраған түркі тілдес барша азаматтар мүддесін де жадымызда ұстаймыз. Өйткені, біз – түбі бір халықтармыз. Ортақ мәдениет, тіл, тарих – қастерлейтін құндылықтарымыз бір болғандықтан, біз осылайша бірігіп, келелі мәселелерді сөз етеміз. Оның пайдасы бүгінмен ғана өлшенбейді.

Жалпы, мен өзім Түркия Парламентінің депутаты ретінде Қазақстан Парламентімен арадағы ынтымақтастыққа көңілім толатынын айтқым келеді. Парламенттегі Қазақстанмен арадағы достық тобының жұмысы көзге көрінерліктей. Мұның негізі – біздің туыстығымызда жатыр, мемлекет басшыларының сындарлы ерік-жігерлерінде жатыр, біздің түбіміздің бірлігінде жатыр деп білемін.

*  *  *

Севинш ГУСЕЙНОВА, ПА мүшесі, Әзірбайжан Парламентінің депутаты:

– Жаңа ғана Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының II пленарлық отырысы өз жұмысын аяқтады. Отырыста айтылған ойларда, алда жоспарланған істерде түп-тамыры бір, тілі мен мәдениеті, діні де ортақ түркі тілдестердің әлеуетін жасампаздық жолға пайдалану басты тін болды. Бұл – шынымен де аса маңызды іс.

Қазіргі күні әлем интеграциялану үстінде, ендеше бұл істен түркі тілдестер де қалыс қалмауы тиіс. Әлемдік өркениет дамуына өзіндік үлес қосқан түркі әлемі жаңа мыңжылдықта тарих сахнасында өз биігінен көрінуде. Алайда, алда бірігіп барып алатын асулар жеткілікті. Оған әр ел атсалысуы керек. Мысалы, менің елім Түрк ПА дамуына өз үлесін айтарлықтай қосып келеді. Ұйым хатшылығы Бакуде орын тепкен. Болашақта оған арнап бөлек кеңсе салу да ойдағы мәселе.

Түрк ПА отырысынан елімізге тың ойлар арқалап баратын болдық.

*  *  *

Толга АТЫК, Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты:

– Біз ұлы қазақ жерінде жемісті жұмыс істеп, Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының алға қойған мақсаттары бойынша шешімдер қабылдадық. Соның ішінде бұрын болмаған төрт тұрақты комиссияларды құрдық. Олардың төрағалары мен атқаратын қызметтерін белгіледік. Өзара ықпалдасуды жандан­дыруға әсер ететін мұндай нақты қадамдар алдағы уақыттарда да бола беретін шығар деген үміттемін.

Мен Астанадағы отырыстан үлкен әсер алып аттанып бара жатырмын. Астананың өзі бүкіл түркі әлемінің мақтан тұтар жетістігі ме деп қалдым. Аз ғана уақыттың ішінде осындай қала тұрғызған халықтың болашағы зор болуға тиісті. Ал енді Түрк ПА-ға басқа да түркі тілдес бауырларымыз мүше болғысы келсе, біз оларға қуана құшақ жаямыз.

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 29.04.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас Хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті.

Қ.Мәми ТүркПА-ның ІІ Жалпы отырысы табысты өткенін атап өте келіп, халықаралық қоғамдастықта Ассамблея беделін биіктетудегі Ұйым Хатшылығының қомақты үлесін атап өтті.

«Парламент Сенаты бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты түрдегі Парламентаралық байланыстарды тереңдетуге жан-жақты көмектесуге әзір», деді Төраға.

Түркітілдес елдердің жаңа деңгейдегі ықпалдастығын одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты Қ.Мәми Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) қызметін бекітетін заңнамалық база жасау қажеттігін атап өтті.

Түркітілдес мемлекеттер Кеңесінің тұңғыш Саммиті биылғы қазан айында Қазақстанда өтетін болды.

ТүркПА Бас Хатшысы түркі әлеміндегі елдер арасындағы, оның ішінде Парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады.

 

 

Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми ТүркПА-ның

Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 29.04.2011 ж./ - Қайрат Мәми Парламенттік Ассамблеяның ІІ жалпы отырысы табысты өткеніне және ұйымның халықаралық қоғамдастықтағы беделін биіктетудегі хатшылықтың жұмысына оң баға берді.

«Парламент Сенаты бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты түрдегі Парламентаралық байланыстарды тереңдетуге жан-жақты көмектесуге әзір», деді төраға. Сенат спикері өзара ықпалдастықты жаңа деңгейде дамыту үшін түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің қызметін бекітетін заңнамалық база жасау қажеттігін атап өтті. Бас хатшы Рамиль Гасанов түркі әлеміндегі елдер арасындағы, оның ішінде Парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады. Түркітілдес мемлекеттер Кеңесінің тұңғыш саммиті биылғы қазан айында Қазақстанда өтетін болады.

 

 

Сенат Төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының

Бас Хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 29.04.2011 ж./ - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас Хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті.

Қ.Мәми ТүркПА-ның ІІ жалпы отырысы табысты өткенін атап өте келіп, халықаралық қоғамдастықта Ассамблея беделін биіктетудегі Ұйым Хатшылығының қомақты үлесін атап өтті.

«Парламент Сенаты бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты түрдегі Парламентаралық байланыстарды тереңдетуге жан-жақты көмектесуге әзір», деді Төраға.

Түркітілдес елдердің жаңа деңгейдегі ықпалдастығын одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты Қ.Мәми Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) қызметін бекітетін заңнамалық база жасау қажеттігін атап өтті.

Түркітілдес мемлекеттер Кеңесінің тұңғыш Саммиті биылғы қазан айында Қазақстанда өтетін болды.

ТүркПА Бас Хатшысы түркі әлеміндегі елдер арасындағы, оның ішінде Парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады.

 

 

Сенат спикері түркітілдес елдердің ПА Бас хатшысымен кездесті

 

/«Қазақстан» ТРК, 29.04.2011 ж./ - Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті. Жоғарғы палата төрағасы елімізде өткен 2-ші жалпы отырыстың табысты өткенін атап өтті, әрі Ассамблея беделін арттыру бағытындағы ұйым хатшылығының қомақты үлесіне жеке тоқталды.

«Парламент Сенаты бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты түрдегі Парламентаралық байланыстарды тереңдетуге жан-жақты көмектесуге әзір», - деді спикер.

 

 

Сенат төрағасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық одағының

қызметін заң арқылы бекітуді ұсынды

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 29.04.2011 ж./ – Сенат спикері Қайрат Мәми жұма күні Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесуде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық одағы қызметін заңмен бекіту туралы ұсыныс жасады.

Жоғарғы палата баспасөз қызметінің жұмадағы ақпарына сүйенсек, «Түркітілдес елдердің ықпалдастығын әрі қарай дамыту мәселесіне келгенде, Қ.Мәми Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық одағы қызметін заңдастыратын заңдық база құру қажеттігін айтты».

Қ.Мәми ТүркіПА пленарлық отырысының табысты өткенін және ұйым хатшылығының халықаралық қоғамдастық алдында Ассамблея беделін арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Парламент Сенаты бауырлас мемлекеттер арасындағы Парламентаралық байланыстарды тереңдетуге жан-жақты қол ұшын беруге дайын», - деді спикер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТүркіПА бас хатшысы болса түркі елдері арасындағы ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалады.

 

 

Депутаттар үндеу жолдады

 

/«Алтын орда» газеті, 25.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - Депутаттар табиғат апатынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының жай-күйіне орай Үкімет пен әріптестеріне үндеу жолдады.

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Қабиболла Жақыпов әріптестері Виктор Киянский, Елена Тарасенко, Аманжан Жамалов, Шавхат Өтемісов, Ирак Елекеев атынан Үкімет пен Парламент депутаттарына үндеу жолдады. Ол су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының бүгінгі жай-күйін баяндады.

Жуырда Парламентшілер Ақ Жайық өңіріне арнайы барып қайтқан болатын. Сол сапарда түсірілген бейнетаспа көрсетілді.

Депутат Қ.Жақыпов Орал қаласы мен облыстың Ақжайық, Зеленов, Тасқала, Теректі аудандарының су астында қалғанын айтты. Қазір арнайы комиссия табиғат апатынан келген материалдық шығынды есептеу үстінде. Суға кеткен үйлердің саны – 1 мың 478. Сонымен қатар 7 мың 146 саяжай үйі, 26 білім беру нысаны, 8 емдеу мекемесі, 5 мәдениет кешені су астында қалған.

Мұның сыртында су жайылған елді мекендердің инфрақұрылымдары, автокөлік жолдары, электр желілері, станциялар, телефон байланысы, газбен қамту салалары істен шықты. Ауыл шаруашылығы айтарлықтай зардап шекті. Диханшылар көктемгі егіске қажетті тұқымнан айырылды. Мал шаруашылығы да шығынға ұшырады. Бүгінгі таңда апат аумағынан 9 мыңдай адам көшірілген.

Осы жағдайға байланысты алғашқы күннен бастап қолдау білдіргені үшін депутаттар Елбасына, Қазақстанның барша тұрғындарына алғыстарын жеткізді.

Дегенмен, алдымызда апаттың зардабын қалыпқа келтіру жұмыстары тұрғаны анық. Қанша қаржы қажет екені анықталуда. Осы орайда республикалық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етуін сұрады.

Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов бұл мәселеге байланысты жуырда «Нұр Отан» ХДП фракциясының Төралқасы «Нұр Отан» ХДП фракциясы атынан су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына бір күндік еңбекақы көлемінде көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 25.04.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Парламент Сенатының депутаттары Ермек Жұмабаев пен Ғарифолла Есім таяу күндерде Панамада (Панама) болған Парламентаралық одақтың 124 Ассамблеясы жұмысына қатысты.

Әлемдегі 120 елден келген делегат қатысқан жиында Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына Парламенттік әсер етуге қол жеткізумен бірге, табиғат ресурстарын, ауыл шаруашылығы өндірісін басқару салаларын орнықты дамытуды, демографиялық саясатты заңнамалық түрде бекітудің рөлі туралы мәселелер талқыланды.

Пікірсайыс барысында денсаулық сақтаудағы бастамаларды, оның ішінде әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі Жаһандық стратегияны жүзеге асыруға Парламентке есеп беру мәселелеріне назар аударылды.

Жиында сонымен қатар Парламентаралық одақтың 2012 жылы Кампалада (Уганда) болатын 126 Ассамблеясының күн тәртібі қаралды.

 Шара аясында қазақстандық Парламентшілер Франция Сенаты мен Испания депутаттарымен – Р.Пикчиамен және Л.Эгускигирремен, Парламентаралық одақ Демократия және адам құқы жөніндегі комитетінің жауапты хатшысы М.Гуньенгпен кездесті.

 

 

 

Сенаторлар Панамада Парламентаралық одақтың

124 Ассамблеясы жұмысына қатысты

 

/«ҚазАқпарат», 25.04.2011 ж./ - Парламент Сенатының депутаттары Ермек Жұмабаев пен Ғарифолла Есім таяу күндерде Панамада (Панама) болған Парламентаралық одақтың 124 Ассамблеясы жұмысына қатысты.

Әлемнің 120 елінен келген делегаттар жиында Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына Парламенттік әсер етуге қол жеткізумен бірге, табиғат ресурстарын, ауыл шаруашылығы өндірісін басқару салаларын орнықты дамытуды, демографиялық саясатты заңнамалық түрде бекітудің рөлі туралы мәселелерді талқылады.

Пікірсайыс барысында денсаулық сақтаудағы бастамаларды, оның ішінде әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі Жаһандық стратегияны жүзеге асыруға Парламентке есеп беру мәселелеріне назар аударылды.

Жиында сонымен қатар Парламентаралық одақтың 2012 жылы Кампалада (Уганда) болатын 126 Ассамблеясының күн тәртібі қаралды.

Шара аясында қазақстандық Парламентшілер Франция Сенаты мен Испания депутаттары - Р.Пикчиамен және Л.Эгускигирремен, Парламентаралық одақ Демократия және адам құқы жөніндегі комитетінің жауапты хатшысы М.Гуньенгпен кездесті.

 

 

Сенат депутаттары Парламентаралық одақтың Ассамблеясына қатысты

 

/«Алтын орда» газеті, 28.04.2011 ж./ - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Е.Жұмабаев пен Ғ.Есім Панамада болып, Парламентаралық одақтың 124-Ассамблеясының ашылу салтанатына қатысты. Әлемнің бірқатар елдерінен жиналған Парламентшілердің халықаралық форумы кезінде өзге де мәселелер қатарында MNCH денсаулық сақтау саласында, оның ішінде балалар мен әйелдер денсаулығы үшін жаһандық стратегияның маңызды бастамаларында есептілікті қамтамасыз ету тақырыбы талқыға салынды.

 

 

Көкейкесті мәселелер қаралды

 

/«Егемен Қазақстан», 30.04.2011 ж./ - Парламент Сенатының депутаттары Ермек Жұмабаев пен Ғарифолла Есім жақында Панамада аяқталған Парламентаралық одақтың 124 Ассамблеясы жұмысына қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Әлемдегі 120 елден делегат қатысқан жиында Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына Парламенттік әсер етуге қол жеткізумен бірге, табиғат ресурстарын, ауыл шаруашылығы өндірісін басқару салаларын орнықты дамыту, демографиялық саясатты заңнамалық түрде бекітудің рөлі туралы мәселелер талқыланды.

Пікірсайыс барысында денсаулық сақтаудағы бастамаларды, оның ішінде әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі Жаһандық стратегияны жүзеге асыруға Парламентке есеп беру мәселелеріне назар аударылды.

Жиында сонымен қатар Парламентаралық одақтың 2012 жылы Кампалада (Уганда) болатын 126 Ассамблеясының күн тәртібі қаралды.

Шара аясында қазақстандық Парламентшілер Франция Сенаты мен Испания депутаттары – Р.Пикчиамен және Л.Эгускигирремен, Парламентаралық одақ Демократия және адам құқы жөніндегі комитетінің жауапты хатшысы М.Гуньенгпен кездесті.

 

 

Төртінші сессияның басынан бері

Мәжіліске 115 заң жобасы келіп түсті

 

/«ҚазАқпарат», 26.04.2011 ж./ - 2010 жылғы 1 қыркүйек пен 2011 жылғы 15 сәуір аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 115 заң жобасы енгізілді. Заң жобаларының ішінде екеуін - Қазақстан Республикасының Президенті, алтауын - депутаттар, 107-сін - Үкімет енгізді.

Бұдан басқа Палатаның заңнама қоржынында алдыңғы сессиядан Палата қарауына өткен 51 заң жобасы бар. Оның ішінде 45-іне - Үкімет, алтауына депутаттар бастамашы болған. Аталған кезеңде Мәжіліс 99 заң жобасын қарап, мақұлдады және Парламент Сенатына жіберді.

                Сенат қабылдап, ел Президенті қол қойғаннан кейін 86 заң жобасы заңды күшіне еніп, Қазақстан Республикасының құқықтық базасын толықтырды.

 

 

Депутаттар бірқатар лауазым иелеріне 488 сауал жолдады

 

/«ҚазАқпарат», 26.04.2011 ж./ - Парламенттің төртінші шақырылымының төртінші сессиясының басынан бері, яғни, 2010 жылғы 1 қыркүйек - 2011 жылғы 15 сәуір аралығындағы кезеңде Мәжіліс депутаттары бірқатар лауазым иелеріне 488 сауал жолдап, 26 өтініш жасады.

Көтерілген мәселелердің басым бөлігі ІҮ сайланған ІҮ сессияның ашылуында Мемлекет басшысы депутаттардың алдына қойған және Қазақстан Президентінің жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді шешумен байланысты болып отыр.

500-ге жуық сауалдың ішінде 313-і ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мырзаның атына жолданған. Салалық министрлерге 104, еліміздің Бас прокурорына 30 депутаттық сауал жіберілген екен. Өзге де агенттік пен мемлекеттік органдарға сауалдар мен өтініштер жолданған.

Депутаттардың сауалындағы өзекті мәселелер бұрынғысынша экономиканы тұрақтандыру және ғаламдық қаржы дағдарысының зардабын еңсеру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына сәйкес бірқатар депутаттар өз сауалдарында өңірлерде денсаулық сақтау және білім объектілерінің құрылысына, оның ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламалары және «Балапан» бағдарламасы шеңберінде қаржы бөлу мәселелерін көтереді. Оның сыртында, медициналық жабдықтарды сатып алу үшін және медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауға, балабақшалар мен орта білім беретін мектептерді іске қосуға қаржы бөлу жөнінде мәселелер қойылды.

Сонымен қатар, депутаттар өз сауалдарында мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде зейнеткерлікке шығуына байланысты олардың мемлекеттік қызметті тоқтатуы кезінде әлеуметтік кепілдіктер белгілеуді сұрайды.

Депутаттар өз сауалдарында баланың құқығын, атап айтқанда тегін медициналық көмек алуын, тұрғын үйдің баланың қамқоршысы есебінен сақталуын, жетім балалардың муниципалдық тұрғын үй алуын қамтамасыз ету жөнінде, сондай-ақ балалар тәрбиесін өз дәрежесінде жүзеге асырмайтын ата-аналар мен қамқоршыларды жауаптылыққа тарту мәселелерін көтерді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарының ауылдық жерлерін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне бірқатар депутаттар алаңдаушылық білдіреді.

«Жол картасы» бағдарламасының орындалуы және осыған байланысты бөлінген қаржының атқарылған жұмыстардың сапасына, түрлі объектілердегі жұмысшыларға еңбекақы төленуі мен зейнетақы төлемдерінің жүзеге асырылуына сәйкес келуін тексеру мәселелері жекелеген депутаттарды алаңдатып отыр.

Депутаттық сауалдарда қоғамдық, саяси-әлеуметтік маңызы бар басқа да мәселелер қамтылған.

 

 

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті өзіне қатысты салалар бойынша

заң жобаларын қарап, қорытындылар әзірледі

 

/«ҚазАқпарат», 26.04.2011 ж./ - Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті 2010 жылғы 1 қыркүйек - 2011 жылғы 15 сәуір аралығындағы кезеңде 116 заң жобасын қарады.

Қаржы және бюджет комитеті есепті кезең ішінде Қазақстан Үкіметі және Парламент депутаттары бастамашылық еткен 16 заң жобасы бойынша бас комитет болды. Оның ішінде 4 заң жобасы - төртінші сайланған үшінші сессиядан ауысқан болатын. 101 заң жобасы бойынша қорытындылар дайындалып, Парламент Мәжілісінің комитеттеріне берілді.

Бұл комитет республикалық бюджет жоспары, қаржы, салық салу, электронды ақшаға қатысты заң жобаларын талқылаудан өткізді.

Есепті кезең ішінде Комитет қараған заң жобаларының ішінде Қазақстан Республикасының Президенті 7 заң жобасына қол қойды, 1 заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі кері қайтарып алды. Қазіргі уақытта Комитеттің қарауында 8 заң жобасы бар.

 

 

Сенатор Ақан Бижанов Алматының Әуезов ауданында болды

 

/«ҚазАқпарат», 26.04.2011 ж., Е. Азанбек/ - Бүгін сенатор Ақан Бижанов Алматының Әуезов ауданының активімен кездесті.

Кездесу аудан әкімі Бекқали Торғаевтың төрағалығымен өтіп,  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауын жүзеге асыру және қабылданған әлеуметтік бағдарламалар жайы талқыланды. А.Бижанов өз сөзінде Жолдаудың мән-жайы мен ондағы басым бағыттарды түсіндіріп, сауалдарға жауап берді. Сенатор бұған дейін де Алматының бірнеше ауданында болып, Елбасы Жолдауы, әлеуметтік бағдарламалар бойынша  жұртшылықпен кездесу өткізген болатын.

 

 

…Сенаторлар Мақатқа келді

 

/«Егемен Қазақстан», 26.04.2011 ж., Ж. Шөпеғұл/ - Ауылдағы тұрғынның бәрі бірдей елімізде қабылданып жатқан заңдармен жете таныс емес. Осы мәселе Мәжіліс не Сенат депутаттарының өңірлердегі кездесуінде кеңірек ескерілсе дейсің. Айтқандай, кеше Сенаттың Бюджет және қаржы комитетінің төрағасы Қайрат Ищанов пен сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Ма­қат ауданына арнайы атбасын бұрды. Аудан жұртшылығымен кездесуде сенаторлар еліміздегі заң шығару мәселесіне, әсіресе, сыбайлас жемқорлықпен күрестің пәрменділігі артқанына тоқталды. Ал аудан әкімі Қилымғали Қайненов қолға алынған жұмыстардың барысына шолу жасады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл қоғамды алаңдатса, аудан тұрғындарын осындағы автокөлік жолдарының жөнделмеуі, сондай-ақ, жұмыссыздық мәселесінің түпкілікті шешім таппағаны толғандырады.

 

 

Азық-түлік бағасының тұрақтауы мүмкін бе?

 

/«Хабар» агенттігі, 26.04.2011 ж./ - Күнкөріс себеті – күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының жиынтығы. Оның негізінде билік бағаның шарықтамауын жіті бақылап отырады. Жақында Үкіметтің кеңейтілген Мәжілісінде Елбасы үкімет пен жергілікті әкімдерге бағаны тұрақтандаруды тапсырған. Мұны іс жүзінде қалай жүзеге асыруға болады?

Парламент депутаты Гүлжан Қарағұсова Алматыдағы базарлардың бірінде болып, мән-жайымен танысты. Бұл еттің бағасы. Ал, көкөністің 1 келісі, атап айтқанда сәбіз - 100, картоп - 110, пияз - 120 теңгеден. Жеміс-жидектің көтерме бағасы 85-95 теңге. Азық-түліктің өзіндік құнына 15-20 пайыз қосу арқылы саудагер табыс тауып отыр. Себеп көп, тұтынушыға жеткенше тауар бағасын өсіруші мүдделі топтар, яғни делдалдардың әрекетінен баға шарықтайтын болса керек.

Гүлжан Қарағұсова, Қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрайымы:

- Біз қазір бәрін қарап, закупочный бағасын қарап, кейін мынаның бағасын білеміз үлкен супермаркеттерді қараймыз. Сосын кейін соны сараптап, өзіміздің бәрін қараймыз.

Қарағұсованың айтуынша, қаланың түрлі сауда орындарындағы азық-түлік бағасы анықталып, салыстырмалы түрде арнайы сараптамалар жасалады. Оның қорытындысы «Нұр Отанның» орталық аппаратына жеткізіліп, ол бойынша тиісті шешімдер қабылданады. Сондай-ақ, депутат «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыс барысымен де танысты. Мына балалар ауруханасының құрылысы алдыңғы жылдың қазан айында басталған, мамыр айында пайдалануға берілмек.

Ирина Брежнева, №2 балалар клиниалық ауруханасының бас дәрігері:

- Мұның ерекшелігі, Алматыдағы жалғыз соматикалық балалар клиникасы. Қазір науқастарға алғашқы медициналық санитарлық қызмет сапасын жақсарту міндеті тұр. Осы тұрғыда бұл аурухана заманауи медициналық техникамен жұмыс істейтін болады.

№2 балалар ауруханасы осыған дейін жылына 10 мың сырқатқа қызмет көрсетсе. Енді жаңа ғимарат ашылса, бұдан да көп науқас қабылдай алады.

 

 

Маңызды отырыс өтеді

 

/«Parlam.kz», 26.04.2011 ж., С. Досжанова/ - Ертең, 27 сәуірде Алматы қаласындағы «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалының ғимаратында сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы  «Нұр Отан» ХДП-сы фракциясының Әлеуметтік кеңесі, Көші-қон жайындағы халықаралық  ұйым және Қазақстанның Балалар қорының ұйымдастыруымен «Гендерлік компонент есебінде Қазақстандағы көшіп қону процестері мен еңбекші-мигранттардың әлеуметтік ықпалдастығы» деген тақырыпта  дөңгелек үстел өткізеді.

Шараға ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

 

 

«Ертеңің үшін аянба!...» бағдарламасы

Парламенттің ресми сайтына орналастырылды

 

/«ҚазАқпарат», 27.04.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Елбасының былтырғы жылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде «Нұр Отан» партиясы жақында «Ертеңің үшін аянба!...» бағдарламасын бекіткен болатын. Аталмыш бағдарламаны халыққа жақынырақ таныстыру мақсатында ақпараттық-анықтамалық материалдардың электронды нұсқаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми сайтындағы (www.parlam.kz)  депутаттар Жақып Асанов пен Бекболат  Тілеуханның жеке парақшаларына орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Ертеңің үшін аянба!...» бағдарламасы негізгі  үш бағытты қамтып отыр. Атап айтқанда, бірінші бағыт - отбасылық бизнестің 100 түрі, екінші - 100 мамандық, үшіншіден - өмірлік 100 жағдай. Оның ішінде 100 отбасылық бизнестің түрі бойынша оны қалай бастап, жүргізудің жолы, әдістемесі мен технологиясы және қарапайым қаржы есебі  ұсынылады. Ал 100 мамандықтың әрбірі бойынша профильдік пәндер, олар бойынша білім алуға болатын оқу орындары және алған мамандығына сәйкес одан әрі еңбекке орналасуға болатын салалар көрсетілген.   Сол секілді өмірлік 100 жағдай шеңберінде әрбір азаматтың өмірінде жиі кездесетін жағдайлар таңдап алынып, олардың сауатты шешімі болатын кеңестер беріп отыр.

Бұқара арасында кеңінен тарату үшін ақпараттық-анықтамалық материалдар Үкімет тапсырмасына сәйкес облыс және Астана мен Алматы қалаларының  әкімдеріне жіберілген болатын. Бұл ретте жергілікті әкімдерге ақпараттық-анықтамалық материалдарды тарату пункттерін белгілеу міндеті де жүктелді. Оның ішінде мемлекеттік органдар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, БАҚ, интернет-ресурстар, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, емханалар, кітапхана жүйесі және тағы басқалары енетін болады.

Сонымен бірге, ақпараттық-анықтамалық  материалдардың электронды нұсқаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми www.parlam.kz сайтындағы Ж.Қ. Асанов пен Б.Қ. Тілеуханның жеке парақшаларынан таба аласыз (сайтқа кіру - Мәжіліс - Мәжілістің құрамы мен құрылымы - Мәжіліс депутаттары - Ж.Қ. Асанов немесе Б.Қ. Тілеухан - Жеке парағы - «Ертеңің үшін аянба!...»).

 

 

«Эйр Астана» мемлекеттік тілді неге менсінбейді?

 

/«Ана тілі», 28.04.2011 ж., Д. Ізтілеу/ - «Эйр Астананың» қашан есі кіреді? Қазақ еліне қызмет көрсетеді дегені болмаса, бұл әуе компаниясы мемлекеттік тілді менсінер түрі көрінбейді. Кәсіпкермін. Жұмыс бабымен түрлі бағыттарға жол жүремін, жиі сапарлаймын. Қазақстанның әуежайынан қай бағытта ұшсам да мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің қағажу болғанын көремін. Қанша рет қазақ елінің азаматы ретінде құқымның бұзылғанын айтпай-ақ қояйын» дейді «Ана тілі» газетінің редакциясына арнайы келген Азат Қонысбек. Азаттың айтуынша, бұл бір емес. Бірнеше құзырлы орындарға бұл туралы баяндаған, хат та жазған. Бірақ әлі күнге еш нәтиже жоқ дейді. Бүгін сөзіміз дәлелді болуы үшін сол хаттың біріне кезек берелік. Бұл хат «сөз барымтасы – айтысқа» демеушілік жасап, ұлттық өнерге, сондай-ақ мемлекеттік тілге жанашырлық танытып жүретін елге сыйлы азамат, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов мырзаға бағытталыпты.

Хатта: «Биылғы жылдың (2010 жыл – Д.І.) 15 қыркүйегінде таңертеңгі сағат 10.20.-да «Эйр Астана» әуе жолы компаниясының №КС346 бағытындағы «А-320» ұшағымен Өскемен қаласынан Астанаға қарай ұшып шықтым (орным – 13С). Жалпы, бұрыннан осы «Эйр Астана» компаниясының жұмысына қанағаттанбайтындықтан, мүмкіндік болса басқа әуе компанияларының қызметіне жүгінуге тырысамын. Бұл жолы да амалсыздан «Эйр Астананың» ұшағымен ұшуға тура келді. Ұшу уақыты бір жарым сағат болғандықтан, «газет оқиыншы» деп әуесерік қыздан (стюардесса) қазақша газет сұрадым. Кеудешесіндегі жапсырмада «OLGA» деп жазылған қыз «Алаш айнасы» газетін ұсынды. «Эйр Астана» ұшағының бортында «Жас қазақ», «Айқын» газеттерінің де болатынын білуші едім. Сондықтан «Жас қазақ» пен «Айқынды» да сұрадым. Менің жанымда отырған қарындас та сол газетті сұрады. Ал әуесерік болса, «Басқа қазақ газеті жоқ, оқығыларыңыз келсе, орысша газет оқыңыздар» деді.

Қызметіме байланысты мен іссапарларда көп боламын. Сонда байқағаным: «Эйр Астана» ұшақтарының борттарында бес-алты дана ғана қазақ газеті болады. Неше мәрте шағым кітаптарына осы туралы жаздым, компания басшылары мұны құлағына да қыстырмайды. Әуесеріктердің айтатыны – «Эйр Астана» компаниясында барлық құжаттардың орыс және ағылшын тілінде толтырылатыны. Менің қазақша жазған шағымдарымды құлаққа ілмейтіні де сол себепті шығар. Олай болса, мен бейшара тілімнің мұң-мұқтажын несіне жоқтап отырмын?

Біраз уақыт өткеннен соң әуесерік қыздар жолаушыларға сусын, тағам тарата бастады. Мен олардан алма шырынын сұрадым. Әрине, қазақ тілінде. Әдейі сөйттім.

Сол кезде әлгі «OLGA»-ның: «Орысша сөйле, мен қазақ тілін білуге міндетті емеспін! Компания әуесеріктерден қазақ тілін білуді талап етпейді» дегені… Шамасы, мені орысша білмейді деп кемсітіп отырған түрі. Мен «Үстіңнен шағым айтамын» десем, «Өз еркің, компания орыс және ағылшын тілдерін білуді ғана талап етеді!» деді.

Қазақ тілін қорлау осымен аяқталған жоқ.

18 қыркүйекте таңертеңгі сағат 10.10.-да «Эйр Астана» әуе жолы компаниясының №КС312 бағытындағы «Ғ-50» ұшағымен Қарағанды қаласынан Алматыға қарай ұшып шықтым (орным – 6С).

«Ғ-50» ұшағы шағын болғандықтан, қай әуесеріктің хабарландыру оқығанын байқауға болады. Бұл жолы кеудесінде «ASSEM» деп жазылған әуесерік «жылаушыларға» қазақша сәлем жолдады. Мен шақырып алып, «жолаушылар қай уақыттан бері «жылаушылар» болған?» десем, мардымды жауап бермеді. Бір сағат өте жаңағы «ASSEM» мен Ақмарал атты қыз тағам, сусын тарата бастады. Менен орыс тілінде «не ішесің, не жейсің» деген Ақмаралға: «қазақша сұрасаң ауыздарыңа жара шыға ма?» дегенімде ұялып, кешірім сұрап, таза қазақ тілінде сөйлесті. «ASSEM»-ге осындай ескертпе жасағанда, ол сөзімді құлағына да қыстырған жоқ. Өз елімде, өз аспанымда, өз ұшағымда отырып, өз тілімде сусын сұрағанымда әлгі «OLGA»-ның айтқаны маған қатты батты. Мен әуесеріктерден ертегі айтып беруді, Шәмші әнін шырқауды талап етпеймін. Бар болғаны жолаушылық құқығымның аясындағы қызметті ғана пайдаланғым келді. Сусын сұраған бірауыз қазақшамды түсінбейтін қыз менің қазағымның аспанында неғып жүр?! «Осынша мерзім ішінде аюды да қазақша үйрететін уақыт болды ғой» деп Мемлекет басшысының өзі айтқан жоқ па?! Менің ойымша, «Эйр Астана» компаниясы мемлекеттік маңызы бар шаруаны атқаратын компания болғандықтан, оның барлық қызметкерлері, ең болмаса, қызметтік талапқа сай деңгейде қазақ тілін білуге тиіс! Ал әзірге бұлардың қазақшаларынан адам шошиды. «Біздің әуе кемеміз» дегенді «Біздің әукеміз» дейді. «Құрметті жолаушылар!» дегенді «Құрметті жылаушылар!» дейді. Назар салып тыңдап көріңіз… «Кырметы жылаушылар! Быздын аукемыз Алматы аужайына келконды. Экипаж командиры сыздерге саттылык тылейды. Ауының температурасы жырмабес градус» деген секілді балдыр-батпақ бірдеңені естисіз. Бұған, керісінше, Мәскеудің «Домодедово» халықаралық әуежайынан Қазақстанға ұшар алдында және «LuftHansa» ұшағының бортында айтылатын хабарландырудың қазақшасы әлдеқайда артық…»

P.S. Нұртай мырза! Сіз арқылы «Эйр Астана» басшыларынан төмендегі сұрақтарға жауап алсам деп едім:

а) Жолаушыларға қызмет көрсететін әуесеріктер, әуежайда жолаушыларды тіркеуден өткізетіндер қазақ тілін кәсіби деңгейде білуі тиіс пе?

б) Аталмыш қызметкерлер жұмысқа тұрар алдында сынақтан өте ме? Барлық қызметкерлердің біліктілігі қойылатын талаптарға сай ма?

Ұшақ бортындағы хабарландыруларға түсініктеме алсам деп едім:

Хабарландыруда – «Біздің «А-320» жаңа «бауындық» ұшақ» делінеді. «Бауын» деген – не сөз?

«Құтқарушы көкірекше Сіздің күрсіңіздің астында» деп жазылған. «Күрсі» деген не?

Хабарландыруда – «Өтекті, утекті, отекті маска» дейді. Өтекті, утекті, отекті – дегенді қалай түсінуге болады?

Ұшақ аспанға көтерілер алдында жолаушыларды (жылаушыларды емес) апаттық құралдарды қолдану тәсілімен таныстыру – өте маңызды мәселе. «Эйр Астана» әуесеріктерінің қазақшасын кейде мүлде түсінбейсің. Әуесеріктердің көпшілігі қазақтілді жолаушыларды апаттық құралдармен таныстыру қажет емес деп ойлай ма екен?

Парламент депутаттары осы сақау сөздерді естімей ме екен? Осы уақытқа дейін осы айтылған мәселелер бойынша дабыл көтеретін бір халық қалаулысының табылмағаны өкінішті-ақ…» делінген.

Хатқа қосымша: «Эйр Астана» компаниясы неге мемлекеттік тілді менсінбейтінін тағы да растады.

Биылғы жылдың 25 қазанында (2010 жыл – Д.І.) сағат 20.20.-да «Эйр Астана» әуе жолы компаниясының №КС305 бағытындағы «А-320» ұшағымен Алматы қаласынан Павлодарға қарай ұштым (орным – 14А). Тіркеуден өткеннен кейін жолаушылар жиналатын залға өтіп, ұшаққа отыруды күттім. Астана, Атырау, Ақтау және Павлодарға ұшатын жолаушылардың барлығы қатар тіркеуден өтіп, ұшаққа отыруын күту үшін залға жиналды. Залдағы хабарлаушы рет-ретімен әр бағытта ұшатын жолаушыларды ұшаққа отыруға шақыра бастады. Хабарландыруды орыс және ағылшын тілдерінде жасады. «Эйр Астана» компаниясының хабарлаушысына барып, қазақ тілінде хабарлаудың қажеті жоқ па деп сұрадым. Өзін Яковлев деп таныстырған хабарлаушы «шала бүлінетін ешнәрсе болған жоқ, мен орыс және ағылшын тілінде міндетті түрде хабарлауым керек» деді. «Бізде төрт адам жетпейді, сондықтан қазақ тілінде хабарлайтын қызметкер жоқ, ал мен оның алдында бір рет қазақ тілінде хабарладым» деді. Қазақшасын естіген жоқпын. Мен бұл жөнінде шағым беретінім туралы айтқанымда, міз бақпай «өз еркің» деп жауап берді.

Ұшақ бортында мынадай жай орын алды. Ұшып шыққаннан кейінгі 30-40 минуттан соң сусын таратыла бастады. Борт серік ең алдымен менің қасымда (14С-орнында) отырған голландиялық азаматқа ағылшын тілінде қызмет көрсетіп, содан кейін маған орыс тілінде тіл қатты. Мен «кешіріңіз, қазақ тілінде сөйлеңіз» дедім. Сол сәтте өзін Ирина Кудинова деп таныстырған бортсерік «мен қазақша сөйлемеймін» деп ары қарай кетті де қалды. Артынан (шамамен 10 минуттан кейін) маған басқа бортсерік қызмет көрсетті. 15-20 минуттан соң маған қызмет көрсетуден бас тартқан Ирина келіп, кешірім сұраған болды. Оның айтуынша да, «Эйр Астана» бортсеріктері үшін қызметке орналасу алдында мемлекеттік тілді білуі шарт емес екен. «Кейін бірдеңе қылып үйренсек болды» деді.

Ұшақтан шыққаннан кейін көрші отырған голландиялық қонаққа маған неге бірден қызмет көрсетілмегені туралы айттым. «Өз елімде өз тілімде сөйлегенім үшін маған қызмет көрсетілген жоқ» дегенімде, ол жағасын ұстап таңғалды.

Ары қарай айтпаса да түсінікті…» – делініпті.

Бұл хаттың мәтіндерінен-ақ мән-жайды бірден ұғуға болатындай. Азат Қонысбектің қолында өз хатына келген жауап-хат та бар. Бұл хат қолына тиген соң Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов мырзаға мән-жайды анықтай түсу үшін тағы бір қайтара хат жолдағанын айтады.

Ал Азаттың айтуынша, оның бұл хатына да прокуратура мен құзырлы органдардан жауап келгенімен, «Эйр Астана» ұшақтарындағы жағдай әлі өзгермеген.

Р.S. Бұл хаттардан кейін де Азат Қонысбек бірнеше мәрте түрлі бағыттарға сапарлап барып қайтты. Ал «Эйр Астана» міз бағар емес. «Баяғы жартас – сол жартас». «Ал менікі, Абайша айтсам, «жартасқа бардым, күнде айқай салдым»-ның кері болды» дейді кейіпкеріміз. Баз біреулер ойлағандай, Азат Қонысбек тырнақ астынан кір іздейтін жан емес. Тіпті, қала берді, тіл саласының маманы да емес. Бар болғаны Қазақстан Республикасының азаматы. Тіпті осы әуе рейсінде кездескен орыс жігіті Сергейдің қазақша сайрап тұрғанын көріп, сүйсініп, жолаушылар кітапшасына оның атына алғыс қалдырғанын жеткізді. «Бәрі сол секілді болса ғой!» дейді Азат аға. Осы мақала жазылып жатқанда алыс сапардан келген бір танысымыз бізге бір сурет ұсынды. Ол суретте «Боинг-757-200» ұшағының рейсіндегі қауіпсіздік туралы нұсқаулық қағазы түсіріліпті. Үш тілде. «Сіздің ңауіпсізгіңіз ңшін» деген тақырыпшасынан бастап әрі қарай көз жүгіртсеңіз, түк түсініп болмайсыз. Ағылшыншасын қайдам, орысшасы мінсіз. Ал қазақшасы… Айтуға ауыз бармайды. Қатеге тұнып тұр деп те айта алмаймыз, түсініксіз тілде шимайлай салған. Мәселен, «Ңшу жҢне Ңону» (ұшу және қону деген сөз шығар деп жорамалдадық), ттт тттт ттттңтттт (бұл әріптердің қатарында орысша нұсқасы – не курить деп тұр!), «Ңшу кезінде» (дұрысы – ұшу кезінде болу керек), апаттыҢ Ңрну (орысшасы – аварийная посадка), апаттыҢ шың (орысшасы – аварийный выход), Ңрт, тҢтін (орысшасы – пожар, задымление), аяҢ киіміҢізді шешіҢіз Ңол жҢксіз (орысшасы – без обуви и багажа), Ңтініш, нҢсҢауды ҢшаҢтан шыҢармаҢыздар!.. деп кете береді. Сұмдық! Бұл нұсқаулықтың қазақша сөздерін түсіну мүмкін емес. Сөздердің орнын «Ң» әрпімен толтыра салған.

Азат мырзаны қынжылтатыны мынау. Халық қалаулыларының, зиялы қауымның көбі осы ұшақ көлігіне отырады. Олар осы олқылықты қалай байқамай жүр? Біздің көкейімізде де – осы сауал. Сөз соңында бұрын да аталған әуе компаниясының қызметі жайында «Ана тілі» газетіне материал жазғанын айтқан Азат Қонысбек тағы да үміт арта ұлт басылымына келгенін жеткізді. Біз де бұл мақаладан соң құзырлы органдар қозғалар деген үміттеміз.

 

 

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан

зардап шеккен тұрғындарды қабылдады

 

/«ҚазАқпарат», 29.04.2011 ж., Е. Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамалов пен Виктор Киянский тұрғындарды қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға келген  он шақты адам су тасқынынан зардап шегушілер екен. Мәселен, Күнсұлу Сарғожиева өткен жылы несие алып, «Нефтяник» саяжай қоғамынан жер телімін иемденіп, үй тұрғызған. Үйді рәсімдеп үлгермепті. Құрылыс материалдарын сатып алғандығы туралы құжаттар суға кетті. Қолдарында тек жер актісі. Деркөл кенттік округінде тұратын Аңсар Аталиевтің де үйі тұруға жарамай қалған. Қабылдауға келушілердің арасында Айман Әмірғалиевада ғана үйге қатысты барлық құжаты бар. Ал Ақтоты Рыспаева мен Клайза Шұбалиева отбасыларымен саяжайда пәтер жалдап тұрыпты. Бәрі де алдағы күндеріне алаңдаулы. «Қазіргі уақытта арнайы комиссиялар жұмыс істеуде, - деді Аманжан Жамалов. - Комиссия мүшелері барлық жайды егжей-тегжейлі зерттеп, өз шешімдерін шығарады. Мемлекет тарапынан бәріне де көмек көрсетіледі. Арнайы қорға қаржы көздері түсіп жатыр. Мүмкін осы қаражаттан қажетті құжаттары жоқ зардап шегушілерге жатақхана салынар. Оны құрамында депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері бар комиссия, жергілікті атқарушы органдар шешеді».

Қабылдауға келген Чернобыль апатына қатысушы Сергей Рунгин республикада ауғандықтар мен чернобыльдықтарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау  тиісті деңгейде еместігін айтты. Ресейде, басқа да ТМД елдерінде бұл мәселе оңтайлы шешілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар бізде қашан басталмақшы?

-Таяуда Үкімет «Ардагерлер туралы» Заң жобасын Парламентке тағы тапсырды. Төрт жылдан бері түрлі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, дағдарыстың әсерінен қабылдануы қайта-қайта кейінге шегерілген бұл құжатта Ауған соғысы мен Чернобыль апатына қатысушыларды әлеуметтік қолдау турасында бап бар. Бұйыртса, ол биыл қабылданар деп отырмыз, - деді Виктор Киянский.

Зеленов ауданынан келген Фриза Цимбалова мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарды 53 жастан зейнеткерлікке шығару турасында ұсынысын білдірді. Халық қалаулылары бұл мәселе Парламентте талқыланып жатқандығын жеткізді.

 

 

СҚ-да мемлекеттік бағдарламасының

тиімділігін арттыру мүмкіндіктері сөз болды

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.04.2011 ж., А. Қабыкеева/ - Жоба бойынша «Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанды кіріс деңгейі жоғары елдердің қатарына қосуы керек. Алдағы бес жылдықта ішкі жалпы өнім деңгейі тұрғындардың жан басына шаққанда қазіргі 9 мың доллардан кем дегенде 15 мың долларға өсуі тиіс. Бағдарламада көзделген меже-міндеттер Петропавлда талқыланды.

Ақерке Қабыкеева, тілші:   

Семинарда «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан филиалдарының өкілдері, кәсіпкерлер, Мәжіліс, мәслихат депутаттары ұсыныстарын ортаға салды. Олардың пікірінше, мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін арттыруға болады, ол үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару қажет. Осыған орай, Үкімет қазақстандық индустрияны дамыту институтымен бірлесіп 2020 жылға дейін өнімділікті арттыру бағдарламасын жасады.

Расул Оразғұлов, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары:

Мақсатымыз әкімшілік кедергілерді азайтып, кәсіпкерлерге ісін өркендетуге жағдай жасау. Сондай-ақ, шағын бизнеске, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға жаңа үлгі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша қолдау көрсетіледі. Инновациялық идеясы барларға шағын несиелер беріледі. Инфрақұрылымдық қолдау көрсетіліп, қажет болса техникалық даярлықтан өтуге жағдай жасалмақшы.

Индустрияландыру картасы бойынша былтыр елімізде түрлі саланы қамтыған 152 кәсіпорын іске қосылды. Сөйтіп, экономиканың өсу қарқыны қосымша 2 пайызға артты. «Бұл - әлі де аз», -  дейді семинарға қатысушылар. Жалпы, қазіргі міндет бұл көрсеткішті 7 пайызға, шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту есебінен қол жеткізу болып отыр.

Валерий Спицын, «ЗИКСТО» АҚ бас директорының орынбасары:

2014 жылға дейін жүк вагонының тағы екі жаңа түрін игермекшіміз. Олар –цемент тасуға арналған вагон және 100 тонналық жүк вагондары. Бұл істе бәсекелестеріміз көп, ол - Ресей, Украина, Қытай. Сондықтан, көштің соңында жүрмей, алға ұмтылуымыз керек.

Солтүстік Қазақстан облысынан индустриаландыру картасына енген он жобаның бірі осы машина жасау. 2008 жылы «ЗИКСТО» зауыты елімізде алғашқы болып жүк вагондарын жасауды қолға алды. Қазір кәсіпорынның жүк вагонының 4 түрін құрастыруға сертификаты бар. Соңғы 2 жылда «Қазақстанда жасалған» мөрі басылған 600-ге жуық жүк вагонын шойын жолға шығарған зауыт, тағы осыншама тіркемені жыл соңына дейін жасап шықпақ. Өйткені, тапсырыс бар.

Иван Чиркалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Менің пікірімше, дегенмен, ауылдық жерлерге баса көңіл бөлген дұрыс. Ал бұл индустриаландыру картасы елдімекендерде жұмыс орындарын ашып, өндіріс орындарын жандандыруға көмектеседі деп ойлаймын. Президент Нұрсұлтан Назарбаев мал шаруашылығын дамытуға 40 млрд теңге бөлінеді, деді. Бұл ауылдықтардың басты мәселесі -жұмыссыздықты шешіп бермек.

Қазір ауыл тұрғындарына қаржылай қолдау көрсетудің 40-қа жуық түрі бар екен. Бірақ, бүгінгі күнге дейін бұл жұмыс жүйесіз жүргізіліп, шағын бір топқа ғана арналып келіпті. Осының бәрі ескеріліп, бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында Парламентаризм интитуты мен «Нұр Отан» фракциясы депутаттарының бастамасымен «Ертеңің үшін аянба» атты бағдарлама жасалды. Жоспар бойынша ол биыл іске қосылуы тиіс.

 

 

Сәт Тоқпақбаев Алматыда күзет қызметкерлерімен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 28.04.2011 ж./ - Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Сәт Тоқпақбаев мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, ішкі қауіпсіздік мәселесін күшейту керек деді. 

Сәт Тоқпақбаевтың айтуынша, қазіргі Мәжіліс портфелінде 166 заң жобасы болса, бүгінге дейін оның 86-сы мақұлданып Президент қол қоған. Мәжіліс құрамында сан-салада 7 комитет жұмыс істейді. Соның негізінде елдегі жалпы жағдайдың тұрақталуына қыруар шаруалар атқарылуда, осы тұрғыда депутаттар әр тоқсан сайын ел өңірлерін аралап халықпен жүздесіп келеді. Осы мақсатпен күзет қызметкерлерімен кездескен депутат ішкі қауіпсіздікті үнемі мықтап ұстану керек деді. Ішкі қауіпсіздік талаптарын орындауда құрылған күзет қызметінде, білікті, арнайы дайындықтан өткен кәсіби мамандар жұмыс істейді. Олар стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетіп қана қоймай, сонымен қатар басқа да полиция қызмекерлерімен бірлесіп қылмыстың алдын алу, қылмыстарды ашуда барынша ат салысып келеді.

 

 

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Санкт-Петерборда өткен

Парламенттік іс-шараларға қатысты

 

/«Parlam.kz», 29.04.2011 ж., А. Сейтақ/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов Санкт-Петербор қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысты. Бұл шара Ресей Парламентаризмінің 105 жылдығына арналды.

Осы жиында Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы,  ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Борис Грызлов, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы тұрақты делегациясының жеткшісі, Мемлекеттік Думаның ТМД істері және отандастармен байланыс комитеті төрағасының орынбасары Александр Козловский, ТМД ПАА-ның Бас хатшысы Михаил Кротов және басқа да саясаткерлер мен ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Қазақстан тарабынан Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов сөз сөйлеп, біздің елдің Парламентшілері атынан Ресей Парламентаризмінің 105 жылдығымен құттықтады.

Кезінде, яғни, ХХ ғасырдың басында Мемлекеттік Дума депутаты болған қазақтың ардақтылары Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Сәлімгерей Жантурин, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменов және басқа да 12 тұлғаның есімдері мен атқарған қызметтерін тілге тиек етті.

Биыл Қазақстанның қос Палаталы кәсіби Парламенттің іргетасы қаланғанына 15 жыл толғанын, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткелі тұрғанымызды айтып өтті. Жуырда өткен Президент сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыз дауысын жинап, халық қолдауына ие болғанын жеткізді.

Депутат Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық байланыс, ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ секілді халықаралық ұйымдармен ықпалдастық мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ Н.Сабильянов осы сапары барысында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысып, қарастырылып жатқан модельдік заң жобасы бойынша өз ұсынысын айтты.

 

 

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов

Санкт-Петерборда өткен Парламенттік іс-шараларға қатысты

 

/«ҚазАқпарат», 29.04.2011 ж./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов Санкт-Петербор қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысты. Бұл шара Ресей Парламентаризмінің 105 жылдығына арналды.

Осы жиында Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы,  ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Борис Грызлов, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы тұрақты делегациясының жеткшісі, Мемлекеттік Думаның ТМД істері және отандастармен байланыс комитеті төрағасының орынбасары Александр Козловский, ТМД ПАА-ның Бас хатшысы Михаил Кротов және басқа да саясаткерлер мен ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Қазақстан тарабынан Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов сөз сөйлеп, біздің елдің Парламентшілері атынан Ресей Парламентаризмінің 105 жылдығымен құттықтады.

Кезінде, яғни, ХХ ғасырдың басында Мемлекеттік Дума депутаты болған қазақтың ардақтылары Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Сәлімгерей Жантурин, Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменов және басқа да 12 тұлғаның есімдері мен атқарған қызметтерін тілге тиек етті.

Биыл Қазақстанның қос Палаталы кәсіби Парламенттің іргетасы қаланғанына 15 жыл толғанын, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткелі тұрғанымызды айтып өтті. Жуырда өткен Президент сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыз дауысын жинап, халық қолдауына ие болғанын жеткізді.

Депутат Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық байланыс, ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ҰҚШҰ секілді халықаралық ұйымдармен ықпалдастық мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ Н.Сабильянов осы сапары барысында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысып, қарастырылып жатқан модельдік заң жобасы бойынша өз ұсынысын айтты.

 

 

 

 

 

Депутат не айтқысы келді екен?

 

/«Егемен Қазақстан», 30.04.2011 ж., М. Сұлтан/ - Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Онда әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенцияның іске асырылуы жайлы Ұлттық баяндаманың жобасы қаралды.

Қазақстан Республикасы 1998 жылы Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны ратификациялағаны белгілі. Міне, осы конвенцияның 18-бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер әрбір төрт жыл сайын оның орындалуы туралы БҰҰ-ға мерзімді баяндамалар ұсынып отырады десек, БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітуді жою жөніндегі комитетінің 2007 жылғы 37-сессиясындағы қорытынды ескертулеріне сәйкес конвенцияны іске асыру жөнін­дегі біріккен үшінші және төртінші мерзімді баяндама 2011 жылы ұсынылуға тиіс болатын. Соған орай, министрліктер мен ведомстволар, Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар ұсынған талдау материалдар негізінде дайындалған бұл жобаға үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар да атсалысқанын айта кеткен жөн.

Әрине, талқылау барысында бұл жобаны әлі де ширата түсу қажеттігі баса айтылды. Сөйтіп, алдағы мамыр айында жобаны талқылауды қайта өткізуге ұйғарым жасалды. Міне, әңгімені осы арадан үзе салуға да болар еді. Алайда осы жиын барысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің өкілі ұлттық комиссия мүшелері алдында берген ақпаратында әйелдерді дербес шешім қабылдау деңгейіндегі қызметке көтеру жайы әзірге 10 пайыз шамасында екенін айтқан. Осы цифрға байланысты бірқатар Ұлттық комиссия мүшелері өз ойларын ортаға салды. Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева да өз ойын айтты. Жалпы олардың бұл тұрғыда көңіл толмаушылық білдіретін де жөні бар. Неге десеңіз, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясында дербес шешім қабылдау деңгейіндегі қызметтердегі әйелдердің қатарын 30 пайызға жеткізу айқын көрсетілген. Сондықтан да олардың айтқан ескертпесінің дұрыс екеніне дау жоқ.

Бірақ бұл жерде біздің айтайын дегеніміз басқа мәселе. Яғни, Айгүл Соловьева да жоғарыда айтылған цифрға өз көзқарасын айтты дедік қой. Нақтылап айтқанда, оның шешім қабылдау деңгейіндегі қызметтегі әйелдердің қатары бар болғаны 10 пайыз екеніне таңданғаны сонша, бұл тұрғыда жөнді жұмыс жүргізілмегенін айтуға тіпті сөз таба алмай қалғандай. Содан да: «Это какой та казахский процент», деді ол күйінгенін жасыра алмай. Әрине, оның ортақ іске жаны ауырғаны жақсы-ау, бірақ орындалмаған іске, қырсыздыққа келгенде қазақ неге ауызға түседі? Сол ғой бізді таңдандырып отырғаны. Әрине, бұны сол жиында отырған жұрттың бәрі де естіді. Тіпті қайсыбірі бір-біріне қарап, көрдің бе дегендей ыңғай танытқанын да байқап қалдық. Алайда, жобаны талқылау барысында әртүрлі министрліктердің, ведомстволардың өкілдері айтқан пікірге үн қосып, әр сөзге жармасып отырғандардың бірде-бірі оған «Сіз не деп отырсыз?» демеді. Бәлкім, депутат ханымның не айтқысы келгені бір ауыз қазақша сөйлемейтін, нақтылап айтқанда, сөйлегісі келмейтін сол жиындағы жұртқа түсінікті болса түсінікті шығар. Ал біз бұл сөздің мәнісін түсіне алмадық. Әйтеуір, қазақтың шекесін қыздырып тұрмағаны анық. Әрине, қазақ қыз-келіншектерінің бетіне пәренжі жауып, білім алып, жұмыс істеуіне тыйым салып отырған халық болса, онда рас-ау дейсің ғой. Мұндай үрдіс бұрын да болған емес, қазір тіпті жоқ. Яғни, бұл тұрғыдағы қазақтың көзқарасы өзіміз өндіршегімізді созып отырған елдерден көш ілгері екенін сол кісінің білмегені ме?

Жалпы, депутат А.Соловьеваны жұртшылық теледидар арқылы жиі көреді. Нендей мәселеге арналған жиын болса да оның орнынан тұрып, белсене пікір айтып жататынына куәміз.   Алайда, бұл жолғы сөзіне түсіне алмадық. Әрине, қазақты бір қағытып өтетіндер, тіліне мұрын шүйіре қарайтындар бүгінде аз ба? Бірақ басқасы басқа, әлгіндей сөздің қазақтың мүддесін қорғайтын биік мінберден сөйлеп жүрген депутаттың аузынан шығуын түсіне алмадық. Бұған оның әріптестері не дер екен?!

 

 

Қалаулылар қаладан не көрдi?

 

/«Дала мен қала» газеті, 30.04.2011 ж., Н. Жұмахан/ - Ел ішіндегі ауыс-түйістер саябырлаған сәтте Парламент депутаттары ел аралап, аймақтардың жағдайымен танысуды бастап кетті. Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ұйытқы болуымен сенатор Ақан Бижанов пен Мәжілісмен Сәт Тоқпақбаев қала тұрғындарымен кездесіп, республика деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды қала тұрғындарына баяндап берді.

ҚР Парламент Сенатының депутаты Ақан Бижанов Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде еліміздің жалпы ішкі өнімі 7 пайызға өсіп, экономикамыз қарқынды даму жолына түскенін мәлім етті. «Соңғы уақыттары халықтың әл-ауқатының жақсаруын ел ішіндегі жүк тасымалының 13,1 пайызға өскенінен байқауға болады. Бұдан басқа Үкімет биыл әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыны 38,4 пайызға өсіруді жоспарлап отыр. Елбасы Н. Назарбаев Үкіметке 2013 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлердің ақшасын кезең-кезеңімен өсіруді тапсырғаны белгілі. Бүгінде бұл тапсырма жүйелі түрде орындалып келеді», – деп сенатор еліміздің әлеуметтік саясатына қатысты өз ойын айтты. Ақан Бижанов Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен Парламент Сенатының депутаты болып сайланғаны белгілі. Сондықтан ол Алматы қаласына қатысты мәселелерді биік мінбелерден көтеруді азаматтық борышы санайды. Сенатор қала тұрғындарымен кездесуінде Алматы қаласы мәслихатының депутаттары «Алматы қаласының статусы туралы» заң жобасын дайындағанын және аталмыш заң таяу уақытта Парламент қабырғасында қаралатынын тілге тиек етті. Аталған заң қабылданса, шаһардағы экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелер оң шешімін табатыны сөзсіз. Жиын соңында сенатор кездесуге келген халықтың сұрақтарына жауап беруді де ұмытқан жоқ. Өз кезегінде Әуезов аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ыбраева «Ардагерлер туралы» заң жобасы­ның Парламент қабырғасында ұзақ уақыттан бері қараусыз жатқанына алаңдаушылық білдірді.

– «Ардагерлер туралы» заң жобасының қаралмай жатқанынан хабардармын. Экономикамыз дағдарыстан енді ғана шығып жатқанын өздеріңіз де білесіздер. Заңды қабылдағаннан кейін оны іске асыратын қаржы көздері болуы керек. Қабылданған заң елге пайдасын тигізуі тиіс. Меніңше, бұл заң алдағы уақытта қаралып, оған мемлекет тарапынан қаржы бөлінетініне сенімдімін, – деп жауап қайырды сенатор.

Алматы қаласындағы ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты мемлекеттік маңызды нысандарды қорғау мекемесінде өткен кездесуде Мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен іске асып жатқан келелі істер жайында тәртіп сақшыларына кеңінен әңгімелеп берді. Жиын барысында халық қалаулысы елімізде жоғары оқу орындарының жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты қаптап кеткеніне және ғылыми атақтардың оңды-солды таратылғанына наразы екенін ашық айтты. «Бұл жағдай еліміздің білім беру саласын қиын жағдайда қалдырып отыр­ғанын жасырудың жөні жоқ. Қазіргі таңда бұл мәселеге Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың өзі де айрықша мән беріп отыр. Сондықтан бұл түйткіл таяу уақытта өз шеші­мін табатын болады», – деді Сәт Тоқпақбаев мырза. Сондай-ақ, жиынға арнайы келген Қазақстан Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров еліміздегі күштік құрылым­дар мен құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің әлеуметтік жағ­дайын жақсартатын кезең келгенін алға тартты. «Кеңес заманында аудандық кеңестің депутаттарының арасында құқық қорғау саласының өкілі болушы еді. Қазір жергілікті жердегі мәслихаттардан құқық қорғау саласында еңбек еткен маманды емге таппайсың», – деп генерал көкейде жүрген ойын ортаға жайып салды. Өз кезегінде Сәт Тоқпақбаев бұл мәселе бойынша сала қызметкерлерімен тізе қосып, Үкіметке ұсыныс жасауға әзір екенін айтты.

 

 

Жұмыссыз жүргендер 126 мамандық бойынша

екінші кәсіпке оқытылып жатыр

 

/«Қазақстан» ТРК, 03.05.2011 ж., О. Керейхан/ - Шығыс Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамту мәселесінде бірқатар іс атқарылып жатыр. Қазір өңірде жұмыссыз жүрген жандар 126 мамандық бойынша екінші кәсіпке оқытылып жатыр. Дегенмен, кейбір техникалық салаларда қайта даярлауда кедергілер де бар. Яғни, жоғарғы санатты маман дайындауға материалдық-тенхикалық база сәйкес келмейді.

«Жұмыспен қамту бағдарламасы 2020» жобасын талқылауға қатысқандар осылай деді. Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары және әлеуметтік салаға жауапты басшы мамандар қатысты. Аймақта «Жұмыспен қамту» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 5 миллиард 330 миллион теңге бөлінген. Оны игеруге арналған арнайы жоспар бар. Жүйелі бастама жыл басынан жүз тоқсан мың адамды жұмыспен қамтыды. Сонымен қатар, бос жұмыс орындардың ортақ базасы бір жүйеге келтіріліп жатыр. Сол база бойынша жұмыссыздарды белгілі бір кәсіпке баулып, оқыту қолға алынған.

Светлана Ферхо, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Әлі бекітілмеген жобалар бар. Олар әлі жасалу үстінде. Бүгінгі кездесудің мақсаты – сол жобаларға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды тыңдау, талқылау.

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 03.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Сенат бюросының отырысында Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Қаржы және бюджет комитеті зерделейтін болды.

Ал «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілді.

Бюро отырысында сонымен бірге палатаның 5 мамырда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі туралы комитеттердің ұсыныстары қаралды.

Алдағы жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары талқыланатын болды.

Отырыста сондай-ақ екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.

 

 

Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен

Сенат бюросының отырысы болды

 

/«ҚазАқпарат», 03.05.2011 ж./ - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Сенат бюросының отырысында Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Қаржы және бюджет комитеті зерделейтін болды.

Ал «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілді.

Бюро отырысында сонымен бірге палатаның 5 мамырда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі туралы комитеттердің ұсыныстары қаралды.

Алдағы жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары талқыланатын болды.

Отырыста сондай-ақ екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.

 

 

 

Сенат бюросының отырысы өтті

 

/«Егемен Қазақстан»,04.05.2011 ж./ - Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Сенат бюросының отырысында Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электронды ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Қаржы және бюджет комитеті зерделейтін болды.

Ал «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілді.

Бюро отырысында сонымен бірге палатаның 5 мамырда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі туралы комитеттердің ұсыныстары қаралды.

 

 

Кездесуде Парламентаралық байланыстар сөз болды

 

/«Parlam.kz», 03.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Француз Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Тьерри Марьяни мырзамен кездесті.

Кездесуде Парламентаралық ынтымақтастықтың бүгінгі жетістіктері және келешекте оның аясын кеңейту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас, инвестициялық жобаларды бірлесе атқару, екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнату туралы пікір алмасты.

Т.Марьяни мырза қазақстандық әріптестерімен тағы да кездесуге келіп тұрғанын айта келіп: «Достарыммен жүздескеніме қуаныштымын», - деді.

Осы кездесуге Қазақстан тарапынан Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Қазақстан-Франция» ынтымақтастық тобы жетекшісінің орынбасары Қабиболла Жақыпов, «Қазавтодор» РМК-ның Бас директоры Мереке Пішембаев, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Eлшісі Нұрлан Дәненов және француз тарапынан Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Eлшісі Жан-Шарль Бертонэ және басқа ресми өкілдер қатысты.

Тараптар аудармашының көмегімен француз және қазақ тілдерінде сұхбаттасты.

 

 

Екі ел арасында

тікелей әуе байланысын орнату мәселесі сөз болды

 

/«ҚазАқпарат», 03.05.2011 ж./ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Француз Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Тьерри Марьяни мырзамен кездесті.

Кездесуде Парламентаралық ынтымақтастықтың бүгінгі жетістіктері және келешекте оның аясын кеңейту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас, инвестициялық жобаларды бірлесе атқару, екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнату туралы пікір алмасты.

Т.Марьяни мырза қазақстандық әріптестерімен тағы да жүздесіп тұрғанын айта келіп: «Достарыммен жүздескеніме қуаныштымын», - деді.

Осы кездесуге Қазақстан тарапынан Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Қазақстан-Франция» ынтымақтастық тобы жетекшісінің орынбасары Қабиболла Жақыпов, «Қазавтожол» РМК-ның бас директоры Мереке Пішембаев, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Eлшісі Нұрлан Дәненов және француз тарапынан Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Eлшісі Жан-Шарль Бертонэ және басқа ресми өкілдер қатысты.

Тараптар аудармашының көмегімен француз және қазақ тілдерінде сұхбаттасты.

 

 

Парламентаралық байланыстар сөз болды

 

/«Егемен Қазақстан», 04.05.2011 ж./ - Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынба-сары Жәнібек Кәрібжанов Француз Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Тьерри Марья­нимен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесуде Парламентаралық ынтымақтастықтың бүгінгі жетістіктері және келешекте оның аясын кеңейту мәселелері сөз болды.

Жүздесуге Қазақстан тарапынан Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Қазақстан-Франция» ынтымақтас­тық тобы жетекшісінің орынбасары Қабиболла Жақыпов, «Қазавтодор» РМК-нің бас директоры Мереке Пішембаев, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және өкілетті eлшісі Нұрлан Дәненов және Франция тарапынан Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті eлшісі Жан-Шарль Бертонэ мен басқа ресми адамдар қатысты.

 

 

Қазақстан мен Жапония арасындағы Парламентаралық байланыс

 

/«Parlam.kz», 04.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Елордамызда өтіп жатқан IV Астаналық экономикалық форум жұмысы шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі және аталған елдің Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Парламенттік лигасының төрағасы Юкио Хатояма мырзамен кездесті.

Мәжіліс Төрағасы сөз басында биылғы көктемде болған зілзаланың қасіретін шеккен Жапония халқына көңіл айтатынын жеткізді.

Өз кезегінде Юкио Хатояма мырза кезінде Қазақстан халқы Семей сынақ аймағында болған ядролық жарылыстардың зардаптарын шеккенін жан-жүрегімен түсінетінін айтты. Сондықтан табиғат апатына ұшыраған жапон халқының жағдайына ерекше назар аударған қазақстандықтарға Жапонияға көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынасты дамыту осы басқосудың негізгі арқауына айналды.

Мәжіліс Төрағасының мәлімдеуінше, Жапониямен стратегиялық әріптестік байланысты өрістету – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдық берілген бағыты. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы маусым айында Токиоға жасаған ресми сапары екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндігі мол екендігін көрсетті.

Сұхбаттасушы Тараптар Парламентаралық кездесулер саяси үнқатысудың маңызды тетігі болатынын атап өтті. Соның жарқын көрінісі –  өткен жылы қараша айында Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстан Парламентшілерінің Жапонияға барған ресми сапары. Жапондық әріптестерімен болған кездесулерде екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты жақындата түсуге ықпал ететіні анық сезілді.

Сол сапар барысында Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Жапонияның Парламенттік лигасымен кездесулер болып өтті. Қазақстанның Парламенті Мәжілісінде де Жапония Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі достық тобы бар. Осы кездесуде Тараптар Парламентаралық топтардың қарым-қатынасын күшейту Парламентаралық байланысты нығайтуға негіз болатынын атап өтті.

Осы орайда Мәжіліс Төрағасы Юкио Хатояма мырзаны Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Парламенттік лигасының төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Және де Парламенттік достық лигасының бірлескен отырысын өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Өйткені Қазақстан әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және жаһандық экономикалық дағдарыс кезеңінде халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бағытындағы жапон қоғамының заңнамалық қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісуге ынталы.

Кездесу соңында Тараптар екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық бағыттағы қарым-қатынастың қарқынды дамуына тілектестіктерін білдірді.

 

 

Мәжіліс Төрағасы Жапонияның бұрынғы Премьер-министрімен және Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Парламенттік лигасының төрағасымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 04.05.2011 ж./ - Елордамызда өтіп жатқан IV Астаналық экономикалық форум жұмысы шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі және аталған елдің Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Парламенттік лигасының төрағасы Юкио Хатояма мырзамен кездесті.

Мәжіліс Төрағасы сөз басында биылғы көктемде болған зілзаланың қасіретін шеккен Жапония халқына көңіл айтатынын жеткізді.

Өз кезегінде Юкио Хатояма мырза кезінде Қазақстан халқы Семей сынақ аймағында болған ядролық жарылыстардың зардаптарын шеккенін жан-жүрегімен түсінетінін айтты. Сондықтан табиғат апатына ұшыраған жапон халқының жағдайына ерекше назар аударған қазақстандықтарға Жапонияға көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынасты дамыту осы басқосудың негізгі арқауына айналды.

Мәжіліс Төрағасының мәлімдеуінше, Жапониямен стратегиялық әріптестік байланысты өрістету - Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдық берілген бағыты. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы маусым айында Токиоға жасаған ресми сапары екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндігі мол екендігін көрсетті.

Сұхбаттасушы тараптар Парламентаралық кездесулер саяси үнқатысудың маңызды тетігі болатынын атап өтті. Соның жарқын көрінісі -  өткен жылы қараша айында Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстан Парламентшілерінің Жапонияға барған ресми сапары. Жапондық әріптестерімен болған кездесулерде екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты жақындата түсуге ықпал ететіні анық сезілді.

Сол сапар барысында Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Жапонияның Парламенттік лигасымен кездесулер болып өтті. Қазақстанның Парламенті Мәжілісінде де Жапония Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі достық тобы бар. Осы кездесуде тараптар Парламентаралық топтардың қарым-қатынасын күшейту Парламентаралық байланысты нығайтуға негіз болатынын атап өтті.

Осы орайда Мәжіліс Төрағасы Юкио Хатояма мырзаны Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Парламенттік лигасының төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Және де Парламенттік достық лигасының бірлескен отырысын өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Өйткені Қазақстан әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және жаһандық экономикалық дағдарыс кезеңінде халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бағытындағы жапон қоғамының заңнамалық қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісуге ынталы.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық бағыттағы қарым-қатынастың қарқынды дамуына тілектестіктерін білдірді.

 

 

Парламенттік лига төрағасымен жүздесті

 

/«Егемен Қазақстан», 05.05.2011 ж./ - Елордамызда өтіп жатқан IV Астана экономикалық форумы жұмысы шеңберінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Жапонияның бұрынғы премьер-министрі және аталған елдің Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Парламенттік лигасының төрағасы Юкио Хатоямамен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс Төрағасы сөз басында биылғы көктемде болған зілзаланың қасіретін шеккен Жапония халқына көңіл айтты. Юкио Хатояма кезінде Қазақстан халқы Семей сынақ аймағында болған ядролық жарылыстардың зардаптарын шеккенін жан-жүрегімен түсінетінін жеткізді. Сондықтан табиғат апатына ұшыраған жапон халқының жағдайына ерекше назар аударған қазақстандықтарға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынасты дамыту осы басқосу барысындағы әңгіменің негізгі арқауына айналды. Мәжіліс Төрағасының мәлімдеуінше, Жапониямен стратегиялық әріптестік байланысты өрістету – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдық берілген бағыты. Президент Н.Назарбаевтың 2008 жылғы маусым айында Токиоға жасаған ресми сапары екі елдің арасындағы ынтымақтас­тықтың мүмкіндігі мол екендігін көрсетті.

Тараптар Парламентаралық кездесулер саяси үнқатысудың маңызды тетігі болатынын атап өтті. Соның жарқын көрінісі  өткен жылы қараша айында Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстан Парламентшілерінің Жапонияға барған ресми сапары болып табылады. Сол сапар барысында Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Жапонияның Парламенттік лигасымен кездесулер болып өтті. Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде де Жапония Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі достық тобы бар.

Осы орайда Мәжіліс Төрағасы Юкио Хатояманы Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі Парламенттік лиганың төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Және де Парламенттік достық лигасының бірлескен отырысын өткізу жөнінде ұсыныс жасады.

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 04.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Сенат комитетінің басшысы, екі елдің Парламенттері жоғарғы палаталарындағы ынтымақтастық топтардың қазақстандық тараптағы төраға Ақан Бижанов Астанадағы ІV экономикалық форум жұмысына қатысып жатқан Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің делегациясымен кездесті. Онда Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастары, оның ішінде өзара Парламенттік іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Жыл сайынғы Астана форумына ресей жағының белсенді қатысып келе жатқанын атап өте келіп, А.Бижанов жаһандық валюта-қаржы жүйесін  жетілдіру, ықпалдастық үдерістерін дамыту, аймақаралық ынтымақтастық үшін бұл үнқатысу алаңы маңызды екенін айтты.

Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының басым бағыттарын заңнамалық қамтамасыз етуге етуге қатысты А.Бижанов Парламент Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық тобының қызметі туралы хабардар етті.

Сенатор атап өткендей, Парламенттік ынтымақтастық топтардың өзара сындарлы іс-қимылы  Кеден одағының қызметін құқықтық қамтамасыз етудегі, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудағы жедел шараларды атқаруға ықпал етеді.

Тараптар стратегиялық ынтымақтастық міндеттерін іске асыру, мемлекетаралық қатынастардың барлық бағыттары бойынша құқықтық-уағдаластық негіздерін қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру жайында айтты.

 

 

Сенатор Ақан Бижанов РФ Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің

делегациясымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 04.05.2011 ж./ - Бүгін Сенат комитетінің басшысы, екі елдің Парламенттері жоғарғы палаталарындағы ынтымақтастық топтардың қазақстандық тараптағы төрағасы Ақан Бижанов Астанадағы ІV экономикалық форум жұмысына қатысып жатқан Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің делегациясымен кездесті.

Онда Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастары, оның ішінде өзара Парламенттік іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Жыл сайынғы Астана форумына Ресей жағының белсенді қатысып келе жатқанын атап өте келіп, А.Бижанов жаһандық валюта-қаржы жүйесін  жетілдіру, ықпалдастық үдерістерін дамыту, аймақаралық ынтымақтастық үшін бұл үнқатысу алаңы маңызды екенін айтты.

Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының басым бағыттарын заңнамалық қамтамасыз  етуге қатысты А.Бижанов Парламент Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық тобының қызметі туралы хабардар етті.

Сенатор атап өткендей, Парламенттік ынтымақтастық топтардың өзара сындарлы іс-қимылы  Кеден одағының қызметін құқықтық қамтамасыз етудегі, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудағы жедел шараларды атқаруға ықпал етеді.

Тараптар стратегиялық ынтымақтастық міндеттерін іске асыру, мемлекетаралық қатынастардың барлық бағыттары бойынша құқықтық-уағдаластық негіздерін қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру жайында айтты.

 

 

 

Парламент Мәжілісінің депутаты М.Әбенов

Қызылордада қоғамдық комиссия отырысын өткізді

 

/«ҚазАқпарат», 04.05.2011 ж., Ж. Сердалы/ - Қызылордада «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының Мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов қоғамдық комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырыста «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойынша облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың жайы қаралды. Оны жүргізген депутат соңғы уақыттары жүргізілген тексеру нәтижесінде бірнеше компанияның жол салу жұмыстарында кемшіліктерге жол беріп қойғанын алға тартты. Бұл тәртіп бұзушылықтардың дені жұмысшылардың санитарлық жағдайы, еңбек шартының бұзылуы, сондай-ақ арнайы тамақтанатын, демалатын орындардың дұрыс жасақталмауы, ең бастысы, жұмысшылардың айлық жалақыларының уақытылы берілмеу мәселелеріне байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілге қатысты жағдай, яғни, компаниялардың жұмысшылары құжаттарын орыс тілінде рәсімдеуі, жол бойындағы белгілердің қазақ тілінде жазылмауы, оған қоса, кейбір компанияларда өзге ұлт өкілдерінің құжатсыз жұмыс атқаруы сөз болды.

Жиын кезінде М.Әбенов алдағы уақытта «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының мемлекеттік комиссия мүшелері өңіріміздегі жол жұмыстарын тексеріп, заң бұзушылық тудырған компанияларға құзырлы орындар арқылы, тиісті шара қолданылатынын айтты.

 

 

Оралда 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту

бағдарламасының жобасы талқыланды

 

/«ҚазАқпарат», 04.05.2011 ж., Е. Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалында 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасының жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырысы болды. Отырысты Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов жүргізді.

Президент тапсырмасына сәйкес аталмыш бағдарлама қолға алынғаны белгілі. Бұрын шара жұмыссыздармен ғана жүргізіліп келсе, енді оның аясы кеңейетін болады. Атап айтқанда, жұмыссыздарды, өзін-өзі қамтитын тұрғындарды оқыту, сондай-ақ кадрларды жұмысшы мамандықтары қажет жерлерге ауыстыру жұмысы жүргізілетін болады.

Депутаттың сөзіне қарағанда, ел тұрғындарының 2,7 млн. немесе 33 пайызы өзін-өзі қамтитын топқа жатады, соның 1 миллионы  ауылдық жерде тұрады, бұлардың 11 пайызының ешқандай мамандығы жоқ. Аталмыш бағдарлама тұрғындардың білімін көтеріп, жұмысқа орналасуына, несие алып, шағын бизнесін дамытуына, жалгерлік жолымен баспаналы болуына мүмкіндік береді.

 

 

Сенат Төрағасы Қ. Мәми бірқатар Парламенттік ұйымдарға

мүше әрі делегация басшысы болып тағайындалды

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысының күн тәртібіне сәйкес, палата депутаттары «ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық Парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттер Парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу туралы»

ҚР Парламенті Сенатының 2009 жылғы 5 ақпандағы 305-ІVІІС қаулысына өзгерістер енгізді.

Сенат депутаттары қабылдаған жаңа қаулыға сәйкес, Парламент Сенатының Төраағсы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясына делегация басшысы, ТМД мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына Кеңес мүшесі, делегация басшысы, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясына Бюро мүшесі, делегация басшысы, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясына Кеңес мүшесі, делегация басшысы, сондай-ақ Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына кеңес мүшесі болып жіберілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Сенаттың бұрынғы Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты  спикерлік қызметінен босатылып, оның орнына ҚР Президентінің ұсынуымен Қайрат Мәми тағайындалған болатын. Депутаттар қабылдаған бүгінгі қаулы осыған байланысты туындап отыр.

 

 

Қайрат Мәми Халықаралық Парламенттік ұйымдардағы

сенаторлар делегациясының жетекшісі болып бекітілді

 

/«Хабар» агенттігі, 05.05.2011 ж./ - Сенаттың бүгінгі жалпы отырысында сондай – ақ, күн тәртібіндегі бірқатар құжаттар қаралып, депутаттық сауалдар тыңдалды.

Сенатор Қуаныш Сұлтанов премьер-министрдің атына жасаған өз депутаттық сауалында мектептердегі оқулықтардың сапасын қатаң бақылауға алу керектігін көтерді. Өйткені оның пікірінше қазір басылып шыққан кітаптарда өрескел саяси қателер жіберіліп жатыр. Сенатор соның бірі ретінде Білім министрлігі бекіткен «Атамұра» баспасынан 2006 жылы шыққан «Ағылшын тілі» оқулығындағы әлем картасында Қазақстанның бөлек мемлекет ретінде емес, Ресейдің құрамындағы аймақ ретінде ғана берілгенін алға тартты. Қуаныш Сұлтанов «Оқулық» атты жаңа бағдарлама жасау орынды болар еді. Барлық оқулықтар өте жоғары дәрежедегі мамандардың сараптамасынан өтуі тиіс. Оқулықтарға байланысты тендерлер бақылауға алынуы қажет» деді. Мұнымен қоса Сенат депутаттары отырыс барысында Кедендік одақ елдерінің валюталық саясат жөніндегі келісімін ратификациялады. Бұл келісім Қазақстан, Ресей және Беларусь Ұлттық Банктерінің валюта айырбастау ісі мен олардың котировкаларын өзара үйлестіріп отыруын көздейді.

Данияр Әкішев, ҰБ төрағасының орынбасары:

- Бұл осы үш елдің заңдарын, бұл мәселеге қатысты принциптерін үйлестіру болып табылады. Ол экономика субьектілеріне ортақ құқықтық кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.

Бүгін сондай – ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына өздерінің өзгертулерін енгізіп оны Мәжіліске қайтарды. Ол бойынша жер кодексіне, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңға және Алматы қаласының ерекше статусы туралы заңға өзгерістер енгізу көзделген.

 

 

Сенаторлар Марченконы күтіп жүр

 

/«Айқын» газеті, 06.05.2011 ж., А. Шәріп/ - Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Бұл кездесуде Жоғарғы палата басшысы ел Президентіне ағымдағы заң шығару қызметі туралы баяндады. Сол күні Қайрат Әбдіразақұлының төрағалығымен сенаторлар өздерінің жалпы отырыстарына жиылды. Олар қазақстандық депутаттарды халықаралық Парламенттік ұйымдарға және шет мемлекеттер Парламенттерімен ынтымақтастық топтарына жіберу туралы Сенаттың 2009 жылғы 5 ақпандағы №305-ІV қаулысына өзгерістер енгізуге ұйғарды.

Нәтижесінде сенаторлардың қуатты қолдауымен Парламенттің Жоғарғы палатасының жаңа төрағасы Қайрат Мәми көптеген халықаралық белді ұйымдардың басшылығына кірді. Сөйтіп, Сенат Регламентінің 173-1 тармағына сәйкес, Парламент Жоғарғы палатасының төрағасы Қ.Мәми ЕҚЫҰ ПА, ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА, ҰҚШҰ ПА-дағы делегациялар басшысы, ТҮРК ПА кеңесінің мүшесі болды.

Атап айтар болсақ, сенаторлардың кешегі шешіміне сәйкес, Қайрат Әбдіразақұлы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясына делегация басшысы, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына кеңес мүшесі, делегация басшысы, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясына Бюро мүшесі, делегация басшысы, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясына кеңес мүшесі, делегация басшысы, сондай-ақ Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына кеңес мүшесі болып жіберілмек. Соңғы ұйымның төрағалық тізгіні де Қазақстанның қолында. Өткен сәуір айының соңында Бейбітшілік және келісім сарайындағы жиынында Түрк ПА-ның төрағалығы әзірбайжандар елінен қазақ еліне көшкен болатын: сол салтанатты жиынды ашқан Әзірбайжанның Милли Меджлисінің басшысы Оқтай Сабыр оғлы Асадов спикерліктің символдық балғасын Қазақстан Мәжілісінің басшысы Орал Мұхамеджановқа тапсыру рәсімін жасап, төрағалық орынды босатып берген болатын.

Өз төрағаларын салаларындағы халықаралық ұйымдардың басшылығына қосқан сенаторлар «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді» ратификациялауға кіріскен. Сол кезде Ұлттық банк басшысы Г.Марченконың тағы келмей қалғаны анықталды. Ұлттық банк тізгінін қолға алғалы бері Сенатта ешқашан төбе көрсетпеген Марченко мырза бұл жолы да дәстүрді бұзбай, орынбасарын жібере салыпты. Оның сценарий бойынша жеткізбейтін қыз қуу немесе таптырмайтын тығылмақ ойынына ұқсайтын іс-әрекеті сенаторларды әбден мезі етті. Марченконың осы тірлігіне күйіп кеткен Ғани Қасымов жыл басында депутаттардың доғал үстелін дүңк-дүңк ұрған болатын. Оның тұспалдауынша, Григорий Александрович сенаторлар алдына келу қажеттілігі туындай қалса, дереу «шетелдік командировкаға жүріп кетеді». Сонда Сенат төрағасы Қ.Тоқаев та Ұлттық банк төрағасының «Сенатты бағаламайды, не болмаса қорқады» деген ой түйгені есте. Бұл жолы сенатор, Президент жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Светлана Жалмағамбетова ашынды. «Марченко қайда? - деді Светлана Жақияқызы, - ол неге Сенат отырысына қатыспайды? Бізде комитеттің отырысы болғанда, біз ақыр соңында оның келуге тиіс екендігін, оған қояр бізде сауал көптігін айта баруды тапсырғанбыз! Ол ол ма, менің әріптесім оның келіп, инфляция бойынша түсініктеме беруін сұрап, жүгінген де болатын» деді сенатор ханым. С.Жалмағамбетова Ұлттық банк басшысы қызметіне тағайындалғаннан бергі уақытта Марченконың бірде-бір рет Сенатқа бас сұқпағанын растады. «Мен спикерге қайырыламын: қандай да бір тәртіп болуға тиіс қой?!» деді Светлана Жақияқызы. Спикер басу айта сөйлеп, сабырға шақырды. Төрағаны депутаттардың шуламас жерде шулап, тулар кезде, тосылатыны қынжылтса керек. - Құрметті депутаттар! - деді Қ.Мәми, - әріптестер! Біз қазір Ұлттық банктің жұмысын тыңдап отырғанымыз жоқ. Біз нақты заң жобасын тыңдап отырмыз. Марченконы тағайындауға сіздер өздеріңіз маған дейін келісім беріп қойғансыздар! Жалпы алғанда, Марченко кәсіби маман. Ол өз орнында отыр. Іссапарға кеткен екен, онда шынында маңызды іссапар шығар...

Осыдан кейін сабасына түскен сенаторлар алдында Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ҰБ төрағасының орынбасары Данияр Ақышев қорғауға шықты. Ол спикердің байламын растады: «Ұлттық банк төрағасы Азия даму банкінің басқарушылар кеңесінің отырысында, іссапарда жүр. Ол жылына бір рет, дәл осы уақытта өтеді» деді ол. Нәтижесінде, Сенат «Үштік одақ» елдері арасында былтырғы желтоқсанда Мәскеуде бекітілген келісімді ратификациялап, Елбасының қол қоюына жіберді. Халықаралық құжатқа сәйкес, БЭК-ке қатысушы мемлекеттер ұлттық валюталарының сыртқы сауда және инвестициялық операцияларындағы рөлін арттыру және ұлттық валюталардың өзара өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай валюталық саясат жүргізуге уағдаласады. Келісімде тараптардың валюталық саясатты әзірлеу және жүргізу қағидаттары белгіленеді. Бұған қоса, бір түркі және қос славян елі валюталық салада ықпалдастық үдерістерінің дамуына теріс әсер етуі мүмкін іс-қимылдар жасамауға мәмілелесіп отыр. Яғни бір-бірінің төл валютасына кесір тигізер қарекеттерге бармаулары, ал оларды еріксіз қолданған жағдайда, осындай іс-қимылдардың салдарын барынша азайтуға тырысулары шарт.

 

 

 

Мәжіліс депутаты

шығысқазақстандық сайлаушылармен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің Бюро мүшесі Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының Қалбатау, Бірлік, Солнечный ауылдарында және Шар қаласында сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Мәжіліс депутаты Қалбатау ауылындағы жаңадан салынған балабақша ғимаратын аралап көрді. Шар қаласындағы ауруханаға барып, дәрігерлермен  пікір алмасты. Осы қалада жаңадан салынып жатқан балабақша құрылысының жағдайымен танысты. «Омбы-Майқапшағай» республикалық жолының бойында жаңадан салынып жатқан «Суықбұлақ-Қалбатау» жол учаскесін барып көрді.

Кездесулер барысында депутат Н.Сабильянов үстіміздегі жылы «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы және атқарылып жатқан жұмысы туралы хабардар етті.

Кездесулерде сайлаушылар тарапынан депутатқа тұрғын үй, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, білім, мәдениет, спорт нысандарын салу жайлы сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Депутат сайлаушылардың сауалдарына толық жауап берді. Көптеген азаматтар өз өтініштері бойынша депутаттың жеке қабылдауында болды. Барлық кездесулер ашық түрде өтті.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов «Нұр Отан» партиясының атынан аудан тұрғындарына 3 сәуірде болған Президент сайлауында Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа зор сенімдерін білдіріп, сайлауға белсенділікпен қатысқандары үшін алғысын білдірді.

 

 

Сенат және Мәжіліс депутаттары

Ақжайық ауданы тұрғындарымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж., Е. Ералы/ - Ақжайық ауданы орталығында сенаторлар Рашит Ахметов, Ерболат Мұқаев және Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов тұрғындармен кездесті.

Кездесуді аудан әкімі Абай Иманғалиев ашып, жүргізді.

Р.Ахметовтің атап өткеніндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың су тасқыны болған Батыс Қазақстан облысында қалыптасқан жағдайға қанығып, қыспақта қалған халық тұрмысының оңалуын қаперде ұдайы ұстау қажеттігін айтқаны мәлім. Бірінші кезекте қажет қаржы бөлініп, алғашқы шараларға жұмсалуда. Облыс орталығы мен жекелеген аудандарда су тасқыны зардаптарының шығыны нақты анықталу үстінде.

Тасқын басып, су қоршауында қалған елді мекендер халқына жан-жақты көмек көрсетілуде, ішер тағам, жатар орын берілгені де белгілі.

Көктемгі су тасқынының зардаптарын жоюға байланысты көптеген қам-қарекет әңгімелеген соң депутаттар жұрттың алуан сұрағына жауап берді. Осы дидарласудан кейін Шавхат Өтемісов ауданның бірнеше ауылында тұрғындармен кездесіп, тұрғындар сауалына жауап берді. Кейбір сұрақ-жауап мына бағытта өрбіді.

Ақжайық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Лұқпанов: - «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Кенттің тұсынан көпір керек» атты мақалада баяндалған жағдайға байланысты тұрғындар бір шешім күтеді. Өйткені ол көптен айтылып келе жатқан көкейкесті мәселе. Бұл қалай болар екен?

Ш.Өтемісов: - Иә, бұл маңызды мәселенің көтерілгеніне көп болды. Облыс әкімі Б.Ізмұқанбетовтің де жігерлі қолдауын көріп жүрміз. Қаржы дағдарысы килікті, енді, міне, су тасқыны. Ел халқының сұрауы өте дұрыс. Көпір салу көп қаржыны қажет етеді. Әлі де қажеттілікті дәлелдеп, шығар қаржының шамасын анықтай түсу керек.

Чапаев ауылдық округі әкімі Зейнолла Нұрмұхамбетов: -Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) - ел экономикасының ірі салаларының бірі. Бізде көп қабатты және екі қабатты тұрғын үйлер бар. Осы үйлердің ауыз су, кәріз жүйелер, жарық және жылу жағдайларына жөндеу жүргізу мәселесі өз шешімін таба алмай отыр.

Ш.Өтемісов: -Өте орынды мәселе. Бұдан көп бұрын пәтер иелері кооперативі (ПИК) құрылған болатын. Олардың бәрі бірдей өз жұмыстарын тиянақты атқарған жоқ. Соның кесірінен тұрғын үйлер қараусыз қалды. Үкімет жақында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасын қабылдады. Бағдарламада ТКШ-нің бір-бірімен тығыз байланысты екі бағыты көрсетілген. Атап айтқанда, бірінші бағыт «Жол картасы» бойынша жылумен, электрмен және газбен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, екінші бағыт бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жайы. Биылғы Жолдауда «Күрделі жөндеуді қажет ететін нысандардың үлесі 32 пайыздан 2015 жылға қарай 22 пайызға төмендеуі тиіс» деп көрсетілген болатын, осы бағытта жұмыс өрістеуі тиіс.

«Жайықтехсервис» МКК директоры Мұрат Боқаев: - Ауылдық округтердің кейбіріне мемлекет суды пайдалануға субсидия берді. Соның арқасында 1000 литр су бар болғаны 40 теңге болып отыр. Чапаевта жаз кезінде бір тәулікте 320-350 тонна дейін су пайдаланылады. Қанша электр қуаты кетіп жатыр? Әр тұрғын күніне 40 литр судан артық пайдаланбауы заңдастырылмаған. Үйден мал, бақша суарады, машина жуады. Обал-ақ. Ал, «Ақбұлақ» бағдарламасы тек ауыз су үшін ғана...

Ш.Өтемісов: - Көрсетілген қамқорлықты дұрыс түсінуге тиістіміз. Шашпашылыққа жол жоқ. Осы бағдарлама қабылданарда судың жұмсалуы анықталып,  бөлініп көрсетілуі керек еді. Әлі де кеш емес. Парламентте бұл мәселеге әдейі тоқталатын боламыз.

Кездесуге келгендер мал өнімдерін өткізудің түйткілді жайлары, Капустин Яр полигонына байланысты жеңілдіктер, үш тілділік және мемлекеттік тіл, Алмалыға кіреберіс жолдың жөнделуі, бау-бақшаға несие беру жайы, оптикалық байланыстың тек сөйлесуге ғана пайдаланылып отырғанына тоқталып, өз пікірлерін білдірді. Кездесуге қатысқандар халық қалаулыларына бұдан былайғы жұмыстарына тың табыстар тіледі.

 

 

Сенат спикері елбасын палатаның заң шығармашылық

жұмысы туралы ақпараттандырды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 05.05.2011 ж./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты  палатаның заң шығармашылық жұмысы туралы ақпараттандырды,  деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Мәми сенат төрағасы болып 15 сәуірде сайланды. Ол бұл лауазымда сенатқа бес жылдан аса төрағалық еткен, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің басшысы болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевты ауыстырды.

«Сенат Төрағасы Президентке ағымдағы заң шығару қызметі туралы баяндады», - деп көрсетілген мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланған хабарламада.

 

 

Елбасы Сенат төрағасын қабылдады

 

/«Қазақстан» ТРК, 05.05.2011 ж./ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Сенат төрағасы Президентке ағымдағы заң шығару қызметі туралы баяндады.

 

 

Елбасы қабылдады

 

/«Егемен Қазақстан», 06.05.2011 ж./ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Сенат Төрағасы Президентке ағымдағы заң шығару қызметі туралы баяндады.

 

 

Қазақстан мен Литваны ортақ тарих, өзара мүдде және тату көршілестік

дәстүріне негізделген көп жылғы достық және ынтымақтастық байланыстырады –

Елші Рокас Бернотас

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж./ - Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтановтың Литва Республикасының Қазақстандағы Елшісі Рокас Бернотаспен кездесуінде

Қазақстан мен Литваның екіжақты қатынастарын, оның ішінде Парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

 Қ.Сұлтанов атап өткендей, Қазақстан мен Литваны дағдылы достық қатынастар байланыстырады, осы елдерде өзара тиімді ынтымақтастық үшін барлық жағдайлар жасалған. Мемлекетаралық байланыстардың түрлі деңгейіндегі қарым-қатынастары белсенді түрде өрістеп келеді.

Сенатордың айтуынша, Парламентаралық байланыстар екіжақты Қазақстан-Литва ынтымақтастығының маңызды бөлігі болып табылады.

Сенатта Литва Сеймімен ынтымақтастық тобы жұмыс істеп келеді. Литва Республикасының жоғары заң шығару органында да қазақстандық Парламентшілермен достық және ынтымақтастық тобы бар.

«Қазақстан мен Литваны ортақ тарих, өзара мүдде және тату көршілестік дәстүріне негізделген көп жылғы достық және ынтымақтастық байланыстырады», - деді Р.Бернотас.

Дипломаттың айтуынша, Қазақстан мен Литва өзара саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара табысты іс-қимылға арналған зор әлеуетке ие. «Жоғары деңгейде қол жеткен уағдаластықтар осы әлеуетті іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Литва дипломаты.

 

 

Өңірдегі күре жолдар жөнделіп, баспанасыздарға пәтер берілмек

 

/«Қазақстан» ТРК, 05.05.2011 ж., Ш. Қожаев/ - 40 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген Омбы-Майқапшағай халықаралық тас жолының Семей мен Қалбатау арасы алдағы 3 жылда толық жөнделетін болды.  Былтыр күзде басталған күрделі жөндеу жұмыстары биыл қайта жалғасты. 150 шақырым жолдың ескі тасын алып, жаңасын төсеу үшін ел қазынасынан 3 жарым миллиард теңге бөлінді. Жол құрылысы келер жылдың аяғына дейін бітеді деген жоспар бар.

Омбы мен Майқапшағайды жалғап жатқан халықаралық тас жолда күндіз-түні көлік үзілмейді. Өйткені, Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы сауда қазірде қызып тұр. Алайда, осынау жұмысты ширатуға Семей мен Қалбатау арасындағы жол кедергі. Бір жарым сағат қана жүретін 150 шақырымды көліктер 4-5 сағатта әрең өтеді. Тоғыз жолдың торабындағы жолды жөндеу мәселесі кейінгі 3 жылда Парламентте бірнеше рет көтерілді. Ақыры шешімін тапты.

Нұртай Сабильянов, ҚР Мәжіліс депутаты:

Семей-Қалбатау жол учаскесіне 2010 жылы 1 миллиардтан артық ақша бөлінген, биыл 2 миллиардтан артық ақша қарастырылып отыр. Яғни, бұл осы жолды қайта салып шығуға толық мүмкіндік бар деген сөз. Ендігі жылы да бұл жол жалғастырылады. Бірақ, халықтың сұрап отырғаны - осы жұмысты сапалы, жақсы жасап, халықтың игілігіне жарату.

Жарма ауданындағы Қалбатау, Шар, Шуақ және Бірлік ауылдарында болған кездесулерде Елбасының үстіміздегі жылғы Жолдауы, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданып жатқан заңдар, «Нұр Отан» партиясының атқарып отырған жұмысы туралы әңгіме болды. Ауылдағы ағайынның көкейіндегі күпті мәселелерді де тыңдалды. Шуақ ауылында 5 бірдей түзеу мекемесі орналасқан. Бас бостандығынан айрылғандарды күзететін 5511әскери бөлім қызметкерлерінің қазіргі көкейкесті мәселесі баспана болып тұр.

Руслан Абылғазин, 5511 әскери бөлімі командирінің орынбасары

Шуақ ауылындағы әскери қызметкерлердің 70-ке жуығы баспанасыз. Олар пәтер жалдап тұрады. Тұрғылықты үйі жоқ болғандықтан, әскерилердің отбасы Семей қаласында немесе Қалбатау ауылында тұрады. Қызметкерлердің көбі 40-50 шақырым жердегі ауылда тұрады. Күнделікті жұмысқа қатынаудың өзі қиын оларға.

Шуақ ауылында 5 қабатты 7 үй бар. Ол осыған дейін иесіз болатын. Биыл аудандық әкімдік бұл тұрғын үйлерді өз қарамағына алмақ. 447 пәтер толық жөндеуден өткенен кейін кезекте тұрған 240 адам осы жерден үй алатын болады. Сондай-ақ, Шуақтағы жылу желілерін жаңалау үшін облыстық бюджеттен 425 миллион теңге бөлінген. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, «Жол картасы», әсіресе, ауылдар үшін әлеуметтік маңызы зор серпіліс болды. Елді-мекендердің екінші тынысы ашылғандай. Елбасының тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамтудың бір жолы да осы.

 

 

Мәжіліс депутаты Қ. Ыдырысов Қызылорда облысының

бірнеше ауданында тұрғындармен кездесулер өткізді

 

/«ҚазАқпарат», 06.05.2011 ж./ - Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құттықожа Ыдырысов Қызылорда облысының Қармақшы ауданында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жүзге жуық адам қатысқан осы кездесуде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жайлы, ауыл шаруашылығына берілетін несиелердің қолжетімсіздігі, ауыз су мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар депутат «Нұр Отан» ХДП-ның Қармақшы ауданының филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өтініш жасаған адамдар электронды сатып алудағы кемшіліктер, ауыз су жайлы мәселелерді қозғады.

Қармақшы ауданы, ІІІ-Интернационал ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Мұнда «Алуан АС» АҚ-ның 12 млн. теңгені құрайтын 6 айдың жалақысын бермей жатқаны жайлы, емхананың құрылысы, аурухананың канализацияның болмауы, ауыз су мәселесі ортаға салынды.

Келесі күні депутат Қ. Ыдырысов Жалағаш ауданы, Ақсу ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. 250 адам қатысқан осы жиында ауыл шаруашылығына берілетін несиелердің қолжетімсіздігі, көшені абаттандыру, инвесторлар, еңбекақыларын уақытында ала алмауы, зейнетақы қорына төлемдердің аударылмауы сөз болды.

Жалағаш ауданының Бұқарбай ауылында мал сою пункті мен биоотын шығаратын зауытының жұмысымен танысып, Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылының тұрғындарымен кездесті. Депутат Сырдария ауданы, Жетікөл ауылында мал сою мен бордақылау пунктінің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар Жалағаш және Сырдария ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.

Құттықожа Ыдырысов Қызылорда қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімімен кездесу жүргізді. Шекарашылар балабақша мен тұрғын үй мәселесін қозғады.

Бұдан соң депутат Қызылорда қаласында салық саласының қызметкерлерімен кездесті. 250 адам қатысқан басқосуда  ҚР Салық кодексі талқыланды. Түрлі ой-пікірлер айтылып, сұрақтарға жауап берілді. Қызметшілер жалақының аздығы жайлы мәселе көтерді.

Сондай-ақ Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.  

Ал 3 мамыр күні Жаңақорған ауданында Мәжіліс депутаты, облыс әкімінің орынбасары мен ауыл шаруашылық басқарма бастығы, ауыл әкімдері, «Нұр Отан» ХДП-ның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, «Казагронесие» АҚ, «Ауыл шаруашылық қолдау қоры», жеке шаруашылықтар қызметшілерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Оған 300 адам қатысып, ауыл шаруашылығына берілетін несиелердің қолжетімсіздігі, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы жайлы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жайлы мәселелер қозғалды.

4 мамырда ҚР Ұлттық Банкінің Қызылорда облысындағы филиалында екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа 150 адам қатысты, онда ҚР-ның қаржы құрылымына қатысты заңдар жайлы сөз қозғалды, тиісті ой-пікірлер айтылып, сұрақтарға жауап берілді.

5 мамыр күні депутат «Нұр Отан» ХДП-ның Қызылорда қаласындағы филиалында азаматтарды қоғамдық қабылдау жүргізді, онда халықты алаңдатып отырған ауыз су, жер телімін беру және өзге де әлеуметтік мәселелерге назар аударылды.

Сондай-ақ депутат осы сапары барысында Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандары аумағында, Қызылорда қаласы төңірегіндегі  «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасының іске асырылуымен танысты. Қызылорда қаласындағы «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасының іске асырылуына мониторинг жасау жөніндегі Қызылорда аймақтық қоғамдық комиссиясының отырысына қатысты.

 

 

Петропавлда ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары

«Нұр Отан» ХДП филиалының активімен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 06.05.2011 ж., С. Кузнецов/ - Петропавлда  5  мамырда ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының облыстық активімен кездесті.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты ел Парламентіндегі фракция жұмысымен және дайындалып жатқан заң жобаларымен таныстырды. Өз сөзінде ол сонымен қатар республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына солтүстікқазақстандықтардың қосып жүрген үлесіне қатысты да өз пікірін білдірді.

Нақтырақ айтсақ, ол: «Қазіргі күні Солтүстік Қазақстан еліміздің қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі. Тәуелсіздік жылдары сіздер аграрлық кешен, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, шағын және орта бизнесті дамыту және өзге де салаларда жақсы нәтижелерге қол жеткізе алдыңыздар. Облыста еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі болып табылатын астық өндіру жақсы дамып келе жатыр» деді.

Үдемелі индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының және өзге де ірі жобалардың  жүзеге асырылуы жайлы әңгіме қозғағанда, Мәжілісмен 48 мың адам жұмыспен қамтылған «Жол картасы-2020» бағдарламасының орасан маңызға ие екендігін атап өтті. Биылғы жылы республикамызда қосымша 40 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Одан кейін Мәжілісмен жиналғандардың сан-салалы сұрақтарына жауап берді.

 

 

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолындағы жерге қатысты даулы мәселелерді

кешіктірмей шешу жолдары «Нұр Отан» партиясының отырысында талқыланды

 

/«ҚазАқпарат», 06.05.2011 ж., Т. Пылаева/ - «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін салу барысында туындаған мәселер талқыланды.

Отырысты ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, жолдың салынуын бақылау жөніндегі республикалық сараптама комиссиясының мүшесі Шалатай  Мырзахметов өткізді.

Отырысқа ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, автомагистарль жолындағы жер учаскелерінің иелері қатысты.

Ш.Мырзахметовтың айтуынша, жер учаскелерін сатып алу ісі автокөлік дәлізіндегі құрылыс қарқынының төмендеуіне себеп болып отыр. «Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары тек ОҚО-да тоқтап қалды. Мен кеше ғана айтарлықтай ұзақ шақырымды учаскеден өтіп, небәрі жеті техника жұмыс істеп тұрғанын көрдім», - деп атап өтті ол.

 

 

Мәжіліс Бюросында дайын заң жобаларының

талқыға шығарылатыны белгілі болды

 

/«ҚазАқпарат», 06.05.2011 ж./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палата бюросының кезекті отырысы өтті.

Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды.

Палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобалары депутаттардың талқысына шығарылатынын хабарлады.

Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» екі заң жобасы күн тәртібіне енгізуге дайын екенін мәлімдеді.

Ал «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді  ратификациялау туралы», «Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы», «2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» жаңа заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселелері күн тәртібіне ұсынылатын болды.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөнінде мәселе қарастырылуда.

 

 

Заң жобаларының дайындығы қаралды

 

/«Егемен Қазақстан», 07.04.2011 ж./ - Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемле­кет­тiк реттеу туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін на­рықтар туралы» Заңға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобалары депутаттардың талқысына шы­ға­рылатынын хабарлады.

Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Беларусь Республика­сын­дағы, Қазақстан Республика­сын­дағы және Ресей Федерация­сындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қа­ғи­далары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызмет­те­рі­не қол жеткізуді реттеу туралы келісімді ратификациялау тура­лы» екі заң жобасы күн тәрті­бі­не енгізуге дайын екенін мә­лім­деді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.

 

 

Мойнақ ГЭС-і биыл іске қосылмақ

 

/«Қазақстан» ТРК, 07.05.2011 ж., Н. Жеңісбек/ - Елдегі ең үлкен су электр станциясы биыл іске қосылады, шамамен жетоқсан айында. Қазір қуаттылығы 300 МВ-ты құрайтын «Мойнақ» су электр станциясындағы құрылыстың 70 пайызы аяқталған. Осындағы қуат көзін өндіретін кешенге сенат депутаттары арнайы барып, құрылыспен танысты.

Мойнақ электр кешені – соңғы 15 жылдағы ең ауқымды энергетикалық жобалардың бірі. Республика бойынша баламасы жоқ бірегей құрылыс нысаны. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында іске қосылатын станция болашақта энергия тапшылығына тоқтау қоймақ. Қазір құрылыстың негізгі кезеңі аяқталған. Су жүретін 9,2 шақырымдық тоннел салынып жатыр. Тастақты-топырақты бөгетте салынып бітті. Сондай-ақ ток өндіретін ГЭС ғимаратын монтаждау жұмыстары да қарқын алған.

Оразалы Қантаев, «Мойнақ ГЭС-І» АҚ бас директоры

Мойнақ ГЭС-нің құрылысының құны 340 млн АҚШ доллары. Бүгінгі күнде соның 70 пайызына жұмыс істелінді. Құрылыстың аяқталу мерзімі Қазақстан егемендігінің 20 жылдығына деп 11 жетоқсанға межелеп отырмыз. 11 желтоқсанда бірінші агрегат 150 мегаваттық іске қосылады. Екінші агрегатты жылдың аяғына дейін 29-30 желтоқсанда іске қосамыз деп отырмыз. Жоспар орындалатынына сенеміз.Барлық жағдайлар жасалынған бүгінгі күнде. 1000 нан артық құрлысшылар жұмыс істеп жатыр.

Жоба «KEGOC» АҚ-ның жеке қаражатына салынып жатыр. Сонымен қатар қосымша қаржыландыру несиелік жүйе бойынша Халықаралық Қайта құру және даму банкіне жүктелген. Бөлінген ақшаның қазір тек 20 пайызы ғана игерілмей тұр. Оған себеп те бар. Қытай, Франция, Австриядан ай бұрын сатып алынған қажетті жабдықтар құрлыс аумағына әлі жеткізілмепті. Бірнеше апта бұрын әкелінуі тиіс құралдар «Қарғос» кеден бекетінен бері аса алмай тұрған көрінеді.

Нұрлан Сүлейменов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Жаңа айтып жатыр. Таможняда біраз осы жерге алып келетұғын керек заттары тұрып қалыпты біраз уақыт. Енді оны біз жаңа оны келістік. Жақын арада біз барғаннан кейін ол мәселені қолға алып, шұғылданып, соны шешетіндей ойымыз бар. Одан кейін тағы да бір шет мемлекеттен келетін мамандардың несі аз дейді. Үш айға ғана жібереді дейді. Соны кішкене визасын көбейтсе дейді. Енді оны да Астанаға барғаннан кейін тиісті министерствамен сойлесіп, соны шешуге әрекет жасаймыз деп ойлаймын. Жаңа өзіміз уәде бердік.

ТМД елдерінің ішіндегі үшіншіСЭС қуаттылығы жағынан аса маңызды нысан. Енді тек қосалқы жұмыстарды жүзеге асыру қалды. Шарын өзенінің сағасында бой көтерген станция келешекте Алматы облысын ғана емес Қазақстанның Оңтүстігіндегі энергия тұтынушыларды да қуат көзімен қамтамасыз етеді.

 

 

«Мойнақ» су электр стансасы

желтоқсанда іске қосылады

 

/«Хабар» агенттігі, 07.05.2011 ж./ - Қазақстанда теңдесі жоқ су электр стансасының құрылысы аяқталуға жақын.

Алайда, құрылыс жұмыстарына қажетті материалдардың басым бөлігі Қытай, Франция, Австриядан тасымалданатындықтан, қажетті құралдардың 3 мың тоннасы «Қорғас» бекетінде тұр. Егер бұл мәселе шешілмесе мамандар нысанды межеленген мерзімінде тапсырып үлгермеуі мүмкін.

Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші:

-2011 жылдың 11 желтоқсанында, сағат 11-де мойнақ су электр стансасы іске қосылады деп жоспарланған. Мұнда өндірілген қуат көзі Алматы, Жамбыл, ОҚ облыстарына таратылады. Су электр стансаның жылдық өндірістік қуаты 300 МВТ. Қазір жоспарланған құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған.

Шарын өзенінде салынып жатқан «Мойнақ» су электр стансасының құрылысы 1985 жылы басталған. Қаржы тапшылығы кесірінен 1992 жылы тоқтап қалған жоба 2006 жылы қайта жанданды. Оған 2005 жылы 21-шілдеде қабылданған «Шарын өзеніндегі «Мойнақ» СЭС құрылысы» жобасын жаңғырту туралы шешім түрткі болды. Келісім бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізушілердің 80 пайызы жергілікті, ал 20 пайызы қытайлық мамандар. Қазір құрал-жабдықпен қатар, білікті мамандар тапшылығы сезілуде. Оларға берілетін виза мерзімі 3 аймен шектеледі.

Стақан Белғожаев, «Мойнақ» су электр стансасының құрылтайшысы:

- Бізге үлкен кедергі болып жатқаны кеден мәселесі. Сосын мына жерде өздеріңіз көріп тұрсыздар, Қытайдың мамандары жұмыс жасайды. Соларды алып келу қиын болып жатыр. Менің негізгі мақсатым халқыма жақсылық келтіру, мәселе сонда.

Нұрлан Сүлейменов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Шет мемлекеттен келетін мамандар аз дейді, үш-ақ айға жібереді дейді. Соны кішкене визасын көбейтсе дейді, енді оны да Астанаға барғаннан кейін тиісті министерствомен сөйлесіп, соны шешуге әрекет жасаймыз деп ойлаймын.

Құрылыс барысымен танысқан Сенат депутаттары осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың сапалы жүзеге асырылғанына көз жеткізді. Қазір 9 шақырымдық тоннельде монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Оразалы Қантаев, «Мойнақ» СЭС АҚ Бас директоры:

-Бұл өздерің көріп тұрған платинамыз 9 балға есептелген. Және қойылып жатқан оборудованиелер, салынып жатқан ГЭС-тің ғимараты ең соңғы талаптарға сай салынып жатыр. Және мұның моделінің барлығы тексеру жұмыстарынан өткен. Соңғы аварияларды ескере отырып, жоспарларға кейбір өзгерістер де кіргізілген.

«Мойнақ» су электр стансасының құрылысы испан, қытай мамандарының жіті бақылуымен жүргізілуде. Жоба құны 340 млн. доллар. Оның іске асуымен оңтүстік аймақтардағы қуат тапшылығы мәселесі шешіліп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

 

 


 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР


 

 

 

Банктердің «бассыздығы» халықтың қалтасын қағып отыр

 

/«Ел» газеті, 26.04.2011 ж., Б. Мақышева/ - Өмір сүру құнының қымбаттауына қазақстандық банк жүйесіндегі жүгенсіздік себеп болып отыр. «Қазақша» банктерге осындай диагноз қойған Мәжілісмен Ирак Елекеев қаншама бизнесмендердің бағын байлап, үлескерлердің үмітін үзуге шақ қалған тым жоғары пайыздық ставкалар мәселесін Парламент қабырғасында талқыға салды.

Айта-айта ауыз талып, жаза-жаза жауыр болған банк саласындағы бассыздық әйтеуір халық қалаулыларының құлағына жетіпті-ау… «Ештен кеш жақсы» демекші, «халықтың толассыз арыздарынан кейін, сондай-ақ үлескерлердің шерулері мен жарыса басылған БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан кейін» бұл мәселеге көңіл бөлген Елекеев мырза сәрсенбілік Мәжіліс отырысында Үкімет басы мен Ұлттық Банк төрағасының атына сауал жолдады.

«Бүгінгі таңда банк саласындағы жағдайды жақсы деп айтуға ауыз бармайды. Несие берудегі жоғары пайыздық ставкалар тек банктерге ғана табыс әкеліп, азық-түлік, тұрғынүй, қызмет және т.б. құнын көкке көтеруде. Кәсіпкерлер де бизнес-жобасын жүзеге асыруда тығырыққа тіреледі. Өз қаражаты жетпегендіктен банктің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Бұл дегеніңіз, оның құны қарыз алмаған бәсекелестеріне қарағанда 20 пайызға қымбат болады деген сөз. Дәл осы ставка мөлшерімен ғана банктер несие беруге әзір», – деген Елекеев мырза бұл жағдаймен онсыз да «беске» таныс әріптестерінің «көзін ашпақ» болды.

Бұл күрделі «өрмекші» біраз бизнестің тасын өрге домалатуға кедергі келтіріп отырғаны рас. Коммерциялық банктердегі пайыздық төлемдердің жоғарылығы сонша, «екі-үш жылда бірақ өтелетін кез келген бизнес-жоба өз маңызын жояды». Мемлекеттік экономиканың шашбауын көтерудің орнына жеке құлқынын қанағаттандыруға көбірек мән беретін жеке банктер кейін дағдарыспен бетпе-бет жүздесіп қалғанда сол мемлекеттен ұялмай жәрдем сұрайтыны тіпті ақылға қонымсыз. Дәл сол дағдарыс шарпыған уақыттарда батпаққа батқан бірқатар банктерді құтқару процессінің куәсі болған едік. Үкімет мемлекеттік экономикамен қатар екінші деңгейлі банктердің бетін бері қарату үшін қосымша қорлар, даму банктерін жасақтаумен қаншама күш-жігер, қаражат жұмсады. Алайда мемлекеттің жасаған жақсылығын есін жиып алған банктер тез ұмытқанға ұқсайды. Себебі, «баяғы жартас, сол жартас» демекші, несие беруде де, ипотека үлестіруде де қарапайым халық үшін еш оң өзгеріс байқалмайды. Ал қалтамызды қауып дағдыланған пайыздық мөлшер баяғы жаман әдетінен биыл арылатын түрі жоқ.

«Бізге қорлардың, даму банктерінің қажеті қанша, онсыз да елде 37 коммерциялық банктер бар емес пе? Олардың мемлекетті модернизациялауға қандай қатысы бар, егер берген несиелерінің тек 10-15 пайызы ғана өндіріске салынса? Ондаған миллиард доллар қарыздарын өтеу үшін банкирлерге Қазақстанның қандай экономикасы қажет?», – деп таңданды Мәжілісмен.

Халық қалаулысының келтір-ген мәліметтері бойынша, 9-12 пайыздық үстеме ақылы несиеге қол жеткізу үшін кәсіпкер банктен кем дегенде 3 млн. доллардан астам қарыз алуы керек екен. «Күнін әупірім деп әрең көріп отырған шағын және орта бизнес өкілдері не істеуі керек сонда? Қарызын келесі ұрпағына қалдырып кетуі керек пе?», – деді Елекеев.

Елімізде ипотеканың жағдайы да мәз емес. Еуропамен салыстырғанда Қазастандағы ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесін тонаушылық деп айтудан басқа амал жоқ. Оны Еле-кеев мырзадан басқа да шенеуніктер жақсы білетіні анық. Алайда банкке тәуелділік бастарына түспегендіктен мәселені жиырма жыл бойы жылы жауып келеді.

Елекеев мырзаның салыстыруы бойынша, орта деңгейлі еуропалықтың стратегиялық мақсаты – зейнет жасына дейін екі пәтер сатып алу: біреуінде өзі тұрса, келесісін жалға беріп, кәрілікті еш алаңсыз қарсы алады. Ол жақта ипотеканың жылдық орташа мөлшері 4-5 пайызға тең, ал баспананың бағасы Астана мен Алматыдағылармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Жалақы жағын салыстырудың өзі артық.

«Қазақстанда азаматтарға баспана құрылысы мен сатып алу үшін берілген несиелердің орташа пайыздық өсімі 12,2 пайызды құрайды. Қосымша төлемдерді ескергенде оның деңгейі 16-17 пайызға жетеді. Яғни, сол баяғы Еуропамен салыстырғанда біздер жұпыны жалақымызға қарамастан ипотекалық несие бойынша 4-5 есе артық төлеуге мәжбүрміз», – деді депутат.

Біз «пір» тұтатын Еуро Одақ елдерінде пайыздық өсімдер 3,5-тен басталып, әрі кетсе 9 пайыздан аспайды. Мәселен, испандықтар ипотекалық несиені 4,25-4,5 пайызбен алса, гректерге еуромен есептегенде 5 пайыз мөлшерлемемен беріледі. Ұлыбританияда, ең қымбат мемлекет дегеннің өзінде, жылдық өсімі 5,7-ден 6,9 пайыз фунт стерлингке тең ипотекаға оп-оңай қол жеткізуге болады. Біріккен Араб Әмірлігінде ол 6-7 пайызға теңелсе, Болгарияда 8-9 пайызбен үлестіреді. Айырмашылығын айтпаса да түсінікті. Әрине, “әр елдің салты басқа, иттері ала-қасқа» демекші, әр елдің өзіне ыңғайлы банктік жүйесі бар. Алайда ол бір жақты ұстанбаған, халық үшін де, мемлекет үшін де бірдей тиімді. Яғни, «құда да тыныш, құдағи да тыныш». Сондықтан Елекеев мырзаның батыстан үлгі алу жөніндегі ұсынысы кеш түссе де, ештен жақсы.

«Несиелендіруде біз үшін шет елдердің тәжірибесін үйреніп алуға әлі де кеш емес. Банктің қызметі клиент пен оның қажеттілігіне сай икемделуі тиіс. Себебі банктер табысқа жоғары пайыздық мөлшерлемеден бөлек, төмен пайыздық ставкамен берілетін несиелердің санымен де қол жеткізе алады емес пе?», – деген Елекеев мырза екінші деңгейлі бантердің басшыларына қиын-қыстау кезеңде қол ұшын берген мемлекеттің жақсылығын ұмытпау керек екенін де еске салды. Ал мемлекетке айтылған алғыс халыққа көрсетілген оңтайлы қызметпен жүзеге асуы тиіс деп есептейді ел ағасы.

«Пайыздық өсімді төмендеткеннен банктер табыссыз қалмайды. Олар онсыз да ақшаны шетелден 2-3 пайызбен қарызға алады. Оған қоса, пайыздық өсімді азайту несие өтеу мәселесін де шешіп берер еді. Себебі елдер несиені өтегісі келмегеннен емес, өтеуге ақшалары жетпегеннен кейін төлемейді. Сондай-ақ бұл мәселе құрылыс айналасындағы үлескерлердің де уайымын басар еді», – деген ойымен бөлісті Ирак Қасымұлы.

«Қазақстандағы банктердің шын мәнінде қожайыны кім екенін білудің уақыты жетті. Қарапайым халықтың арқасында кім және қалай байып отырғанын ел білсін. Ұлттық банк оларды пайыздық ставканы төмендетуге немесе банк қожайындарын халықтың әлеуметтік осал тұсына материалдық көмек көрсетуіне күштеп көндіруі керек», – деген депутат шетелдік банктерді Қазақстанның есебіне байытпай, онсыз да жет-кілікті отандық қаражатты Отанға жұмыс істету керек екенін баса айтты.

P.S.: Өткен аптадағы Мәжіліс отырысында бұдан бөлек, зейнетақы қоры саласындағы көлеңке тұстар мен даму институттарына бөлінетін қаражаттардың мемлекеттің емес, жеке тұлғалардың мүддесі үшін қызмет жасап жатқан жайы сөз болды. Әрине, олар өз алдына жеке мақаланың жүгі…

 

 

Министр білмегенді Мәжілісмен анықтады

 

/«Алтын орда» газеті, 28.04.2011 ж./ - Елдегі халықтың орталыққа келіп, мұңын шағуға жағдайы келмесе, портфель ұстаған министрлердің елге аяғы тартпайды. Қайтсін, төрешіл шенеуніктен қайыр болмаған соң, өзі сайлаған Парламент депутаттарына көз жасын көл етеді. Осылай Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының жәрдемақыларын уақытында алмаған бір топ көп балалы аналардың көмектесуді өтініп, өзіне жолдаған хатына орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықоваға депутаттық сауал жолдады.

Мәжілісмен бұдан бұрын Үржар ауданының Таскескен, Шолпан ауылдарында тұратын «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерінен жәрдемақыларын уақытында алмағаны туралы келген хаттарына байланысты Бас прокуратураға мәселені тексеруге жіберген болатын. Тексеру барысында прокуратураның анықтағаны: Үржар ауданы зейнетақы төлеу орталығының қызметкерлері бірнеше тұлғаның арыз берген күнінен бастап зейнетақы немесе жәрдемақыларын тағайындау құжаттарының электрондық макеттерін уақтылы қалыптастырмағандықтан, олар заңмен белгіленген тәртіпте облыстың зейнетақы төлеу орталығының департаментіне жолданбаған, яғни дер кезінде шешім шығарылмаған. Ал, құжаттардың электронды макеттерінің жасалмау себебі – зейнетақы төлеу орталығында сканердің болмауы.

Ауданның зейнетақы төлеу орталығында арыздарды қабылдау барысында олардың қабылданғанын дәлелдейтін түбіртек мүлде берілмеген және арыздары оның тіркеу кітабына тіркелмеген.

Осының салдарынан мемлекеттік жәрдемақы алу үшін «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне, 56 көп балалы анаға 2010 жылы 1 млн. 164 234 теңге көлемінде жәрдемақы төленбеген.

Сауалда депутат министрден Үржар ауданы Таскескен, Шолпан және Қарақол ауылдарының «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне төленбей қалған әлеуметтік жәр-демақыларын толығымен төлеп, зейнетақы төлеу орталықтарын қажетті техникалық құралдармен жабдықтау мәселесін шешуді сұрайды.

Министрлік білмей отырған кемшілікті Мәжілісмен анықтады. Мәселенің жай-жапсары белгілі болғанмен, қорытындысы ырың-жырың болып, «шайнап берген ас болмайдының» керімен шешілмей қалып жүрмесе жарады.

 

 

 

 

 

 

Газ шаруашылығы бетімен кеткен

 

/«Алтын орда» газеті, 28.04.2011 ж./ - Республикада жер-жерде газдардың атылуынан адамдар мерт болып жатқанмен, оған селт ете қояр емеспіз. Осыған алаңдаған Мәжілісмен Владимир Нехорошев Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауалмен шықты.

30 наурызда Теміртау қаласында болған оқиға кезінде 5 адамның қаза тапқанын, оның екеуі бала екенін айта келіп, мұның бүкіл елді алаңдатқанын білдіреді. Өйткені соңғы жылдары республикада мұндай жүздеген төтенше оқиғалар болса, өткен жылы тек Қарағанды облысында ғана газдан 19 жарылыс болды.

Трагедияның себебі – тұрмыста газды қолдану кезінде мемлекеттің тарапынан бақылаудың болмауы-нан газ шаруашылығында пайдалану ережелерінің бұзылуы, көпқабатты үйлерде орталықтанды-рылған газбен қамтудың жоқтығы. Неге десек, газотехникалық инспекциялар таратылған өткен ға-сырдың тоқсаныншы жылдарының басынан бастап республикада тұрғын үйлер мен коммуналдық мәні бар нысандарда газды пайдалану қауіпсіздігіне бақылау жоқ.

Екінші қабаттан жоғары пайдалануға рұқсат етілмегенмен, көп-қабатты үйлерде жүздеген мың баллондар бар. Қазір тұрмыстағы газ шаруашылығы бетімен кетіп, газ секторына айналып отырса, оның соңы жақсылыққа апармайды. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрмыста газды пайдалануға бақылаудың газотехникалық инспекцияларын құру туралы Үкіметке бірнеше қайта ұсыныспен шықты.

«2008 жылы Алматыдағы «Хасан Танери» дәмханасында болған кезекті жарылыстан газо-техникалық қызметті құру туралы берген тапсырмаңыз бүгінге дейін орындалған жоқ. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі елді мекендерде газбен жабдықтау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуде өзін уәкілетті орган ретінде көрсете алмай, бұл мәселені шешпеуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың жаңа бағдарламасында газ шаруашылығын жетілдіру қарастырылғанмен, тұрмыста газды қолдану саласын мемлекеттік реттеу туралы нақты ұсыныстар жоқ. Үкімет, жергілікті атқару органдары осылай қарағандықтан, бөтеннің қайғысы мен газ шаруашылығы бүгін ешкімді де алаңдатар емес», деген Мәжілісмен Үкімет басшысына республикада газды тұрмыста пайдалануға қатысты болып жатқан төтенше жағдайлар тікелей өзінің қатысуымен шешуді қажет ететінін, аймақтарда газо-техникалық инспекцияларын құру, шаруашылық нысандардың жауапкершілігін көтеру керектігін жеткізеді.

Ештен кеш жақсы. Бүгінге дейін тұрмыстағы газдан болып жатқан төтенше оқиғаларға мән бермей отырған Үкімет депутат сауалынан кейін қозғалып, жағдайды өзгертсе, жаман болмас еді. Әйтеуір, саусаққа саусақ тигізбей жүрмесе болыпты.

 

 

Құмар ойынын спортқа қосып қойыппыз

 

/«Алтын орда» газеті, 28.04.2011 ж., Р. Әшеева/ - Ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша заңнама жетілді-ріліп, елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынды және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі күшейтілді дегенмен, жағдай болмай тұр. Құмар ойын түрлеріне құмартушылар мен одан пайда тапқысы келетіндер оны ойнаудың небір амал-тәсілдері мен жолдарын ойлап табуда. Осы ретте Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Қызылорда қаласының тұрғындарынан келген хатты негізге ала отырып, құмар ойындары бойынша интернет-клубтары, заңсыз лотереялар мен спорттық поккер ұйымдастырушы мекемелерді тексеру туралы Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияевқа сауалмен шықты.

Тұрғындар хатында кейбір айлакер кәсіпкерлердің «Интернет-клубтардың» атын бүркеніп, елді мекендерде балалардың арасында нақты ақшаға Интернет арқылы «Оn-line» құмар ойындарын ұйымдастыруда екені айтылған. Қызылорда қаласында ғана 100-ден аса Интернет-клубтар бар көрінеді. Ата-аналардың алаңдаушылығы орынсыз емес. Олардың арызы негізінде Қызылорда облысы қаржы полициясының жүргізген оперативтік іс-шаралары барысында облыс орталығының бірқатар Интернет-клубтарында компьютерлермен әртүрлі құмар ойындар нақты ақшаға ойнатылатыны анықталған.

Мұндай ойын орындарына ең көп баратындар – балалар. Бұл жағдай жасөспірімдердің психологиясына, рухани дамуына, сапалы білім алуына кері әсерін тигізуде. Қаупі жағынан құмар ойындарға тәуелділік есірткіге, маскүнемдікке тәуелділіктен кем емес. Осы ойындарға құмар балалар оны ойнау үшін қарызға батып, түрлі қылмыстарға барады. Қазіргі таңда Қазақстан – жасөспірімдер суициді жөнінен үшінші орында. Демек, мұндай психологиялық күйзелістер суицид көлемінің артуына себепші болары сөзсіз.

Интернет-клубтары арқылы балалардың арасында құмар ойындар ұйымдастыру бүкіл Қазақстанға тән және өзекті болып отыр. Көлеңкелі бизнестің өкілдері бұл мәселенің қаншалықты өзекті екендігін түсініп отырған жоқ. Керісінше заңға қайшы әрекеттерге барып, жастардың санасын улауда. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда спорттық поккердің атын жамылып, құмар ойынның жаңа түрі ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Қаржы полициясы органдары тарапынан Астана және Алматы қалаларында астыртын казинолардың қызметіне бүркеме ретінде қолданылған спорттық покер ойыншылары мен әуесқойларының бірнеше бірлестігі, оның ішінде республикалық федерация анықтаған фактілер бар. Құмар ойынның бұл түрлері Астана және Алматы қалалары мен облыс орталықтарында даму үстінде. Бұл да адамдардың аса алаңдаушылығын тудыруда. Елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынғаннан кейін покер кұмарлық туғызатын карта ойынын заңдастыру үшін 2009 жылы жолын тауып, ресми спорт қатарына кіргізілген. Туризм және спорт министрлігіне қарасты мекеменің шешімімен заңсыз, қоғамға теріс әсерін тигізетін ойын түрін заңдастырып қана коймай, енді покерді спорт деп есептеп, оны насихаттауымыз, қолдауымыз, жастарды осы «спортқа» кеңінен тартуымыз керек пе? Біз покерді ақтаудың жолын тауып, заңдастыруға әрекеттеніп жатқанда, көрші мемлекеттер: Ресей, Украина сол 2009 жылы покер ойынын спорт түрлерінің қатарынан шығарып, құмар ойындарға жатқызған еді. Енді сол мемлекеттердің заңсыз әрекеттерге барып жүргендері біздің елімізде «қалтасына пайдалы спортты» ашықтан ашық дамытып жүр.

Қазақстанда Онлайн ойынын ұйымдастырушыларды Интернетке кіріп, бірден табуға болады. Олар жасырынып та жатқан жоқ. Мысалы, http://www.pokerbonus.kz/. Онлайн казинолардың жарнамалары сайттарының ең басты беттерінде.

Сол сияқты тексерушілердің ыңғайын тауып, дәл сондай әртүрлі заңсыз компьютерлік бағдарламаларды қолданатын заңсыз лотерея ойындары да соңғы жылдары көбейіп кетті. Бұл лотереялардың заңнама бойынша қаралған бірде-бір құмар ойыны түріне жатпайтын, ұтыс көлемі алдын ала белгісіз, техникалық кұралы казиноның әдісімен жасалғаны белгілі. Өкінішке қарай бұл жағдайды тек тексеруші мен бақылаушылар ғана көрмей отыр. Аталған мәселелерде «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген бірнеше талаптар бұзылып отыр. Анықтап айтқанда: казино мен ойын автоматтары залдарын арнайы аймақтардан (Қапшағай жә-не Шортанды) тыс жерлерде орналасуына; казино, ойын автоматтары залы, букмекер кеңсесi, тотализатор ойындарынан басқа құмар ойындар, оның ішінде заңсыз лотерея, ақшаға спорттық покер ұйымдастыруға және онлайн-казинолар ашуға; ең бастысы, Қазақстан Республикасының жиырма бiр жасқа дейiнгi азаматтарының құмар ойындарға және (немесе) бәс тiгуге қатысуына тыйым салу.

Ал, бұл – заңның дұрыс орындалуын бақылап, қамтамасыз ететін құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар, жалпы білім беру мекемелері қызметкерлерінің өз міндеттеріне немқұрайды қарауының салдары.

 

 

Құбыр тартуға қаржылық қолдау қажет

 

/«Егемен Қазақстан», 30.04.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Жергілікті жерлер мәселелерінің шешімі сол өңірден шыққан депутаттардың белсенділігіне байланысты. Мұндай белсенділік ең алдымен депутаттық сауалдарда көрініс тауып, олар Үкіметте, басқа да мемлекеттік органдарда талқыланып жатады. Сондай сауалдардың бірін Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Б.Жылқышиев бастаған, О.Рахменбердиев пен Қ.Айтаханов құрамында бар бір топ депутат Премьер-Министрдің атына жолдаған еді.

Депутаттық сауалда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт және Шардара аудандары туралы айтылады. Аталған аудандардағы елді мекендерде темір жол жүйелері жүргізілмеген. Соған байланысты бұл аудандар халқы қысқы отынды уақтылы ала алмайды екен. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, екі аудан халқын газбен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешіліп, ол қазіргі күнде жүзеге асуда. Оған қажетті жобалық-сметалық құжаттар толық дайын болып, құрылыс тиісті орган тарапынан бекітіліп те қойылыпты. Алайда ендігі мәселе – сол құрылыс жұ­мыстарына қаржы бөлгізу. Осыған орай сенаторлар нысандар құрылысына 2011 жылы Республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаржы бөлуге ықпал етуді сұраған. Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарына газ құбырларын жүргізу жобаларын қаржыландыруға қатысты депутаттық сауалға Үкімет басшысы төмендегіше жауап беріпті.

Кәрім Мәсімовтің сөзінен белгілі болғандай, Мұнай және газ министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданын газдандыру жобалары бойынша құжаттардың толық пакетін және салалық сараптаманың оң қорытындысын 2011 жылғы 8 ақпандағы №11-02-459 хатпен, кейіннен 2011 жылға арналған республи­калық бюджетті нақтылау кезінде қарастыру үшін Қаржы министрлігіне тапсырған. Алайда 2011 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде Рес­публикалық бюджет комиссиясы отырысында қолдау таппаған. Есесіне аталған облыстың Қазығұрт ауданын газдандыру бойынша инвестициялық жоба қазіргі кезде қарастырылып жатқаны айтылған. Жауапта Мұнай және газ министрлігінің салалық сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін аталған жоба Қаржы министрлігіне ұсынылатын, 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қалыптастыру кезінде қаралатыны да көлденең тартылыпты. Қалай болған күнде аталған облысқа қарасты Шардара мен Қазығұрт аудандарында табиғи отынның жоқтығы және мұнда халықтың тығыз шоғырлануы газ құбырларын тартудың қажеттігін дә­лелдеуді қажет етпесе керек.

Депутаттардың көтеріп отырғаны да осы мәселе. Сондықтан республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар құрамына еніп жатса, құба құп болар еді. Бұл аталған екі ауданның өркендеуіне, тұрғындар жағдайының жақсаруына мүмкіндік туғызар еді.

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 05.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалығымен Сенатта өткен жалпы отырыста депутат Қ.Баймаханов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдады.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 448 бабына сәйкес, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар арнаулы салық режимін дербес таңдауға құқылы. Корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салық, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібі көзделген.

Алайда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 448 бабының 3 тармағының 3) және 4) тармақшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаны және құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексті күшіне енгізу туралы» заңының 9-1 бабының негізінде Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 448 бабының 3 тармағының 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған.

Осыған орай көптеген ірі ауылшаруашылығы  өнімдерін өндірушілер басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар арнаулы салық режимін қолданып келген.

2011 жылдың 1 қантарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 448 бабының 3 тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес, басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар арнаулы салық режимінің жеңілдіктері мен мүмкіншілігінен айырылып отыр. Атап айтқанда, арнаулы салық режимін қолдану негізінде отандық инвесторларды ынталандыру үшін ауылшаруашылығы өндірісіне инвестицияға тартуға.

Басқа занды тұлғалардың қатысуымен ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің арнаулы салық режимі қызметін тоқтату ауылшаруашылығы саласына инвестиция тартымдылығын төмендетуі мүмкін. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылық өндірісі инвестициялық көлемінің қысқаруына жетелеуі мүмкін.

Осыған байланысты, ауыл шаруашылық өндірісінің инвестициялық ахуалын және тартымдылығын арттыру мақсатында Сізден Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 448-бабының 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларын алып тастау жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймын.

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 05.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалығымен Сенатта өткен жалпы отырыста депутат Қ.Сұлтанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдады.

Құрметті Кәрім ҚАЖЫМҚАНҰЛЫ!

Тәуелсіз мемлекеттігімізге 20 жыл болып, бір ұрпақ өсіп шықса да біздің Үкіметтің уақыт сұранысына жеткізе алмай жүрген аса маңызды мәселесі – мектеп оқушыларына арналған оқулықтар сапасы. Бұл туралы 20 жыл бойына дамылсыз айтылып келеді. Жай айтылып жүрген жоқ, қоғам, ата-аналар тарапынан, БАҚ-да қатаң сын талдауымен толассыз көтеріліп келеді.

Әсіресе бастауыш класстарға арналған танымдық оқулықтар, орта, жоғарғы класстарға арналған тарих, әдебиет, дүниетаным тағы басқа оқулықтар мазмұны жағынан бала, жасөспірім өскін үшін түсініксіз, тартымсыз, дарынсыз жазылғаны туралы шағым, арыздар да жеткілікті. Олардың көпшілігі баланы оқуға ынталандырмайды, қызықтырмайды.  

Елбасы Н.Ә.Назарбаев алдағы 20 жылға стратегиялық дамуымыздың негізгі бағыттарын белгілеп берді. Сол бағыттардың талабына бүгінгі оқулықтар сай келе ме?

Оған нақты сараптама жасалды ма? «Назарбаев-Университеті» де Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің жаңа бағдарламалары оқулықтармен толық жасақталды ма?

Елбасы сондай-ақ болашақ ұрпақты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытуды міндеттеді. Сол оқулықтардың мазмұны қандай?

Бір ғана мысал келтірейін. Еліміздің мектептеріне ұсынылған 6-сыныпқа арналған Ағылшын тілі оқулығын көріңіз. Білім министрлігі бекіткен «Атамұра» баспасынан 2006 жылы шыққан «English» оқулығы, авторлары Т.Аяпова, З.Әбілдаева. Осы оқулық ішінде Ресейге тән мысалдар – адам, жер аттары қаптап жүр.  Ең қиянаты - «Болашақ» деген тарауда, 121 бетте Еуропа, Азия, Африка картасы берілген. Онда Қазақстан атымен жоқ. Ресейдің құрамына кіріп кеткен. Осындай оқулықты Министрлік екінші басылыммен таратқан. Бұл не? Кітап авторлары мұндай картаны қай ғасырдан алған? Немесе Министрліктің біліксіздігі, білімсіздігі ме?  Қолжазбаны қабылдауға немқұрайлылық па? Жоқ әлде, болашаққа жастарды осылай өз Отанынсыз дайындау ма?

Мұндай оспадарлық үшін кім жауап беруі тиіс?

Осы жағдайларды ескере отырып, Үкімет Президент Жолдауына сәйкес арнайы «Оқулық» атты жаңа бағдарлама жасауы орынды болар еді. Барлық оқулықтар түгелдей дерлік өте жоғары дәрежедегі мамандар топтарының сараптамасынан өтуі тиіс. Оқулықтарға байланысты тендерлер түгелдей арнайы бақылауға алынуы қажет.

Оқулық жазатын адамдар шығармашылық топтарға ұйымдастырылып, арнайы аттестациядан өткізілуі тиіс.  Олар әсіресе гуманитарлық, адамның рухани санасы мен дүниетанымын қалыптастырып, сондай-ақ жаңа технологияларға жол ашатын пәндерді қатаң сараптама сүзгісінен өткізіп, Президент айтқан «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауына бейімдеу ісі жүзеге асыру меніңше кезек күттірмес мемлекеттік маңызды міндет.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық  Заңның 27-бабы, 4-тармағына сәйкес жазбаша түрде жауап беруіңізді өтінемін.

 

 

Оқулықтағы сапасыз олқылықтарды жою үшін

«Оқулық» атты бағдарлама әзірленуі керек - Қ. Сұлтанов

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Оқулықтағы сапасыз олқылықтарды жою үшін «Оқулық» атты бағдарлама әзірленуі керек.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Қуаныш Сұлтанов осылай мәлім етті.

«Тәуелсіз мемлекеттігімізге 20 жыл болып, бір ұрпақ өсіп шықса да, Үкіметтің уақыт сұранысына жеткізе алмай жүрген аса маңызды мәселесі - мектеп оқушыларына арналған оқулықтар сапасы. Бұл туралы 20 жыл бойына дамылсыз айтылып келеді. Жай айтылып жүрген жоқ, қоғам, ата-аналар тарапынан, БАҚ-да қатаң сын талдауымен толассыз көтеріліп келеді. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған танымдық оқулықтар, орта, жоғарғы сыныптарға арналған тарих, әдебиет, дүниетаным тағы басқа оқулықтар мазмұны жағынан бала, жасөспірім өскін үшін түсініксіз, тартымсыз, дарынсыз жазылғаны туралы шағым, арыздар да жеткілікті. Олардың көпшілігі баланы оқуға ынталандырмайды, қызықтырмайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев алдағы 20 жылға стратегиялық дамуымыздың негізгі бағыттарын белгілеп берді. Сол бағыттардың талабына бүгінгі оқулықтар сай келе ме? Оған нақты сараптама жасалды ма? «Назарбаев-Университеті» де, Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің жаңа бағдарламалары оқулықтармен толық жасақталды ма? Елбасы сондай-ақ болашақ ұрпақты - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытуды міндеттеді. Сол оқулықтардың мазмұны қандай?», деген сауалдарды алға тартты сенатор.

Бұған орай, депутат бір мысалды да келтірді. Оның айтуынша, еліміздің мектептеріне ұсынылған 6-сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығында нағыз оспадарсыз қате кеткен. Білім министрлігі бекіткен «Атамұра» баспасынан 2006 жылы шыққан «English» оқулығының авторлары Т.Аяпова, З.Әбілдаева. «Осы оқулық ішінде Ресейге тән мысалдар - адам, жер аттары қаптап жүр.  Ең қиянаты - «Болашақ» деген тарауда, 121 бетте Еуропа, Азия, Африка картасы берілген. Онда Қазақстан мемлекеті атымен жоқ. Ресейдің құрамына кіріп кеткен. Осындай оқулықты министрлік екінші басылыммен таратқан. Бұл не? Кітап авторлары мұндай картаны қай ғасырдан алған? Немесе Министрліктің біліксіздігі, білімсіздігі ме?  Қолжазбаны қабылдауға немқұрайлылық па? Жоқ әлде, болашаққа жастарды осылай өз Отанынсыз дайындау ма? Мұндай оспадарлық үшін кім жауап беруі тиіс? Осы жағдайларды ескере отырып, Үкімет Президент Жолдауына сәйкес арнайы «Оқулық» атты жаңа бағдарлама жасауы орынды болар еді», деді сенатор. Оның айтуынша, еліміздегі барлық оқулықтар түгелдей дерлік өте жоғары дәрежедегі мамандар топтарының сараптамасынан өтуі тиіс. Оқулықтарға байланысты тендерлер түгелдей арнайы бақылауға алынуы қажет. Бұдан бөлек, оқулық жазатын адамдар шығармашылық топтарға ұйымдастырылып, арнайы аттестациядан өткізілуі шарт. «Олар әсіресе гуманитарлық, адамның рухани санасы мен дүниетанымын қалыптастырып, сондай-ақ жаңа технологияларға жол ашатын пәндерді қатаң сараптама сүзгісінен өткізіп, Президент айтқан «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауына бейімдеу ісін жүзеге асыру меніңше кезек күттірмес мемлекеттік маңызды міндет», - деді Қ. Сұлтанов.

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат

 

/«Parlam.kz», 05.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалығымен Сенатта өткен жалпы отырыста депутат Қ.Сұлтанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдады.

Құрметті Кәрім ҚАЖЫМҚАНҰЛЫ!

Биыл көрнекті мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткері, ғалым этнограф, тарихшы, ұлтымыздың ұйытқысына айналған, қазақтың ардақты біртуар азаматы Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 80 жыл толады.

Өзбекәлі Жәнібековтың кім екендігін, оның өз Отанына, ұлтына, халқына, әсіресе, ұлттық мәдениетімізге сіңірген қажырлы еңбегін Сізге айтып жатудың өзі артық болар. Бірақ, бүгінгі қоғамға, әсіресе келешек ұрпаққа Ө.Жәнібековтың ұлт тағдыры үшін жасаған игілікті істерін, туған халқының келешегіне деген қамқорлығын, Отанына сүйіспеншілігін, азаматтық болмысын жастардың санасына жеткізу, оның тарихи тұлғалығын марапаттау қажет-ақ.

Бұл мәселелер БАҚ-да көтеріліп, әртүрлі мәдениет қайраткерлері пікірлерін айтып жүр. Осы орайда, Ө.Жәнібековтың 80 жылдық мерейтойын өз деңгейінде өткізу мақсатында арнайы тұлғатану шаралары ұйымдастырылып, Үкімет тарапынан мән берілуі, Астана мен туған жері – Отырарда арнайы ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылуы, сонымен қатар Ө.Жәнібековтың шығармашылық мұрасын жүйелеп, жинағын жарыққа шығару, ол туралы естелік кітап шығару жүзеге асырылса игі болар еді.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, осы маңызды мәселеге көңіл бөліп, құзырлы министрліктер мен әкімдіктерге тапсырма беруіңізді өтінемін.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық  Заңның 27-бабы, 4-тармағына сәйкес жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймын.

 

 

Ө. Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына байланысты

арнайы тұлғатану шаралары ұйымдастырылса игі - Қ. Сұлтанов

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысының сенатор Қуаныш Сұлтанов Үкімет басшысының атына сауал жолдады.

Онда депутат қазақтың ардақты біртуар азаматы Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына байланысты мерейтойды өз деңгейінде атап өту мәселесін көтерді.

«Биыл көрнекті мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткері, ғалым этнограф, тарихшы, ұлтымыздың ұйытқысына айналған, қазақтың ардақты біртуар азаматы Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 80 жыл толады. Өзбекәлі Жәнібековтың кім екендігін, оның өз Отанына, ұлтына, халқына, әсіресе, ұлттық мәдениетімізге сіңірген қажырлы еңбегін Сізге айтып жатудың өзі артық болар. Бірақ, бүгінгі қоғамға, әсіресе келешек ұрпаққа Ө.Жәнібековтың ұлт тағдыры үшін жасаған игілікті істерін, туған халқының келешегіне деген қамқорлығын, Отанына сүйіспеншілігін, азаматтық болмысын жастардың санасына жеткізу, оның тарихи тұлғалығын марапаттау қажет-ақ. Бұл мәселелер БАҚ-тарда көтеріліп, әртүрлі мәдениет қайраткерлері пікірлерін айтып жүр. Осы орайда, Ө.Жәнібековтың 80 жылдық мерейтойын өз деңгейінде өткізу мақсатында арнайы тұлғатану шаралары ұйымдастырылса игі», - деді сенатор. Осы ретте Қ. Сұлтанов, аталған шараға Үкімет тарапынан мән берілуі, Астана мен туған жері - Отырарда арнайы ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылуы керектігін де атап өтті. «Сонымен қатар Ө.Жәнібековтың шығармашылық мұрасын жүйелеп, жинағын жарыққа шығару, ол туралы естелік кітап шығару жүзеге асырылса игі болар еді», - деді ол.

 

 

 


 

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН СҰХБАТТАР


 

 

 

Бүкіл ел болып табиғат апатына ұшыраған батысқазақстандықтарға жан-жақтан

қол ұшын беруде - Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов

 

/«ҚазАқпарат», 25.04.2011 ж., А. Бәймен/ - Жуырда Парламент Мәжілісінің депутаттары Қабиболла Жақыпов, Елена Тарасенко, Аманжан Жамалов, Шавхат Өтемісовтер Батыс Қазақстан облысына іссапармен барып қайтты.

Су апатынан келген зардаптарды өз көзімен көрген депутат Шавхат Өтемісов Ақ Жайық өңірінің бүгінгі тыныс-тіршілігін, табиғат апатының салдарын жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты баяндап берді.

- Шавхат Әнесұлы, өзіңіз жуырда Ақ Жайық өңіріне барып қайттыңыз. Табиғат апатына ұшыраған тұрғындармен жүздестіңіздер.

- Бұл біздің жақта көптен бері болмаған табиғи апат. Қазір арнайы комиссия шығындардың есебін шығарып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша көшіруге мәжбүр болған адамдардың саны 8 мыңның үстінде. 9 мыңдай үйлер, саяжайдағы үйлер суға кеткен. Соның ішінде 1400-ден астамы тұрғын үй. Әрине, бұл тұрғындар үшін өте үлкен қиындықтар туғызып жатыр. Елбасы алғашқы күннен бастап Батыс Қазақстан облысының жағдайын өз қадағалауында ұстап келеді. Президент 870 млн теңге қаражат бөлу туралы Үкіметке тапсырма берді. Ол ақша түсті. Айта кету керек, жергілікті билік тез шара қолданды, мемлекеттік комиссия қаражат мәселесін шешуді жедел қолға алды. Қазір бүкіл ел болып табиғат апатына ұшырағандарға көмектесіп жатыр. Соның арқасында жағдай дұрысталып келеді.

Әрбір облыс 100 млн теңге көлемінде қаржы беруді жоспарлап жатыр. Кейбір облыстар ол ақшаны аударды. Айталық, Маңыстау, Атырау облыстарынан қаржы түскені белгілі болды. Гуманитарлық көмек көрсеткендер де бар. Иманғали Тасмағамбетовтың шұғыл қолға алуымен Астана қаласынан арнайы көмек Оралға жетті. «Елордадан Батыс Қазақстанға» деген ұранмен үш жүк көлігі тұрғындарға бірінші қажетті тауарларды, азық-түлікті алып барды. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары алғашқы лекте көмек қолын созды.

                Сонымен қатар арнайы қор ашылды. Ол қорға қарапайым адамдар да, мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлік ұжымдары да ақша аударып жатыр.

- Жиналған қаражаттың талан-таражға түсіп кетпеуін кім қадағалайды?

- Дұрыс айтасыз. Бұл аз ақша емес. Менің ойымша, арнайы комиссия құрылып, әрбір теңге орны-орнына мақсатты түрде жұмсалуы тиіс. Соны бақылауға алу керек. Бұл жерде «Нұр Отан» партиясы тарапынан да бақылау болады деп ойлаймын.

Осы табиғат апатымен күресу барысында жастардың белсенділік танытқанын арнайы айтып өтуім керек. «Жас Отан» ұйымының жетекшілері Оралға барып, ұран тастап, жастарды Батыс Қазақстан облысына көмектесуге шақырды. Олар жазда құрылыс отрядтарын ұйымдастыруды қолға алып жатыр. Бүгінгі таңда жергілікті жастарды жинап, құтқару шараларын атқарды. Оралдағы «Жас Отан» мен «Жасыл ел» ұйымдары белсенділік танытты. Біз барғанда жастардың ортасында «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешов жүр. Бұл жастардың саяси өскенін, патриоттық сезімдерінің жоғары екенін көрсетті.

- Су алған ауылдарды аралап көрдіңіздер ме?

 - Иә. Депутаттар тобы Тасқала, Зеленов, Ақжайық аудандарында болып, тұрғындармен кездестік. Қалада 16 эвакуациялық пункт ашылған екен, онда уақытша тұрып жатқандармен де тілдесіп, жағдайларымен таныстық. Бүгінгі таңда 1200-дей адам сол пункттерде тұрып жатыр.

Біз барған кезде Тасқала ауданында су  кері қайтыпты. Үйлердің құлап жатқанын көрдік. Біздің жақта үйлердің сыртын ақтап қояды. Судың деңгейі қанша жерге көтерілгенін анық көрдік. Кейбір үйлерде терезесінен асып кетіпті. Шатырына дейін басып кеткен үйлер бар. Олар саман тастан салынған үйлер. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, саман тастан салған үйлер суды бойына сіңіріп тұрады да, су кеткен кезде опырылып құлап түсетін көрінеді.

Ал біздің депутаттардың арасында Шығыс Қазақстан өңірінен келгендер бар. Әріптестерімнің айтуы бойынша, шығыста үйлерді ағаштан жасайды екен. Ол жақта таулы жер болған соң, өзендер тасқыны жиі-жиі болып тұрады. Халық қашан су таситынын алдын ала біліп отырады. Құжаттарын алып, заттарын биікке шығарып қояды. Су келген уақытта кетіп қалады. Тасқын өткен соң, қайтып келіп, есік-терезелерді ашып, үйін кептіріп алады. Сөйтіп, ағаштан жасалған үй құламайды. Сол себепті бұрынғы үйлерінде тұра береді. Келешекте еліміздің өзге өңірлерінде де осындай жайтты ескеру керек сияқты.

- Осы су тасқынының шығу себептері анықталды ма?

- Басты себеп қыстың аяғында, көктемнің басында қар көп жауған. Күн бірден жылып кетті де, қар тез еріді. Жердің тоңы түсіп үлгірмеген ғой. Сондықтан тасқын су бәрін алып кетті. Бәрі ретімен болып отырса, яғни, күн жылынып, тоң түсіп, қардың суы күндіз еріп, түнде қатып, жерге сіңсе, мұндай табиғи апат болмас еді.

Орал қаласы, Тасқала, Зеленов ауданынан кейін үлкен қауіп төндіргені Ақжайық ауданының Алғабас аулы. Сол жерде Қарағай мен Бестоғай мекендері суға кетті. Біз барғанда айналысы суда тұр. Кейбір адамдарды тікұшақ арқылы құтқарған екен. Тікұшақ қонатын жер де қалмаған, 80-нен астам адамды құтқару баспалдағымен көтеріп алыпты.

- Суға кеткендер жоқ па?

- Құдайға шүкір, әзірше адам шығыны жоқ. Малдары мен техникалары суға кеткендер аз емес. Қазір шығын есептеліп болған соң, бюджеттен де қаражат бөлінеді деп күтілуде.

 - Батыс өңірінде көлік жолдары қаншалықты зардап шекті?

- Автокөлік жолдарының бұзылғаны бар. Көп жерде қатты толқындар көпірлерді бұзып алып кеткен. Қалаларды, ауылдарды су алмасын деп қоршап қоятын биік жар қабақтар, яғни, бөгеттер бұзылған. Деркөл, Шаған өзендері бөгеттерді бұзып, елді мекендерді су алып кеткен. Оларды жөндеу үшін де қыруар қаржы керек  болады.

- Шешілуі күрделі қандай мәселе бар?

- Тағы бір күрделі мәселе - саяжайда тұрып келген адамдардың жағдайы. Олар жан-жақтан көшіп келгендер ғой. Қаладан үй алуға қаражаттары жетпеген соң, саяжайларды мекендеп келді. Олардың көбінде үйдің меншігіне байланысты құжаттары жоқ. Тұрғынжайға тіркелгені туралы мәліметтері де жоқ. Қазіргідей жағдайда енді мүлдем баспанасыз қалды. Оларды үймен қалай қамтамасыз етуге болады? Мемлекеттен бөлінген қаражатқа үй салынып берілсе, ол ертеңгі күні заңсыз болып шығуы мүмкін.

Сол саяжайдағы бір үйде қанша адам, қанша отбасы тұрды? Құжат болмаған соң, ол жағы да белгісіз. Екінші мәселе осыған келіп тірелуі мүмкін. Осының бәрі көп жұмысты талап етеді. Бірақ, менің ойымша, бара-бара бәрі де ретіне келетін болар. Ең бастысы, қыстың салқыны түскенге дейін қалай болғанда да, табиғат апатынан үйсіз қалғандардың мәселесін толық шешіп беру қажет. Ендігі мақсат бірде-бір адам көмексіз қалмауы керек.

- Биыл облыстың оңтүстіктігіндегі Бөкейорда, Жаңақала, Казталов аудандарын су алған жоқ па?

- Жоқ. Ол жақта басқа қауіп бар. 1993 жылы Қараөзен мен Сарыөзенге су көп келді де, Казталов ауданы су тасқынының астында қалды. Қазір енді өзендерге су келіп жатыр. Соншама төніп тұрған қауіп жоқ. Бақылауда тұр. Егер 1993 жылғыдай тиісті шара алынбаса, ол жақты да су алуы мүмкін.

- Барған сапарыңызда қандай ой түйдіңіз?

- Адамды қиындық біріктіреді екен. Соған біздің көзіміз жетіп отыр. Көрдіңіз бе, бүкіл ел болып табиғат апатына ұшыраған батысқазақстандықтарға жан-жақтан қол ұшын беруде. Ол да біздің қазағымыздың бір ерекше қасиеті. Бұл мақтанышпен айтатындай қайырымды іс. Біздің елде тұрып, өз Отаным деп есептейтін өзге ұлт өкілдері де азаматтық парызын танытуда. Жайық өңірінің тұрғындарына қолдау білдірген барша халыққа ризашылығымызды білдіреміз.

- Жайық өңірінің проблемаларын айтқанда, автокөлік жолдарына тоқталмауға болмас. Осы апаттардың салдарын жою барысында оған да айрықша көңіл бөлу керек сияқты?

- Өкінішке орай республика бойынша автокөлік жолдары ең артта қалған облысқа жатамыз. Бүкіл облыс жолдарының 20 пайызына ғана асфальт төселген! Бұл мәселелерді депутаттар да жиі көтеріп келеді. Жергілікті билік те республика алдына мәселе қойып жүр. Соның арқасында қазір Чапаев-Казталов автожолына қаржы бөлінді. Биылға дейін 40 шақырым асфальт төселді. Үстіміздегі жылы тағы да 40 шақырым жол салынады, оған да ақша бөлінді. Дегенмен осы бағыттағы жұмыстар әлі де белсенді түрде жасалуы керек деп ойлаймын.

Қаратөбе жағына тас жол төселіп бара жатыр. Алайда, бұл жұмыстың басы деп айтуға болады.

- Ал Орда, Жәнібек бағыттары бойынша қашан жол салынады?

- Орал мен Бөкейордасы ауданының қашықтығы 525 шақырым. Соның тең жартысы ғана тас жол. Қалғаны саздан жасалған грейдер. Батыс өңірінен шыққан депутаттар болып бұл мәселені де көтеріп жүрміз.

Қазіргі жоспар былай болып тұр. Алдымен Чапаев пен Казталовты қосу, содан кейін Казталов пен Жәнібекті қосу көзделуде. Одан әрі Бөкейордасы ауданының орталығы Сайқынға шығу жоспары жасалған. Бірақ бұл бағыт 600-700 шақырымдық айналма жол болып кетеді. Тұрғындар үшін өте тиімсіз.

Негізінде халық үшін Бөкейордасы ауданына Жаңақала арқылы бару өте ыңғайлы. Бұл бағытқа жол салу жоспары болғанмен, қаражат әлі бөлінген жоқ.

Сонымен қатар халықтың жол қатынасын жақсартуда темір жол көлігінің тиімділігі орасан зор. Бұрын 1980 жылдардың соңында «Орал-Астрахан» бағытында жүретін тіркемелі екі вагон болды. Ол Бөкейордасы, Жәнібек және Атырау облысының Құрманғазы аудандарының тұрғындарын Оралға жеткізіп тұрды. Өте тиімді еді. Кеңес одағы тараған соң, ол вагондар тоқтап қалды.

Қазір Сайқын, Жәнібек стансаларының үстінен пойыздар жүріп жатыр, бірақ бірі де тоқтамайды. Әлі күнге дейін қанша көтерсек те, бұл мәселе шешімін таппай келеді. Енді осы мәселе шешіле ме деген үмітіміз бар. Біз бұрын мәселе қойғанда, Кеден органдары қарсы дегендей жауап алатынбыз. Енді бір Кедендік одаққа кірген соң, шешілуі тиіс. Шекарашылармен келісуіміз керек.

«Орал-Астрахан» тіркемелі вагондардың неге жүрмей қалған себебін де біздер анықтадық. Экономикалық жағынан есептегенде тиімсіз деген жауап алдық. Ол кезде біздің экономикамыз да дамымаған кезі, халықтың да тұрмысы ауыр болды. Жұмыссыз қалған ауыл тұрғындары қауіпті болса да, арзандау болады деп шағын автобустармен қатынауды жөн көрді.

Ал енді қазір экономикамыз тұрақтылық қалыпқа келді. Халықтың да әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Ауыл тұрғындары мал ұстап, оны сатып, пайдасын көре бастады. Елді мекендер арасында қарым-қатынас та артты. Менің ойымша, сол бірнеше вагоны бар пойызды қазір жіберсе, ол өзінің экономикалық жағынан тиімділігін көрсетер еді. Әрі Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының қарым-қатынасы жақсарар еді. Тіпті Қазақстан мен Ресей арасында жақсы байланыс орнайтыны анық. Жайық өңірі Ресейдің бес аймағымен, яғни, Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор губернияларымен шектесіп жатыр. Шыны керек, соңғы жылдары Ресейде тұратын қазақ қандастарымыздың біздің елдегі туыстарына келіп-кетуі де қиындап кеткен еді. Екі елге ортақ пойыз шықса, бұл мәселе де шешілері сөзсіз.

 - Тек бір-екі қаламен шектелмей, мүмкін Астрахан, Орал, Ақтөбе бағытымен жүретін пойыз шығаруға болатын шығар.

 - Қалай болғанда да, біз экономикалық тиімділігін қарастыруымыз қажет. Екі мемлекетке де, тұрғындарға да пайдалы болатын темір жол қатынасын шығару - кезек күттірмейтін мәселе.

Қазір бір Кеден одағына кірдік. Ертең Біртұтас экономикалық кеңістікке кіргелі отырмыз. Сол кезде Қазақстан мен Ресей арасында жүріп-тұруға ешқандай кедергі болмайды. Мысалы, Оралдың кәсіпкері ешқандай қосымша баж салықтарын төлемей-ақ өз тауарын Астраханға алып барып өткізуіне болады. Сол секілді астрахандық кәсіпкерлер де біздің елде сауда жасауына жол ашылады. Сондықтан екі елдің арасын қосатын поезд керек болады. Осы мәселені біздер көтеріп жүрміз, атқарушы билік нақты істермен айналысуы керек деп ойлаймын.

- Мүмкін Сыртқы істер министрлігі арқылы шешуге болатын шығар?

- Ол министрлік емес, бұл жерде экономикалық мәселе болған соң, біздің Үкімет қолға алуы қажет. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан мен Ресей екі жақты келісімшартқа отыруы керек. Біздің үкіметтегілердің айтуынша, Ресей тарапы қолдаса, бұл мәселені шешуге болатын сияқты.

- Ал сіздер жиі көтеріп жүрген Астана мен Оралдың арасындағы пойыз қатынасы да әлі шешілген жоқ қой?

- Осы мәселемен айналысатын лауазым иелерінің бізге берген жауабында биыл Астана мен Атырау арасына жүретін пойыздың шығарытыны атап көрсетілген. Келесі жылдан бастап Орал мен Астананы қосу жоспарланған. Олардың айтатын басты себебі вагондар жетіспейді. Енді қазір үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде вагон шығаратын зауыт ашып жатырмыз. Соған қарағанда вагондардың жетіспеушілігін шешетін мүмкіндік туады. Сол себепті бұл мәселені тезірек шешуді көздеп отырмыз.

- Ой бөліскеніңізге рақмет.

 

 

Ресейдің Қазақстандағы әскери сынақ полигондарына қатысты

келісімшарттарды үзетін кез жетті ме?

 

/«Алаш айнасы», 26.04.2011 ж., С. Көкенов/:

 

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экология одағының төрағасы:

– Елімізде Ресейдің әскери полигондары аз емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Жезқазған, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында осындай ресейлік әскери жаттығу алаңдары мен нысандары бар. Бұл әскери полигондардағы түрлі жарылыстарды жиі естіп жатамыз. Ресейдің әскери жаттығулар, әскери сынақтары барысында ұшырылған құрылғылары біздің территориямызға құлап жатады. Жуырда ғана баспасөзден Ақтөбедегі шекараның маңында ұшатын аппарат жарылғанын оқыдық. Осының барлығы, алдымен, жергілікті халық, бейбіт тұрғындар үшін, жан-жануар, тіршілік үшін, табиғатымыз үшін қауіп төндіруі мүмкін. Біз, әдетте, тек Байқоңырды ғана тілге тиек етіп, өзге әскери нысандарда не болып жатқанына назар аудара бермейміз. Расында, осы әскери нысандардың санына шектеу қоятын кез жеткен сияқты. Мүлде шығарып жібермесек те, қатаң бақылауға алу керек.

Болат Сайлан, Ауған соғысының ардагері, тарихшы:

– Қазір еліміздің барлық аймақтарында шекаралық бөлісу процесі аяқталған. Демек, қалған құбылыстардың барлығын заңмен реттеуге болады. Дегенмен енді жаттығулар мен сынақ кезінде түрлі қателіктермен еліміздің тұрғындарына, қоршаған ортаға зиян келтірген жағдайда қандай шаралар қолданылатыны жөнінде келісімшарт орнатып алу керек сияқты. Бұрындары жасалған келісімшарттарды жаңа заманның талаптарына лайықтау қажет. Ал, жалпылай алғанда, ресейлік әскери полигондарды мүлде тоқтатып тастау керек деп айта алмаймын. Себебі бұл мәселенің бізге тиімді жақтары да бар. Біріншіден, Ресей сынды әскери мүмкіндігі зор мемлекеттің Қазақстанмен әскери серіктестігі – біз үшін жағымды құбылыс. Екіншіден, біздің Қарулы Күштеріміз сол полигон­дардан тегін тәжірибе ала алады. Үшіншіден, олар әскери полигондарды тегін пайдаланып жатқан жоқ, сол үшін елімізге ақы төлейді. Яғни бұл жағын да салмақтауымыз керек.

Камал Бұрханов, Мәжіліс депутаты:

– Әскери полигон болғаннан кейін ол жерде түрлі оқиғалар орын алуы – заңды нәрсе. Әскери полигон алаңының тұрғындары жоқ далада таңдалуының себебі де – сол. Оның үстіне, Ресей – біздің әскери одақтасымыз. Даладағы әскери жаттығулар мен сынақтар көп жағдайда біздің Қарулы Күштерімізбен, әскерилерімізбен бірлесіп жасалады, жиі тәжірибе алмасулар болады. Алайда әскери полигондарға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына, табиғатымызға зиян келіп жатқан болса, оның да өтемі болуы керек деп ойлаймын. Осы мәселеге қатысты ерекше бақылау орнату керектігімен келісемін.

 

 

Заңдар заманына сай болсын

 

/«Егемен Қазақстан», 26.04.2011 ж., Ж. Самрат/ - Еліміз Тәуелсіздігінің биылғы 20 жылдық мерейтойына орай қос палаталы Парламент құрылғаннан бері Сенаттың ауыстырылмайтын депутаты, «Парасат», «ІІ дәрежелі «Барыс» және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері, ауыл шаруашылығы саласының майталман білгірі Нүсіпжан НҰРМАНБЕТОВТІ әңгімеге тартқанбыз.

– Нүсіпжан Нұрманбетұлы, биыл еліміздің Тәуел­сіздік алғанына 20 жыл толғалы отыр. Сіз заң шығару органының жоғары палатасындағы ең байырғы, ең тәжірибелі сенаторлардың бірісіз. Сіздіңше, біздің еліміздегі пар­ламентаризм ннституты толығымен қалыптасып болды ма?

– Мен 1995 жылы қабылданған Конституцияға сәйкес енгізілген қос палаталы кәсіби Парламенттің жоғары палатасында алғашқы күннен бері келе жатқан депутаттардың бірімін. Сіз бен біздің әңгімеміз еліміз тағы бір асудан асып, Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беру құқы бар Қазақстан халқы түгелге жуық қатысқан кезектен тыс президенттік сайлауда 95 пайыздан артық дауыс беріп, қайта сайлаған сәттен көп уақыт өтпей болып отыр. Сондықтан, алдымен мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне тоқтала кетсем деймін. Өйткені, Қазақстанның Тәуелсіздігі және оның іргесінің нығаюы Елбасының есімімен тікелей байланысты ғой.

– Құлағымыз сізде…

– Екі мәрте – 1993 жылдың желтоқсанынан 1994 жылдың наурызына дейін және 1995 жылдың наурызынан 1996 жылдың қаңтарына дейін ұзақ уақытқа Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы және атқарушы билік тұтасымен Президенттің қолына шоғырландырылды. Н.Назарбаев оны мемлекеттік мүдде тұрғысынан демократиялық институттарды реформалау мен нығайту үшін ақылмен тиімді пайдаланды.

Осы құқығын пайдаланып, Елбасы заң күші бар 147 заңнамалық актілер қабылдады. Осы актілердің бәрі де елімізде экономикалық реформаларды бө­гетсіз жүргізуге жағдай жасады. Соның арқасында Қазақстан инвестициялық жеңілдіктер бере алатын тартымды ел қатарына қосылды. Сырттан кірген инвестицияның арқасында тұралап қалған экономикамызға қайтадан жан бітті. Өмірдің барлық саласында қайнаған тіршіліктің қазаны қайнады. Соның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайы жақсара бастады. Ал мұндай ерлікке екінің бірі бара бермейді. Өйткені, КСРО-ның шекпенінен шыққан бізде сырттан келетін инвестицияға қарсы консервативтік көзқарас әбден шегіне жетіп, шетелдің бәрін жау көріп, олардың капиталы енсе болды, олардың құлақкесті құлы боламыз деген түсінік бекем қалыптасып қалған болатын. Сондай қалыпты бұзып-жарып шығу – тек болашақты тура болжай алатын аса ірі қайраткердің ғана қолынан келетін іс. Біздің Президентіміз нақ сондай тұлға болды. Ал посткеңестік кеңістік­тегі көптеген басқа елдер әлі де нарықтық реформаларға бел шешіп кірісе алмай, жартыкеш шаралармен шектеліп, экономикасын дамыта алмай отырғаны белгілі. Міне, мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ерлігін айрықша бағалаймын. Ол халықтың жарқын болашағы үшін керекті реформаларды батыл жүргізе отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Егер сол жылдардағы батыл реформалар болмаса, Қазақстан бүгінгі табысына әлі де қол жеткізе алмаған болар еді. Халық Нұрекеңнің осындай жұмыстарын жақсы білген соң, оған сенім көрсете береді деп ойлаймын.

– Сіз қатарына енген жаңа сайланған Парламент те сол кездерде Президент бастаған нарықтық реформаларды дамытуға мүмкіншілік беретін жаңа заңдар қабылдай бастады ғой…

– Әрине… Сол кездерді есіме алсам, 1996 жылы біз инвестиция және шетел инвестициясы туралы заң жобасына өзгерістер енгіздік. Осы заңға дейін үкіметтің қаулысымен бекітілген бір реттік рұқсат арқылы көптеген тауарлар кедендік баж салығын төлемей өткізіле берген екен. Кәсіпкерлер кедендік декларациясында құрал-жабдықтар деп көрсетеді де, шын мәнінде өздері халық тұтынатын тауарлар әкеліп, ішкі рынокта сатқан. Осы заңның арқасында осындай келеңсіз істер тоқтатылып, бір реттік рұқсат беру мүлде болмай, бір жылда ғана бюджетке 16 млрд. теңге баж салығы түсті. Ал келесі, 1997 жылы 9 млрд. теңге түскені белгілі болды. Бұл еліміздің экономикалық дағдарыстың қиыншылығын бастан кешіріп, қатты қиналыста жүрген жылдар екенін білесіздер. Осы жылдарда бюджеттен төленетін еңбекақы, зейнетақы, өтемақы төлеу қиындап тұрған еді. Сол кезде мына заңның пайдасы орасан зор болды. Ол бюджеттің толығуына жағдай жасады.

– Қиын кездерді ауызға алғанда тағы да қандай заңдар қабылданып, соның нәтижесінде қандай оң шаралар жасалғанын еске ала аласыз?

– Елімізде нарықтық құбылыстарға жақсы жағдайлар туғызылып, қабылданған заңдарымыз оларға құқықтық жағынан кепілдік берген соң бізге халықаралық қаржылық институттар да сенім көрсете бастады. Соның ішінде Халықаралық валюта қорынан (ХВҚ) 1998 жылы 300 млн. доллар несие алған едік. Бұл да халықтың алдындағы қарызды жеңілдетуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, тиімді, жаңа әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға септігін тигізді. Жалпы айтқанда, бізде 2001 жылдан бастап зейнетақы төлеу дұрыс жолға қойылды. Осы жылдарда біздің Экономика, қаржы және бюджет комитетінің ықпалымен зейнетақы төлеу туралы заң қабылданды. Елбасының тікелей тапсырмасымен дайындалған Ұлттық қор құру туралы заң жобасы да біздің комитеттен өткен еді. Аталған қордың пайдасын кейін халық көрді.

Сондай-ақ, біз халықтың банктерге салған депозиттік салымдарының 2012 жылға дейін сақталуына кепілдік беретін заң қабылдадық, бұл да халықтың салымдарын банктерден жапа-тармағай алуын тоқтатты.

– Ал енді бастапқы сұрағымызға келейік. Сонымен, елімізде Парламентаризм инс­титуты қалыптасып болды ма?

– Парламентаризм институтының қалыптасу жолы оңай болған жоқ, оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің Ата Заңы да екі рет өзгерді. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес еліміздің заң шығарушы жоғары билігі екі палатадан тұратын болды. Бұл көптеген елдердің тәжірибесіне сүйеніп қабылданған шешім еді. Уақыт өте келе өмір талабы, елді демократияландыра түсудің қадамдары соның өзін жетілдіруді қажет етті. Өздеріңіз білесіздер, осы мақсатпен 2007 жылдың мамыр айында конституциялық реформалар жасалды. Жаңа өзгерістерге сәйкес сенаторлардың саны 39-дан 47 адамға дейін арттырылды. Бұл жұмыс ауқымының көбейіп, заңдарды шығару көлемінің ұлғаюына байланысты жасалды. Сенат төменгі палата мақұлдаған заң жобаларын тағы бір қарап, оның Ата Заңымызға, қолданыстағы басқа заңдарға, еліміздің саяси, қоғам­дық және экономикалық мүддесіне сәйкестігін мұқият қарайды. Кейбір заңнамалар жөнінде келіспеушілік білдіріліп, ол қайта қарауға жіберіледі.

Сонымен бірге, Сенатқа жүктелетін айрықша міндеттер де бар. Мәселен, Сенат Жоғарғы Соттың төрағасы мен судьяларын сайлайды және орнынан босатады. Сондай-ақ Президенттің Ұлттық Банк төрағасын, Бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасын тағайындауына келісім береді. Мен Сенаттың байырғы депутаттарының бірі ретінде Қазақстан Парламенті әбден қалыптасып, өзінің қызметін мүлтіксіз орындап келе жатыр деп айта аламын. Әрине, заман тала­бына сай жетілдіру мақсатымен кейбір өзгерістердің болып тұруы заңды. Бірақ, олар қалыптасқан Парламентаризм институтының негізін бұзбай, тек дамыта түседі.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

 

Елбасының сындарлы саясатының арқасында

экономикамыз түзелді

 

/«Айқын» газеті, 26.04.2011 ж., Мәжіліс депутаты Қ. Ыдырысовпен сұхбат/:

 

- Президент сайлауынан кейін өкілеттігін доғарған Үкіметтің басшысы болып Кәрім Мәсімов қайта тағайындалды. Бұл жаңалыққа көпшілік таңғала қойған жоқ. Ал сіз ше? Осы орынға басқа адамды күтіп пе едіңіз?

- Бұл сауалдың жауабын елімізде өткен кезектен тыс Президент сайлауына сүйеніп бергім келеді. Себебі үкіметтің өкілеттігі заңнамаға сәйкес, осы сайлаудан кейін барып тоқтатылды. Бұл сайлауда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлаушылардың 95 пайыздан астам дауысына ие болды. Халықтың басым бөлігінің Мемлекет басшысына сенім білдіруі көп нәрсені аңғартып тұр. Біріншіден, елдегі тұрақтылық, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, экономикамыздың дамуы - мұның бәрін халық көріп-біліп отыр. Бүгінгі таңда дүние жүзінде қаншама оқиғалар орын алып жатыр, Араб елдеріндегі оқиғалардан үйдегі «көк жәшік» арқылы хабардар болып отырмыз. Әлеуметтік жағдайдың төмендігіне наразылық білдіріп жатқан сол елдерді айтпағанда, азуын айға білеген АҚШ та әлі күнге дейін федералдық құжатын бекіте алмай келеді. Өйткені республикашылдар мен демократтар 6 млрд доллар үшін келісе алмай жатыр. Ал Испания мен Португалияда жалақы мен зейнетақы төмендетілді. Біздің елде керісінше көбейтілуде.

Елбасының сындарлы саясатының арқасында экономикамыз түзелді. Бүгінде инвесторлар бізге емес, біз оларға шарт қоятын деңгейге жеттік. Енді дамыған елу елдің көшіне ілігуді мақсат етіп қойып отырмыз. Ал тоқырау жылдарында 50 елдің қатарына қосыламыз деген сөз айтылады деп кім ойлапты? Шыны керек, ол кезде тек күнкөрісті ғана ойладық қой. Ал қазір әлемді шарпыған қаржы дағдарысынан аман шыққан санаулы елдің қатарындамыз. Бұл Елбасы құрған Ұлттық қордың арқасы екенін де айта кеткен жөн. Есте болса, 2007 жылы Парламент сайлауы өткенде оппозиция өкілдері Ұлттық қордағы ақшаны халыққа таратып беруіміз керек деген мәселе көтерді. Сонда бір адамға 17 мыңдай теңгеден келеді екен. Егер сол қаржыны таратып бере салғанда не болар еді? Экономикалық дағдарыстан аман қалуымыз екіталай еді. Міне, сол қордағы қаржыны тиімді жұмсаудың арқасында жалақы мен зейнетақы уақытында төленіп тұрды. Елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама жұмыс істей бастады. Осы істің басы-қасында, Мемлекет басшысы жүрді.

Институтты бітірген 1974 жылдан бері тек қаржы саласында келе жатырмын. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болғанда да экономика саласына басшылық еттім. Сондықтан бұл саланың тыныс-тіршілігінен бір кісідей хабарым бар. Елбасы тапсырмасына сай үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны ұсынған осы Үкімет, бұл - тәуелсіздігімізді сақтайтын бағдарлама. Олай болса, өзі ұсынған бағдарламаны соңына дейін өзі жеткізуі керек деп ойлаймын. Былтыр үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға 870 млрд теңгенің үстінде ақша бөлінді. Ол 99 пайызға орындалды. 150-ден астам өндіріс іске қосылып, 25 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Сондықтан да бағдарламаның соңына дейін іске асқанын қалаймыз. Бұл бағдарлама бойынша Парламент пен Үкімет тығыз байланыста жұмыс істеді. Қажетті заңдарды уақытында қабылдап беріп отырдық. Бұл Үкіметтің тағы бір артықшылығы, Үкімет сағатында міндетті түрде министрлерімен келеді премьер, Үкіметке жолданған хаттарымызға берілген жауапқа Премьер-министрдің өзі қол қояды. Бұл халық қалаулыларына көрсетілген сый-құрмет деп білеміз. Сондықтан Үкімет басшысын қайта ұсыну арқылы Мемлекет басшысы өте дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын.

- Бірақ сіз халық қалаулысы ретінде дәл осы Үкімет ұсынған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын сынап едіңіз ғой? Аталмыш бағдарламаға бөлінген қаржының игерілмей қалғанына қатты қынжылған болатынсыз...

- Сын болмаса іс алға баспайды. Әлде де сынаймыз. Бюджеттен бөлінген қаржы неге жұмсалмай қалады? Үкімет сұраған қаржыны республикалық бюджеттен береміз, ал ол игерілмейді, олай болса, жоба жүзеге аспаған деген сөз. Мәселен, өткен жылы «Бизнес - 2020» жол картасына 30 млрд теңге қаралған болатын. Ең соңында 9 айға деп 13,8 млрд теңге бекітіп бердік. Міне, соның 6,6 млрд теңгесі ғана жұмсалды. 7,2 млрд теңгесі жұмсалмай қалды. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, аймақтардағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген қаржы болатын. Өйткені халыққа алпауыт компаниялардан гөрі шағын және орта кәсіпкерліктен пайда көп. Бүгінгі таңда халықтың 40 пайызы ауылда тұрады. Біз сол халықты жұмыспен қамтуды көздеп едік. Егер сол мақсатта бөлінген қаржы игерілмесе, халық жұмыспен қамтылмаған болып шықпай ма? Әрине, құзырлы орындар қаржының игерілмеуін кәсіпкерлер белсенділігінің төмендігімен түсіндіргісі келеді. Ал кәсіпкерлер болса, бөлінген қаржыны алу үшін түрлі кедергілерге тап болатындарын айтады. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені алғашқыда несие шағын және орта кәсіп иелеріне 12 пайыздың мөлшерімен берілді. Оның 7 пайызын кәсіпкер, 5 пайызын мемлекет төлейтін болды. Бұл қаржы екінші деңгейлі банктер арқылы жүретіндіктен, банк көрсеткен қызметі үшін деп 2 пайыз үстеме қосты. Сөйтіп несие ставкасы 14 пайызға өсіп кетті. Ол аздай, сол несиені алу үшін қаншама құжат өткізу талап етілді. Осының бәрі уақытты алды да, тиісті қаржы тиісті мерзімде кәсіп иелеріне жеткен жоқ. Содан қаржы игерілмей қалды. Біз соны сынадық. Түзесін деп.

- Әлгінде бір сөзіңізде депутаттық сауалымыз жауапсыз қалмайды дедіңіз. Олай болса, үкіметке жолдаған Қызылордадағы экологиялық апат аймағында су ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты сауалыңызға жауап ала алдыңыз ба? Өйткені бұл мәселені Сыр өңірінен сайланған депутаттардың барлығы да көтерген екен.

- Жауап алдым. Бұрын су шаруашылығы республикалық бағыныста болған. Бірақ тоқырау жылдарында жергілікті бюджетке берілген болатын. Ал су шаруашылығының бәрін ұстап тұруды жергілікті бюджет көтере алмайды. Ол үшін миллиардтаған қаржы жұмсауға тура келеді. Ал 15 пайыз ғана кірісі бар облыс үшін мұндай қаржы табу өте қиынға соғады. Сол себепті каналдар мен қашыртқыларды тазалау мүмкін емес. Соның салдарынан барлық канал бітіп қалған-ды. Қазір ол каналдар республикалық бюджетке алынды. 7-9 млрд-тай ақша жұмсалып жатыр. Бірақ Қызылордада әлі де болса иесіз қалған каналдар бар. Сол каналдарды да республикалық бюджетке алсын деген өтініш айтып жатырмыз. Бірақ өкінішке қарай, ол каналдардың құжаты жоқ болып шықты. Кеңес одағы ыдыраған кезде құжаттар ұшты-күйлі жоқ боп кеткен көрінеді.

Сырдың бойында өскен малшының баласымын. Әлі есімде, менің бала күнімде малшылар малға шөп дайындау дегенді білмейтін. Азғантай ғана шөп дайындаса болғаны. Өйткені дария қыстай тасып жатады, ал көктемге қарай өскен шөп 15 шақырымға дейін қаулайды. Сол шөпке жайылған мал керемет семіретін. Қазір осы әңгімені айтсам, басқалар ертегідей көреді. Өйткені Қызылорда облысы аумағының 1220 шақырымын басып өтетін Сыр өзенінің жағасы аппақ сор болып кеткен. Өзен жағасы сорға айналған, бұл - апат қой. Сондықтан қазір үкіметке солтүстік Арал маңайын қайта қарау жобасына байланысты ұсыныс жасаудамыз. Бұрынғы Аралға су жеткізу мәселесін қалай да шешуіміз керек. Бұл - Елбасының назарында тұрған мәселе. Әйтеуір, көңілге демеу болатыны, Кіші Арал орнына келіп, тіршілік жандана бастады. Тоқырау жылдарында Аралдағы үйін 5 мың теңгеге сата алмағандар, қазір сол жерден 5 млн теңгеге үй ала алмайды.

- Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарының қызметін реттеу бойынша тәуекелдерді азайту жөніндегі» заң жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр екен. Сіз осы комитеттің мүшесі ретінде аталмыш заң жобасы қандай өзгерістер әкелетінін айтып беріңізші...

- Бұл - күрделі заң жобасы, бұл жоба 20 заңға өзгеріс енгізуді қарастырады. Ең бастысы, зейнетақы қорларын қадағалауға жол ашылады. Әйтпесе, бүгінгі таңда зейнетақы қорларындағы қаржының қалай жұмыс істеп жатқанын білмейміз ғой. Елбасы биылғы Жолдауында ұлттық компаниялардың он пайыз акциясын халыққа сату туралы айтты ғой. Аталмыш заң жобасында осы мәселе де қарастырылуда. Бұл халық үшін қосымша табыс көзі болмақ. Яғни қазақстандықтар біздің елдегі отандық компаниялармен қатар, шетел компанияларының да акциясын сатып алу құқына ие болады. Яғни қазақ топырағында жұмыс істейтін шет мемлекеттің компаниясына 10-20 пайыз акциясын біздің елдің биржасында сатуға талап қойылады. Олар нарыққа шығарған акциясын біз сатып алмаған жағдайда ғана сыртта сатуға ерікті болады. Жасыратыны жоқ, «қара алтынымыз» - мұнайдың 20 пайызын ғана өзіміз иеленеміз, қалғанының қызығын шетел компаниялары көріп отыр. Енді халыққа сол шетел компанияларының 20 пайыз акциясын пайдалануға мүмкіндік беріледі. Мәселен, қазірдің өзінде Қызылорда облысында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» деген компанияның он пайыз акциясы жұмысшылардың еншісінде. Қазір сол компанияның акционер жұмысшысы жылына 1 млн теңге көлемінде дивиденд алып отыр. Бұл тиісті жалақысына қосымша табыс көзі. Тамаша емес пе?

- Алпауыт компанияның акциясын 5-10 тиынға сатып алмайтынымыз белгілі, оған да әжептәуір қаржы құю керек болады. Сондайда, бетін аулақ қылсын, әлгі компаниямыз банкротқа ұшыраса, акциямыз күйіп кетпей ме?

- Еш нәрсе тәуекелсіз болмайды. Біз сондай тәуекелге баруымыз керек. Болашағы бұлыңғыр компанияның акциясын алмайсыз әрине. Сенімді компанияға саласыз қаржыңызды. Ары кетсе 500 мың теңгеге акция сатып аласыз, ал оны бір жылда ақтап алуға болады.

- Дегенмен де халықтың акционер атануға деген құлшынысын ояту үшін компаниялар жұмысының ашықтығын қалыптастыру керек сияқты. Әйтпесе, банкротқа ұшырадық деп жұмысшылардың акциясын жамбасына басып жатып алса қайтеміз, ол да мүмкін ғой.

- Акционерлер компания есебін талап етіп отырады. Жаңа заң жобасында біз соны енгізіп жатырмыз. Бұл компания жұмысына халықтық бақылауды қалыптастырады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың дамуына да септігін тигізеді. Өйткені акциядан пайда тапқан кәсіпкер банктен несие алмайтын болады. Бұрынғыдай емес, қазір әрбір тиын қадағалауда болады. Мәселен, агроөнеркәсіп кешеніне 130 млрд теңге берілді. Сол ақшаның дұрыс жұмсалуын «Нұр Отан» партиясы жанындағы бақылау комитетінің тәртіптік кеңесі қадағалап отыр.

- Тендерде тауар яки қызмет түріне арзан баға қойғандар ғана жеңіп жатады. Бірақ «арзанның сорпасы татымайды» деген сөз бар емес пе?

- Бәсекеге қабілетті болу үшін бірінші кезекте сапаны көтеру керек. Баға да қолжетімді болғаны ләзім. Сөйтуге тура келеді. Себебі Кедендік одаққа ендік, бәсекені арттыру үшін шекараны ашып отырмыз. Сонда өніміміз бен қызметіміз бәсекеге төтеп беретіндей болуы керек. Болашақта 60 мың тонна ет экспорттаймыз деп отырмыз. Біз бұған мүмкіндігіміз болған соң айттық. Барлық іске бәсеке керек. Қазір 500-600 кәсіпкер тендер алсам деп құжаттарын тапсыруда. Олардың құжаты сараптаудан өтіп жатыр. Өйткені олардың берілген қаржыны қайтара алатынына көз жеткізу керек. Қаншама ақшаның қайтпай жүргенін білеміз ғой. Мысалы, кезінде студенттерге мемлекеттік несие арқылы берілген қаржының 15 млрд теңгесі қайтпай қалды. Жоғарыда айтқан заң жобасында да осы мәселені шешетін толықтырулар енгізіледі. Сөйтіп, кезінде несиемен оқып, қаржысын кері қайтармаған студенттерді анықтауға мүмкіндік аламыз.

- Мемлекеттік несиемен оқыған студенттер ауылда үш жылдай еңбек етсе, несиесі кешіріледі екен деген сөз шығып еді ғой. Ауылда еңбек етіп жатқандар да бір кездегі студенттік несиесін қайтара ма сонда?

- Ауыл жылында ауылда еңбек еткендер де ақшасын қайтаруы тиіс. Өйткені ол жөнінде келісімшарт жасалмаған. Ол кездегі студенттер бүгінде әр жерлерде қызмет етіп жүр. Мекенжайлары да өзгеріп кеткендіктен, оларды табу қиынға соғып тұр. 15 млрд теңге ақша аз емес қой. Мұны «Дипломмен - ауылға» бағдарламасымен шатастырмау керек, өйткені бұл бағдарлама бертінде жасалған. Бұл бағдарламаның ол несиеге қатысы жоқ.

- Мемлекеттік несиемен оқыған студенттердің бәрі де 25 жасқа толғанда жеке куәлігін жаңартты емес пе? Олай болса, олар туралы мәліметтер жеке куәлік алғаннан кейін электронды базаға енгізіледі. Мемлекеттік несие алғандығы туралы жасалған үш жақты келісімдегі студенттің аты-жөнін әлгі электронды базадан анықтауға болады ғой. Сол үшін ғана заңнамаға өзгерту енгізу керек пе?

- Сіз айтып отырған мәліметтер базасына кім көрінген кіре алмайды. Оған заңның рұқсаты керек. Егер біз сол заңды қабылдасақ, жедел енетін боламыз. Менің таңғалатыным, сол несиені кешегі студенттер - бүгінгі азаматтардың өзі қайтаруға ниет танытуы тиіс еді ғой. Ақын Қадыр Мырза Әлі ағамыздың үкілі үзінділерінің арасында «Сауатты болу бір басқа, білгір болу бір басқа» деп жазғаны бар. Бәріміз сауаттымыз, айта аламыз, ал білгір болу жетіспейді-ау деймін. Сол қаржыны қайтармай жүру сананың төмендігінен болса керек. Қазақстаным өркендесін, келешегім, бала-шағам, ұрпағым өссін десе, өзі сол несиені қайтаруға тырысуы керек еді. Мойнымда қарызым бар деп ойламай ма екен? Адам о дүниеге аттанғанда да қарызы бар ма деп сұрайды ғой елден. Қазір сол студенттердің бәрі де қызмет етіп жүр. Жалақысын банк карточкасы арқылы алады ғой. Заңға өзгерту енгізілген соң, несиегерлер туралы мәліметтер банктерге жіберіледі.

- Қаржыгер маман ретінде Қазақстанның алдағы қаржылық ахуалына қандай болжам жасайсыз? Экономикамыздың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін бүкіл цифр қолыңызда тұр ғой...

- Қазақстанның экономикасы алдағы жылдары керемет дамиды. Бір ғана мысал келтірейін, Қызылорда облысының бюджеті 2007 жылы 37 млрд теңге болатын, үш жылда 103 млрд теңгеге өсті. Республикалық бюджеттің көлемі де жыл сайын өсіп келеді. Қазақстаннан басқа қай елде жалақы мен зейнетақыны өсіріп жатыр? Қазақстан жастары халықаралық деңгейдегі білімді өз елінде оқысын деп халықаралық сипаттағы «Назарбаев университетін» ашып жатырмыз. Сол үшін шетелдің майталман мамандарын шақырудамыз. Жастардың өз отанында білім алуы олардың ұлттық сана-сезімін көтереді. Елге қызмет ететін болады.

- Әңгімеңізге рақмет.

 

 

Соттардың жұмысына қоғамдық бақылау жасау мүмкін бе?

 

/«Алаш айнасы» газеті, 26.04.2011 ж., Қ. Әбділдәқызы/ - Жақында кеңейтілген Үкімет Мәжілісінде Мемлекет басшысы: «Соттар атқарушы биліктен тәуелсіз, бұл – анық. Бірақ судьялардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің төмендігінен сот төрелігінің сапасы сын көтермейді. Сот жүйесіндегі, барлық құқық қорғау органдарындағы парақорлықты түп-тамырымен жұлып тастайтын уақыт жетті», - дей келіп, еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге қатысты сот шешімдерін қабылдау да шынайылық пен сот әділдігін арттыру қажеттілігіне тоқталған еді. Осы орайда үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, соттар қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу жайы мамандардың пікір қайшылығын тудырып отыр.

 

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты

Иә

– Соттардың жұмысына қоғамдық бақылау болғаны дұрыс. Және бұл бүгінгі қоғам тала­бынан туындап отырған нәрсе болғандықтан, олардың жұмыс барысына бақылау жасауға болады деп толықтай айта аламын. Негізі, осы уақытқа дейін соттарымыз ешкімге бағынышты болмай, тек қана Конституцияға бағынып келгені рас. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, сот жұмысына олардың жақыны да араласа алмайтындай болуы заңды нәрсе еді. Әйтсе де бүгінгі күні осы салада орын алып жатқан заңсыздықтар қоғамдық көзқарас қажет екенін айқындап берді.  Өйткені бір адамды алдауға болады, екі адамды да алдай салуымыз әбден мүмкін. Ал бүкіл халықты алдау мүмкін емес. Сондықтан қоғамдық бақылау жасау арқылы соттар шешімінің неғұрлым әділ шешілуіне қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. 

 Шыны керек, кеше ғана Жоғарғы соттың алты бірдей судьясының қызметтен кетуі мені қатты қынжылтты. Ең жоғарғы төрелік айтатын, ең әділ деген жоғары санатты қазыларымыз осындай болғанда, басқаларының әділдігіне еріксіз күмән келтіресің. «Ет сасыса тұз себерсің, тұз сасыса не себерсің?» дегендей, енді төрелікті кімнен күтуге болады?! Сондықтан ендігі жерде соттар шешіміне еріксіз араласуға тура келіп тұр. Елбасымыз да осы жайлардың бәрін сараптай келе сот жұмысына қоғамдық бақылау қажет деген шешімге келген секілді. Мен де мемлекет басшысының бұл ұсынысына толықтай қосыламын.

Ал бұл жұмыстардың атқарылу механизміне келер болсақ, үлкенді сыйлап өскен қазақи менталитет үшін бұл аса қиын емес. Мәселен, ауылдық жерлерде сот шешіміне ақсақалдар алқасын неге араластырмасқа?! Кейде ауылға барғанда ауыл ақсақалдарының ел ішінде істі болған тентектер жайлы, «мынаған обал болды» немесе керсінше «мына тентекті тезге салу керек» деп айтып отырған әңгімелерін жиі естиміз. Сот шешімін шығарар алдында осынау ақсақалдар кеңесіне құлақ түрсек, жаман болмас еді. Аудандық, облыстық немесе жоғары соттарға да осындай қоғамдық көзқарас ескерілетін жүйе ойлап табуға болады. Атап айта кетер жайт, соттар жұмысына қоғамдық бақылау жасауға әбден болады. Бақылауға түспейтін нәрсе болмайды, бәрін бақылауға болады. Абай атамыздың айтқан сөзі бар ғой, «тәрбиеге көнбейтін адам жоқ деген адамның тілін кесер едім» деген. Бақылау да – тәрбиенің бір түрі, сондықтан соттар жұмысын бақылауға болады деп айта аламын. Тек оның өзіндік әдісін ойлап табуымыз керек.

Есберген АЛАУХАНОВ, заң ғылымының докторы, профессор

Жоқ

– Соттардың жұмысына қоғамдық бақылау жасау керек деген – қате ұғым. Олардың жұ­мысына қоғамдық бақылау жасау қоғамдық қысым жасау дегенмен тең нәрсе. Сондықтан соттардың жұмысына қоғамдық бақылау жасауға болмайды және бұл мүлдем мүмкін емес нәрсе.

Біріншіден, соттар Елбасының Жарлығымен тағайындалады. Ендеше, олардың жұмысына неге үкіметтік емес ұйымдарды, басқаларды араластыруымыз керек? Онсыз да оларды жоғары сатыдағы соттар қадағалайды ғой. Екіншіден, сот Мәжілісіне прокуратура өкілдері қатысып отырады. Сот шешіміне тікелей ықпал етіп, сот әділдігін бақылап отыру – олардың міндеті. Үшіншіден, сотталушының құқығын қорғайтын адвокаттар да сот жұмысын бақылаушы болып табылады.

 Осылардың өзі-ақ сот жұмысын бақылауға жетіп-артылады. Ендеше, сот жұмысын бақылаушылардың санын одан әрі көбейту соттың шешім қабылдауын күрделендіре түсуі әбден мүмкін. Сот – биліктің бір тармағы, ал оған қоғамдық бақылау жасау бұл қағидаға қайшы келеді.

Негізі, сот мәртебесі туралы заңда оның қызметі толықтай көрсетілген. Сондықтан қо­ғамдық қадағалау деген сөздің сотқа қатысы болмауы керек. Сот ешкімге бағынбауы қажет. Рас, кейде бір соттың шығарған шешімін екінші сот бұзып жатады. Бұл да болса халықтың күдігін күшейтуі әбден мүмкін. Әйтсе де бұл заңның солқылдақтығы немесе соттарымыздың әділдігінің төмендігі емес, істің мән-жайына байланысты деп қарастыру керек. Әр істі қараған кезде сот процесін жүргізушілер олардың әрқайсысын жеріне жеткізіп зерттеу керек. Мәселен, бірінші сатыдағы сотта айтылмаған мән-жайлар кейінгі басқа бір сот процесі кезінде айтылып, алдыңғы соттың шешімі бұзылып жатады. Ал бұл соттың әділдігіне күмән туғызады. Сондықтан осыны ескеру керек. Ал осыған бола сот шешіміне қоғамдық бақылау керек деген үстірт пікір.

Бейтарап пікір

Ғабиден ЖАЙЛИН, заң ғылымының кандидаты:

– Бұл мәселеге екіжақты қарау керек. Жалпы, соттардың жұмысына бақылау жасалуы керек. Әйтсе де мұның нақты бір механизмі әлі күнге болмағаннан кейін, қоғамдық бақылау арқылы бәрін қатырып тастаймыз деп пікір айту қиын. Шыны керек, заңды толығымен бұрмалап, ақылға сыйымсыз шешімдер шығаратын соттарды да естіп қалып жатамыз. Бұл, бір жағынан, заңның солқылдақтығынан болуы да мүмкін. Сондықтан заңдарымызды әлі де болса пысықтап, етек-жеңін жинау қажет. Сондай-ақ бізде сот шешімдері жиі бұзылып жатады. Бұл жерде соттар шығарған шешімдері үшін жауап бермейтінін пайдаланады десе де болғандай. Осы орайда, олардың өз шешімдеріне өздерінің жауапкершілігін арттыру қажет. Соттардың жұмысына қоғамдық бақылау жасауға қоса, осындай жұмыстар атқару қоғамымызда әділ сот шешімдерінің шығуына мұрындық болады деп айта аламын.

 

 

ӨМІР СҮРУ ФИЛОСОФИЯСЫ

Жаңа сапалық деңгейге көтерілді

 

/«Егемен Қазақстан», 26.04.2011 ж., Парламент Мәжілісінің депутаты Ү. Медеуов/ - Әдебиетші емеспін, бірақ метафоралық ұғымның арғы астарын жақсы түсінемін. Бәлкім, оны көпшілігіміз айта беретіндей, көңілдің көк дөненіне теңестіргендігіміз жөн болар. Иә, қалай дегенде де, туған еліңнің бұрын-соңды бастан кешпеген даму үрдісіне күн сайын куәгер болып келе жатқан соң арғы жағынан түйдектеліп келіп қалған ой ағыстарын іркіп қалу да оңайға соқпайды екен. Оңайға түспейді дегенде айтпағым, бұл әлдебір қиялдан туған немесе қолдан иіп әкелген жанама түсінік емес. Және табан астынан адам естімеген жаңалық та қайдан табыла берсін. Қарапайым мысалға жүгінейін, жақында Президентіміздің бастамасымен дүниеге келген «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдің алдыңғы қатарлы оқу орнын бітіріп келген жас жігітпен әңгімелестім. Оның аты-жөнін атамай-ақ қояйын, алғашында жүрдім-бардым тақырыптар төңірегінде біршама пікір алысармыз дегем-ді. Оның үстіне мынадай аласапыран заманда бос уақыт қайда. Жоқ, бастапқыдай емес, бара-бара сұхбатымыздың тақырыбы тереңдей түсті. Жас замандасымның біз бастан кешіп отырған қоғам туралы түсінігі, зиялы қауымға ғана емес, қарапайым адамдар үшін де мұнан былайғы жерде өмір сүрудің оңай болмайтындығы, жер шарының түкпір-түкпірінде болып жатқан толқулар мен апатты жағдайлардың тым жиілеп кеткендігі, шет жұртта білім алып жатқан жастарымыздың өзгелермен салыстырғандағы интеллектуалдық пайымы, білім төңірегіндегі іштей бәсекелестік… қойшы әйтеуір, немкеттілеу басталған әңгіменің аяғы өз-өзінен тереңге тартып бара жатты.

Бұл кездейсоқ кездесу мені де біраз желпіндірді. Желпіндіргенде жас адамның осынша озық дүниетанымы еріксіз таңғалдырды. Алдыңғы буын күнделікті алас-қапас шаруамен сүрлігіп жүріп, кейінгілермен түсіністік жағдайда шешіліп сырласа бермейміз-ау дейтін өкініштің де қылаң бергендігін жасырып қайтейін. Ол сол екінің бірінің қолы еркін жете бермейтін «Болашақ» бағдарламасының тегеурінді бір өкілі ретінде менің көкейімдегіні де дөп басқандай, біраз жайдан хабардар етті. Және нақты деректермен тұздықтап сөйледі. 2005-2010 жылдар аралығында аталмыш бағдарлама бойынша 2204 жас маман бітіріп шығыпты. Бір қуанарлығы, осылардың 1764-і мемлекеттік органдарға, ұлттық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындарға, халықаралық ұйымдарға сан түрлі қызметтерге орналасып үлгерген. 400 жас маманның тағдыры таяу күндері түпкілікті шешілмек. Халықаралық құқық, инжиниринг, теңіз техникасы, атом өнеркәсібі, информатика, нано және биотехнология деген мамандықтарды бұрындары аракідік естігеніміз болмаса, олардың немен айналысатындығын біле бермеуші едік қой. Сол мамандықтар «Болашақтың» арқасында өмірімізге батыл, тың бастамаларымен араласа бастады. Ішім жылып қалды.

– Дұрыс-ақ, құлаққа кіретіндей тұжырым, ал мемлекеттің қаражатымен білім алып, толысып-жетіліп, жеме-жемге келгенде Қазақстанға қайтпай қалатын құрдастарың туралы не айтамыз? – дегем-ді бір оңтайлы тұста.

Ол сәл іркіліп барып, көптің түсінбестікпен айтатын және ескірген ұғымға толыққанды жауап бергісі келгендей, бір сілкініп алды да мынадай тоқтамға келді: – Иә, ондайлар болған, бірақ бірді-екілі кемшілік бүкіл болмысымызға көлеңке түсірмесе керек қой. Сізге ағымнан жарылып, шынымды айтайын. Сол аузымен құс тістеген Лондоныңызда төрт-бес жылым өтті. Мұнан былайғы жерде шетелдерде тұрып қызмет істеу дегеніңіз түк те қызық болмай қалды. Сол сырттағы жағдай біздің туған елімізде бар, инфрақұрылым да, супер талғам, супер мәдениет, супер спорттық жарыстар, тіпті көңіл көтеретін түнгі клубтарға дейін бәрі-бәрі біздің Қазақстанда жетіп артылады. Керісінше, жас адамның жан-жақты жетілуіне, ешбір кедергілерге ұрынбастан ой-өрісін дамытуға, кәсіби біліктілігін шыңдауға, бәсекелесуге, керек болса емен-жарқын пікірталастыруға да Қазақстанда мүмкіндік мол. Қайран қалатыным, біз осы неге жалпақ түсініктің шеңберінен шығып, әлемде болып жатқан күрделі құбылыстарға ойлы көзбен қарауды үйренбейміз. Аға, сіз білесіз бе, қазіргі таңда өмір сүрудің күллі философиясы бүтіндей өзгерді ғой. Және Қазақстанда өмір сүрудің философиясы жаңа сатыға көтерілді. Оны қайталай беретін несі бар, өзіңіз де ол жағын жақсы білесіз…

Міне, ойды ой қозғайды. Қазақстандағы өмір сүру философиясының жаңа сатыға көтерілгендігіне тағы бір дәлел келтірейін. Біз барша халық болып жуырда мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткіздік. Иә, сайлауға таң қалатындай не бар. Бұрындары да талай сайлауларды өткізген жоқпыз ба, бұрындары да «советтік форматтың» тар қамытынан шыға алмастан сайлауға қатысқанбыз. Ал әлемдік масштаб тұрғысынан бағамдағанда қай елде президент сайлауы өтпей жатыр. Көрші елдерде де, мұхиттың арғы жағындағы мемлекеттерде де. Сайлау туралы қалыптасқан түсінікті балталап сындыруың қиын. Осы елдің қарапайым бір азаматы ретінде де, депутат ретінде де байқағаным, «бұл ән өзге әннен өзгеше» дегендей, бұл сайлау өзге сайлаулардан әлдеқайда мәнді, әлдеқайда мағыналы түрде өтті. Сол сайлау күнгі адамдардың сығылысып кезекте тұрғанын көрсеңіз. Бұрын-соңды мұндай кезекті көріп пе едіңіз, көрмек түгілі ойға келмейтін. Демек, қазақстандықтар сайлау жөніндегі жаңа үдерістерді бағындырған, сайлауға деген бұрын-соңды болмаған құлшыныс оянған. Ол ненің құлшынысы? Елбасын сайлау кім үшін, біреу үшін бе? Бұл жердегі басты мақсат – ең алдымен адамдардың өздеріне құрмет жасауы, өздерін қадірлеуі. Алдымен өздерін сыйлауы. Сосын елдің болашағына жүрдім-бардым қарамауы. Біз реті келсін, келмесін патриоттық сезім дегенді көп айтамыз, көбірек қайталаймыз. Ал түсіне білгенге осы төңіректе де патриоттық сезім тұнып тұрған жоқ па?! Тек ендігі жерде осы құбылыстың сиыр­құйымшақтанып сұйылып кетпегендігін тілейік! Бірақ олай жасамау да өзімізге байланысты.

Үлкенімізге де, кішімізге де үлкен серпіліс тудырған бұл сайлауда халық ең басты таңдауын жасады. Болашаққа кіммен бірге барғысы келетіндігін және мемлекетіміздің тағдырын кімге сеніп тапсыру керектігін дұрыс таңдады. Мұны Тәуелсіздігіміздің басты жеңістерінің бірі, бәлкім, бастысы деп бағалағандығымыз абзал. Қазақстандағы өмір сүру философиясының жаңа сатыға көтерілгендігін сірә, бекерден-бекер қадап айтпаған болармын. Яғни, біздің замандастарымыздың өмір сүруге деген талғамы өскен. Міне, сол секілді президенттіктен үміткер төрт бірдей азаматтың ішінен кімді таңдау керектігі де әркімнің өзіне, өзінің азаматтық жауаптылығына байланысты еді. Бұл жауаптылық әрі-беріден соң Отан алдындағы жауаптылықты былай қойғанда, отбасы алдындағы жауаптылық еді ғой. Сайлауға бара жатқан тұста менің ойыма Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына бір жүрекжарды сөзі оп-оңай орала кетті: «Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы қажет!»

Тәуелсіздік тәтті сөз. Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл жиырма жыл. Тарих­тың аумалы-төкпелі доңғалағымен салыстыра безбендесек, бұл тұп-тура көзді ашып-жұмғанша зыр етіп өте шығатын уақыт. Біз, бәріміз осы уақыттың кейіпкеріміз, осы шапшаң уақыт біздің көз алдымызда өтті. Осы мерзім ішінде біз бағындырған биіктер де, асқаралы асулар да, ара-тұра аяқтан тартып қалатын кемшіліктер де бәріміздің көз алдымызда. Біздің бәріміз де осы заманның кейіпкерлеріміз дейтініміз содан. Жиырма жыл. Біздің көз алдымызда болған түбірлі өзгерістерді тіпті тілмен жеткізе айту қиын-ақ. Қиынның қиыны. Міне, осы тәуелсіздік туындысының ешбір жан таласа қоймайтын алғашқы авторы да Назарбаев еді. Тарих халық үшін жасалған игілікті істердің ешбірін ұмытпайды, жадынан да шығармайды. Есім ханның ескі жолы да, Қасым ханның қасқа жолы да, Әз Тәукенің Жеті жарғысы да ел үшін қажет болды. Қалай дегенде де о заманның салмағы да, бет-бейнесі де, тұтас өрлеу дәуірі де бөлек, тым бөлекше еді ғой. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы біз бастан кешкен қиындықтарды кім ұмыта алар. Әрине, бұл дәуір бірден орнай қалған жоқ, жан қинамастан сопаң етіп аспаннан түсе қалған жоқ. Ал оңай келген бақыттың да берер қызығы мен қызуы көп болмайды. Тәуелсіздіктің іргетасын берік қалау үшін түн ұйқысын төрт бөлген, бар қиындықты белі қайыспай елмен бірге көтеріскен атпал азаматтарымыз жетерлік-ті. Бұл жерде әрине, «бас-басына би болған өңкей қиқымдардың» да табылмай қалмағандығын жасыруға болмайды. Басқасын айтпағанда, осы тәуелсіздігімізге күмәнмен қараған, ілгері жылжыған көшіміздің бір жерде ауып қалмай діттіген жеріне аман-есен баратындығына да толық сенімді болмаған мысық тілеулілердің де арамызда жүргендігін елемей кетуге болар ма. Міне, қирандыдан жаңа мемлекеттің қабырғасын қалау, қалап қана қоймай әлемдік өркениеттен ойып тұрып өз орнын иемдену деген ұлы миссия, жасыратыны жоқ, бәрімізден бұрын Назарбаевтың мойнына түсіп еді ғой. Дүкен сөрелерінің бос қалғандығын да біздің тұрғыластарымыз ұмытпаған шығар. Содан тікейдік, содан етек-жеңімізді жинадық, Орта Азиядағы туысқан мемлекеттер арасынан алға шығып, әлемдік қауымдастықта өз орны, өз бет-бейнесі, даму үрдісі бар ауыз толтырып айтарлықтай биіктерді бағындырған Қазақстан деген алып елге ай­налдық. Тек ендігі жерде осыған құдай оң көзімен қарасын деп тілейік.

Қазақстанның аумағы 2 миллион 717 мың шаршы шақырым. Территориясы жағынан әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен осыншама жер көлемін ұрпағына қалдырған ата-баба аманатына адал болу үшін де талай тер төгілді ғой. Ондағы табиғи байлық ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпес үшін де он ойланып, мың толғанатын Мемлекет басшысының экономикалық сауаттылығы мен көреген саясаты ауадай қажет-ақ еді. Инвесторлар тартудағы табандылық пен ілкімділікті айтпаңыз! Мемлекеттік қызметте жүріп те, депутаттық мандат алып та өз басым осы шаруалардың оңайлықпен жүзеге аса қоймағандығын жақсы білемін. Назарбаев «алдымен экономика, сосын саясат» ұстанымынан бір сәт те айныған жоқ, ал осы ұстанымның бүгін де күн тәртібінен түсе қоймағандығын, өміршеңдігін уақыттың өзі дәлелдеп келеді. Ішкі орнықтылық, сыртқы тартымдылық, ұлтаралық келісім – Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдында тағы бір биік мінбеге көтеретін абсолютті шындыққа айналды. Ұлтаралық келісімнің келісті көрінісі көп мемлекеттерге үлгі-өнеге болды, бізден тәжірибе алған, күн өткен сайын тәжірибе алғысы келетіндердің қатарының көбейіп келе жатқандығын мақтанышпен атағандықтың артықтығы жоқ. Экономика саласындағы тұрақтылық, реформа, бизнес, әлеуметтік салалар, білім беру, денсаулық сақтау, тарихи-мәдени мұра, тілдерді дамыту, ауызсу, жұмыссыздықпен күрес, мектеп, аурухана, балалар бақшасы…

Бұл Мемлекет басшысының күн сайын қатаң бақылауындағы проблемалар. Жетістіктеріміз жыл сайын артып келеді, кемшіліктер де жетерлік. Нұрекең әрбір облысқа барған сапарында осы салаларды қатаң бақылауға алады, қатаң қадағалайды, жұмыстарына салғырт қарағандардың арқаларынан да қаға қоймайды, жетістікке жеткендердің де төбелерін көкке жеткізіп мақтамайды. Президент әрнәрсенің орнын, үйлесімін, өз ырғағын біледі. Көп жылғы өмірлік тәжірибе, жастайынан қиындықта шыңдалып болат балқытып, талай рет сан түрлі мемлекет басшыларымен бір үстелдің басында тізе түйістіріп, мемлекеттік мәселелерді оңтайлы шешу, осы секілді толып жатқан мемлекет басшысына тән критерийлер еріксіз осындай ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді, соған жеткізді.

Біз КСРО тарамай жатып-ақ сынақ алаңын жауып, ядролық қарудан бас тартқан елміз. Бұл бастаманы әлем жұртшылығы мойындаған. Назарбаевтың беделі сапалық тұрғыдан тағы да алдыңғы планға шықты, шындығын айтқанда, бұл әлі ешбір мемлекет басшысының ойына келе қоймаған шаруа еді. Нұрекең бұған келгенде де батылдық көрсетті, ешкімге жалтақтаған жоқ, алмас қылыштай бірден кесті. Ал оның нәтижесі адам таңғалатындай зор жетістікке ие болды. Халықтың осы сайлаудағы орасан зор құрметі мен сеніміне ие болған Нұрекеңнің қайбір көрегендік істерін қалай айтып тауысарсыз! Бұл тасқа басылған тарих. Бізден кейінгі ұрпақ бұл тағылымның өздеріне ауадай қажетті тұстарын талай мәрте пайдаға асыратын болады. Бір-біріне мақтанышпен айтып жүретін болады.

Дәл бүгінгі таңда әлемде тыныштық жоқ. Әсіресе, араб мемлекеттерінің арасында болып жатқан кикілжің, басшылық тарапына деген сенімсіздік, ашу-ыза барған сайын ушығып барады. Оған Батыс Еуропа мемлекеттері араласа бастады. Ежел­гі Рим, Иерусалим, Мекке, Медине, Куфа, Лхастағы өмірі бастары бірікпей келе жатқан дінбасылары Назарбаевтың арқасында Астанаға жиналып үш мәрте бас қосты, үш мәрте дінаралық алауыздықты ауыздықтау, жазықсыз қан төгілмеу, қарапайым халықтың күнделікті алаңсыз өмір сүруіне толыққанды жағдай жасау мәселелері төңірегінде келелі әңгіме жүргізді. Бір-бірінің жүздеріне тіке қарасты, қол алысты, достық көңілмен тарасты. Барлығы жиналып бір ауыздан Назарбаевқа жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді. Бұл дүние жүзіндегі дінбасыларының дидарласу дәстүрі мұнан кейін де жалғаса береді. Мұнан кейін де Астана олардың сүйікті басқосу орнына айналып қала береді. Қазақстан үстіміздегі жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етеді.

«Әрдайым жолдың ауырын таңда, ол жолда қарсылық таппайсың», дейтін көрінеді генерал Шарль де Голль. Ойлануыңды қажет ететін тұжырым. Қиын жолдың ауырлығын сезінсек, біз сезінейік. Желіміз оңынан тұрғанда біз бір орында тұралып қалмадық, таңдаған жолымыздың оңай болмасын да бүкіл болмысымызбен сезіне білдік, аздап сүрінген тұстарымыз да болған шығар, бірақ құлағанымыз жоқ. Тек қана алға жылжуды басты мұрат етіп ұстандық. Себебі, бізді қиын жолдардан адастырмайтын Көшбасшымыздың барлығына сендік, Назарбаевтың қажымайтын қайрат-жігеріне иек арттық. Маргарет Тэтчер: «Мен шаршамайынша кетпеймін. Ал Британияға керек болып тұрған кезімде, мен ешқашан да шаршамаймын!» деген екен. Табылған сөз! Ойлы сөз. Артық-кемі жоқ бірден жүрекке қона кететін мағыналы сөз! Даму жолында қарышты секіріс жасаған мемлекеттердің тәжірибесі жеке тұлғаның ел үшін қаншалықты рөл атқаратындығын дәлелдеп-ақ келеді. Конрад Аденауэр, Ли Куан Ю, Франклин Рузвельт, Мұстафа Кемал Ататүрік, Шарль де Голль, Мохамад Махатхир секілді заманынан озып туған көреген-кемеңгер, айрықша қажырлы және табанды көшбас­шылар өз халықтарын тұрақты дамуға, өсіп-өркендеуге және бақуатты тұрмысқа жеткізеді Һәм жеткізіп те келеді. Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­станның туын бұрын-соңды болмаған асқар шыңға шығарып, миллиондаған қазақ­стандықтың жүрегіне келешекке деген нық сенім ұялатып, әлем тарихындағы еңсесі биік тұлғаға айналғандығын әрдайым мақтаныш сезімімен айта беруіміз керек. Иә, ондай мақтан сөзді әрине, Назарбаев керек те етпес, бірақ ұрпақ санасына сіңіру үшін тұлғалық бейнесін айқындай түскен үстіне айқындау түсуіміз қажет-ақ. Одан Назарбаев шалқақтап та кетпейді, аласарып та қалмайды.

Біз өткен жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана саммитін өткіздік. Жай күнделікті кезекті жиын ретінде емес, әлем жұртшы­лығы көз тіккен айтулы саммит ретінде өткіздік. Ұйым пайда болған 35 жыл ішінде алғаш рет ТМД мемлекеттерінің ішінен Қазақстан ғана ұйымға төрағалық ету мәртебесіне ие болды. Астана саммиті төрткүл дүниеге Қазақ елін паш етті. 56 елдің «сен тұр, мен атайын» басшылары келді, келіп қана қойған жоқ өздерінің жас Астанамызға деген, осы іргелі халықаралық істің басы-қасында жүрген, жүріп қана қоймай соны нақты іс жүзінде ұйымдастыра білген Елбасымызға жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді. Әрине, сырттарынан сездірмесе де іштей қызғанғандары да кезікпей қалмаған шығар. ЕҚЫҰ-ның Астана Декларациясы қабылданды. Бұл Декларация тарих бетіне алтын әріптермен жазылып қалды.

Сөйтіп, бұл сайлауда Назарбаев сайлаушылар дауысының 95,55 пайызына ие болды. Әсіресе, жастар айрықша белсенділік танытты. 1059 алыс-жақын шетелдерден бақылаушы келді, Сыртқы істер министрлігінде 200-ден астам журналистер тіркелді. Өзімізді-өзіміз сынауға да шеберміз ғой, ал сол әр мемлекеттен жиналған бақылаушылар сайлау барысынан бәлендей кемшілік таба алмады, сайлау шын мағынасында әлемдік деңгей дәрежесінде өтті деп жатты. Бұл жетістікке қуанбауға бола ма, бұл жетістік үшін бір-бірімізден сүйінші сұрамауға бола ма?! Қазір жан-жағыңызға қараңызшы, әлем елдеріндегі көп жанжалдар әлеуметтік мәселелердің оңды шешілмеуінен, әлеуметтік салаларға мемлекет тарапынан төленетін қаржы көздерінің шамадан тыс қысқарту себебінен туындап жатыр. Бізде шүкіршілік, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы, жәрдемақы, шәкіртақы, әлеуметтік төлемдердің көлемі қысқарудың орнына жылма-жыл көбейіп келеді. Әлемдік дағдарысқа қарамай 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жаңа бағдарламасын қабылдадық. Президент биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында келешегіміздің қандай оңды бағытқа бет түзегендігін тамаша дәлелдермен жеріне жеткізе айтып берді. Бұл айтылған жерінде елеусіз қала беретін бастамалар емес еді. Оның күн сайын, жыл сайын жеміс беріп келе жатқандығын әрбіріміз көріп отырмыз, сезіп отырмыз. Рузвельт бір кездері АҚШ-ты дағдарыстан аман құтқару үшін арнайы «Жаңа бағыт» атты бағдарлама қабылдаған екен. Сол секілді біз де революциялық жолды емес, дамудың эволюциялық жолын таңдадық. Индустриялық-инновациялық жаңару дәл қазіргі кезден-ақ нәтижелі жемістерін бере бастады. Енді «қазақстандық модернизация» деген жаңаша ұғым, жаңаша көзқарас пайда болды. Қазақстандық индустриялық модернизация арқылы әлемдік модерни­зацияға жол ашылады. Саяси үдемелі өзгерістерге мүмкіндік туады. Бұл бастама жоғарғы жақтың қаулы-қарарымен шешілмейді, жоғары биліктің пәрменімен жүзеге аспайды. Процесс тек жоғарғы жақтан басталмауы керек, қатарымызда жүрген қарапайым адамдардың да ынтасы, ыждағаты, белсенділігі алдыңғы қатарға шығуы тиіс. Әне, сонда ғана біз құр айқаймен, құр даңғаза тіршілікпен емес, нақты ісімізбен Президентіміз ұсынған саяси, экономикалық реформаларға үн қатқан боламыз. Және осы рух күшімізбен ұтамыз. Болашақта да нық қадамдар жасаймыз.

Әңгімеміздің басында тілге тиек еткен жас жігіттің «бізде бәрі бар, ендігі жерде шетелге қызығудың ешбір қажеті жоқ» деген ойын еске алайық. Шындық солай, артық айтқандығымыз емес, қазір Қазақстанда адамның жақсы өмір сүруі үшін толықтай негіз жасалған. Өмір сүру философиясы сапалық тұрғыдан өзгерді. Оны ең алдымен Президент сайлауы дәлелдеп берді. Бұрын жұртшылықпен жүздескенде тіршіліктегі түкке тұрмайтын ұсақ-түйектер, жеке бастың шаруалары көп айтылатын. Бүгін олай емес, жеке бастың мүддесін әркім өздері-ақ шешіп алады. Елдік мәселе, халықтық мәселе алға шықты. Әркім қоғамдағы орнын айқындай түсті, босқа уақыт өткізудің де өз басына түк пайда әкелмейтіндігін түсінді. Өздерінің өмірге керектігін барған сайын сезіне бастады. Әр адам – «керек» адамға» айналды. Өмір сүрудің қарапайым философиясын мұнан артық қайдан іздеп табарсыз! Алға ұмтылған ойымыз ісіміз әрдайым оңға баса бергей!

 

 

Түркі тілдес түгел бол

 

/«Егемен Қазақстан», 27.04.2011 ж., Ж. Самрат/ - 2006 жылдың қараша айында Түркияда өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының VІІІ саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын құру туралы ұсыныс жасаған еді. Түрк ПА деп аталған сол ұйым 2008 жылғы 21 қарашада Ыстамбұл қаласында құрылған болатын.

2009 жылы Әзірбайжан астанасы Баку қаласында ұйымның алғашқы отырысы болды. Осы отырыста ұйымның регламенті мен хатшылығы туралы ереже бекітілді. Ал бүгін және ертең Астанада Түрк Па Кеңесінің отырысы мен Түрк ПА-ның ІІ пленарлық отырысы өтеді. Осыған орай біз Түрк ПА-ның қазақстандық делегациясының мүшесі Амангелді МОМЫШЕВКЕ жолығып, ұйым жұмысының барысы және отырыста қаралатын мәселелер жөнінде айтып беруін өтінген едік.

– Меніңше, барлық тараптардың мүддесінен шығып, тиімді жұмыс істеп келе жатқан көптеген мемлекетаралық ұйымдарды құрудың бастамашысы болып жүрген біздің Президентіміз Түрк ПА-ның да өмірге келуі – түркітілдес туысқан халықтар арасындағы интеграциялық үдерістердің тереңдей түсуіне қызмет ететінін көрегендікпен болжаған. Басқалар өзара жақындасудың жолдарын іздеп, бірін бірі қолдап жатқанда, бір атаның баласы болып, бір тіл, бір діл, бір дінмен қалыптасқан түркі халықтары неге өзара жақындаспасқа? Және оның неше түрлі жолдарын, түрлі амалдарын тауып, осы күнгі интеграциялық үдерістердің талабына сай құрылымдар жасалуы керек қой. Бұрын бізде мәдениет ортақтығын және осы сала бойынша жақындаса түсуді көздеген ТүркСОЙ ұйымы болса, ендігі жерде құқықтық, саяси және экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы өзара жақындасудың, ынтымақтасудың маңызы зор. Парламент­аралық ынтымақтасудың әлеуеті мұндай жақындасуларды іске асырудың берік тұтқасы, маңызды институты болары сөзсіз. Сондықтан да мен Түрк ПА-ның болашағы зор, маңызы терең ұйым деп есептеймін. Болашақта ол ЕуроПарламент секілді ықпалды ұйым болар деген үміттемін.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ даласын «Ұлы Түркі елінің қарашаңырағы» деп атаған еді. Қазақтың аса білімді, теңіздей терең дарынды ақыны Мағжан да «Көп түрік енші алып тарасқанда, Қазаққа қарашаңырақ қалған жоқ па?» деп жазған. Тарихтың неше түрлі теперішіне түссе де тәуелсіздігінен айрылмаған жалғыз түркі тілдес ел – Түрік Республикасы болса, оның басшылары болған Ататүрік, одан бергі Тұрғыт Өзал сияқты саңлақтары түркі­лердің өзара бірлестікте, татулық пен туыстық қарым-қатынаста болғанын жақтап келді. Олар қазақ даласын «Ұлы Тұран даласы» немесе «Ана ватан» деп атап бөлекше қадірледі. Бүгінгі таңдағы түркі әлемінің аса ірі қайраткері Нұрсұлтан Назарбаев та сол үрдісті жақтап отыр. Қазір түріктер Моңғолиядағы Күлтегін зиратының басына кесене салуды қолға алуда. Сол жерде мұражай жасап, түркілердің көне тарихынан мол мағлұмат беретін орталық ұйымдастыруды мақсат етіп отыр. Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласынан сол жерге апаратын жолды да жөндеп, жақын жерден ұшақ қонатын орын да ашпақшы. Міне, мұны да түркі­тілдес елдердің ортақ тарихына жататын  маңызды бір іс деп атауға болады.

– Түрк ПА-ға қандай мемлекеттер мүше болып кіреді? Әрбір мемлекеттен оған неше адамнан мүше болады?

– Бүгінгі таңда Түрк ПА-ның құрамына төрт мемлекет мүше болып еніп отыр.  Олар: Қазақстан, Түрік Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Қырғыз Республикасы. Әрбір мемлекеттің ұлттық Парламентінің жеті депутаты ПА мүшесі болып енгізілген. Қазақстан делегациясының төрағасы – Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов. Ал мүшелері қатарында Мәжіліс депутаттары Ұзаққали Елеубаев, Бекболат Тілеухан және мен, ал сенаторлардан Қайрат Ищанов, Ғарифолла Есім және Сәрсенбай Еңсегенов бар. Түркіменстан мен Өзбекстан делегациялары ПА қатарына енуге құлық танытпай отыр. Сонымен қатар, біз соңғы отырыста Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан, Башқұртстан республикалары сияқты түркітілдес республикалар өкілдерін де байқаушы ретінде шақыру қажеттігін айтқан едік.

Бүгінгі таңда Түрк ПА ЕКПА-мен (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) және НАТО ПА-мен өзара ынтымақтастық орнатып үлгерді. Ал Халықаралық Парламент Одағына, ЕҚЫҰ ПА мен ИКҰ-ға байқаушы мәртебесін алды.

– Бакуде болған алғашқы отырыста қандай мәселелер қарастырылып еді?

– Ол отырыста біз Түрк ПА-ның Регламенті мен Хатшылық ережесін қабылдадық. Сонымен бірге, ұйымның Бас хатшысын сайладық. Оған Әзірбайжан өкілі Рамиль Гасанов, ал үш орынбасарының бірі болып қазақстандық Мэлс Семғалиев сайланды. Ұйымның 300 мың еуро көлеміндегі жылдық бюджетін де осы жолы бекіттік. Бас хатшы екі жылдық мерзімге, келесі отырыс болғанша сайланады, биылғы Астанада болатын отырыста жаңа Бас хатшы Қазақстан тарапынан сайланатын болады.

– Бейсенбі күні болатын отырыстың күн тәртібіне қандай мәселелер енгізілген?

–  Ең алдымен биыл тәуелсіздіктерінің 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған түркітілдес елдер туралы баяндамалар оқылады. Онда, әрине, түркітілдес мемлекеттердің өзара интеграциялық байланыстары мен ықпалдастықтарының перспективалары туралы да мәселелер көтерілетін шығар. Жасалған баяндамалар бойынша пікір алысулар да өтеді. Қазақстаннан негізгі баяндаманы жасайтын Мә­жіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов болады. Одан әрі Парламенттік Ассамблеяға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары кезекпен сөйлейді. Соның ішінде Түрік Республикасынан Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Шахин, Әзірбайжан Республикасынан Милли Меджлистің Төрағасы О.Асадов және Қырғыз Республикасынан Жогорку Кенештің Төрағасы А.Келдибеков баяндама жасайды. Шақырылған қонақтар арасынан құттықтау сөздерді Түрк СОЙ Бас хатшысы Д.Қасейінов, Ислам Конференциясы Ұйымы Парламенттік одағының Бас хатшысы Махмуд Эрол Килич, АӨСШК атқарушы директоры Чинар Алдемир, Түркітілдес мемлекеттер ықпалдастық кеңесінің Бас хатшысы Халел Акынжы айтады деп күтілуде.

Қаралатын мәселелер арасында 2011-2012 жылдарға арналған ұйымның бюджеті, ПА регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізулер де бар. Бюджетке салынатын жарналар көлемі әрбір туысқан елдің мүмкіншілігіне қарай бөлінген, соның ішінде, нақты айтар болсақ, Түрік Республикасы – 296, Қазақстан – 148, Әзірбайжан – 74 және Қырғызстан 37 мың еуро көлемінде жарна төлейді. Ал регламентке енгізілетін өзгерістер қатарына тұрақты комиссиялар құру қарастырылған. Бұрынғы регламентте ондай болмаған. Соның ішінде Экономика, сауда және қаржы, Заңнама, Халықаралық істер, Әлеуметтік-мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялар құру көзделуде. Бұлардан басқа да мәселелер қаралатын болады.

Сонымен бірге, күн тәртібіне Түрк ПА-ның төлтаңбасы мен туын бекіту де енгізіліп отыр. Олардың жобаларымен ПА-ға мүше мемлекеттер делегациялары танысып шықты. Отырыс қорытындысы бойынша Астана декларациясы қабылданатын болады. Ал Бас хатшылық осы жолы Қазақстан өкіліне берілетінін жоғарыда айттым, оның бір орынбасарлығына Қырғыз Республикасының өкілі сайланатын болады.

– Парламенттік Ассамблеяның отырысы қай тілде жүргізіледі?

– Қабылданған келісім бойынша делегация мүшелерінің бәрі өз тілдерінде сөйлейді, бірақ түрік және ағылшын тілдеріне ілеспе аударма жасалып отырады. Біздер, Кеңес Одағының шекпенінен шыққан түркітілдес мемлекеттердің өкілдері ілеспе аударманың орыс тілінде де жүруін қалаған еді, сондықтан осы отырыста сөздер орыс тіліне де аударылатын шығар.

– Келетін қонақтарға мәдени шаралар да көрсетілетін болар?

– Әрине, бүгін, яғни сәрсенбі күні олар Тұңғыш Президенттің мұражайында болады. Одан кейін Президенттік мәдениет орталығында болып, кітапхана, мұражай, концерт залдарын тамашалайды. Әсіресе, мұражайдың түбі бір түркі туысқандарға арналып жасалған көрмесі қонақтардың көңілдерінен шығар деген ойдамыз. Мәдени шаралар бағдарламасының аясында қонақтарға «Қазақ елі» монументін таныстыру, «Тәуелсіздік» сарайын көрсету және «Бәйтерекке» шығару қарастырылған. Сондай-ақ олардың «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі де көзделіп отыр. Осы күні қадірлі меймандарды Сенат Төрағасы    Қ.Мәми және Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджанов қабылдайды деп күтілуде. Ал бейсенбі күнгі пленарлық отырыс басталмай тұрып қонақтар «Түркітілдес мемлекеттердің тәуелсіздігі: дамуы және жаңа белестері» атты фотокөрмемен танысатын болады. Сонымен бірге, «Түркі академиясы» қызметінің тұсаукесер рәсімі болады. Ал жалпы отырыс аяқталған соң, түстен кейін делегация басшыларын «Ақордада» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды деп күтілуде.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

 

«Телерадиотарату туралы» заң жобасы

бірқатар қоғамдық ұйымдар арасында талқыға түсті

 

/«Астана» телеарнасы, 26.04.2011 ж./ - Қазақстанда таратылатын шет елдің арналары тегіс байланыс және ақпарат министрлігінде тіркеуге тұруы тиіс. Осылайша олар отандық ақпарат құралдарымен теңестірілмек. Яғни қойылатын талаптарға мойынсұнуы керек. Себебі кабельдік арнаны кәсіпке айналдырғандар кейбір нормаларға құлақ аспай келгенге ұқсайды.

«Бұл бизнес, бәрін бірдей бизнестің қолына беріп қоюға болмайды ғой», - дейді Қазақстан журналистер одағының төрағасы  Сейітқазы Матаев.

Отандық телеарналар 2015 жылға дейін толық сандық жүйеге көшіріледі. Олардың өнімін тарататын операторлардың тарифтерін 2 есеге төмендету көзделген. Осының бәрі  «телерадиотаратылым туралы» жаңа заңда көрініс табады. Дегенмен бұл заң уақытынан 15 жылға кешігіп туды. Әрі оны әзірлеуде мүдделі ұйымдардың ұсыныстары ескерусіз қалып жатыр деген де пікір айтылды.

«Мен бұл хатта айтылғандардың бірқатарымен келісемін. Бірақ біз заң жобасын кеңседе тығылып алып, жазып жатқан жоқпыз. Министрдің блогына жазылған ұсыныстарды ескердік», -дейді Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов.

Кабельдік желі арқылы таратылатын шет елдік арналардың өнімі діни комиссияның сараптамасынан өткізілуі мүмкін.

Байланыс және  ақпарат министрлігі өкілдері заң жобасы отандық арналарды қолдауға бағытталғанын айтады. Дегенмен ол спутниктік және интернет телеарналардың жұмысын реттеуді қамтымаған.

 

 

БЕРІК ҰСТАНЫМ КЕРЕК

«Телерадиохабар тарату туралы» заң жобасы талқыланды

 

/«Егемен Қазақстан», 27.04.2011 ж., Қ. Тоқсанбай/ - Кеше Астанада ЕҚЫҰ және Байланыс және ақпарат министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Телерадиохабар тарату туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.  Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардан, дипломатиялық өкілдіктерден тиісті мамандар қатысты.

Шараны Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев қысқаша сөз сөйлеп ашқан соң, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Александр Кельчевски Қазақстандағы телерадиохабар тарату жүйесінің қазіргі ахуалына тоқтала келіп, заң жобасының негізінен халықаралық талаптарға сай келетінін, әйтсе де,  бүкіл халықтың талқылауындағы жобаның әлі де кейбір тұстарын толықтырып, пысықтай түсу керектігін тілге тиек еткен. Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов «Телерадиохабар тарату туралы» заң жобасының мақсаттары мен міндеттері төңірегіндегі көпшілікті толғантқан мәселелерді егжей-тегжейлі әңгімелеп, дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. «Телерадиохабарларын таратуға арнап  жеке өз алдына заң қабылдаудағы негізгі көзделген мақсат – отандық өнімнің сапасын барынша арттырып, халыққа жоғары деңгейлі қызмет көрсету болып табылады» деді баяндамашы. Заң жобасының ЕҚЫҰ-ның ұстанымдары мен БАҚ бостандығы бойынша халықаралық талаптарға сай келуі тұрғысында ой өрбіткен М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы ақпараттық құқық мәселелері институтының директоры Андрей Рихтер Қазақстанда бұл саланың қарқынды дамып келе жатқанын алға тартса, Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина 2015 жылы республика тұрғындарының 95 пайызға жуығы сандық телеарнамен қамтамасыз етілетінін айта келіп, мұның өзі көрерменнің, тұтынушының таңдауына мүмкіндік туғызатын жетістік деп атап көрсетті. Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева мәскеулік қонақтың алдына діни наным-сенімдерге байланысты ақпарат тарататын арналардың жұмысына байланысты халықаралық ұйымдардың талаптарында қандай да бір айрықша ұстанымдар қарастырылған ба деген негіздегі сұрағын тосса, Қарағандыдан келген «ТV – АРТ» телеарнасының бас директоры Руслан Никонович заң қабылданғаннан кейін аймақтардағы телеарналардың жағдайында қандай өзгерістер орын алуы мүмкін деген ойды көлденең тартты. Журналистер одағы, телерадиохабар тарату ұлттық ассоциациясы, мұнан басқа тағы да үкіметтік емес, коммерциялық ұйымдардың мүшелері заң жобасының кейбір баптарына байланысты туындаған ойларымен бөлісті.

Заң жобасының 23-бабына сәйкес келер жылдың екінші жартысынан бастап еліміздегі отандық бағдарламалардың  кем дегенде жартысына жуығын төл туындылар мен өз орындаушыларымыздың ән-күйлері құрауға тиіс екені мәлім. Ал алдағы қаңтардан бастап қазақ тіліндегі бағдарламалар барлық телерадио хабарлардың 25 пайызын, одан кейінгі жылы 35 пайызын, 2015 жылы тең жартысын құрауы тиіс екен. Кабельдік, спутниктік телеарналар арқылы тарайтын шетелдік өнімдерді қазақ тіліне аударып, халыққа мемлекеттік тілде қызмет жасаудың тың мүмкіндіктері ашылады деген сенім көкейдегі көп үмітті үрлейді. Арналар көркем дүниелер мен  деректі фильмдердің қазақшасын кейде тек жүгіртпе жолдармен алдарқатып қояды, ал мұндай өнімдер келешекте арнайы мамандардың дыбыстық негіздегі дубляжімен беріліп отырса, қазақ тілді тұтынушыға қызмет көрсету сапасы әлдеқайда жоғарылар еді. Телеарналардағы тіл мәселесіне қатысты  елу де елу ұстанымы әлі де сол өткір қалпында, қажырлы іс-қимылды қажет етіп отыр. Қазақ тілінің үлесін түн жарымындағы сапасыз концерттік бағдарламалармен толтыру фактілері әлі күнге дейін орын алып келеді. Талғамға талас жоқ, әрине. Әр көрерменнің өз еркі, қай арнаны қосса да. Алайда, теледидарды рухани терезе десек, ол терезені әркімнің шалдыр-шатпағымен кірлетпей ұстамақ керек қой. Бүгінде кабельді теледидар арқылы жұрт сексенге жуық арнаны тамашалайды. Дені – Ресейдікі. Мәселе онда емес, гәп соларды қазақшалауда. Жалпы кабельдік жүйе арқылы ақпарат тарататын шетелдік арналардың Қазақстан кеңістігіндегі хабар тарату құқығын заңды түрде реттеу мәселесі бұған дейін де біраз басқосудың басты тақырыбы болған. Мәселен, елордадағы онлайн-конференцияда олардың арнайы тіркеуден өту тиістігі көтерілген. Дөңгелек үстел барысында осы ой тағы қозғалды. Өйткені, оларды мемлекеттің қадағалауынсыз қалдыруға болмайды. Мәселен, кей арналардың алкогольді сусындар мен темекі өнімдерін жарнамалауы Қазақстан аумағына емін-еркін таралып жатады.  Ресейде мұндай тауарларды телеарна арқылы жарнамалауға заңды жолмен шектеу қойылмаған. Содан келіп біздегі заң мен шетелдік телеарналар арасында қарама-қайшылықтар туындайды. Бұл – Қазақстан заңын  өзге біреудің аяғымен таптауына жол беріп қою деген сөз. Шетелдік телеарналар тіркеуге алынып, сырттан тасымалданатын өнімге «кеденкөз» орнатылса, мұндай өрескелдіктердің жолы өздігінен кесіліп қалар еді.

Телеарнаны әлемді жаулаған құдіретті құрал десек, ол туралы елімізде қабылданғалы жатқан заңның рөлі өте жоғары екеніне күмән жоқ. Ол арқылы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде ұлттық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мәселесінде жоспарланған көп мәселе тұрғаны анық. Заң жобасындағы әрбір бап проблемалардың жан-жақты зерделеніп жасалғанын аңғартса, ал Қазақстанның бүгінгі таңдағы ұлттық ақпараттық кеңістігі өзге елдердің жағдайымен салыстырғанда, әлі көп тер төгуді қажет етеді, әсіресе, шалғайдағы ауылдарға отандық өнімнің толық жетпей жатқаны қыруар міндеттер жүктейді. Сайып келгенде, әрбір үйдің төріндегі «көгілдір жәшік» арқылы рухани сана мен адами келбет қалыптасып жатыр. Мұны қалай пайдалану үшін де берік ұстаным керек. Сол шешімге дер кезінде келіп жатқан сияқтымыз. Заң жобасының кезекті талқылануы осындай байлам жасатады.

 

 

БАҚ еркін дамуы керек

«Телерадио хабар тарату туралы» заң жобасы талқылану үстінде

 

/«Айқын» газеті, 27.04.2011 ж., К. Тасболат/ - Астанада Байланыс және ақпарат министрлігі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, депутаттар мен халықаралық сарапшылар, кабельдік және спутниктік операторлардың қатысуымен «Телерадио хабар тарату туралы» заң жобасы талқыланды. Дөңгелек үстөлге Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Александр Кельчевский, Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымының президенті Тамара Қалеева, Мәжіліс депутаттары Майра Айсина мен Айгүл Соловьева мен аймақтық БАҚ басшылары қатысты.

- Осы күнге дейін бүкіл телеарна өкілдері «БАҚ туралы заң», «Әкімшілік кодекс», «Азаматтық кодекс», т.б. заңдарға бағынатын. Қазақстанда тұңғыш рет «Телерадио хабар тарату туралы» заң жобасы дүниеге келіп жатыр, - деп бастады өз сөзін Сейітқазы Матаев: «Бұл заңның өзектілігі сол, бүгінде электронды ақпарат құралдары ерекше қарқынмен дамып келеді. Бұл заң жобасы Қазақстанның бүкіл азаматтарына тікелей қатысты. Себебі жасыратыны жоқ, ел азаматтары бүкіл ақпараттың 95 пайызын телевизия арқылы алады» - деп, мәлімдеді. ЕҚЫҰ елшісі Александр Кельчевский Қазақстанның сандық телевизияға өту бастамасын қолдай отырып, өз кезегінде сандық телевизия аналогтық жүйеден гөрі көбірек ақпарат алу мүмкіндігін беретінін әрі елде плюрализм мен сөз бостандығының дамуына оң септігін тигізетінін жеткізді. Бұл орайда ол: «Тәуелсіз баспасөз бен ойды еркін білдіру құқығынсыз ешбір қоғам демократиялық даму жолына түсе алмайды» - деп, сөз бостандығының маңызына тоқталды.

Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов: «Бұл заңның басты мақсаты - бірінші кезекте отандық өндіруші телеарналарды қолдау. Біз осы заң арқылы отандық телеарналарды дамытуды мақсат тұтып отырмыз. Себебі қазір бәсекелестік орта оңай емес. Жергілікті телеарналар сапалы контент жасау үшін қажетті ресурстарға қол жеткізбеген, бұл, әсіресе, аймақтарда қиын мәселе» - дей келе: «Шетелдік телеарналар мәселесіне келсек, біздің талап бойынша, олар Қазақстан заңдарына сай жұмыс істеп, мысалға, жарнама туралы талаптарды орындап, ақпараттың мазмұнына байланысты зорлық-зомбылықты насихаттамауы керек. Сондай-ақ айтулы телеарналар контентіндегі авторлық құқықтар Қазақстан Республикасының территориясында да сақталуы тиіс. Мысалға, «НТВ» телеарнасы «Терминатор-4» фильмін көрсетуге авторлық құқық алса, бірақ оның Қазақстан территориясында көрсетілуі көзделмеген болса, осы арқылы біз өндіруші «Коламбия пикчерз» компаниясын алдаймыз. Біз өркениетті нарықта өмір сүріп жатқан соң, соған сай жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан да шетелдік телеарналарды тіркеуден өткізу мәселесі туындап отыр» - деп мәлімдеді. Естеріңізде болса, заң жобасының алдыңғы нұсқасында кабельдік және спутниктік арналарды лицензиялау мәселесі көтерілген болатын. Бірақ Нұрай Оразовтың айтуынша, қоғамдық ұйым өкілдерінің сынынан кейін шетелдік арналарды лицензиялаудың орнына, тіркеуден өткізу бастамасы көтеріліп отыр.

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Ақпараттық құқық проблемалары институтының директоры Андрей Рихтер тәуелсіз БАҚ-тың екі аспектісі барын жеткізді. Біріншіден, нағыз тәуелсіз ақпарат құралы, ең алдымен, мемлекет пен саяси құрылымдардан тәуелсіз болуы тиіс. Екіншіден, БАҚ-тар бизнестің ықпалынсыз еркін дамуы керек. Өз кезегінде Андрей Рихтер Қазақстан сияқты ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттің қоғамдық телеарна құру бастамасын кейінге шегеріп келе жатқанына түсінбестік білдіре отырып, бұл проблеманы оңтайлы шешу қажеттігін баса айтты. Депутат Айгүл Соловьева телеарналарды «діни сараптамадан» өткізу бабына қатысты мәселе қозғап, Андрей Рихтерден мұндай тәжірибенің халықаралық заңнамада бар-жоғын сұрастырды. Ресейлік сарапшы халықаралық заңдарда мұндай талап барын естімегенін алға тартса, вице-министр Нұрай Оразов: «Біз мұнда тиісті конституциялық баптарға сәйкес, лаңкестік, экстремизмді немесе бір ұлттың өзгеден басым екенін насихаттайтын ақпараттың бар-жоғын ғана бақылайтын боламыз» - деп мәлімдеді.

Сейітқазы Матаевтың айтуынша, заң жобасы күзде Парламент депутаттарының талқысына ұсынылуы тиіс. Десе де, «Әділ сөз» халықаралық ұйымының төрайымы Тамара Қалеева асығыстыққа салынбай, заң жобасын әлі де пісіріп-жетілдіру керек деген ойда. Өз кезегінде қоғамдық ұйым өкілдері Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевке Ашық хат жолдап, заң жобасын пысықтай түсуді сұрап отыр.

 

 

2003

 

/«Егемен Қазақстан», 27.04.2011 ж., Парламенті Мәжілісінің депутаты                                  Ж. Сүлейменов/ - Уақыт ұршығы – дөңгеленген дүниені дүрмекке бөлеп, тынымсыз зырылдайды, тізгін тарттырмас тұлпардай, қанаты талмас сұңқардай жүйрік, қамшы салдырмайды. Осындайда «Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын жоқ» деген сөздердің мән-мағынасын бұрынғыдан да тереңірек түсінгендей боласың. Айды – айға, жылды-жылға ілестіріп өтіп жатқан күндер… 2003 жыл да есік қақты, табалдырықтан аттады. Қой жылы! Жаңа жылға құшағын кең ашып, үмітін үкілеп отырған халықтың көңілі шат, жүзі жайдары, ертеңгі күніміз не болады деп демін ішіне тартқан сәттерін, мазасыз күндері мен түндерін ұмытқан сияқты. Төбедегі келді, ел тұрмысы түзеле бастады.

Иә, өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары аз болған жоқ. Сол сындардың бәрінен сүрінбей өттік, мұратымызға жеттік. Шыққан биігімізді бағалар, қол жеткізген табыстарымызды саралар болсақ, адамның басы айналатындай биікке көтерілдік деп мақтанышпен айта алады екенбіз. Аз ғана уақыттың ішінде ұлы даланың төсінде жаңа мемлекет құрылып, оның тиімді басқару құрылымдары қалыптасты. Ал мұның өзі өміріміздің барлық салаларын жеделдете жаңғырту, елдігімізді нығайтып, болашаққа нық қадам жасау бағытындағы іс-қимылымызға тың екпін берді. Ел де, адам да өзгерді, өмірдің қай саласы болмасын, өзгеше сипат алып, жаңа арнаға түсті. Әлем Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық өсім деңгейі жоғары қарқынмен дамып келе жатқан, мемлекеттік және қоғамдық негіздері берік қалыптасқан, нарықтық экономикаға батыл қадамдар жасаған ел ретінде тани бастады. Бұл, сөз жоқ, жаңа мемлекет жасау жолындағы қиыншылықтарды жеңуде мұқалмас жігер, қажымас қайрат танытып, тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өткен, халқын, елін ғасырлар төріне өрлеткен ұлы тұлға – Елбасының ерен еңбегінің жемісі. Ел өміріндегі бетбұрысты кезеңдегі осындай жетістіктеріміз сырт көздің де назарынан тыс қалған жоқ. Мысалы, «Оксфорд аналитика» британ компаниясының «Дейли телеграф» сияқты ықпалды басылымда жарияланған экономикалық талдауында Қазақстан транзиттi экономикасы бар мемлекеттердiң арасында аршынды дамып келе жатқан елдердiң бiрi ретiнде аталып, алдағы уақытта да осындай көшбастаушы тұғырын сақтап қалатыны жайында болжам жасалыпты.

* * *

Елбасы 2003-2005 жылдарды ауылды өркендету жылдары деп жариялады. Ауылды түлету, ауыл шаруашылығын өркендету – елді көркейту деген сөз. Бабалар қанымен, терімен қорғап, ұрпағына аманат еткен ұлан-байтақ далада егiн өсiрiп, төрт түлiк малын өргiзбесе, қазақтың өмiрiнiң мәнi де, сәнi де келер ме. Ауыл мәселесiн шешу арқылы ғана Қазақстан бәсекелестiкке қабiлеттi елдердiң санатына қосыла алады. Өйткенi, ауыл – қазақтың анасы. Елбасы ауылдағы тіршілік арнасын дұрыстаңдар, тиімді ауыл шаруашылығы жүйесін құрыңдар, біздің ауылдағы халкымыз XXI ғасырдағы өркениет көшінен кем қалмасын, олардың өмір сүру дағдысы мен деңгейі, тіршілігі мен тұрмысы дамыған елдердегі нормалар мен стандарттық өлшемдерге бірте-бірте негізделетін болсын деп отырса, оған қалай қуанбайсың!?

                2003 жыл осы игі ұмтылыстың алғашқы баспалдағы болды. Ол ел өміріне қандай өзгерістер әкелді, неге қол жеткізді? Басты жетістігі неде? Әрине, ауылдағы өзгерістерге түбегейлі сипат беру үшін алдымен заңдық базаны жетілдіру керек еді. Бұл мәселе ойдағыдай шешілді. Жер, Орман, Су кодекстері, «Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», басқа да көптеген заңдар қабылданды. Бұл да тәуелсіздігіміздің мәуелі жемісі еді. Мұны ауыл жылының басты жетістігі десе де болады. «Ұзаққа созылған талқылаулар нәтижесінде қабылдаған бір ғана Жер кодексіміздің өзі неге тұрады. Мен мұны бүкіл ауыл тіршілігінің негізгі іргетасы деп есептеймін. Іргетас дұрыс қаланғанда ғана оның үстіндегі құрылысқа сенім артуға болады. Егер басқа бір мемлекеттің қарауындағы басыбайлы бодан ел болсақ, халықтың өзі жұмыс істеп, өнім өндіріп отырған жерін жеке меншігіне алуына мүмкіндік беретін мұндай заңды қабылдауға ол мемлекет бізге рұқсат етпеген болар еді. Ал бізде мемлекет те, билік те, жер де өзіміздікі», депті «Егемен Қазақстанның» тілшісіне берген сұхбатында Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов. Нақ осы жылы Үкімет Жер кодексін жүзеге асыру, ауылдықтарды қолдау мақсатында бірқатар нақты шешімдер қабылдап, астық қолхатын енгізді, төрт түлік малды және барлық үй жануарларын төлқұжаттандыруды қолға алды, сондай-ақ, егіншілік саласындағы міндетті сақтандыруға, жерді жеке меншік пен жалға беруге алғышарттар жасады.

2003 жылы ақ түйенің қарны жарылмаса да, ауыл халқының бір серпіліп, болашаққа деген сенімін нықтай түскені анық. Ілгерілеушілік барлық салалар бойынша байқалды. Мақта, картоп, көкөніс, күнбағыс және басқа да дақылдардан мол өнім алынды. Мал басы өсіп, ет, сүт өнімдерінің көлемі арта түсті. Ал диқан­дардың табысы тіпті ересен болды. Олар жылды бір миллиард пұттық көрсеткішпен қорытындылады. Үш жыл қатарынан миллиард пұт астық алу Кеңес өкіметінің тұсында болып көрмеген жетістік еді. Қазақстан өзiнiң ішкі қажетiн қанағаттандырып қана қоймай, тұңғыш рет әлемнің қырықтан астам еліне 5 миллион тоннадан астам астық жөнелтті. Осының өзі-ақ Елбасы ұсынған аграрлық саясаттың тиімділігін, сала бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың нәтиже бере бастағандығын көрсетті. 2003 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге айрыша маңыз беріліп, аймақтарда бірнеше кәсіпорын ашылды, құрал-жабдықтар мен технологиялық желілер лизингіне, қосымша құны қымбат тұратын, яғни табысты мол кіргізетін өндірістер ашу ісінің несие алуын жеңілдетуге арналған екі бірдей бағдарлама қабылданды.

Бұл жылы ауыл еңбеккерлерiне 70 миллиард теңгедей қаржы бөлінді. Ол ауыл-село еңбеккерлеріне жаңа техника, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер мен уытты заттар, мал егуге қажеттi препараттар сатып алуға мүмкiндiк бердi. Айта берсек, Елбасының ауылға деген шынайы жанашырлығынан бастау алған басқа да игі істер толып жатыр. Осының бәрін өз көзімізбен көрдік (ол кезде мен Солтүстік Қазақстан облыстық газетінің бас редакторы едім). Әлі есімде, бірде іссапармен Шал ақын ауданына шыққанда, хал-жағдайын білмек болып, шаруа қожалығына жетекшілік етіп жүрген, бір мектепте бірге оқыған Талғат Теменовке соқтым. Досымның менімен бөлісер қуанышы көп екен. «Биыл шаруаның еңбегі жанды, – деді досым, – астықтың тоннасын 170-180 доллардан саттық. Талай диқанның жағдайы түзеліп, еңсесі көтеріліп қалды».

Міне, осылай, ауылды түлетудің бағдарламасы алғашқы жылдың өзінде жергілікті жерге жүйелік сипаттағы өзгерістер әкелді, саланы дамудың жаңа сапалық деңгейіне шығарды. Оның әлеуметтік салаға да әсері аз болған жоқ. Ауылдарда көптеген мектептер, емханалар, мәдениет ошақтары салынып, іске қосылды, республика бойынша 204 елді мекенге ауыз су жеткізілді.

* * *

Халқымыздың сонау түркі заманынан бері үзілмей келе жатқан бір арманы бар. Ол – көңілді демдеп, төрт құбыланы түгендеп, басқалармен терезесі тең, дәулетті ел болу. Оған біздің күшіміз де, қуатымыз да жетеді. Президенттің 4 сәуірдегі Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жария еткен Қазақстан халқына Жолдауымен танысқан әр адамды осындай ойлар баураса керек. Өз басым еліміздің тіршілігіне тыңнан тыныс беретін бастамаларға толы, бүгіннен болашаққа тірек болатын құндылықтары, оны осы заманға сай жаңарту, жаңғырту идеясы басым осы Жолдауды Елбасы ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясының аса маңызды құрамдас бөлігі, Қазақ елі үшін «Алтын ғасыр», кең мүмкіндіктер заманы туғанын бар дауысымен айтып тұрған тарихи тұжырымдама ретінде қабылдадым. Жолдаудан Мемлекет басшысының берген сертке бекемдігін, береке-бірлікке, ынтымақтықты іске бас қойған ықылас-пейілін аңғарасың, Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа жол – қазақстандық жолмен елімізді асқаралы асуларға көтеруде қарлығаштың қанатымен су сепкендей сіңіріп отырған зор еңбегіне сүйсінесің, «Қазақстан-2030» стратегиясында көрініс тапқан тұжырымдар мен тапсырмалардың сөзсіз орындалатынына, елдік құндылықтарымызға жаңа сапалық өріс ашатынына сенесің.

Президент өзінің жаңа Жолдауында елiмiзде «Қазақстан-2030» ұзақ мерзiмдi бағдарламасына және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес атқарылып жатқан істердің нәтижелеріне тоқтала келіп, экономикалық және әлеуметтiк саясаттың, қоғамды одан әрi демократияландыру мен мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттырудың, мәдениет, бiлiм беру мен руханият салаларын дамытудың негiзгi бағыттарын айқындап берді. Халықты ерекше қуантқан бір жәйт – Жолдаудың әлеуметтік сипатының басымдығы еді. «Бүгiн мен бiздiң ең жаңа тари­хымызда әлеуметтiк шығыстарды барынша ұлғайтқанымыз жайында жариялау абыройына ие болдым, бiз бұл iстi көп ұзамай қолға аламыз, әрi оның игiлiгi әрбiр қазақстандыққа және әр отбасына тиетiн болады», деді Мемлекет басшысы.

Болашаққа жол индустриялық-инновациялық бағдарламалардан басталады десек, 2003 жыл оны iске асырудың шешуші кезеңіне айналды. Елді дамытудың, оны индустрияландыруға бағытталған бағдарлама өзінін бастауын осы сәттен алады. Мемлекет басшысы нақ осы жылы елдің 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын бекітті. Оны қаржылай камтамасыз ету үшін елiмiзде даму институттары құрылып, олар өңдеушi салаларды жаңғыртуға нақтылы ықпал жасай бастады. Даму банкi жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөлді. Соның нәтижесінде бес мұнай-химия кәсiпорнының жұмысы қалпына келтiрiлдi. Балқашта мырыш, Атырауда полиэтилен құбырларын өндiретiн зауыттар, Каспий теңiзiндегi жағалау жұмыстарына көмек жасайтын инфрақұрылым пайдалануға берiлдi, Қостанай дизель зауыты iске қосылды. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсiпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау қолға алынды. Сөйтіп, тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өсу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi.

2003 жылы еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 9-10 пайыз деңгейінде болды, экономикалық өсім өндіріс саласында 9 пайызға, негізгі капиталдағы инвестициялар 10 пайыздан астам, байланыс қызметінде – 25, көліктің барлық түрімен тасымалдау көлемі 9 пайызға артты. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтің пікірінше, осындай көрсеткіштерге инфляцияның төменгі деңгейі, ақша-кредиттік және салықтық-бюджеттік жүйенің тұрақтылығы, әлемдік тауар рыногында Қазақстан үшін қолайлы жағдайлар қалыптасуы, кәсіпкерліктің дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы, ішкі сұраныстың өсуі оң ықпал етті. Ел экономикасының қарқынына елдегі тұрақты ахуал, шетел инвестицияларының белсенді тартылуы көп пайдасын тигізді.

Осындай игі қадамдарды лайықты бағалаған Бүкiлдүниежүзiлiк банк 2003 жылы бiздiң елімізді орта деңгейден жоғары табысы бар мемлекеттердiң тобына, инвестициялар үшін барынша тартымды әлемнің 20 елінің қатарына қосты.

* * *

Еліміз үшін Тәуелсіздік жолы жеңіл болған жоқ, тарихи аса қысқа мерзiмнiң iшiнде көптеген күрделі мәселелерді шешуге тура келді. Сол себепті, ең шұғыл экономикалық және саяси реформалар қолға алынды. Ұлт тағдыры тарих талқысына түскен сын сағатта бұған дейін ашық-шашық жатқан шекара мәселесі де алдан шықты. Былайғы жұртқа бұл мәселелердің бәрі еш қиналыссыз, өзінен өзі шешіле қалғандай көрінуі де мүмкін. Жоқ, олай емес. Іргеміздің бүтіндігін ойлаған Елбасы аттан түспей, алыс-жақын көршілеріміздің бәрімен келелі келіссөздер жүргізді. Ең алдымен, Қытай Халық Республикасымен шекарамызды анықтап, халықаралық хаттамаға қол қойдық. Патшалық Ресеймен де, кешегі жарты әлемді билеген Кеңес Одағымен де шекара мәселесіне келгенде түпкілікті тіл табыса алмаған Қытайдың Қазақ еліне рақымы түсіп, шекара мәселесі мәңгілікке, ешбір күмәнсіз шешілді.

Елбасының Ресеймен, оңтүстіктегі Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанмен де жүргізген келіссөздері де нәтижесін берді, ел шекарасы біржолата айқындалып, тиісті құжаттарға қол қойылды. Мен бұлардың бәрін неге тәптіштеп айтып отырмын. Оның астарында біздің елімізді өз шекарасы, өз экономикасы, дербес саясаты бар мемлекет ретінде бүкіл әлемге таныту бағытындағы қат-қабат қауырт жұмыстар жатыр. Сайып келгенде, бұл – халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанды өңірлік көшбасшы, шынайы дос, тату көрші, тағылымды әріптес ретінде құрметтейтіндігінің белгісі. Демек, бұл – ұлы жеңіс, теңдессіз табыс!

2003 жыл Қазақстанның Ресейдегі жылы ретінде тарихқа енді. Аталмыш жылдың Мәскеуде өткен ашылу салтанатында Президент Н.Ә.Назарбаев сөз сөйледі. Жыл қорытындысы Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Мәскеуде шығарылды. Мұнда «Еуразия кеңістігіндегі халықтардың саяси-экономикалық және этномәдени байланыстары» атты ғылыми-практикалық конференция болды. Конференцияны кіріспе сөзбен ашқан Ресей Федерациясының Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Александр Торшин Ресейдегі Қазақстан жылы аясында өткен шаралар өзінің ауқымы жағынан бұрын-соңды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде өткізілмегендігін атап өтті.

Жиынға қатысушыларға сөз арнаған делегация басшысы, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов пен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жөне өкілетті елшісі Қырым­бек Көшербаев қос мемлекетті тату көршілік байланыстар ғана емес, өзара тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестік, сондай-ақ тарихи тамырдың тереңдігі жалғап жатқанын атап көрсетті.

Сүйініштісі сол, Ресейдегі Қазақстан жылы тек мәдени шаралармен шектеліп қалған жоқ, экономикалық қарым-қатынастардың барынша көбірек көрініс табуымен де ерекшеленді.

Бұл жыл сыртқы саясат тұрғысынан алғанда да, сөз жоқ, Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөлінің одан әрі нығайып, беки түсуіне септігін тигізді. Өзін бейбітшілік сүйгіш, жасампаз ел ретінде танытқан еліміз әріптестері қатарын көбейтіп, тұғырын нығайта түсті. Елбасымыздың Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекеттеріне ресми сапарлары өткізілді. Олардың кейбіреуін атап өтер болсақ, ақпанның басында Президент Н.Ә.Назарбаев Италия Республикасында, қараша айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдері: Сингапур мен Филиппинде, Корея Республикасында және Пәкстанда болды. Біздің елге де атбасын тіреп, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның тіршілік-тынысынан сыр тартқысы келгендер аз болған жоқ. Румыния Президенті Й.Илиес­кудің, Болгария Президенті Г.Пырвановтың, Польшаның Премьер-министрі Л.Миллердің, Ханзада Эндрю – Герцог Иоркскидің Қазақстанға сапарлары кезінде екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

ГФР Канцлері Герхард Шредер елімізде болғанда Қазақстанда жүргізілген реформалардың нәтижелерін жоғары бағалап, бұл мемлекетпен стратегиялық әріптестік орнату үшін ниет те, барлық мүмкіндіктер де бар деп, өз елінің ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін жеткізді.

Нақ осы жылы НАТО-ның бас хатшысы Дж.Робертсон мен ЕҚЫҰ-ның төрағасы – Нидерланд Корольдігінің сыртқы істер министрі Х.Схеффер, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Й.Вук Ли, Халықаралық валюта қорының директоры Х.Келлер, Дүниежүзілік туризм ұйымының бас хатшысы Ф.Франжиалли Қазақстанда болып қайтты. 2003 жылы ел басшылығының қатысуымен 50-ден астам халықаралық шаралар өткізілді.

Еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі айтулы оқиғаларға ой жүгірткенде, солардың бәрі республика Президентінің кемел ой, кенен ісінен бастау алып, ерік-жігерімен жүзеге асып жатқанын сезіне түсесіз. Елбасының Швейцария Конфедерациясына мемлекеттік деңгейдегі алғашқы ресми сапары қарсаңында француз тілінде шығатын «Ле Тан» газеті женевалық адвокат Марк Боненің мақаласын жариялады. Онда ол былай дейді: «Н.Назарбаевтың қызметінің нәтижелері таңданарлық. Он жылда ол Кеңес өкіметі кезінде халқының көпшілігі орысша сөйлеген елде қазақ тілін ендірді, далада жаңа елорда Астананы тұрғызды, Семейдегі сынақ полигонын жапты, жүздеген мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығарды, шетелдік инвесторларды тартты және көп салық төлеу жөніндегі талаптарымен халықаралық компаниялардың ашуын келтірерміз деп қаймықпастан, мұнай мен газ өндіруді жолға қойды. Осы уақыт ішінде жігерлі Президент кем дегенде сегіз кітап және санап болмастай көптеген мақалалар мен сөздер жазды. Оның бойындағы өмірлік күш-қуат ғаламат. Еңбекке қабілеттілігі орасан».

Президенттің осындай іргелі еңбектерінің бірі – қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Сындарлы он жыл» деп аталатын кітабының тұсаукесері табысты өтті. Ғаламдық құбылыстардың болмысын, табиғатын жан-жақты талдауға ұмтылыстан туған, терең ой-толғамдар мен парасатты пайымдауларға толы бұл еңбек тек қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл әлем саясаткерлерінің назарын аударды.

* * *

Қыркүйектің 23-24-інде Астанада тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті. Съезд атына АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Иран, Италия, Түркия, Ұлыбритания, тағы басқа мемлекеттер басшылары, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы, көптеген халықаралық ұйымдардың жетекшілері жылы лебізді құттықтауларын жолдады. Астанадағы дөңгелек үстелдің басына әлемдік діндердің 136 өкілі жиналды. Бұл жайды да Елбасының көп жылғы еңбегінің жанғаны деп бағалау жөн болар еді. Өйткені, дүниежүзілік дәстүрлі діндер жетекшілерінің осындай ахуалда басқосуы бұрын-соңды болмаған оқиға еді.

Еуразия жүрегінде, ислам, христиандық және буддизм сияқты әлемдік үш діннің түйіскен тұсында орналасқан Қазақстанның жаңа келбетін, қадамын өз көздерімен көріп, дүние жүзіне түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің бірегей өнегесін танытып отырғанын көңілдеріне түйген көрнекті ғалымдар мен діни қайраткерлер еліміз туралы жақсы пікір қалыптастырды. Солардың бірі Мұсылмандар құқықтары жөніндегі бүкілүнділік комитет төрағасы Мұхаммед Раби Хасани Надви өз сөзінде: «Қазақстанның даңқты шежіресі бар. Оның халқы тарихта өзінің ерлігімен және батырлығымен мәлім. Ол сондай-ақ минералдық шикізаттардың бай қорларына және прогресс пен жарқын болашаққа қол жеткізудің зор мүмкіндіктеріне ие», деді («Егемен Қазақстан», 25 қыркүйек 2003 жыл).

Бұл шын мәнінде, маңызы өте зор, жаһандық ауқымдағы оқиға еді. Ол біздің еліміздің бейбітшілік сүйгіш әрі тағаттылық мемлекеті ретіндегі беделін нығайтумен бірге, еуразиялық өркениеттің қайталанбас қанықтығымен, діни дәстүрлердің саналуандығымен ерекшеленетінін, Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды демократиялық мемлекет ретінде орнықтыруға деген ұмтылысы арқасында, олардың арасындағы өзара құрметті сақтау мүмкін болып отырғанын бүкіл әлемге жеткізді. Елімізде іргелі халықаралық шаралардың өткізілуі Қазақстанның халықаралық беделінің өскендігін айғақтайды. Осыдан небәрі он екі жыл бұрын көпшілікке белгісіз болған Қазақстан ірі аймақтық көшбасшыға айналатынын айғақтап, қажетті алғышарттарды орнықтыра бастады.

2003 жылдың бейнесі мен бедерін, басты оқиғаларын жадымызда жаңғыртқанда, тұңғыш рет деген сөздердің тілімізге орала беретіні бар. 2003 жылы тұңғыш рет Қазақстанда 35 мемлекеттің Парламенттік делегациялары қатысқан ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының трансазиялық форумы өтті. Қазан айында Астанада Азаматтық форум – үкіметтік емес ұйымдардың алғашқы съезі шақырылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде үкіметтік емес ұйымдардың басқосуы бұл қоғамымыздағы осы ұйымдардың ықпалы өскендігін және онымен ынты­мақтастыққа мемлекеттің үлкен мән беріп отырғанын көрсетеді, деді кезінде Америка президенті Эйзенхауэр айтқан «Шынайы демократияның ұраны – «мұны үкімет жасасын» емес, «мұны істеуді біздің өзімізге беріңіздер» болуы керек», деген ұстанымды алға тартты, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға қомақты қаржы бөлінетінін хабарлады.

Кешікпей әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша үкіметтік емес ұйымдар арасында алғашқы ашық конкурс ұйымдастырылып, үздік жиырма жоба анықталды. Мемлекет оларды жүзеге асыруға бюджеттен 42 миллион теңге қаржы бөлді.

Экономикадағы табыстардың ауқымды әлеуметтік міндеттерді ойдағыдай шешудің алғышартына айналып отырғанына баршаның көзі жеткен кез еді бұл. Осы жылдан бастап сәбидің тууына байланысты бір реттік жәрдемақының қалпына келтірілуі де сенімді нығайта түскен. Сол сияқты Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде халықтың аз қамтамасыз етілген үлесі 25 пайызға азайып, кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдардың саны екі еседен астамға қысқарды, жаңа жұмыс орындары ашылып, ел бойынша жұмыссыздық деңгейі 8 пайызға дейін қысқарды. Ішкі жалпы өнім 2 000 долларға жуықтады, яғни он жылда үш есе дерлік ұлғайды.

Осылай «ақырын жүріп, анық басу» принципін берік ұстанған еліміз уақыт алға тартып отырған кез келген сынақтарға лайықты жауап бере алатын деңгейге жетіп, Елбасының Дүние жүзі қазақтарының алғашқы Құрылтайының мiнберiнен айтқан: «Заман тыныштығын берсе, бүгiнгi дағдарыстан да шығармыз. Тәуелсiз Қазақстан дәулетiне сәулетi сай қуатты мемлекетке айналар. Қазақ халқы әлемдiк өркениетке қазiргiден гөрi қомақты үлес қосар. Даламызда да, қаламызда да шадыман тұрмыс, шат тiрлiк орнар. Бұйыртса, бүгiнгi Құрылтайға қатысқан қадiрмендi қонақтарымыздың өзi туған Қазақстанымыздың гүлденiп-көркейгенiне таяу жылдарда-ақ куә болады деп кәмiл сенемiз», деген сөздері ақиқатқа айналды.

Елбасы жыл мәресінде ел халқына құттықтау сөзінде: «Өтер жылға өкпеміз болмаса керек. 2003 жылы біз ойға алған, қолға алған талай-талай істерді атқарып шықтық. Қуатымыз артып, мүмкіндігіміз молайды, мақсатымыз толысып, іскерлігіміз ізерленді» деді. Біздің оған алып-қосарымыз жоқ. Дүние дүрлігіп, заман құбылып тұрса да, 2003 жыл тәуелсіз ел тарихына жарқын бет болып қосылды.

 

 

Ізгілендіру үрдісі түрмені қылмыскерлердің

«санаторийіне» айналдырып жібермей ме?

 

/«Алаш айнасы» газеті, 28.04.2011 ж./:

 

Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Түрме бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Онда адам өте көп, ал олардан қоғамға ешқандай пайда келіп жатқан жоқ. Қайта олардың төрт мезгіл тамағы дайын, жататын жері, дәрігері дайын. Ал мұның бәрі – мемлекет үшін қыруар қаржы. Ең болмаса қылмыскерлерді жұмыспен қамтамасыз ету арқылы қоғамға пайдалы ету қолымыздан келмей отырғаны өкінішті. Өткенімізге көз жіберер болсақ, қылмыскер біреудің қанын мойнына жүктегені үшін құн төлейтін. Өзінде болмаса, ағайын-туыс болып жинап, қазаның құнын малмен өтейтін. Егер отбасының асыраушысын жазым етсе, кейінгі қалған бала-шағасы әлгі қазаның құны ретінде берілген малмен жетімдікті сезінбей өсіп-өнетін. Ал бүгінде кісі қанын жүктеген қылмыскер түрмені «санаторийге» айналдырып, өзі зардап шеккізген жанұяның салығымен түрмеде қамсыз жатады. Бұл – бүгінгі қоғамның әділетсіздігі. Келешекте осы теңсіздіктің алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Түрмелерді ізгілендірген дұрыс, бірақ бәрін ретімен жасау керек. Ізгілендіргеннің жөні осы екен деп, қапасты «санаторийге» айналдырудың қажеті жоқ.

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, Сенат депутаты:

– Түрмеде болсын, бостандықта болсын, бәрібір адамның құқығы сақталуы керек. Адамға сай жағдай жасалуы қажет. Бүгінгі түрмелер дүниежүзілік стандартқа сай жасалып отыр. Қылмыс жасады екен деп, адамды төпей берудің қажеті жоқ. Қайта қоғам қолдан келген жағдайды жасап, оны қоғамға бейімдеудің, тәрбиелеудің жолдарын қарастыруы керек. Кейде түрмеге жазықсыз, кінәсіз адамдардың да түсіп қалатын кездері болады. Мұны да ойлау керек. Түрмеге жабуды қылмыскердің дұрыс тамақтануға, денсаулығын күтуге, басқа да нәрселерге құқығын толығымен шектеу деп түсінбеу керек. Адам түрмеде де өмірге деген құштарлығын жоғалтып алмауы үшін ізгілендіру үрдісінің жүргізілгені дұрыс. Ал осыған бола түрме «санаторийге» айналды деп байбалам салудың қажеті жоқ. Айта кетерлік жайт, түрмелерде туберкулез дерті де асқынып тұр. Ал түрмені қараусыз қалдырып, жұқпалы аурулардың ошағына айналдырудан ештеңе ұтпаймыз. Біз жағдай жасау арқылы ғана түрменің жұқпалы дерттің ошағына айналмауының алдын ала аламыз.

Марат БАШИМОВ, заң ғылымының докторы, профессор:

– Бүгінде түрмелерді ізгілендіреміз деп, олардың тамақ мәзіріне жеміс-жидекке шейін қосып, тіпті кейбір түрмелерге ғаламтор жалғап бергеніміз де рас. Салыстырмалы түрде алғанда, түрме қызметкерлерінің жалақысы төмен, ал жұмысы ауыр, әлеуметтік жеңілдіктермен де қамтамасыз етілмеген, кейбірінің тұратын пәтерлері де жоқ. Осы орайда «жазасын өтеушілерге жағдай жасағанша, неге түрме қызметкерлеріне жағдай жасамаймыз» деген ой көкейге еріксіз келеді. Жазасын өтеушілерді бұрынғыдай ауыр жұмысқа жегу арқылы қоғамға пайдасын тигізуді де ойлап отырған жоқпыз. Осыдан кейін жұмысы жоқтық, тамағы тоқтыққа үйренген кейбір қылмыскерлер түрмеден жазғытұрым шығып, жаздай бостандықта сайрандап, қыс түсе майда-шүйде қылмыс жасап, қайтадан түрмеге қайтып келіп, түрмені демалатын санаторийдей қылып алған. Мұның бәрі – біздің ізгілендіреміз деп, түрмені «санаторийге» айналдырып алғанымыздың көрінісі.

 

 

Қазақстан халықтары бірлігі күнінің мәні неде?

 

/«Алтын орда» газеті, 28.04.2011 ж./ - 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында осы мерекеге байланысты халық қалаулыларының пікірін білгенбіз.

Ғарифолла Есім (суретте), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депута-ты:

- Халық бірлігі – қасиетті сөз. Халық бірлігі болған жерде несібе ортақ, құт-береке болмақ. 1 мамырдың Қазақ елінің басты мерекелерінің бірі болуының дәлелі осында.

Биыл 1 мамыр ерекше жағдайда тойланбақ. Қазақ елінің халқы өзінің Тәуелсіз 20 жылдық ғұмырын өткізіп, оны 1 мамырдан бастап атап өткелі отыр. Бұл Тәуелсіздіктің 20 жылына арналған мемлекеттік деңгейдегі айтулы іс-шара болатыны сөзсіз. 20 жылда Қазақ елінің халқы, құдайға шүкір, бейбіт өмірді бастан кешті. Әрине, 20 жылдық тарихымызда басымыздан көптеген қиыншылықтар да өтті. Оның көбісі бүгінде ұмытылды.

Қоғам болған соң бүгінгі заманға тән қиыншылық, кемшіліктер баршылық, бірақ, біз өз кемшіліктерімізді білеміз. Кемшілігін білетін ел – іргелі, мықты ел.

Қазақ елінің жетістіктері туралы еліміздегі және сырттағы бұқаралық ақпарат құралдарында жеткілікті айтылуда.

Ендігі жерде сол 20 жылдық өткен жолымызды бір кісідей болып,1 мамырды мерекелемекпіз.

Ұзаққали Елеубаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің елімізде халықтар бірлігін, достығын бейнелейтін 1 мамыр мерекесі тек қана Қазақстанда емес, дүние жүзінің барлық елдерінде атап өтіледі. Бұл мереке де еліміздегі Тәуелсіздік күні, Наурыз мейрамы сияқты басты мейрамдардың бірінен саналады. Сондықтан, оны бүкіл халықтың қатысуымен үлкен той қылып мерекелеу керек. «Бірлік болмай, тірлік болмайды» дейді халқымыз. Өте жаны бар сөз. Өйткені, бірлік болмаған жерде ешқандай іс бітпейді. 1 мамыр мейрамының маңыздылығы да осында болса керек.

 

 

Қазақстан азаматтығын аламын деген шетелдіктерге

ұлтын «қазақ» деп жаздыру құқығын беру керек пе?

 

/«Алаш айнасы» газеті, 28.04.2011 ж., Қ. Әбділдәқызы/ - Бірқатар елдерде азаматтық алғысы келетін шетелдіктерге сол елдің ұлты қоса ұсынылады. Мәселен, Түркия азаматтығын алған адамның ұлты түрік болып, Франция азаматтығын алғысы келген қай шетелдік болсын ұлты француз болып шыға келеді. Және олардың ұрпақтары да әкесінің азаматтығына сай сол ұлттың ұрпағы ретінде жазылады. Ал бізде еліміздің азаматтығын алған қай шетелдік болсын өз ұлтында қала береді. Осы орайда жоғарыдағы елдердің тәжірибесін бізге де пайдалану қаншалықты ұтымды болар еді? Бұл тұрғыда мамандар пікірі екіге жарылып отыр. Бірі «еліміздің азаматтығын алғысы келген шетелдіктің ұлтына «қазақ» атауын таңу арқылы көп нәрседен ұтамыз» десе, енді бірі «жоқ, бұл – олардың құқын шектеу» дейді. Мамандар пікірін таразыға тартып көрсек...

 

Құрманғали УӘЛИ, Мәжіліс депутаты

Иә

– Қазақстан азаматтығын аламын деген шетелдіктерге ұлтын «қазақ» деп жаздыру керек. Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өз еркімен Қазақстан азаматтығын аламын деген азаматтардың қай ұлттың өкілі екеніне қарамастан, қазақ атандырудан біз қашпауымыз қажет. Оның үстіне өзіміздің талай қазақ та шетелде жат ұлттың атауын иемденіп жүр. Бүгінде біздің осыдан ішіміз күйіп отыр. Ендеше, неге бізге бұл олқылықтың орнын азаматтығымызды алғысы келетін шетелдіктер арқылы толтырмасқа?!

Алысқа бармай-ақ, жанымыздағы өзбектерден-ақ үлгі алуға болады. Кезінде олар талай қазақтың ұлтын өзбек қылып зорлықпен жаздыртты. Осы зорлықпен жазудың арқасында бүгінде олардың балалары өзбек болып отыр. Құжатында өзбек атанғаннан кейін, олар сол елге тіпті сіңіп кетті.  

Олар зорлықпен өз ұлтын таңуға дейін барды, ал біз неге өз еркімен азаматтығымызды алғысы келіп тұрған адамды қазақ атандырмауымыз керек?! Осындай, басқа елде жүріп еріксіз өзбек, түрік, француз болып кеткен бауырымыз көшіп келіп, азаматтығымызды алғысы келсе, қалайша қарсы тұра аламыз? Қаны қазақ қандасымызға Қазақстан азаматтығын бергенмен, «қазақ» деген атау бермеу дұрыс емес қой. Сондықтан мұны да ескеру керек. Азаматтығымызды алғысы келген кез келген азаматқа ұлт атауын берудегі кедергілерді, шектеулерді алып тастап, құшақ жая қарсы алған жөн.

Осы орайда айта кетер жайт, қыздарымызды алып, азаматтығымызды иемденгісі келсе, өзге ұлт өкіліне де осы жағдай ескерілуі тиіс. Немесе, керсінше өзге ұлттың қызы қазақ азаматына тұрмысқа шығамын десе, ұлтын қазақ етіп, үрім-бұтағына шейін қазаққа айналдырудың жолын жасау керек. Негізі, бұл мәселелердің бәрі заңдық жолмен шешімін тауып, бекітілуі қажет. Мұның барлығын заңдастыру арқылы ғана біз дұрыс нәтижеге жете аламыз. Сондықтан мен азаматтық алғысы келетіндердің ұлтын «қазақ» деп жаздыруды толығымен қолдаймын және оны заңмен бекіту керек деп санаймын.

Саттар МӘЖИТОВ, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор

Жоқ

– Жоқ, бұл пікірмен келіспеймін. Қазақстан азаматтығын аламын деген шетелдіктерге ұлтын «қазақ» деп жаздыру қате қадам болар еді. «Әр елдің салты басқа» дегендей, біз жұрттың жүзеге асырған нәрсесін ұлт ерекшелігіне қарамастан, өзіміздің тәжірибемізде қолданып көргеніміз дұрыс емес. Азаматтығымызды алғысы келетін шетелдікті қазақ атандырғанымызбен, оның жанын қазаққа айналдыра алмаймыз. Ендеше, бұдан біз не ұтамыз?

Бәлкім, бұл болашақта іске асатын дүние шығар. Бірақ дәл қазір бұған ертерек. Біз қатарымызды шын көбейткіміз келсе, өз қандасымыз арқылы көбейтуді көздеуіміз керек. Мәселен, дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашырап кеткен, атажұртына табанын тигізуді арман етіп жүрген қазақтарды елге алдырып, азаматтыққа қоса, қазақ атандырып жатсақ, жарасар еді. 

Ал әншейін азаматтық алғысы келген кез келген шетелдікке «қазақ» атауын таңа беруден біз ештеңе ұтпаймыз. Сондықтан ең алдымен қаны қазақ қандастарымызға жағдай жасап, бауырымызға тартып, қатарымызды көбейтуді ойлау керек.

Негізі, бір елде бір ғана ұлт болу керек. Қазақстан деген ел қазақ халқы арқылы құрылғанын біз ұмытпауымыз қажет. Осы орайда айта кетер жайт, кейбіреулер азаматтығымызды алғысы келгенімен, ұлтын «қазақ» деп көрсеткісі келмеуі де мүмкін. Ал оларды еріксіз қазақ атандыру бір жағынан олардың құқының шектелуіне алып келуі де ықтимал. Мұны да ойлау қажет. Мұның бәрі шешімін тапқан жағдайдың өзінде еліміз үшін дәл қазір мұндай қадамға бару ертерек. Өзіміз санымызды әзер көбейтіп, ұмытылған салт-дәстүрлерімізді жаңғырта алмай отырғанымызда, өзге бір ұлттарды қазақ атандырып, мидай араластыру арқылы ештеңеден ұтпаймыз. Дүбара күйде тұрған ұлттық ұстанымдарымыздан тіпті айырылып қалуымыз да бек мүмкін. Ал кейбір мамандар айтып жүргендей, «өзге ұлттарды «қазақ» деп жаздыру арқылы қазақтардың жүзге, руға бөлінуіне тосқауыл қоямыз» деуі дұрыс емес. Шындығында, руға, жүзге бөліну – адамның тегін танудың тетігі. Осылардың бәрін сараптай келе, азаматтығымызды алғысы келетін шетелдіктерге бірден ұлт атауын қоса бере салған дұрыс емес дер едім.

Қойылып отырған мәселе өте күрделі. Сондықтан нақты жағдайда бұл жөнінде ерекше шешім қабылдаған дұрыс. Кейде біз шетелдерде оп-оңай азаматтық алуға болады деп ойлаймыз. Оларда мұндай дәрежеге жету үшін адамдар көптеген қиыншылықтардан өтеді. Азаматтық алу рәсімі көптеген жергілікті ерекшеліктерге негізделеді. Оның ішінде сол елдің тарихына, тіліне, дініне, тіпті психологиялық қағидаларына тікелей тірелетін жағдайлар бар. Солардың барлығын басынан кешкен адамдар ғана азаматтыққа ие болады. Олар өз туған жерінен, елінен, халқынан бас тартуы қажет. Сол бөтен, жат елдің азаматы болдым деп ант беруі керек. Талданып отырған мәселені толық түсіну үшін тек қана азаматтықты беретін елдердің тәжірибесіне үңіліп қоймай, азаматтық беруге тыйым салынған немесе оны алуға қатаң шектеулер қоятын елдерге де назар аударған жөн. Азаматтық берудің көптеген қырлары мен астары бар.

Бейтарап пікір

Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:

– Негізі, еліміздің азаматтығын алғысы келетін шетелдіктердің ұлтын «қазақ» деп жаздырудың ешқандай зияны жоқ. Саяси тұрғыдан бұдан келіп-кетер еш қауіп жоқ деп те айта аламын. Оның үстіне еліміздегі қазақтардың саны 67 пайыздан асты. Сондықтан ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Басқа ұлттарды қорықпай қабылдай беруге, ұлтын қазақ етіп көрсетуге де тартынбауымыз қажет. Тек оларды дәстүрімізге, халқымызға сіңдірудің, тілімізді игерудің қам-қарекетін ойластырумыз керек. Осылайша, біз іргелі мемлекетке айнала аламыз. Оларды неғұрлым тезірек өз ортамызға сіңдіру үшін қазақтың әлеуетін, ұлттық қасиетін күшейткен жөн. Сондай-ақ ұлтын «қазақ» деп жазсақ олар да бізге оңай сіңіп, қалыптасып кетеді. «Көп қорқытады, терең батырады» дегендей, ұлтымыздың санын көбейту арқылы ұлттың потенциалы күшейіп, әлеуеті де арта түсер еді.

 

 

2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметке мемлекеттік тілді білетіндер

ғана қабылданады деген нақты межені заң жүзінде бекітуіміз керек

  

/«Алаш айнасы», 28.04.2011 ж., Парламент Мәжілісінің депутаты Р. Халмурадовпен сұхбат/:

 

– Биыл Тәуелсіздігіміздің туы желбірегеніне 20 жыл толады. Тарих үшін қас-қағым сәт саналатын осынау мерзім ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, биіктерді бағындыра білді. Әрине, бұл өркендеу жолында ұлтаралық татулықтың, этносаралық келісімнің қосқан үлесі қомақты. Сол себепті де Елбасы Н.Назарбаев биылғы 1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін ерекше етіп мерекелеуді тапсырған болатын. Өзіңіз дәл қазір Оңтүстік Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесіп жүр екенсіз, өңір тұрғындарының мереке алдындағы көңіл күйлері қандай екен?

– Мемлекетіміз Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Елбасының айтып келе жатқаны – осы татулық пен бірлік, бейбітшілік пен тыныштық. Ең алғашқы жылдары яғни 1992 жылдың желтоқсанында Алматы қаласында Қазақстан халқының бірінші форумын өткізіп, онда жасаған баяндамасында күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде экономиканы емес, бірлік, татулық, қоғамдық келісім, ынтымақты қойды. Осы мәселе тұрақты болған жағдайда экономикамыз да дамиды, халықтың әл-ауқаты көтеріледі дегенді айтқаны есімде. Осы жиынға қатысқан бір кісілерден «зауыттар тоқтап жатқанда, жалақы, зейнетақы бере алмай жатқан кезде бірінші өндірісті дамытып алмаймыз ба, бірлік бір жаққа қаша ма?» деген әңгімелерді де құлағымыз шалғаны бар. Бірақ Елбасының сол кездегі көрегенділігін бүгін өмірдің өзі көрсетті. Сол жиында «барлық этностарды біріктіретін бүгінгі жиынды форум деп атаймыз ба, Ассамблея дейміз бе, әлде кеңес деген дұрыс па, әйтеуір тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық институт құру керек» деген болатын. Елбасы өзіне тән мән-жайды жан-жақты өлшеп, таразылап, салмақтап барып бір шешімге келетін қасиетінен бұл жолы да жаңылмады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында айтқан ұсынысы негізінде 1995 жылы 1 наурызда Жарлыққа қол қойып, бүгінгі Ассамблея құрылды. Оның алдына қойған негізгі мақсаты – елдің бірлігін нығайту. Түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастыру. Осыған байланысты аудандарда, облыстарда түрлі этностық мәдени орталықтар құрылды. Бұл тәжірибенің өте тиімді болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Мұны Назарбаев «ноу-хауы» деп те, «қазақстандық модель» деп те атап жатты. Басқа елдер, басқа ұйымдар мұның тәжірибесін өздерінде пайдалана бастады. Әйтпесе Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жан-жағымыздағы мемлекеттерде түрлі келіспеушіліктер, дау-жанжалдар болып жатты. Сонда батыстың бір сарапшылары «бұл жанжал Қазақстанға да келеді» деп болжаған болатын. «Қазақстанда осындай жағдай болса, ел болмайды, өйткені онда тұратын ұлттар саны өте көп» деп сәуегейлік танытқандар да болмай қалған жоқ. Елбасының салиқалы саясатының арқасында, жергілікті ұлт өкілдерінің қонақжай мінезінің, табиғи болмысының, даласы қалай кең болса, жүрегінің де солай кең болуының, бітімгершілік  қасиеттерінің  молдығының арқасында бұл мәселеде келеңсіздік бола қоймады. Түрлі тағдырмен келген өзге ұлт өкілдері Қазақстаннан тұрақты мекен тапты, өзінің Отаны есептеді. Келген адамға жай бермесең, жеп отырған наныңнан бір үзім бөліп бермесең, ол адам бір-екі күннен артық тұра алмас еді. Қазақта ондай болған жоқ. Барлығын бауырына баса білді, көмектесті.

– Осы тарихи жағдайды яғни қазақтың баршаға құшағын ашып, асын тосқан жақсылығын кейінгі буын өкілдері қаншалықты жақсы біледі деп ойлайсыз?

– Шыны керек, орын алған осы оқиғаларды жеткілікті деңгейде көрсете алмай келе жатқан секілдіміз. Жасөспірімдердің көпшілігі ата-бабаларының, ата-аналарының Қазақстанға қандай жағдайда келгенін, келгеннен кейін не болғанын жақсы біле бермейді. Біз соны тамаша бір әдеби туындылар, көркем фильмдер арқылы насихаттай білуіміз керек. Кеше ғана дүниеге келген Елбасының жастық шағына арналған фильмде болгарлардың қалай көшіп келгендігі әсерлі көрініс беріпті. Міне, сондай дүниелерді көптеп түсіруіміз, жиірек көрсетуіміз қажет. Бұл қазіргі жастардың бірлікке, татулыққа, сыйластыққа деген сана-сезімін оятады деп ойлаймын. «Менің атам келгенде қиналып келген екен ғой, сонда жергілікті халық көп жәрдем берген екен» деп ойланады. Жақ­сылықты жергілікті тұрғындардан тапқандығын түсінеді. Осындай жұмыстар жетіңкіремей жүр. Кешегі Ассамблеяның ХVІІ сессиясында Елбасы осыны да айтты. Осы тақырыпты зерттеп отыратын орталық құру керектігін сөз етті.

1 Мамыр бізде ежелден халық бірлігі күні деп аталып келеді. Оны мереке ретінде тойлап, ас ішіп, аяқ босатып, көшеде серуендеп қана қоймай, тұтас мамыр айын халықтың бірлігін нығайтуға арнауымыз керек. Сәуір айында этномәдени орталықтардың іс-шараларын көптеп ұйымдастырып, осы 1 Мамырда барлық орталықтар қандай жұмыстар атқарды, нендей жетістіктерге жеткені жөнінде есеп беруін, жан-жақты көрсетуін, алдағы уақытқа меже қоюды тәжірибеге енгізіп, дағдыға айналдырсақ, ұтарымыз көп. Бірінің жетістігін бірі көруі, сезінуі арқылы әрі қарай алға қадам басуына түрткі болады. Мұндай тәжірибе биыл басталды да. Тек оны әрі қарай дамыта білуіміз керек.

Қазақ тілі мамандарымен тайталасқа түсетін дәрежеге жеттім

– Сізді мемлекеттік тіл жанашырларының бірі ретінде де білеміз, қазіргі қазақ тілінің ахуалы жайлы не айтасыз?

– Қазақ тілі мәселесі Ассамблеяның ХІІ сессиясынан бері тұрақты айтылып келеді. Мемлекеттік тіл барлық этностарды топтастыратын негізгі фактордың бірі. Соңғы сессияда қазақ тілінің қажеттілігін түсіндіруге ұйытқы болу мәселесі бойынша нақты тапсырма қойылды. Түркі тілдес халық өкілдері қазақ тілін қаншалықты меңгергені жөнінде өзге ұлт өкілдеріне үлгі көрсете білу мәселесін жолға қоюымыз керек.

– Бәлкім, мемлекеттік тілдің өз дәрежесінде дамымай отырғанының бір себебі идеологияның әлсіздігінде болар? Сіз қалай ойлайсыз?

– Біздің негізгі идеологиямыз – Тәуелсіздік. Елбасы 2011 жылды  – Ел Тәуелсіздігі жылы деп бекерден-бекерге жариялаған жоқ. Біз барлығымыз осы Тәуелсіздіктің баянды болуы жолында жұмыс істеуіміз керек. Елбасының өзі 20 жылдыққа тыңғылықты дайындықпен кірісуді тапсырудың астарында үлкен мән жатыр. Әрбір қазақстандық азамат осы күнге Тәуелсіздіктің  арқасында жетіп отырғанын терең түсіне алатындай жағдай жасау керек. Түсініп те қалды. Ел іші тыныш болса, отбасымызда да тыныштық орнап, берекеміз кіріп, ұрпағымыздың тағдырына алаңдамайтын боламыз. Ауыл-ауылдарды аралап көріп жүрмін, көше-көшелер тазарып, тал егіліп, шыбық шаншылып, тозған дүниелер жаңарып, елді-мекендердің көркі кіріп қалған. Мұны Тәуелсіздігімізге әркімнің қосқан үлесі деп қабылдауға болады.

– Сізге мемлекеттік тілді өмір үйретті ме, әлде қызмет пе?

– 1967 жылы комсомолда істеп жүрген кезімде облыстық теледидардан бір журналист хабарласып, нақты бір тақырып төңірегінде сұхбат жасау керектігімізді айтты. Оған келісімімді беріп, сұхбатқа дайындалдым. Ол жылдары барлығымыздың да үйренетініміз, сөйлейтініміз орыс тілі болғанын бүгінде жасыра алмаймыз. Жатсақ та, тұрсақ та сол тілде сөйлейміз. Бюрода орыс тілін білмесең, «бар, үйреніп кел» деп шығарып жіберген замандар да болды. Сол дағдымен сұхбатқа орыс тілінде дайындалып келсем, журналист бағдарламаның қазақша жүретінін айтты. «Қалай қазақша, мен қазақ тілін білмеймін ғой, мектепті, жоғары оқу орнын өзбек, орыс тілдерінде бітіргенмін, жұмыста да орысша, қазақ тілін қайдан білемін» деймін. Журналист көнбейді. «Сұрағыңды қазақша қоя бер, шамам келгенше өзбекше, орысша, білген жерімді қазақша араластырып жауап беруге тырысайын» дедім. Сөйтіп, алдын ала аз уақыт дайындық жасап алдық. Үйдегілерге «сағат пәленшеде теледидардан сөйлеймін» деп айтып кеткенмін. Бағдарламаның уақыты жеті-ақ минут. Сол жеті минуттың ішінде жазғы шілденің ыстығы бар, қазақша сөйлей алмай қысылғаным бар, әйтеуір қара терге түстім. Бағдарлама біткен бойда көйлегімді шешіп, сығып жібергенде кәдімгідей су төгілді. Қағып-қағып киіп алдым. Журналиспен қоштасып, көлігіме міндім-дағы дүңгіршектен қазақша газеттер сатып алдым. Қазақ тіліндегі кітаптар, сөздік алдым. Әйтеуір табылғанын ала бердім. Сөйтіп, оларды жұмыста да, үйде де оқып жүрдім. Қарамағымдағыларға тапсырманы қазақша бере бастадым. Олар «жұрттың барлығы жаппай орысша үйреніп жүргенде қазақшаны не қыласың?» дейді таңырқап. Қажет болып қалды деп қоямын. Сонымен не керек, төрт айда әжептәуір сөйлейтін дәрежеге жеттім. Сол жылы кеңес өкіметінің 50 жылдық мерекесі тойланатын болды. Маған облыстағы комсомол жастардың атынан құттықтау сөз сөйлейсің деген тапсырма түсті. Төрт минут сөйлеуім керек. Мәтінін орысшалап жақсылап жаздым. Обкомның идеология бөліміне әкеліп көрсеттім. Өте жақсы. Содан шығып, Сайрам ауданының орталығындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебіне барып, ондағы бір дос мұғалімге құттықтауды қазақша аударып бер дедім. Сөзбе-сөз емес, мағынасын сақтап, көркем тілмен жазу керектігін түсіндірдім. Әдемілеп жазып берді. Оны жаттап алдым. Мереке күні құттықтауды барлығы орысша айтып жатқанда мен ғана қазақша сөйледім. Облыста бірінші хатшы орыс болғанымен, қазақшасы әжептәуір еді. Бір қарап қойды, бірақ үндемеді. Орныма барғанымда біреулер «енді сені құртады» дегенді айта бастады. Ал есіктің алдында кездесіп қалған сол кездегі облыстық деңгейде қызметте жүрген лауазым иелерінің бірі Төлепбек Назарбеков иығымнан қағып, «жарайсың, бала» деді. Осылайша, қазақ тілін таза меңгеріп алдым. Бұл кезде 26 жаста едім. Кейінгі жылдары қате түзетіп, қазақ тілі бөлімінің мамандарымен тайталасқа түсетін дәрежеге жеттім.

Екі бұзақының төбелесіне ұлттық сипат беруге жақын тұрамыз

– Әріптестеріңіздің қазақшасына көңіліңіз тола ма?

– Кейде мен оларға депутаттық сауалды мүмкіндігінше қазақ тілінде жолдауларын ескертемін. «Өзің жаза алмасаң, аудармашының көмегіне жүгін, бұл аптаға дайын болмасаң, келесі аптадағы отырысқа қалдыр, өзің қазақша сөйлей алмасаң, өзгелерінен не сұраймыз?» деймін. Кейде әріптестерім «Реке, сіз ұрыспаңызшы, осы жолғы сауалымды орысша оқиын, кейінгісін қазақша дайындаймын» деп алдын ала айтып ке­теді. Жалпы, тілге қатысты айтарым, мектепте қазақ тілін өзге пәндермен тең дәрежеде оқыту, қажеттілік туындату керек. Ағылшын тілін де репетитор жалдап, екі айдың ішінде үйреніп жатыр ғой. Ал қазақ тілін 11 жыл оқыса да білмей шығады. Неге? Демек, тілді дұрыс оқытпаймыз немесе басқа бір себеп бар. Біз өзбек мектептерінде мемлекеттік тілді тереңдетіп оқу бойынша 2003 жылы арнайы жоба енгізгенбіз. Сол жоба енгізілген «Юсуп Сайрами» деген гимназиясын жоба енгізілгенге дейін бітіргендердің 10-15 пайызы мемлекеттік білім грантына ие болған. Ал одан кейінгі, яғни 2008-2010 жылдары мемлекеттік грантқа ие болғандардың қатары 90 пайызға жетті. Бұрын бір бала «Алтын белгі» алса, енді 14-ке жетті. Оқушылар 100 пайыз қазақ тілінде еркін сөйлейді. Осы әдісті ұйғыр, тәжік, орыс тілдерінде дәріс беретін мектептерге енгізу жөнінде Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар жібердік. Тәжік, ұйғыр тілінде оқытатын мектептерге бағдарлама жетті, ал орыс мектептерінде іске асырылмай қалып қойды. Ал негізгі мемлекеттік тілді білмей келе жатқандар осы орыс мектебінің оқушылары. Оларда қазақ тілі қосымша пән ретінде оқытылады. ҰБТ-ның балына да әсер ете алмайды. Сосын қазақ тілін кім ынты-шынтысымен оқысын? Егер дәл осы қалыпта кете беретін болсақ, тілге байланысты ойымыз орындалмайтыны сөзсіз. Тәулік бойы қазақ тілінде сөйлейтін арнаның ашылады дегеніне екінші жылға кетіп барады. Әлі шешілмейді. Неге шешілмейді, оны мен білмеймін. Қолда тұрған нәрсені созудың қажеті қанша? Енді жалтақтаудың реті жоқ. 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметке мемлекеттік тілді білетіндер ғана қабылданады деген секілді нақты межені заң жүзінде бекітуіміз керек. Оған дейін әлі төрт жыл бар. Осы уақыт ішінде қазақ тілін үйренбеген адамның өмірінің соңына дейін үйренбесі анық. Үйренгісі келмесе, мемлекеттік қызметке келмей-ақ қойсын. Өзінің кәсібімен шұғылдана берсін. Ал қазіргі тіл үйрету орталығының жұмысы жарамсыз. Мемлекеттің ақшасы босқа шашылуда. Сол орталықтың арқасында Парламентте, Үкіметте, министрліктерде таза қазақша сөйлеген адамды көргенім жоқ. 

– Өз ұл-қыздарыңыз, немерелеріңіздің барлығы қазақша сөйлей алатын болар?

– Енді сөйлейтіні де бар, сөйлей алмайтыны да бар. Олардың көбі ауылда тұрады, мектеп таңдауға мүмкіндік жоқ. Бірақ түркі тілдес халықтарда мемлекеттік тілге қатысты аса үлкен мәселе жоқ, үйреніп алу оңай.

– Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында достықты дәріптеу, ынтымақты арттыру жолында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ол Түркістанда, Сайрамда, Қазығұртта, Ордабасыда көрініс берді. Өзге облыстарда қандай екен?

– Иә, расында да, Асқар Исабекұлы облысқа басшылық жасағалы бері татулық төңірегінде жиі мәселе қозғалып келеді. Бірлікті дәріптеу – Елбасының тікелей тапсырмасы. Біз көп жерді аралаймыз ғой, мұндай іс-шара Шығыс Қазақстанда да, Қостанайда да, Павлодарда да, барлық жерде ұйымдастырылып жатыр. Павлодарда Достық үйі ашылып, оған Елбасының өзі қатысты. Қазір тіпті Ассамблеяның құрамында ғылыми-зерттеу кеңесі бар. Журналистердің кеңесі құрылды. Этносаралық, ұлтаралық қатынастарды дұрыс жаза білу, көрсете білу керек. Өкінішке қарай, бізде мынадай психология әлі де өмір сүреді. Мәселен, екі ұлттың адамы жаға жыртысып, жұдырық жұмсасып қалса, «екі бұзақы, екі басбұзар төбелесіп қалды» деуден бұрын «қазақ пен өзбек немесе орыс пен шешен төбелесті» деп, ұлттық сипат беруге жақын тұрамыз. Ал бір ұлттың екі адамы бірін-бірі атып жатса да оншалықты мән бермейміз. Міне, осы дұрыс емес. Осындай мәселелерді түсіндіріп, ақылға шақыра отырып, жазу үшін журналистердің кеңесі құрылды. Ақсақалдар кеңесі де жұмыс істей бастады. Бұл Ассамблея жұмысын одан сайын сапаландыра түседі деген ойдамын.

– Мерекелік лебізіңіз...

– Ел іші тыныш болып, бірлігіміз нығая берсін!

– Әңгімеңізге рақмет!

 

 

Қазақтың асылы – Асылы ханым

 

/«Егемен Қазақстан», 30.04.2011 ж., Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д. Нөкетаева/ - Ана тілі ананың сүтімен келетіні  белгілі. Тіл – адам жанының ажырамас бөлігі. Әрбір халықтың тек өзіне тән тілі, ділі, діні, түр-тұлғасы, бейне-болмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті болатыны белгілі. Бір халықтың екінші халықпен түр-түсінде,  әдет-ғұрпында, салт-дәстүрлерінде мейлінше жақын ұқсастық та, бір  дінде болуы да мүмкін. Алайда олардың тілдері мүлдем басқа болса, онда оларды бір халық деп айта аламыз ба? Айта алмайтын шығармыз, сірә? Олай болса, тілді кез келген халықтың өзіндік ұлттық болмысы, оны өзгелерден ерекше етіп көрсететін бірден-бір атрибуты десек, қателеспейтініміз анық. Тілін жоғалту, өзін жоғалтумен пара-пар.  Тілі жоғалған талай халықтың тарих сахнасынан аты өшкенін жақсы білеміз. Тілін, ділін, дінін сақтап қалу тек рухы мықты, ұлы халықтардың ғана маң­дайына жазылған бақыт екендігі тарихта дәлелденген. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан тілін жоғалту – халық үшін үлкен қасірет, орны толмас өкініш.

Небір қилы замандарды, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны»,  халқымыз­дың тең жартысын жұтқан сұмдық нәубеттерді басынан өткізіп, ғасырлар бойы бо­дандықта болып, мың өліп, мың тірілген халқымыз қалай ана тілін, дінін, ділін сақтап  қалғанына  қайран қаласың. Тек сақтап ғана қалған жоқ, тағдырдың түрлі тауқыметімен қазақ жерін паналаған түрлі халықтардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін оята білді.

Елімізде қазақ тілін жақсы білетін 60-қа жуық бірнеше өзге ұлт өкілдері бар екен. Олардың ішінде орыс қызы – қазақ ақыны Надежда Лушникова, неміс ұлы – қазақ жазушысы Герольд Бельгер, қазақ тілінен диссертация қорғаған әзірбайжан қызы – қазақ ғалымы Асылы Осман бар. Бұл кісілер ерекше бағалауға, ерекше құрметке ие. Бәріне шын жүректен риза боласың. Өйткені, бұл үшеуі тіліміз өз жерінде өгейсіген кешегі кеңес заманында-ақ қазақ ақыны, қазақ жазушысы, қазақ ғалымы атанды.

Әсіресе, Асылы Әлиқызының ер азаматқа бергісіз еңбегін ерекше атағым келеді. Қазақ баласының ол кісіні білмейтіні сірә, жоқ шығар. Ұлтын сүйген, ана тілін сүйген өз еліміздің азаматтарына ғана емес, шет елдердегі қандастарымызға да аты жақсы таныс. Ол кісіге деген халқымыздың ықыласы ерекше, жұртымыз қатты қадірлейді, жақсы көреді.

Мен Асылы апайдың осыдан бірнеше жыл бұрын ең бірінші рет теледидардан «қазағым», «қазақ тілім», деп жұрттың санасын оята сөйлеген отты сөзін естіген болатынмын. Сондағы өткір де тартымды сөздері менің бүкіл жан дүниемді билеп алған еді. Өз ойымда жүрген, әрбір мен қазақпын деген азаматтың ойын тап баса айтқан сөздері жанымды жадыратып, кеудемдегі ұлтыма, ана тіліме деген сүйіспеншілігімді одан әрі күшейте түскен-тін.

Әдемі де келісті келген түр-тұлғалы, бір көргенде-ақ адамды өзіне баурап алатын қасиеті бар жан екені сезіліп тұрды. Дауыс ырғағы бауырлас түркі халқының өкілі екендігін білдіріп, жүрегіме жылылық ұялатты. Япырмау, бұл кісі сонда қай ұлттың өкілі болды екен!  Қазақ халқының қастерлі тілі үшін күрескен кім болды деген ой мені мазалай берді. Сөйтсем, қазақ үшін жанын отқа да, суға да салып жүрген бауырлас әзірбайжан халқының қызы болып шықты. Осыдан кейін ол кісіге деген сүйіспеншілігім бұрынғыдан да бетер еселеп арта берді, жақсы көруімде шек болған жоқ. Ұлылығына бас иіп, мың рахметімді айтып, іштей амандығын тіледім.

Асылы Әлиқызы 3 жасар кезінде, 1944 жылы Грузияның Түркиямен шекаралас Ахалкалак деген қаласынан Сталиннің қанқұйлы саясатының салдарынан отбасымен бірге Қазақстанға жер аударылған екен. Арып-ашып келген бауырлас әзірбайжан отбасына өзінің даласындай дархандығын, пейілінің кеңдігін көрсете білген халқымызды  апайымыз шын жақсы көрді. Сол себепті де болар, Қазақ елі үшін, оның қасиетті тілі үшін жан аямай қызмет етіп келеді. Соғыс кезінде жер аударылған талай халыққа қазақтар, ол кісінің өзі айтқандай, бір бөлмелі үйінің бір бұрышын, екі бөлмелі үйінің бір бөлмесін босатып беріп, өздерінен кем құрмет көрсетпей, бүтінін бөліп, жартысын жарып бергенін талай өзге ұлт өкілдерінен естіп те, біліп те жүрміз. Қазір қазақша айтысқа қатынасатын, сөз сөйлейтін, ән салатын өзге ұлт өкілдері күннен күнге көбейіп келеді. Оған да шүкір! Дегенмен, қайталап айтсам, өзге ұлт өкілдерінің ішінен Асылы Әлиқызының алатын орны ерекше.

Ұлттық ғылым академиясының қазақ филологиясы бойынша «Қазақ тілінің түсін­дірме сөздігінің» 10 томдығын шығаруға белсене қатысты. Осы томдарға 300-ге жуық ғылыми мақалалар  жазған екен. Асылы апайымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясы Әзірбайжан бөлімінің меңгерушілігі қызметіндегі еңбегі де бір төбе. Ол Қазақстандағы Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы. Тек бауырлас екі қазақ пен әзірбайжан халықтарын ғана емес,  бүкіл Қазақстан халқын қазаққа жақындастыру жолындағы қызметі орасан зор, ел мен ел арасындағы алтын көпір болып отыр.  Ол Түлкібас ауданының және Алматы облысының құрметті азаматы. Бірнеше орден, бірнеше медаль, грамоталармен марапатталған.

Қазақ тілінің мәртебесі, оның тек Қазақстанда ғана дамитынын, оны ұлтына қарамастан, Қазақстан мемлекетінің әрбір азаматы білуге тиіс, деген Асылы Әлиқызының жалынды сөздері әрбір қазақтың жүрегінде. Ортамызда осындай тамаша адамның жүргеніне тәубешілік жасайсың.

«Қаным қазақ болмаса да, жаным қазақ!» деп қазақ тілін қорғау жолында қан май­данға шығуға бармын», деген сөздері де әрбір азаматқа үлгі болатыны, намысын қайрайтыны сөзсіз. Асылы Әлиқызының: «Қазақ халқы – ұлт құраушы халық, яғни барлық өзге ұлттар оның айналасына топтасуға тиіс. Қазақ халқының тілі мен мәде­ниетін, әдет-ғұрпын білуіміз, сыйлауымыз керек», деген сөздері бүгінгі таңда үлкен маңызға ие болып отыр.

Ғасыр кемеңгері, сарабдал саясатшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақтар өз ана тілін білуі тиіс», деген болатын. Қандай сөз! Бұдан артық қалай айтуға болады. Тек, естір құлақ, түсінетін сана, сезінетін жүрек болсын десеңізші! Тіл мәселесі төңірегінде айтылмай қалған сөз жоқ-ау, сірә! Айтылудай-ақ айтылып жүр. Дегенмен, оны іске асыру жағы баяу, кемшін тұстарымыз аз емес. Біз бәрін өзімізден бастауымыз керек. Өз қандастарымыздың санасы оянбай, алысқа бара алмайтынымыз ақиқат.

Осыған дәлел ретінде Асылы апайымыздың: «Ана тілін сақтап, оның абыройын көтеру ұлы соғыспен тең. Бұл да майдан. Қан төгілмегенімен, жаға жыртылады, жан қиналады. Ұлттық намыс сыналады. Намыстарыңды қылыштай қылшылдата қайраңдар, қаһарман қазақтар. Сөйтіп, жеңіске жетіңдер, бауырларым, туыстарым, жаны бірге жақындарым менің! – деген сөздерін  келтірсек те жеткілікті болар деп ойлаймын.

Биыл Асылы Әлиқызы 70 жасқа толады. Әрине, бұл мерейтой елім, жерім, ана тілім деп жүрген күллі қазақ баласы үшін де айтулы оқиға болары сөзсіз. Себебі, бұл халықтың ерекше ықыласына бөленген, тіпті шетелдердегі қазақтарымыз да жақсы біліп,  жақсы көретін Асылы апайымыздың тойы.

Қазақта «асыл» деген сөз бар. Бұл өзі қасиетті сөз. Халқымыз заттың болсын, мал­дың болсын, адамның болсын, жалпы кез келген нәрсенің ең жақсысын, ең тазасын, ең мөлдірін «асыл» деп атаған. Ал апайымыздың аты затына сай емес пе? Олай болса, апайымызды қазақтың асылы емес  деп кім айта алады? Біз маңдайымызға біткен жарық жұлдызымыз, қазақтың асылы Асылы Әлиқызының қадіріне жете білейік.

 

 

Университет тәжірибесі

Оны республика білім беру және мәдениет жүйесі  көлемінде үлгі еткен жөн

 

/«Егемен Қазақстан», 30.04.2011 ж., Мәжіліс депутаты И. Елекеев/ - Елімізде білімімен, инабаттылығымен, өнерімен, білігімен көзге түсіп, жетістіктерге жетіп жүрген жас студент аруларымыз баршылық. Бірақ олар өз орталарында ғана белгілі болып жүр. Осындай аруларға өз өнерін халық арасында көрсетуге мүмкіндік туғызу мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қыз Жібек» байқауын екінші рет өткізіп, дәстүрге айналдырып отыр. Мақсаты – жас ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеу, қыздарымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінігін байыту, ел мәдениетін жаңғыртуға шақыру.

Ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Сондықтан тәрбие жұмысының негізі ұлттық тәрбие болуға тиіс. Менің білуімше, Еуразия ұлттық университетінде осы бағытта бірнеше жүйелі шара ұйымдастырылып келеді. Мысалы, соңғы кездегі «Қыз Жібек», «Наурыз – жыл басы», «Ер Жігіт», «Ардақты ана», т.б. сияқты шаралар ұлттық, елдік болмысты насихаттайды. Бұл ретте бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізге КВН, «Мисс» секілді көбіне сайқымазақ, әсіреқызыл, жылтырақ мазмұнға ие шаралардан гөрі, ата дәстүрді қазіргі патриотизмге жалғаған шаралар маңызды болып табылады. Осы орайда, дұрыс бағытты ұстанып, тәрбие мәселесіне көңіл бөлген ЕҰУ ұжымының еңбегі елеулі деп есептеймін. Мына күрделі заманда халық көшіне жауапты болудан, ұлт істеріне тікелей атсалысудан артық қандай мәртебе бар?

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса, қырандай қалқыған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайын­да әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!» деген қанатты сөзінің қуатын осы байқауда сезгендей болдым десем, артық айтқандық емес.

Жалпы, өткен іс-шараның ұйымдастыру деңгейі, мәні өте жоғары. Қазіргі қоғамда жастар арасында патриотизм, ұлттық рухты қалыптастыру сияқты салада бұл кештің алар орны зор деп есептеймін. Осы бағыттағы байқаулар мен кештерді жиі өткізіп отырсақ, тәрбие саласындағы жұмысымыздың оң нәтижесін көреміз деп ойлаймын.

Халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көп екені елімізге мәлім, атап айтсақ: Той малы, Дәмету, Қалың мал, Құйрық-бауыр, Сыңсу, Үй көрсету, Қыз ұзату, Сәукеле кигізу, Отау көтеру, Есік ашар, Жасау, Беташар, Қыз көші, Жар-жар, Келін түсіру, Сүйінші, Сәлемдеме, Шашу, Шілдехана, Бесік жыры, Тұсау кесу, Сүндет той – осылардың бәрін ауыз толтыра айта беруге болады. Әр салтымыздың немесе дәстүріміздің бір ғана атауының өзінде мыңдаған өнеге жатыр. Осының бәрі еліміздің жастарын салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа және мәдениеттілікке үйрететіні сөзсіз.

Олжас Сүлейменов айтқандай, «Мәдениет дегеніміз – кісілер арасында адам болу өнері».

Сондықтан да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің осы тәжірибесі республика білім және мәдениет жүйесі көлемінде үлгі етіліп, «Қыз Жібек», «Ер Жігіт», «Ардақты ана» сияқты патриоттық және ұлттық тәрбие шаралары барлық жоғары оқу орындарында ұйымдастырылса қандай ғанибет! Бұған Үкімет пен тиісті министрлік тарапынан қаражат қарастырылып, арнайы бағдарлама ұсынылса, тіпті, нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

Еліміздегі ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың түп-төркіні неде?

 

                /«Айқын» газеті, 30.04.2011 ж., Н. Мырзабекова/:

 

Ғарифолла ЕСІМ, Сенат депутаты:

- Мен негізі «ұлтаралық келісім емес, ел бірлігі» деген ұғымды қолданатын жанмын. Бір елде тұрған соң, ешқандай нәсілге, жікке бөлінбей тату-тәтті, бірлікте өмір сүрген жөн. Өйткені - мақсат бір, жұмыс бір, жағдай бір. Сондықтан ел бірлігі болуы керек. Мен айтар едім, Қазақстанда көп ұлт жоқ, Қазақстанда этносаралық келісім деген бар. Нақтылап айтсақ елімізде 140-қа жуық этнос өкілдері тұрады. Құдайға шүкір, елде тұрақтылық бар, ұлтаралық дау-дамай жоқ. Бұл дегеніміз, осында тұрып жатқан жұрттың береке-бірлігінің арқасы. Бұл жерде қазақ халқының кеңдігін, қонақжайлығын айтпай кетуге болмайды. Екінші бір мәселе, бұл - Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығы. Міне, осы екі фактор тұрақтылықтың, татулықтың кепілі.

Асылы ОСМАНОВА, «Мемлекеттік тілге - құрмет» бірлестігінің төрайымы:

- Еліміздегі ұлттардың татулығының ең басты негізі ол - даласындай дарқан қазақтың кең мінезі. Ол халықтың ешкімді жатсынбайтындығы, баршаның баласын шетқақпайламай бауырына басқандығы. Міне, еліміздегі тұрақтылықтың, татулықтың басты себебі осы. Береке-бірліктің екінші бір кепілі болып отырған Президентіміз, осы ұлттан рухтанған, осы ұлттан тәлім-тәрбие алған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған кемел саясаты. Егер мемлекеттегі ұлттардың біріне артықшылық беріп, екіншісін кемсітіп жатса, тыныштық болар ма еді? Айналадағы өзге елдердегідей жанжал, ұлтаралық қақтығыс, түсініспеушілік бұрқ ете түсер еді. Осының бәрін безбенге салған Елбасымыз барынша парасатты, салмақты саясат ұстанып келеді. Тағы бір мәселені айта кетсем, ол еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді білсе, сол тілде еркін сөйлесе, бұл да ұлттар арасындағы түсінушіліктің, татулықтың, бір ортаға, бір мақсатқа ұйысудың кепілі болар еді.

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек ері, Алматыдағы №159 қазақ орта мектебінің директоры:

- Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің қазіргі жетіп отырған жетістігінің арқауы - қазақ халқының кеңдігінде жатыр. Мейірмандығы, ешкімді жат көрмей, барын бөлісе білетін бауырмалдығы, бейбітшілікті сүйгіштігі, осының бәрі ұлттарды татулыққа жетелері хақ. Бұл жерде тағы бір айта кететін жайт, ол Елбасымыздың ұстанып отырған саясатының арқасы. Президентіміз қашанда «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дегенді аузынан тастамайды. Шындығы сол, елде бірлік бар, ал бірлік болған жерде тірлік те болып жатыр. Оның көрсеткіші - еліміздің қай салада болмасын тамаша табыстарға жетіп жатуы, әлемдік қауымдастық алдында өзін сыйлата білетін беделге, сенімге ие болуы. Ал береке-бірлік жоқ жерде мұндай игі жетістіктер болар ма еді? Сондықтан да әрдайым бірлігімізді жоғалтпауымыз керек.

 

 

Бейбітшілік дегеніміз таза ауа сияқты – Уәлихан Қоңырбаев

 

/«ҚазАқпарат», 01.05.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Бүгін, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы орайда ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Уәлихан Қоңырбаевтан алған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

- Бүгінгі әңгімеміз мамыр мейрамдары, халықтар ынтымақтастығы туралы өрбітсек. Сіздің пікіріңізше, бұрынғы мен қазіргі мерекелердің айырмашылығы қандай? 

- Балалық шағымыз Ұлы Отан соғысынан кейінгі күрделі жылдарға сәйкес келді. 1954-55 жылдары халықтың еңсесі көтеріле бастады. Халыққа нан жеткілікті бола бастады. Ол кезде Кеңес одағының құрамында болдық. Біз бала кезімізде мамыр айын ерекше күтетін едік. Сол кезде ата-аналарымыз бір жаңа көйлек немесе аяқ киім алып берсе, соның барлығын 1 мамыр күні киіп шығатын дәстүріміз болды. Ауылдың да, қаланың да балалары солай істеуші еді. Аналарымыз киімді қысты күні алса да, «мына киімді 1 мамыр күні киесің»,- дейтін. Үлкен адамдар да мамыр мейрамында көшеге жарқырап шығуға тырысатын-ды. Тұрғындар жиналып, мектептің жанында митингі өтетін еді. Сонда біз үлкен мемлекетке өзіміздің де қатысымыз бар екенін сезінетінбіз. Ол кезде теледидар жоқ. Барлық жаңалықты радио арқылы білеміз. Мәскеу мен Алматы қалаларында салтанатты шеру өтіп жатқанын естиміз. Баланың тілегі де қызық қой. Біздер «Бірінші мамыр күні жаңбыр жаумаса екен» деп тілеуші едік. Өйткені біздің олай дейтініміз жаңа киімдеріміз су болып, батпақ тиіп кірлемесе екен деген ойдан туған ғой.

Ал жаңбыр жауса, үлкен адамдар қуанады. Аталар: «Жақсы болды. Алланың нұры жауып тұр. Жаумасын деп айтпаңдар. Жаңбыр жауса, құрғақшылық болмайды. Мамыр айы келді, жауын жауып, халықтың ырысы молаяды. Шөп көп өседі, егін мол болады, нан болады»,- дейді. Мамыр айында еліміздің оңтүстігінде көктемгі егіс жұмыстары аяқталып жатса, солтүстік жақта енді басталып жататын шақ. Халқымыз «Көктемнің әр күні жылға азық» деп бекер айтпаған ғой. 

- Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихына тоқталып өтсеңіз?

- Бұрын 1 мамыр еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп аталды. Өйткені ХІХ ғасырда ауыр еңбекке жегілген адамдар көп болды. Жұмысшылар өндіріс орындарында 11-12, кейбір жерлерде 15 сағаттық жұмыс жасаған. Содан 1886 жылы 1 мамырда Чикагода Американың жұмысшылары ереуілге шығып, өз құқықтарын қорғауды, жұмыс уақытын 8 сағатқа дейін азайтуды талап еткен. Ол шеру полициялармен қақтығысқа ұласып, қантөгіспен аяқталған. Кейін көтерілісті ұйымдастырушылар жазаға тартылған. Және сол кездегі билік бірнеше адамды өлім жазасына кесіп, дарға асқан. 1889 жылы ІІ Интернационалдың Париж конгресі Чикаго жұмысшыларының ереуілі болған күнді жыл сайынғы шеру болатын күн деп шешім қабылдаған. Бірінші рет 1890 жылы Австро-Венгрия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франция, Швеция және басқа бірқатар елдерде еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні аталып өткен. Міне, осы оқиғалардан-ақ бұл күн қандай қантөгістермен, қуғын-сүргінмен келгенін көреміз.

Көп ұлтты Кеңес одағы да өзінің жұмысшылар құқығын қорғайтын ел екенін көрсету мақсатында 1 мамырды мейрам етіп атады. Ол күні бейбіт шерулер өтетін-ді. Ол кезде халық бас бостандығына, сөз бостандығына сенді. Жарқын келешекке үміт артты.

Ал Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң, 7 қараша, 23 ақпан секілді бірқатар мейрамдарды алып тастады. Дегенмен халықтың қолдауына ие болған, елге қажетті мейрамдардың атауы өзгертілді. Соның ішінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1 мамыр халықтар бірлігі күні болып бекітілді.

Шынымен де, бірлігі бар халықтың тірлігі болады. Көп ұлтты елдің келісімін сақтау мақсатында 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мемлекетімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі өз бетімен келген жоқ. Әр түрлі қоғамның саясатымен, патшалық Ресейдің жер аударуымен, одан кейін Ұлы Отан соғысы уақытында Сталиннің жарлығымен келді. Кавказдағы  халықтарды бір-ақ күнде жер аударып, Қазақстанға әкеліп орналастырды. Еділ  бойынан немістерді көшірді. Қиыр Шығыстан кәрістерді еріксіз қоныс аудартты. Олардың барлығы осы жерге үйреніп, өз Отаным деп санайды. Қайсысымен тілдессеңіз де, барлығы да «Қазақстаннан басқа қандай Отаным бар?!» деп айтады.

- Сіз өскен ауылда өзге ұлт өкілдері тұрды ма?

- Біздің ауылда өзге ұлт өкілдері де тұрды. Украиндар, немістер және тың игеруге келгендер қоныс тепкен. Бала кезімізде негізінен ана тілімізде сөйлестік. Ауылда көп балалы Серков деген орыс тұрды. Ол кезде орыс тілін білмесең, алысқа бара алмайтын заман болды. Сонда әкеміз: «Әй, балам, Ислам, Тілегендермен ойнағанша, барып Серковтың балаларымен ойнасаңшы, орысша үйренсің ғой»,- дейтін. Бірақ та олардың балалары да біздермен бірге қазақша сөйлеп кетті. Өйткені бірге ойнаған балалар тілді тез үйренеді. Черненко деген де отбасы болды. Бәрі де қазақша сөйлеп кетті. Немістер қазақ тілін тіпті тез меңгеріп алады.

Мен өскен Айыртау ауданындағы Сырымбет аулының табиғаты әсем. Орманды шұрайлы жері бар. Ақан сері «Аулым қонған Сырымбет саласына» деп әнге қосқан ғой! Сырымбет аулында үлкен балалар үйі болды. Онда соғыс уақытында ата-анасынан айырылған Ресейдің соғысқа ұшыраған аймақтарының, Ленинград қаласының, Беларусь, Украина республикаларының балалары болды. Балалар ата-аналарынан хат күтеді. Ауыл балалары да олардың мұң-қайғысымен бөлісіп өсті. Жан-жақты қамқорлық жасалып тұрды. Біз Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте оқыдық.

 Халық даналығына сүйенсек, «елу жылда - ел жаңа, жүз жылда - қазан» деген. Осы күні туған жеріме барсам, кешегі аулым жоқ бүгін. Ол уақыттың әсері. Ол замандағы аш-жалаңаштықты, халықтың көрген ауыр тұрмысын ешкімнің басына бермесін. 

- Елдің ынтымағын сақтау туралы қандай ойыңыз бар?

- Қазір таза ауа жұтып отырмыз ғой. Бейбітшілік дегеніміз таза ауа сияқты. Мен де, сіз де жұтып отырған кезде оны байқамайсыз. Ал пәле-жаладан құдай сақтасын! Бір жерде түтін шығып, улы газ тарап жатса, бір жұтым ауаға зар боласың. Мәселен, өткен жылы Мәскеудің жан-жағында орман да, дала да, ауылдар да өртеніп, тұрғындарға демалатын таза ауа қалған жоқ. Сол секілді бейбітшіліктің рақаты мен пайдасын да, мемлекетіміздің дамығанын да, армандарымызды орындау үшін беріліп жатқан мол мүмкіндігін де байқамаймыз.

Ал қақтығыс шыға қалғанда барып, оның қасірет екенін сезінеміз. Өйткені қақтығыс жақсылыққа әкелмейді. Жер шарында болып жатқан оқиғаларды көріп отырмыз.

- Кішкентай кезіңізден Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, мүгедектерін көріп өстіңіз. Бұл жөніндегі пікіріңізді ортаға салсаңыз?

- Соғыс ардагерлері үшін мамыр айы айрықша қымбат. 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні. Бір қызығы, бұрын ол күні халық демалмайтын, жұмыс күні еді. Тек Жеңістің 20 жылдығына байланысты 1965 жылдан бастап заңға түзету енгізіліп, мемлекеттік мереке дәрежесіне қосылды және демалыс болып есептелді.

Өзіміздің әкелеріміз соғысты бастан кешкен ардагерлер ғой! Менің әкем Қоңырбаев Есламбек неміс басқыншыларын жеңген соң, әскери қызметті одан әрі жалғастырып, Қиыр Шығысқа жіберілген. Жапон соғысына қатысып, елге 1945 жылы қазан-қараша айларында оралған екен. «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері және бірнеше медальдармен марапатталған. Есламбек әкеміз минометшілер қатарында болды. Той-томалақта соғыс жылдары шырқалған әндерді айтушы еді.

Мен қазақ салтымен әкемнің туған ағасының қолында өстім. Сондықтан Есламбек Қоңырбаевты әкем деп есептеймін. Ол 1994 жылы 86 жасында дүние салды. Ал өз әкем Сиянбек 57 жасында ертерек өмірден озды. Ол брон арқылы соғыстан қалдырылған.

Ардагерлердің әңгімелері қызықты болатын. Арасында мүгедектер де болды. Базарбай дейтін майдангер соғыста бір аяғынан айырылып, мүгедек болып келді. Сол кезде 24 жаста болды-ау деймін. Өзі шаруашылықта жұмыс істеп, үнемі мотоциклмен жүретін-ді. Аяғына протез салынған. Балалы-шағалы болды.

Сол сияқты ауылда Сарбасов Мотан деген ардагер болды. Ол өз әңгімесінде: «Сталиннің «Живым в плен не сдаваться!» деген Жарлығы бар. Қатты ұрыс жүріп жатты, сол кезде ауыр жарақат алдым, солай ес-түссіз жатқанымда жау қолына түстім», - дейтін. Ол ағаға соғыстан келгеннен кейін де тыныштық бермеді. Әскери комиссариатқа ма, басқа бір органға ма, алып кетіп, «Пленге қалай түстің? Неге түстің?» деп тергеп жүрді. Не керек, әйтеуір 1955 жылға дейін оған тыныштық берген жоқ. Ұлы Отан соғысындағы жеңіс халықтың жеңісі болды. Жауынгерлер ұлтқа бөлінген жоқ. Бәрі де Отан үшін жаумен айқасып, қанын да, жанын да аяған жоқ. Соғыста әр түрлі жағдай болады. Кейбірі жау қолына түсіп қалады. Олар әдейі түскен жоқ, Отанын сатқан жоқ. Сол кездегі өкімет «Елге келгеннен кейін де оларды неге қуғын-сүргінге салды екен?» деп ойлаймын. Ол да әділетсіздік. Сондықтан ондай ардагерлер соғыс оқиғалары туралы көп айтпайтын.

Соңғы мәліметтер бойынша бірқатар облыстардың кейбір аудандарында бірде-бір соғыс ардагері қалған жоқ. Кезінде майдангерлер көп еді. Ұлы Жеңістің 40 жылдығын өткізгенде әкімшіліктегілер «Ана ардагерге пәтер керек, мына майдангерге автокөлік керек» деп айтатын еді.

Өткен жылы Жеңістің 65 жылдығы ТМД елдерінде кең көлемде аталып өтілді. Елбасымыздың бастамасы бойынша Қазақстан да ерекше тойлады. Ардагерлерге үлкен құрмет көрсетілді, 65 мың теңге арнайы жәрдемақы төленді. Ол үшін ел бюджетінен 6 млрд теңеге жуық қаржы бөлінді.

 Ақын Сағи Жиенбаевтың әнге айналған «Ауыл қарттары» өлеңінде «Құрыштан құйған құдірет - Қарттарым, аман-саумысың?!» деген тамаша жолдар бар емес пе? Кешегі соғыста шыңдалған ардагерлердің организмдері де мықты ғой. Ұлы Жеңістің 65 жылдығын күткен ақсақалдар аз болған жоқ. Жастары 90-ға таяған мен танитын бір-екі адам бар еді. Олар да Жеңіс күнін тойлап біткен соң, екі-үш айдан кейін дүние салды.

- Мамыр айы Сіз үшін несімен қымбат?

- Мамыр айының тағы бір ерекшелігі - аспанның ауасы таза болып тұрады. Таңғы ауаға ештеңе жетпейді. Аспанға қарасаңыз, ашық болады, аппақ бұлттар қалқып жүреді. Өзім жақсы білетін солтүстік өңірде қыстың ызғары кетіп, ағаштар бүр жарып, төңіректің бәрі жасыл желекке оранады. Бұл кезде малдың бәрі төлдеп, өріске шығады, төрт түліктің аузы көкке ілігеді. Мәселен, сүт өнімінен жасалатын айран, қаймақ өте дәмді болады. Мамыр айы табиғаттың тамаша түрге енетін кезі. Соның барлығы адам баласына ерекше әсер етеді.

Мамыр айында мейрам көп болды. 19 мамыр пионерлер күні еді. Ол кезде әр түрлі олимпиадалар өткізілді. Ауылдық мектепте оқысақ та, ауданда өтетін сайысқа барып, өз өнерімізді көрсетеміз. Спорттық шаралар бойынша жарыстарға қатысатынбыз. Соның бәрі кешегі күннің тәрбиесі болса да, оның ішінен жақсы жақтарын алып отыру қажет деп ойлаймын. Бүгінгі таңда «Атамекен» ұйымы құрылған, оқушылар мойындарына көк галстук тағып жүр. Бұл өте дұрыс. Адамның бала кезінен азамат болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

Мамыр айында мектеп бітірушілер мамандықтарын таңдайды. Айдың соңында соңғы коңырау өтеді. Түлектер үшін мемлекеттік емтихандар басталады. Бұл дәстүр қазір де сақталып отыр. Бүгінде Ұлттық бірыңғай тест сынағынан өтеді.

- Халыққа айтар тілегіңіз?

- Еліміз аман, халқымыз тыныштықта өмір сүре берсін. Әр отбасында молшылық, ырыс-береке болсын. Елбасының мемлекет пен халықтың алдына қойып отырған үлкен мақсаттары бар. Соның бәрі жүзеге асып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, еңселері көтеріліп, өркениетті елдің азаматтары болуына тілектеспін. Ал жастарымыз алдарына қойған мақсаттарына жетіп, білім мен ғылымнан және еңбектен несібелерін таба берсін. Сондай болатынына мен сенемін. Ел үшін еңбек жасап, қуаныштан қуанышқа жете берейік!

- Әумин, айтқаныңыз келсін.

 

 

Алматыға қауіп төндіріп тұрған тау көлдері

жеткілікті түрде бақылауда тұр деп ойлайсыз ба?

 

/«Алаш айнасы», 04.05.2011 ж., С. Жұмабеков/:

 

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Батыс Қазақстандағы су тасқыны, Қызылағаштағы жағдайлардан кейін біздегі қауіпті аймақтар «жіті бақылауда тұр» деп ауыз толтырып айта алмаймын. Өйткені осы уақытқа дейін көптеген ақпарат халыққа кеш таратылып отыр. Яғни Төтенше жағдайлар министрлігі тек болып кеткен апаттарды реттеумен ғана айналысып отырған секілді болып көрінеді. Ал оның алдын алуға, халықты дер кезінде хабардар етуге, ұйымдастырушылық шараларын ыждаһатты жүргізуге олардың мүмкіншіліктері аз, ескі әдіспен жұмыс істеп отыр. Сондықтан Алматыдағы тау көлдерінің барлығы бақылауда, қауіпсіз деңгейде тұр дегенге сенгім келмейді. Оның үстіне плотиналардың барлығы кеңестік кезде салынған ескі нысандар. Күні кеше ғана Алматыда бір емес, екі күн қатарынан жер сілкінісі орын алды. Мұндай зілзалалар кейбір тектоникалық жа­рылуларға әкеліп соғып, оның арты көл арнасының тасуына ықпал етуі мүмкін. Себебі техникалық жағынан дамыған Жапонияда дәл осындай жағдай болды. Біздегі жер сілкінісі Қапшағайдың плотинасына қаншалықты әсер етті? Алматының айналасындағы тау көлдеріне зиянын тигізбеді ме? Мұны зерттеп отырған кім бар? Осыны жіті қадағалап отыратын ғылыми-зерттеу институттары не істеп отыр? Тіпті олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасайтын қондырғылары да ескі. Енді осындай жағдайдың барлығын біле тұра, тау көлдерінің барлығы жеткілікті дәрежеде бақылауда тұр деп қалай айтамыз?

Гүлшат ДӘУРЕНБЕКОВА, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Алматыға қауіп төндіретін тау көлдерінің барлығы бақылауда тұр. Өйткені күні кеше ғана Сейсмология институтының директоры, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Дамир Халықов мырзалар теледидар алдында жұртшылықтың сұрақтарына тікелей жауап берді. Сонда мамандар жер сілкінісі тау көлдеріне қандай да бір зиянын тигізбегендігін айтты. Демек, барлығы қалыпты деңгейде жұмыс істеп тұр. Бұл жерде тұрғындардың үрейленуіне ешқандай негіз жоқ. Жергілікті тұрғындарға жалған ақпараттарға сене беруге болмайтынын айтқым келеді. Қазір біз Сейсмология институтының мамандарымен байланыста отырмыз. Олар «алдағы уақытта Алматыда 5-6 балл болатындай жер сілкінісі болмайды» деп сендіруде. Сондықтан бұл ретте алаңдаудың реті жоқ.

Ахметқал МЕДЕУ, Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ғылыми-технологиялық холдингі География институтының директоры:

– Негізінде, жер сілкіну, тау көлдеріндегі сулардың тасуы халыққа үлкен залалын тигізеді. Сондықтан бұл реттегі жұмыстарды қатаң бақылауда ұстап отыруымыз керек. Бұл ретте, ең бірінші, апат қай жерде, қандай күшпен болады, қай уақытта орын алады, міне, осыны назарда ұстап отыруға тиіспіз. Егер біз осы сұрақтарға нақты жауап бере алсақ, онда халықты апаттан аман алып қалуға мүмкіншілігіміз зор болады. Меніңше, дәл қазіргі уақытта тау көлдері Алматыға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Қазір олардың барлығы мұздың астында жатыр. Әрине, жаз кезінде, шілденің шіліңгір ыстығында осындай сұрақ қойсаңыз, онда басқаша жауап беруім мүмкін еді. Алайда қазіргі уақытта тау бөктеріндегі көлдер халыққа қауіпті емес. Оны «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі жіті бақылауда ұстап отыр.

 

 

Жер сілкінісіне байланысты туындаған дүрбелең тиісті орындардың

апатты жағдайға дайын еместігін көрсеткен жоқ па?

 

/«Алаш айнасы», 04.05.2011 ж./:

 

Ақмырза РҮСТЕМБЕКОВ, ҚР Сәулетшілер одағының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы, профессор:

Иә

– Иә, тиісті орындардың зілзалаға дайын еместігінің айтылып жүргеніне біршама уақыт болды. Кешегі жер сілкінісі тиісті органдардың жедел жұмыс істей алмайтындығын көрсеткендей. Бұрыннан да тиісті органдардың жұмысына күдікпен қарайтын халық төтеншеліктердің «үрейленетін ештеңе жоқ» деген сөзіне де иланған жоқ. Қала тұрғындары арасында дүрбелең туды.

Дүрлігуге себеп те жоқ емес. Мәселен, еліміздегі тұрғын үйлердің көбісі жер сілкінісіне дайын емес. Алматы қаласында 1970 жылдан кейінгі салынған құрылыс жұмыстары 9 балдық жер сілкінісі талабына сай тұрғызылған.

Ал оған дейінгі салынған көпқабатты үйлер мұндай талапқа сай келмейді. Әсіресе қаламызда 1950 жылдары салынған мектеп, балабақша, мекемелер жетерлік. Тіпті 1970 жылдардан кейін салынған үйлердің бәрі бірдей зілзалаға төтеп береді деп те айта алмаймын. Оның үстіне бүгінде көптеген тұрғын үйлердің асты дүкендер мен қызмет көрсету орындарына айналып кеткен. Үй салар алдында бастапқы жобаға кірмеген, бірақ кейіннен жүргізілген мұндай қосымша құрылыс қауіпті. Мұны көріп-біліп отырған тұрғындарға қалайша үрейленбе деп айтуға болады?

Жай күннің өзінде Алматы қаласында көлік тығынынан жүре алмаймыз. Ал алты баллдық жер сілкінісінен асса, тиісті орындар газ бен электр энергиясын автоматты түрде желіден айырады. Мұндай жағдайда үйін тастап қашқысы келген тұрғындар қаладан шыға да алмай қалады. Мұндай дүниелер алдын ала ойластырылып отырған жоқ. Шыны керек, қазір жойқын жер сілкінісі бола қалған жағдайда халық қайда барып тығыларынан хабарсыз. Мәселен, кеше халық үйлерінен беталды қашты. Бұл олардың жер сілкінісіне жеткілікті түрде дайын емес екендігін көрсетті. Осындайда тиісті орындар алдын ала апатты жағдайда қорғанатын ашық алаңқайлар мен тиісті орындарды айтып халықты хабардар етіп отырса, жұрт дүрлікпес еді. Кеше де алдын ала жер сілкінісі жайлы жеткілікті түрде хабарланған жоқ. Халық аяқастынан жер сілкінісін сезді де, өзара бір-бірінен естіген лақап хабармен дүрлігіп кетті. Ең болмаса төтеншеліктер 8 рет жер сілкінісі сезіліп жатқанда бір рет болса да дауыс зорайтқышымен тұрғын үйлерді аралап, халықты тыныштандыруға шақырса, мұның өзі үлкен көмек болар еді.

Қабиболла ЖАҚЫПОВ, Мәжіліс депутаты:

Жоқ

– Жоқ, мен олай ойламаймын. Жыл сайын ТЖМ-ға төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мемлекеттен қыруар қаржы аударылып жатыр. Қолдан апатты жағдай тудырып, алдын алу жаттығу жұмыстары да жүргізілуде. Апатты жағдайлардың алдын алу үшін жасалынып жатқан мониторингтік жұмыстар өз алдына. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Мұны тиісті орындар да айтып жатыр. Ал халық өз бетінше дүрлігіп, үрейленіп жүр.

Оның үстіне, кешегі Жапонияда болған жер сілкінісінің ізі әлі суи қоймаған соң, халықтың көңілінде қалып кеткен үрей алматылықтарды одан әрі дүрліктіріп жіберді.

Шынында, Жапониядағы жер сілкінісінің күші біздікінен әлдеқайда күштірек болды. Ал бізде ғалымдар өздерінің зерттеуіне орай, ондай жойқын жер сілкінісі жақын уақытта болмайды деп мәлімдеген болатын. 1-2 мамыр күндері де арнайы жиын өткізген төтеншеліктер мен сейсмологтер «күші бұдан артық жер сілкінісі болмайды» деп халықты тыныштандыруға тырысып жатты. Алдын ала тұрғындарға хабарлайтындай жағдай орын алған жоқ. Ендеше, дүрлігуге негіз жоқ еді. Алайда халық өзара лақап әңгіме таратып, дүрлігіп алды. Негізі, бұған жол бермеу керек еді. Бұл жерде тиісті орындардың ешқандай кінәсі жоқ. Олар өз жұмыстарын дұрыс атқара білді. Ал дүрбелеңге тұрғындардың өзі себепші болып отыр.

Жалпы, еліміздегі төтеншеліктердің жер сілкінісі орын ала қалған жағдайдағы дайындығы, алдын алу шаралары өз деңгейінде деп санаймын. Беталды жорамал айта беруге болмайды. Олар белгілі бір уақыт аралығында төтенше жағдайдың алдын алудағы дайындықтары жайлы жоғарыға есеп беріп отырады. Тиісті орындар оның бәрін қадағалап отырады, сейсмикалық әрбір әрекетті бақылап отырған мамандар да бар. Ендеше, алаңдаудың реті бар ма? Оның үстіне бүгінгі күні жер сілкінісін бақылап отыратын заманауи технологиялық жабдықтар да жетілдірілген. Мұның бәрі апатты жағдайда алдын ала құлақтандыруға қауқарлы деп санаймын. Жер сілкінісі – қалыпты жағдай. Оның үстіне Алматыдай сейсмикалық қалада жер сілкінісі таңсық болмауы керек. Сондықтан мамандар үнемі бақылап отырғандықтан, халық дүрлікпей, тиісті қағидаларды орындап, түсіністікпен қараса дұрыс болар еді.

Бейтарап пікір

Сейдахмет ҚҰТТЫҚАДАМ, қоғам қайраткері:

– Жер сілкінісі тіркелгеннен кейін сейсмологтер «алаңдауға негіз жоқ» деп халықты жұбата бастады. Шынымен олар алдын ала жер сілкінісі болатынын сезсе неге алдын ала халықты құлақтандырмады? Тіпті апат орын алған жағдайда қандай керек-жарақтар өзімен бірге болуы керектігі жайлы да жер сілкінген соң хабарлауда. Бұдан кейін халық оларға қалай сенім артады? Сондықтан алдағы уақытта тиісті орындар халықтың сеніміне сай жұмыс істеуге ұмтылуы керек. Әсіресе Алматы секілді халық көп шоғырланған, сейсмикалық қалаларда кешенді түрде алдын алу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Әрбір алматылық жер сілкінісі жағдайында не істеу керектігін, қай жерге барып қорғануы жайлы хабардар болуы тиіс. Ал дәл қазіргі таңда басқаны айтпағанда, халық қай жерге барып бас сауғалау керек екенін де білмейді. Бұл – тиісті орындардың жұмысының кемшін түсіп жатқанының айғағы.

 

 

 

Астана – әрбір қазақстандықтың ортақ мақтанышы,

баянды болашағымыздың ордасы- Қылышбай Бисенов

 

/«ҚазАқпарат», 05.05.2011 ж., А. Бәймен/ - Ертең, 6 мамыр - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әйгілі тарихи Жарлығы шыққан күн.

1998 жылы Президент Елордамызға Астана атауын берді. Мемлекет астанасының көркеюі, әлемдік деңгейдегі алатын орны туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Нұр Отан» ХДП Мәжілістегі фракциясының және партияның Саяси Кеңесінің мүшесі Қылышбай Бисенов ҚақАқпарат тілшісіне айтып берді.

- Қылышбай Алдабергенұлы, Астана атауын иеленгеніне бір мүшел толып отыр екен. Елордамыздың айшықты күндері туралы айтып өтсеңіз?

- Біздің елімізде тарихи күндер көп. Соның бірі - 1997 жылғы 10 желтоқсан. Бұл - Елордамыздың Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшірілген күн. Сол күні Ақмола қаласының орталық алаңында салтанатты шара өтті. Сол күні Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Президенттің штандарты жаңа астанаға әкелінген болатын. Осы сәттен бастап Елорда жүрегі Сарыарқа төрінде соға бастады.

Орталық алаңда жиналған жұртшылық алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, «Бұдан былай және ғасырдан-ғасырға, осында, ұлан-байтақ елдің кіндігінде халық тағдыры үшін өміршең маңызы бар шешімдер қабылданады. Бұл жерде енді Отанымыздың жүрегі соғуда. Осы жерде бүгін Қазақстан үшінші мыңжылдықтың табалдырығында өзінің тарихи тағдырын айқындайтын болады» деген болатын.

Сол бір тарихи күні ақмолалық қариялар мінбеге көтеріліп, Елорда кілтін Елбасына табыс етіп, ақ баталарын берген еді.

Ал келер жылы, яғни, 1998 жылы 6 мамыр күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи Жарлығы шықты. Ол «Қазақстан Республикасының  астанасы - Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы деп қайта атау туралы» деп аталады. Және осы Жарлыққа сәйкес Астана қаласы Сарыарқа және Алматы аудандарына бөлінді. Бүгінгі таңда Сол жағалаудағы жаңа әкімшілік орталығының салынуына орай үшінші Есіл ауданы құрылды. Сөйтіп, қазір Астана қаласының аумағында үш аудан бар.

Қазір Астана тәуелсіз Қазақстанның Елордасы ретінде әлемге танылды. Жылдан-жылға көркейіп келеді. Жыл сайын 6 шілдеде Астана қаласының күні сән-салтанатымен аталып өтеді.

- Сіздің алғашқы мамандығыңыз құрылыс саласына тікелей байланысты екен. Ғалым-ұстаз ретінде Астанамыз туралы пікіріңізді білдірсеңіз.

- Дұрыс айтасыз, мен 1979 жылы Қазақ политехникалық институтының құрылыс факультетін бітіргенмін. Сол кезден бастап білім мен ғылым саласында қызмет атқарып келемін. Елдегі құрылыстың үдемелі қарқын алуы, біріншіден, экономикалық дамудың көрсеткіші. Ол экономикалық дамудың локомотивіне айналатын сала болып отыр.

Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев астананы Алатау баурайынан Сарыарқа төріне көшірерде «Бұл мен үшін емес, бұл ел үшін керек, елдің ертеңі үшін керек, мұның мәнін қазіргі адамдар толық ұғар-ұқпас, бірақ болашақ ұрпақтарымыз ұғатын болады» деген. Бүгінгі күні Астана қаласы адам танымастай өзгеріп, Орталық Азиядағы бірден-бір сәулет өнеріндегі қайталанбас Ғасыр жобасына айналды. Осылайша астананың басқа қалаға ауысуымен мемлекет пен ұлт тарихының жаңа беті ашылды. Астана тәуелсіздігіміздің символына айналды. Дүниежүзі танып, еліміз кез келген елмен терезесі теңесті. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» -деп дана халқымыз осындайда айтқан болар.

Мен 2000 жылдардың бас кезінде Астанаға іссапармен келіп жүргенде «Есілдің сол жағалауында әлемде өте сирек кездесетін ғасырлық құрылыстар салынып, ғажайып ғимараттар пайда болады» деп ойлаған жоқ едім. 10 жылға жетпейтін уақытта Астана құрылысы салынды. Бұл Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында, Президенттің өз тағдырын өз елінің мүддесіне арнап атқарған еңбегінің нәтижесі деп білемін.

- Сәулетті ғимараттарды атасаңыз?

- Астанамыздағы Президенттік мәдениет орталығы, «Нұр-Астана» мешіті, Бейбітшілік және келісім сарайы, Қазақ елі ескерткіші мен Тәуелсіздік сарайы, «Қазақстан» орталық киноконцерт залы, «Бәйтерек» кешені, Парламент және Үкімет үйлері, мемлекеттің орталығында саяси дамуымыздың тұрақты бейбіт өмірмен жасампаздықтың кепілі ретінде тәуелсіздігіміздің символына айналған арайлы Ақорда ғимараты - әлемдегі озық архитектуралық өнердің сәнді де салтанатты көркемдік келбеті.

Астананың құрылысы Елбасымыздың тікелей басшылығымен салынып жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Елорданың негізгі сәулетшісі деп айтар едім. Бас қаланы өзі жобалап, саяси шешім қабылдап, қысқа мерзімде Астананы тәуелсіздігіміздің символы ретінде бүкіл әлемге танытты.

Астанадағы ғимараттар әлемдік сәулет өнерінің жаңа дизайнымен, архитектуралық-инженерлік жобаның жетістіктерімен  салынған. Өте сирек кездесетін тарихи ғимараттар бар. Бұл ғимараттар бүгін жаңашылдығымен айшықталса, араға жылдар салған кезде тарихи-мәдени құнды ескерткіштер ретінде бағасы одан сайын арта түсетіні сөзсіз.

Сондықтан да әсем Астана - әрбір қазақстандықтың ортақ мақтанышы, баянды болашағымыздың ордасы, Қазақстан халқының ырысты ынтымақ-бірлігінің жеңісі мен жемісі.

- Рақмет әңгімеңізге.

 

 

Алматы қаласының ішіндегі базарларды ретке келтіру жұмыстары

тағы да аяқсыз қалып қоймай ма?

 

/«Алаш айнасы», 05.05.2011 ж./:

 

Нұрлан ӨНЕРБАЕВ, Мәжіліс депутаты:

– Базар болғаннан кейін оның айналасында жайма базарлардың көбейетіні рас. Бұл жақсы нәрсе емес. Өйткені жайма базарлардың салдарынан базар айналасында санитарлық нормалар сақтала бермейді. Яғни базарлардың көбеюі қаланың тазалығына нұқсан келтіреді. Мұндай базарлардың барлығының артында мықты қожайындары бар. Жекелеген адамдардың мүддесі үшін жұмыс істейтін мұндай базарлардың көбеюіне тосқауыл қойылуы керек. Алматы қаласы үлкен болғанымен, ондағы базарлардың санын көбейте берудің қажеті жоқ. Мен әлемде көптеген үлкен қалада болдым. Базар саудасы қызған қалалардың экономикасы дамығанымен, санитарлық нормалары ешқашан сақтала бермейді. Бұл жерде жергілікті әкімдіктер мен тиісті қадағалаушы орындардың бақылауын күшейтіп, базар иелерімен келіссөздер жүргізу арқылы базарларды өркениетке сай бейімдеу керек. Рас, талай адам осы сауда арқылы күн көріп отыр. Осы орайда оларды табыс көзінен айырмау жағын қарастырған жөн.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:

– Ата Заңымыз бойынша, адамның меншіктік құқы сақталуы қажет. Десек те, бұл жекеменшік жерінде әркімнің не істесе де өз еркі деген сөз емес. Негізі, біздің елімізде базар қожайындарына қатаң талаптар қойыла бермейді. Базар иесін сауда орнының белгілі бір бөлігінің төбесі жабық болуына, қыстыгүні жылытылатындай, базарға келген халық жаурамай, саудасын жасай алатындай, әрі халық сауда жасай жүріп, демала алатындай жағдай туғызуға міндеттеп, егер талаптар орындалмаса, базарды жабу керек. Бір өкініштісі, тиісті орындар базар иелеріне нақты талаптар қоя бермейді. Осының салдарынан бүгінде базарларымызда ешқандай тәртіп жоқ. Негізі, базар ішіндегі заңсыздыққа, алаяқтыққа базар әкімшілігі жауап беруі керек. Алайда бүгінде базар әкімшілігі мен саудагерлер ауыз жаласып, халықты қанап отыр. Мәселен, базарлардағы саудагерлердің қолындағы таразысы дұрыс емес. Сондықтан базарға барар алдында әрбір тұрғын қалтасына таразысын салып баруға мәжбүр. Осы орайда тез арада жергілікті басқару орындары базар иелеріне қойылатын талапты күшейте отырып, базарларды ретке келтіріп, заманауи сауда орындарын ашуы қажет.

Абылайхан САМАТДИНОВ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:

– Базарлардың бетімен кетуіне қадағалаушы орындар кінәлі. Шыны керек, базар қожайындары күнделікті қыруар қаржы табады. Табыс көзі болып отырған базарды талапқа сай орынға айналдыруға құлықсыз. Осы орайда жергілікті билік орындары базар қожайындарынан санитарлық талаптарды сақтап, базар айналасын заңсыз жайма базарларға айналдыруға жол бермей, керісінше, көріктендіруін талап етуі керек. Бұған жергілікті билік орындарының толықтай құқы бар. Базар иесінің меншігі екен деп, олардың көпшілік орынды қалай болса солай ұстауына жол бермеу керек. Мәселен, заманға сай Алматы қаласындағы «Апорт», «Максима», «Мега» секілді сауда, ойын-сауық орталықтары өте қолайлы. Олардың айналасында базар маңындағыдай көлік кептелісі жоқ, арнайы көлік тұрағы да ескерілген. Тұрғындардың сауда жасауына да, қаланың ажарына ажар қосуға да тұрарлық. Сондықтан базар иелерінің қарсылығына қарамастан, базарлардың бәрін осындай сауда орнына айналдыруға тырысқан жөн.

 

 

«Жалғандық детекторы» кек алу құралына айналып кетпей ме?

 

/«Айқын» газеті, 05.05.2011 ж., Г. Айтжанбай/ - Адамның адалдығын тексеруге арналған жалғандық детекторы алғаш рет 1970 жылдары АҚШ-та қолданылды. Мұндай құралды алдымен осы елдің арнаулы қызметтері кеңінен пайдаланғаны мәлім. Кеңес Одағы кезінде ғана «жалғандық детекторының» қыр-сырын орыс ғалымы, психолог А.Лурия зерттеген болатын. Кейінірек ол осы еңбегін дамытып, өтіріктің көрініс беру процестерін анықтау арқылы академиктік дәрежеге көтерілді. Бүгінгі нарықта соңғы үлгідегі «жалғандық детекторы» 3 500 бен 10000 АҚШ доллары аралығында бағаланады.

Ал 1980 жылдары адалдықты анықтаудың бұл тәсілі өндіріс орындарында шпионажды анықтау мақсатында қолданылыпты. Уақыт өте келе, «жалғандық детекторы» арқылы қайсыбір қызметкерлерден психоаналитикалық тест те қабылданды. 1990 жылдардан бастап жалғандық оны барлық жерлерде, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер арасында да қолданыла бастады. Осылайша, полиграф сынағы АҚШ, Канада, Жапония, Үндістан, бірқатар Батыс Еуропа елдері, Мексика, Бразилия, Аргентина, Пуэрто-Рико, Иран, Таиланд, Тайвань және Филиппин сынды мемлекеттерде қылмыстық тергеулерде пайдаланылады. «Жалғандық детекторын» мемлекеттік міндеттеу тәжірибесі барлық елдерде бірдей қабылданбағанымен, әлемдегі ірі компаниялар, фирмалар полиграф қызметін тұрақты түрде пайдаланып келеді. Қазір Ресей жағы мемлекеттік тендердің немесе мемлекеттік сатып алудың басы-қасында жүрген шенеуніктерден тест қабылдаған кезде осындай құрылғының көмегіне жүгінеді. «Елді алдасаң, енді шенеунік бола алмайсың!» деген талапты Қырғызстанда заңдастырып үлгерді. Бұл туралы үкіметтің қаулысы өткен жылдың аяғында күшіне енді. Құрылғыға өз бағасын берген ел президенті Роза Отынбаева: - Бізде керемет нәрсе бар. Оны ашық түрде қабылдадық. Бірақ бір нәрсені түсінуіміз қажет. Біз баланың ойынын ойнап жүрген жоқпыз. Осы қадамымыз арқылы мыңдаған адамдардың тағдырын шешпекпіз, - деп мәлімдеп те үлгерді. Ел президенті техниканың қалай жұмыс істейтінін өзі келіп көрсе де, көпшілік көзінше халқына адалдығын тексертуді жөн санамапты.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке алғанда «Жалғандық детектор» деп аталатын полиграфтар қолданылуы мүмкін. «Нұр Отан» ХДП Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасына осындай тұжырымдама енгізіп отыр. Жоба бойынша мемлекеттік қызметкерлердің барлығы емес, тек белгілі бір мемлекеттік қызметтегілерді, атап айтқанда, қызметі қаржылық мәселелермен, материалдық жауапкершілікпен тікелей байланысты шенеуніктерді «жалғандық детекторының» сүзгісінен өткізу ұсынылуда. Оған үкіметтің де көзқарасы оң. «Жалғандық детекторының» нағыз ақиқат өлшеміне көз жеткізіп үлгірген қазақстандық ІІМ басшысы оны «ең бір коррупциялы орган» саналатын Жол полициясына ендіре бастапты. Қазір бұл мәселе Үкімет қабырғаларында талқыланып, ақиқаттың өлшеміне айналады деп үкілеп отырған құрылғының құқықтық-қаржылық базасы және оны қолданатын орындардың құқықтық мәртебесі талқыланып жатыр. Полиграф-мамандар - Ресейде, құрылғылар мемлекеттік тапсырыспен Германия және Финляндияда дайындалады. Кейбір мәліметтер бойынша, детекторлардың алғашқы партиясы алдыңғы елге жет­кізіліп үлгірген көрінеді. Айта кету керек, билік партиясының бұған дейінгі қосшысының парақорлығы үшін басшысын да жауапқа тартуды міндеттейтін бастамасы Парламент төрінде пікір көрігін қыздырған болатын. Табыс салығын декларациялау, лоббистер туралы бапты заңдастыруды қолдайтын ұсыныстары, «үлкен басшылардың балалары қайда жұмыс істейді, олардың тізімі неге жарияланбайды?» бастамалары қоғам тарапынан да, Үкімет тарапынан да қолдауға ие болғанын және «жалғандық детекторын» қолданысқа енгізу идеясы алдыңғыларының сапалық деңгейін көтеріп тұрған тың бастама екенін айтуға тиіспіз.

- Кезінде «Жас Алаш» газеті «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы жанындағы Жемқорлықпен күрес кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтың арқасында министрлердің, депутаттың қандай көлікке мінетінін және қанша жалақы алатынын біліп алдық» деп жазғаны бар. Мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу кезінде «жалғандық детекторын» қолдану туралы ұсыныс қабылданар болса, онда бұл құрылғының нәтижесінің ескерілуін құжат жүзінде заңдастыруға да болады. Әрі құрылғыны қолдануды әркімнің өз еркіне ғана қалдырмай, мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде осы құрылғының сүзгісінен өтуі талап етілер еді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке қабылданар алдында да аталмыш құрылғының нәтижесі міндетті түрде ескеріліп, мемлекеттік қызметтерге мейлінше ниеті таза адамдардың тартылуына да мүмкіндік туады.

Жалпы, бүгінгі қоғамда сыбайлас жемқорлықтың белең алуы - қатерлі көрініс. Сондықтан онымен күресуде заңды қатайту, азаматтарды тәрбиелеумен қатар, осындай түрлі амал-тәсілдерді қолдануымыз қажет. Бұл орайда «жалғандық детекторын» қолданып көру де артықтық етпейді. Біз бағдарлама жобасына «мемлекет-тік қызметкерлер полиграф арқылы тексеріледі» деген ұсынысты енгіземіз, - дейді Жемқорлықпен күрес кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.

Жұмыс тобының төрағасы О.Әбдікәрімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының аталған жобасы партия филиалдарында талқыға ұсынылғанын, оның қабылдануы «Нұр Отанның» Саяси Кеңес бюросының алдағы отырыстарының бірінде қайта қаралатынын және бұл мәселенің соңғы нүктесі сол кезде қойылатынын айтады.

Қазақстанда полиграфтан міндетті түрде өткізуге тек адамның өзінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының атқарушы директоры Сергей Злотников «жалғандық детекторын» пайдалану мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың бетін қайтаруға көмегі болмайды, деген ойда.

- Полиграфты алдау онша күрделі емес. Оған - оны қалай алдауға - арнайы оқытады. Бізде адамдардың белгілі бір категориялары бар, олар өтірік айтуға дағдыланғаны соншама, беттері бүлк етпейді. «Жалғандық детекторынан» өткенде тамыр соғысы немесе қан қысымы түк те өзгермейді. Сондықтан мұндай популистік шешімдерден аулақ болған дұрыс. Дегенмен де «Нұр Отан» - билік басындағы партия. Бағдарламада адам пара бере алмайтындай жағдай жасау керектігін көрсету керек, - дейді.

Құқық қорғау орындары «жалғандық детекторын» қылмыс ашу әдісіне қолданса, соңғы кездері мемлекеттік құпияға қатысы бар орындар үміткерлерді жұмысқа іріктеп қабылдауда детекторлық тексерістер көмегіне жүгіне бастапты. Жұмыс берушіге үміткердің адалдығын, әділеттілігін, сенімділігін анықтау маңызды. Алайда, демократиялық қоғамда өмір сүріп отырған азамат ішкі әлеміндегі меншік ойларының әлдекімдерге әшкере болғанын қалай қоймайды. Сондықтан «жалғандық детекторының» қолданысқа енгенін қаламайтындардың қарасы басымдау болып тұр. Мысалы, Мәжіліс депутаттары Жарасбай Сүлейменов «Жалғандық детекторы» жемқорлықпен күресуде жақсы тәсіл емес. «Жалғандық детекторын» қолдану жемқорлықтың алдын алып, азаматтарымыздың келеңсіз қылықтан бойын аулақ салуына өз септігін тигізетініне сену қиын. Өйткені, мұның бәрі - тәрбие мен санаға байланысты нәрселер. «Жалғандық детекторымен» тергегеннен гөрі, біз азаматтарымызды адамгершілікке тәрбиелеп, патриоттыққа баулысақ, имандылыққа шақырсақ әлдеқайда тиімді болар еді. Осылайша, аза­маттарымыздың санасына өзгеріс енгізсек, тіпті ешқандай детектордың қажеті болмай, азаматтарымыз халқына, еліне адал қызмет етіп, ел меншігі мен халық байлығының қорғаушысына айналар еді» десе, депутат Амангелді Момышев «Бұл жаңалыққа қарсы емеспін. Бірақ «Нұр Отан» ХДП жемқорлықтың алдын алу бағдарламасының, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның әлеуетін толық пайдаланып үлгірген жоқпыз. Сондықтан «жалғандық детекторын» қолданысқа енгізуге асықпайық. Ешбір ел мемлекетке адалдықты мәжбүрлеп қалыптастыра алмайды, адам бойындағы адалдық ғарыштың күшімен санадан беріледі, тәрбиемен қалыптасады. Сондықтан журналистер бұл мәселені қоюлата бермегені дұрыс» деп кеңес берді.

Тақырыпқа тұздық

Қос Мәжілісменнің жоғарғы палатадағы әріптесі, сенатор Ғарифолла Есімовтің айтары өзгеше болып шықты.

- Мемлекеттік қызмет - жалпылама ұғым. Және мемлекеттік қызметкерлердің де саны көп. Біз нұротандықтар ұсынып отырған тәжірибені, ең алдымен, министрлерге және мемлекеттік-стратегиялық маңызы бар нысандардың басшыларына және ұлттық-трансұлттық компаниялардың басшыларына қолдануымыз керек. Жаңалық төменнен емес, жоғарыдан басталса, қоғам тез ес жияды, жоғарғы санаттағы шенеуніктердің қателігінің сабағы да салмақты болады. Жемқорлық біздің қоғамда тамырланып кетті. Оның тамырлануына қарсы бағытталған іс-әрекеттердің кез келгенін пәрменді деп қабылдауымыз керек. Сенатор ретінде, тұлға ретінде полиграфтардың алдында кез келген сұраққа жауап беруге дайынмын. Себебі, күні бүгінге дейін ойым мен атқарған тірлігімде алшақтық болған емес.

Дос КӨШІМ, саясаттанушы:

- Бұл жаңалықты кезекті пиар, жұрттың көңілін аударуға бағытталған идеяларды көтеруді саяси партиялар үшін саяси тәсіл, саяси технология деп қабылдаймын. Рас, мұндай үрдіс АҚШ-та кең қолданады. Бірақ олар полиграфтың зерттеу нәтижесін ақиқаттың өлшемі деп қабылдаған емес. «Детектордың қорытындысына сүйеніп үкім шығарылды» дегенді естіген емеспін. Бұл тек қосымша тәсіл ретінде ғана қолданылады.

Өз басым бұл ұсыныстың қолданысқа енгізілуіне қарсымын. Себебі, ол - темір. Кез келген сәтте істен шығады. Сондықтан аппараттың үкімімен тұлғаның тағдырын айқындау жақсылыққа апармайды. «Жалғандық детекторы» уақыт өте келе кек алу құралына да айналып кетуі мүмкін. Жүйкесі мықты, жақсы дайындалған адамдар кез келген аппараттан көзін жұмып тұрып өтіп кетеді. Өзімді дініне берік адамдардың қата­рындамын, алдануыма жол бермеймін деп ойлаймын.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

- Билік партиясының бастамасын қолдаймын. Билік партиясы бұл тұста жалпыға бірдей емес, мемлекеттік құпия деректермен жұмыс істейтін жекелеген сектор, құрылымдардың басшыларын қызметке қабылдаған кезде мерзімді түрде, мемлекеттік аттестация кезінде қосымша құрал ретінде қолданған дұрыс.

Адам техниканы алдап кетеді дегенге келіспеймін. Себебі, бастама ақыл-парасатыңды таразы салмағына салып, жауапкершіліктің салмағын сынаққа түсіп отырған тұлғаның ар-ожданы мен азаматтығына аманаттап отыр. Соңғы технологиямен жабдықталған аппарат өтірік айтып отырған адамның тынысын, жүрек қағысын, дауыс ырғағындағы өзгерістерді қалт жібермейді. Себебі, адамның жаратылысы өзгені алдағанмен, өзін алдамайды. Оңаша қалған сәтте кез келген тұлға ар азабы алдында тәуелді болатындығына мен сенемін. Біз ең бастысы - сол техника тілін оқуды сеніп тапсырған полиграф-мамандардың ешкімге бұра тартып кетпеуін қадағалау керек.

 

 

IV экономикалық форумнан нендей ой түйдіңіз?

 

/«Алаш айнасы» газеті, 05.05.2011 ж., Б. Нұрасыл/:

 

Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:

— Бұл форумға келген шетелдік ғалымдар біздің экономикамызды терең біледі, ақыл-кеңес береді деп айта алмаймын. Олар көбіне мақтаудан аса алмайды. Тек жаһандану тұрғысынан, ғаламдық тұрғыдан ғана кеңестер береді. Алайда олардың кеңес­терінде еш негіз жоқ деуге де болмайды. Ол ғаламдық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Ал ішкі жағынан келгенде, біздің ішкі формамызбен үйлесе бермейді.

Жалпы, ешқандай ауруды емдеудің ортақ диагнозы жоқ. Әр аурудың емдеу тәсілі ерекше. Сол секілді бізге нақты ерекше ұсыныстар қажет. Осал тұстарымызды өзіміз ғана білеміз. Маркетинг жүйесін өзіміз жүргізуіміз керек. Ал біздің жүйе – нақты экономикаға негізделген жүйе.

Форумда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев резерв қаржы жүйесін енгізуді тағы ұсынды. Бұл өте маңызды ұсыныс еді. Себебі дағдарыс кезінде АҚШ доллары сенімді қаржы жүйесі бола алмады. Өз позициясын сақтай алмады. Алайда бұған АҚШ өкілдері «долларсыз күн көре алмайсыңдар» дегендей пікір білдіріп отыр. Себебі бүгінгі таңда күллі қаржы айналымының 63 пайызы – доллар. Біз сол себепті қазір доллар құрсауынан шыға алмаймыз.

Ғарифолла ЕСІМ, Парламент Сенатының депутаты:

– Бұл экономикалық форумның қазаққа ең басты берері: әлемдегі экономикалық, қаржылық, шаруашылық мәселелерден жан-жақты хабардар боламыз. Форумға қатысқан адамдар осал емес. Әлемдік экономиканы, қаржылық жүйені жақсы білетін адамдар. Ішінде бірнеше Нобель сыйлығының иегері келіп отыр. Біз жеке бір аралда өмір сүріп жатқан ел емеспіз. Барлығынан хабардар болып отырмасақ, болмайды.

Екіншіден, 2007 жылы әлемдік қаржы дағдарысы басталды. Бұл өзі лек-легімен келіп отыратын ғаламдық үрдіс болып отыр. Одан жуық арада адам баласы құтыла қоймай­ды. Ол мүмкін емес. Сондықтан ұлттық экономикалық жүргізу тәсілдері іздестірілуі керек. Мұндай тәсілді халықаралық деңгейде ұйымдастырылған осындай жиындардан табамыз. «Әр мемлекет өз бетінше шаруашылығын қалай жүргізуі керек» деген сауалға жауап аламыз.

Үшіншіден, әр ел өзінің ұлттық экономикалық, қаржылық саясатын жүргізген кезде ол міндетті түрде өзге елдің саясатына килігеді. Онсыз болмайды. Қазір біз Кедендік одаққа кіріп жатырмыз. Одан әрі Батысқа шыққалы отырмыз. Біздің тауарларымыз дүниежүзін аралап кетуі керек. Біз осы кезде қандай қадамдар жасағанымыз жөн? Осыған дайын болуымыз қажет. Форумда біз осыны үйренеміз.

Бұл форумның жыл сайын өтуі отандық экономистердің деңгейін өсіріп, тағы бір мәрте сараптап аламыз. Сонымен қатар форумда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі жақсы көтерілді. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдері ешқашан арзандамайды. Тек биотехнологиялық жолмен алынған өнімдер болмаса, табиғи өнімдер бағасы төмендемейді. Осы жайтты пайдалана отырып, еліміз өзіне ыңғайлы жағдай жасап алуы тиіс. Біздің ұлан-ғайыр даламыз осы салаға бейімделуі тиіс. Аграрлық саланы өте күшейту керек.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

– Экономикалық форум өткен соң, қазақ үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туа қалады деп айтуға болмас. Ең алдымен мұндай маңызды жиындар елдің имиджі үшін қажет. Тұңғыш рет Қазақ еліне алты бірдей Нобель сыйлығының иегері келіп, өзінің экономикалық тұрғыдағы пікірлерін ортаға салып отыр. Яғни осы арқылы қазақ елінің көптеген жобасы әлемге танылады деген сөз. Ал мұндай шетелдік ірі тұлғалардың келуі Қазақстанға деген құрмет болып табылады.

Жалпы, осындай үлкен форумдар өтіп, шетелдік мамандар мен отандық кадрлардың, лауазымды тұлғалардың, министрлердің өзара танысып, араласуының өзі үлкен жобаларға есік ашады. Тың бастамаларға негіз болады. Жалпы, өз басым кез келген ғылыми, экономикалық жиын болсын, тұшымдылығы ондағы адамдардың сөйлеген сөзінде емес, оған қатысқан мамандардың ақылдасуы, өзара араласуы маңызды деп санаймын. Сондықтан мұндай жиындардың өтіп тұрғаны дұрыс. Бұл форумға бір емес, алты бірдей Нобель иегерінің келуі форумның жоғары сапада өткенін көрсетеді деп ойлаймын.

 

 

Көп әйел алушылыққа қарсы емеспін

 

/«Алаш айнасы» газеті, 06.05.2011 ж., Мәжіліс депутаты Б. Сыздықовамен сұхбат/:

 

– Сіз Парламенттегі отырыстарда әрдайым жайдары отырасыз, оптимистік көзқарас танытасыз. Бұл жастықтың белгісі ме, әлде темпераментіңіз сондай ма? Я болмаса бір кездегі КТК ойындарынан кейін бойыңызда қалып қойған әдетіңіз бе?

– Мен табиғатымнан ақкөңіл, жайдары жанмын. Бұл менің жасыма қатысты емес, темпераментіме де қатысы жоқ деп ойлаймын. Бұл маған қанмен келген қасиет деп айтар едім. Кішкентайымнан атам мен әжемнің қолында өстім. Бала кезімнен атам: «Адам бұл дүниеге қонақ екенін естен шығарма, бойыңдағы адамгершілік қасиетті сақтап қалғың келсе, үш нәрсені жадыңда ұста, олар: күлімдеп жүру, жылы сөйлеу, жомарт және толық ықыласты болу», – деп отырушы еді. Кейіннен еліміз егемендік алып, дініміз бен діліміз қайта оралған шақта атамның бұл айтқан сөздері исламның үш шарты екенін түсіндім. Құдіретті Алла тағала қуанышқа кенеліп, бақытты өмір сүру үшін адамдарға өмір сыйлады деп барлық киелі кітаптарда (Інжіл, Құран) жазылған. Адам басына қандай іс түссе де, шыдамдылық пен сабырлылық танытқаны жөн. Ал КТК-ке келер болсақ, ол адамдардың көңілін көтеріп, бір серпілтіп тастайтын ойын ғой.

– Сіз жас депутатсыз. Бұл сіздің өміріңіздегі қол жеткен жетістігіңіздің шыңы деп ойлайсыз ба, әлде алар асуларыңыз алда ма?

– Ең алғашқы рет мен 25 жасымда қалалық мәслихат депутаты болдым. 32 жасымда Үкіметте қызмет атқара отырып, сол кезде ең жас комитет төрағасы болдым. 33 жасымда мені Мәжіліс депутаты етіп таңдады. Менің қызметім, атқарып отырған жұмысым ешқашан менің бар өмірімнің мақсаты болған емес және болмайды, алайда өжеттілігімнің, еңбекқорлығым мен ынта-жігерімнің арқасында арманым таусылған емес. Өкінішке қарай, кей адамдар армандаудан, тіпті алдына мақсат қоюдан қорқады. Ал менің өмірлік ұстанымым – қандай тосқауыл болса да, арманымнан бас тартпау.

– Сізді кейде Юлия Тимошенкоға ұқсатып жатады. Өзіңіз сол саясаткерге еліктейсіз бе?

– Көпшілік қазақ қыздарының табиғатына қара шаш жарасымды, ал шашты сары түске бояу, батысқа еліктеушілік деп қабылдайды. Егер сіздің ішкі жан дүниеңізге сары, өрілген, ұзын шаш ұнап тұрса, бұған Юлия Тимошенконың қандай қатысы бар?

– Бұрын сіз көп әйел алушылыққа қарсы болғансыз, ал қазір сіздің сол пікіріңіз өзгерген жоқ па?

– Мен көп әйел алушылыққа қарсы емеспін. Егер біздің ер-азаматтарымыз екі отбасын теңдей асырап отырса, әбден болады. Дегенмен егер біз осындай заң қабылдайтын болсақ, көп күйеуге шығу туралы мәселе қозғауға тура келеді. Өйткені Ата Заңымыздың 14-бабында «жынысына, жасына қарамай, барлық адам тең құқылы» деп жазылған дегенімді көп адам түсінбей, өзінше бұрмалап алған сияқты. Бірақ көп әйел алуды заңдастыру үшін әуелі әйелдер қауымын дайындауымыз керек. Әзірге біздің қоғам оған дайын емес. Байқайсыз ба, көп әйел алу, ол – қазіргі уақыттағы тыйым салынатын мораль емес деп қаралғанымен, біздің қоғамдағы әйелдер бұған намыстанып, моральдық күйзеліске түсіп, «отбасын сақтап қала алмадым-ау» деп, өзін-өзі кінәлі сезінеді. Содан ер адам мен әйел адам арасындағы гармониялық қарым-қатынас бұзылып, бұл олардың балаларына да кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес. Екінші жағынан, әрбір нәзікжандылар бақытты болуға лайықты.

– Қалай ойлайсыз, билікте жастардың көбірек болғаны тиімді ме, әлде ересек, егде адамдардың басым болғаны дұрыс па?

– Заң бойынша Қазақстанда 18 бен 29 жас аралығындағы адамдар жастар деп саналады, яғни біздің Үкіметте бірде бір жас министр жоқ, ал Парламентте бірде-бір жас депутат жоқ. Данагөй Төле би бабамыздың: «Алтын да — тас, тас та тас, Алтын — бірақ басқа тас, Алтынға алтын жолықса, алтынды алтын тастамас» деген керемет сөздерінде қандай терең мағына жатыр десеңізші! Менің ойымша, билік органдарында барлық жердегідей гармония болуы қажет. Яғни өмір көрген тәжірибелі адамдар көкірегінде сәулесі, көздерінде оты бар жастарға тірек болып, олардың ынта-жігерлерін пайдаланулары керек. Қазіргі кезде саясатта әйелдер мен жастар саны жеткіліксіз деп ойлаймын.

– Білуімізше, сіздің әншілігіңіз бар. Өткен жылы «Екі жұлдыз» шоу-бағдарламасында ән салдыңыз, болашақта үлкен сахнаға шығуды жоспарлайсыз ба?

– Біріншіден, мен әнші емеспін. Маған «Екі жұлдыздың» бұған дейінгі маусымдарына қатысуға да өтініш жасалған, олардың бәрінен бас тартқанмын. Депутаттық қызметімнен бөлек, Республикалық жастар Парламентінің спикерімін. Қазақстан КВН-інің жетекшісімін. Қысқасы, қоғамдық жұмысым жетіп-артылады. Ал үшінші маусым басталарда Ләззат Таныспай хабарласты. Өзім қатты сыйлайтын Ләззатқа жоқ дей алмадым. Ал жұбымның Бауыржан Исаев екенін естігенде, қатты қуандым. Бауыржанның 16 жасында «Азия дауысының» бас жүлдесін жеңіп алғанын жақсы білетінмін. Мен өмірде жаңашылдықты жақсы көремін және көп нәрселерді үйренуге тырысамын. Бағымды сынап көргім келді.

– Спортпен шұғылданасыз ба?

– Адам денсаулығын бала кезінен күтуі керек. Мен ата-әжемнің аялы алақанында өскендіктен, олар сақтап жүрген бар тәттісін менің аузыма тосатын, бұл біздің қазақ халқына тән қасиет қой, содан бұл менің ағзама кері әсерін тигізбей қойған жоқ (күлді). Қазір жүрген жерімде құрбы-достарыма, туған-туыстарыма баланы дұрыс тамақтандыру керектігін, баланың ағзасы қорыта алатын, ауыр болмайтын тағамдарды пайда­ланыңдар, химиялық, газдалған сусындардан аулақ жүріңдер деп айтудан шаршамаймын. Өз басым күнделікті істерімді жүгіруден бастаймын, таңертең жүгіру мүмкіндігі болмай қалған жағдайда, кешке жақын саябаққа серуенге шығамын. Мен йогамен айналысамын.

– Қазақ тілін оқып жүрсіз бе? Мысалға алатын болсақ, депутаттық сауалды қай тілде жолдайсыз?

– Әрине, қазір қазақ тілін үйреніп жүрмін, оқытушыларым бар. Орыс балабақшасында тәрбиелендім, орыс мектебінде оқыдым. Сыныптағы 40 баланың екеуі ғана қазақ болдық. Көршілеріміздің екеуі ғана қазақ отбасы еді. Ата-анам о бастан қазақша сөйлемейтін. Сондықтан қазақ тілін үйренуді қазір ғана қолға алдым. Сіңлім орысша білмейтін жігітке тұрмысқа шықты да, қазақшаны тез үйреніп алды. Мен орыстілді қазаққа шығамын деп, қазақшасыз қалдым. Қанша қазақ тілін үйренсең де, оны күнделікті қолданбағаннан кейін, оған бірден төселу қиын әрі ойыңды қазақша дұрыс жеткізе алмасаң, ыңғайсыз жағдайда қаласың.

 – Twitter-де өте белсендісіз. Оған алғаш рет қашан тіркелдіңіз? Және депуттардың, Үкімет мүшелерінің арасында twitter-ді өзіңіз сияқты белсенді пайдаланатындар көп пе?

– Мен Twitter-ге тілшілердің сұрауы бойынша президент сайлауы күні, 3 сәуірде, тіркелдім. Қазір twitter-ге біздің креативті Премьер-министріміз Кәрім Мәсімов, депутат Мұрат Әбенов, сондай-ақ Тәңірберген Бердоңғаров та тіркелген. Енді бір-екі күнде Серік Оспанов және Тито Сыздықов сынды депутаттар да тіркелгелі отыр.

 

 

 

 

 

ПИК төңірегіндегі мәселелерді түбегейлі шешудің

нақты қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

 

/«Алаш айнасы» газеті, 06.05.2011 ж., С. Жұмабаев/:

 

Болат ДІНІСТАНОВ, Алматы қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы:

– Бізде «Тұрғын үй қатынасы туралы» арнайы заң бар. Ол осы уақытқа дейін төрт рет өзгеріске ұшырады. Алайда біздің енгізген ұсыныстарымыздың көпшілігі ескерусіз қалып отыр. Енді Парламент депутаттары заңның баптарын толық қабылдамаса, біз не істей аламыз? Әлі де айтамын, бұл заңның жұмыс істеу аясы өте тар. Оны тағы да өзгертіп, толықтырулар енгізуіміз керек. Үкіметтің қабылдаған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және модернизациялау» бағдарламасы да қағаз жүзінде керемет болғанымен, іс жүзінде түрлі кедергілерге ұшырауда. Сондықтан бұл Пәтер иелері кооперативіндегі (ПИК) қордаланған мәселелерді түбегейлі шешеді деп айта алмаймын. Егер біз ПИК мәселесін түбегейлі шешеміз десек, онда тұрғын үйді күтіп-баптауға, инфрақұрылымын күрделі жөндеуден өткізуге мемлекет тарапынан қаржы бөлінуі керек. Онсыз мәселені шеше алмаймыз. Жұртшылықтың арасынан жиналған там-тұм қаржы әбден тозығы жеткен көпқабатты үйлердің мәселесін шеше алмайды.

Ізбасар БОЗАЕВ, Алматы сауда палатасының төрағасы:

– Бұл – өте қиын мәселе. Қазір үйлердің өзі арзан және қымбат болып түрлі категорияларға бөлініп кетті. Егер арзан үйдің коммуналдық тарифін көтерсе, ол бірден тұрғындардың наразылығын туғызады. Ал олай етпесе, үйді жөндеп тұруға қаржы жетпейді. Оның үстіне, ПИК саласында қызмет ететіндер онсыз да әрең жиналған аз ақшаны түрлі жолдармен жымқырып жатады. Енді не істеуіміз керек? Қазір Ресейде ПИК-тердің мәселесін шешу үшін арнайы компаниялар құрылып, ескі үйлерді қалпына келтіруге үкімет тарапынан көптеген қаржы бөлінді. Бірақ соған дұрыс қадағалау болмағандықтан, бұл салада жемқорлық белең алып, қазір басқарушы компаниялардың үстінен түрлі қылмыстық істер қозғалуда. Енді біздегі жағдайға келетін болсақ, менің ойымша, ПИК-терді жергілікті биліктің құзыретіне беруіміз керек секілді. Өйткені қазір тұрғындар ПИК төңірегіндегі мәселелерді шешу үшін қайда барарын білмейді. Егер бұл жергілікті әкімдіктің құзыретінде болса, жұмыс дұрыс жүрмей жатса, тұрғындар жоғарғы органдарға шағымдану арқылы мәселелерін шешіп алуына мүмкіндігі болар еді. Сондай-ақ әрбір көпқабатты үй сақтандыру компанияларымен келісімшарт жасасуы керек. Кешегідей жер сілкінген уақытта т.б. табиғи апат кездерінде немесе жылу жүйесінің құбыры жарылғанда әлгі компаниялар қаржы төлеуі тиіс.

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Кезінде ПИК-тер асығыс құрылды. Оның жұмыс істеу және бақылау механизмдерін жұртшылық түсінген жоқ. Осылайша оның бастапқы іргетасы дұрыс қаланбағандықтан, бұл салада бүгінде түрлі түсінбеушіліктер орын алуда. Әлі күнге дейін ПИК төрағаларын өздері сайлап, өздері бақылау жүргізуге толық құқы бар екендігін көпшілік біле бермейді. Оларды жергілікті әкімдік тағайындайды деп түсінеді. Сондықтан ПИК төңірегіндегі қабылданған заңды қайтадан қарап, жұртшылық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіміз керек.

 

 

Болашағын қазақ топырағымен байланыстырған екі ұлт өкілінің қазақ тілінде тілдескені - Қазақстандағы келісім мен бірліктің салтанат құрғанының дәлелі – Л.Хочиева

 

/«ҚазАқпарат», 06.06.2011 ж., Г. Әлиакпарова/ - Қашанда татулықты ту еткен халқымыздың күш-қуаты жер жүзіне бірлігі арқылы танылды.

Өйткені достығы жарасқан,  ынтымағы мықты ел әрдайым дараланып тұрады. Ұлттар арасындағы және діндер арасындағы татулық Қазақстан үшін келелі тақырып және бұл құндылықтар елдің негізгі байлығы болып қала бермек. Осы орайда өте нәзік әрі сезімтал осы қарым-қатынастардың өрісінің кеңейіп,  қаймағы бұзылмауына қамқоршы болып жүрген бірегей институт - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Людмила Хочиевамен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз. 

- Людмила Хисақызы, биыл 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні жаңа сипатта - Қазақ жерін мекен еткен барлық ұлт өкілдерінің ауқымды шеруімен атап өтілді. Мереке бұрынғы Кеңестік дәуірде де кеңінен тойланып келді ғой. Сол кездегі мереке мен қазіргі меркенің арасында қандай айырмашылықтар бар?  

- Кеңестік дәуірден аталып келе жатқан көктем мерекесі, сол заманда дүниеге келіп, ержеткен біздердің, әрине, есімізде. Бұл мерекенің тәуелсіз Қазақстанда халқының бірлігі  күні ретінде ерекше  тойлануының бір шарты мүмкін, наурыздың соңын ала келе, айнала гүлдеп, ағаштар гүл шашып жаңарған шақпен тұспа тұс келуінде болар. Табиғатпен бірге жаңарған болмысымыздың бір белгісі халықтар бірлігі, достығы емес пе?! Кеңестік мамыр айының шерулі мерекесінен гөрі, егеменді еліміздің жаңарған мерекесі жаныма жақын, қуанышты естеліктерімді осымен байланыстырамын. Мерекенің басты мақсаты - Қазақстан халқын ұйытып, бір мақсат биігінде шоғырландыру болар. Құдайға шүкір, қолжеткен жетістіктеріміз бар, еркін еліміз бар. Ортақ мереке халқымыздың рухын биіктетеді деп ойлаймын.  

- Білуімізше, Сіз қарашай-балқарлардың «Минги-Тау» этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі болып табыласыз. Бірлестіктің Қазақстандағы жұмысы туралы әңгімелеп берсеңіз.  

- Қарашай-балқарлардың «Минги-Тау» этно-мәдени бірлестігінің жұмыс істеп жатқанына он жылдан астам уақыт өтті. Мен Солтүстік Кавказдан қазақ топырағына еріксіз жер ауып келіп, жазалы болған балқарлардың үшінші ұрпағымын. Менің қандас бауырларымның осы жерге тамырланып, тілі, салт-дәстүрлері ұқсас діндес қазақ ағайындармен араласып-құраласып бірге тұрып жатқандарына жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Осы жылдары атқарылған істер жетерлік. Бүгінде болашағын қазақ жұртымен, қазақ елімен байланыстырған Қазақстан балқарлары өз таңдауын жасады. 40-жылдардың қиын-қыстау кезеңдерінен басталған халқымның жаңа тарихы беттелді. Талай сынақтардан қатар өткен, рухани мұрасына еркін бойлауына  еркі жеткен халық, өзін қазақ елінің бір тумасындай сезінді. Бұл, ең алдымен, Елбасымыздың сындарлы саясатының жемісі деп ойлаймын. 

- Өткен сәуір айында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Астанада 17-ші рет Қазақстан халқы Асамблеясының сессиясы өтті. Сіздің пікіріңізше, Қазақстан қоғамындағы ҚХА-ның рөлі мен маңызы қандай? 

- Жиырма жыл бойында шаңырағы шайқалмаған бірлігіміз көп жұртқа бұйырмаған байлық. Әлемде теңдесі жоқ, жаңа институт осы жылдар көлемінде қоғамның саяси өмірінен орын алып, этникааралық қатынаста таптырмайтын құрал, халықтар достығының жаңа модулі екенін дәлелдеді. ҚХА төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы кезекті ХVІІ сессияда алдағы уақыттағы бағыт-бағдарымызды яғни, 2020 жылға дейінгі стратегиямызды  айқындап, жаңа міндеттерді жария етті. Оның алдында "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заң қабылданды, Ел бірлігі доктринасы қабылданды. Мұның бәрі біздің мақсат-мүдделерімізді қайта жаңғыртып, жаңа заман дамуының талабына сай  стратегиямызды да анықтауды қажет етті. Мақсатымыз бен міндеттеріміздің жаңа сипаты ашылды. Алғашқы  кезеңде этностардың бірігуі мен  олардың  өзін-өзі танып, ұлттық мұраларын игеруіне маңыз берілді, бұл міндет толық атқарылды. Енді қазіргі идеологиямызға сәйкес  бұдан да терең, бүкіл қазақстандықтар үшін маңызды жаңа қырға көтерілдік. Ел бірлігі алға шықты. Бұл жетістіктер ҚХА қызметі шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. 

- Қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілі ретінде Елбасының ҚХА сессиясында айтқан: «Мемлекеттік тілді білу - қазақстандықтарды жақындастырады», - деген пікірімен келісетін шығарсыз? 

- Елбасы сессия мінберінен мәлімдегендей: «Байтақ мекенде  баршаңызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар  бар. Ол - біздің талайлы тағдырымызды  тұтастыратын шежірелі тарихымыз, ол - біздің байтақ мұрамыз бен қазығы берік  мемлекеттік тіліміз»,- деді. Осы ретте  Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу біздің міндетіміз екендігін атап көрсетті.  Қазақстанда  тұратын этностарға өз  ана тілін  оқып-үйренуге, мәдени құндылықтарын меңгеруге барлық мүмкіндіктер жасалған. Жексенбілік мектептердің жұмысын айтпағанның өзінде  ұлттық мектептер жұмыс істейді. Өздерін танып, мұраларын жинап, этнос болып  қалыптасқан, болашағын қазақ топырағымен байланыстырған екі ұлт өкілінің қазақ тілінде тілдескені - Қазақстандағы ұлт саясатының, келісім мен бірліктің салтанат құрған сәтінің дәлелі дер едім.  

- Жаңылмасам, бүгінгі зияткер жастарды бір арнаған тоғыстырған - «Бай-Барыс» клубы Сіздің бастамаңызбен құрылды. Клуб туралы толығырақ айтып берсеңіз.

- Жұмыс барысында, түрлі кездесулер өтіп жатады. Қазіргі заманғы жастардың көзқарастары, олардың патриоттық сезімдері мен өршіл ойлары мені қызықтырады. Бұлар Тәуелсіз еліміздің жастары, егемен еліміздің армандары мен үміттері. Осы жастар қоғам өмірінен тысқары қалмауы керек деп ойлаймын. Зияткер жастардың басын құраған «Бай-Барыс» клубы  мүшелерінің басымы шетелде білім алып келген жастар. Мақсатымыз - жас өрендерді демократиялық, интеллектуалды, бәсекеге барынша қабілетті және мәдени- әлеуметтік  қоғам құру процесіне тарту, Қазақстанның болашақ басқарушылар элитасын қалыптастыру. Қазіргі жастарды тыңдауын тыңдаймыз-ақ, бірақ өкінішке қарай, оларды кейде түсіне алмай жатамыз. Қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне араласқысы келіп, талпынған жастар көптеген кедергілерге кедеседі. Клуб негізін қалағанда осы мәселерді ескеріп, жастардың күшін бір бағытқа бағыттауды мақсат еттік. Нәтижесін уақыт көрсетеді.  

- Біршама уақыт бұрын Парламент депутаттары Петропавлдың атауын Қызылжарға өзгерту бастамасын көтерген болатын. Жергілікті деңгейде шешілуі тиіс мәселе ұлттық деңгейге неге шығып кетті деп ойлайсыз? 

- Қазақстанда жер-су аттары бойынша өзгерістер еліміздің заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл мәселені ең алдымен қалалық мәслихат қарауы керек. Шешім қабылдаған соң, министрліктің ономастика жөніндегі комиссиясына жолдауы тиіс. Өйткені біз құқықтық мемлекетпіз, сондықтан бәрі заң аясында шешімін тапса ғана, ешкім өкпелемейді. Қызылжар-Петропавл атауына қатысты мәселенің қозғалып келе жатқанына біраз уақыт болды. Отқа май тамызып, бұл мәселені дүркін-дүркін көтеріп қою әдетке айналды.  Бұл жергілікті әкімшілктің халықпен кеңесе келе бітіретін шаруасы. Меніңше, бұл ең алдымен, тарихшылардың жұмысы. Петропавл атауы берілгенше елді мекен қандай болып еді? Қызылжар деп неге аталды? Атаудың өзі қайдан шықты? Осы мәселелерді тарихшылар жақсылап зерттеп, нәтижесін халықтың да, биліктің де көзі жететіндей етіп түсіндіріп беруі керек. Өйткені бұл өте нәзік мәселе. Қандай атаумен аталса да, халықтың арасын ажыратпай, сол халықтың тұтасуына  қызмет етуі керек. 

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

 

Отан қорғау ұғымы еліміздің әрбір азаматының

санасында болуы тиіс-Қуаныш Сұлтанов

 

/«ҚазАқпарат», 06.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Ертең, 7 Мамыр Тәуелсіз Қазақстанның тағы бір айтулы меркесі - Отан қорғаушылар күні!

Жалпы Отанын қорғау бұл - азаматтың бір басындағы көп борышының ішіндегі аса қасиеттісі әрі киелісі. Өйткені, атадан ұл болып туған азамат үшін ең қымбат сезім - Отанын қорғау сезімі болатыны анық. Сондықтан да, кешегі Кеңес дәуірінің идеологиясы бұны терең дәріптей білді, тепсе темір үзетін кез келген жігіт әскери борышын өтеуге асық болды. Ал бүгінгі ахуал қандай?! Дәл осы мәселеге байланысты ҚР Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтановты аз-кем әңгімеге тартқан едік.  

- Қуаныш Сұлтанұлы! Кеңес одағы тұсында әскерде болған шығарсыз. Борышыңызды қалай атқардыңыз, қандай шенде, не қызметте болдыңыз, тарқатып айтып берсеңіз?  

- Мен Кеңес одағы тұсында әскери борышымды Сібірдің Красноярск өлкесінен бастадым. Алдымен сол өңірде бір жылға жуық курсант болып, әскери оқу оқыдым. Аэродромдарды қамтамсыз ететін оператор қызметі бойынша кіші авиация мамандарының мектебінен өттім. Бір жыл курсант болып, одан кейінгі жылы Астрахан облысына жіберілдім. Сонда әскери қызметті атқардым. Кеңес одағының сол кездегі бірінші нөмірлі сынақ алаңы Астрахан облысында орналасқан еді. Алаңда күндіз-түні ұшуларды басқаратын генерел әйтпесе полковник шеніндегі басшылар болатын. Солардың жанында ұшуға қажетті бүткіл техниканы қамтамасыз ететін, қажетті ақпаратты алатын, беретін, қонуларды басқаруды ұйымдастыратын оператор болдым. Расын айту керек, сол кезде біз Одақтың, мемлекетіміздің алдындағы борышымызды өтеуге үлкен патриоттық сезіммен баратынбыз. Үш жыл әскер қатарында болғанда сондай Отан алдындағы үлкен міндет бірінші кезекте санада тұратын.  

- Сол кездегі, яғни Кеңес одағының тұсындағы әскер қатарына барушылар 23 ақпанды мерекелеуді әдетке айналдырып алғаны белгілі. Тіпті Тәуелсіз Қазақстанның төл мерекесі 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күнін бәзбіреулер елемей жатады. Сіздің ойыңызша,  бұндай әдеттен арылтудың қажеті бар ма?

- Әрине, Қазақстанның ресми қабылдаған мерекесі бар,  7 Мамыр - Отан қорғаушылар күні. Бұл дербес ел ретіндегі мемлекеттігімізді білдіретін айбынды армиямыздың ғана емес, барша отаншылдардың мерекесі.  Дегенмен, Кеңес одағының тұсында өмір сүрген азаматтардың әрқайсысына, сондай-ақ еліміздегі кез-келген азаматқа «осыны тоқтат», «бұған қарама», «былай жүр, алай істе, бұлай істеме» деп ешкім бұйрық бере алмайды ғой, ондайға хақысы да жоқ. «Ескіні санаңнан мүлдем сызып таста» деу де ақылсыздықтың белгісі. Оның үстіне Кеңес одағы сол тұстағы әрбір адамның өткен өмірбаян тарихының бір парағы. Сол үшін ондай еске алысуларда тұрған ештеңе де жоқ деп ойлаймын. Одан саяси астар іздеп, мұндай мәселені саясатқа айналдырудың да, дау-дамай ретінде өрбітудің де қажеті шамалы. Оның үстіне Қазақстанда 23 ақпанды ешкім ресми түрде тойлап жатқан жоқ. Ресми тойлансын деген сөз де шыққан емес.    

- Дегенмен, 23 ақпан Ресейдің мерекесі. Ал біздің жұрт сайлаған депутаттар Парламенттің төрінде отырып, бір-бірін басқа елдің осындай мерекесімен құттықтап жататын жайттар да орын алып еді... 

- Тағы қайталайын: адам неге бәрін бір сәтте-ақ ұмытып кетуі тиіс. Кеңес одағында мектепте оқыдым, Кеңес одағында университетте білім алдым, Кеңес одағында әскер қатарында болдым, сол тұста академияны тамамдадым. Осының бәрін неге ұмытуым керек? Оны ұмыта алмаймын. Мінеки Тәуелсіздікпен түйдей құрдас жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр, олар Кеңес одағын білмейді, көрген де жоқ. Кейінгі толқын «23 ақпанды» санасымен қабылдай алмайды, ондай мерекенің оларға қажеті де жоқ. Ал сол мерекені білетін адамдардың бәрін қайда жібереміз?! Ал «Парламенттің төрінде» дегенге келетін болсақ, жоғарыда айтылғандай бұл жайында нақты шешім қабылданып жатқан жоқ. Шешім қабылдайық, деп мәселе көтерген адам да жоқ. Депутаттар бірін-бірі құттықтаған шығар, солай болса ондай ауызекі құттықтау әлгі орында қалды, бітті. Бұдан дау шығаратындай саяси платформаның әңгімесі емес еді.  

-  Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін қалай бағалар едіңіз? 

- Біздің қорғаныс қабілетіміз - бейбіт қорғаныс. Мемлекеттің тұтастығын, елдің тыныштығын қорғайтын қабілет. Бұл ретте ең алдымен мемлекетімізді қорғауға қажетті қорғаныс күштері барлық бағыттар бойынша да бізге жеткілікті деп санаймын. Біздің жасақтаған Әскери доктринамызды алып қарасаңыз, соның өзі бірінші кезекте бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталады. Ол бойынша біздің әскеріміз, сарбаздарымыз мобилизациялаған, жоғары техникалық, технологиялық жабдықтармен жарақтанған, жоғары дәрежеде маманданған, шағын ғана әскер болуы керек еді. Бұл іс жүзінде де солай.   

- Бүгінгі күні Қазақстанның әскерінде келісімшартпен баратындар, яғни «жалдамалылар» басым рөл атқаратын секілді. Сіздің осыған қатысты пікіріңізді білсек?  

- Жалпы «жалдамалы» әскерге оның тура сондай қатып қалған жалдамалылық тұрғысынан қарамау керек деп санаймын. Оларды кәсіптік һәм жауынгерлік шеберлік жағынан қарауға тиіспіз. Оларды әскери қызметке тек қана міндеттеп қоймай, кәсібилігін пайдаланамыз әрі олардың кәсібилігін кәдеге жаратып, сол үшін мемлекеттен жалақы төлейміз. Әлбетте, ондай санаттағы азаматтар еліміздің армиясы  үшін аса қажет. Оның үстіне армия қатарына өткенде олар Отан алдында туған елі мен жері үшін ант береді. Қанша жерден «жалдамалы», келісімшартпен уақытша ғана келген болса да  сарбаз міндетті түрде Отанды қорғаушылық сезімін, сол бағыттағы міндетін, мүдделілігін көрсетеді. Одан ең алдымен сол мүдде сұралады. Осы тұрғыдан келгенде жас ұрпақты әр отбасында, мектепте бала кезінен патриоттық сезімде тәрбиелеу кішігірім емес, үлкен мәселе екенін ұмытпауымыз керек. Бұл жүйелі түрде жүргізілуі тиіс шара. Сонымен бір мезгілде, отаншылдық мәселесі тек әскерде болумен ғана емес, әрбір қарапайым азаматтың Отанын сүюге міндеттілігімен өлшенеді. Онсыз, ондай шексіз сүюсіз, шексіз махабатсыз Отан болмайды. 

- Отан қорғаушылар күніне қатысты Алаштың азаматтарына тілегіңізді естісек... 

- 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күнінің Жеңіс мерекесімен тұспалдасып тұрғаны қуантады. Бұл Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен кезінде қабылданған игі шаралардың бірі. Содан бері әскеріміздің қатарында, Ұлттық гвардиямыз - Ұланның қатарында қаншама жауынгер үлкен әскери-патриоттық тәрбиеден өтті, өсіп келе жатқаны қаншама. Жалпы оларды мемлекетіміздегі ел рәміздерін, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қорғауда үлкен еңбек жолынан өтіп жатыр деп есептейміз. Елімізде әруақытта тыныштық болса екен деген тілегім бар. Ешқашанда қарулы күшке жүгінетін жағдай болмаса, ел басына сондай күн тумаса екен. Алайда елдің қауіпсіздігі тұрғысында әруақытта осы саланы игеруге, әскерімізді жаңартып, жарақтап тұруға тиіспіз. Ол үшін әскери білім мен оқу, жауынгерлік дағды бір сәт те тоқтамауы керек. Сол арқылы жастарға патриоттық тәрбие де болуы шарт. Сондай тәрбиені кеңінен өрістетіп отырған да ләзім.  Сонымен қатар, Отан қорғау ұғымы әрбір азаматтың санасында болса екен. Өйткені, Қазақстан - өз Отанымыз, Қазақ даласы - өз жеріміз, Қазақ елі - өзіміздің туған халқымыз! Оның қорғанысы туралы терең ойлау әрбір қазақтың жадында мәңгі болуы шарт. Әр уақытта ел мәртебесі биік, ұжданы жоғары болсын!  


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі