2011 жылғы 16 – 23 мамыр аралығында
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы
жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға
Ш О Л У
Ақпарат-талдау бөлімі сіздердің назарларыңызға «Бұқаралық ақпарат құралдары Парламент туралы» ақпараттық шолуды ұсынады. Шолуға қазақ баспасөзінде және республикалық телеарналарда мен ақпараттық агенттіктерде, сондай-ақ Интернет-басылымдарда жарық көрген материалдар енгізілді. Парламент қызметі туралы мемлекеттік тілде барынша жиі, шұғыл және егжей-тегжейлі ақпарат ұсынған мемлекеттік тілдегі БАҚ арасынан «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Заң газеті», «Жас қазақ», «Алтын Орда», «Ел» газеттерін, «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», «BNews.kz» ақпарат агенттіктерін және «Қазақстан», «Хабар» телеарналарының жаңалықтар қызметін атап өтуге болады.
Парламенттің өткен аптадағы қызметі бойынша Апталық шолуда қамтылған баспасөз материалдарының қомақты бөлігін Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегацияның ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның іс-шараларына қатысуы жөніндегі жарияланымдар құрады.
«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, 14 мамыр, сенбі күні Қазақстан парла-ментшілері ЕурАзЭҚ ПАА-ның тұрақты комиссияларының отырыстарына, 15 мамырда ЕурАзЭҚ ПАА Бюросының отырысына қатысты. Жексенбі 15 мамырда Қазақстан Парламенті делегациясының жетекшісі Орал Мұхамеджановтың төрағалық етуімен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының он екінші отырысы болып өтті. Осы күні, Қазақстан парламентшілері ТМД ПАА Кеңесінің және ҰҚШҰ ПА Кеңесінің және тұрақты комиссияларының отырыстарына да қатысты.
«Осы шара аясында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына төрағалық ету міндеті Беларусь елінен Қазақстанға табыс етілді», деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Ақпарат құралдары Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О. Мұхамеджановтың Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республикалық Кеңесінің төрағасы Анатолий Рубиновпен және Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы В. Литвиновпен кездескенін және осы кездесулер барысында сөз болған мәселелер жөнінде хабарлады.
Осы сапар барысында парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Парламентінің бір топ депутаты және Аппарат қызметкерлері награда-лармен және грамоталармен марапатталды.
Мәжілістің 18 мамыр күнгі жалпы отырысы туралы «Егемен Қазақстанда» жарық көрген материалда «Спикер алдымен отырысты сөз сөйлеп ашып, ТМД ПАА мен ЕурАзЭҚ ПАА шеңберінде Қазақстан парламентшілеріне берілген марапаттауларды иелеріне салтанатты жағдайда табыс етті», деп жазылды.
«Егемен Қазақстан» палатаның осы отырысының күн тәртібінде он төрт мәселе қаралса, соның жетеуі заң жобаларына қорытынды әзірлеуге арналғанын да хабарлайды.
Жалпы отырыста қарастырылған заң жобалары «Егемен Қазақстан» мен «Заң газетінің», «ҚазақАқпарат» және «BNews.kz» агенттіктерінің материалдарына арқау болды.
16 мамырда «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі Фракциясы жанында-ғы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі «Кеден одағы – Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы дөңгелек үстел шеңберінде өнеркәсіпті, транзиттік-көліктің әлеуетін Кеден одағы жағдайында дамыту мәселелері мен Кеден одағының Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамытуға әсері туралы мәселелер талқыланды.
«Қазақстан» ТРК-нің 19 мамыр күнгі «Жаңалықтар» топтамасында Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың Италияның елшісі Бруно Антонио Паскуиноны қабылдағаны хабарланды. Телеарна тілшісі тараптардың қос мемлекет арасындағы байланыстың сенімді әрі қалыпты дамып келе жатқанын тілге тиек еткенін айтады.
19 мамыр күні Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Көші-қон барысын реттеу механизмі – халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнама» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Осы іс-шара барысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Р. Мұқашев пен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д. Нөкетаева, Еуропа-лық Одақ делегациясының Қазақстандағы басшысы, елші Н. Жюстен, ЕҚЫҰ-ның Астана-дағы орталығының басшысы, елші А. Кельчевский, Халықаралық еңбек ұйымының Женевадағы штаб-пәтерінің өкілі П. Таран сөз сөйледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Шолудың «Депутаттық сауалдар» бөлімі бойынша Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д. Нөкетаеваның Қазақстандағы туберкулез ауруымен науқастану проблемалары және Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылындағы туберкулез ауруханасының құрылысын қаржыландыру жөніндегі сауалы бірнеше ақпарат құралдарында көрініс тапқанын айта кету қажет.
Шолуды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты М. Садықов дайындады.
ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ
Мәжіліс Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты
рақымшылық жасау туралы заң жобасын өндіріске алды
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасын өндіріске алды.
Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті заң жобасына 31 қазанға дейін қорытынды шығаратын болады.
Аталған комитеттің төрағасы Рахымет Мұқашевтің айтуынша, рақымшылық шарасы негізінен бас бостандығынан айырылғандардың әлеуметтік осал топтарына жататын санаттарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, жүкті немесе жас сәбиі бар әйелдерді мүгедектерді, сондай-ақ аса ауыр емес орташа қылмыс жасағандарды қамтиды.
«Заң жобасының нәтижесінде 13 мыңға тарта сотталғандар рақымшылық көрсе, оның ішінде бас бостандығынан айырылған 2,2 мың адам түрмеден босатылады. Қоғамнан оқшаулауға қатысты емес, шартты түрде сотталған 2600 адам да рақымшылық көреді. Бұдан бөлек аса ауыр емес орташа қылмыс жасаған бірақ сотқа әлі жетпеген қылмыстық істер де тоқтатылады. Сотталғандардың жекелеген санаттарына жаза мерзімдерін қысқарту мүмкіндігі де туады»,-деді Р. Мұқашев.
Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған салық салу мәселелеріне
арналған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Аталған заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастама жасаған болатын.
«Құжатты әзірлеудегі мақсат - халықаралық практикаға сәйкес салық салу мәселелері бойынша халықаралық салық салу және осындай шарттарды әкімшілендіру жүйесін жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, Салық кодексінің қолданылу практикасына байланысты жекелеген ережелерді нақтылау қамтылады. Былтырғы жылы Үкімет екі мәрте Салық кодексіне бірқатар өзгерістерді енгізуге ұмтылған болатын. Осыған көптеген депутаттар қарсы шығып, жедел тәртіппен қаралатын заң жобаларына тиянақты қаралуы тиіс нормаларды енгізбеу қажеттігін алға тартқан еді. Соның нәтижесінде салыққа қатысты барлық өзгерістер жеке заң жобасы ретінде әзірленіп отыр», - деді құжатқа бастамашылық жасаған депутаттың бірі Сансызбай Есілов. Оның айтуынша, заң жобасымен салықтық әкімшілендірудің кейбір нормаларын нақтылауға бағытталған түзетулер және олардың әртүрлі түсіндірілуін болдырмау мақсатында нақтылау сипатындағы бірқатар түзетулер ұсынылады.
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған заң жобасы бас комитетке екінші оқылымға әзірлеуге тапсырылды.
Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған салық салу
мәселелеріне арналған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
/«BNews.kz.», 18.05.2011 ж./ – Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Аталған заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастама жасаған болатын.
«Құжатты әзірлеудегі мақсат - халықаралық практикаға сәйкес салық салу мәселелері бойынша халықаралық салық салу және осындай шарттарды әкімшілендіру жүйесін жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, Салық кодексінің қолданылу практикасына байланысты жекелеген ережелерді нақтылау қамтылады. Былтырғы жылы Үкімет екі мәрте Салық кодексіне бірқатар өзгерістерді енгізуге ұмтылған болатын. Осыған көптеген депутаттар қарсы шығып, жедел тәртіппен қаралатын заң жобаларына тиянақты қаралуы тиіс нормаларды енгізбеу қажеттігін алға тартқан еді. Соның нәтижесінде салыққа қатысты барлық өзгерістер жеке заң жобасы ретінде әзірленіп отыр», - деді құжатқа бастамашылық жасаған депутаттың бірі Сансызбай Есілов. Оның айтуынша, заң жобасымен салықтық әкімшілендірудің кейбір нормаларын нақтылауға бағытталған түзетулер және олардың әртүрлі түсіндірілуін болдырмау мақсатында нақтылау сипатындағы бірқатар түзетулер ұсынылады.
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған заң жобасы бас комитетке екінші оқылымға әзірлеуге тапсырылды.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік ислам бағалы қағаздары шығарылады
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Аталған құжат исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамадағы олқылықтарды жоюға бағытталады. Атап айтқанда, заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы мақсатында әзірленген. Осы санаттағы бағалы қағаздарды шығару бойынша заң жобасын іске асыру «Үкіметтік борышқа қызмет көрсету» атты бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал құжатты қабылдау республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін инвесторлар қаражатын тарту, Қазақстанның қаржыландыру секторы үшін бағдар (бенчмарк) белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз етеді.
Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып, екінші оқылымға әзірлеу үшін комитетке тапсырылды.
Мәжіліс заңсыз еңбек көші-қонына
қарсы іс-қимыл туралы келісімді мақұлдады
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан, Беларусь және Ресей арасында 2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербор қаласында қол қойылған болатын. Бұл ретте тараптар келісімді іске асыру мақсатында осы саладағы жалпы тәсілдер мен қағидаттарды келісіп, заңсыз көшіп-қонушы еңбекшілерді анықтау мен есепке алуды жүзеге асыратын болады. Осындай санаттағылардың мониторингін жүргізеді. Бұдан бөлек, бұрын депортацияланған адамдардың тараптар мемлекеттерінің аумағына еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келуін шектеудің келісілген шаралары әзірленеді.
Ал тараптар арасындағы ынтымақтастық бойынша мемлекеттер нормативтік құқықтық актілермен алмасады. Заңсыз көші-қонына қарсы іс-қимыл бойынша жедел және алдын алу шаралары мен арнайы операцияларын ұйымдастырып, жүргізеді.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.
Мәжіліс ұйымдасқан қылмыстық топтың ықпалына
«тосқауыл» қоюға бағытталған заң жобасын мақұлдады
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында әзірленген. Бұл ретте құжатта ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимылдың, оның болуына арналған қаржы көздерінің жолын кесудің, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың оған қатысу фактілерін түп тамырымен жоюдың жаңа нысандары мен әдістері енгізіледі.
Бұдан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топтар, ұйымдасқан қоғамдастықтар, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын заңға қарсы әрекеттер үшін қолданылатын жазалар қатайтылады. Бұл ретте құжатты қабылдау ұйымдасқан қылмысқа және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа тиісінше мемлекеттік ықпал етудің кешенді жүйесін құруға мүмкіндік береді. Олардың мемлекеттік қызмет пен экономика саласына ықпалының таралуына «тосқауыл» қояды. Бұндай кешенді шара әлеуметтік қауіпті құбылыстың көріністеріне қарсы қоғамдық алдын алу және оған төзбеу шараларының негізін қалайтын болады.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін палатаның Бас комитетінің тапсырылады.
Мәжіліс ұйымдасқан қылмыстық топтың ықпалына
«тосқауыл» қоюға бағытталған заң жобасын мақұлдады
/«BNews.kz.», 18.05.2011 ж./ – Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында әзірленген. Бұл ретте құжатта ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимылдың, оның болуына арналған қаржы көздерінің жолын кесудің, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың оған қатысу фактілерін түп тамырымен жоюдың жаңа нысандары мен әдістері енгізіледі.
Бұдан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топтар, ұйымдасқан қоғамдастықтар, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын заңға қарсы әрекеттер үшін қолданылатын жазалар қатайтылады. Бұл ретте құжатты қабылдау ұйымдасқан қылмысқа және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа тиісінше мемлекеттік ықпал етудің кешенді жүйесін құруға мүмкіндік береді. Олардың мемлекеттік қызмет пен экономика саласына ықпалының таралуына «тосқауыл» қояды. Бұндай кешенді шара әлеуметтік қауіпті құбылыстың көріністеріне қарсы қоғамдық алдын алу және оған төзбеу шараларының негізін қалайтын болады.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін палатаның Бас комитетінің тапсырылады.
Еңбекші мигранттар мен олардың отбасының
құқықтық мәртебесі туралы келісім мақұлданды - Мәжіліс
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Қазақстан, Ресей мен Беларусь республикалары арасында жасалған аталмыш келісім көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесін айқындайды. Сондай-ақ, құжатта көшіп-қонушы еңбекшілердің еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібі, оларды әлеуметтік қорғау мәселелері қамтылып отыр.
Келісімге сәйкес, көшіп-қонушы еңбекшілерді жұмысқа тартуға байланысты қызметті жұмысқа орналасатын мемлекеттің жұмыс берушілері ұлттық еңбек нарығын қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей жүзеге асыратын болады. Көшіп-қонушы еңбекшінің жұмыс берушімен еңбек қатынастары жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасымен рәсімделеді.
Келісімге сәйкес, ұлттық қауіпсіздікті, оның ішінде стратегиялық маңызы бар экономика салаларында, қоғамдық тәртіпті, басқа да адамдардың имандылығын, денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында көшіп-қонушы еңбекшілердің еңбек қызметіне, олардың кәсібінің түріне және болатын аумағына қатысты Тараптар мемлекетінің заңнамасында белгіленген шектеулерді көшіп-қонуші еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын шектеу ретінде қарауға болмайды.
Келісімді іске асыру мақсатында тараптар бірқатар бағытта ынтымақтастықты дамытады. Атап айтқанда, сыртқы еңбек көші-қонын реттеу саласындағы саясатты келіседі, көшіп-қонушы еңбекшілердің еңбегін заңсыз пайдалануды болғызбау шараларын қамтиды.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.
Мәжіліс экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған
заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын тұжырымдамалы түрде бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасы бүгінгі таңда төменгі және жоғары шек арасында үлкен алшақтық орын алып отырған ҚР Қылмыстық кодексінің нақты баптарының санкцияларындағы көпнұсқалықты қысқартуға, қылмыстық қудалау органдарының сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысандарының бірі ретінде тергеуалды тексеру жүргізу тәртібін реттеуге әрі қылмыстық заңнаманы жетілдіруге бағытталды. «Заң жобасы бірқатар міндеттерді шешеді. Біріншіден - экономикалық қызмет аясындағы қылмыстық заңнама одан әрі ізгілендіріле түседі. Екіншіден - жекелеген құқық бұзушылық түрлері бойынша заңнама жетіледі. Үшіншіден - құқық қорғау органдарының қызметі барысындағы белгілі болған олқылықтарды жою қарастырылады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоганн Меркель. Оның айтуынша, заң жобасы бойынша экономикалық қылмыс жасаған тұлғалар егер өздерінің келтірген залалын толық өтесе, оларды бас бостандығынан айырмау туралы нормалар қарастырылған.
Бас прокурор орынбасарының сөзіне қарағанда, ұсынылған түзетулер өз күшіне енгеннен бастап, бас бостандығынан айыру үкіміне келісетін адамдардың саны едәуір азаймақ. Сонымен бір мезгілде, экономикалық қылмыс жасаған тұлғалар жазадан құтылмайды, оларға ірі мөлшерде айыппұл немесе 45 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаулар жазасы тағайындалады.
Заң жобасын талқылау барысында депутаттар экономикалық қылмыстарды ырықтандыру бөлігінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге және айыппұлдың мөлшерін ұлғайта отырып, экономикалық салада құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізді.
/«Қазақстан» ТРК, 18.05.2011 ж., Б. Омаров/ - Дәл қазір Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жиын депуттарды ТМД парламентаралық ассамблеясының медальдарымен марапаттау рәсімінен басталды. Отырыстың күн тәртібінде 12 мәселе қарастырылады. Соның бірі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Бақытжан Омаров, тілші:
Бүгінгі отырыста депутаттарға экономикалық қылмыстарға қатысты заңға өзгерістер енгізу туралы бірқатар ұсыныстар жасалды. Заң жобасын қарау барысында депутаттар экономикалық қылмыстар ырықтандыру бөлігінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге және айыппұлдардың мөлшерін ұлғайта отырып экономикалық салада құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізді.
Бұдан басқа, заң жобасының тергеу алды тексеруді көздейтін нормаларын алып тастауға бағытталған түзетулер ұсынылып сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамаларын жетілдіруге бірқатар түзетулер бағытталған. Парламент мәжілісінің жалпы отырысының қарауына енгізуге болады деп санайтын мәжілістің барлық комитеті заң жобасы бойынша қорытындыларын берген болатын.
Қазақстанда азаптаудың барлық жағдайына қатысты мәселелерді
арнайы прокурорлар тексеретін болады - Бас прокурор орынбасары
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда азаптаудың барлық жағдайына қатысты мәселелерді арнайы прокурорлар тексеретін болады.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоганн Меркель мәлім етті.
«Жақында Қазақстанға БҰҰ-ның арнаулы баяндамашысы Манфред Новак сапармен келіп кетті. Ол азаптаулар және басқа да қайырымсыз, адамшылыққа жат немесе адамгершілік ар-намысын қорлайтын қылмыс түрлері мен жазалар бойынша арнаулы баяндамашы болып табылады. Осыған орай, біз тиісті мемлекеттік органдардың барлығымен сәйкес жұмыстарды жүргіздік. Бұдан бөлек, ҚР Қылмыстық кодексіне 18 қаңтарда өзгеріс енгізіліп, ол бойынша 141 бап БҰҰ Азаптауларға қарсы конвеенциясының 1 бабына сәйкес келтірілді», - деді И. Меркель.
Оның айтуынша, БҰҰ арнайы баяндамашысының сапарынан кейін бас прокуратура алдына жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бойынша арнайы нұсқаулар жасалып, Бас прокурордың үш бұйрығы шыққан.
Жалпы отырыста бірнеше заң жобасы мақұлданды
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Палатаның жалпы отырысын ашып, ТМД ПАА мен ЕурАзЭҚ ПАА шеңберінде Қазақстан парламентшілеріне берілген марапаттауларды салтанатты жағдайда табыс етті.
Дәстүр бойынша депутаттар бірқатар лауазым иелеріне сауалдар (депутаттар сауалы Парламент сайтында (www.parlam.kz) жеке-жеке берілді) жолдады.
Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға түсті.
Заң жобасының мақсаты туралы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сансызбай Есілов баяндама жасады. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов қосымша түсінік берді.
Айта кету керек, аталған заң жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттары Аманжол Жазин, Валерий Котович, Мұхтар Тінікеев, Жансейіт Сарсенқұлов, Юрий Цхай, Иван Чиркалин және Сансызбай Есілов бастамашы болған.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасын әзірлеудің мақсаты біріншіден, халықаралық салық салу мәселелері жөніндегі өзгерістерді, екіншіден, Салық кодексінің қолданылу практикасына байланысты жекелеген ережелерді нақтылауға бағытталған өзгерістер енгізу көзделген.
Аталған заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы, сондай-ақ ғылыми-құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындылары алынған.
Талқылаудан кейін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Келесі кезекте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші және екінші оқылымда қаралды. Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов баяндама жасап, бұл заң жобасының мазмұнын түсіндіріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бауыржан Смаилов қосымша баяндама жасады.
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 991 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2010 жылғы 7 қазанда енгізілді.
«Заң жобасы исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамадағы олқылықтарды жою, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы мақсатында әзірленді. Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін инвесторлар қаражатын тарту, сондай-ақ Қазақстанның корпоративтік секторы үшін бағдар белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз етеді»,- деді депутат, аталған заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі Бауыржан Смаилов.
Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.
Осы заң жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстардың бәрі мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс тобының жеті отырысында талқыланды. Жұмыс тобына 20-дан астам ұсыныс келіп түсті, оның 15-і қабылданған. Қалған түзетулерді бастамашылары оларды талқылау барысында алып тастаған.
Бұл заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынып, мақұлдады. Заң жобалары туралы тиісінше ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич және ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель баяндама жасады. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Николай Турецкий мен Ерзат Әлзақов қосымша түсінік берді.
Сонымен қатар бірнеше халықаралық құжаттарды бекітуді көздейтін заң жобалары талқыға шығарылды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйымы арасындағы Ауғанстандағы Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы», «Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары жалпы отырыста қаралып, толықтай мақұлданды.
Сондай-ақ «Еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да бүгін талқыға салынды.
Еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім 2010 жылғы 19 қарашада Санкт-Петербургте Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Үкіметтерінің арасында жасалған.
Осы Келісім көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесін айқындайды, сондай-ақ көшіп-қонушы еңбекшілердің еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібін және оларды әлеуметтік қорғауға байланысты мәселелерді реттейді. Талқылаудан кейін заң жобасы мақұлданды.
Сонымен бірге Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу уақыттарын нақтылау бойынша Палата шешім шығарды.
Парламент пәрмені принципті ме?..
/«Егемен Қазақстан» газеті, 19.05.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысының күн тәртібінде он төрт мәселе қаралса, соның жетеуі заң жобаларына қорытынды әзірлеуге арналды. Спикер алдымен отырысты сөз сөйлеп ашып, ТМД ПАА мен ЕурАзЭҚ ПАА шеңберінде Қазақстан парламентшілеріне берілген марапаттауларды иелеріне салтанатты жағдайда табыс етті.
Палата бұған дейінгі отырыстарын түске дейін бітіріп тастайтын, ал кешегі жиында талқылау түстен кейін де жалғасты. Жағдайдың бұлай қалыптасуы соңғы кездегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көптеп әшкереленуімен де байланысты болса керек. Бұл депутаттар тарапынан белгілі бір деңгейде шаралар қабылданбауынан да орын алғанға ұқсайды. Мұны кейбір депутаттардың өзі де мойындап отыр.
Кешегі отырыста әріптестеріне тастаған үндеуінде Ирак Елекеев «Қорғас» кеден бекетіндегі жемқорлық жағдайдың қайталануына аталған мәселе бойынша арнайы пленарлық отырыстың өткізілмеуі де себеп болуы ықтимал деп есептейтіндігімен байланыстырды. Депутат пайымынша, миллиардтаған қаржы бюджетке түспеуде. Осы ретте Ирак Қасымұлы Парламент тек заңшығарушылық жұмыспен айналысуы керек деген пікірмен келіспейтіндігін, әр депутаттың кем дегенде 14-ке тарта өкілеттігі бар екенін жеткізді. Егер Парламент пен оның депутаттары принципті болса, онда министр мен орынбасарлары темір тордың арғы жағында отырмас еді, деді депутат. Сол сияқты егер біз принципті болсақ, онда әкімдер қалтасын ақшаға толтырып, шетел асып кетпеуші еді, деді тағы сөзін сабақтай түсіп. Ендігі мәселе – қылмыстық жазаға тарту емес, жемқорлық қылмыстың алдын алу, заңның бұзылуына жол бермеу. Сөзінің аяғында депутат Мемлекет басшысының күшті Парламентті көргісі келетінін, мәселелерді талқылауда мемлекеттік көзқарас пен парламентаризм рухының сезіліп тұруы тиістігін ерекше атап көрсеткеніне тоқталды.
Жалпы отырыста бірінші мәселе ретінде еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық жасауға қатысты заңдық құжатқа қорытынды әзірлеу ұсынылды. Оның қаралу мерзімін үстіміздегі жылдың 31 қазаны деп белгілеу туралы шешім депутаттар тарапынан қолдау тапты. Негізінен рақымшылыққа жасөспірімдер, зейнет жасындағылар мен әйелдерді қоса алғанда, аса ауыр емес, орташа қылмыс жасағандар ілігетін көрінеді. Олардың қазіргі нақтыланған саны 13 мыңдай.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға түсті. Заң жобасы бойынша Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Сансызбай Есілов баяндама жасады. Осы ретте заң жобасына бір топ Мәжіліс депутаты бастамашы болғанын айта кету керек. Заң жобасының мақсаты халықаралық практикаға сәйкес салық салу мәселелері бойынша халықаралық салық салу және халықаралық шарттарды әкімшілендіру жүйесін жетілдіру болып табылады. Ғылыми-құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындыларынан өткен заңдық құжат талқылау нәтижесінде бірінші оқылымда мақұлданды.
Бірінші оқылымда қолдау тапқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы күн тәртібіне қайта енгізіліп, екінші оқылымда қаралды. Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов баяндама жасады. Депутат Бауыржан Смайылов заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін инвесторлар қаражатын тартуға мүмкіндік беретіндігін баса айтты. Бұдан басқа еліміздің корпоративтік секторы үшін бағдар белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруы үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Жалпы отырыста, сонымен қатар, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мен Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды. Алдыңғы заңдық құжат бойынша баяндаманы Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич, ал соңғысы бойынша Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоганн Меркель жасады.
Кешегі жалпы отырыс барысында бұдан басқа да барлық мәселелер қолдау тапқандығын айта кету керек.
Салық кодексі халық мүддесін қорғай ала ма?
/«Заң газеті», 20.05.2011 ж., А. Құрманғали/ - «Елде жүріп жатқан қылмыстық жазаны ізгілендіру мақсатында қылмыстық және қылмыстық процессуалдық заңнамаларды жетілдірудің оң нәтижесі байқалмайды. Керісінше, құқықбұзушылық көбейіп бара жатқан сияқты. Бізде коррупционермен күресті бас коррупционер, бандитизммен күресті бас бандит жүргізіп жатқандай. Бұған Қорғаста болған жағдай куә. Жазаны ізгілендіру шарасы қашан аяқталмақ? Әлде ол осылайша жалғасын таба бере ме?». Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралған кезде депутат Владмир НЕХОРОШЕВ осындай сауал қойды. Құжат бойынша түсініктеме берген Бас прокурордың орынбасары Иоганн Меркельге өзге де халық қалаулылары тарапынан қойылған сұрақтар осы мазмұндас болды. Алайда, Иоганн Давыдовичтің берген жауабынан кейін олардың көбі бұл мәселеге қайта соқпады. Бас прокурордың орынбасары аталмыш құжаттың елде жүргізіліп жатқан жазаны ізгілендіру шараларының нүктесін қоятын заң жобасы болатындығын айтқан еді.
Биылғы жылдың басында күшіне енген «Қылмыстық және қылмыстық процессуалдық заңнамаларды ізгілендіру туралы» заң бойынша Қылмыстың кодекстің 212-бабына және 260-тан аса қылмыс құрамына өзгерістер енгізіліп, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске 18 жаңа бап енгізілгені белгілі. Соның нәтижесінде алты мыңға жуық сотталушы ізгілендіру шарасына ілігіп,1109 азамат бостандық алатын болды. Енді мына заң жобасы бойынша шағын және орта бизнеске мемлекеттік құрылымдардың қысымын азайту мақсатында экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстарға қолданылатын жазаны ізгілендіру қарастырылып отыр екен.
Олар негізі үш бағыттан тұрады. Біріншісінде мемлекетке келтірілген шығынды өз еркімен өтеген жағдайда азамат бас еркінен айырылмайды. Екіншісі бойынша, қылмыстық жауапкершілік тартуға негіз қалайтын заңсыз табыстар және басқа да көрсеткіштердің шығын деңгейін арттыру. Демек, Қылмыстық кодекстің 8-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалуға тиіс азаматқа, мемлекетке келтірілген шығынның көлемі 10 есеге арттырылады. Мәселен, жалған кәсіпкерлікке қатысты азаматтарға келтірген шығын көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 1000 АЕК-ке, мемлекетке келтірген шығын көлемі 10 мыңнан 20 мың АЕК-ке дейін өседі. Яғни, осынша көлемде зиян келтірген тұлғалардың әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалатын болады.
Салық қатынастары мәселелері кез келген кәсіпкердің жанды жері болса, аталмыш заң жобасында салық саласындағы қылмыстарға айрықша маңыз беріліп отыр. Осыған байланысты азаматтар заңды тұлғалардың төлемеген салықтарының көлемі бұрынғы 500 және 2 мың АЕК орнына, 2 мың және 20 мың АЕК көлемінде белгіленіп отыр. Яғни, төлемеген салығы осынша деңгейге жеткен азаматтар мен ұйымдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Осы деңгейге жетпегендердің әрекеті әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырылады.
Аталмыш заң бойынша дәйектеліп отырған ізгілендіру шарасының үшінші бағыты – бас бостандығынан айыруды алмастыратын қосымша айыппұл төлеуді енгізу. Жазаның бұл түрі 7 экономикалық қылмыс түріне қолданылатын болады. Иоган Давыдович осы ретте халық қалаулыларының назарын Қылмыстық кодекстегі жекелеген баптарда бас еркінен айыру бойынша заңды жазаның деңгейіне сай шектер қарастырылмағанына аударды. «Мәселен, Қылмыстық кодекстің 159-бабында (Соғыс кезінде тыйым салынған қару мен әдісті қолдану) он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Осылайша, судьялар осындай ауыр қылмысқа алты айдан он екі айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауы мүмкін. Осыған байланысты барлық баптар бойынша бас бостандығынан айыру мерзімінің ең төменгі деңгейін сегіз жылдан жоғарыға белгілеу ұсынылып отыр», – деді ол. Сонымен қоса, айыпты тағайындаған кезде оның көлемін бірыңғай жүйе – АЕК-пен белгілеу дәйектеліп отыр. Алайда, депутат Ирак Елекеев жазаның дәрежесін анықтау тек судьялардың ісі екенін айтып, бұған қарсы шықты. Оның айтуынша бұл екінші оқылымға дейін қаралып, тиісті талапқа сәйкес келуге тиіс. Осы ретте халық қалаулысы салыстыру, талдау материалдарының депутаттарға ұсынылмайтынына реніш білдірді. Оның айтуынша, шалағай заңдардың пайда болуына құзырлы орындардың осы жауапсыздығы себеп болып отыр. Ол палата спикерінен алдағы уақытта осы мәселеге айрықша назар аударып, тәртіпке келтіруін сұрады. Ал, аталмыш заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып, екінші оқылымда қарауға жіберілді.
Отырыста мақұлданған заңдардың бірі «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болды. Айта кету керек, бұл құжат Сансызбай Есілов бастаған бір топ депутаттардың бастамасымен дайындалған болатын. Мұның себебін заң жобасы бойынша түсінік берген кезде Сансызбай Сейітжанұлы Салық кодексіне жасалған өзгерістің Кеден одағына өту кезінде, республикалық бюджетті бекіту кезінде жасалған түзетулерде асығыстықтың орын алғанын, соның салдарынан бірқатар маңызды мәселелердің ескерілмей қалғандығымен түсіндірді. Расында, кезінде бірқатар депутаттар өзгерістердің тиянақты талқыланбағанына реніш білдірген еді. Алайда, 3 жылдық бюджетке қатысты заңды дер кезінде қабылдау үшін олар ақырында бұған келіскен болатын. Мына заң жобасы сонда жіберілген олқылықтардың орнын толтыру әрекеті болып отыр. Сонымен, онда қандай мәселелер дәйектеліп отыр. Сансызбай Сейітжанұлының айтуынша, заң жобасында халықаралық салық салу бөліміне түзетулер енгізіліпті. Онда негізінен резидент еместен, яғни, салық салу мақсатында шетелдік резидент емес тұлғаның тұрақты кәсіпорнының құрылу тәртібін нақтылау, резидент еместің тұрақты кәсіпорнын тіркеу тәртібін белгілеу, резидент еместің жекелеген табыстарына салық салудың тәртібін айқындау көзделіп отыр. Белгілі бір шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғалардың, резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында жүзеге асқан бір келісімшарт аясындағы орындалған жұмыстан түскен табысынан салық алу мақсат етілді. Резидент еместің Қазақстандағы табыс салығын қайтару тәртібі егжей-тегжейлі реттеліп отыр. Түзетулердің екінші бөлігі Салық кодексінің кейбір ережелерін, жекелеген тәртіптерін, басқа заңнамалармен сәйкестендіру, олардың қолданылу практикасына байланысты жекелеген ережелерді нақтылауға бағытталған өзгерістерді қамтиды. Депутат Мұхтар ТІНІКЕЕВ бұл заң жобасында ардагерлердің көліктеріне беріліп отырған салық жеңілдіктерін алып тастау жөнінде мәселенің шешім таппағанына қынжылыс білдірді. Оның айтуынша, бюджет осының салдарынан 8 млрд теңге жоғалтып отыр екен. Заңды жасаушылар Үкімет тарапынан мәселенің қолдау тауып отырғанын, аталмыш жеңілдіктің жойылмауы кейбір халық қалаулыларының қарсылығынан болып отырғанын айтқан. Және солардың бірі ретінде депутат Нұртай САБИЛЬЯНОВ аталған. Өз атына осындай сөз айтылғанда Нұртай Салихұлы бұғып қалған жоқ. Ол өзінің қарсы болғанын ашық айтып, оның себебін бұл жеңілдіктің Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін жасалғанын, ал, олардың бүгінгі таңда арамызда аз қалғанын, бұдан бюджетке түспей отырған қаржы миллиард емес, миллиондар көлемінде ғана екендігімен байланыстырды. «Азғана соғыс ардагерлеріміздің осы жеңілдігіне жармасу елдігімізге сын болатын жағдай. Егер шынымен де салық көлемін арттыру қажет болса, неге темекінің акциздік құнын көтермеске? Темекі компанияларының мүдделерін қорғап, оны өзгерткіміз келмейді де, қарттарымыздың азғана игілігіне көз алартамыз. Бұл өсер елдің қауымына жарасар қылық емес», – деп әріптестерін біраз сілкілеп алды. Сонымен қатар, ол заң жобасындағы кәсіпкерлердің зейнетақы қорына аударылатын ақшасы алты айлық есептік көрсеткіштен төмен болса, олардан салық алынбайтындығы жөніндегі өлшемді де сынға алды. Мұны жүзеге асыру еліміздегі барлық кәсіпкерлердің зейнетақы қорына ақша төлеуден жалтаруына жол ашатынын айтты. «Өйткені, алты айлық есептік көрсеткіш дегеніміз қазіргі таңда 9 мың теңге. Егер біз тоқсан мың теңге жалақы тағайындайтын болсақ, соның он проценті осынша ақша. Бүкіл Қазақстан бойынша осынша ақша зейнетақы қорына түспейді деген сөз. Оған Салық комитеті ешнәрсе істей алмайды. Бұл кәсіпкерлердің мүддесін халықтың мүддесінен жоғары қою болып табылады. Салық төлеу тәртібі барлығына бірдей болуы керек», – деп атап көрсетті. Оның бұл ескертпесі әріптестері тарапынан қалай бағаланарын уақыт көрсетпек. Өйткені, аталмыш заң жобасы да бірінші оқылымда мақұлданды.
Отырыста, сонымен қатар, «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы туралы баяндама жасаған Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Кулинич оның ұйымдасқан қылмысқа және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа тиісінше мемлекеттік ықпал етудің кешенді жүйесін құруға мүмкіндік беріп, олардың мемлекеттік қызмет пен экономика саласына ықпалының таралуына тосқауыл қоятынын айтты. Сөз алған депутаттар Кеден одағына енуімізге орай, елімізге таяу және алыс шетелдерден әртүрлі қылмыстық топтардың ену қаупі көбейіп отырғанына орай заң жобасын тұтастай мақұлдап, Сенатқа жіберу жөнінде ұсыныс айтқан еді. Өйткені, көп ұзамай депутаттар каникулға кетіп, керекті заң жатып қалуы әбден мүмкін. Алайда, халық қалаулыларының көпшілігінің қолдауымен құжат бірінші оқылымда мақұлданды.
Бұқаралық ақпарат құралдарына
арналған ақпарат
/«Parlam.kz», 19.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Жобаның негізгі мақсаты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын ұйымдастыру міндетін жергілікті атқару органдарынан Байланыс және ақпарат министрлігіне беру болып табылады.
Заң жобасында «бір терезе» қағидасы», «халыққа қызмет көрсету орталығы», «ерекше әлеуметтік қызмет» ұғымдары нақтыланып, «автоматтандыру», «толықтай автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету», «жекелеген автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету» ұғымдары енгізілді.
Мәжілісте мақұлдаған жобаны талқылау барысында құжатқа қажетті өзгерістер енгізілді.
Жоба палата қарауына жіберілді.
Сенат комитетінде халыққа қызмет көрсету
орталықтары туралы заң жобасы талқыланды
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж./ - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Жобаның негізгі мақсаты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын ұйымдастыру міндетін жергілікті атқару органдарынан Байланыс және ақпарат министрлігіне беру болып табылады.
Заң жобасында «бір терезе» қағидасы», «халыққа қызмет көрсету орталығы», «ерекше әлеуметтік қызмет» ұғымдары нақтыланып, «автоматтандыру», «толықтай автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету», «жекелеген автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету» ұғымдары енгізілді.
Мәжілісте мақұлдаған жобаны талқылау барысында құжатқа қажетті өзгерістер енгізілді.
Жоба палата қарауына жіберілді.
/«Егемен Қазақстан», 21.05.2011 ж./ - Жақында Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Жобаның негізгі мақсаты, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын ұйымдастыру міндетін жергілікті атқару органдарынан Байланыс және ақпарат министрлігіне беру болып табылады. Заң жобасында «бір терезе» қағидасы», «халыққа қызмет көрсету орталығы», «ерекше әлеуметтік қызмет» ұғымдары нақтыланып, «автоматтандыру», «толықтай автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету», «жекелеген автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету» ұғымдары енгізілді.
Жобаны талқылау барысында құжатқа тиісті өзгерістер енгізілді және жоба палата қарауына жіберілді.
ҚР индустриальдық-инновациялық дамуға мемлекеттік қолдау
көрсету туралы заң жобасы әзірленетін болады
/«Kazakhstan Today», 19.05.2011 ж./ - ҚР индустриальдық-инновациялық дамуына мемлекеттік қолдау көрсету туралы заң жобасы әзірленетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР
Кәсіпкерлерге назар аударсаңыз екен
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға-сы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда Тоқтарбай Қадамбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.
«Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Қостанай өңіріне барған іссапар барысында «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауында Рудный қаласының бірқатар кәсіпкерлерімен кездестік.
Кездесу барысында қолданыстағы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қатысты мәселелер көтерілді.
Осы орайда, Сізге бір топ кәсіпкерлердің атынан жолданған хаттың көшірмесін жолдай отырып, онда көтерілген мәселелерге қатысты қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз»,- дейді. Сауалға әріптесі Жексенбай Дүйсебаев та қол қойған.
Электр энергиясы жиі өшіріліп, осы жердегі
тұтынушылардың құқығы бұзылуда
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға-сы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Нұрлан Әбдіров ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергеновке депутаттық сауал жолдады.
«Қарағанды облысында болған кезімізде Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы селосының тұрғындары бізге өтінішпен жүгінді. Өтініштің мәні «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС мен «Жезқазғанинвестэнерго» ЖШС-тің электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарын сақтамауы болып табылады.
«Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС-і Шет ауданының 9 ауылдық округін электрмен қамтамасыз ететін ұйым болып табылады. Ол 2011 жылғы ақпан айынан бастап, белгіленген тарифтерге қарамастан, тұтынушыларға электр энергиясын үстеме баға бойынша өткізуді жүзеге асыруда. Өткізетін электр энергиясын «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС-і «Жезқазғанинвестэнерго» ЖШС-інен сатып алады.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес энер-гиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға) тыйым салынады.
Сонымен бірге «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС-тің электр энергиясын өткізу жөніндегі делдалдық қызметі заңсыз болып табылады.
Сондай-ақ, жыл бойы әсіресе, қыс уақытында электр энергиясы жиі өшіріліп, осы жердегі тұтынушылардың құқығы бұзылуда.
Бұдан басқа, «Шет шұғыласы» газетінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 15 санында жарияланған мақалаға сәйкес (мақалалардың көшірмесі қоса беріліп отыр) аталған табиғи монополиялар субъектілерінің тарапынан ұқсас фактілерді Қарағанды облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті анықтағанын айта кеткен жөн.
Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып, Сізден осы мәселені шешу жөнінде тиісті шешім қабылдауыңызды сұраймыз».
Жаңа мектептер салынбай, мәселе шешілмейді
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға-сы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Уәлихан Қалижанұлы Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолда-ды.
«Жақында бір топ депутаттар Алматы облысының сайлаушыларымен кездесіп қайттық. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалында қоғамдық қабылдаулар өткіздік. Жергілікті әкімшіліктерде, мәслихат депутаттарымен де кездесу болды. Осындай кездесулерде Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Баталов пен облыстық мәслихаттың хатшысы А. Сүлейменов, Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы М. Рахымбаев мырзалар облыстағы білім саласындағы алаңдаушылық туғызып отырған мәселелерге назар аудартып қана қоймай, жазбаша түрде сайлаушылардың өтініштерін жеткізді.
1. Алматы облысының Талғар ауданындағы «Тұздыбастау» ауылында орналасқан № 31 мектептің жай-күйін Сізге жеткізгіміз келеді. Бұл мектеп екі корпустан тұрады. 1935 және 1981 жылы салынған. 1100 оқушыға арналған мектепте 1820 оқушы дәріс алады. Сабақ қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде үш ауысыммен жүргізілетінін Сіздің ескеруіңізді сұраймыз. Әрі мұнда Шығыс – 1, Шығыс – 2, Арман атты үш шағын аудан құрылыстары жүріп жатыр. Сондықтан да 900 оқушылық орны бар жаңа мектеп салынғаны жөн. Өйткені тәрбие кемісе, тәртіп ақсайтыны, сапасыз білім алатыны белгілі.
2. Қарасай ауданының Теректі ауылында 1981 жылы салынған 320 орындық мектепте 803 бала дәріс алуда. Мұнда да балалар үш ауысыммен оқиды. 600 орындық жаңа мектеп салмай, бұл мәселе шешілмейді.
3. Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында № 13 орта мектеп жанында бір ғана интернат бар. 2008 жылы республикалық бюджеттен 140 миллион теңге ақша бөлініп, мектеп жер сілкінісіне төтеп берерлік деңгейде күрделі жөндеуден өткен екен. Өкінішке орай, жеке тұрған интернатқа күрделі жөндеуге қажетті 132 миллион теңге ысырылып, жылдан жылға шегеріліп келеді. Сондай-ақ, 613 миллион теңге бөлініп, Үштөбе қаласында 320 орындық бала-бақша салынуға тиіс еді. Бірақ, бұл құрылыс та республикалық бюджеттен қаржыландырылатын нысандардың тізімінен неге екені белгісіз түсіп қалған. Жоғарыда аталған мектептің жеке спорт залын салу үшін қосымша 55 миллион теңге қажет.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, біздер Сізден жоғарыда аталған білім саласының құрылыс нысандарын салуға 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырыла-тын мақсатты трансферттер есебіне аталмыш жобаларды енгізуіңізді сұраймыз».
Қаражатты мемлекеттік қолдауға шынайы мұқтаждардың
пайдасына қайта бөлу мүмкін деп санаймыз
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға-сы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Майра Айсина Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.
«Жамбыл облысының сайлаушыларымен кездесу және «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдау барысында І-топ мүгедектерінің «Дос-Тараз» қоғамдық бірлестігінің мүшелері өңірдегі І-топтың 3079 мүгедектерінің атынан арнаулы әлеуметтік қызметтер тізбесіне І-топтың мүгедектеріне күтім жасау жөніндегі жәрдемақыны енгізу туралы өтініш білдірді.
І-топтың мүгедектеріне күтім жасау жөніндегі жәрдемақы оларға 18 жасқа толғанға дейін ғана қарастырылған. Алайда, 18 жастан асқан соң да адам сол мәселелерімен, өзіне күтім көрсете алмауына байланысты, көмекке мұқтаж күйінде мүгедек болып қалады ғой. Бұл бірінші топтағы мүгедектер, сондай-ақ олардың жақын туысқандары үшін азап, қасірет, кедейлік, таусылмас қайғы, себебі олар мүгедек – ұлы, қызы, ағасы, апасы және т.б. күтім жасауға мәжбүр және жұмыс істей алмайды.
Мемлекет басшысының халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау жүйесіне көзқарасты қайта қарау қажеттілігі туралы тапсырмасына байланысты, қаражатты мемлекеттік қолдауға шынайы мұқтаждардың пайдасына, оның ішінде І-топтың мүгедектеріне қайта бөлу мүмкін деп санаймыз».
Астана қаласының кәсіптік-техникалық лицейлерін
одан әрі дамыту туралы бастамаға қолдау көрсетейік
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға-сы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Бауыржан Смаиылов Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. «17 сәуір күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде білім саласына ерекше мән беріп, соның ішінде кәсіптік-техникалық колледждерге баса көңіл бөлді. Елбасы өзінің сөзінде «Жастарымыз бір-бір мамандықтың иесі болып, нарық заманында лайықты жұмыс орнын тауып, бір кірпіш болып қалануы керек. Ол үшін кәсіптік-техникалық оқу орындарының білім беру деңгейін анағұрлым жоғары көтеруіміз керек»,- деді.
Осы орайда сайлаушылармен пікір алмасу мақсатында Астана қаласының бірқатар колледж бен кәсіптік лицейлердің ұжымдарымен кездесулер өткіздім. Ұстаздар қауымы білім саласын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар айтты, оң бастамалар көтерді. Ең маңыздыларын атап өтейін:
1. Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы медициналық колледжінің ұстаздары мен студенттері медициналық колледж түлектері үшін жоғары оқу орындарына сараланған түсу емтихандарын бекіту туралы мәселені көтерген болатын.
Мысалы, дипломның орташа балын есепке алу. Орташа балл 4 және одан да жоғары болған жағдайда әңгімелесу өткізіп, университеттің 2-ші курсына қабылдау. Ал орташа балы аталған көрсеткіштен төмен болған жағдайда мамандықтың бейінді пәндері бойынша емтихандар қабылдап, оларды тапсырғаннан кейін талапкерлер бірінші курсқа қабылдануы туралы ұсыныс айтты.
2. №1 Кәсіптік лицейдің инженерлік-педагогикалық ұжымы маған Астана қаласының кәсіптік-техникалық лицейлерін одан әрі дамыту туралы бастамамен өтініш білдірді.
Ұстаздар көтерген бастама мазмұны мынадай: Еліміздің экономикалық дағдарыстан шығуын, сондай-ақ қолданыстағы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын ескере отырып, аталған саланы бюджеттік жағынын орнықтыру және техникалық қызмет көрсету саласының барлық түріне қажетті алғашқы буынның кәсіби жұмыс кадрларын дайындауға бейімделген кәсіптік лицейлердің өндірістік-оқу базасын жаңарту үшін жаңа мүмкіндіктер туындап отыр.
Осы білім беру мекемелерін дамыту үшін, біріншіден, шеберханаларды және цехтарды қазіргі заманға сай электрондық-бағдарламалық негізде жұмыс істейтін құрал-жабдықтармен жаңарту қажет.
Екіншіден, 12 жылдық оқуға көшуге байланысты барлық орта мектептерде бағдардың жаңа жүйесін қолдану, яғни, техникалық және гуманитарлық колледждерге түсуге бағытталған 8, 9, 10 сынып оқушыларын бейінді мамандық пәндеріне алдын ала даярлау, ал мектептер 11 және 12 сыныптарда одан әрі университеттерде оқуға бағдарланған оқушыларды іріктейді;
Үшіншіден, одан әрі дамудың салалық бағдарламасына бастама жасау;
Қорытындылай келе, осы жұмыста жаңа өндірістік кәсіпорындардың құрылысымен айналысатын ірі коммерциялық кәсіпорындармен, құрылыс фирмаларымен ынтымақтастық байланыс орнату.
Осыған байланысты жоғарыда айтылған ұсыныстарды қарастыруын және №1 Кәсіптік лицейдің инженерлік-педагогикалық ұжымның бастамасынан туындайтын мәселелер бойынша арнайы бағдарлама дайындау жөнінде тиісті органдарға тапсырма беруіңізді өтінемін».
Оңтүстік Қазақстан облысына қосымша 2011 жылға
1 млрд. 945, 8 млн. бөлуге мүмкіндік қарастыруыңызды өтінемін
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға-сы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Шалатай Мырзахметов ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевке депутаттық сауал жолдады.
«Сізге сауал жолдауыма себеп болған «Балапан» бағдарламасы. Елбасымыз «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы халыққа жолдауында: «2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар – бұл мемлекеттік мекемелерге балама» - деген. Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырды. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысына 2010 жылы «Балапан» бағдарламасының аясында 9035 баланы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 810,2 млн. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.
Осы «Балапан» бағдарламасы аясында 2011 жылы жалпы 19295 баланы мектепке дейінгі біліммен және тәрбие берумен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. 262, 8 млн. теңге бөлінді.
Құрметті Болат Бидахметұлы, жалпы айтқанда, 2010 жылы ашылған 9035 балалар орнына 1 млрд. 593,8 млн. теңге қажет, ал 2011 жылы ашылатын 10 260 орынға 959, 2 млн. теңге, сондай-ақ, 2011 жылы қосымша 7020 орындарға 655,5 млн. теңге қаржы тапшы болып тұр. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі білім беруді 50 %-ға қамтамасыз ету үшін, әрі бағдарламаның сапасын арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына қосымша 2011 жылға 1 млрд. 945, 8 млн. бөлуге мүмкіндік қарастыруыңызды өтінемін».
Қазіргі заманда ғарыш саласында тәуекелдерді азайту қажет
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Рахметов ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мырзаның атына депутаттық сауал жолда-ды.
Мәжілістің баспасөз қызметі депутат Е.Рахметовтың сауалын БАҚ назарына ұсынып отыр:
«Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Қазіргі уақытта KazSat-2 қазақстандық екінші спутникті ұшыруға дайындық жүріп жатыр, оны ұшыру 2011 жылғы жазға жоспарланған. Алғашқыда бұл ұшыру 2010 жылы жүзеге асырылуға тиіс еді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т. А. Мұсабаевтың мәлімдеуі бойынша ұшыру мерзімі спутниктің орбитада жұмыс істеу сенімділігін ұлғайту мақсатында оның конструкциясына техникалық өзгерістер енгізу қажеттілігі негізінде ауыстырылды. Спутникті дайындауға республикалық бюджеттен кеткен шығын шамамен 115 млн. АҚШ долларын құрайды.
Осы спутникті дайындауға тапсырыс Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құрғанға дейін жасалғанын бәрі де түсінеді. Дайындаушы зауыт ретінде М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығымен бірден екі спутник дайындауға келісім-шарт жасалған болатын, осыған байланысты екі спутник бойынша негізгі техникалық және жұмыс істеу тұжырымдамасы бір-біріне ұқсас. KazSat-1 жұмысының қорытындылары бойынша қазақстандық тарап жағынан спутникке техникалық түзету бойынша қажетті шаралар жүргізіліп жатқанына қарамастан, дәл осы жағдай қайталануы мүмкін мынадай деген тұжырым жасауға болады. Қазақстандық спутниктерді шығаратын Ресей зауыты келісім-шарт жасасу кезінде мұндай сыныптағы ғарыш аппараттарын, атап айтқанда, байланыс және хабар тарату спутниктерін дайындау бойынша тәжірибесі мүлдем жоқ деген факт болуы маңызды. Шын мәнісінде бұл қазақстандық салық төлеушілердің ақшасына ресейлік өндіруші эксперимент жасады дегенді білдіреді.
Осы факторлардың барлығы алаңдаушылық туғызады және елімізде ғарыштық бағдарламаларды іске асыруға кешенді қадам қолдану қажеттілігін көздейді.
KazSat-1 қазақстандық бірінші спутниктің тарихына оралатын болсақ, осы жобаны іске асыруға 65 млн. АҚШ доллары мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінген болатын.
Жобаны «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және ҚР Білім және Ғылым министрлігі жүзеге асырды, кейіннен спутник «Ғарыштық байланыс республикалық орталығы» (ҒБРО) АҚ балансына берілді. Бұл қазақстандық бірінші спутник Қазақстан Республикасының беделін және телерадио хабарлары мен деректер беру саласындағы өзіндік инфрақұрылымына қолжетімділік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге тиіс еді.
Спутниктің жоғалып кеткенін және кейіннен көму орбитасына шығарып тасталғанын бәріміз де білеміз, осыған байланысты республикамызға тікелей нұқсан келді, бұл ретте тек қаржылық қана емес, беделіне де нұқсан келтірілді. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есебіне сәйкес 7 363,3 млн. теңге сомасында сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді, бұл шамамен 50 млн АҚШ долларын құрайды.
2008 жылғы болған шығын бойынша осы сомаға сақтандыру төлемі неге қайтарылмаған деген сұрақ туындайды? Сақтандыру процесіне қатысатын кейбір шетелдік сақтандыру компаниялары шығынды төлеуден бас тартатын фактілер де кездеседі. Республикалық бюджеттен ақша жұмсалғандықтан бұл маңызды мәселе және бүгінге дейін осы төлемдер қандай себептермен тоқтап тұрғаны және төленбегені жөнінде есеп жоқ.
Уәкілетті тұлғалардың мәлімдеуі бір фактіге, яғни, шығынды өндіріп алу жөнінде қайта сақтандыру компанияларымен жұмыс жүргізілуде дегенге келіп тіреледі, алайда, ешқайсысы нақты мерзімді және тоқтап тұру себептерін айтпайды.
Қазіргі заманда ғарыш саласында тәуекелдерді азайту жөнінде, әсіресе, сақтандыру бойынша жинақталған практика бар екенін ескере отырып, біздің елдің пайдаланбайтыны маған әлі күнге дейін түсініксіз? Ғарыш аппараттарын дайындауға келісім-шарт жасау бөлігінде нақты пысықталған регламент бар, онда тәуекелдерді басқару шарттары, осы салада үлкен тәжірибесі бар әлемдік озық сақтандыру брокерлерін және қайта сақтандыру ұйымдарын тарта отырып, сақтандыру процесін ұйымдастыру анық жазылған.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, жоғарыда айтылғандарға байланысты, Үкімет Басшысы ретінде уәкілетті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қадағалау комитетінің мамандарын, сондай-ақ ғарыш тәуекелдерін сақтандыру саласындағы тәуелсіз шетелдік сарапшыларды тарта отырып, KazSat-1 шығыны бойынша сақтандыру сомасын төлеудің тоқтап тұру себебін көрсете отырып, сақтандыру бағдарламасының талаптары бойынша егжей-тегжейлі есеп беру бойынша жұмыс жүргізу жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймын.
Сондай-ақ KazSat-2 жобасы бойынша дәл осындай жағдайдың қайталануын болғызбау мақсатында сақтандыру талаптарын және сақтандыру бағдарламасын іске асыру процесіне тартылған қатысушыларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі және «Ғарыштық байланыс республикалық орталығы» АҚ-ы KazSat-2 спутнигін сақтандыру бөлігінде қолданған шаралары туралы ақпарат беру жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймын. Аталған есеп KazSat-2 ғарыш аппаратын ұшырғанға дейін ағымдағы жағдайға қалай да болсын әсер ету мүмкіндігі болу үшін қысқа мерзімде дайын болуға тиіс екенін атап өту жөн деп есептеймін».
Балалар үшін интернат құрылысы өте қажет
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға-сы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Динар Нөкетаева Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.
«Менің депутаттық сауалыма Алматы облысының сайлаушыларының өтініші негіз болды.
Алматы облысының Талдықорған қаласында 2010 жылы Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің облыс орталығының балалары ғана емес, облыстық барлық дарынды балалары оқуы тиіс Зияткерлік мектебі ашылған болатын. Осыған байланысты, облыстын аудан және қалаларынан келіп оқитын балалар үшін интернат құрылысы өте қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің Зияткерлік мектебіне қосымша жататын корпус құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары және мемлекеттік сараптаудың қорытындысы бар.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Сізден осы өтінішке назар аударып, Республикалық бюджет комиссиясының отырысында жоғарыда аталып өткен Алматы облысындағы білім беру объектінің құрылысын қаржыландыруды республикалық бюджеттен қарастырып, заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймын».
Туберкулез ауруханасының құрылысын
қаржыландыру мәселесін қарасаңыз екен
/«Parlam.kz», 18.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға-сы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Динар Нөкетаева Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарының бірі денсаулық сақтау саласында 2015 жылға қарай еліміздегі туберкулез ауруын 10 пайызға, 2020 жылға қарай 20 пайызға дейін төмендету міндеті қойылған. Бұл мақсатқа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын салу және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, мамандар дайындау мен салауатты өмір салтын ұстану бағытында кешенді мемлекеттік шаралар кешенін іске асыру арқылы жетуге болады.
Бүгінде туберкулезбен ауыратындар мен өлім жағдайына жететіндер саны азайды дегенімізбен, бұл мәселе әлі өткір жағдайда тұр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық есептеулері бойынша 100 мың тұрғынның 50-і туберкулез дертіне шалдыққандар екендігі анықталған. Ал Қазақстан Республикасында соңғы жылдары туберкулез ауруымен тіркелгендердің көрсеткіші 2-3 есеге жоғары болып отыр. Өкінішке орай Қазақстан туберкулез дерті бойынша ТМД және Еуропа елдері арасында алдыңғы орында тұр.
Экологиялық жағдайдың нашарлауы, көші-қон процестері, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, өткен жылдардағы денсаулық сақтау саласының жеткілікті қаржыланды-рылмауы, соның ішінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың толық жүргізілмеуі елдегі эпиде-миологиялық жағдайдың әлдеқайда нашарлауына алып келді. Егер бұрын негізінен туберкулезбен әлеуметтік жағдайы төмен адамдар көбірек ауыратын болса, енді қазір ауқатты адамдардың да осы дертке шалдығатыны анықталып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда туберкулезге қарсы іс-шаралардың барлық деңгейде кешенді түрде орындалуы талап етілетіні сөзсіз.
Бұл сауалды жасауыма Алматы облысының сайлаушыларының бірнеше мәрте жасаған өтініштері себепші болып отыр. Анықтап айтар болсам, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қаракестек ауылындағы туберкулез ауруханасы 1932 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қамыстан өрілген ғимарат бүгінде апатты жағдайда тұр. Төбесінен су тамшылап, қабырғалары қақырап, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтары таттанып кеткен, ем-шара жасайтын кабинеттері санитарлық тәртіп пен ережелер талаптарына сай емес. Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірге барған сапарында аталған аурухананы барып көрдік, оның апатты жағдайда тұрғанын анық байқадық.
Бұл ғимарат күрделі жөндеуге де жатпайды. Жаңа заманға лайықты 70 орындық аудандық аурухана кешенін салу қажет. Бірнеше жыл бойы облыс басшылары республикалық бюджеттен жаңа құрылысқа қаржы бөлу мәселесін қойып келеді. Өйткені жергілікті бюджеттің кірісі бұл мәселені қамтамасыз ете алмайды. Жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттары да, техникалық-экономикалық негіздемесі де дайын.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Сізден осы өтінішке назар аударып, Республикалық бюджет комиссиясының отырысында Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қаракестек ауылындағы туберкулез ауруханасының құрылысын қаржыландыру мәселесін қарап, аталған құрылыс нысанын 2012-2014 жылдарға арналған басымдық берілген инвестициялық жобалар тізімі бойынша салу үшін шығыстар көзделуіне ықпал етуіңізді сұраймын».
Қазақстан туберкулез дерті бойынша
ТМД және Еуропа елдері арасында алдыңғы орында тұр
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Қазақстан туберкулез дерті бойынша ТМД және Еуропа елдері арасында алдыңғы орында тұр.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Динар Нөкетаева осылай мәлім етті.
«2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарының бірі денсаулық сақтау саласында 2015 жылға қарай еліміздегі туберкулез ауруын 10 пайызға, 2020 жылға қарай 20 пайызға дейін төмендету міндеті қойылған. Бұл мақсатқа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын салу және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, мамандар дайындау мен салауатты өмір салтын ұстану бағытында мемлекеттік шаралар кешенін іске асыру арқылы жетуге болады. Өйткені, бүгінгі күні туберкулезбен ауыратындар саны азайды дегенімізбен, бұл мәселе әлі өткір жағдайда тұр», - дейді депутат. Оның сөзіне қарағанда, елімізде соңғы жылдары туберкулез ауруымен тіркелгендердің көрсеткіші біршама жоғары болып отыр. Өкінішке орай Қазақстан туберкулез дерті бойынша ТМД және Еуропа елдері арасында алдыңғы орында тұр.
«Экологиялық жағдайдың нашарлауы, көші-қон процестері, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, өткен жылдардағы денсаулық сақтау саласының жеткілікті қаржыланды-рылмауы, соның ішінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың толық жүргізілмеуі елдегі эпидемио-логиялық жағдайдың әлдеқайда нашарлауына алып келді. Егер бұрын негізінен туберкулезбен әлеуметтік жағдайы төмен адамдар көбірек ауыратын болса, енді қазір ауқатты адамдардың да осы дертке шалдығатыны анықталып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда туберкулезге қарсы іс-шара-лардың барлық деңгейде кешенді түрде орындалуы талап етілетіні сөзсіз», - деді Д. Нөкетаева. Бұдан бөлек, депутат Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қаракестек ауылында 1932 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан туберкулез ауруханасының бүгінгі ахуалына тоқтала келе, нысанның қай қырының да заман талабына сай еместігін атап өтті. «Бұл ғимарат күрделі жөндеуге де жатпайды. Жаңа заманға лайықты 70 орындық аудандық аурухана кешенін салу қажет», - деді ол.
/«Егемен Қазақстан», 21.05.2011 ж., Мәжіліс депутаты Д. Нөкетаева/ - «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарының бірі денсаулық сақтау саласында 2015 жылға қарай еліміздегі туберкулез ауруын 10 пайызға, 2020 жылға қарай 20 пайызға дейін төмендету міндеті қойылған. Бұл мақсатқа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын салу және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, мамандар дайындау мен саламатты өмір салтын ұстану бағытында мемлекеттік шаралар кешенін іске асыру арқылы жетуге болады.
Бүгінде туберкулезбен ауыратындар мен өлім жағдайына жететіндер саны азайды дегенімізбен, бұл мәселе әлі өткір жағдайда тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық есептеулері бойынша, 100 мың тұрғынның 50-і туберкулез дертіне шалдыққандар екендігі анықталған. Ал Қазақстан Республикасында соңғы жылдары туберкулез ауруымен тіркелгендердің көрсеткіші 2-3 есеге жоғары болып отыр. Өкінішке қарай, Қазақстан туберкулез дерті бойынша ТМД және Еуропа елдері арасында алдыңғы орында тұр.
Экологиялық жағдайдың нашарлауы, көші-қон үдерістері, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, өткен жылдардағы денсаулық сақтау саласының жеткілікті қаржыландырылмауы, соның ішінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың толық жүргізілмеуі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың әлдеқайда нашарлауына алып келді. Егер бұрын негізінен туберкулезбен әлеуметтік жағдайы төмен адамдар көбірек ауыратын болса, енді қазір ауқатты адамдардың да осы дертке шалдығатыны анықталып отыр. Сондықтан, бүгінгі таңда туберкулезге қарсы іс-шаралардың барлық деңгейде кешенді түрде орындалуы талап етілетіні сөзсіз.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылындағы туберкулез ауруханасы 1932 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қамыстан өрілген ғимарат бүгінде апатты жағдайда тұр. Төбесінен су тамшылап, қабырғалары қақырап, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтары таттанып кеткен, ем-шара жасайтын кабинеттері санитарлық тәртіп пен ережелер талаптарына сай емес. Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірге барған сапарында аталған аурухананы барып көрдік, оның апатты жағдайда тұрғанын анық байқадық.
Бұл ғимарат күрделі жөндеуге де жатпайды. Жаңа заманға лайықты 70 орындық аудандық аурухана кешенін салу қажет. Бірнеше жыл бойы облыс басшылары республикалық бюджеттен жаңа құрылысқа қаржы бөлу мәселесін қойып келеді. Өйткені, жергілікті бюджеттің кірісі бұл мәселені қамтамасыз ете алмайды. Жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттары да, техникалық-экономикалық негіздемесі де дайын.
Енді ел Үкіметі Республикалық бюджет комиссиясының отырысында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылындағы туберкулез ауруханасының құрылысын қаржыландыру мәселесін қарап, аталған құрылыс нысанын 2012-2014 жылдарға арналған басымдық берілген инвестициялық жобалар тізімі бойынша салу үшін шығыстар көзделуіне ықпал етсе, нұр үстіне нұр болар еді.
***
Кеше Сенат Төрағасының орынбасары М.Көпеевтің қатысуымен «Қоршаған ортаға эмиссиядан түсетін қаражатты өңірлік деңгейде тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасын
тірілте алмай отырмыз
/«Алаш айнасы» газеті, 19.05.2011 ж., А. Исәділ/ - Жуырда Мәжіліс отырысында Еуропа мойындаған Мұстафаны қазақтың өзі де жоғары дәрежеде ұлықтауы тиістігі көтеріліп, депутат Шалатай Мырзахметов сауал жолдаған еді. Осыған орай, Түркиядағы шоқайтанушы ғалым бауырымыз, Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қара өз ойын білдіріп, редакцияға үлкен хат жолдаған екен. Осы орайда біз түркиялық қаламгер, ғалым бауырымыздың кейбір пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.
Азаппен келген азаттық
Қазақстан Тәуелсіздікке және 20 жылдыққа оңай келген жоқ. Бұл – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған, азаппен келген Азаттығы. Осы үрдісте болған қиыншылықтарды әрдайым еске алып отырмасақ, Тәуелсіздіктің, бүгінгі қол жеткен жетістіктердің қадір-қасиетін біле алмай қалуымыз мүмкін. Сол үшін 20 жылдықты жан-жақты және әділ өткізуіміз қажет. Тарихшы ретінде осы атап өтулерде тарихи оқиғалар мен тұлғаларға басты орын беріледі деп сенемін. Қазақстанның Тәуелсіздік тарихын басты екі кезеңге бөліп қарауға болады: Қазақстан Тәуелсіздік алғанға дейін және Тәуелсіздіктен кейін. Мұның біріншісі бізге Тәуелсіздіктің оңай келмегенін көрсетеді. Ресей патшалығымен Кеңес Одағы кезінде қазақ халқының Тәуелсіздік арманына жету үшін жанқиярлықпен жасаған ерліктерін ортаға салады. Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Мұстафа Шоқай, Желтоқсан құрбандары, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сынды қазақ арыстарының өмір жолдары, күрестерін жан-жақты ортаға салып, халқымызға, жастарға, тіпті бүкіл әлемге таныстыратын іс-шаралар өткізілгені дұрыс. Өйткені бұл әлемдегі қазақтар және өзге Орталық Азия халықтары Кеңес Одағы өздігінен шаңырағы опырылып құлағаннан кейін Тәуелсіздікке оп-оңай қол жеткізді, олар Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымды білетін өркениетті халықтар емес деген пікірлерге тойтарыс болар еді. Осындай жаңсақ пікір болғаны үшін оларды айыптауға да болмайды. Өйткені халқымыздың Тәуелсіздік жолындағы күрестерін алдымен өзіміз әлемге жария етіп танытпасақ, өзгелерге қазақ халқының тарихын дұрыс білмегені үшін қалай сын айта аламыз? Міне, осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік академиясын құру идеясы өте маңызды. Бұл академия, өздеріңізге белгілі, түрік халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп, әлемге таныстыруды мақсат етеді.
Башқұрлардан да үйренеріміз бар
Еліміздің Тәуелсіздігіне дейінгі кезеңде халқының жарқын келешегі үшін аянбай күрес жүргізген тарихи тұлғалар жайында жіпке тізіп айта берсек, түбірін талдап тауыса алмаспыз. Дегенмен әрбір кезеңнің символдық маңызды тұлғасы болады. Осы кезеңнің де символ тұлғасының бірі Мұстафа Шоқай болса керек. Сондықтан басқа Тәуелсіздік қайраткерлерінің арасында 20 жылдықта Мұстафа Шоқайға ерекше орын беріп, Қазақстанда және әлем елдерінде таныстыратын іс-шаралардың өткені дұрыс. Сонымен қатар Қазақстанның 20 жылдық іс-шараларына бүкіл әлемнің зер салып мұқият қарап отырғандарын еске сақтау керек. Бұл шаралар Қазақстан халқының Тәуелсіздік ұғымы турасындағы түсінігінің қандай екендігі туралы сыр шертеді. Осы орайда Башқұрдстанның Зәки Уәлиди тұлғасын асқақтатудағы әділдігі еске түседі. Өздеріңізге белгілі, Зәки мен Мұстафа өз елдерінің Кеңес Одағынан Тәуелсіздік алу жолындағы күресінде үзеңгілес болған. Екеуі де Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейханның ұстаздығында саясатқа тәрбиеленген. Екеуі де Еуропа елдерінде Кеңес Одағына қарсы идеялық күрес жүргізген. Екеуі де 1890 жылы туған. Өткен жылы Зәки Уәлидидің туғанына 120 жыл толуына байланысты Башкұрдстанда, Түркияда және басқа да әлем елдерінде бірқатар іс-шаралар өткізілген. Осы іс-шаралардың бірқатарын Анкарадағы ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастырды. Бірақ ұйымның Қазақстандағы тарапын Мұстафа Шоқайдың 120 жылдығы туралы 2010 жылы тұшымды іс-шара өткізбегенін қалай түсінуге болады? Башқұрдстан Ресей құрамында автономиялы мемлекет ретінде өзінің белгілі тарихи тұлғасына мұражай ашып, әлем елдерінде іс-шаралар өткізіп отырғанда, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өзінің тарихи тұлғасына бейжай қарауы түркі әлемін біраз «таңғалдырды» десек те болады. Кеңес Одағы ыдырағаннан бастап башқұрлар осы біртуар арысы Уәлидидің тарихи тұлғасына жоғары мән берген. Оның әлемдегі шашырап жатқан мұралары жинақталып, Уфа қаласында ашылған мұражайға орналастырылған. Сондықтан депутаттардың Астанада Мұстафа Шоқай атында мұражай ашу талабы өте орынды. Сөйтіп, оның әлемде жеке адамдардың қолында шашырап жатқан мұраларын жинақтауға мүмкіншілік болар еді. Тіпті сол мұражайды «Мұстафа Шоқай. Қазақстан Тәуелсіздік мұражайы» деп ат қойып, Мұстафа Шоқаймен бірге Қазақстан Тәуелсіздігіне қызмет еткен бүкіл арысымыз туралы деректер, мұралар және мәліметтерді сонда жинастыруға болар еді. Бұл жас ұрпақтың және шетелдіктердің қазақ халқының қасиетті Тәуелсіздік үшін күрес тарихын нақты көріп-білуіне қызмет етер еді.
Тәуелсіздігімізді тарихи тұлғаларымызды дәріптеу арқылы сақтап қала аламыз
Қалай айтсақ та, Тәуелсіздік тарихымыздың арғы-бергі кезеңдерінің қай-қайсысы болсын қазақ қоғамы үшін өте маңызды. Бірінші кезеңде аталып өткен ұлы тарихи тұлғалар қол жеткізе алмаған Тәуелсіздік арманына осы кезеңде қол жеткізілді. Міне, мұның өзі 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстанның Тәуелсіздік декларациясының маңыздылығын аша түсетіні анық. Сол кездегі Қазақстанның Тәуелсіздігі турасындағы әлемдік реакцияларға қарағанымызда, Қазақстанның болашағы үшін аса пессимистік пікірлердің айтылғанын көреміз. Мәселен, Колгейт университетінің профессоры, Сыртқы саясат зерттеулер институтының қызметкері және «Қазақтар» атты монографиялық еңбектің авторы Марта Брил Олкот былай деген еді: «...Орталық Азия халықтарына тән қасиеттің бірі – олардың Кеңес Одағының ыдырауынан бұрын Тәуелсіздік үшін ашықтан-ашық ұмтылыс пен талпыныс жасағанын көрмейсіз. Аталмыш аймақ халықтарының бостандық үшін күрес жүргізбеулері олардың Тәуелсіздікті қаламағандықтарынан емес. Дей тұрғанменен де олар тәуелсіз ел болу мүмкіндіктерінің бар екеніне сенген жоқ». Осылайша пікір өрбіткен бірқатар шетел сарапшылары Қазақстанның жарқын болашағына күмән келтірген болатын. Мұндай пікірлерді айта берсек таусылмайды. Бірақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан бүгінгі дамыған 50 елдің қатарына шығып отыр. Бұл осыдан 20 жыл бұрын болжам ретінде айтылса, адам сенгісіз жағдай болар еді. Жалпы айтқанда, Қазақстан мемлекетті қалыптастыру мен халықаралық қатынастарда осыдан 20 жыл бұрын ең оптимистік саяси сарапшының өзі болжай алмаған ірі жұмыстарды атқарды. Президентті ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде Нарғыз Иманғазы деген астаналық бүлдіршін ақын қыздың мына сөздерін келтірген еді:
Тәуелсіздік, атың қандай киелі!
Сені қорғау – әр қазақтың парызы,
Әр қазақтың сен деп соғар жүрегі!
Тәуелсіздік – қандай ғажап бұл ұғым!
Осы бір қаршадай қыздың айтқанындай, Тәуелсіздік дегеніміз – аса киелі ұғым. Оны қорғау – бүкіл қазақтың парызы. Сондықтан қазақ халқының санасына осы киелі ұғым мен міндетті сіңіру үшін Тәуелсіздікке еңбек еткен арыстарымызды бағалай білуіміз керек. Осы орайда Мәжілісте бастама көтерген Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутатқа алғысымды айтамын. Бұл бастамаға билік пен зиялы қауым тарапынан оңды жауап беріледі деген сенімдемін.
Сөз соңында: 1941 жылы 27 желтоқсан күні дүние салған Мұстафа Шоқай енді тірілмейді. Бірақ Кеңес Одағы кезінде қазақ халқын құл қылып бодандықта ұстауға бағытталған мақсаттармен күрескен Мұстафадай маңызды тұлғалардың атына қара күйе жағылғаны аян. Әйтсе де біз әлі де талай Алаш арыстарының аяулы есімдерін қайта тірілтіп, ұлтқа болысатын істерін жандандыра алмай отырғанымыз өкінішті. Қазақстанның айтулы мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында Мұстафа Шоқайдың дүниеден қайтқанына 70 жыл толып отырғанда, рухының туған халқымен қайта қауышуына жағдай жасалса, нұр үстіне нұр болмақ. Өйткені тарихи тұлғаларымызды дәріптеу арқылы Тәуелсіздікті сақтап қала алатынымызды ұрпаққа сіңіруіміз қажет. Елдігімізді ел болып ойласайық, бауырлар!
/«Егемен Қазақстан», 21.05.2011 ж., Мәжіліс депутаты Ш. Мырзахметов/ - Соңғы уақыттары қоғамда көп талқыланып, айтылып жүрген әңгіме Мұстафа Шоқайға қатысты десек, қателеспейтініміз анық. Оған Қазақстан ғана емес, шет мемлекеттердің көрсетіп жатқан құрметтеріне ендігі кезде құлақ үйреніп қалды.
Бір өкініштісі, шет мемлекеттердің көрсетіп жатқан құрметтеріне халық болып қуана алмай, жеке-дара мемлекет ретінде алғысымызды айта алмай отырмыз. Тіпті Ресей тарапы 2008 жылы М.Шоқайды Санкт-Петербург қаласының мәдениеті, ғылымы және өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Петербург тұлғасы» атты медальмен марапаттағанын енді ғана естіп, біліп отырмыз. Өткен жылы арысымыздың құрметіне Париж қаласында саябақ ашылып, мүсіні қойылғанда да қатты қуана алған жоқпыз. Франциядағы М.Шоқай атындағы француз-қазақ қоғамы болса ескерткішін салып, кино түсіру ниеттерін білдірді. Қысқасы, бәрін жіпке тізер болсақ, ұзаққа кетеміз. Бір сөзбен айтқанда, М.Шоқайға Еуропа елдері жүрген-тұрған жерлерінің бәріне ескерткіш-тақта орнатып, өз тілдерінде кітаптарын шығарып, еске алу шараларын, конференциялар өткізіп, барлық құрметтерін көрсетуде аянбауда. Біле білгенге қазақтың ешбір тұлғасы Еуропада мұндай құрмет көрмеді. Еуропада тұңғыш рет қазақтың тұлғасына мүсін орнатылуының өзі неге тұрады?!
Ал біздегі жағдайға келсек, Алматы қаласынан бір мектептің атын береміз деген шешім шыққанына екі жыл өтсе де, орындалмай отырғаны таңғалдырады. Неге М.Шоқайға бір мектептің атын осынша күттіріп қоямыз?
Осы күнге дейін: «М.Шоқай кім?» дегенге елімізде нақты жауап жоқ. Әлемге үкімін жүргізген Түрік қағанаты тектес түркі халықтарының бірлігін көздеген Түркістан идеясынан әлемдік алып державалар зәредей қорыққан. Тіпті Кеңес өкіметі кезінде оның атын атаудың өзіне тыйым салынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. М.Шоқайға әлі баға бере алмағанымызға қарағанда, бұл идеядан қорқыныш әлі де сейілмегендігін байқаймыз. Түркістан деген ұлы мақсатты мұрат еткенімен, әрбір түркі мемлекетінің жеке тәуелсіз ел болғанын қалаған. Ортақ одақ құруды көздемеген.
М.Шоқайдың ұлылығы сонда, ол ұстанған позициясынан ешқашан ауытқып көрмеген. Большевиктердің ниетін түсінгендіктен, о бастан-ақ Кеңес өкіметін мойындамады. М.Шоқай тәуелсіз Түркістанның азаматы болды және сол азаматтығын өмірінің соңына дейін қорғап, күресті.
Жеті-сегіз тілді еркін меңгергендіктен, Париж, Лондон, Варшава, т.б. сияқты қалаларда баяндамалар жасап, сол уақыттағы АҚШ-тан бастап Батыс Еуропа елдерінің басты басылымдарында сауатты еңбектері жарияланып, әлемдік ауқымдағы саясатқа баға беріп отырды. Еуропа елдерін айтпағанның өзінде Американың беделді университеттерінде бірнеше қайтара еңбегі жарияланды (Кембридж, 1957, 1964 жж., Беркли, 1960 ж., Оксфорд, 1986 ж.,). Ресей Ғылым академиясының «Шетелдегi орыстардың қоғамдық ой-пiкiрлерi» атты энциклопедиясында қазақтардан тек М.Шоқайға ғана мақалалар арналған. Осы арада ерекше атап өтерлік мәселе, оның әлемдік ауқымдағы саясаткер екендігі мойындалып, Лондондағы әлемнің озық ойлылары ғана баяндама жасайтын халықаралық істер бойынша Корольдік институтында 1933 жылы 27 наурызда баяндама жасауы. Осы аталған іс-әрекеттерінің бәрінде Түркістанды әлемге танытуға тырысып қана қоймай, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалады.
Қазақтардың ғана емес, түркі-мұсылман халықтарының да мұң-мұқтажын жоқтап, күрескен жеке-дара қайраткер ретінде туысқан халықтар арасында қандай құрметке болса да лайық. Қазақ тарихында ғана емес, әлем тарихында ізін қалдырған осындай дара тұлғаны тудырған қазақ халқы да бақытты. Тек осындай бақытымызды бағалай білуіміз керек. Сондықтан тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай тәуелсіздікпен мағыналас болып кеткен М.Шоқай тұлғасын асқақтату мақсатында ел Үкіметі біраз жұмыс атқаруы тиіс деп білеміз. Мәселен, солардың бір-екеуін атасақ, Алматыдағы бір мектепке жеделдетіп есімін беру, әлемде шашылып жатқан мұраларын жинап, мұражай ашу керек. Мысалға, түркиялық азамат Тимур Коджаоғлыда М.Шоқайдың паспорты бар, Париж қаласындағы Әлім Алмат деген азаматта жазба машинкасы, хаттары, естеліктері, суреттері, түркиялық Ахат Андижанда суреттері мен хаттары, Музаффер Акчорада хаттары бар. Осы азаматтардың бәрі жеке қолға бермейміз, мұражайы ашылса береміз деп отыр. Сондай-ақ, Париждегі Шығыс тілдері және өркениеттері институтында М.Шоқайдың жеке мұрағаты тұр. Астанада ескерткіші қойылса, тіптен ғанибет…
/«Алтын орда» газеті, 20.05.2011 ж./ - Парламент депутаттары күріш шаруашылығын дамыту мәселесін Үкіметтің алдына сан қайта қойғанмен, қозғалыс жоқ. Сенат депутаты Бақберген Досманбетов мәселеге басқа қырынан келіп, Премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдады.
Сыр бойы диқандары қатал табиғаттың тосын мінезімен алысып, егін егіп, жыл бойғы нәпақасын ақ күріштен айырып отырған ел. Сонау Кеңес кезеңінің алғашқы жылдарынан бастап күріш егуді кәсіп еткен Қызылорда облысы КСРО-дағы күріштің төрттен бірін өндіріп, «ақ маржан фабрикасына» айналды.
Облыстағы 1980-1990 жылдардағы егіс көлемі қазір әлдеқайда қысқарды. Гербицид пен пестицид, тағы басқа органикалық емес тыңайтқыштарды көбірек пайдалану салдарынан инженерлік жүйеге келтірілген алқаптар азып, сортаңданып, айналымнан шығып жатыр.
Күрішші ауылдың перзенті ретінде айтарымыз, Сыр бойында күрішсіз өмір жоқ! Қайбір жылдары Жаңақорған ауданында мақта егісін қолға алып еді, жерсінбеді ме, әлде «ақ алтынның» кеш пісетіндігі мен бұл жақта қыстың ерте түсетіндігі әсер етті ме, қозаның қауашағындағы ұлпа қапқа толмай қалды.
Мұның бәрін айтып отырғанымыз, Сыр бойының брендіне айналған күріш шаруашылығына қауіп төніп тұр. Ол – су тапшылығы.
Кеңес дәуірінде дария жағалауларына елді мекендерді жоспарсыз жақын орналастырып, әр тұсынан буып, бөгет салудың салдарынан көктемгі абыржу кезінде Сыр сыртына сыймай, қызылордалықтарға біраз қиындықтар туғызды.
Бірақ бұл жаңалық емес. Сырдария атам заманнан бері көктем айларында осылай тасып, жаз шыға осылай жасып қалатын. Тасу кезеңдерінде мол су өңірдің қойын-қолтығындағы көлдер мен ойпаттарға жығылып, тақыр жерден телегей жасап, шалқып жататын. Іңкәрдария, Қалғандария, Қуаңдария тарамдары арқылы шеткі ауылдарға нәр барып, шөлейтті аймақтың өн бойы жасыл желекке оранушы еді.
Ақ маржансыз Сыр бойының бүгінін де, келешегін де көзге елестету мүмкін емес. Қызылордалықтар үшін күн көрудің көзінің бірі – күріш өсіру.
Арал теңізінің тағдырын ойлаған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу» және «САРАТС жобасының екінші кезеңі» халықаралық жобаларының жүзеге асырылуы барысында, осыдан бес жыл бұрын «Көксарай» су реттегіші» жобасы өмірге келді. Осыған байланысты, Үкімет қаулы қабылдап, миллиардтаған қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Елбасының тікелей қамқорлығымен қарқын алып жатқан Кіші Аралды қалпына келтіру жобасына көлденең киліккен «Көксарай» нұсқасына Сыр жұртшылығы, оның ішінде Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары алғашқыда алаң білдіріп, қоғамдық пікір туғызды. Жоба бойынша көктем айларында дарияда тасқын тудырып, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының жағалаудағы елді мекендерін шайып өтетін мол су енді суреттегішке жинақталып, тосын оқиғалардың қаупін сейілтеді. Сондай-ақ, Өзбекстанның Арнасайына есепсіз, еселеп ағатын ағынға тосқауыл қояды. Ең бастысы 3 миллиард текшеметр мөлшеріндегі су қыс бойғы қалың қар мен мұздақтар еріп бітіп, дария бұрынғы қалпына түскен тұста, арнаға қайта жіберіліп, егіншілік пен жайылымдықтарды өркендетуге, флора мен фаунаны молайтуға жұмсалады. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қызмет ететін «Көксарай» жобасын Сыр бойы қызу қолдап, үміт етті. Бірақ жиналған су дарияға қайта түспей қала ма деген пендешілік күдік те түрткілеген еді.
Биылғы жылы сол күдігіміз расқа шығып отырғандай. Алдымен Ауыл шаруашылығы министрлігінен су тапшылығына байланысты Сыр өңіріндегі суды 40 пайызға қысқарту жөнінде хабар жетті. Онсыз да қысқарып жеткен егінді одан әрі қысқартсақ, күн көріп отырған шаруамыз не болады?
Екіншіден, міне, мамыр айының жүзі ауып барады, «Көксарайдан» дарияға бір тамшы да су тамған жоқ. Ұлы өзеннің ұйығы көрініп, суға сусаған егінші қауым ұлардай шулап жатыр. Мезгілінде алмаған соң, маусымда жеткен судың күріш алқаптарына ешқандай пайдасы жоқ. «Судың да сұрауы бар» екенін министрліктегілер білмесе де, тамшыдан талғажау айырып жүрген Сыр диқандары біледі.
Үшіншіден, «Көксарайдағы» су қоры дер кезінде дарияға жібермегендіктен, қазіргі күннің ыстықтығы +30 градустан түспей тұрғанда буланып, ысырапқа айналып жатыр.
Елбасы «Сыр – Алаштың анасы» деп ардақтаған аймақтағы қолдан жасалған қиындықтар, оның ішінде су тапшылығы жұртты қатты алаңдатуда.
Сенатор мәселеге Үкімет басшысының өзінің араласуын сұрайды. Бұл әпербақандықпен шешім жасайтын мәселе емес. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі ұшқары шешімдерін орнына қоймаса, Сырдан ырыс кетеді. Сырдың ырысы – ел ырысы. Уақыт таяу. Үкіметтің де баяу қимылдамай, мәселені орына қоюы өте маңызды.
/«Алтын орда» газеті, 20.05.2011 ж./ - Оқулықтардың сапасының төмендігі туралы қақсағанмен, одан әзірге нәтиже жоқ. Мәселені түзетудің бір айтуы жетпей тұр деді ме, Сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов осы проблемаға тағы да оралып, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке сауалмен шығып былай деді:
«Тәуелсіз мемлекеттігімізге 20 жыл болып, бір ұрпақ өсіп шықса да біздің Үкіметтің уақыт сұранысына жеткізе алмай жүрген аса маңызды мәселесі – мектеп оқушыларына арналған оқулықтар сапасы. Бұл туралы 20 жыл бойына дамылсыз айтылып келеді. Жай айтылып жүрген жоқ, қоғам, ата-аналар тарапынан, БАҚ-да қатаң сын талдауымен толассыз көтеріліп келеді.
Әсіресе, бастауыш кластарға арналған танымдық оқулықтар, орта, жоғары кластарға арналған тарих, әдебиет, дүниетаным тағы басқа оқулықтар мазмұны жағынан бала, жасөспірім өскін үшін түсініксіз, тартымсыз, дарынсыз жазылғаны туралы шағым, арыздар да жеткілікті. Олардың көпшілігі баланы оқуға ынталандырмайды, қызықтырмайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев алдағы 20 жылға стратегиялық дамуымыздың негізгі бағыттарын белгілеп берді. Сол бағыттардың талабына бүгінгі оқулықтар сай келе ме?
Оған нақты сараптама жасалды ма? «Назарбаев-Университеті» де Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің жаңа бағдарламалары оқулықтармен толық жасақталды ма?
Елбасы, сондай-ақ, болашақ ұрпақты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытуды міндеттеді. Сол оқулықтардың мазмұны қандай?
Бір ғана мысал келтірейін. Еліміздің мектептеріне ұсынылған 6-сыныпқа арналған Ағылшын тілі оқулығын көріңіз. Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Атамұра» баспасынан 2006 жылы шыққан «English» оқулығы, авторлары Т.Аяпова, З.Әбілдаева. Осы оқулық ішінде Ресейге тән мысалдар – адам, жер аттары қаптап жүр. Ең қиянаты «Болашақ» деген тарауда, 121 бетте Еуропа, Азия, Африка картасы берілген. Онда Қазақстан атымен жоқ. Ресейдің құрамына кіріп кеткен. Осындай оқулықты министрлік екінші басылыммен таратқан. Бұл не? Кітап авторлары мұндай картаны қай ғасырдан алған? Немесе министрліктің біліксіздігі, білімсіздігі ме? Қолжазбаны қабылдауға немқұрайлылық па? Жоқ әлде, болашаққа жастарды осылай өз Отанынсыз дайындау ма?
Мұндай оспадарлық үшін кім жауап беруі тиіс?
Осы жағдайларды ескере отырып, Үкімет Президент Жолдауына сәйкес арнайы «Оқулық» атты жаңа бағдарлама жасауы орынды болар еді. Барлық оқулықтар түгелдей дерлік өте жоғары дәрежедегі мамандар топтарының сараптамасынан өтуі тиіс. Оқулықтарға байланысты тендерлер түгелдей арнайы бақылауға алынуы қажет.
Оқулық жазатын адамдар шығармашылық топтарға ұйымдастырылып, арнайы аттестациядан өткізілуі тиіс. Олар, әсіресе, гуманитарлық, адамның рухани санасы мен дүниетанымын қалыптастырып, сондай-ақ жаңа технологияларға жол ашатын пәндерді қатаң сараптама сүзгісінен өткізіп, Президент айтқан «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауына бейімдеу ісін жүзеге асыру, меніңше, кезек күттірмес мемлекеттік маңызды міндет.
Сауал жолданды. Үкімет «баламыздың сапасыз оқулықпен білім алғанына 20 жыл болды, тағы бір 20 жыл оқыса, несі бар», демей, бұл қателікті түзету өте маңызды екенін түсініп, білек сыбанып кіріссе, құба-құп.
/«Алтын орда» газеті, 20.05.2011 ж./ - Сенатор Қожахмет Баймаханов ауыл шаруашылы-ғы саласына инвестиция тартымдылығын көтеру мақсатында Премьер-министр Кәрім Мәсімовке Салық кодексіне депутаттық сауал жолдады.
«Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 448-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар арнаулы салық режимін дербес таңдауға құқылы. Корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салық, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібі көзделген.
Алайда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 448- бабының 3- тармағының 3) және 4) тармақшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаны және құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексті күшіне енгізу туралы» заңының 9-1-бабының негізінде Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 448-бабының 3- тармағының 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған.
Осыған орай көптеген ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар арнаулы салық режимін қолданып келген.
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 448-бабының 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес, басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар арнаулы салық режимінің жеңілдіктері мен мүмкіншілігінен айырылып отыр. Атап айтқанда, арнаулы салық режимін қолдану негізінде отандық инвесторларды ынталандыру үшін ауыл шаруашылығы өндірісіне инвестицияға тартуға.
Басқа заңды тұлғалардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің арнаулы салық режимі қызметін тоқтату ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартымдылығын төмендетіп, бұл өз кезегінде ауыл шаруашылық өндірісі инвестициялық көлемінің қысқаруына жетелеуі мүмкін».
Сенатор осыған байланысты ауыл шаруашылық өндірісінің инвестициялық ахуалын және тартымдылығын арттыру мақсатында Үкімет басшысынан Салық кодексінің 448-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларын алып тастау жөнінде тапсырма беруді сұрайды.
Қазақстанның заңдары қабылданар, қабылданбастан өзгеріске ұшырап, түрленіп жатады. Сол сияқты Салық кодексі де қабылданғаннан бері сан мәрте өзгеріп, толықтырылды. Үкімет көңіліне жақпағанын алып тастайды, немесе көңілінде жүргенді қосады. Енді сенатордың сауалына орай өзгеріс жасалса, дұрыс болар еді.
/«Ел» газеті, 17.05.2011 ж., Г. Нұрқабыл/ - Бала тәрбиесі, оның қоғамдағы рөлі мен оның бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, оның қоғамға жат қылықтармен айналыспауы үшін қазіргі күні мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері тарапынан елеулі жұмыстар атқаралып жатыр. Дегенмен, бала тәрбиесінде әлі де шексіз проблемалар асып жатыр. Оларды дер кезінде шешпесек, оның арты сан соқтырар нәтижелерге алып келетініні бүгінде тәжірибе көрсетіп отыр.
БАҚ-тағы жаңалықтардан қылмыс жасағандар, біреуді өлтіргендер, тонағандар, ұрлық жасағандар арасында өзіміздің қаракөз балаларымыздың көптеп саналатынын жиі естиміз. Бұл мәселемен отбасы деңгейінде айналысу, оны шешуге тырысып бағудың күткендей нәтиже бермей жатқанын да уақыт көрсетіп отыр. Оған қоғам болып, билік басындағылармен жұмыла атбасын бұрмасақ, оның кең белең алып кететіні сөзсіз.
Осы айтылған проблемалардың ішінде қазіргі күні кең белең алып отырғаны, балалардың құмар ойындары бойынша интернет-клубтары, заңсыз лотереялар мен спорттық покер ұйымдастырушы мекемелерді айналшықтап кетуінде.
Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша заңнама жетілдіріліп, елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынды және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкер-шілігі күшейтілді. Дегенмен, қағаз жүзінде солай болғанымен, жеме-жемге келгенде жағдай басқаша болып отыр. Оны біз, мектеп мұғалімдері бай-қап та жүрміз.
Біздің мектепке таяу жерде «Жібек Жолы» деген сауда орны бар, оның жертөлесінде «Пирамида» деген бильярд клубы орналасқан. Ал бильярдқа барар жолда, компьютерлік ойындар. Қазіргі кезде ақшаға компьютер ойындарын ұйымдастыруға тыйым салынғанымен, осы келеңсіздіктің бұл жерде кеңінен белең алып отырғанын ол жерге бас сұққан адам бірден байқайды. Кей кездері олардың арасында мектептен кейін оқушылар да табылып қалатыны өкінішті.
Осы мәселе Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновті де толғандырған сыңайлы. Өткен апталардың бірінде ол Парламент отырысында құмар ойындары бойынша интернет-клубтары, заңсыз лотереялар мен спорттық покер ұйымдастырушы мекемелерді тексеру жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен Туризм және спорт министріне жолдан-ған депутаттық сауалын жолдаған болатын. Онда депутат: «Менің атыма Қызылорда қаласының тұрғындарынан арыз-шағым, жанайқай хаты түсті. Бұл хатта Қызылорда қаласының ата-аналары балаларының тағдыры үшін алаңдауда. Олардың мәліметінше, кейбір айлакер-кәсіпкерлер «интернет-клубтардың» атын бүркеніп, елді мекендерде балалардың арасында нақты ақшаға интернет арқылы «on-line» құмар ойындарын ұйымдастыруда.
Құмар ойындар ойнатылатын осы көлеңкелі бизнестің өкілдері бұл мәселенің қаншалықты өзекті екендігін түсініп отырған жоқ. Керісінше, заңға қайшы әрекеттерге барып, жастардың санасын бұрыс бағытқа итермелеп отыр…
Бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы бо-йынша интернет-клубтардың, спорттық покерді ұйымдастырушы мекемелердің қызметін тексеруді және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауды сұраймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында спорттық покерді жабу жөнінде Бас прокуратура мен Туризм және спорт министрлігінің позицияларын білдіруді сұраймыз», – депті.
Шынында да, балалардың компьютер ойындарымен әуестігі, онда ақшаларын салып, құмарлыққа беруі қоғамның көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Егер осы депутат мырзаның сауалы аяқсыз қалмай, дер кезінде шара қолданылса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ
ЕурАзЭҚ ПАА-ға төрағалық ету міндеті
Беларусь елінен Қазақстанға табыс етілді
/«Parlam.kz», 16.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - 15 мамыр күні Санкт-Петербор қаласында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына төрағалық ету міндеті Беларусь елінен Қазақстанға табыс етілді.
Айта кету керек, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петерборда мамырдың 14-і мен 17-сі аралығында өтіп жатқан ТМД елдері және ЕурАзЭҚ ПАА және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) аясындағы шараларға қатысуда.
14 мамыр, сенбі күні, Қазақстан парламентшілері ЕурАзЭҚ ПАА-ның тұрақты комиссияларының отырыстарына, 15 мамырда ЕурАзЭҚ ПАА Бюросының отырысына қатысты.
Және де 15 мамыр күні Қазақстан Парламенті делегациясының жетекшісі Орал Мұхамеджановтың төрғалық етуімен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Он екінші отырысы болып өтті.
Жексенбі күні Қазақстан парламентшілері ТМД ПАА Кеңесінің және ҰҚШҰ ПА Кеңесінің және тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.
ЕурАзЭҚ ПАА-ға төрағалық ету міндеті
Беларусь елінен Қазақстанға табыс етілді
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж./ - 15 мамыр күні Санкт-Петербор қаласында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына төрағалық ету міндеті Беларусь елінен Қазақстанға табыс етілді.
Еске сала кетсек, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петерборда мамырдың 14-і мен 17-сі аралығында өтіп жатқан ТМД елдері және ЕурАзЭҚ ПАА және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) аясындағы шараларға қатысуда.
14 мамыр, сенбі күні Қазақстан парламентшілері ЕурАзЭҚ ПАА-ның тұрақты комиссияларының отырыстарына, 15 мамырда ЕурАзЭҚ ПАА Бюросының отырысына қатысты.
Және де 15 мамыр күні Қазақстан Парламенті делегациясының жетекшісі Орал Мұхамеджановтың төрғалық етуімен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының 12 отырысы болып өтті.
Жексенбі күні Қазақстан парламентшілері ТМД ПАА Кеңесінің және ҰҚШҰ ПА Кеңесінің және тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.
/«Қазақстан» ТРК, 16.05.2011 ж., А. Кеңесұлы/ - ЕурАзЭҚ Парламентаралық ассамблея-сының төрағалығы Қазақ еліне өтті. Мұндай шешім ассамблеяның Петерборда өткен он екінші отырысы кезінде қабылданды. Қазақ парламенті бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануды көздейді. Басты екпін қауымдасу үрдісін жеделдетуге түсіріліп, ұлттық заңнамаларды үйлестіру дами түседі.
АзаматКеңесұлы, тілші:
Қазақ елі өз төрағалығы тұсында ұйымға мүше елдер арасындағы қауымдасу процесін жеделдете түспек. Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, Ресми Астана халықаралық аренадағы бірқатар түйткілді мәселелерді орнынан қозғауға қабілетті. Дәл осындай сеніммен ассамблея тізігіні бізге табысталды. Бүгіннен бастап, іс басындағы төраға міндетін ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов атқарады.
Орал Мұхамеджанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Алдымызда тұрған міндеттер; қауымдастыққа кірген елдердің ұлттық заңнамаларын жақындату.Бірқатар моделдік заңдарды дайындау.Кедендік Одақтан тезірек ЕурАЗ Экономикалық Одаққа өту мәселесі.
Парламентаралық ассамблея бюросының отырысы кезінде тараптар ЕурАзЭҚ сотының құрамын анықтау үшін кезектен тыс жиын өткізетін болып уағдаласты. Сот құрамына ұйымға мүше әр елден екі судьядан алынады. Сот келер жылдың қаңтарын айынан бастап өз қызметіне кіріседі. Онда негізінен қауымдастыққа мүше елдер азаматтары арасындағы туындаған экономикалық дауларға байланысты істер қаралады.
Мұхтар Тінекеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Сотқа алдымен әліпби бойынша бірінші тұрған ұйымға мүше мемлекет, яғни Белорусия төрағалық етеді. Төраға екі жылға, судьялар алты жылға сайланады.
Файзолла Абдоллоев, ТМД Экономикалық сотының төрағасы:
Мұндай соттың болуы орынды. Себебі, қауымдастық қарқын алып келеді. Оның үстіне кедендік одақ құрылып жатыр. Ондай жағдайда экономикалық даулардың болатыны заңды. Бұл кезігуі ықтимал күрделіліктің алдын алу деп санаймын.
ЕурАзЭҚ жанынан құрылатын сот халықаралық ұйым беделінің артып келе жатқандығын көрсетеді.Ұйымға мүше жекелеген елдердің Кедендік Одаққа бірігіп жатқанын еске алар болсақ, соттың қажеттілігін тарқатып айтып жатудың өзі артық.Соттың штаб пәтері Беларус астанасы Минск қаласында болады.
ЕурАзЭҚ жанындағы ПАА басқару
құқығы Қазақстанға берілді
/«Хабар» агенттігі, 16.05.2011 ж./ - Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанын-дағы парламентаралық ассамблеяны басқару құқығы Қазақстанға берілді. Енді ұйымды біздің еліміздің атынан Парламент Мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов басқаратын болады.
«Қазақстан төрағалық барысында тараптарға тиімді шешімдердің қабылдануына күш салады» деді ұйымның жаңа басшысы Орал Мұхамеджанов. Басқосуға қатысқан өзге ел парламентарийлері Қазақстанның заң шығарушы органдарының қызметін жоғары бағалады. Олар бүгінгі күнге дейін еліміздің бірқатар заңнамалық актілері Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың парламентаралық ассамблеясының модельдік заңдарын жасау кезінде негізге алынғанын және кейбір ережелерді ТМД мемлекеттері өздерінің ұлттық заң жүйесін қалыптастыруда пайдаланғанын атап өтті. Енді қазақстандық депутаттар алдағы 4 күн бойы ТМД-ның, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының және Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың парламентаралық ассамблеяларының сессияларына қатысады. Тараптар бас қосуда заң саласындағы әріптестікті арттыру мәселесімен қатар, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың арнайы сотын құру мәселесін қарайды. Бірлескен арнайы сот жүйесін құру биылғы жылдың наурыз айында ұйымның мемлекетаралық кеңесінде қабылданған болатын. Жоспар бойынша бұл орган өз жұмысын келесі жылдың қаңтарынан бастамақшы. Бұл құрылымда әр мүше мемлекеттен екі судьядан жұмыс жасайтын болады.
Орал Мұхамеджанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Алдамызда тұрған міндет - осы қауымдастыққа кірген елдердің ұлттық заңнамаларын жақындату, бірқатар модельдік заңдар дайындау. Сонымен қатар, Кедендік одақтан тезірек Еуразиялық экономикалық одаққа өту мәселесі. Осы тарапта Қазақстан басшылығы Еуразиялық экономикалық қоғамдыстықтың парламентаралық ассамблея-сында осы мәселелерді шешуге атсалысады.
Петр Зверев, ЕурАзЭҚ жанындағы ПАА жауапты хатшысы:
- Қазір одақты құруда кедергі көріп отырған жоқпыз. Ең бастысы - саяси еркіндік бар. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру бастамасын Нұрсұлтан Әбішұлы көтерген болатын. Ол кісіге алғысымызды айтқымыз келеді. Ол бір емес, бірнеше жылдық болашақты айқындап берді.
Қазақстан тағы да Төраға
/«Parlam.kz», 16.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петерборда мамырдың 14-і мен 17-сі аралығында өтіп жатқан ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның іс-шараларына қатысуда.
Осы шара аясында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына төрағалық ету міндеті Беларусь елінен Қазақстанға табыс етілді.
Еуроазиялық одақ құру туралы 1994 жылы наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен кездесуде Қазақстан Президенті бастама көтерген болатын. Бірақ бұл бастаманы ТМД елдері әрқалай қабылдады. Уақыт сынынан өте келе ол өз қажеттілігін дәлелдеді.
Еуразиялық интеграцияның ұзақ мерзімдік келешегінде басқа таңдаудың жоқ екендігін, сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев ұсынысының өміршеңдігін өмірдің өзі айқын көрсетті.
«Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» атты Н. Назарбаевтың бастамасын негізге алған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан және Ресей Федерациясы мемлекетерінің басшыларының Мәлімдемесі негіз болды.
Содан бастап Еуразиялық одақ құру мәселесі ойдан іске айнала бастады. Нәтижесінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының(ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШОС), тағы да басқа мемлекетаралық құрылымдар дүниеге келді.
Бүгінгі таңда ЕурАзЭҚ – халықаралық экономикалық ұйым, оның басты мақсаты – Кедендік одақ пен Бірлескен экономикалық кеңістік құруға қатысушы мемлекеттердің тиімді байланыс орнатуы.
ЕурАзЭҚ құрылғалы бері реформалардың қарқынды жүргізілуі, сондай-ақ тиімді интеграциялық құқықтық құрылымдар іске асуы көрініс тапты. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық құқықтық жүйелерін қалыптастырды. Қауымдастық ынтымақтастық шеңберінде нормативтік-құқықтық базаларды бір-бірімен үндесіп, жақындасуды талап етіп отырғаны жасырын емес.
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеялары
Осы мақсатта ЕурАзЭҚ шеңберінде ынтымақтасқан Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан парламентшілерінен құрылған Парламентаралық Ассамблеялар құрылған болатын.
Ассамблеяның мәжілістері мен Бюросы құрылған күннен бастап ішінде Негізгі төрт заңнама (ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бюджеттік заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің энергетика туралы заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кедендің заңнамасы) бар 140 құжатты қолдады.
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің салық туралы заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің білім туралы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің зейнеткерлік туралы заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің денсаулық туралы заңнамалары жасалу үстінде. Соларды толық аяқтау үшін қосымша жұмыс топтары құрылды.
ЕурАзЭҚ құрылғалы бергі жылдар көлемінде Кедендік одақ қалыптастыру мен интеграцияға, басқа да мақсаттарға бағытталған кешенді халықаралық шарттық-құқықтық құжаттар қабылданды. Соның құрамында Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа және де Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік қатысты қазақстандық парламентшілер мақұлдаған актілер де бар.
ЕурАзЭҚ тікелей 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласындағы ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі мәжілісінің қорытындысы бойынша құрылған Қазақстан, Беларусь және Ресей елдері құрамына енетін Кедендік одақтың жұмысын қадағалайды.
Беларусь астанасында Кедендік одаққа қатысты үш ел алғашқы маңызды элементті енгізу жайында шешім қабылдады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан – бірыңғай кедендік тариф, оны құру мәселесі Кедендік одақ Комиссиясына тапсырылған. 1 шілдеден бастап Кеден кодексіндегі шарттар күшіне еніп, бірыңғай кедендік аймақ жұмысқа кіріседі.
Алып жаңа рынок пайда болады. Сарапшылар Кедендік одаққа мүше үш мемлекетке 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 15 пайызға жететінін болжайды. Кеден одағынан пайда Ресейге 400 миллиард доллар, Беларусь пен Қазақстанға 16 миллардтан астам немесе ЖІӨ бойынша 14 пайызды құрайтын болады. Біздің мемлкеттердің келесі баспалдағы жеделдеткен түрде Бірыңғай экономикалық кеңістік құру болып отыр.
Қазақстан ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына
төраға болып сайланды
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петерборда мамырдың 14-і мен 17-сі аралығында өтіп жатқан ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның іс-шараларына қатысуда, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Осы шара аясында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына төрағалық ету міндеті Беларусь елінен Қазақстанға табыс етілді.
Еуроазиялық одақ құру туралы 1994 жылы наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен кездесуде Қазақстан Президенті бастама көтерген болатын. Бірақ бұл бастаманы ТМД елдері әрқалай қабылдады. Уақыт сынынан өте келе ол өз қажеттілігін дәлелдеді.
Еуразиялық интеграцияның ұзақ мерзімдік келешегінде басқа таңдаудың жоқ екендігін, сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев ұсынысының өміршеңдігін өмірдің өзі айқын көрсетті.
«Қарапайым адамдарға қарай он қарапайым қадам» атты Н. Назарбаевтың бастамасын негізге алған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан және Ресей Федерациясы мемлекеттері басшыларының Мәлімдемесі негіз болды.
Содан бастап Еуразиялық одақ құру мәселесі ойдан іске айнала бастады. Нәтижесінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), тағы да басқа мемлекетаралық құрылымдар дүниеге келді.
Бүгінгі таңда ЕурАзЭҚ - халықаралық экономикалық ұйым, оның басты мақсаты - Кедендік одақ пен Бірлескен экономикалық кеңістік құруға қатысушы мемлекеттердің тиімді байланыс орнатуы.
ЕурАзЭҚ құрылғалы бері реформалардың қарқынды жүргізілуі, сондай-ақ тиімді интеграциялық құқықтық құрылымдар іске асуы көрініс тапты. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық құқықтық жүйелерін қалыптастырды. Қауымдастық ынтымақтастық шеңберінде нормативтік-құқықтық базаларды бір-бірімен үндесіп, жақындасуды талап етіп отырғаны жасырын емес.
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы
Осы мақсатта ЕурАзЭҚ шеңберінде ынтымақтасқан Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан парламентшілерінен құрылған Парламентаралық Ассамблея құрылған болатын.
Ассамблеяның мәжілістері мен Бюросы құрылған күннен бастап ішінде Негізгі төрт заңнама (ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бюджеттік заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің энергетика туралы заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің кедендің заңнамасы) бар 140 құжатты қолдады.
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің салық туралы заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің білім туралы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің зейнеткерлік туралы заңнамасы, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің денсаулық туралы заңнамалары жасалу үстінде. Соларды толық аяқтау үшін қосымша жұмыс топтары құрылды.
ЕурАзЭҚ құрылғалы бергі жылдар көлемінде Кедендік одақ қалыптастыру мен интеграцияға, басқа да мақсаттарға бағытталған кешенді халықаралық шарттық-құқықтық құжаттар қабылданды. Соның құрамында Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа және де Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысты қазақстандық парламентшілер мақұлдаған актілер де бар.
ЕурАзЭҚ тікелей 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласындағы ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі мәжілісінің қорытындысы бойынша құрылған Қазақстан, Беларусь және Ресей елдері құрамына енетін Кедендік одақтың жұмысын қадағалайды.
Беларусь астанасында Кедендік одаққа қатысты үш ел алғашқы маңызды элементті енгізу жайында шешім қабылдады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан - бірыңғай кедендік тариф, оны құру мәселесі Кедендік одақ Комиссиясына тапсырылған. 1 шілдеден бастап Кеден кодексіндегі шарттар күшіне еніп, бірыңғай кедендік аймақ жұмысқа кіріседі.
Алып жаңа рынок пайда болады. Сарапшылар Кедендік одаққа мүше үш мемлекетке 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 15 пайызға жететінін болжайды. Кеден одағынан пайда Ресейге 400 миллиард доллар, Беларусь пен Қазақстанға 16 миллардтан астам немесе ЖІӨ бойынша 14 пайызды құрайтын болады. Біздің мемлкеттердің келесі баспалдағы жеделдеткен түрде Бірыңғай экономикалық кеңістік құру болып отыр.
Кездесуде Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы
байланысты дамыту мәселелері сөз болды
/«Parlam.kz», 16.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы байланысты дамыту, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту қажет. Бұл мәселелер ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Республикалық Кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновтің кездесуінде әңгіме арқауына айналды.
Бұл кездесу 15 мамыр күні Санкт-Петербор қаласында болды. Екі ел парламентшілері мамырдың 14-і мен 17-сі аралығында өтіп жатқан ТМД елдері және ЕурАзЭҚ ПАА және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) аясындағы шараларға қатысуда.
Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы қарым-қатынас жыл сайын қарқын алып келеді. Соңғы жылдары Кедендік одақ аясында ықпалдасу шаралары жиелей түсті.
екі жақты және халықаралық ұйымдар шеңберінде парламентаралық байланыс оң серпін алып келеді. Екі мемлекеттің Парламентінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топ бар. Қазақстан Парламентіндегі топтың жетекшісі Наталья Геллерт, топтың құрамына 22 депутат енген.
Қазақстан бүгінде Беларусь Республикасының ТМД көлеміндегі үштікке кіретін ірі сауда-экономикалық әріптесі болып саналады.
2010 жылы Қазақстан мен Беларусь Республикалары арасындағы сауда айналымы 867,2 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл алдыңғы (2009) жылмен салыстырғанда 2,2 есеге жоғары.
Үстіміздегі жылы да екі ел арасындағы өзара сауда айналымында оң үрдіс байқалып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанда беларустік кәсіпорындардың 23 сервистік орталығы, 80-нен астам бірлескен кәсіпорын мен жобалар, 6 сауда үйі, көптеген өкілдіктер мен әр түрлі беларустік кәсіпорындардың дилерлері жұмыс істейді.
Кездесуде Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы
байланысты дамыту мәселелері сөз болды
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж./ - Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы байланысты дамыту, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту қажет.
Бұл мәселелер ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республикалық Кеңесінің төрағасы Анатолий Рубиновтің кездесуінде әңгіме арқауына айналды.
Бұл кездесу 15 мамыр күні Санкт-Петербор қаласында болды. Екі ел парламентшілері 14-17 мамыр аралығында өтіп жатқан ТМД елдері және ЕурАзЭҚ ПАА және Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) аясындағы шараларға қатысуда.
Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы қарым-қатынас жыл сайын қарқын алып келеді. Соңғы жылдары Кедендік одақ аясында ықпалдасу шаралары жиілей түсті. Екіжақты және халықаралық ұйымдар шеңберінде парламентаралық байланыс оң серпін алып келеді. Екі мемлекеттің Парламентінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар бар. Қазақстан Парламентіндегі топтың жетекшісі Наталья Геллерт, топтың құрамына 22 депутат енген.
Қазақстан бүгінде Беларусь Республикасының ТМД көлеміндегі үштікке кіретін ірі сауда-экономикалық әріптесі болып саналады.
2010 жылы Қазақстан мен Беларусь Республикалары арасындағы сауда айналымы 867,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл алдыңғы (2009) жылмен салыстырғанда 2,2 есеге жоғары.
Үстіміздегі жылы да екі ел арасындағы өзара сауда айналымында оң үрдіс байқалып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанда беларустік кәсіпорындардың 23 сервистік орталығы, 80-нен астам бірлескен кәсіпорын мен жобалар, 6 сауда үйі, көптеген өкілдіктер мен әртүрлі беларустік кәсіпорындардың дилерлері жұмыс істейді.
Қазақстан мен Украина
парламентаралық ынтымақтастықты нығайта түсуде
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж./ - Бүгін Санкт-Петерборда Таврия сарайында ҚР Парламен-ті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы Владимир Литвиновпен жүздесті.
Бұл кездесу Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан (14-17 мамыр аралығында) ТМД ПАА және ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА іс-шаралары шеңберінде өтті.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен Украина елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту жайлы ойларын ортаға салды.
Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас жыл санап қарқын алуда. Екі ел Парламентінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар бар. Қазақстан Парламентіндегі топтың жетекшісі депутат Уәлихан Қалижанов, топтың құрамына 22 депутат енген.
Қос мемлекет арасындағы байланыс екіжақты және халықаралық ұйымдар шеңберінде өріс алып келеді.
Қазақстан Украинаның сыртқы сауда айналымында айрықша орын алады.
2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда украиналық капиталдың қатысуымен 246 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Кәсіпорындар негізінен сауда айналымымен, автокөлік жөндеумен, құрылыс жұмыстарымен және өңдеу өнеркәсібімен айналысады.
100-ден астам Қазақстан азаматы Украинаның Киев, Харьков, Днепропетровск, Одесса қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Соның ішінде президенттік «Болашақ» бағдарламасы негізінде тәлім алып жатқандар бар.
Сондай-ақ бүгін Қазақстан делегациясы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының отыз алтыншы жалпы отырысына, Нюрнберг процесінің 65 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған конференцияны ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі ұйымдастырған.
Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстан делегациясы ақын Т.Г.Шевченконың тас мүсініне тағзым ету рәсіміне қатысты.
Қазақстан мен Украина:
парламентаралық ынтымақтастықты нығайту
/«Parlam.kz», 16.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін Таврия сарайында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы Владимир Литвиновпен жүздесті.
Бұл кездесу Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан (мамырдың 14-і мен 17-сі аралы-ғында) ТМД ПАА және ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА іс-шаралары шеңберінде өтті.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен Украина елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту жайлы ойларын ортаға салды.
* * *
Сондай-ақ бүгін Қазақстан делегациясы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының Отыз алтыншы жалпы отырысына, Нюрнберг процесінің 65 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған конференцияны ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналы-сының Федерация Кеңесі ұйымдастырған.
Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстан делегациясы ақын Т.Г.Шевченконың тас мүсініне тағзым ету рәсіміне қатысты.
* * *
Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас жыл санап қарқын алуда. Екі ел Парламентінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топ бар. Қазақстан Парламентіндегі топтың жетекшісі депутат Уәлихан Қалижанов, топтың құрамына 22 депутат енген.
Қос мемлекет арасындағы байланыс екі жақты және халықаралық ұйымдар шеңберінде өріс алып келеді.
Қазақстан Украинаның сыртқы сауда айналымында айрықша орын алады.
2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда украиналық капиталдың қатысуымен 246 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Кәсіпорындар негізінен сауда айналымымен, автокөлік жөндеумен, құрылыс жұмыстарымен және өңдеу өнеркәсібімен айналысады.
100-ден астам Қазақстан азаматы Украинаның Киев, Харьков, Днепропетровск, Одесса қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Соның ішінде президенттік «Болашақ» бағдарламасы негізінде тәлім алып жатқандар бар.
Қазақ парламентшілері Тарас Шевченконың
ескерткіші тасына тағзым етті
/«ҚазАқпарат», 17.05.2011 ж./ - Қазақстан парламентшілері Санкт-Петербор қаласындағы Смоленск бейітіндегі Тарас Шевченконың ескерткішіне тасына тағзым етті.
Осы күндерде атақты ойшыл, суретші, ақынның жерленгеніне 150 жыл толып отыр. Қазақстан делегациясының жетекшісі, Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов әрдайым қайырымдылыққа шақырып, славян елінің мақсат-мүддесі үшін өмірін арнаған Ұлы ақынды Украинаның халық елшісі ретінде атады.
Тарас Шевченко жер аударылып, Қазақстан даласында он жыл бойғы ғұмырын өткізгені белгілі. Әрине, сол жылдарды ақын үшін жайдарлы кезең деп санауға болмайды, дегенмен де біздің жерлестеріміз оның еңсесін көтеріп, жанына қуат беруге тырысқаны, қолдау жасағаны анық.
Қазіргі таңда Тарас Шевченконың есімі Қазақстанда құрметпен аталады. Бес қаланың көшесіне оның есімі берілген және де үшеуінде ескерткіші орнатылған. Ал жуырда Тарас Шевченконың ескерткішін Астана қаласында орнату туралы шешім қабылданды. Ұлы ақынға деген халықтың құрметін мына мәліметтен де байқауға болады. Мәжіліс төрағасы 232 қазақ баласының есімі Тарас деп аталатынын тілге тиек етті.
Қазақстан депутаттары парламентаризмнің дамуына
қосқан үлестері үшін марапатталды
/«Parlam.kz», 16.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация (Санкт-Петербор. 14-і мен 17 мамыр) ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА шеңберінде өтіп жатқан іс-шараларға қатысуда.
Бүгін Таврия сарайында Қазақстан парламентшілерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Сенат пен Мәжіліс депутаттары Серік Ақылбай, Иран Әміров, Төлеубек Қосмамбетов, Ромин Мәдинов, Жұмабек Төрегелдинов, Нұртай Сабильянов ТМД ПАА-ның «Ынтымақтастық» («Содружество») орденімен марапатталды.
Парламент депутаттары Бағила Баймағамбетова, Ерболат Мұқаев, Рахмет Мұқашев, Татьяна Яковлева ТМД ПАА-ның Құрмет грамотасына ие болды.
Қазақстан парламентшілері Сейітсұлтан Әйімбетов, Михаил Бортник, Валерий Вишниченко, Дарья Клебанова, Нұрлан Сүлейменовке, сондай-ақ Мәжіліс Аппараты Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлына ЕурАзЭҚ ПАА-ның Құрмет грамотасы табыс етілді. Айта кету керек, осы Құрмет грамоталарына ЕурАзЭҚ ПАА-ның төрағасы, Қазақстан парламентшілері делегациясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов қол қойды.
* * *
Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Борис Грызловтың Өкіміне сәйкес парламентаризмнің дамуына және парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мұндай награда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулинге және осы аталған комитеттің мүшесі Владимир Нехорошевке берілді.
Қазақстан депутаттары парламентаризмнің дамуына
қосқан үлестері үшін марапатталды
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж./ - Бүгін Санкт-Петербордың Таврия сарайында Қазақстан парламентшілерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Сенат пен Мәжіліс депутаттары Серік Ақылбай, Иран Әміров, Төлеубек Қосмамбетов, Ромин Мәдинов, Жұмабек Төрегелдинов, Нұртай Сәбильянов ТМД ПАА-ның «Ынтымақтастық» («Содружество») орденімен марапатталды.
Парламент депутаттары Бағила Баймағамбетова, Ерболат Мұқаев, Рахмет Мұқашев, Татьяна Яковлева ТМД ПАА-ның Құрмет грамотасына ие болды.
Қазақстан парламентшілері Сейітсұлтан Әйімбетов, Михаил Бортник, Валерий Вишниченко, Дарья Клебанова, Нұрлан Сүлейменовке, сондай-ақ Мәжіліс Аппараты Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлына ЕурАзЭҚ ПАА-ның Құрмет грамотасы табыс етілді. Айта кету керек, осы Құрмет грамоталарына ЕурАзЭҚ ПАА-ның төрағасы, Қазақстан парламентшілері делегациясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов қол қойды.
Сонымен қатар Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Борис Грызловтың Өкіміне сәйкес парламентаризмнің дамуына және парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мұндай награда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулинге және осы аталған комитеттің мүшесі Владимир Нехорошевке берілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация (Санкт-Петербор. 14-і мен 17 мамыр) ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА шеңберінде өтіп жатқан іс-шараларға қатысуда.
Қазақстандық депутаттар Санкт –Петерборда
«Содружество» орденімен марапатталды
/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.05.2011 ж./ - Санкт-Петерборда өтіп жатқан ТМД, ЕурАзЭҚ пен ҰҚШҰ парламентаралық ассамблея іс-шарасында алты қазақстандық депутат «Содружество» орденімен марапатталды, деп хабарлайды мәжіліс (Қазақстан парламентінің төменгі палатасы).
«Қазақстанның Сенат пен Мәжіліс депутаттары парламентаризмнің дамуына қосқан үлестері үшін Серік Ақылбай, Иран Әміров, Төлеубек Қосмамбетов, Ромин Мәдинов, Жұмабек Төрегелдинов, Нұртай Сабильянов «Содружество» орденіне лайық деп табылып марапатталды», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Парламент депутаттары Бағила Баймағамбетова, Ерболат Мұқаев, Рахмет Мұқашев, Татьяна Яковлева ТМД ПАА-ның Құрмет грамотасына ие болды.
Қазақстан парламентшілері Сейітсұлтан Әйімбетов, Михаил Бортник, Валерий Вишниченко, Дарья Клебанова, Нұрлан Сүлейменовке, сондай-ақ Мәжіліс Аппараты Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлына ЕурАзЭҚ ПАА-ның Құрмет грамотасы табыс етілді.
Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Борис Грызловтың Өкіміне сәйкес парламентаризмнің дамуына және парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин мен осы аталған комитеттің мүшесі Владимир Нехорошевке берілді.
ТМД парламентшілерінің басқосуы
табысты аяқталды
/«ҚазАқпарат», 17.05.2011 ж./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петербордан Астанаға оралады. Нева жағалауында өткен ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның іс-шаралары аяқталды.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының отыз алтыншы жалпы отырысының жұмысында маңызды тақырып ретінде білім беру жүйесін жетілдіруді заңнамалық қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шығарылды. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасап, ТМД елдері ынтымақтастығының 20 жылдығы қарсаңында парламентшілердің басқосуы маңызды шара екенін атап өтті. Осы кезең ішінде ең бастысы экономикалық, өндірістік, мәдени байланыстарымызды, адамзаттық құндылықтарымызды сақтай білдік. Еуразиялық интеграцияның бастамашысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екені анық. Мемлекет басшысының білім саласын жетілдіруге де баса көңіл бөліп отырғандығы айтылды. Білім және ғылым министрі Қазақстанның осы саладағы қол жеткізген табыстарына тоқталды.
Сонымен қатар ТМД ПАА-ның іс-шаралары аясында Нюрнберг процесінің 65 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Бұл конференцияны ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі ұйымдастырды. Осы басқосуға қатысушыларға Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев құттықтауын жолдады.
Конференцияда сөз сөйлеген Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов мемлекеттік деңгейдегі қылмыстарға айып тағушылықпен тарихта бірінші болған Нюнберг процесінің бүкіл әлемдік тарихи маңызын атап өтті. Соғыс жылдарында алты миллион қазақтың әрбір төртіншісі қарулы күштердің құрамына шақырылып, жартысынан көбі кескілескен ұрыста қаза тауып, майдан алаңында қалды.
Екінші дүниежүзілік соғысының қорытындыларын қайта қарастыру идеясы ұлтшылдыққа, вандализм актілеріне және фашизмге қарсы күрескен батырлар ескерткіштерінің жойылуына әрекеттер жасалуда. Шовинистік, лаңкестік пиғылдарға жан бітіп, басқа нәсілді адамдарға ашық түрде шабуыл жасау оқиғалары орын алды. «Фашизмді қайта тудырмау - міне, осы Нюнберг процесінің ең басты сабағы », -деп мәлімдеді Қ.Сұлтанов.
Санкт-Петербордың Таврия сарайында ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның Кеңестерінің отырыстары болды. Бүгін ТМД-ның 20-жылдығына арналған төртінші Невалық халықаралық экологиялық конгресі болып өтті. Бұл шараны ТМД ПАА және Ресей Федерациясы Үкіметінің қолдауымен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі ұйымдастырды. Экологиялық конгресте Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин баяндама жасады.
Бүгін түстен кейін Қазақстан делегациясы Астанаға қарай бет түзеді.
Төрағалық міндетті тағы да Қазақстан алды
/«Егемен Қазақстан», 17.05.2011 ж./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петербургте 14-17 мамыр аралығында өтіп жатқан ТМД елдері және ЕурАзЭҚ ПАА және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) аясындағы шараларға қатысуда. Ал 15 мамыр күні ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына төрағалық ету міндеті Беларусь елінен Қазақстанға табыс етілді.
14 мамыр, сенбі күні Қазақстан парламентшілері ЕурАзЭҚ ПАА-ның тұрақты комиссияларының отырыстарына, 15 мамырда ЕурАзЭҚ ПАА Бюросының отырысына қатысты. Жексенбі 15 мамырда Қазақстан Парламенті делегациясының жетекшісі Орал Мұхамеджановтың төрағалық етуімен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының он екінші отырысы болып өтті. Осы күні, сондай-ақ Қазақстан парламентшілері ТМД ПАА Кеңесінің және ҰҚШҰ ПА Кеңесінің және тұрақты комиссияларының отырыстарына да қатысты.
Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы байланысты дамыту, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту қажет. Бұл мәселелер ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республикалық Кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновтің кездесуінде әңгіме арқауына айналды. Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы қарым-қатынас жыл сайын қарқын алып келеді. Соңғы жылдары Кеден одағы аясында ықпалдасу шаралары жиілей түсті. Екіжақты және халықаралық ұйымдар шеңберінде парламентаралық байланыстар оң серпін алып отыр. Екі мемлекеттің Парламентінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топ бар. Қазақстан Парламентіндегі топтың жетекшісі Наталья Геллерт, топтың құрамына 22 депутат енген.
Қазақстан бүгінде Беларусь Республикасының ТМД көлеміндегі үштікке кіретін ірі сауда-экономикалық әріптесі болып саналады. Өткен жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымы 867,2 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 есеге жоғары. Үстіміздегі жылы да екі елдің өзара сауда айналымында оң үрдіс байқалып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда Белоруссияның 23 сервистік орталығы, 80-нен астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Ал кеше Таврия сарайында Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы Владимир Литвиновпен кездесіп, тараптар парламент-аралық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынасты дамыту жайында әңгімелесті.
Сондай-ақ, Қазақстан делегациясы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының отыз алтыншы жалпы отырысына, Нюрнберг процесінің 65 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған конференцияны ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы мен Ресей Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі ұйымдастырған еді. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстан делегациясы ақын Т.Шевченконың ескерткіш мүсініне тағзым ету рәсімін жасады.
Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас жыл санап қарқын алуда. Екі ел Парламентінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топ бар. Қазақстан Парламентіндегі топтың жетекшісі депутат Уәлихан Қалижанов, топтың құрамына 22 депутат енген. Мемлекеттер арасындағы байланыс екіжақты және халықаралық ұйымдар шеңберінде өріс алып келеді. Сондай-ақ, Қазақстан Украинаның сыртқы сауда айналымында айрықша орын алады.
Қазақстанда украиналық капиталдың қатысуымен 246 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Бүгінде 100-ден астам қазақстандық жастар Украинаның Киев, Харьков, Днепропетровск, Одесса қалаларындағы жоғары оқу орындарында инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Олардың ішінде Президенттің «Болашақ» бағдарламасы негізінде тәлім алып жатқандар бар.
Төрағалық Белоруссиядан Қазақстанға өтті
/«Алаш айнасы» газеті, 17.05.2011 ж./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петербургте ТМД елдері және ЕурАзЭҚ ПАА және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) аясындағы шараларға қатысып жатыр.
ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясына төрағалық ету міндеті Беларусь елінен Қазақстанға табыс етілді. 15 мамыр күні Қазақстан Парламенті делегациясының жетекшісі Орал Мұхамеджановтың төрағалық етуімен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының ХІІ отырысы болып өтті. 14-17 мамыр аралығында өткен ТМД елдері және ЕурАзЭҚ ПАА және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясы (ҰҚШҰ ПА) аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының республикалық кеңесінің төрағасы Анатолий Рубиновтің кездесуінде екі елдің арасындағы байланысты дамыту, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайы сөз болды. Сондай-ақ кеше Таврия сарайында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Украина Жоғарғы Радасының төрағасы Владимир Литвиновпен жүздесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен Украина елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту жайлы ойларын ортаға салды.
Кеше Таврия сарайында Қазақстан парламентшілерін марапаттау рәсімі өткізілді. Сенат пен Мәжіліс депутаттары Серік Ақылбай, Иран Әміров, Төлеубек Қосмамбетов, Ромин Мәдинов, Жұмабек Төрегелдинов, Нұртай Сабильянов ТМД ПАА-ның «Ынтымақтастық» («Содружество») орденімен марапатталды. Парламент депутаттары Бағила Баймағамбетова, Ерболат Мұқаев, Рахмет Мұқашев, Татьяна Яковлева ТМД ПАА-ның Құрмет грамотасына ие болды. Қазақстан парламентшілері Сейітсұлтан Әйімбетов, Михаил Бортник, Валерий Вишниченко, Дарья Клебанова, Нұрлан Сүлейменов, сондай-ақ Мәжіліс аппараты редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлына ЕурАзЭҚ ПАА-ның Құрмет грамотасы табыс етілді. Айта кету керек, осы Құрмет грамоталарына ЕурАзЭҚ ПАА-ның төрағасы, Қазақстан парламентшілері делегациясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов қол қойды. Сондай-ақ Ресей Федерациясы Федералды жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Борис Грызловтың өкіміне сәйкес, парламентаризмнің дамуына және парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Мұндай награда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулинге және осы аталған комитеттің мүшесі Владимир Нехорошевке берілді.
ТМД елдерінің байланысы нығая түсуде
/«Parlam.kz», 17.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петерборда мамырдың 14-і мен 17-сі аралығында өткен ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның іс-шараларына қатысты.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының Отыз алтыншы жалпы отырысының жұмысында маңызды тақырып ретінде білім беру жүйесін жетілдіруді заңнамалық қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шығарылды. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасап, ТМД елдері ынтымақтастығының 20 жылдығы қарсаңында парламентшілердің басқосуы маңызды шара екенін атап өтті. Осы кезең ішінде ең бастысы экономикалық, өндірістік, мәдени байланыстарымызды, адамзаттық құндылықтарымызды сақтай білдік. Еуразиялық интеграцияның бастамашысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екені анық. Мемлекет басшысының білім саласын жетілдіруге де баса көңіл бөліп отырғандығы айтылды. Білім және ғылым министрі Қазақстанның осы саладағы қол жеткізген табыстарына тоқталды.
Сонымен қатар ТМД ПАА-ның іс-шаралары аясында Нюрнберг процесінің 65 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Бұл конференцияны ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі ұйымдастырды. Осы басқосуға қатысушыларға Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев құттықтауын жолдады.
Конференцияда сөз сөйлеген Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов мемлекеттік деңгейдегі қылмыстарға айып тағушылықпен тарихта бірінші болған Нюнберг процесінің бүкіл әлемдік тарихи маңызын атап өтті. Соғыс жылдарында алты миллион қазақтың әрбір төртіншісі қарулы күштертің құрамына шақырылып, жартысынан көбі кескілескен ұрыста қаза тауып, майдан алаңында қалды.
Екінші дүниежүзілік соғысының қорытындыларын қайта қарастыру идеясы ұлтшылдықтың ерлігіне, вандализм актілеріне және фашизмге қарсы күрескен батырлар ескерткіштерінің жойылуына әрекеттер жасалуда. Шовинистік, лаңкестік пиғылдарға жан бітіп, басқа нәсілді адамдарға ашық түрде шабуыл жасау оқиғалары орын алды. «Фашизмді қайта тудырмау – міне, осы Нюнберг процесінің ең басты сабағы » -деп мәлімдеді Қ.Сұлтанов.
Келесі күні парламентшілердің Нева жағасына келуі Смоленск бейітіндегі Тарас Шевченконың ескерткіш тасына тағзым етумен жалғасты. Осы күндерде атақты ойшыл, суретші, ақынның жерленгеніне 150-жыл толып отыр. Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов әрдайым қайырымдылыққа шақырып, славян елінің мақсат-мүддесі үшін өмірін арнаған Ұлы ақынды Украинаның халық елшісі ретінде атады.
Тарас Шевченко жер аударылып, Қазақстан даласында он жыл бойғы ғұмырын өткізгені белгілі. Әрине, сол жылдарды ақын үшін жайдарлы кезең деп санауға болмайды, дегенмен де біздің жерлестеріміз оның еңсесін көтеріп, жанына қуат беруге тырысқаны, қолдау жасағаны анық.
Қазіргі таңда Тарас Шевченконың есімі Қазақстанда құрметпен аталады. Бес қаланың көшесіне оның есімі берілген және де үшеуінде ескерткіші орнатылған. Ал жуырда Тарас Шевченконың ескерткіші Астана қаласында орнатылуы туралы шешім қабылданды. Ұлы ақынға деген халықтың құрметін мына мәліметтен де байқауға болады. Мәжіліс Төрағасы 232 қазақ баласының есімі Тарас деп аталатынын тілге тиек етті.
Санкт-Петербордың Таврия сарайында ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның Кеңестерінің отырыстары болды. Бүгін ТМД-ның 20-жылдығына арналған төртінші Невалық халықаралық экологиялық конгресі болып өтті. Бұл шараны ТМД ПАА және Ресей Федерациясы Үкіметінің қолдауымен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі ұйымдастырды. Экологиялық конгресте Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин баяндама жасады.
Бүгін түстен кейін Қазақстан делегациясы Астанаға қарай бет түзеді.
Еларалық ынтымақтастықтың нақты белгісі
/«Егемен Қазақстан», 18.05.2011 ж./ - Газеттің кешегі нөмірінде хабарланғанындай, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған парламенттік делегация Санкт-Петербургте өткен ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА және ҰҚШҰ ПА-ның іс-шараларына қатысты.
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының отыз алтыншы жалпы отырысының жұмысында маңызды тақырып ретінде білім беру жүйесін жетілдіруді заңнамалық қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасап, ТМД елдері ынтымақтастығының 20 жылдығы қарсаңында парламентшілердің осындай басқосуы маңызды шара екенін атап өтті. Осы кезең ішінде ең бастысы, экономикалық, өндірістік, мәдени байланыстарымызды, адамзаттық құндылықтары-мызды сақтай білдік. Еуразиялық интеграцияның бастамашысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екені анық, – деді министр осы туралы. Баяндамада, сондай-ақ Мемлекет басшысының білім беру саласын дамытуға баса көңіл бөліп отырғандығы да айтылды. Сонымен қатар ол Қазақстанның осы саладағы қол жеткізген табыстарына да тоқталып өтті.
ТМД ПАА-ның іс-шаралары аясында Нюрнберг процесінің 65 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Конференцияны ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы мен Ресей Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі ұйымдастырды. Онда қатысушыларға Ресей Президенті Дмитрий Медведев құттықтауы оқылды. Конференцияда сөз сөйлеген Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов мемлекеттік деңгейдегі қылмыстарға айып тағумен тарихта бірінші болған Нюрнберг процесінің бүкіләлемдік тарихи маңызын атап өтті. Сенатордың айтуынша, соғыс жылдарында 6 миллион қазақтың әрбір төртіншісі майданға кетіп, олардың жартысынан көбі кескілескен ұрыста қаза тауып, майдан даласында қалды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын қайта қарастыру идеясы фашизмге қарсы күрескен батырлар ескерткіштерін жоюға әкеліп соқтыруы мүмкін. Шовинистік, лаңкестік пиғылдарға жан бітіп, басқа нәсілді адамдарға ашық түрде шабуыл жасау оқиғалары орын алуда. «Фашизмді қайта тудырмау – міне, осы Нюрнберг процесінің ең басты сабағы», – деп мәлімдеді Қ.Сұлтанов.
Келесі күн парламентшілердің Нева жағасына келуі Смоленск зиратындағы Тарас Шевченконың ескерткіш мүсініне тағзым етумен жалғасты. Осы күндерде атақты ойшыл, суретші, ақынның жерленгеніне 150 жыл толған еді. Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов әрдайым қайырымдылыққа шақырып, славян елінің мақсат-мүддесі үшін өмірін арнаған ұлы ақынды Украинаның халық елшісі ретінде атады. Өйткені, Тарас Шевченко жер аударылып, Қазақстан даласында он жыл бойғы ғұмырын өткізгені белгілі. Әрине, сол жылдарды ақын үшін жайдары кезең деп санауға болмайды, дегенмен де біздің жерлестеріміз оның еңсесін көтеріп, жанына қуат беруге тырысқаны, қолдау жасағаны анық.
Қазіргі кезде Тарас Шевченконың есімі Қазақстанда құрметпен аталады. Бес қаланың көшесіне оның есімі берілген және де үшеуінде ескерткіш орнатылған. Ал жуырда Тарас Шевченконың ескерткіші Астана қаласында орнатылуы туралы шешім қабылданды.
Кеше ТМД-ның 20 жылдығына арналған төртінші невалық халықаралық экологиялық конгрес болды. Бұл шараны ТМД ПАА және Ресей Үкіметінің қолдауымен Ресей Федералды Жиналысының Федерация Кеңесі ұйымдастырды. Экологиялық конгресте ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин баяндама жасады.
Үш-төрт күнді қамтыған іс-шаралар барысында елімізден барған парламентшілер наградталғанын айта кетейік. Мысалы, Сенат пен Мәжіліс депутаттары Серік Ақылбай, Иран Әміров, Төлеубек Қосмамбетов, Ромин Мәдинов, Жұмабек Төрегелдинов, Нұртай Сабильянов ТМД ПАА-ның «Ынтымақтастық» («Содружество») орденімен, Бағила Баймағамбетова, Ерболат Мұқаев, Рахмет Мұқашев, Татьяна Яковлева ТМД ПАА-ның Құрмет грамотасымен, Сейітсұлтан Әйімбетов, Михаил Бортник, Валерий Вишниченко, Дарья Клебанова, Нұрлан Сүлейменов, сондай-ақ Мәжіліс Аппараты редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлы ЕурАзЭҚ ПАА-ның Құрмет грамотасымен наградталды. Бұл Құрмет грамоталарға ЕурАзЭҚ ПАА-ның төрағасы, Қазақстан парламентшілері делегациясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов қол қойды.
Экологияны сауықтыру – адамзат парызы
/«Егемен Қазақстан», 20.05.2011 ж./ - Төрт күнді қамтыған ТМД, ЕурАзЭҚ Парламент-аралық Ассамблеяларының және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының жоспарланған іс-шаралары өткен сейсенбі күні Санкт-Петербургте Нева халықаралық экологиялық конгресімен қорытындыланды. Газеттің өткен нөмірлерінде хабарланғанындай, осы шаралардың барлығына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық депутаттар да белсене қатысты. Халықаралық мәртебеге ие бұл форум осымен төртінші рет өтіп отыр. Ал биылғы басқосудың ең басты ерекшелігі, ТМД-ның 20 жылдығына арналғандығында жатыр.
«Әлеуметтік-экологиялық салаларды дамытудың инновациялық механизмдері» тақырыбындағы халықаралық экологиялық конгресс жұмысына 25-тен астам алыс-жақын шет елдердің, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Онда алғашқылардың бірі болып ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов сөз сөйледі. Министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазір дамыта берейік, ал экологиямен содан кейін айналысамыз – формуласы бойынша бүгін бірде-бір ел өмір сүре алмайды» деген сөзін келтіре отырып, экологияны сауықтыруға байланысты еліміз тарапынан қолға алынып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Алға қойылған міндеттерді шешу үшін Қазақстан Үкіметі «Жасыл ел» бағдарламасын әзірледі және бекітті, – деді Нұрғали Әшімов осы туралы. – Бағдарламаның басымдықтары ретінде газдың ауаға таралуын азайту, тұтынылған және өндірістік қалдықтар проблемасын шешу, су ресурстарын қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін салынған айыппұлды экологияны сауықтыруға жұмсау қарастырылған». Министрдің атап өткеніндей, Астананың «Жасыл көпір» бастамасы осы жылдың мамырындағы IV Астаналық экономикалық форумына қатысушылардан бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ, ол конгреске қатысушыларды үстіміздегі жылдың қыркүйегінде елордада өтетін VIII Панеуропалық қоршаған ортаны қорғау министрлерінің конференциясына шақырды.
Жиынның пленарлық отырысында Парламент Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин баяндама жасады. Баяндамасында депутат қатысушыларды елімізде энергияны үнемді пайдалану барысында қабылданған заңнамалармен, сондай-ақ әзірленген «Энергия үнемдеу туралы» заңның жаңа редакциясымен таныстырды. Ондағы мақсат – энергиялық шығынды азайту «Өткен жылы Қазақстан Үкіметі 2020 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту жөніндегі бағдарламалық құжат қабылдады, – деді Ерлан Нығматулин. – Бұл құжатта жылудың шығынын төмендету үшін тұрғын үйлерді қажетті құрылғылармен жабдықтау, энергия көздерін қайта жөндеуден өткізу, басқа да мәселелер қарастырылған».
Парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуді мақсат еткен Санкт-Петербургтегі алқалы жиын табысты аяқталды. Алдағы уақыттың жоспары белгіленді. Осылайша, парламенттік дипломатия, шын мәнінде, халықтық дипломатия екендігін көрсетті.
«Нұр Отан» ХДП фракциясы «Кеден одағы ҚР-ның экономикасын
әртараптандырудың қозғаушы күші» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж./ - Бүгін «Кеден одағы Қазақстан Республикасының эконо-микасын әртараптандырудың қозғаушы күші» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Бұл шараны «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі ұйымдастырды.
ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова «Кеден одағы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар «Кедендік одақ жағдайында өнеркәсіптің дамуы» деген тақырыпта ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау баяндама жасады.
Дөңгелек үстел шеңберінде Кеден одағы жағдайында өнеркәсіпті, транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері мен Кеден одағының Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамытуға әсері туралы мәселелер талқыланды.
Бұл басқосуға Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның фракциясы жанындағы Экономи-калық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы Кенжеғали Сағадиев жетекшілік етті.
Сондай-ақ Кеден одағына қатысты мәселемен айналысатын бірқатар министрліктер мен ведомство жетекшілері мен өкілдері сөз сөйледі.
Отырыстың қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленетін болды.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында қазақстандықтар
шетелден шамамен 43 мың автомобиль әкелді
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж., М. Жиембай/ - Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында қазақ-стандықтар шетелден шамамен 43 мың автомобиль әкелді.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов айтты.
«Жеке тұлғалар әкелген автомобильдердің саны артты. Егер өткен жылдың бірінші тоқсанында жеке тұлғалар 7600 автомобиль әкелсе, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аталған санатқа қатысушылар нарыққа шамамен 43 мың көлік әкелді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деректерден 5,5 есеге артық.
Сонымен қатар вице-министрдің айтуына қарағанда, Ресей мен Беларус Республикала-рынан үшінші елге импортталатын тауарлар 1,7 есеге өсіп, 79 миллион АҚШ долларын құраған.
Өткен жылдың соңғы айларында елімізде
400-ден астам ресейлік кәсіпорын тіркелді
/«ҚазАқпарат», 17.05.2011 ж./ - Өткен жылдың соңғы айларында елімізде 400-ден астам ресейлік кәсіпорын тіркелді.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова айтты.
«Салық комитетінің ақпараты бойынша, 2010 жылдың соңғы айларында ғана Қазақстан аумағында 400-ден астам ресейлік кәсіпорын тіркелді», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, Қазақстанның Кедендік одақтағы басқа әріптестеріне қарағанда салық саясатының біршама либералды болуы әрі инвестициялық ахуалдың оңтайлылығы шетелдік капитал тартуда үлкен мүмкіндік тудырып отыр. Сонымен қатар бірлескен кәсіпорын құру үшін де Кеден одағы елдерінен капитал тартуға жайлы ахуал қалыптасқан.
Оның келтірген деректері бойынша, өткен жылы Ресейден елімізге тартылған тікелей инвестиция көлемі 0,5 пайызға арта түскен.
Айта кетейік, «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес ұйымдастырған «Кеден одағы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» деген тақырыптағы дөңгелек үстелде ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова «Кеден одағы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» тақырыбында негізгі баяндама жасаған болатын.
/«Алтын орда» газеті, 20.05.2011 ж./ - Өткен жылдың соңғы айларында елімізде 400-ден астам ресейлік кәсіпорын тіркелді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова айтты.
Салық комитетінің ақпараты бойынша, 2010 жылдың соңғы айларында ғана Қазақстан аумағында 400-ден астам ресейлік кәсіпорын тіркелген көрінеді.
Министрдің атап өтуінше, Қазақстанның Кедендік одақтағы басқа әріптестеріне қарағанда салық саясатының біршама либералды болуы, әрі инвестициялық ахуалдың оңтайлылығы шетелдік капиталды тартуда үлкен мүмкіндік тудырып отыр. Сонымен қатар бірлескен кәсіпорын құру үшін де Кеден одағы елдерінен капитал тарту жайлы ахуал қалыптасқан. Өткен жылы Ресейден елімізге тартылған тікелей инвестиция көлемі 0,5 пайызға арта түскен.
Ағымдағы жылы жалпы сатылымдағы елімізде құрастырылған
автомобиль үлесі 20 пайызға дейін өседі
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж./ - Ағымдағы жылы Қазақстанда құрастырылған автомо-бильдердің үлесі елімізде сатылған жаңа көліктердің 20 пайызына дейін жетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау айтты.
«2009 жылы Қазақстанда құрастырылған автомобильдердің үлесі елімізде сатып алынған жаңа көліктердің жалпы санының 9,5 пайызын, 2010 жылы 13,5 пайызын құрады. Ағымдағы жыл біз 20 пайыздан асатын межеден шығамыз деп болжап отырмыз», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бұндай межеге егер мемлекеттік сатып алулар барысында елімізде құрастырылған автомобильдерді сатып алуға қандай да бір тосқауылдар қойылмаса жетуге болады.
/«Қазақстан» ТРК, 16.05.2011 ж., Н. Ахметова/ - Кеден одағы аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 27,2 пайызға, ал, Беларуссиямен сауда 55,8 пайызға артқан. Ал, Қазақстанның Ресейге экпорттаған тауар көлемі 40 пайызға өсті. Кеден одағы шеңберіндегі экономикалық интеграцияның алғашқы жемісі осындай.
Бұл бүгін «Нұр Отанның» Парламент Мәжілісіндегі фракция депутатарының қатысуымен өткен дөңгелек үстелде белгілі болды. Былтыр шілдеден бастап, Одақтың Кеден кодексі күшіне енді. 3 ел арасында кедендік рәсімдеу алынып тасталып, бизнес бірқатар жеңілдіктерге ие болды.
«Қазір бірыңғай кедендік тариф бойынша, елімізге сырттан әкелінетін 400 тауарға 3 жылдан 5 жылға дейін өтпелі кезең тағайындалған»,- деді экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова. Бүгінде Кеден одағы аясында барлық құқықтық база жасақталып бітті. Енді біртұтас экономикалық кеңістік бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Жанар Айтжанова, экономикалық интеграция жөніндегі министр
Бұл сауда жүйесі үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік-тарифтік саясатты іске асырады және одаққа мүше елдер арасында сауда айналымын арттыру үшін кедендік бекет, кедендік бақылау секілді кедергілерді болдырмайды. Биыл шілде айынан бастап, қазақ-орыс шекарасында тек шекаралық бақылау ғана қалатын болады.
Берік Бекжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
Сыртқа шығаратын өнімінің көлемі артқан. Бұл Кеден одағы жұмысының алғашқы жемісі. Біз экономиканы әлі де болса әртараптандырумыз керек, сол үшін еңбек өніміділігін арттыру және оның көлемін еселеу біздің Үкіметтің алдында тұрған үлкен жұмыстардың бірі.
Бірыңғай экономикалық кеңістік
құрудың екінші кезеңі аяқталуда
/«Хабар» агенттігі, 16.05.2011 ж./ - Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақ-стан-Ресей шекарасында шекаралық қызметтен басқа барлық кедендік бақылаулар жойы-лады.
Бүгін Үкімет мүшелері мен Мәжіліс депутаттары бас қосып кедендік одақ аясындағы мәслелерді тағы бір рет сүзгіден өткізді. Экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың екінші кезеңін қорытындылады. Алғашқы нәтижелерге сәйкес, өткен жылы Ресеймен өзара сауда айналым 27,2 пайызға, ал Беларусьпен 55,8 пайызға өскен. Кедендік Одаққа мүше мемлекеттермен еліміздің сыртқы сауда айналымы 28,1 пайызға ұлғайып 16,5 млрд долларға жетті. Бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 18,5 пайызы. Қазір Үкімет мүшелері 1 шілдеге дейін дайындық жұмыстарын жүргізіп, Парламент тиісті заң жобаларды ратификациялауда. Осы күнге дейін 42 заң жобасы қабылданып, Мәжілістің қарауында тағы 12, ал Сенатта 4 заң жобасы жатыр.
Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық интеграция жөніндегі министрі:
- Қазақстанның Ресей және Беларусьпен тауар айналымы 2010 жылы 40,3 пайызға өсіп, 18,1 млрд долларды құрады. Кеден одағына мүше елдермен импорт және экспорт құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Ресей тауарлары Қазақстан импортының 39 пайызын құрап отыр. Қазақстан дәстүрлі түрде мұнай және мұнай өнімдерін, өзге де пайдалы қазба байлықтарын металл және химиялық өнеркәсіп тауарларын тасымалдайды.
Берік Бекжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біздің сыртқа шығаратын өнімнің көлемі артып отыр бүгінгі таңда. Бұл енді Кедендік Одақтың алғашқы жемісі деп айтуға болады. Сол әр тарапты экономиканың өсімін көбейту, өнімін арттыру Үкіметтің негізгі мақсаты болып табылады. Әрине, ол үшін міндетті түрде жана айтылып отырған заң жобаларын ратификациядан өткізуіміз қажет.
«Нұр Отан» ХДП фракциясы «Кеден одағы
Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандырудың
қозғаушы күші» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
/«Parlam.kz», 16.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін «Кеден одағы Қазақстан Республикасы-ның экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Бұл шараны «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі ұйымдастырды.
ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова «Кеден одағы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар «Кедендік одақ жағдайында өнеркәсіптің дамуы» деген тақырыпта ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Павлович Рау баяндама жасады.
Дөңгелек үстел шеңберінде Кеден одағы жағдайында өнеркәсіпті, транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері мен Кеден одағының Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті дамытуға әсері туралы мәселелер талқыланды.
Бұл басқосуға Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев жетекшілік етті.
Сондай-ақ Кеден одағына қатысты мәселемен айналысатын бірқатар министрліктер мен ведомство жетекшілері мен өкілдері сөз сөйледі.
Отырыстың қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленетін болды.
Кеден одағының келешегі кемел
/«Егемен Қазақстан», 17.05.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Кеше «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен «Кеден одағы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Отырысқа Экономикалық саясат жөніндегі кеңес төрағасы Кенжеғали Сағадиев жетекшілік етті. Ал Экономикалық интеграция жөніндегі министр Жанар Айтжанова, Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау, Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов, Мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов, Көлік және коммуникациялар вице-министрі Азат Бектұров баяндама жасады.
Жалпы, еліміз өтпелі кезең ішінде 400 тауарлық позициялар бойынша кедендік салықтар ставкілеріне қосылуы бойынша 3 пен 5 жыл аралығындағы жеңілдіктерге ие болды. Мысалы, дәрі-дәрмек өндірісі мен құрал-жабдықтарды шығаруына 5 жылға арналған нөл пайыздық салық белгіленген. Бұл ретте біртұтас кедендік тариф 10-15 пайыз деңгейінде екені белгілі. Сол сияқты химиялық өнімдерге арналған шикізатқа 4 жылға арналған нөл пайыздық салық көзделіпті. Бұдан басқа техникалық реттеу, ветеринарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптарға қатысты халықаралық келісімдер бекітілген. Соның нәтижесінде тауарларға қойылатын талаптар құжаттары бір-біріне жарай беретін норма өмірге келгені мәлім.
Кеден одағының алғашқы нәтижелері көрсеткендей, 2010 жылы Ресеймен өзара сауда-саттық 27,2 пайызға, ал Белоруссиямен 55,8 пайызға өскен. Қазақстан өнімдерінің Ресейге экспорты 35,9 пайызға артқаны атап өтерлік. Сонымен, Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда 28,1 пайызға артып, 12,9 миллиард АҚШ долларынан 16,5 миллиард долларға дейін өсіп, Қазақстанның жалпы сауда айналымының 18,5 пайызын құраған. 2011 жылдың 1 тоқсанында еліміз бюджетіне түскен сырттан әкелінген тауарларға салынған салық өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 233,2 пайызға артқан. Бұл түсімнің 25,3 миллиард теңгеден 59 миллиардқа дейін өскендігін көрсетеді. Дөңгелек үстелде Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Серік Баймағанбетов, Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин және Кеден одағына қатысты мәселемен айналысатын бірқатар министрліктер мен ведомство өкілдері де сөз алды. Депутаттардың көптеген сұрақтарына жауап берілді. Отырыстың қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.
Экономикалық интеграция отандық
өнеркәсіпке қаншалықты ықпал етеді?
/«Айқын» газеті, 18.05.2011 ж., А. Шәріп/ - Еліміздің көшбасшы партиясы Елбасының ірі халықаралық экономикалық жобасы - Кеден одағының жұмысын жіті бақылап отыр. Осы орайда «Нұр Отанның» Парламенттегі фракциясы Үкіметтегі осы іске жауапты басты тұлға - Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованы шақырып, «Кеден одағы - Қазақстан экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» тақырыбында жиын өткізді. Басқосуды партияның парламенттік фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес ұйымдастырған екен, сондықтан оған Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы, академик Кенжеғали Сағадиев жетекшілік етті.
Жанар Сейдахметқызының сыртында, депутаттарға «Үштік одақтың» іске қосылуының отандық өнеркәсіпке қалай ықпал еткендігі турасында Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау баяндап берді. Сондай-ақ Кеден одағына қатысты мәселемен айналысатын бірқатар министрліктер мен ведомство жетекшілері және олардың өкілдері сөз сөйледі. Өкілетті жиынның қорытындылары бойынша алда Үкіметке тиісті ұсыныстар әзірленетін көрінеді.
Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың айтуынша, Кеден одағының құрылуы,ең алдымен, Қазақстан жүргізіп отырған сыртқы сауда саясатына, сонымен бірге ішкі шекарадағы кедендік әкімшілендіруге әсер еткен. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап, қазақтар, ресейліктер мен беларустер бірдей сыртқы сауда саясатын қолдануға кіріскен. Осы мақсатта 8 халықаралық келісім бекітілген, бір түркі және қос славян еліне ортақ Бірыңғай кедендік тариф және бірдей тарифтік емес шаралар қолданылатын тауарлардың Бірыңғай тізбесі қабылданған. Дамушы және дамуы артта қалған елдермен арадағы сауданың шарттары сәйкестендірілген. Қазір ТМД елдерімен арадағы алыс-берістердің тәртібі қалай болатындығы шешіліп жатқан көрінеді. Сондай-ақ Кеден одағы елдері қолданатын қорғаныштық және демпингке қарсы шараларды бірыңғайландыру жұмыстары аяқталып қалған. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап үш елдің ортақ Кеден кодексі күшіне мініпті, содан бері «Үштік одақтың» ұлттық ішкі шекараларында кедендік рәсімдеу жойылған.
Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі 2011 жылғы 1 шілдеге дейін, әзірше жеке тұлғалар үшін шетелден қолданыста болған жеңіл көліктерді әкелуге уақытша жеңілдік барлығын еске салды. Мұны АҚШ, Германия, Дубай сынды алыстағы жатжұрттардан «б/у» машиналарды айдап әкелумен айналысатын жігіттер жақсы біледі, сондықтан олар қазір қарқындарына қарқын қосып, сүрлігу үстінде. Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов депутаттарға биылғы жылдың тек үш айында ғана қазақстандықтардың шетелден ең кемі 43 мың жеңіл көлік әкеліп алғандарын мәлім етті. «Жеке тұлғалар әкелген автомобильдердің саны артты, - деп растады қаржы вице-министрі. - Егер өткен жылдың бірінші тоқсанында жеке тұлғалар 7600 автомобиль ғана әкелсе, ал, ағымдағы жылдың тек бірінші тоқсанында ғана аталған санатқа қатысушылар нарыққа шамамен 43 мың көлік әкелді. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл 5,5 есеге артық!» Ал, Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрінің мәліметінше, 2010 жылдың шілдесі мен 2011 жылдың наурызы аралығында (баж алымына қатысты жеңілдікті кезең басталғаннан бері) қазақстандықтар 85 262 көнерген жеңіл көлік тасып үлгерген екен. Қазақстандық қант зауыттарының әзірше «жағалары жайлауда». Жанар Сейдахметқызы өздерінің олар үшін 10 жылдық «өтпелі кезең» сұрап алғандарын, сол жылдар бойы отандық «құмшекер» шығарушылар шетелден қамыс-тростниктік қант шикізатын баж алымынсыз әкелуге құқылы екендігін хабарлады. «Бір атап өтер жайт, - деді министр ханым, - қазіргі уақытта елімізде қызылшадан қант өндіру үшін қажетті жеткілікті көлемде төл шикізаттық база жоқ».
Екіншіден, 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін қазақстандық және беларустік әуекомпа-нияларының әуе көліктерін бажсыз әкелуге мүмкіндігі бар. Егер қазір қамданбай, қапы қалса, екі жылдан соң олар ұшақтарды шетелден не қымбатқа тасуға, не ресейлік өнімдерді алуға міндет-теледі.
Үшіншіден, Елбасының Жаңа индустрияландыру саясатын сәтсіздікке ұшыратпау үшін әрі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында тұрақты негізде қызметтің басымдықты түрлерінде технологиялық құрал-жабдықтарды, олардың жинақтарын және запастық бөлшектерін, сондай-ақ өндірістік цикл үшін қажетті материалдар мен елімізде жоқ шикізатты Қазақстанға бажсыз әкелу мүмкіндігі Ресеймен және Беларусьпен келісіліпті.
Төртіншіден, Қазақстан өтпелі кезең (2010-2014 жылдар) үдерінде бірқатар тауарларға қатысты кедендік баждың барынша төмен ставкаларын қолдану құқын иеленді. Бұл тізімге алма, алмұрт, дәрі-дәрмек, медициналық техника, вагондар, химиялық, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі үшін шикізат, жылыжайлар және басқалар кіріпті.
Депутаттарды «Үштік одақтың» еліміздің өзге елдермен алыс-берісіне қалай ықпал еткендігі қызықтырған. «Кеден одағы құрылған кезден бері сыртқы сауда көлемі 2010 жылы 26,6%-ға, яғни 19,1 млрд долларға артты, - деді министр Жанар Айтжанова. - Сөйтіп, 90,6 млрд долларды құрады. Сыртқы сауда сальдосы 2010 жылдан бері оң болып табылады және 29 млрд долларды құрайды». Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрінің мәліметінше, қазақ елінің экспорты 2010 жылы 38,4%-ға артқан, бұл жерде экспорт көлемінің ұлғаюына әлемдегі мұнай мен қара металл құнының қымбаттауы ықпал етіпті: мәселен, тек «қара алтынның» бағасының өзі 38,8%-ға (бір тоннасы үшін 394,6 долларынан 548 долларға дейін) өскен. Ал ферроқорытпалардың орташа бағасы 24%-ға, болат илем-прокаттарының құны бірден 31,8%-ға көтерілген екен. Сырттан тасыған импортымыз да 8,4%-ға көбейіпті.
Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Кеден одағының іске қосылуымен бірге қазақ елінің «сыртқы сауда жағрафиясы» көп өзгермегендігін мойындады. «2010 жылы Қазақстанның негізгі сауда әріптесі болып Еуроодақ елдері, Ресей және Қытай қалуда, - деді Жанар Сейдахметқызы, - қазақстандық тауарларды негізгі сатып алушылар ЕО елдері (51,4%, 30,8 млрд доллар), Қытай (16,9%, 10,1 млрд доллар) және Ресей (9%, 5,4 млрд доллар) болып табылады. Қазақстанға тауар Ресейден (39%, 12,1 млрд доллар), ЕО (23,5%, 7,2 млрд доллар) және Қытайдан (12,9%, 3,9 млрд доллар) жеткізіледі» деді министр ханым. Әйткенмен, Кеден одағының әсері де байқала бастады. 2010 жылы Қазақстанның Ресеймен және Беларусьпен тауар айналымы 40,3%-ға артыпты және 18,1 млрд долларды құраған көрінеді.
Ең бастысы, министр ханымның байламынша, Кеден одағы құрылып, импортқа кедендік баж ставкаларының көтерілуі отандық өнеркәсіптің дамуына жақсы түрткі болыпты. Мәселен, болат тұрба-құбырларды сырттан әкелуге кедендік бажды 0%-дан 15%-20%-ға арттыру олардың өз еліміздегі өндірісінің бірден 58,6%-ға серпінді өсуіне әкелген! «Бұл ретте оның экспорты 2010 жылы 6 есе өсті» дейді Ж.Айтжанова. ҮИИД бағдарламасы аясында бұл салада «АтырауФлоулайн» және «KSP Steel» компаниялары 2 жобаны іске асыруда. Бұған қоса, мәселен, электрлі қорғасындық-қышқылды аккумуляторлардың отандық өндірісі, олардың шетелдік аналогтарын тасуға баж алымы 5%-дан 15%-ға көтерілгеннен бері, бірден 73,7%-ға, ал, экспорты 13%-ға артыпты! Қазір елімізде осы салада 2 зауыт бар, ҮИИД бағдарламасы аясында «Ақтөбемұнайқаржы» компаниясы тағы бір жобаны қолға алыпты. Мұндай мысалдар жетерлік. Оларды министр Ж.Айтжанова термелеп шықты.
Демек, сырттан арзан өнімді тасуға тоспа құрылып, бәсекелестік шарттары қатайтылған жағдайда қазақстандық бизнесмендер болаттай шыныға, ширыға бастағанға ұқсайды.
Кеден одағы: өзара сауда-саттық өсiп келедi
/«Дала мен қала» газет, 21.05.2011 ж., Е. Досымбай/ - «Нұр Отан» ХДП-ның Парла-мент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңестің ұйым-дастыруымен «Кеден одағы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптан-дырудың қозғаушы күші» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.
Кеден одағына қатысты мәселемен айналысатын бірқатар министрліктер және ведомство жетекшілері мен өкілдері баяндама жасап, Кеден одағы жағдайында өнеркәсіпті, транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері мен одақтың еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға әсері туралы мәселелер талқыланған бұл басқосуға Экономикалық саясат жөніндегі кеңес төрағасы Кенжеғали Сағадиев жетекшілік етті. Өткен жылдың соңғы айларында елімізде 400-ден астам ресейлік кәсіпорын тіркеліпті. Экономикалық интеграция істер жөніндегі министр Жанар Айтжанованың айтуынша, Қазақстанның Кедендік одақтағы басқа әріптестеріне қарағанда салық саясатының біршама либералды болуы әрі инвестициялық ахуалдың оңтайлылығы шетелдік капитал тартуда үлкен мүмкіндік тудырып отыр. Бірлескен кәсіпорын құру үшін де Кеден одағы елдерінен капитал тартуға жайлы ахуал қалыптасқан. Сондай-ақ, министр өткен жылы Ресейден елімізге тартылған тікелей инвестиция көлемі 0,5 пайызға арта түскенін атап өтті. Кеден одағының алғашқы нәтижелері көрсеткендей, 2010 жылы Ресеймен өзара сауда-саттық 27,2 пайызға, ал Белоруссиямен 55,8 пайызға өскен. Қазақстан өнімдерінің Ресейге экспорты 35,9 пайызға артқан. Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда 28,1 пайызға артып, 12,9 миллиард АҚШ долларынан 16,5 миллиард долларға дейін өскен. Биылдың 1 тоқсанында еліміз бюджетіне түскен сырттан әкелінген тауарларға баж салығы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 233,2 пайызға артқан. Ал, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау «Кедендік одақ жағдайында өнеркәсіптің дамуы» деген тақырыпта жасаған баяндамасында Қазақстанда құрастырылған автомобильдердің үлесі елімізде сатылған жаңа көліктердің 20 пайызына дейін жеткенін айтып өтті. «2009 жылы Қазақстанда құрастырылған автомобильдердің үлесі елімізде сатып алынған жаңа көліктердің жалпы санының 9,5 пайызын, 2010 жылы 13,5 пайызын құрады. Ағымдағы жыл біз 20 пайыздан асатын межеден шығамыз деп болжап отырмыз», – деді вице-министр. Биыл жеке тұлғалар әкелген көлік саны да артып отыр. Қаржы вице-министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, өткен жылдың бірінші тоқсанында жеке тұлғалар 7600 автомобиль әкелсе, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында шамамен 43 мың көлік әкелінген. Сондай-ақ, вице-министрдің айтуына қарағанда, Ресей мен Беларус елдерінен үшінші мемлекетке импортталатын тауарлар 1,7 есеге өсіп, 79 миллион АҚШ долларын құраған. Дөңгелек үстел барысында Мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов «Кеден одағы жағдайындағы мұнай және газ бойынша келісімдер» жөнінде баяндаса, Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров транзиттік көлік әлеуетін дамыту жайында сөз қозғады. Баяндамашылар депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.
Қазақтар қызылша өсіре алмай ма?
/«Айқын» газеті, 21.05.2011 ж., Қ. Қонысбай/ - «Нұр Отанның» Парламенттегі фрак-циясы ұйымдастырған «Кеден одағы - Қазақстан экономикасын әртараптандырудың қозғаушы күші» тақырыбымен өткен жиында Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова қазақстандық қант зауыттарының «жағасы жайлауда» екенін айтып қалды. Сондай-ақ министр ханым «қазіргі уақытта елімізде қызылшадан қант өндіру үшін жеткілікті көлемде қажетті шикізаттық база жоқ» деп нықтады.
Бұдан екі жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 2009 жылдың 26 ақпанында Мәжіліс депутаты Ермұханбет Омаров Үкімет басшысының атына елімізде тап осы қант қызылшасын өндіру және қайта өңдеу көлемін ұлғайту жөнінде депутаттық сауал жолдаған еді. Оған жауап қай кезде берілді дейсіз ғой? Екі егіс маусымы өткен соң немесе 1 жыл 8 ай, нақты айтсақ, 576 күннен кейін 2010 жылдың 22 қазанында! Тереңірек ойланып, мерзімге мән беретін болсақ, Елбасы қанша шырылдағанына қарамастан, ел экономикасын дамытудың көп мүмкіндіктері әлі әртүрлі деңгейдегі «кеңселерде көміліп» жатқанын пайымдау қиын емес. Неге дейсіз ғой? Қарапайым халықты былай қойғанда, сол халықтың атынан өкілеттілік берілген қалаулылардың өзі, жеке ісі емес, ауыл шаруашылығының, оның ішінде де күнделікті тұтынатын азық-түлікке байланысты бүкіл бір саланы дамытуға байланысты депутаттық сауалына жауап ала алмай отырса, шағын кәсіпкерлер мен шаруалардың «шықпай жүрген жанына шүкіршілік» деместен басқа амал жоқ!
Жиырма жыл бұрын, еліміз тәуелсіздігін жариялағанға дейін Қазақстанда 80 мыңнан аса, соның ішінде Жетісу өңірінде - 39 мың, Жамбыл облысында - 42 мың гектар жерде тәтті түбір өсіріліп, әр гектардан орташа 270 - 300 центнерге дейін өнім алынды. Жылдық қуаты 840 мың тоннаны құрайтын 7 қант зауыты жұмыс істеді. Қазір сол қуаттылықтың тең жартысына жуығы ғана жұмыс істеп тұр. Экономикалық сарапшылардың мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде Қазақстандағы қанттың 95 пайызы сырттан әкелінетін қант құрағынан, қалған 5,0 пайызы ғана отандық қант қызылшасынан өндіріледі екен. Бұл қаншама мүмкіндік бар екеніне қарамастан, отандық қант өндірісінің дамуы мен оның бағасы импорттық шикізатқа тәуелді болып отырғанын көрсетеді. Ал әлемдік нарықта қант құрағының бағасы жоғары болғандықтан, одан өндірілетін қанттың бағасы да жылдан-жылға өсіп барады. Біздің атқарушы билік болса, бағаны қанша «бұғаулаймыз» дегенімен, қант зауыттарындағы казіргі шикізат тапшылығын сылтауратып, қант құрағының импортына кедендік баж алымын енгізуді тиімсіз деп отыр. Сонда, онсыз да жалақысы мен зейнетақысы әртүрлі төлемдерден әрең ауысатын қарапайым халыққа осылай қымбат қантты ұсына бермекпіз бе? Екінші жағынан, қант қызылшасын өсіруге деген құлшыныстың бәсеңдеуіне де сол қант құрағына кедендік баж алымын енгізбеу әсер етіп отырған жоқ па? Оның орнына, қазіргі бар қант зауыттарының қуаттылығы толық жұмыс істейтіндей мөлшерде қант қызылшасын өсіруге неге көңіл бөлмейміз?
Үкімет басшысы «ештен кеш жақсы» дегендей, 576 күн өткен соң берген жауабында «...девальвация әсерінен бірталай азық-түлік түрлерінің, оның ішінде қанттың бағасы қымбаттаған. Бұдан басқа, импорттық шикізаттардың мәміле жасалған көлемі және де шетел валютасымен алынған несиелердің болуы - соңғы өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді. Осы себептен қант құрағы шикізатының импортына кедендік баж алымын енгізу қант бағасының көтерілуіне әcepін тигізеді» депті.
Біздің кеш болса да бұл пікірлерді «еске алып» отырғанымыздың мәнісі сол, әлі күнге теңгенің бір түнде «қолдан құнсыздандырылғаны» макроэкономикалық жағдайды жақсарту үшін жасалды деген пікір басым. Сонда, «бағаны бақылаймыз, тұрақтандырамыз» дегеннің бәрі құр сөз бе? Әлде, қазақ қызылша өсіре алмай ма? Жоқ, тіпті де олай емес! Бұрын экономикалық тұрғыдан аса тиімді саналатын осы бір техникалық дақылды өсірудің мол тәжірибесін жинаған диқандарымыз, бас-аяғы жиырма жылдың ішінде оны ұмытуы мүмкін емес. Жерді жаппай жекешелендіріп, әр шаруа «бас-басына би болған» бүгінгі күні тек бұл істі дұрыс ұйымдастыру мен Үкіметтің тиісті қамқорлығы жетіспейтін сияқты. Әр жылы қомақты демеуқаржы бөлінгенімен, оның да басым бөлігі алқапқа жетпей, жемқорлардың жемсауына түсіп жатыр.
Мен өзім үш жыл бойы Алматы облысының Талғар ауданында қызылша өсірумен айналысып көрдім. Бұл өзі - өсіп шыққанша өте нәзік, механикаландырылған жұмысты және суды көбірек талап ететін дақыл екен. Кемінде 5-6 рет суару керек. Егер уақтылы арамшөптен тазартып, жапырақ жайып кетсе, тек суарып отырсаң болғаны, әр гектардан кемінде 250 центнерден өнім алуға болатынын өз тәжірибемде көрдім. 10 гектар жерден 250 тонна өнім алсаңыз, оның әр тоннасын қант зауыттары кемінде 10 мың теңгеден сатып алады. Ол 25 миллион теңге ақша болады. Бірақ оның 15 миллион теңгесі шығындарға жұмсалады. Сонда да 40 пайыз таза табыс болады. Бұл аз нәтиже емес! Бірақ жеке шаруаның қолында не техника, не қаржы жоқ. Ал суару жүйелері түгелдей дерлік жекенің қолында болғандықтан, олар судың тиімді пайдаланылғанын емес, өздерінің жеке пайдасын ғана ойлайды. Қысқасы, құзырлы ұйымдар шаруа қожалықтарын ірілендіруге көңіл бөлмегендіктен, бұл іс әбден тұралап тұр.
Бұқаралық ақпарат құралдарына
арналған ақпарат
/«Parlam.kz», 17.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Қазақстандық парламентшілер Нюрнберг процесінің 65 жылдыңына арналған халықаралық конференцияға қатысты.
Кеше Санкт-Петербургте болған шарада қазақстандық делегацияны бастап келген Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов сөз сөйледі.
Адамзатқа қарсы жасалған фашизм идеологиясын айыптауда Нюрнберг процесінің тарихи маңызын атап өте келіп, сенатор Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын қайта қарауға талпыныстардың қажетсіздігін атап өтті.
Қ.Сұлтанов айтқандай, Ұлы Отан соғысының майдандарында миллионнан астам қазақстандықтар жанқиярлықпен соғысты. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар Мәскеуді, Ленинградты, Брест қамалын, Станлиградты қорғауға, Курск доғасына, Харьков бағытында және майданның басқа да бағыттарында аяусыз шайқастарға қатысты. Санкт-Петербург пен Берлинде Кеңес Одағының батырлары С.Баймағамбетов, Ә.Молдағұлова, Р.Қошқарбаев есімдері берілген көшелер бар.
Нюрнберг процестерінде нығайту және қолдау мәселелеріне қатысты Қ.Сұлтанов ұлтшылдық пен неофашизмқа қарсы тұруға ықпал ететін жаңа құқықтық тетіктер қалыптастыру қажеттігін айтты.
Қазақстан парламентшілері Нюрнберг конференциясының
65 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты
/«ҚазАқпарат», 17.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Қазақстан парламентшілері Нюрн-берг конференциясының 65 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеше Санкт-Петербор қаласында өткен халықаралық шара барысында қазақстандық делегация басшысы, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов баяндама жасады. Өз сөзінде сенатор Нюрнберг процесінің фашизм идеологиясын, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын айыптайтын тарихи мәніне тоқтала келе, Екінші дүниежүзілік соғыс қорытындыларын қайта қарау әрекеттеріне жол бермеу керектігін атап өтті. Қ. Сұлтановтың айтуынша, Ұлы Отан соғысының майданында миллионнан астам қазақстандықтар жан аямай күресті. Қазақстаннан жасақталған әскерилер Мәскеуді, Ленинградты, Брест қамалын, Сталинградты қорғау үшін ерлікпен айқасты, майданның барлық желісінде, негізгі ұрыс бағыттарының барлық шебінде ерен ерлік көрсетті. Кеңес Одағының Батырлары С.Баймағамбетов, Ә.Молдағұлова, Халық қаһарманы Р.Қошқарбаев сынды ержүрек қазақ жауынгерлерінің есімдері Санкт-Петербор мен Берлин қаласындағы көшелерге берілді.
Өз сөзі барысында Нюрнберг процесін нығайту мен қолдау мәселесіне тоқтала келе сенатор Қ. Сұлтанов, ұлтшылдық пен неофашизмге қарсы тұруға жәрдемдесетін жаңа құқықтық құралдарды қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
/«Егемен Қазақстан», 21.05.2011 ж./ - Қазақстандық парламентшілер Нюрнберг процесінің 65 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Санкт-Петербургте болған шарада Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов сөз сөйледі.
Адамзатқа қарсы жасалған фашизм идеологиясын айыптауда Нюрнберг процесінің тарихи маңызын атап өте келіп, сенатор екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын қайта қарауға талпыныстардың қажетсіздігін атап өтті. Қ.Сұлтанов атап өткендей, Ұлы Отан соғысында миллионнан астам қазақстандықтар жауға қарсы жанқиярлықпен соғысты. Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар Мәскеуді, Ленинградты, Брест қамалын қорғауға, Курск доғасына, Харьков бағытындағы және басқа да майдандардағы шайқастарға қатысты. Санкт-Петербург пен Берлинде Кеңес Одағының Батырлары С.Баймағамбетов, Ә.Молдағұлова, Қазақстанның Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаев есімдері берілген көшелер бар. Сондықтан ұлтшылдық пен неофашизмге қарсы тұруға ықпал ететін жаңа құқықтық тетіктер қалыптастыру қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарына
арналған ақпарат
/«Parlam.kz», 17.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Қазақстан Республикасындағы құқықтық статистиканы қалыптастыру және одан әрі жетілдіру мәселелері бүгін Парламент Сенатында Заңнамалық және құқықтық мәселелер комитетінің бастамасымен болған дөңгелек үстел отырысында талқыланды.
Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Сот, прокуратура, юстиция, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, басқа да мемлекеттік орандардың өкілдері, ғалымдар қатысқан талқылауды аша келіп, Комитет төрағасы Берік Имашев мемлекеттік құқықтық статистика мәліметтеріне толықтай және мезгілінде қол жеткізуді қамтамасыз етуге назар аударды.
«Бұл азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ биліктің беделін арттыру үшін қажет»,-деп атап өтті.
Б.Имашев атап өткендей, құқықтық статистиканы талдау негізінде әзірленген ғылыми болжам заң шығару, құқық қорғау және сот органдарымен бірге басқа да мемлекеттік билік тармақтарының жұмысына қажет болып отыр.
Осыған байланысты Б.Имашев кестелер мен диаграммалары бар статистикалық мәліметтер берілетін, қылмыстардың Ақ кітабы жыл сайын шығатын Жапонияның тәжірибесін алға тартты. Қылмысты алдын ала ескерту ісіне жұртшылықты тарту үшін жапонның мемлекеттік органдары халықпен үнқатысуды қолдауға және қылмыспен күрес саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауды күшейтуге бағытталған белсенді жұмысты жалғастырып келеді.
Құқық қорғау органдарының құқықтық статистика мәліметтерінің өңін айналдыру мәселелеріне қатысты сенатор Бас прокуратура жүйесіндегі шағымдар есебінің электронды кітабы (ШЕК) туралы оң пікірін білдірді.
Дөңгелек үстелге қарауға ұсынылған мәселелерді айта келіп, Б.Имашев құқықтық статистика органдарының қызметіндегі олқылықтарды жою үшін жан-жақты, кешенді түрдегі кәсіби қадамдар керектігі, сонымен бірге құқықтық статистика жүйесіне жатпайтын органдар мен адамдардың қатысқаны жөн екенін атап өтті.
Шараға қатысушыларға арнаған сөзінде палата төрағасының орынбасары Александр Судьин құқықтық статистика органдарының алдында тұрған жаңа міндеттер құқық қорғау жүйесінің қызметін реформалау және құқықтық кеңістікті жетілдірумен екенін атап өтті.
Төраға орынбасары атап өткендей, Мемлекет басшысы қазақстандық құқықтық статистика жүйесін жетілдіру қажеттігін айта отырып, сала жұмысындағы бағдарламалық құжаттарда заңдылық пен құқықтық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде сапалық тұрғыдағы жаңа талаптар белгілеген болатын.
«Құқықтық статистика ақпараты құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігі мен сапасын бағалаудағы басты негіз болуы тиіс»,-деді А.Судьин және ол заң шығару үдерісінде шынайы, толық, сапалы және дәл құқықтық ақпараттың маңызды екенін атап өтті.
Төраға орынбасарының айтуынша, құқық бұзушылықтың кейбір түрлерінің таралуы туралы ақпараттардың болуы, қолданыстағы заңнаманың кейбір ережелерінің өмірге қабілеттілігі, құқықтық өзгерістерді болжау заң негізінің уақыт талабына сай болуына ықпал етеді. Құқықтық статистиканы одан әрі дамыту мәселелерін шешу туралы өз ойларын орта сала келіп, А.Судьин осы институттың құқық қолдану тәжірибесін жақсарту, заң ғылымдарын дамытуда маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстел отырысында Президент Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі А.Шпекбаев, Бас прокурордың орынбасары И.Меркель, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ө.Мизанбаев, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Р.Ибрайымов, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы М.Ахметжанов, Жоғарғы Сот жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ж.Әбдиев сөз сөйлеп, депутаттардың сауалдарына жауап берді.
Талқылауды қорытындылай келіп, Б.Имашев мемлекеттік құқықтық статистика жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар әзірлеу үшін дөңгелек үстелдің маңыздылығын атап өтті.
Сенатор сондай-ақ талқылау барысында айтылған жаңа ұсыныстарды мүдделі мемлекеттік органдар одан әрі пысықтайтынын атап өтті.
Сенаторлар құқықтық статистиканы
жетілдіру мәселелерін талқылады
/«ҚазАқпарат», 17.05.2011 ж, Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатында Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің бастамасымен Қазақстан Республикасындағы құқықтық статистиканың қалыптасуы және саланы одан әрі жетілдіру мәселелері тақырыбында дөңгелек үстел жиыны болып өтті.
Жиынды ашып сөз сөйлеген Комитет төрағасы Берік Имашев мемлекеттік құқықтық статистика мәліметтеріне толыққанды және уақытылы қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. «Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мен ұйымдастыру мақсатын, сондай-ақ мемлекеттік биліктің имиджін арттыруға қажетті шара болып табылады», - деді Б. Имашев. Оның айтуынша, құқықтық статистикалық ақпарат сараптамасы негізінде әзірленген ғылыми болжамдар құқық қорғау саласы мен сот жүйесін қоса алғанда заң шығарушы органның, сонымен қатар мемлекеттік биліктің басқа да тармағы үшін аса қажетті. Бұдан бөлек, жиынның талқысына шығарылып отырған мәселелерге тоқтала келе Б. Имашев, құқықтық статистика саласында орын алып отырған олқылықтарды жою үшін бұл бағытта терең, кешенді әрі кәсіби қадамдар қажет екендігін атап өтті. «Оның ішінде құқықтық статистика жүйесіне кірмейтін мемлекеттік органдар мен жауапты тұлғаларды қатыстыра отырып, саланы жандандыру шараларын атқарған орынды», - деді комитет төрағасы.
Жиын барысында ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Конституциялық Кеңес өкілдері, әділет, ұлттық қауіпсіздік салаларының, қаржы полициясының және басқа да органдардың жауапты қызметкерлері құқықтық статистиканы жетілдіру мәселесі тұрғысында өз ойларын ортаға салды. Басқосу барысында көтерілген мәселелер мемлекеттік құқықтық статистика жүйесін жетілдіру бойынша нақты шаралар әзірлеу барысында ескерілетін болады.
Құқықтық статистикалық ақпарат құқық қорғау органдарының
жұмысын бағалаудың өзегі болуы тиіс - А. Судьин
/«ҚазАқпарат», 17.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Құқықтық статистикалық ақпарат құқық қорғау органдарының жұмысын бағалаудың өзегі болуы тиіс.
Бүгін ҚР Парламенті Сенатында Қазақстан Республикасындағы құқықтық статистиканың қалыптасуы және саланы одан әрі жетілдіру мәселелері тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Палата төрағасының орынбасары Александр Судьин осылай мәлім етті.
Жиынға қатысушыларға құттықтау сөзін арнаған вице-спикер Александр Судьин, құқықтық статистика саласындағы жаңа міндеттер ауқымына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұндай міндеттер негізінен құқық қорғау жүйесінің қызметін реформалау, құқықтық кеңістікті жетілдіру аясында қабысып жүргізілуі шарт. «Мемлекет басшысы заңдылық режимі мен құқықтық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық құжаттар қызметіне жаңа сапалы талаптарды айқындай келе, қазақстандық құқықтық статистиканы жетілдіру қажеттігін бірнеше мәрте атап өткен болатын. Жалпы, құқықтық ақпараттық статистика құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігі мен сапасын бағалаудың ең басты өзегі болып табылады. Бұдан бөлек, объективті, толыққанды, сенімді әрі сапалы құқықтық статистика заң шығармашылығы үдерісінде де маңызды орын алады», - деді вице-спикер.
Сөз арасында құқықтық саланы дамыту бойынша өз ойын ортаға салған А. Судьин, аталған институттың құқық қолдану практикасы мен құқықтық ғылымды дамытудағы маңыздылығын да атап өтті.
Ақмола облысында «Біз Қазақстанның балаларымыз!»
балалар слеті басталды
/«Хабар» агенттігі, 17.05.2011 ж./ - Ақмола облысының Степногорск қаласында «Біз Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты республикалық балалар слеті өз жұмысын бастады.
«Жұлдыз» балалар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен өткізіліп отырған бұл шараға еліміздің барлық өңірінен 17 балалар қоғамдық брелістігінің көшбасшысы қатысты. Жыл сайын өтетін балалар слетін - жастардың сұхбат алаңы десе болады. 3 күн бойы олар бала тәрбиесіндегі туындайтын түйткілдерді талқылап, өздерінің ойларымен бөліседі. Жиын балалардың еркін пікір алмасу түрінде өтеді. Слеттің алғашқы күнінде қоғамдық бірлестіктердің көшбасшылары бос уақытты қалай тиімді пайдалану қажеттігі туралы өздерінің жұмыс тәсілдерін ортаға салды.
Гүлсезім Қыдырсихова, «Нұртамшы» балалар қоғамдық бірлестігнің өкілі /Атырау облысы/:
- Біз 4 бағытта бөлініп жұмыс жасаймыз, оның ішінде экоклуб та бар, мысалы, біз күні кеше өткен Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай Қызыл шеңбер жобасы бойынша, Ұлы Отан соғысынан хабар-ошарсыз кеткен боздақтарымыз жайлы мәліметтер жинадық, ол кісілердің үйлеріне барып, ол кісілерге не жетпей жатыр, осы неде тағы қандай көмектеріміз керек? Сол жайлы пікір алмастық.
Слетте балалар Елбасының балалар қоғамдық қозғалысын құру жөніндегі тапсырмасын толығымен қолдайтындарын жеткізді. Болашақта «Жас қыран» немесе «Жас Ұланның» қандай бағытта жұмыс жасау керектігін талқылады.
Дастан Беков, слетке қатысушы /Семей/:
- Қазіргі заманда көп балалар компьютер ойнап, кітап оқымай кетеді, өздерінің білімін арттырмайды, мен осы ұйымға айтарым, олар балаларды бір қызықты-қызықты ойындар тауып, кітап оқуға, үлкен кісілерге көмектесуге сосын айтар едім. Ата-аналарсыз қалған балаларды олар, бауырлар қылып өзімен бірге жүргізіп, и оларды үйретіп. Өйткені, олар әке-шешелері жоқ болғандықтан олармен бірге дұрыстап тіл табысу керек. Оларды өз білген нәрсеге үйрету керек.
Бақыт Сыздықова, ҚР Мәжілісі Парламентінің депутаты:
- Бүгінде біз депутаттар қауымы балалар қоғамдық бірлестігін қолдау жөнінде мәселені қарастырып жатырмыз. Әрине, бізде жастар саясаты жөнінде заң бар. Ал, дамыған елдерде балалар қоғамдық бірлестігін қолдайтын арнайы заң бар. Бұл бағытта бүгін біз балалардың әртүрлі ұсыныстарын тыңдадық, мұның барлығы болашақта ескеріледі.
Балалардың республикалық слеті үш күнге жалғасады. Онда шеберлік дәрістер оқылып, патриоттық тәрбие тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Үздік балалар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшылары тәжірибелерімен бөліседі.
Қазақстан мен Италия арасындағы
ынтымақтастық байланыс серпінді дамуда
/«Parlam.kz», 19.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бруно Антонио ПАСКУИНО мырзаны қабылдады.
Айта кету керек, бұл жүздесу Италия елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты өтіп отыр. Ол 2006 жылы желтоқсан айында осы қызметке тағайындалған болатын.
«Қазақстанда елші болып қызмет істеуде маған ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Үнемі қолдау мен көмекке ие болдым. Қазақ елін барынша танып-білуге тырыстым. Көп мағлұмат алдым. Бұл ел алдағы уақытта да мен үшін ыстық болып қала бермек. Тіпті менің Италиядағы үйімнің қарсы бетінде Қазақстан елшілігі орналасқан. Күнде таңертең тұрғанда желбіреп тұрған Қазақстанның көк туын көремін»,-деді Б.А.ПАСКУИНО мырза.
Мәжіліс Төрағасы елшінің қос мемлекетке сіңірген еңбегін жоғары бағалайтынын айта келіп, Қазақстан елі мен халқына білдірген жылы лебізі үшін ризашылығын жеткізді.
«Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық байланыс барлық сала бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Бұған екі елдің басшылары өткізген кездесулер, жасасқан келісім шарттар серпін беріп отыр. Сонымен қатар екі елдің достық байланысы арта түсуіне Қазақстанның Италиядағы елшісінің және Италияның Қазақстандағы елшісі – Сіздің қосқан үлесіңіз бар. Өйткені біздің бабаларымыз ерте заманда-ақ «Елдестірмек – елшіден» деп аталы сөз айтып кеткен»,- деді Орал Мұхамеджанов.
Қазақстанның барлық ынтымақтастық байланыс жасайтын елдерінің арасында сауда айналымы бойынша 2010 жылы Италия екінші орынға шықты. Бірінші орында Қытай келеді. Қазақстан мен Италия арасындағы өзара тауар айналымы 2010 жылы арғы жылмен салыстырғанда 29 пайызға өскен. Яғни, екі елдің өзара тауар айналымы 11,1 млрд. АҚШ долларын құрады.
1994 жылдан бастап Италияның Қазақстанға салған инвестициясының жалпы көлемі 5 млрд. АҚШ долларынан асады. Ал 2010 жылғы инвестиция көлемі 609,8 млн. АҚШ доллары болды. Сондай-ақ Қазақстанның Италия экономикасына салған инвестициясы 1,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде болып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 100 италиялық кәсіпорын және 250-ден астам бірлескен компания жұмыс істеуде. Ынтымақтастық барлық салада дамуда. Атап айтқанда, пайдалы қазбалар кен орындарын бірге пайдалануда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамытуда, ауыл шаруашылығы машиналарын шығаруда, энергетика мен халық тұтынатын тауарларды шығаруда бірлескен жобалар жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан мен Италия арасындағы парламентаралық байланыс тұрақты дамып келеді. Кездесуде екі елдің депутаттары арасындағы қарым-қатынасты жандандыра түсу мәселесі сөз болды. Айталық, Мәжілісте 33 депутаттан тұратын достық тобы бар. Ол топтың мақсаты – екі елдің байланысы дамуына ықпал ету және заң шығару органының тәжірибесімен алмасу.
Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы елшіге алдағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.
Парламент Мәжілісінің Төрағасы
Италияның Қазақстандағы елшісін қабылдады
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бруно Антонио Паскиуно мырзаны қабылдады.
Айта кету керек, бұл жүздесу Италия елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты өтіп отыр. Ол 2006 жылы желтоқсан айында осы қызметке тағайындалған болатын.
«Қазақстанда елші болып қызмет істеуде маған ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Үнемі қолдау мен көмекке ие болдым. Қазақ елін барынша танып-білуге тырыстым. Көп мағлұмат алдым. Бұл ел алдағы уақытта да мен үшін ыстық болып қала бермек. Тіпті менің Италиядағы үйімнің қарсы бетінде Қазақстан елшілігі орналасқан. Күнде таңертең тұрғанда желбіреп тұрған Қазақстанның көк туын көремін»,-деді Б.А.ПАСКУИНО мырза.
Мәжіліс Төрағасы елшінің қос мемлекетке сіңірген еңбегін жоғары бағалайтынын айта келіп, Қазақстан елі мен халқына білдірген жылы лебізі үшін ризашылығын жеткізді.
«Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық байланыс барлық сала бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Бұған екі елдің басшылары өткізген кездесулер, жасасқан келісім шарттар серпін беріп отыр. Сонымен қатар екі елдің достық байланысы арта түсуіне Қазақстанның Италиядағы елшісінің және Италияның Қазақстандағы елшісі - Сіздің қосқан үлесіңіз бар. Өйткені біздің бабаларымыз ерте заманда-ақ «Елдестірмек - елшіден» деп аталы сөз айтып кеткен»,- деді Орал Мұхамеджанов.
1994 жылдан бастап Италияның Қазақстанға салған инвестициясының жалпы көлемі 5 млрд АҚШ долларынан асады. Ал 2010 жылғы инвестиция көлемі 609,8 млн. АҚШ доллары болды. Сондай-ақ Қазақстанның Италия экономикасына салған инвестициясы 1,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде болып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 100 италиялық кәсіпорын және 250-ден астам бірлескен компания жұмыс істеуде. Ынтымақтастық барлық салада дамуда. Атап айтқанда, пайдалы қазбалар кен орындарын бірге пайдалануда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамытуда, ауыл шаруашылығы машиналарын шығаруда, энергетика мен халық тұтынатын тауарларды шығаруда бірлескен жобалар жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан мен Италия арасындағы парламентаралық байланыс тұрақты дамып келеді. Кездесуде екі елдің депутаттары арасындағы қарым-қатынасты жандандыра түсу мәселесі сөз болды. Айталық, Мәжілісте 33 депутаттан тұратын достық тобы бар. Ол топтың мақсаты - екі елдің байланысы дамуына ықпал ету және заң шығару органының тәжірибесімен алмасу.
Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы елшіге алдағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.
/«Қазақстан» ТРК, 19.05.2011 ж., Е. Таңатқанұлы/ - Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бүгін Италияның елшісі Бруно Антонио Паскуиноны қабылдады. Төменгі палата төрағасы өз сөзінде: «Дипломат Паскуино - Италияны қазақ елінің Еуропадағы маңызды саяси-экономикалық әріптесіне айналуына көп еңбек сіңірді», деп атап өтті. Тараптар қос мемлекет арасындағы байланыстың сенімді әрі қалыпты дамып келе жатқанын тілге тиек етті.
Жылы рәуіштегі жүздесу
/«Егемен Қазақстан», 20.05.2011 ж./ - Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Италия Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Бруно Антонио Паскуиноны қабылдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Бұл жүздесу Италия елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты өтіп отыр. 2006 жылы желтоқсан айында осы қызметке тағайындалған ол елімізге бауыр басып қалғанын да жасырмады.
«Қазақстанда елші болып қызмет істеуде маған ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Үнемі қолдау мен көмекке ие болдым. Қазақ елін барынша танып-білуге тырыстым. Көп мағлұмат алдым. Бұл ел алдағы уақытта да мен үшін ыстық болып қала бермек. Тіпті менің Италиядағы үйімнің қарсы бетінде Қазақстан елшілігі орналасқан. Күнде таңертең тұрғанда желбіреп тұрған Қазақстанның көк туын көремін», – деді Б.А.Паскуино ағынан жарылып.
Мәжіліс Төрағасы елшінің қос мемлекетке сіңірген еңбегін жоғары бағалайтынын айта келіп, Қазақстан елі мен халқына білдірген жылы лебізі үшін ризашылығын жеткізді. Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық байланыс барлық сала бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Бұған екі елдің басшылары өткізген кездесулер, жасасқан келісім-шарттар серпін беріп отыр. Сонымен қатар, екі елдің достық байланысы арта түсуіне Қазақстанның Италиядағы елшісінің және Италияның Қазақстандағы елшісі – Сіздің қосқан үлесіңіз бар. Өйткені, біздің бабаларымыз ерте заманда-ақ «Елдестірмек – елшіден» деп аталы сөз айтып кеткен – деді Орал Мұхамеджанов.
Көші-қон барысын реттеу механизмі жайында бас қосты
/«Parlam.kz», 19.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламен-ті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдастыруымен «Көші-қон барысын реттеу механизмі-халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнама» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев пен Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрайымы Динар Нөкетаева, Еуропалық Одақ делегациясының Қазақстандағы басшысы, елші Норберт Жюстен, ЕҚЫҰ –ның Астанадағы орталығының басшысы, елші Александр Кельчевский, Халықаралық еңбек ұйымының Женевадағы штаб-пәтерінің өкілі Патрик Таран сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатын реттеуде этникалық көші-қон негізгі орынды иемденеді. 1993 жылдан бері олар эмиграцияға бекітілген квоталар бойынша реттеледі. Ресми мәліметтер бойынша, жылына 15 мың отбасы оралман келіп отыр. 2009 жылдан бері Мемлекет Басшысының тапсырмасымен жылына 20 мың отбасына дейін шақырып алу көзделген. Осы оралмандардың жартысынан көбі еңбек жасындағы азаматтар. 18 жасқа дейінгі балалар 40 пайызды құрайды, зейнеткерлер 5 пайыздан асады.
Қазақстан экономикасының дамуына орай еңбек көші-қоны өзекті мәселе болып, соңғы 5-7 жылда шет ел жұмыс күші бұрынғыдан үш есе көбейді.
Ал, ішкі көші-қон жылына 300 адамның көлемінде болып тұрады. Еңбек рыногына байланысты әлеуметтік тәуекелді ұлғайтатын ішкі миграция елімізде көбейе беретін болады деп болжанып отыр.
Жаппай көші-қонның жағдайларына орай соңғы он жылда көші-қон заңнамасын жетілдіруің қажеттілігі туды. Мәжілісте қаралып, бірінші оқылымда мақұлданған «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы халықаралық құқықтар мен нормаларға сәйкестендіріліп, әсіресе, еңбек көші-қонына орайластыра жасалған. Бұл заңдық актінің сапасына жүздеген мың адамның тағдыры жатыр. Сондықтан Мәжіліс депутаттары заң жобасына айырықша мән беріп, әсіресе еңбек көші-қонымен жүргендер және олардың отбасы мүшелерінің құқыларына қатысты нормаларды жетілдіру үстінде.
«Миграция мемлекет өмірінің барлық саласын - демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығынан бастап еңбек нарығына дейінгі аралықтағы барша мәселелерді қамтиды. Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық көші-қон ағынына белсенді араласып отыр. Сол үшін де елімізге ең алдымен көші-қон үдерістерін нақты реттеп отыру мәселелері маңызды бола түсуде», - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Р. Мұқашев. Оның айтуынша, елімізде Тәуелсіздіктен бері қарай жүргізілген демократиялық һәм экономикалық қайта құрулар Қазақстанды қабылдаушы ел ретінде қалыптастырып отыр. Бұның өзі заңсыз келушілердің санын арттыруда. Осыған орай, депутат босқындар, мәжбүрлі көшіп-қонушылар мен оралмандар мәселесін тыңғылықты қарау қажеттігін алға тартады.
Дөңгелек үстел «Көші-қон заңнамасын қалыптастыру», «ҚР жаңа көші-қон заңнамасына түсініктемелер», «Көші-қон жүйесін реттеу тәжірибелерінің саясаты» деген тақырыптардан тұрып, үш сессияда жүрді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, өзара ой қорытып, кеңестік кездесулерін аяқтады.
Көші-қон саясатын қалыптастыру барысында ең алдымен миграция тудыратын факторларға ықпал ету жолдарын іздеу керек - Р. Мұқашев
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Көші-қон саясатын қалыптастыру барысында ең алдымен миграция тудыратын факторларға ықпал ету жолдарын іздеу керек.
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Көші-қон барысын реттеу механизмі: халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнама» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында депутат Рахмет Мұқашев осылай мәлім етті.
«Миграция мемлекет өмірінің барлық саласын - демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығынан бастап еңбек нарығына дейінгі аралықтағы барша мәселелерді қамтиды. Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық көші-қон ағынына белсенді араласып отыр. Сол үшін де елімізге ең алдымен көші-қон үдерістерін нақты реттеп отыру мәселелері маңызды бола түсуде», - деді Р. Мұқашев. Оның айтуынша, елімізде Тәуелсіздіктен бері қарай жүргізілген демократиялық һәм экономикалық қайта құрулар Қазақстанды қабылдаушы ел ретінде қалыптастырып отыр. Бұның өзі заңсыз келушілердің санын арттыруда. Осыған орай, депутат босқындар, мәжбүрлі көшіп-қонушылар мен оралмандар мәселесін тыңғылықты қарау қажеттігін алға тартады.
Бұл ретте депутат Р. Мұқашев көші-қон саласына қатысты функциялардың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Ішкі істер министрлігіне өтуінің өзі еліміздің жалпы көші-қон саясатына оң ықпал ететінін айтып, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне де оң әсер беретінін жеткізді.
«Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы халықаралық
құқық нормаларына сәйкес келеді - Д. Нөкетаева
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді.
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Көші-қон барысын реттеу механизмі: халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнама» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында депутат Динар Нөкетаева осылай мәлім етті.
«ТМД ұйымына қатысушы мемлекеттер арасында еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқығын қамтамасыз ету мәселелері заңнамалық тұрғыдан әлі де реттеусіз қалып отыр. Қазақстанға келер болсақ, еліміз соңғы жылдары көші-қон үдерісіне белсенді қатысушы мемлекетке айналып отыр. Сондықтан да, «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп, оны қабылдау ерекше өзекті болып табылады», - деді Динар Нөкетаева. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінің талқылауында жатқан заң жобасы еліміздегі этникалық және еңбек миграциясының даму жолын айғақтауға негіз болып, жалпылама миграциялық үдерістерді реттеуді жүзеге асыруы шарт. Сонымен қатар, Д. Нөкетаева палата депутаттары бірінші оқылымда тұжырымдамалы түрде мақұлдаған заң жобасымен жұмыс барысында, құжатқа бірқатар өзгертулер енгізілген. «Құжаттың нормалары көші-қон саласындағы халықаралық заңнамалар талаптарына сәйкестендірілді», - деді ол.
Көші-қонды реттеу мемлекеттің қауіпсіздігін қамтып,
мигранттар құқын қорғауы керек - Н. Жустен
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Көші-қонды реттеу тетігі үйлесімді болуы шарт. Яғни, бұл қабылдаушы мемлекет үшін елдің қауіпсіздігін қамтып және мигранттар құқын қорғауы керек.
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Көші-қон барысын реттеу механизмі: халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнама» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясының басшысы Норберт Жустен осылай мәлім етті.
«Әрине, біз көші-қонның кез-келген азаматтар үшін тудыратын қиындықтардың барлығын білеміз. Және сол үшін де осы мәселені реттеуді барлық деңгейде жүзеге асыруға қатысатын боламыз», - деді жиын барысында сөз сөйлеген Н. Жустен. Оның айтуынша, еңбек миграциясы - ел экономикасын дамытудың ең қуатты факторларының бірі. Өйткені, бұл елдер аарсындағы ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік тудырады, ал ондай қарым қатынастар егер мигранттар үшін тиісті орта қалыптасса нығая түседі. «Бұл ретте баса назар аударатын мәселе бар. Атап айтқанда көші-қонды реттеу тетігі үйлесімді болуы шарт. Ол қабылдаушы елдің қауіпсіздігін қамтамсыз етіп, мигранттар құқық қорғауы да керек», - деді Н. Жустен
Көші-қон мәселелерінің реттелмеуі салдарынан елдер арасындағы жағдай
нашарлап кетуі мүмкін – ЕҚЫҰ орталығының өкілі А. Пейчев
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Көші-қон мәселелерінің реттелмеуі салдарынан елдер арасындағы жағдай нашарлап кетуі мүмкін.
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Көші-қон барысын реттеу механизмі: халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнама» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы ЕҚЫҰ орталығының өкілі Александр Пейчев осылай мәлім етті.
«Көші-қон мәселелері ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікке қатысты тұтастай қамтылатын қадамдарының бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ ЕҚЫҰ Көші-қон жөніндегі негізгі қағидаттарының бірі Хельсинки қорытынды актісінде 1975 жылы қамтылған болатын. Бұл ретте көші-қон үдерісіне қатысушылардың еркін орын ауыстыруы мен құқықтарының қорғалуы барлық мемлекеттер үшін негізге алынатын басты міндеттердің бірі ретінде қарастырылған», - деді А. Пейчев. Оның айтуынша, көші-қон саласында тек қана күшпен қадағалаушы әдістерді қолдану теріс әсер беруі ықтимал. Бұндай мәселе реттеусіз кететін көші-қон ағынының артуына, сыбайлас жемқорлық қылмыстың тәуекелін арттыруға, адам саудасы секілді криминальдық желілердің артуына, заңсыз есірткі мен қару-жарақ айналымының өсуіне жол ашуы мүмкін. «Еңбек күштерінің көшіп-қонуы мәселелерінің реттеусіз кетуінен сол көші-қонға қатысушылар шығатын және баратын елдер арасындағы қарым-қатынас нашарлап кетуі мүмкін», - деді ЕҚЫҰ өкілі.
/«Егемен Қазақстан», 21.05.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Ел Парламенті Халықаралық еңбек ұйымымен, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығымен және БҰҰ Әйелдер ұйымымен бірлесе отырып, кеше елордада «Көші-қонды реттеудің құқықтық тетіктері – халықаралық стандарттар және ұлттық заңнама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған шараны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Р.Мұқашев жүргізіп отырды. Ал осы палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Д.Нөкетаева, Еуропа одағы делегациясының басшысы Норберт Жюстен, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Александр Кельчевский және Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының өкілі Патрик Таран сөз сөйледі.
БҰҰ мәліметінше, 2010 жылы әлемде 214 миллион адамның кем дегенде бір жылдай өзге елдерде жүрулеріне тура келген. Соның 105 миллионы экономикалық белсенді немесе өз еңбегіне төлемақы алатын жағдайда болыпты. Егер бір жұмыс істейтіннің қасында тағы біреудің ере жүретінін ескерсек, онда миграцияның 90 пайызы жұмыс пен еңбекке тұрумен байланысты. Мысалы, Батыс Еуропада жалпы жұмысшылардың 10 пайызын шетелдіктер құраса, Австрия, Канада және АҚШ сияқты иммиграциялық елдерде ол 15 пайызға жеткен. Халықаралық еңбек ұйымының өкілі Патрик Таранның пікірінше, еңбек көші-қоны қоғамдық ауқаттылықты қамтамасыз ету үшін қозғалтқыш күш болып саналады. Осы ретте женевалық өкіл бұл мәселе ұлттық қауіпсіздік пен аумақтың тұтастығына нұқсан келтіретін проблема ретінде танылып келе жатқандығымен ой бөлісті.
БҰҰ-ның Мигранттар және олардың отбасы жөніндегі халықаралық конвенция еліміз тарапынан ратификацияланған. Комитет төрайымы Д.Нөкетаева әйтсе де ТМД елдерінде мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқы әлі де заңдық тұрғыдан қорғалып отырмағандығын атады. Қазір Қазақстанда бұл мәселе 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» Заңмен реттелуде және 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатты тұжырымдамасы аясында шешімін табуда. Еліміз бүгінгі таңда этникалық миграцияны реттеуге ерекше көңіл бөліп келеді. Жыл сайын 20 мың отбасының келуіне квота қарастырылған. Оралмандардың басым бөлігі еңбекке жарамды болса, келушілердің 18 жасқа дейінгілерінің өзі 40 пайызды құрайды. Ал зейнет жасындағылары жалпы оралмандардың 5 пайызы ғана.
Отырыс барысында мигранттар құқын қорғау, еңбек рыногына қолжетімділікті қамтамасыз ету, гендерлік тендік, әлеуметтік қорғау, тұтқындау және еңбек мигранттарын депортациялау мәселелері жан-жақты сөз болды. Аталған шара 2009 жылғы осы мәселеге қатысты семинардың заңды жалғасы, ал заң жобасының өзі үстіміздегі жылдың тамызына дейін қабылданады деп күтілуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарына
арналған ақпарат
/«Parlam.kz», 19.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Парла-мент Сенатында палата төрағасының орынбасары Александр Судьиннің қатысуымен «Қазақстанның электр энергетикасының жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды.
Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің ұйымдастыруымен болған талқылауға мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шараға қатысушыларға арнаған сөзінде комитет төрағасы Н.Жолдасбаева бұл талқылаудың Шетелдік инвесторлар кеңесінің Астанада болған 24 жалпы отырысында Президент Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзінің аясында өтуі маңызды екеніне назар аударды.
Энергетика мен энергия жинақтауды технологиялық жаңғырту саласында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге назар аудара келіп, сенатор электр энергетикасын дамыту, оның энергиялық тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты құқықтық қолдау мәселелеріне тоқталды.
Н.Жолдасбаева атап өткендей, электр энергетикасы саласындағы заң негізі «Электр энергетикасы туралы», «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану туралы», «Энергия жинақтау туралы» заңдармен және бірқатар халықаралық келісімдерден құралады.
Парламенттің қарауында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық қызметі және реттелетін нарықтар туралы» заң жобасы бар екені, Үкіметте «Энергия жинақтау және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң жобасы әзірленіп жатқаны айтылды.
Электр энергетикасы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өте келіп, сенатор 2010-2014 жылдарға арналған электр энергетикасын дамыту бағдарламасында қолданыстағы және жаңа үдемелі қуаттарды, электр желісі нысандарын жаңғырту және қайта құру, құрылысын салу, электр энергиясы нарығының құрылымдарын жетілдіру жөніндегі міндеттер алға қойылғанын айтты. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, электр энергетикасы секторында баға және тариф саясатына реформа жүргізу қарастырылуда.
Талқылау барысында депутат М.Бортник электр энергетика саласын құқықтық реттеу мәселелеріне назар аудара отырып, жаңартылатын энергия көздерін, атом энергетикасын пайдаланудағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты. М.Бортниктің айтуынша, саладағы білікті мамандардың жетіспеушілігі де құқықтық тұрғыда шешуді қажет етеді. Депутат сондай-ақ ұлттық энергетиканы дамытуға жауап беретін жеке орган құру қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстелде индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Н.Әбдібеков, қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары М.Тұрмағамбетов, табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.Смағұлов, «КЕGОС» АҚ Басқармасының басшысы А.Сәтқалиев, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы Ш.Оразалинов, «Астана-Энергия» АҚ бас директоры Л.Ларичев және басқалар сөз сөйлеп, депутаттардың сауалдарына жауап берді.
Пікірсайысты қорытындылай келіп, Н.Жолдасбаева индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруда, экономиканың электр энергиясына сұранысын, еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
Энергетика саласын басқару жүйесін жақсарту қажеттігін айта келіп, сенатор Қазақстанның энергетика кешенінің қауіпсіздігін және сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау міндетін толық көлемде қалпына келтіру қажеттігін атап өтті.
Сенатор саланы дамыту, инвестициялық тартымдылығын арттыру, энергия ресурстарын тиімді пайдалану, жаңғырту, үдемелі қуаттар мен электр желісі нысандарын қайта құру оның экономикалық және технологиялық тәртібіне, сондай-ақ, электр энергетикасындағы нарыққа қатысушылардың бәріне жағдайға жауапкершілігін арттыруға байланысты екенін айтты.
Қорытынды сөзінде Н.Жолдасбаева электр энергетикасын уақыт пен келешектің талаптарына жауап бере алатындай заңнаманы қалыптастыруға, анықталған мәселелерді шешудің тиімді тетіктерін әзірлеуде осы талқылаудың оң ықпал ететініне сенім білдірді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.
Электр өндіретін кәсіпорындардың қуатын арттырып қана қоймай,
жаңа өндіріс ашуды қарастыратын энергия нарығы қажет - Н.Әбдібеков
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Қазақстандағы электр энергиясын тарататын нысандардың ескіруіне байланысты болашақта электр қуатына деген зәрулік туындау мүмкін.
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «Қазақстанның электр энергетикасының жай-күйі және даму перспективалары» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш мәселені шешу үшін министрлік өкілдері Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе отырып, қуаттар рыногының қазақстандық үлгісін жасауды қолға алып отыр. «Аталмыш мәселеге байланысты заң жобасы қазіргі таңда Парламент қарауында жатыр. Құжат басты екі мәселені шешуге бағытталған. Олар елдегі энергия шығаратын ұйымдардың шектелген тарифтер негізінде инвестициялық тиімділігін арттыру мен электр қуатының рыногын енгізу. Қазіргі электр энергиясының нарығы инвестициялық жағынан тартымсыз. Сондықтан электр өндіретін кәсіпорындардың қуатын арттырып қана қоймай, қуат өндіретін жаңа кәсіпорындар ашуды қарастыратын электр энергиясы нарығын енгізу аса маңызды мәселелердің бірі», - деді министрдің орынбасары.
2014 жылы қайта қалпына келетін энергия көздерінен өндірілген
электр энергиясының көлемі 1 миллиард киловатт/сағатқа жетуі тиіс
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2014 жылы қайта қалпына келетін энергия көздерінен өндірілген электр энергиясының көлемі 1 миллиард киловатт/сағатқа жетуі тиіс.
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «Қазақстанның электр энергетикасының жай-күйі және даму перспективалары» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.
«Бұл жоспар негізінен жел энергетикасы мен шағын гидроэнергетика саласы бойынша қол жеткізілгені абзал», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, жыл басында қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану мәселелері бойынша жүргізілген мониторинг жұмыстары аталмыш энергия көздері өндірген электр энергиясының мөлшері 2010 жылы 403 миллион киловатт/сағатқа жеткендігін көрсеткен. «Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 23 миллион киловатт/сағатқа немесе 6 пайызға көп. Жалпы алғанда елімізде қалпына келетін энергия көздерін енгізу шаралары негізінен 2013-2014 жылдарға жоспарланған», - деді министрдің орынбасары.
/«Қазақстан» ТРК, 19.05.2011 ж., Н. Солтанұлы/ - Еліміздің жоғарғы палатасы Қазақстандағы энергетика саласын дамыту үшін жаңа бастама ұсынып отыр. Бүгін Сенатта осы мәселеге арналған жиын өтті. Оған Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың жетекшілері мен Кегок ұлттық компаниясының өкілдері қатысты. Тараптардың барлығы да энергетика саласын ары қарай дамыту үшін қосымша заңнамалық қолдау қажет деген тоқтамға келді.
Қазірдің өзінде бұл бағытта бірнеше ұсыныс бар. Мәселен, қазір Үкімет «Энергия үнемдеу туралы» заңның жобасын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, электр энергетикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сай, баға және тариф саясатына қатысты реформа жасалады. Жиынның соңында осы мәселелерге қатысты нақты ұсыныстар әзірленді. Соның бірі электр қуатын өндірудің экологиялық таза түрін дамытуға қатысты.
Нұрлығайым Жолдасбаева, ҚР Парламенті Сенаты экономикалық және өңірлік саясат комитетінің төрайымы
Қазақстанда күн, жел және су энергиясын дамытуға тамаша мүмкіндік бар. Алайда қазіргі таңдағы электрэнергетикасын дамытуда, энергияның экологиялық таза көздері тым баяу игеріліп жатыр. Өкінішке орай, 2009 жылы қабылданған «Қалпына келетін энергия көздері туралы» заң толық жұмыс істеп тұрған жоқ.
Қазақстан парламентшілері
Еуропарламент делегациясымен жүздесті
/«Parlam.kz», 19.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбаса-ры Владимир Бобров бүгін Астанаға Элизабет Йеггле бастап келген Еуропарламент делегациясы мүшелерімен кездесті.
Кездесуде В.Бобров меймандарға үстіміздегі жылы 3 сәуір күні өткен Президент сайлауы туралы айтып берді. Сайлаушылардың 95,55 пайызы Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Бұл сайлаудағы жеңіс елдің қарқынды дамуының айқын көрінісі болды. Сайлау процесі тәуелсіз елдің 20 жылдағы атқарған ісіне баға бергендей нәтижені көрсетті.
Елімізге келген шетелдік байқаушылардың қызметін жоғары бағалаған Палата Төрағасының орынбасары Қазақстанда 1050 байқаушы жұмыс істеп, сайлаудың ашық демократиялық жағдайда өткенін мәлімдегенін тілге тиек етті. Байқаушылар ішінде екі Еуропарламент депутаты болды.
Еуропарламент депутаттары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарына сұрақтар қойып, сайлау мәселесіне қатысты пікір алмасты.
Қонақтардың сұрақтарына жауап бере келе вице-спикер Қазақстандағы демократиялық жүйелер мен сайлау заңдылықтары туралы айтып өтті.
Осы кездесуге Мәжіліс депутаттары Гүлжан Қарағұсова, Шалатай Мырзахметов, Мұрат Әбенов, Айгүл Соловьева, Егор Каппель қатысты.
Қазақстан парламентшілері
Еуропарламент делегациясымен жүздесті
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж./ - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Бобров бүгін Астанаға Элизабет Йеггле бастап келген Еуропарламент делегациясы мүшелерімен кездесті, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Кездесуде В.Бобров меймандарға үстіміздегі жылы 3 сәуір күні өткен Президент сайлауы туралы айтып берді. Сайлаушылардың 95,55 пайызы Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Бұл сайлаудағы жеңіс елдің қарқынды дамуының айқын көрінісі болды. Сайлау процесі тәуелсіз елдің 20 жылдағы атқарған ісіне баға бергендей нәтижені көрсетті.
Елімізге келген шетелдік байқаушылардың қызметін жоғары бағалаған Палата төрағасының орынбасары Қазақстанда 1050 байқаушы жұмыс істеп, сайлаудың ашық демократиялық жағдайда өткенін мәлімдегенін тілге тиек етті. Байқаушылар ішінде екі Еуропарламент депутаты болды.
Еуропарламент депутаттары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарына сұрақтар қойып, сайлау мәселесіне қатысты пікір алмасты.
Қонақтардың сұрақтарына жауап бере келе вице-спикер Қазақстандағы демократиялық жүйелер мен сайлау заңдылықтары туралы айтып өтті.
Осы кездесуге Мәжіліс депутаттары Гүлжан Қарағұсова, Шалатай Мырзахметов, Мұрат Әбенов, Айгүл Соловьева, Егор Каппель қатысты.
/«Егемен Қазақстан», 21.05.2011 ж./ - Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров Элизабет Йеггле бастап келген Еуропарламент делегациясы мүшелерімен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесуде В.Бобров меймандарға 3 сәуірде өткен Президент сайлауы туралы айтып берді. Сайлаушылардың 95,55 пайызы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Бұл сайлаудағы жеңіс елдің қарқынды дамуының айқын көрінісі болды. Сайлау үдерісі Тәуелсіз елдің 20 жылдағы атқарған ісіне баға бергендей нәтижені көрсетті, деді ол.
Ал Еуропарламент депутаттары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарына сұрақтар қойып, сайлау мәселесіне қатысты пікір алмасты. Меймандардың сұрақтарына жауап бере келіп, вице-спикер оларды Қазақстандағы демократиялық жүйелер мен сайлау заңдылықтарынан хабардар етті.
Бұқаралық ақпарат құралдарына
арналған ақпарат
/«Parlam.kz», 19.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Қазақстандық парламентшілердің Израиль Кнессетіне таяудағы сапары аясында «Тәуелсіздікке 20 жыл, Бейбітшілік, жасампаздық және ынтымақтастыққа 20 жыл» тақырыбы бойынша болған дөңгелек үстел отырысында Қазақстан мен Израильдің екіжақты, оның ішінде парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сенатор Ғани Қасымов пікірсайысқа қатысушыларды Қазақстанның халықаралық бастамалары, Астанада болған ЕҚЫҰ саммитінің қорытындылары туралы хабардар етті. Израиль жағынан ынтымақтастық тобына қатысушы Ф.Киршинбаумның пікірінше, «ЕҚЫҰ-ның табысты өткен саммиті Қазақстанның халықаралық беделін тағы да биіктетіп, оған деген сенімді күшейте түсті». «Бұл сіздің елдеріңізге жаңа жаһандық бастамалар көтеруге мүмкіндік береді», деді депутат.
Талқылауда сөз алған сенатор Е.Жұмабаев заң шығару үдерістері, мемлекет құрылысындағы маңызды міндеттерді іске асырудағы Парламенттің рөлі туралы айтты. «Кадима» партиясының депутаты М.Солодкина Қазақстан Парламентінің тиімді қызметін атап өте келіп, «Президент Н.Назарбаевтың саяси және экономикалық жүйедегі реформалары елді терең дағдарыстан шығарып, табысты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізін қалады», деді.
Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы С.Әйімбетов бастап барған Израильге сапар барысында қазақстандық парламентшілер Кнессет төрағасы Р.Ривлинмен, «Қазақстан-Израиль» парламентаралық ассоциациясының мүшелерімен, иммигранттарды бейімдеу министрі С.Ландвермен, министрдің орынбасары Д.Аялонмен және салалық департамент басшыларымен кездесті.
Қазақстан парламентшілер шақырылған израиль парламентінің жалпы отырысында Кнессет Төрағасы Р.Ривлин біздің еліміз парламентінің депутаттарына үндеуді жария етті. Үндеуде дипломатиялық байланыстар орныққан 1992 жылдан бастап Қазақстан Израильдің маңызды әріптесі болып табылатыны айтылды. Онда сондай-ақ «Қазақстан мұсылман елі бола тұрып, батыс елдерімен берік байланыстар орнықтырды және араб және мұсылман елдерінде беделі өте жоғары. Президент Назарбаевтың басшылығымен Сіздердің еліңізде жүргізіліп келе жатқан салмақты және тұрақты үдерістерді Израиль жоғары бағалайды», делінген.
Сапар барысында қазақстандық депутаттар дүние жүзіне белгілі «Вулкани» аграрлық зерттеу орталығында болып, Израильдегі қазіргі заманғы алдыңғы қатардағы құралдармен жабдықталған жеке «Ассута» емханасының жұмысымен танысты.
Қазақстандық парламентшілер
Израиль Кнессетіне сапармен барды
/«ҚазАқпарат», 19.05.2011 ж./ - Қазақстандық парламентшілердің Израиль Кнессетіне таяудағы сапары аясында «Тәуелсіздікке 20 жыл, Бейбітшілік, жасампаздық және ынтымақтастыққа 20 жыл» тақырыбы бойынша болған дөңгелек үстел отырысында Қазақстан мен Израильдің екіжақты, оның ішінде парламентаралық үнқатысу деңгейіндегі қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сенатор Ғани Қасымов пікірсайысқа қатысушыларды Қазақстанның халықаралық бастамалары, Астанада болған ЕҚЫҰ саммитінің қорытындылары туралы хабардар етті. Израиль жағынан ынтымақтастық тобына қатысушы Ф.Киршинбаумның пікірінше, «ЕҚЫҰ-ның табысты өткен саммиті Қазақстанның халықаралық беделін тағы да биіктетіп, оған деген сенімді күшейте түсті». Оның пікірінше, бұл біздің елімізге жаңа жаһандық бастамалар көтеруге мүмкіндік береді.
Талқылауда сөз алған сенатор Е.Жұмабаев заң шығару үдерістері, мемлекет құрылысындағы маңызды міндеттерді іске асырудағы Парламенттің рөлі туралы айтты. «Кадима» партиясының депутаты М.Солодкина Қазақстан Парламентінің тиімді қызметін атап өте келіп, «Президент Н.Назарбаевтың саяси және экономикалық жүйедегі реформалары елді терең дағдарыстан шығарып, табысты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізін қалады», -деді.
Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы С.Әйімбетов бастап барған Израильге сапар барысында қазақстандық парламентшілер Кнессет төрағасы Р.Ривлинмен, «Қазақстан-Израиль» парламентаралық ассоциациясының мүшелерімен, иммигранттарды бейімдеу министрі С.Ландвермен, министрдің орынбасары Д.Аялонмен және салалық департамент басшыларымен кездесті.
Қазақстан парламентшілері шақырылған Израиль парламентінің жалпы отырысында Кнессет төрағасы Р.Ривлин біздің еліміз парламентінің депутаттарына үндеуді жария етті. Үндеуде дипломатиялық байланыстар орныққан 1992 жылдан бастап Қазақстан Израильдің маңызды әріптесі болып табылатыны айтылды. Онда сондай-ақ «Қазақстан мұсылман елі бола тұрып, батыс елдерімен берік байланыстар орнықтырды және араб және мұсылман елдерінде беделі өте жоғары. Президент Назарбаевтың басшылығымен Сіздердің еліңізде жүргізіліп келе жатқан салмақты және тұрақты үдерістерді Израиль жоғары бағалайды», - делінген.
Сапар барысында қазақстандық депутаттар дүние жүзіне белгілі «Вулкани» аграрлық зерттеу орталығында болып, Израильдегі қазіргі заманғы алдыңғы қатардағы құралдармен жабдықталған жеке «Ассута» емханасының жұмысымен танысты.
Меморандумға қол қойылды
/«Егемен Қазақстан», 19.05.2011 ж./ - Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов және «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Борисов Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес пен «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Осы ынтымақтастық туралы меморандум Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық институттардың тиімділігін, қабылданған сот шешімдерінің ашықтығын арттыру, соттардың қызметіне қоғамдық бақылауды және сот актілері жариялығының қолжетімдігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларын орындау үшін жасалды.
Әділ сотқа алғаусыз сенім
«Нұр Отан» партиясы сот жұмыстарына қоғамдық бақылау орнатпақ
/«Дала мен қала» газет, 21.05.2011 ж., М. Садыхан/ - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов пен «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Борисов Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі мен «Қазақстан Республикасының судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
– Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесі елеулі табыстарға қол жеткізді. Сот құқықтық реформасы дұрыс қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Солай бола тұрғанымен сот жүйесінің алға арындаған екпінін тұсаулап, тежейтін пара алу пиғылы көп кездесіп отыр, – деді Оралбай Әбдікәрімов. – Ең сұмдығы қолына берілген билікті теріс мақсатқа пайдаланып, еліміздің тұтастай билік мәртебесіне нұқсан келтіретін соттардың бар екендігін көзбен көріп отырмыз. Соңғы кездері жекелеген судьялардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттері сот жүйесінде қол жеткен жетістіктерді аяқасты етіп, жұртшылық пен басқа билік органдары өкілдерінің сотқа сенімсіздікпен қарауына әкеп соқтырып отыр. Елбасы сот істеріне қоғамдық бақылау орнату үшін «Нұр Отан» партиясына тапсырма берді. Бүгінгі Меморандум сол істің алғашқыларының бірі. Сот қашан да қара қылды қақ жаратын әділетті болуы керек. Бүгінгі таңда сот қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің кемшіліктері салдарынан мемлекеттік органдарда сыбайластыққа жол беретін жағдайлардың бар екендігін де көрсетіп берді. Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген даналық сөз бар. Кейде жекелеген соттардың өрескел әрекеттері мөп мөлдір тұнығыңды шайындыға айналдырып, таудай жетістігіңді тарыдай шашуда.
Ал, «Қазақстан Судьялар одағы» бірлестігінің төрағасы Владимир Борисовтың айтуынша, қазіргі уақытта судьялардың әлеуметтік және құқықтық жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Сол себепті де қоғам судьялардан тиісінше қайтарым, тазалық, өз ісіне адалдық күтуге құқылы. Бізде өзін жағымсыз жақтарынан көрсетіп, жүйеге кір келтірген судьяларды тиісті тәртiпке салатын немесе ондайлардан мүлдем арылуға мүмкіндік беретін тетіктер әзірге аз. Сондықтан «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жасалып қол қойылған Меморандумның маңызы зор. Жалпы, бұл меморандум – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық институттардың тиімділігін, қабылдаған сот шешімдерінің ашықтығын арттыру, соттардың қызметіне қоғамдық бақылау орнату тапсырмасы бойынша жасалып отыр. Енді меморандум бойынша сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін арнайы комиссия құрылатын болады.
Жасыратыны жоқ, халық істің ақ-қарасы сот шешімінде тайға таңба басқандай ұғынықты жазылуын қалайды. Алайда, бұл тұрғыда кемшілік шаш етектен. Соңғы бес жылда қылмысы дәлелденбеген 80-нен астам азаматтар прокуротураның араласуымен түрмеден босатылып, бостандыққа шықты. Осылайша адам тағдырына көз жұмбайлықпен қараған соттарды нағыз қатігездер деуге болады. Рас, соңғы кезде жазықсыз жапа шегіп, жазықты жазаланбайтын заман туды. Неге? Мұның бәрі пара алушылықтан туындап отырған нәрсе. Сонымен қатар, сот жүйесінде кадрлық саясатты жетілдіру өз дәрежесінде емес. Моральдық және адамгершілік қасиеті мүлде төмен адамдар судьялық қызметке ұсынылады. Енді бұл бағытта да «Нұр Отан» партиясы нақтылы жұмыстар атқаратын болады. Сондай-ақ, соттардың қызметіне қатысты заң жобалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге тәуелсіз бақылау орнату да қолға алынбақшы.
Жалпы, «Нұр Отан» партиясының мақсаты еліміздегі сот жүйесін реформалау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды алға жылжыту арқылы халықтың сотқа деген сенімін арттыру. Сондықтан да қай уақытта да соттар өздерінің басты міндеті – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында әділ билік, әділетті шешім шығарса сот билігінің беделі биіктей түсері хақ.
Каспидегі экологиялық жағдайды бақылайтын
ұйым құру қажет, деп санайды депутат
/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 18.05.2011 ж./ - Каспидегі экологиялық жағдайды бақылайтын ұйым құру қажет, деп санайды Қазақстан Мәжілісінің (парламенттің төменгі палатасы) халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі, профессор Камал Бурханов.
«Экологияға келер болсақ, онда барлығымыз бір қайықтамыз. Тек бірлесе отырып, бірігіп қана Каспидің экологиялық проблемаларын шеше аламыз, ал ол жерде проблемалар туындауда, жағдай нашарлауда», - деп санайды Бұрханов.
Ол экологиялық проблемалар жалпы деп атап көрсетті. «Бұл үшін Каспидің экологиясын бақылайтын бес мемлекеттің тиісті құрылымдарын біріктіретін ұйым құруға болады», - деді Бұрханов сәрсенбіде Астана мен Мәскеу арасында «Құқықтық мәртебе мен Каспиді пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында РИА Новости өткізген бейне көпір барысында.
Құбырларды (Каспидің түбінде) салу мәселелері барлық (жағалаудағы) мемлекеттермен бірге шешілуге тиіс деп атап көрсетті депутат.
Бұқаралық ақпарат құралдарына
арналған ақпарат
/«Parlam.kz», 20.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Парла-мент Сенатында төраға орынбасары Мұхамбет Көпеевтің қатысуымен «Қоршаған ортаға эмиссиядан түсетін қаражатты өңірлік деңгейде тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы болды.
Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел отырысына Сенат депутаттары, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық даму және сауда, қаржы министрліктері мен салық комитетінің, Бас прокуратураның, жергілікті билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Талқылауды аша келіп, комитет төрағасы Б.Жылқышиев қаралып отырған мәселелерде табиғатты қорғау іс-шараларына көзделген қаражатты табиғатты пайдаланушылардың пайдалануы, сондай-ақ, қоршаған орта үшін алынатын эмиссия төлемдері жөніндегі заңнаманы жетілдіру маңызды екенін атап өтті.
Осыған байланысты сенатор талқылау барысында қоршаған ортаға арналған эмиссиялық төлемақы мен басқа да экологиялық төлемдерді реттеу жүйесі, олардың республика және аймақтар бойынша бюджетке түсіп отырған көлемі мен табиғат қорғау шараларына жұмсалу дәрежесін анықтауды құқықтық қамтамасыз етуге орай нақты ұсыныстар айтылатынына сенім білдірді.
Шараға қатысушылар алдында сөз алған палата төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Астанада өткен IV экономикалық форумда Президент Н.Назарбаевтың қоршаған ортаны қорғауға және өткір экологиялық мәселелерді шешуге ерекше назар аударғанын атап өтті. Индустриялық саясатты жүзеге асыруда «жасыл экономиканы» және салық салудың «экологиялық» жүйе құралдарын енгізу» ерекше маңызға ие екені айтылды.
Астанада 2010 жылы өткен Азия – Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған ортаны қорғау және дамыту бойынша (ЭСКАТО) министрлердің 6-шы Конференциясында «Жасыл көпір» Астана бастамасы бекітілген болатын. Бұл құжатта «жасыл» бизнесті, «жасыл» технологиялар мен «жасыл» салықтарды дамыту мен ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осы саладағы заңнаманы жетілдіруге Сенат зор көңіл бөліп келе жатқанын атап өте келіп, М.Көпеев ауаны ластағаны үшін алынатын қазіргі төлем жүйесі, қоршаған ортаға арналған эмиссия төлемдерін жинау экологиялық өткір мәселелерді шешуде тиімсіз екеніне тоқталды.
Төраға орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде негізінен кіріс түсіруге ғана баса көңіл бөлініп отыр, ал ластануды азайтуға ықпал ететін құралдар толық көлемде пайдаланылмай келеді. Мұндай әрекет ауаны ластағаны үшін төленетін төлемдер негізінен салықтық сипатқа ие болуға әкеп соғады, ал экологиялық зиянды өнім үшін төленген төлемдер тиімсіз пайдаланылуда.
Қоршаған ортаға арналған эмиссиялық төлемдер Бюджет кодексіне сәйкес, облыстардың, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының бюджеттеріне түседі. Бірақ, М.Көпеевтің айтуынша, қоршаған ортаны қорғау шараларын қаржыландыру құжатта жеке жолда жазылмаған және экологиялық төлемдерден түсетін көлеммен байланыспайды.
2010 жылы жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаға арналған эмиссиялық төлемдерден жергілікті бюджетке түсетін қаржының жалпы көлемінен қоршаған ортаны қаржыландыру шараларына 35 пайыз бөлген. Дегенмен, аймақтық тұрғыда бөліп қарағанда қаржының табиғатты қорғау мақсатына жіберілуі күрт өзгереді. Өнеркәсібі дамыған аймақтар саналса да Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіштер өте төмен, онда экологиялық мәселелер ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қоршаған ортаға арналған эмиссиялық төлемдер ретінде бюджетке түсетін қаржының анықтығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін тетіктер әзірлеу қажеттігін айта келіп, М.Көпеев Сенат табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді шешу, қоршаған орта жөніндегі бағдарламаны іске асыру туралы заңнамалық бастамаларды жан-жақты қолдауға әзір екенін атап өтті.
Талқылау барысында қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Р.Бөлтіріков, салық комитеті төрағасының орынбасары А.Қыпшақов, экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Д.Шәженова, Ақтөбе және Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары Р. Кемалова мен М.Көбенов, «Астана коммерциялық емес ұйымдарының форумы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Б.Ахметжанова және басқалар сөз сөйлеп, депутаттардың сауалдарына жауап берді.
Сенат депутаты Бурабай демалыс аумағының
экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдірді
/«ҚазАқпарат», 20.05.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Сенат депутаты Тасбай Симамбаев Бурабай демалыс аумағының экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдірді.
Бүгін Парламент Сенатында «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы қаржысын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында депутат Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Руслан Бөлтіріковті осы мәселеден хабардар етті.
Оның айтуынша, Астана маңында халықтың ең көп баратын жері осы Бурабай. Оның үстіне биылғы жылы араб елдерінде болған және әлемнің өзге де аймақтарындағы түрлі апаттар мен жайсыз оқиғаларға байланысты республика халқы демалыстарын шет мемлекеттерде емес, елдегі демалыс орындарында өткізіп жатыр. «Ал ондағы экологиялық жағдай сын көтермейді. Мемлекет басшысы бұл мәселені бірнеше мәрте көтерді. Алайда Бурабайдағы көлді тазалау шаралары әлі қолға алынбаған»,-деді депутат.
Сондай-ақ сенатор сөзінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы басты мәселелердің бірі - тұрмыстық және коммуналдық қалдықтармен байланысты екендігін атып көрсетті. «Бұл мәселе еліміздің барлық аймақтарында бар. Ал Астанада ол тіпті асқынып тұр. Мүмкін бізге бір бесжылдық немесе үшжылдық науқан жариялап, қоршаған ортаға байланысты бөлінген қаржының қомақты бөлігін осы мәселеге жұмсау қажет шығар. Әйтпесе елорда маңында тынығатын да жер жоқ. Алматыда да солай. Жердің бетін тұрмыстық қалдықтар жауып тұр», - деді Т.Симамбаев.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төленетін төлемдерді жинау жүйесі
экономикалық жағынан тиімді деуге келмейді-М. Көпеев
/«ҚазАқпарат», 20.05.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Қоршаған ортаны қорғау саласын экономикалық реттеудің негізгі тетіктерінің бірі - қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы жүйесін жетілдірумен және табиғит қорғау шараларын қаржыландырумен байланысты
Қазіргі таңда республика бойынша экологиялық төлемдерден жергілікті бюджеттерге айтарлықтай қаражат түскенімен, табиғат қорғау шараларына бөлінген қаражат тиімді пайдаланылмай отыр. Оған себеп - бөлінген қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін тетік жоқ. Оның үстіне әр аймақта табиғат қоғау шараларына жұмсалған қаржының мөлшері әрқалай. Соған қарай экология түсімдерінің құны да әр жерде әртүрлі болып отыр. Ал қолданыстағы заңнама бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануға әлі де болса, толық ықпал ете алмауда. Осы мәселенің шешімін табамыз ба деген оймен бүгін Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитеті «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы қаржысын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мәжіліс барысында қоршаған ортаға эмиссия үшін алынатын төлемдерді, сонымен қатар табиғат пайдаланушылар мен табиғат қорғау шараларына бөлінген қаражатты пайдалану жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселесі сөз болды.
Басқосуда күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде сөз сөйлеген Сенат төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпейдің айтуынша, 2009 жылға дейін қоршаған ортаға төленетін эмиссиялар көлемі Үкіметтің шешімімен реттеліп келді. Яғни, жыл сайын базалық және шектелген ставкалар белгіленіп, соның негізінде облыстық ставкалардың мөлшері айқындалатын. Ал жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты 2009 жылы барлық аймақтарға бірдей ставка төлемдері белгіленді. Сондай-ақ жергілікті өкілетті органдардың өкілеттігіне байланысты өзгерістер енгізіліп, қаржы ставкалары 2 есеге артты. Қалдықтар мен ауаны ластайтын заттардың қалдықтары үшін және ілеспе газды жаққаны үшін сондай-ақ табиғи газды факельдерде жаққаны үшін төленетін төлемдер 20 есеге көбейді. Соған қарамастан бұл саладағы реформаларды аяқталды деуге келмейді. «Өйткені біздің осыған дейінгі қолға алған шараларымыздың барлығы тек пайда табуға бағытталды. Оны біз мойындауымыз керек. Оның үстіне бұл шаралар табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, қоршаған ортаның ластануын қысқартуға ықпал ете алмады. Ал экологиялық жағынан зиянды заттармен күреске бөлінетін қаржы мүлдем пайдаланылмайды. Бүгінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемдер облыстардың бюджеттері мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түседі. Алайда онда қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша атқарылатын шараларды қаржыландыру мәселесі арнайы бөліп көрсетілмейді, ал бөлінген қаржының мөлшері экологиялық төлемдердің деңгейімен сәйкес емес»,-деді Сенат төрағасының орынбасары.
Оның пікірінше, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төленетін төлемдерді жинау жүйесін экономикалық жағынан тиімді деуге келмейді. Өйткені, олар нақты экологиялық міндеттері жүзеге асыруға ықпал ете алмайды. Ал жергілікті атқарушы органдар бюджетті қарау барысында қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу қажеттігін елеп-ескермейді. Мысалы: 2010 жылы жергілікті атқарушы органдар табиғатты қорғау шараларын қаржыландыруға республика бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемдерден түскен қаржының 35 пайызын ғана шығындаған. Оның өзі әр аймақта әрқалай. Мысалы, Алматы мен Астанада қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар эмиссиядан түскен қаржының 100 пайызын құраса, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан сияқты облыстарда бұл көрсеткіштер 10 пайыздан да аспайды. Бұл аграрлық жағынан дамыған деген аймақтардың өзінде қордаланған экологиялық мәселелердің көптігін көрсетеді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша бюджетке түсетін түсімдердің мөлшерін нақты көрсетіп отыратын тетік дайындау қажет. Бұл шара бюджетке түскен қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, аталмыш тәсіл аймақтың қоршаған ортаны қорғау саласында қалыптасып отырған өткір деген мәселелерді шешуге ықпал етеді.
Ал Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Руслан Бөлтіріковтің мәлімдеуінше, бүгінгі қолданыстағы заңдар экологиялық төлемдерден түскен қаржыны қоршаған ортаны қорғау саласына жұмсауға мүмкіндік бермей отырғаны рас. Осы себепті Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жергілікті бюджеттерді қарау барысында қоршаған ортаны қорғау саласына бөлінетін қаржының мөлшерін анықтаудың арнайы әдісін дайындау қажет деген пікірде. Бұл әдісті қолдануда министрліктің экологиялық проблемаларға қатысты реестрінде көрсетілген мәселелер толық ескерілмек. Бұл шараның қандай жолмен және қалайша жүзеге асырылатындығы министрлік дайындаған, осы уақытта Парламенттің қарауында жатқан құжатта жан-жақты көрсетілген. «Жалпы алғанда біздің қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдерді тиімді пайдалану бағытындағы шараларымыз өзінің нәтижелерін беріп отыр. Бұл ретте біз, әсіресе, табиғатты пайдаланушы ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау бағытындағы шараларына көбірек көңіл бөліп отырмыз. Жалпы қоршаған ортаны қорғау бағытына жұмсалған шығындарды талдау жұмыстары олардың кейінгі уақытта тұрақты өсіп отырғандығын көрсетеді. Мысалы 2007 жылы табиғатты пайдаланушылардың табиғатты қорғауға жұмсаған қаржылары 131 миллиард тегені құраса, 2009 жылы 139 миллиард теңгеге жетті», - деді министрдің орынбасары.
Отырыс барысында ол сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға соңғы үш жылда қоршаған ортаны ластағаны үшін түскен қаржы көлемі айыппұлдар мен түрлі санкциялардың есебінен 83 миллиард теңгеге жетіп отырғандығын атап көрсетті. Ал Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің инвестициялық жобалар бойынша жылдық бюджеті 4 миллиард теңгеден аспайды. «Біз жыл сайын айыппұлдар мен санкцияларды тиімді пайдаланудың есебінен экологиялық жобаларға деген инвестициялар көлемін күрт өзгертуге мүмкіндігіміз бар», - дейді Р.Бөлтіріков.
Сонымен қатар ол отырыста Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының мақсат-міндеттері жөнінде де айта кетті. 2020 жылдарға бағытталған стратегиялық жоспарға сәйкес, жасыл көміртегі төмен экономика қалыптастыру көзделген. Сондай-ақ құжат күшіне енсе, болашақта қоршаған ортаны қорғау саласына қыруар инвестиция тартылып, экологиялық мәселелер бойынша талап күшейіп, табиғатты пайдаланушылардың жауапкершіліктері қатая түседі. Сонымен қатар құжат табиғат заңдарын бұзғандарға деген әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікті арттырады, рынок тетіктері арқылы парниктің газдардың атмосфераға тасталу жағдайлары азайып, қалдықтармен байланысты мәселелер шешіледі. Ол үшін әрине, еліміздің Қылмыстық, Әкімшілік құқықбұзушылық, Экологиялық, Салық кодекстеріне, Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау сияқты бірқатар құжаттарға өзгерістер енгізіледі. «Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы құзырлы мемлекеттік органдармен жүргізілген»,-дейді министрлік өкілі.
/«Егемен Қазақстан», 21.05.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Кеше Сенат Төрағасының орынбасары М.Көпеевтің қатысуымен «Қоршаған ортаға эмиссиядан түсетін қаражатты өңірлік деңгейде тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Оның жұмысына палата депутаттарынан өзге қоршаған ортаны қорғау, экономикалық даму және сауда, қаржы министрліктері мен салық комитетінің, Бас прокуратураның, жергілікті билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Б.Жылқышиев талқылауды аша келіп, қаражатты табиғатты пайдаланушылардың пайдалануы, сондай-ақ қоршаған орта үшін алынатын эмиссия төлемдері жөніндегі заңнаманы жетілдіру маңызды екенін атап өтті. Шараға қатысушылар алдында сөз алған палата төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Астанада өткен IV экономикалық форумда Президент Н.Назарбаевтың қоршаған ортаны қорғауға және өткір экологиялық мәселелерді шешуге ерекше назар аударғанын, сондықтан да индустриялық саясатты жүзеге асыруда «жасыл экономиканы» және салық салудың «экологиялық» жүйе құралдарын енгізу» ерекше маңызға ие екенін ерекше атап өтті.
Осы саладағы заңнаманы жетілдіруге Сенат зор көңіл бөліп келе жатқанын атап өте келіп, М.Көпеев ауаны ластағаны үшін алынатын қазіргі төлем жүйесі, қоршаған ортаға арналған эмиссия төлемдерін жинау экологиялық өткір мәселелерді шешуде тиімсіз екеніне тоқталды. Қазіргі кезде негізінен кіріс түсіруге ғана баса көңіл бөлініп отыр, ал ластануды азайтуға ықпал ететін құралдар толық көлемде пайдаланылмай келеді. Мұндай әрекет ауаны ластағаны үшін төленетін төлемдер негізінен салықтық сипатқа ие болуға әкеп соғады, ал экологиялық зиянды өнім үшін төленген төлемдер тиімсіз пайдаланылуда. Қоршаған ортаға арналған эмиссиялық төлемдер Бюджет кодексіне сәйкес, облыстардың, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының бюджеттеріне түседі. Бірақ, М.Көпеевтің айтуынша, қоршаған ортаны қорғау шараларын қаржыландыру құжатта жеке жолда жазылмаған және экологиялық төлемдерден түсетін көлеммен байланыспаған.
Талқылау барысында қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Р.Бөлтіріков, салық комитеті төрағасының орынбасары А.Қыпшақов, Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Д.Шәженова, Ақтөбе және Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары Р. Кемалова мен М.Көбенов, «Астана коммерциялық емес ұйымдарының форумы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Б.Ахметжанова және басқалар сөз сөйлеп, депутаттардың сауалдарына жауап берді.
Ертеңің үшін аянба!
/«Қазақстан» ТРК, 20.05.2011 ж., Б. Аманбаев/ - Ертеңің үшін аянба! Республикалық жаңа бағдарлама осылай деп аталады. «Нұр Отан» ХДП жария еткен ұшқыр жоба қазірден көпшіліктің қолдауына ие болып, қызығушылығын тудырып отыр. Павлодарда билік партиясының арнайы форумы өтті. Тарқатып айтсақ, бұл бағдарламада отбасы бизнесін дамыту, сұранысқа ие мамандықты таңдау, медициналық қызмет сапасын жақсарту, білім алу, азаматтарды тұрғын үйлермен қамту мәселелері қамтылған.
Келешекте бұл бағдарлама еліміздің барлық аймақтарында іске асырылмақ. Нақты тиімділігін анықтап алу үшін әзірге Павлодар облысы таңдалды. Себебі, индустриалды аймақтың табиғиы-ресурстық әлеуеті мол. Өндіріс дамып жатыр. Оның үстіне Орталық Азия мен Сібірді байланыстыратын күре жолдың торабында тұр. Тағы бір басымдылық шағын және орта бизнесті дамытуға құлшыныс бар. Форумға қатысушылар алдымен қолөнер шеберлері дайындаған арнайы көрмені тамашалады.
Жақып Асанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Бағдарламаның шеңберінде мына ақпараттық бірыңғай база құрылатын болады. Онда бір мың бизнес-идея, 200 бизнес-жоспар, бизнестің екі жүз түрі бойынша. Сондай-сондай қажетті мынау бизнесті ұйымдастыру үшін қажетті ақпараттар әзірленіп сол жерде орын алатын болады.
Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін шағын және орта бизнес үлесін 40 пайызға жеткізуді міндеттеген болатын. «Ертеңің үшін аянба!» атты бүгін Павлодарда жария етілген бағдарламаның мақсаты осы. Яғни, тұрғындарға кәсіп тауып беріп, өнім шығаруға мейлінше жол ашу. Айталық жеке кәсіпкер Елена Вачугова киіз басып, одан дайын бұйымдар жасайды. Ол жаңа бағдарлама қолөнердің дамуына арқау болады, деп сенеді.
Елена Вачугова, кәсіпкер
«Нұр Отан» партиясының шағын және орта бизнесті дамытуға арналған бағдарламасы өте жақсы. Бұл қолөнердің дамуына жол ашады деп білемін. Мен Өзбекстанда болғанда ондағы шеберлердің мемлекетке қомақты қаржы түсіретінін көріп-біліп қайттым.
Саяси партияның ұйытқы болуымен іске асырылатын бұл бағдарламаның мемлекет экономикасын дамытуда стратегиялық маңызы ерекше болмақ.
Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық әр мемлекеттің экономикасының негізі және үлкен кадрлық резерві болып табылады. Сондықтан , Елбасымыз, партиямыздың төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларының бірі – ол еліміздің әрбір азаматын жұмыспен қамтамасыз ету, жаңа кәсіптердің дамуына жағдай жасау, қажет болған жағдайда жаңа мамандықтарға да қайта оқыту. Соның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы одан әрі жақсаратын болады.
Жаңа бағдарлама халықтың игілігіне жарауы үшін мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары және қаржылық құрылымдар жұмыла жұмыс жасайтын болады.
Павлодар облысының халқына «Ертеңің үшін аянба!»
атты жаңа ауқымды жоба ұсынылды
/«Хабар» агенттігі, 20.05.2011 ж./ - Оның мақсаты – халықтың назарын бизнеспен айналысуға бұру. Бұл негізінен ауыл тұрғындарына арналып отыр. Мұның бастамашысы болған «Нұротандықтар» бағдарламаның тиімді боларына сенімді.
«Көз қорқақ – қол батыр». Халықтың осы қанатты сөзі Зүлқайбира Жарова іс-қарекетінің алтын қазығы болып отыр. Оның өз ісімен айналысуына жеңілдікпен алған шағын несие мүмкіндік берді.
Зүлкайбира Жарова, Маралды ауылының тұрғыны:
-Мал асырасан, кай жер де болсанда, аузың аққа боленетіні көзімізде көрініп тұр. Енді мен ең бірінші осы рахметімді Елбасына айтамын! Енді міне елдің, мына «Нұр Отан» партиясы, біз, ертеңгі күнімізді бәріміз ойлаймыз ғой. Солардың беріп жатқан көмегі, беріп жатқан жақсылығы, соның бәрі жузеге асып жатыр.
Бүгінде ол ештеңеге өкінбейді. Өйткені, отбасы еңбегімен аяғынан тік тұрып кеткен. «Нұр Отанның» «Елің үшін аянба!» атты жаңа бағдарламасы тек тың іс бастап қоймай, қолда барды да ілгері бастыруға көмектеседі. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бұл бағдарламаның басты міндеті мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2020-жылы елдің ішкі өнімі айналымындағы шағын және орта бизнес үлесін 40 пайызға жеткізу көзделген.
Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» Партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
-Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық – әр мемлекеттің экономикасының негізі және үлкен кадрлық резерві болып табылады. Сондықтан, Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларының бірі - ол еліміздің әрбір азаматын жұмыспен қамтамасыз ету, жаңа кәсіптердің дамуына жағдай жасау, қажет болған жағдайда – жаңа мамандықтарға да қайта оқыту. Соның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартатын болады.
Шағын және орта бизнеске көмек көрсетумен ондаған ұйым айналысады. Бірақ тиімділігі күткендегідей емес,-дейді партиялықтар. Бағдарлама аясында ортақ ақпараттық база құрылып, өз ісін бастаймын дегендерге заңдық кеңестер берілуде.
Жақып Асанов, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
-«Ертеңің үшін аянбаның» басты мақсаты ар азаматты, қазақстандықты ояту, ой салу, енбекке баулу, қолына балық емес, қармак беру.
Қазақстандағы 7 мың ауылда ел халқының жартысына жуығы тұрады. Бұл бағдарламада ауылдықтарға зор көңіл бөлініп отыр. Шағын несие беру – көмек түрлерінің бірі. Партия өкілдері жобаның іске асырылу барысын үнемі бақылауда ұстамақ.
Депутат көтерді, газет жазды – нәтиже бар
/«Алаш айнасы» газеті, 17.05.2011 ж., Қ.Қазы/ - Өткен жолғы газетіміздің 13 мамырдағы №80 (532) санында «Көксарай құр байбалам ба, әлде су үнемдеудің нақты құралы ма?» деген тақырыпта мақала жарық көріп еді. Осыған орай сенатор Бақберген Досманбетов редакцияға хабарласып, өзі көтерген һәм газет басқан мәселенің оңынан шешімін тауып отырғаны туралы баяндап, бүгінгі ахуалға қатысты да өз ойын білдірді.
«Жалпы, Көксарай су реттегіші салына бастағанда Сыр жұртшылығының алаңдағаны рас. Оның әртүрлі себептері де болды. Кейіннен қызылордалықтардың қолдауына орай жоба жүзеге асты. Нәтижесінде бұған дейін апшыны қуырып келген су тасқыны былтырдан бері басылып, ол жұрттың тыныштығын бұзбады», – дейді сенатор Бақберген Сәрсенұлы. Сосын газетте көтерілген мәселеге тоқталған депутат Сыр өңірінде судың азаюына байланысты қауіптің болғанын да жоққа шығармады. Сөйтсек, Сенат депутаттары 26-27 сәуірде аймақты аралап, өңірлерде халықпен жүздесу барысында Қазалы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарында су көтерілмей жатқаны туралы диқандардың дүрлігуін естіген. Су комитетінің де нақты мәліметі көрсетілген. «Бұрын дәл осы уақытта дарияның суы кенересінен асып, көк шалғын су жағасын жайқалтушы еді» деп күрішші халық соған қарап алаңдаған. «Мұны әріптесім сенатор Қ.Баймаханов екеуміз Сенаттың отырысында көтеріп едік. Кейіннен осы сауал негізінде Су комитеті Шардарадан 400, Көксарайдан 200 текше метр су жіберді. Дәл қазіргі күні екеуінен 300-300-ден 600 текше метр су жіберіліп жатыр. Кешеден бастап 700 текше метрге дейін тағы көтерілетіні туралы хабарлады. Бұл – жылдағы алатын деңгейден көптеу. Сондықтан да Сыр елінде күріш егу қалыпты, су жеткілікті. Су комитеті депутаттың сауалы мен «Алаш айнасының» көтерген мәселесіне шапшаң реакция білдіргені дұрыс болды, мұны құптаймын. Су Көксарайдан уақтылы жіберіліп тұрады деп ойлаймын. Дегенмен аяғына дейін шешімін таппай отырған екінші мәселе – көлдердің толуы. Алдағы уақытта күрішті өңірдің суы азаймай, кезінде тартылып, тарыға бастаған көлдерді толтыра түссе деген тілегім бар. Бұл – Су комитетіне айтар құлаққағыс», – деді сенатор.
Туған елінің топырағы бұйырды
/«Айқын» газеті, 21.05.2011 ж., К. Тасболат/ - Алаш қайраткері, жазушы, қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш ағарту министрі болған Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі 77 жылдан соң туған елінде мұсылман әдет-ғұрыптарымен жер қойнауына тапсырылды. Жыл басында Мәскеудің Дон қабірстанынан Астанаға қайтарылған қоғам қайраткерінің сүйегінің күлі Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінде сақталған еді. Кеше Алаш қайраткерін ақтық сапарға шығарып салуға оның туған-туыстары, жақындары, Парламент депутаттары, қалалық әкімдік өкілдері, зиялы қауым мен жастар ұйымдары, саяси партия, қоғамдық бірлестік, т.б. мүшелері қатысты.
Естеріңізге сала кетсек, зиялы қауым өкілдері тарапынан бабамыздың сүйек күлін Қабанбай батырдың кесенесінің жанындағы ұлттық пантеонға немесе Жастар ауданындағы Кенесары батырдың сарбаздары жатқан зиратханаға жерлеу қажеттігі айтылған еді. Бірақ Смағұл Сәдуақасұлының сүйек күлі Астрахань тас жолындағы мұсылман зиратханасында жерленеді деп шешіліпті. Бұған қатысты алаштанушы ғалым Диқан Қамзабекұлы: «Қазір кейбір азаматтар «неге Смағұл сүйегі үлкен пантеонға қойылмады» дегендей сын айтып жатыр. Бұған басты себеп - пантеон әлі дайын емес. Сондықтан мұсылман ғұрпымен, ел дәстүрімен жер қойнауына тапсырылып жатыр. Мықты қайраткер қай жерде жатса, сол жер қадірлі емес пе?! Бұл елдің үлкен имандылық шарасы деп есептейміз» - дей келе: «Смағұл сүйегінің әкелінуі қоғамға үлкен сұрақ салды: жалпы, сендердің ұлттық қабірстандарың бар ма?! Бізде ұлттық қабірстан жоқ. Діни тұрғыдан алсақ, бұл таласты мәселеге әкеледі. Діндар азаматтар «ешқашан да бір кісіні бір кісіден төмендетуге болмайды» дейді. Хан да, қарапайым адам да Алла алдында пенде ғана. Бірақ зайырлы мемлекет ретінде айтсақ, біз ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру үшін елге қызмет еткен мықты азаматтардың зиратын көрнекі етіп қойғанды дұрыс көретін жайымыз бар» - деп, ойын түйіндейді.
Мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменов бұл шараның маңызына ерекше тоқтала келе: «Өкінішке қарай, Смағұл бабамыздың сүйегінің күлі 77 жылдан бері жер қойнауына тапсырылмай келді. Оған ешкімді кінәлауға болмас. Мәскеуде жүріп, мерт болып, сол елдің дәстүрімен, тәртібімен христиан зиратына қойылды. Тәуелсіз ел болған соң, мұның ары қарай да солай жалғасқаны дұрыс болмас еді. Мұсылман баласы әрі елге белгілі қайраткер болған соң, бабамыздың туған топырақта жанының мәңгілік тыныштық тапқаны дұрыс» - дейді.
Диқан Қамзабекұлының айтуынша, ендігі кезекте Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйектерін елге қайтару ісінде ұлт біртұтастығын көрсетумен қатар, оларды күтіп алудың елдік жоралғыларын қалыптастыра білу қажет.
Аңдатпа
/«Parlam.kz», 16.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Ертең, 17 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі ғимаратында (Конференц-зал, 2 қабат. сағат 15.00- де) Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық комитетінің ұйымдастыруымен «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.
Аталған заң жобасы бойынша Әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев баяндама жасап, сұрақтарға жауап береді деп күтілуде.
Заң жобасының жұмыс тобының жетекшісі – депутат Зағипа Балиева.
Нотариаттық қызметке қатысты дөңгелек үстел өтті
/«Parlam.kz», 17.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық комитетінің ұйымдастыруымен «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі – депутат Зағипа Балиева дөңгелек үстелді жүргізіп отырды. Аталған заң жобасы бойынша Әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге Ресейден Федералдық нотариалдық палата Басқармасының мүшесі, Самара облыстық Нотариалдық палатасының президенті Г.Николаева қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бүгінгі күні пайдаланып жүрген «Нотариат туралы» ҚР Заңы 1997 жылы қабылданған. Содан бергі қоғамдық өзгерістерге байланысты қолданыстағы ережелерді қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Бірнеше жыл бойы Заңға қолданылуы мен іске асырылуы аталған құқық институтын қалыптастыруда және дамытуда маңызды болған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Еуропа елдерінде нотариустық қызметтің бес жүз жылдық тарихы бар. Біздің нотариустар латын жүйесімен жұмыс істейді.
Әділет министрлігі ұсынып отырған Заң жобасы нотариусқа лицензия алуға үміткер адамдарды аттестаттау, соған үміткерлер арасында конкурстар жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық факторларын жоюға, олардың қызметінің аумақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік нотариустардың рөлін күшейтеді. Халыққа көрсетілетін нотариаттық қызметтің құнын азайтады, жекеше нотариустары жоқ шалғай аудандарда мемлекеттік нотариус қызметімен қамтамасыз етеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар Әділет министрлігі жанындағы Аттестаттау комиссиясында аттестациядан өтеді. Сол аттестациядан өткенімен лицензия алып, аймағын айқындай алмай жүргендер де баршылық екенін айтып өтті дөңгелек үстелге қатысушылар.
Осы Заң жобасымен жекеше нотариустар жоқ шалғай аудандарда қызмет көрсететін мемлекеттік нотариустар институтын да қалпына келтіру ұсынылады. Республикада 2018 нотариус бар, жалпы 4642 мемлекеттік лицензия берілген. Соңғы үш жылда Республика соттары 538 нотариаттық куәландырған келісім күшін жойды.
Осы ұсынылып отырған заң жобасын қабылдау нотариатты неғұрлым тиімді дамытуға және нотариаттық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмауға ықпал етеді.
Дөңгелек үстелде Республикалық нотариаттық палата төрайымы А.Жанабилова, Құқықтық зерттеу және анализ институты Консультативтік кеңесінің төрайымы К.Мұқашева, «Rectum esse» құқықтық орталығының президенті М.Әмірова, т.б. қатысушылар сөзге шығып, пікір алмасты.
/«Егемен Қазақстан», 21.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Қазақстан Республикасы Парла-менті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық комитетінің ұйымдастыруымен «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, депутат Зағипа Балиева жүргізіп отырды. Аталған заң жобасы жөнінде Әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев баяндама жасады. Жиынға Ресейден Федералдық нотариалдық палатасы басқармасының мүшесі, Самара облыстық нотариалдық палатасының президенті Г.Николаева қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бүгінгі күні пайдаланып жүрген «Нотариат туралы» ҚР Заңы 1997 жылы қабылданған. Содан бергі қоғамдық өзгерістерге байланысты қолданыстағы ережелерді қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Бірнеше жыл бойы Заңға қолданылуы мен іске асырылуы аталған құқық институтын қалыптастыруда және дамытуда маңызды болған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Еуропа елдерінде нотариустық қызметтің 500 жылдық тарихы бар. Біздің нотариустар латын жүйесімен жұмыс істейді.
Әділет министрлігі ұсынып отырған заң жобасы нотариусқа лицензия алуға үміткер адамдарды аттестаттау, үміткерлер арасында конкурстар жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық факторларын жоюға, олардың қызметінің аумақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік нотариустардың рөлін күшейтеді. Халыққа көрсетілетін нотариаттық қызметтің құнын азайтады, жекеше нотариустары жоқ шалғай аудандарда мемлекеттік нотариус қызметімен қамтамасыз етеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар Әділет министрлігі жанындағы Аттестаттау комиссиясында аттестациядан өтеді. Аттестациядан өткенімен лицензия алып, аймағын айқындай алмай жүргендер де баршылық екенін айтып өтті дөңгелек үстелге қатысушылар. Осы заң жобасымен жекеше нотариустар жоқ шалғай аудандарда қызмет көрсететін мемлекеттік нотариустар институтын да қалпына келтіру ұсынылады. Республикада 2018 нотариус бар, жалпы, 4642 мемлекеттік лицензия берілген. Соңғы үш жылда республика соттары 538 нотариаттық куәландырған келісімнің күшін жойды. Ұсынылып отырған заң жобасын қабылдау нотариатты неғұрлым тиімді дамытуға және нотариаттық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмауға ықпал етеді.
Дөңгелек үстелде Республикалық нотариаттық палата төрайымы А.Жанәбілова, Құқықтық зерттеу және талдау институты консультативтік кеңесінің төрайымы К.Мұқашева, «Rectum esse» құқықтық орталығының президенті М.Әмірова, т.б. сөзге шығып, пікір алмасты.
Мәжіліс Бюросында дайын заң жобаларының
талқыға шығарылатыны белгілі болды
/«Parlam.kz», 20.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палата Бюросының кезекті отырысы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды.
Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірнеше заң жобасын депутаттардың талқысына шығарылатынын хабарлады. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі күш-жігерлерге Француз Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобалары бар.
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Халықтың көші-қоны туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын екінші оқылымда күн тәртібіне енгізуге дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар Заңнама және сот-құқықтық реформа «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқыға салуды ұсынып отыр.
Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.
Мәжіліс Бюросында дайын заң жобаларының
талқыға шығарылатыны белгілі болды
/«ҚазАқпарат», 21.05.2011 ж./ - 20 мамыр күні ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында алдағы аптада жалпы отырыста талқыға шығарылатын мәселелер сараланды.
Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бірнеше заң жобасын депутаттардың талқысына шығарылатынын хабарлады. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі күш-жігерлерге Француз Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартты ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобалары бар.
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Халықтың көші-қоны туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын екінші оқылымда күн тәртібіне енгізуге дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар Заңнама және сот-құқықтық реформа «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқыға салуды ұсынып отыр.
Бюро отырысында Мәжілістің заң шығармашылық ісіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.
Қазақстан мен Украина арасындағы
қарым-қатынас өріс алуда
/«Parlam.kz», 20.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутат-тары Валерий Вишниченко мен Айгүл Соловьева Украина Жоғарғы Радасының депутаты Олег Ляшко мырзамен жүздесті.
Депутат Валерий Вишниченко өз сөзінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымы, елдің қол жеткізген табыстары туралы баяндап берді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында ұлтаралық келісім мен татулық мемлекеттің біртұтастығын сақтаумен қатар экономикалық-әлеуметтік дамуына жол ашып келе жатқанын айтып өтті.
Депутат Қазақстандағы украин диаспорасының бақуатты тұрып жатқанын әңгімеледі. Әсіресе, Қостанай, Қарағанды облыстарында украин ұлтының өкілдері көбірек қоныстанған.
Украина қазақтың жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа Киев қаласында ескерткіш орнату үшін жер учаскесін бөлді. Ал өз кезегінде Қазақстан Тарас Шевченкоға Астана қаласындағы Омаров және Әуезов көшелерінің қиылысында ескерткіш ортантуды жоспарлап отыр.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен Украина елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту жайлы ойларын ортаға салды.
Украина Жоғарғы Радасының депутаты Олег Ляшко: «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын жеңісі және бүкіл халықтың қолдауы қазақстандықтардың өз көшбасшыларының идеясы жолында біріге білетінін әлемге танытты»,- деді. Мейман халық бірлігі бар жерде экономикалық және басқа да салалар бойынша табыстарға жетуге болатынын тілге тиек етті.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қызметіне кіскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапары біздің елге жасалғанын Украина жоғары бағалайды. Қазақстан басшысы Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану мәселелері жөніндегі Киев саммитіне қатысты»,- деді Олег Ляшко.
Сұхбат барысында украиналық мейман жуырда Санкт-Петербор қаласында Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы Владимир Литвинов ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановты өз еліне шақырғанын айтып өтті.
Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас жыл санап қарқын алуда. Екі ел Парламентінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топ бар. Қос мемлекет арасындағы байланыс екі жақты және халықаралық ұйымдар шеңберінде өріс алып келеді.
Қазақстан Украинаның сыртқы сауда айналымында айрықша орын алады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Қазақстанда украиналық капиталдың қатысуымен 246 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Кәсіпорындар негізінен сауда айналымымен, автокөлік жөндеумен, құрылыс жұмыстарымен және өңдеу өнеркәсібімен айналысады.
Мәдени-гуманитарлық байланыс та жақсы дамуда. 100-ден астам Қазақстан азаматы Украинаның жоғарғы оқу орындарында инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Соның ішінде президенттік «Болашақ» бағдарламасы негізінде тәлім алып жатқандар бар.
Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас өріс алуда
/«ҚазАқпарат», 21.05.2011 ж./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Валерий Вишниченко мен Айгүл Соловьева Украина Жоғарғы Радасының депутаты Олег Ляшко мырзамен жүздесті.
Депутат Валерий Вишниченко өз сөзінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымы, елдің қол жеткізген табыстары туралы баяндап берді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында ұлтаралық келісім мен татулық мемлекеттің біртұтастығын сақтаумен қатар экономикалық-әлеуметтік дамуына жол ашып келе жатқанын айтып өтті.
Депутат Қазақстандағы украин диаспорасының бақуатты тұрып жатқанын әңгімеледі. Әсіресе, Қостанай, Қарағанды облыстарында украин ұлтының өкілдері көбірек қоныстанған.
Украина қазақтың жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа Киев қаласында ескерткіш орнату үшін жер учаскесін бөлді. Ал өз кезегінде Қазақстан Тарас Шевченкоға Астана қаласындағы Омаров және Әуезов көшелерінің қиылысында ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен Украина елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту жайлы ойларын ортаға салды.
Украина Жоғарғы Радасының депутаты Олег Ляшко: «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын жеңісі және бүкіл халықтың қолдауы қазақстандықтардың өз көшбасшыларының идеясы жолында біріге білетінін әлемге танытты», - деді. Мейман халық бірлігі бар жерде экономикалық және басқа да салалар бойынша табыстарға жетуге болатынын тілге тиек етті.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапары біздің елге жасалғанын Украина жоғары бағалайды. Қазақстан басшысы Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану мәселелері жөніндегі Киев саммитіне қатысты», - деді Олег Ляшко.
Сұхбат барысында украиналық мейман жуырда Санкт-Петербор қаласында Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы Владимир Литвинов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановты өз еліне шақырғанын айтып өтті.
Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас жыл санап қарқын алуда. Екі ел Парламентінде ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топ бар. Қос мемлекет арасындағы байланыс екі жақты және халықаралық ұйымдар шеңберінде өріс алып келеді
Бұқаралық ақпарат құралдарына
арналған ақпарат
/«Parlam.kz», 20.05.2011 ж., Парламент Сенатының баспасөз қызметі/ - Бүгін Қазақ-стан Республикасының Парламенті Сенаты мен Украина Жоғарғы Радасының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтардың кездесуінде Қазақстан мен Украинаның екіжақты қатынастары, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сенаторлар С.Ақылбай, Ю.Кубайчук және М.Бортник қатысқан кездесу барысында Қазақстан мен Украинаны дағдылы достық қатынастар және стратегиялық әріптестік байланыстыратыны аталып өтілді.
Тараптардың пікірінше, өзара тиімді ынтымақтастық үшін екі мемлекетте барлық жағдай жасалған. Мемлекетаралық байланыстардың түрлі саладағы ынтымақтастықты белсенді дамыту жоғарғы деңгейде қол жеткен уағдаластықтар бойынша белгіленген.
Парламентаралық байланыстар мемлекетаралық қатынастардың маңызды құрамы болып табылады. Сенатта Украина Жоғарғы Радасымен ынтымақтастық тобы қызмет етеді. Украинаның жоғарғы заң шығару органында да қазақстандық парламентшілермен достық және ынтымақтастық тобы бар.
Қазақстан мен Украина парламентшілері екіжақты және ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА аясында көпжақты тұрғыда белсенді іс-қимыл жасап келеді.
«Қазақстан мен Украинаны ортақ тарих, өзара мүдделестік пен дәстүрлермен тығыз байланысқан достық және тату көршілестік байланыстырады»,-деді украина делегациясының басшысы О.Ляшко.
Ол сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыруға біздің елдеріміздің зор әлеуеті бар екенін атап өтті.
Біздің елімізге алғаш рет келіп отырған парламентшінің айтуынша, ол Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қол жеткізген жетістіктердің әсері мол. «Сіздерде үйренуге болатын істер көп, соның ішінде заң шығару саласы да бар»,-деді украин депутаты.
Қазақстан мен Иран арасындағы парламентаралық
ынтымақтастықты нығайту туралы ойларды ортаға салды
/«Parlam.kz», 20.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Темірболатов Иран Ислам Республикасы Меджлисінің депутаты Ходжат-әл ислам Сейед Реза Акрами мырзамен жүздесті.
Тараптар кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты дамыту, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы ойларды ортаға салды.
Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты және әлеуметтік-гуманитарлық саладағы байланысты өрістету жайы сөз болды.
Кездесуде ауған мәселесі қозғалды. С.Темірболатов бұл мәселені ауған халқының мүддесі тұрғысында шешу қажеттігін айтты. Сонымен қатар сұхбаттасушылар экстремизмге, терроризмге және есірткіге қарсы күреске баса назар аудару жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан мен Иран арасындағы парламентаралық
ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды
/«ҚазАқпарат», 21.05.2011 ж./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Темірболатов Иран Ислам Республикасы Меджлисінің депутаты Ходжат-әл ислам Сейед Реза Акрами мырзамен жүздесті.
Тараптар кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты дамыту, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы ойларды ортаға салды.
Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты және әлеуметтік-гуманитарлық саладағы байланысты өрістету жайы сөз болды.
Кездесуде ауған мәселесі қозғалды. С.Темірболатов бұл мәселені ауған халқының мүддесі тұрғысында шешу қажеттігін айтты. Сонымен қатар сұхбаттасушылар экстремизмге, лаңкестікке және есірткіге қарсы күреске баса назар аудару жөнінде пікір алмасты.
Мәжілісте 2010 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы
туралы дайындалған есептердің таныстырылымы болады
/«Parlam.kz», 20.05.2011 ж., А. Сейтақ/ - Дүйсенбі, 23 мамыр күні, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсованың жетекшілігімен отырыс өтеді. Онда 2010 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің дайындаған есептерінің таныстырылымы болады (Конференц-зал, сағат 15-00).
Депутаттар алдында Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев баяндама жасайды деп күтілуде.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептер бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, экономика ғылымдардың кандидаты Төлебек Қосмамбетов.
Мәжілісте 2010 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы
дайындалған есептердің таныстырылымы болады
/«ҚазАқпарат», 21.05.2011 ж./ - Дүйсенбі, 23 мамыр күні, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсованың жетекшілігімен отырыс өтеді.
Онда 2010 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің дайындаған есептерінің таныстырылымы болады.
Депутаттар алдында Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев баяндама жасайды деп күтілуде.
Республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептер бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, экономика ғылымдардың кандидаты Төлебек Қосмамбетов.
Аңдатпа
/«Parlam.kz», 20.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Дүйсенбі, 23 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыс залында «Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылымның дамуы» деген тақырыппен Үкімет сағаты өтеді.
Онда ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов аталған тақырыпқа баяндама жасайды деп күтілуде.
ҮКІМЕТ САҒАТЫ
Қазақстан халқының 48 пайызы
жұмыспен қамтылған - Г. Әбдіқалықова
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Қазақстан халқының 48 пайызы жұмыспен қамтылған. Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.
«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға, халықты жұмыспен қамтуға ынталандырудың жаңа тетіктерін іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл ретте индустрияландыру картасы шеңберінде 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылмақ. Жаңа нысандардың құрылысы кезеңінде 207 мың адам оған тартылып, кейіннен жаңа кәсіпорындарында 161 мың жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылады»,-деді министр.
Оның айтуынша, еліміздегі индустриялық-инновациялық саясатты тиімді жүзеге асыру ең алдымен еңбек ресурстарына, олардың саны мен сапалы қамтылуына байланысты болмақ. «Қазақстан халқының саны 2011 жылғы 1 қаңтар бойынша 164 млн. адамға жетті. Халықтың 48 пайыздан астамы -еңбекпен қамтылғандар. Оның ішінде жалпы халық санындағы жалдамалы жұмысшылардың үлесі 31,7 пайызды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 16,5 пайызды құрайды»,-деді Г. Әбдіқалықова
Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны
жалпы еңбекпен қамтылғандардың 33,3 пайызын құрайды
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жалпы еңбекпен қамтылғандардың 33,3 пайызын құрайды.
Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.
Министрдің айтуынша, еліміздің еңбек нарығында соңғы 10 жылдықта оң өзгерістер көрініс тапқан. Атап айтқанда, халық саны 1,8 миллионға артса, жалдамалы жұмысшылар саны 1,7 миллионға өскен. Мұның өзі жаңадан құрылған жұмыс орындарының да артқандығын білдіреді. Ал қазақстандықтардың нақты кірісі 2,6 есеге жоғарылаған.
«Білім алушылар саны да 1,5 есеге өсті - бұл болашақ үшінгі білікті кадрлар. Жұмыссыздар саны да 1,5 есеге төмендеді. Алайда, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың көрсеткіші еш өзгеріссіз қалды»,-деді министр Г. Әбдіқалықова.
Бұл ретте ведомство басшысы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың еңбек нарығындағы ауқымды еңбек резерві бола алатынын атап өтті. «2010 жылы елдегі жұмыспен қамтылғандардың саны 8,1 млн. адамды құрады. Олардың ішінде жалдамалы жұмысшылар 5,4 млн. адам, немесе жалпы жұмыспен қамтылғандардың 66,7 пайызын құраса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,7 млн. адам немесе 33,3 пайызды құрап отыр. Сондықтан да өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың мәселесі біздің еліміз үшін өзекті», - деді министр.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың еңбек өнімділігі
жалдамалы жұмысшыларға қарағанда 6 есе төмен -Г. Әбдіқалықова
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың еңбек өнімділігі жалдамалы жұмысшыларға қарағанда 6 есе төмен.
Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы тақыры-бында өтіп жатқан Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.
«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тұрғылықты жері бойынша жіктесек, олардың басым бөлігі еліміздің Оңтүстік өңірінде және ауылдық жерлерде орналасқан. Атап айтсақ, бүгінгі күні ауылдық жерлердегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 71,2 пайызды құраса, қаладағы осындай санаттағылардың көрсеткіші 28,8 пайыз. Жалпы халықтың 33 пайызын құрайтын осы санаттағылар республикамыздың жалпы қосылған құнының шамамен 10 пайызын ғана өндіреді. Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың еңбек өнімділігі жалдамалы жұмысшыларға қарағанда 6 есеге төмен»,-деді министрі Г. Әбдіқалықова.
Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды білім деңгейі бойынша жіктесек, онда қаладағы бұл санатқа жататындардың 27 пайызы жоғары білімді, 32 пайызы орта арнаулы, ал 41 пайызы орташа білімді болып табылады. Сонымен бірге ауылдағы өзін жұмыспен қамтығандардың 8,5 пайызында жоғары білімі болса, 15 пайызы орташа арнаулы және 76 пайыздан астамы орта білімді болып отыр.
Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы ең алдымен
өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар мен
аз қамтылған отбасылардың проблемаларын шешуге бағытталады
/«ҚазАқпарат», 16.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарла-масы ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар мен аз қамтылған отба-сылардың проблемаларын шешуге бағытталады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.
«Сонымен қоса, біздің алдымызда индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру мәселесі тұр. Ал 1 шілдеден бастап жүзеге асатын Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы негізгі үш бағытты қамтиды. Бұлар - одан әрі жұмысқа орналастыру үшін кәсіби оқыту, екіншіден - өз ісін бастау үшін, оның ішінде ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жәрдемдер беру, үшінші бағыт - егер тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасудың немесе бизнес ашудың перспективасы болмаса, бағдарлама бойынша дамыған өңірлерге жұмыс күшін орналастыру қарастырылады. Бұл ішкі еңбек ресурсының мобилділігін арттырады», - деді Г. Әбдіқалықова.
Оның айтуынша, бірінші бағдар бойынша кәсіби оқыту техникалық және кәсіби білім беру мекемелері базасында қалыптасатын болады. Бұл бағыт бойынша бағдарламаға қатысушылар үшін тегін оқыту, оқитын жеріне қатынау барысындағы шығындарға өтемақы төлеу, ай сайынғы жатын орны үшін шығындарды қайтару түріндегі қолдау шаралары қарастырылады.
Мәжілісте «жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» талқыланды
/«Parlam.kz», 16.05.2011 ж., С. Досжанова/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасы-ның орынбасары Владимир Бобровтың жетекшілігінде «Жұмыспен қамту 2020 бағдарлама-сы туралы» деген тақырыпта Үкімет сағаты өтті.
Осы мәселе бойынша депутаттар алдында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова баяндама жасады. Баяндама алдында депутаттарға «Жұмыспен қамту стратегиясы: қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер» атты деректі фильм көрсетілді.
Статистика бойынша Қазақстанда халық саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 16,4 млн-ға жетті. Халықтың 48 %-нан астамы – жұмыспен қамтылған, бұл орайда жалдамалы қызметкерлер – 31,7 %, ал өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі – 16,5 %-ды құрайды.
Соңғы он жылда бірталай оң өзгерістерге қол жеткізілді. Қазақстандықтардың табысы 2,6 еседен астам өсті. Халық саны жалпы 1,8 млн. адамға көбейіп, жалдамалы қызметкерлер саны 1,7 млн-ға жетті, бұл жаңа жұмыс орындарының көптеп құрылғандығын көрсетеді.
Қазіргі кезде ауылды жерлерде өз бетінше жұмыспен айналысушылардың саны 71,2 %-ды құрайды, және тиісінше 25,8 % адам қалаларда жұмыс істейді.
«Үкімет биылғы жылдың наурызында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекітті. Оның мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыс деңгейін арттыру болып белгіленді. Алдымен, бағдарлама өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздарға және табысы аз қазақстандықтарға бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асыру биылғы жылдың 1 шілдесінен басталады.
Бағдарлама үш бағыттан тұрады. Бірінші – кейіннен жұмысқа орналастыра отырып кәсіптік оқыту. Екінші бағыт – жеке ісін, ең алдымен ауылда ұйымдастыруға жәрдемдесу.Үшіншісі – тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамыту мүмкін болмаған жағдайда, Бағдарламада экономикалық дамыған өңірге көшіп баруға мүмкіндік бар, бұл өз кезегінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға ықпал етеді»,- дейді өз баяндамасында министр.
Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын Жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің, білім беру органдары мен ұйымдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың қатарынан құрылатын арнайы жұмыс тобы қарайтын болады.
Аталған жұмыс тобы тапсырылған құжаттарды талдау және үміткерлермен жеке әңгімелесу арқылы үміткерді бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы ұсыныс жасайды.
Бағдарламаға қатысушысы мен мемлекет арасындағы жұмысқа орналастыруды қоса алғанда, өзара міндеттемелер туралы шартты сипаттайтын әлеуметтік контрактыны енгізу Бағдарламаның қосымшасы. Аталған бағытты іске асырудың басты тетігі микрокредиттеу болып табылады.
Бастапқыда аталған бағытта әлеуетті қатысушы Жұмыспен қамту орталығына өтініш береді, онда онымен әңгімелесу өткізілгеннен кейін ұзақтығы 1 айға дейінгі кәсіпкерлік негіздеріне үйрету курстарынан тегін өту ұсынылады. Оларға тегін консультативтік көмек және бизнес жоспар құруға көмек көрсетіледі. Осыдан кейін Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары бизнес жоспар жобаларын әзірлеп, микрокредиттеу жүзеге асырылатын микроқаржы ұйымдарына өтініш береді.
Микроқаржы ұйымдарының өздері конкурстық негізде олардың жұмыс тәжірибесіне, кредиттік портфеліне, кепілдік қамтамасыз ету және т.б. мәселелері бойынша талаптар белгілейді.
Соңғы қарыз алушыға үш миллион теңгеге дейінгі сомада бес жылға дейінгі мерзімге микрокредит беру көзделеді. Кредит бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша 18 айға дейін, алайда кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін.
Бұл орайда микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы қарыздарды жабуға және жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді.
Бағдарламаны іске асыру аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қажетті құқықтық базаны қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту туралы» Заңға Үкімет пен орталық атқарушы органның құзыретіне сәйкес толықтырулар енгізілуде.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға – Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушыларға жалға үй беру жөнінде қосымша нормалар енгізу бөлігіне;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға Үкімет ұсынған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына азаматтардың қатысуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек төлеу жүйесін жетілдіру бөлігіне толықтырулар мен өзгерістер енгізілуде.
«Министрлікте 2009-2010 жылдардағы Жол картасы сайтына ұқсас Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша арнайы сайт жасап жатыр.
Үкімет 2016 жылға қарай Бағдарламамен бір жарым миллионға жуық адамды қамтуды жоспарлауда. Еліміздегі кедейлік деңгейін 6 %-ға дейін төмендетіп, жұмыссыздық деңгейін 5,5 %-дан асырмай ұстап отыру міндеті көзделуде.
Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал етіп, алдымыздағы стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз»,- деді министр депутаттар алдында.
Мәжіліс депутаттары З.Алшымбаев, М.Әбенов, Ж.Дүйсебаев, Г.Исімбаева, Д.Құсайынов, А.Соловьева, О.Киколенко, т.б. министрге сұрақтар қойып, тиісті жауабын естіді.
Үкімет сағатын Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Бобров қысқаша қорыта сөйлеп, Министрлікке депутаттардың ұсынымдарын жіберетінін мәлімдеп аяқтады.
Қазақстан РФ және Белорусиямен таяуда мамандар
алмасу келісімін ратификациялайды – Еңбек министрі
/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 16.05.2011 ж./ - РФ және Белорусиямен мамандар алмасу жөніндегі келісімді Қазақстан таяуда ратификациялайды, деп хабарлады дүйсенбі күні Халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова.
«Біздің Ресей және Белорусиямен жаңа келісіміміз бар, қазір ол ратификациялауға дайындалып парламентке ұсынылу үстінде», - деп айтты мәжілісте(парламенттің төменгі палатасы) өткен «үкімет сағаты» отырысындағы мәлімдемесінде.
Сонымен қатар министр, «зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Ресей, Белоруссия және Қазақстан жұмыс күштерінің ұқсастығын анықтаған».
Қазақстан Беларус және Ресеймен арадағы кадр алмасу мәселесі
бойынша келісімді ратификациялауға дайындауда
/«BNews.kz.», 16.05.2011 ж./ – Бұл жөнінде бүгін 2020 жылға дейінгі жаңа жұмыспен қамту бағдарламасы талқыланған үкімет отырысында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
«Бізде Ресей және Беларуспен арада жаңа келісім бар. Ол қазір Парламенттің бекітуіне әзірленіп жатыр», - деді Г.Әбдіқалықова. Сонымен қатар оның айтып өткеніндей, қазіргі уақытта Кеден одағы елдері (Ресей, Беларус пен Қазақстан) арасында жұмыс күшін алмасу өте шамалы.
Оның түсіндіріп өткеніндей, аталмыш заңнама бекітілгенінен кейін, мысалға, көрші Ресейде қызмет еткісі келетін жоғары білікті мамандар осы мүмкіндіктеріне ие бола алады.
Естеріңізге сала кетейік, ақпанда Министрлер кабинеті Жұмыспен қамту-2020 бағдар-ламасын қабылдаған болатын, ол 1 шілдеден бастап өз күшіне енбек.
Бағдарламаның мақсатына сәйкес, 2020 жылы Қазақстандағы кедейшілік деңгейі (8,2 %-дан) 6 %-ға төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын болады деп күтілуде.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының
миллиондаған адамға шарапаты тимек
/«ҚазАқпарат», 17.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Биыл 1 шілдеден бастап елімізде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы жүзеге аса бастайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, ағымдағы жылдың наурызында «Нұр Отан» партиясында кеңінен талқыланып, бекітілген жаңа бағдарлама еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Ресми статистикаға жүгінсек, Қазақстанда халық саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 16,4 млн. адамға жетті. Оның ішінде жұртшылықтың 48 пайызынан астамы жұмыспен қамтылған болса, бұл орайда жалдамалы қызметкерлер - 31,7 пайызды, ал өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі - 16,5 пайызды құрайды екен. Бұдан бөлек, соңғы онжылдықта елдегі еңбек нарығында бірталай оң өзгерістерге қол жеткізілгенімен, өз бетінше жұмыспен айналысушылардың проблемасы күрделеніп отырғаны айқын болатын. Осы мәселені және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес еңбек нарығының жаңа талаптарын ескере отырып, Мемлекет басшысы билік алдына халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын әзірлеп, қабылдауды міндеттеген еді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыс деңгейін арттыру болып табылады. Кеше Парламент Мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жай-жапсарын тағы бір мәрте түсіндіріп берді. Министрдің айтуынша, бағдарлама үш бағыттан тұрады. Бірінші бағыт аясында кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру көзделеді. Екінші бағыт бойынша ауылда кәсіп ашып, жеке ісін жүргізгісі келетіндерге жәрдем жасалады. Үшінші бағыт шеңберінде тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамытуға мүмкіндік жоқ болғандықтан, бағдарлама арқылы ондай адамдардың экономикасы дамыған өңірлерге көшуіне мүмкіндік қарастырылған. Бұл өз кезегінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға ықпал етеді.
Енді Еңбек министрі жан-жақты ашып көрсеткен осы үш бағытқа кеңінен тоқталсақ. «Кәсіптік оқыту техникалық және кәсіптік оқыту мекемелерінде білім беруге негізделетін болады. Бағдарламаға қатысушылар үшін мемлекет тегін оқу, оқитын жеріне дейін және кері қайту жолақысын (бір жолғы) және ай сайын жататын жері үшін өтемақы түрінде қолдау шараларын ұсынады. Бұдан бөлек, бағдарламаға қатысушысы мен мемлекет арасында өзара міндеттемелер туралы әлеуметтік келісімшарт енгізіледі. Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру мақсатында еліміздегі барлық инвестициялық жобалардың іске асырылуын ескере отырып, ағымдағы және келешектегі жұмыс орындарының жалпыұлттық деректер базасы құрылады», ‑дейді министр. Мемлекеттік жәрдем бағдарлама шеңберінде кадр даярлау мәселесіне қолдау білдіретін кәсіпорындар мен ұйымдарға да ұсынылатын болады. Мәселен, кәсіпорындарда жалақы мөлшерінің жартысына дейін мемлекет тарапынан субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламасы кеңінен қолданылатын болады. Бұдан бөлек, мемлекет жұмыс берушінің кадр даярлауға кететін шығынның 70 пайызына дейін өтеп беру арқылы бағдарламаға қатысушыларды оқытуға және жұмысқа орналастыру мәселесін қосымша шешуге ұмтылады. Бұл жаңалық негізінен 2012 жылдан бастап енгізілетіндігі қарастырылып отыр.
Бағдарламаның басты бағыты - ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Жалпы, өз бетінше жұмыспен айналысатындардың, жұмыссыздар мен табысы төмен отбасылардың көпшілігі ауылды жерлерде тұратынын ескерсек, оның үстіне елді мекендерде жалдамалы жұмыс орындарын құру оңайға түспейтінін есепке алсақ, ауыл кәсіпкерлігін дамытудың маңызы зор болмақ. «Осы бағыттың басты тетігі шағын несиелеу жүйесі арқылы жүзеге асады. Түпкі қарыз алушыға үш миллион теңгеге дейінгі сомада бес жылға дейінгі мерзімге микрокредит беру көзделеді. Кредит бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша 18 айға дейін, алайда кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін. Бұл орайда микрокредиттер тұтынушы мақсаттарына, басқа қарыздарды жабуға және жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді. Микрокредиттеуге микрокредиттік ұйымдармен қатар бағдарламаға әлеуетті қатысушылар құратын кредиттік серіктестіктер де іске тартылатын болады», - дейді Г. Әбдіқалықова. Бұған қоса, ауылдағы кәсібін жаңа бастаушы үшін қажет болса инфрақұрылым, яғни жол құрылысы, жабдықтау, кәріз, телефон және электр желілерін жүргізу шаралары мемлекет есебінен өтеледі.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша азаматтардың тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға немесе жеке ісімен айналысуға мүмкіндігінің болмауына байланысты жергілікті атқарушы органдар ондай азаматтарға басқа өңірлерден жұмыс ұсынатын болады. «Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден көшуі бастапқы кезеңде бір ауданның ішінде немесе бір облыс шегіндегі бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбек нарығындағы нақты жағдайларды ескере отырып, жұмыстар вахталық әдіспен жүзеге асып қалуы да ықтимал. Бағдарламаның аталған бағытына экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар қатыса алады», - дейді Еңбек министрі. Бұл ретте экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерді айқындау критерийлерін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігі әзірлейтін болады. Соған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар аталған министрліктермен келісім бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердің тізбесін айқындайды. Бұдан соң, экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердің тізбесін Премьер-Министрдің төрағалығымен республикалық ведомствоаралық комиссиясы бекітеді. Тоқтала кететін жайт, осы бағытта басқа өңірге жұмысқа орналасу бойынша көшіп келу мен оларды баспанамен қамту үшін жалға берілетін үй мемлекет тарапынан субсидияланады.
«Мұншалықты ауқымды бағдарламаны іске асыру үшін жұмыспен қамту органдарын институционалды жетілдіру көзделетіні сөзсіз. Соған орай еліміздің барлық өңірлерінде аудандар мен қалалар деңгейінде қосымша Жұмыспен қамту органдары құрылады. Бұдан бөлек, бағдарламаны тиімді іске асыру үшін құқықтық база қалыптасатын болады. Бұл ретте «Жұмыспен қамту туралы» заңға Үкімет пен орталық атқарушы органның құзыретіне сәйкес толықтырулар енгізу қарастырылады. Оның ішінде жаңадан «әлеуметтік келісімшарт», «жалақыны субсидиялау», «жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары», «өз бетінше жұмыспен айналысушылар» секілді ұғымдар нақтыланатын болады. «Жұмыспен қамту бағдарламасын талқылау және түсіндіруге үкіметтік емес ұйымдар да белсенді түрде тартылатын болады. Жалпы алғанда Үкімет 2016 жылға қарай бағдарламамен бір жарым миллионға жуық адамды қамтуды жоспарлауда. Соның нәтижесінде еліміздегі кедейлік деңгейін 6 пайызға дейін төмендетіп, жұмыссыздық деңгейін 5,5 пайыздан асырмай ұстап отыру міндеті көзделуде. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал етіп, алдымыздағы стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - дейді Г. Әбдіқалықова.
Министр қалаулыларға кино көрсетті
/«Айқын» газеті, 17.05.2011 ж., А. Шәріп/ - Күні кеше, Алматыда, Қазақстан Көшбас-шысы Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдардың, іскер адамдардың және мемлекеттік аппараттың алдына осы онжылдықта Қазақстанды инновациялық үлгідегі мемлекетке айналдыру туралы ғаламат міндет қойғаны мәлім. Осы орайда еңбек саласында қандай жасампаздық-жаңалық өмірге жолдама алып жатқанын білу үшін қалаулылар кеше Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованы әңгімеге шақырған. Ол өз кезегінде Қазақ елінде «суперорталықтар» пайда болатынын мәлімдеді. «Білім беру министрлігі үш ірі орталық құрғалы жатыр, - деді министр ханым, - соларда жаңа супертехнологияларға оқыту жүзеге асырылады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде және орталығында осындай үш орталық болады».
Айтқандай, Гүлшара Әбдіхалықованың Парламенттегі ертеде қалыптасқан «ескі сүрлеумен» салып-ұрып келе жатқан «Үкімет сағатын» ұйымдастыруға «жасампаздық тұрғыдан» келуге тырысқандығы байқалды. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына арналған кешегі «Үкімет сағаты» шынымен, өзгеше басталды: жиынға төрағалық еткен Мәжіліс вице-спикері Владимир Бобровтың келісімін алған министр Г.Әбдіхалықова баяндама жасамас бұрын, төрдегі үлкен теледидарды қосып, қалаулыларға кино көрсетті. «Мың естігеннен бір көрген артық» деген есті сөзді ескерген министр ханым депутаттарға халықты еңбекпен қамту бағдарламасының өмірде қалай жүзеге асырылып жатқандығын деректі фильм арқылы паш етті. Рас, фильм, министрліктің жұмысын әлбетте, жақсы қырларынан көрсеткенімен, «Қазақстанда жұмыссыздық мәселесі жойылды!» деп жариялауға фильм авторларының да жүрегі дауаламапты. Бұл жерде, жұмыссыздар түгіл, министрліктегілердің өзі Елбасы бастамашы болған жаңа «Жұмыспен қамту» бағдарламасына көбірек үміт артып отырғандай.
Жиында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының іске қосылар күні ресми мәлімделді. Министр Г.Әбдіхалықова осынау онжылдық бағдарламаның 2011 жылғы 1 шілдеде Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында бастау алатындығын хабарлады. Бағдарлама аясында Қазақстанда 200 мыңға дейін тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Бұл құжаттың осы бағыттағы бұрынғыларынан үлкен бір айырмашылығы бар: мемлекеттің бұл жолғы жобасы кең қанат жайып, өз іс-шараларына, тұңғыш рет тек жұмыссыздарды ғана емес, «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» және аз қамтылған азаматтарды тартпақ. Бұл мақсатта Үкімет үш бағытта іс-қимылға кіріседі. Қысқаша қайырғанда, бұлар - жұмыссыздарды ел экономикасында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту, азаматтарға ауылда өз бизнесін ашуға және ұйымдастыруға көмектесу, сондай-ақ онсыз да жетіспей жатқан жұмыс қолын ары қарай ысырап етпеу үшін депрессивті ауыл-аудандардан оларды көшіріп әкету. Еліміздегі елді мекендердің қайсысы «екі қолға бір күрек» іздеуге жарамайтындығын өздерінің Ауыл шаруашылығы, Экономикалық даму және сауда министрліктеріндегі әріптестерімен ақылдаса отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілейтін болады, әлгіндей елді мекендердің тізімін де солар түзбек. Тұтастай алғанда, онжылдық жаңа бағдарлама арқасында, 1,5 миллион қазақстандықты жұмысқа орналастыру, Қазақстандағы тақыр кедейлер қатарын 6 пайызға дейін азайту, ал жұмыссыздық деңгейін 5,5 пайызға төмендету көзделіп отырған көрінеді.
Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жалпы еңбекпен қамтылғандардың 33,3 пайызын құрайды. Яғни 2,7 миллион адам нақты бекітілген еңбекақысыз, өз бетімен күн көруде. Министр ханым олардың 71%-ы ауылда тұрып жатқанын және «бұл санаттағылардың білім деңгейі қаладағыларға қарағанда көп төмен» екендігін айтты. «Жұмыспен қамту - 2020» аясында осы өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіпорындарда әлеуметтік жұмыс орындарын құру және 12 айға дейін жалақының жартысын субсидиялау сынды шаралар қарастырылуда екен. «Қазір көптеген жұмыс берушілер сырттан жұмыс күшін әкелуге тілек білдіруде, - деді Гүлшара Наушақызы. - Біз оларға: «Біздің адамдарды оқытыңыз, біз сіздерге оқуға жұмсаған шығындарыңыздың 70 пайызын өтейміз!»,- деп айтамыз.
Әйтсе де, осы орайда таңданыс туғызатын мәлімет жария етілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресеймен және Беларусьпен жұмыс күшімен алмасуды қарастыратын келісімді бекітпек. Халықаралық уағдаластықты рәсімдейтін тиісті заң жобасын министрлік ендігі әзірлеп жатыр. «Ресеймен және Белоруссиямен арамызда осындай жаңа келісім бар. Ол қазір ратификациялауға, Парламентке енгізуге әзірленуде» деген Г.Әбдіхалықова арнайы зерттеу жүргізілгендігін айтты. Ол Кеден одағы елдері арасындағы жұмыс күшінің алмасуы шамалы екендігін көрсеткен, жұмыс орындары оларда да жеткіліксіз. «Ресейде де, Беларусьте де өз тұрғындарын жұмысқа тұрғызуды қажет етеді» деп қосты министр ханым. Демек, Қазақ елі іске қосатын жоғары технологиялы зауыт-кәсіпорындардағы жаңа жұмыс орындарын ресейлік, беларусьтік мамандар баса алады, олардың қатары тіпті шетелдік жұмыс күшіне қатысты квотамен де шектелмейді. Қалаулылар жоғары білікті төл мамандарымыздың осы елдерге кетіп қалуына қатысты да алаңдаушылық білдірген. Бұған жауап берген Гүлшара Наушақызы Қазақстанның олардың орнын өзі-ақ толтырып отыратындығына сенім білдірді.
- Әрине, келісімді ратификациялайтын әлгі заң жобасы қабылданған соң, Ресейде жұмыс істегісі келетін жоғары білікті адамдарға жол ашылады, - деп мойындады министр. - Бірақ біз де 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасының арқасында, ішкі әлеуетті арттырып отыратын боламыз!
Гүлшара ханым «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының ауылда бизнес ашуды қолдау бағыты бойынша, іс бастауға құлшынған қазақстандықтар арасында қаншадан қаржы үлестірілетіндігінен де құлағдар етті. Оның мәліметінше, елімізде ауылдық кәсіпкерлерге 3 миллион теңгеден (20 мың доллардан астам қаржы) берілетін болады. Г.Әбдіхалықова Қазақстанда мұнша көлемде микрокредит бұрын-соңды ешқашан берілмегендігін нықтады. Бұған дейін бизнес бастағысы келген ауылдықтар дәмете алатын ең көп қаржы 400 доллар шамасында болған көрінеді. 3 миллион теңгеге дейінгі қаражат несие түрінде 5 жылға дейін беріледі делінді. «Кредит жеңілдетілген болады» деп сендірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Ол кредиттің мақсаты нық болатындығын шегеледі, ақшаны басқа мақсатқа жұмсап жіберуге тыйым салынады. Мемлекет өз бизнесін ашуға белді бекем буған бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын тегін курстар ашпақ. Оларға сондай-ақ тегін кеңес-консультация беріледі және бизнес-жоспарды құруда көмек көрсетіледі. «Бағдарлама қатысушылары өз жобаларының бизнес-жоспарын әзірлеп, микрокредиттік ұйымдарға жүгінеді» деді Гүлшара Наушақызы. Рас, осындай ұйымдардың біразы қазір «ломбард» ретінде қызмет ететіндігі құпия емес. Оның дерегінше, қазіргі кезде тіркелген 1700 микрокредиттік ұйымның тек 700-дейі ғана шын жұмыс істейді екен. Мемлекеттің миллиондары ауылда іс бастағысы келетіндерге енді дәл осылар арқылы арна тартпақ.
Алдымен өндіріс салып, артынан жұмысшы іздеп жүрмейік...
/«Алаш айнасы» газеті, 17.05.2011 ж., Қ.Қазы/ - Даму дөңгелегі құбылып тұрған бүгінгі заманда кез келген мемлекеттің әлеуметтік басымдығының бастысы жұртты жұмыспен жарылқау екендігі айқын. Қазақстан Үкіметі де әрбір азаматының лайықты жұмысбастылығына жағдай жасау міндетін өзіне алды. Бұл – халықтың өмір сапасына әсер ететін маңызды тетік. Сондықтан да Елбасының тапсыруымен Үкімет биылғы наурызда «Жұмыспен қамту-2020» жаңа бағдарламасын әзірлеген болатын. 1 шілдеден бастап жүзеге аса бастайтын осы бағдарламаның «новелласы» кешегі Мәжілістің Үкімет сағатында тағы бір мәрте талқыға түсті.
Бағдарлама бұған дейін атқарушы билікте де, мәжілісмендер түгел қатысатын билік партиясында да біршама талқыланғандықтан, халық жан-жақты хабардар болар деп ойлаймыз. Десе де, қысқаша тағы бір түсінік беру үшін еңбек нарығындағы бірқатар мәселеге назар аударғымыз келеді. Ең алдымен, нарықтағы өзін-өзі жұмыспен қамтитын санаттағы тұлғалардың болашағы. Қазір нарықтағы басты проблема осы тәрізді. Ресми дереккөз бұл санаттағылардың санын 2,7 млн. адам деп есептеп отыр. Бұл – аз көрсеткіш емес. Соңғы онжылдықта бүкіл елдегі сапалық белгілер жақсыға қарай өзгеріп жатқанда, еңбек нарығының ішіндегі осы топтың жағдайы сол қалпы қалған. Ал сол өздігінен жұмысбасты боп жүргендердің басым көпшілігі оңтүстік өңірде, сосын ауылдық жерлерде орналасқан екен.
Жалпы, халық санының 33 пайызын құрайтын осы санаттағылар елде жалпы қосылған құнның 10 пайызына жетер-жетпес өнімге ие. Жалдамалы жұмысшыларға қарағанда, еңбек өнімділігі де алты есеге төмен бұлардың. Сондықтан Үкімет әу баста индустрияландыру картасын қолға алғанда бұл санатты еңбек ресурсының ішкі резерві ретінде қарастырған. Шілдеден бастап жүзеге асатын «Жұмыспен қамту – 2020»-ның негізгі бағыты да осыған ойысады. Мәжілісмендерге егжей-тегжейін түсіндіру барысында еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау саласының нөмірі бірінші маманы, министр Гүлшара Әбдіқалықова осы бағыттағы бағдарламаның үш беталысын атады. «Бірінші – кейіннен жұмысқа тұрғызу үшін кәсіби білім беру. Екінші бағыт – өз ісін ашқысы келетіндерге, ең бірінші кезекте ауылдағы кәсіпті гүлдендірем деушілерге жәрдем жасау. Үшінші бағыт – өзі тұратын өңірде жұмысқа орналасу немесе бизнес ашу перспективасы болмаса оларды басқа бір дамыған өңірге орналастыруға мүмкіндік қарастыру. Соңғысы елдің еңбек мобильділігін арттырады», – дейді Гүлшара Наушақызы. Министр атаған алғашқы бағытты қысқаша қайырғанда, мемлекет азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін оқытуды өз мойнына алады. Қыруар қаражат бөлу арқылы кадрларды қайта оқыту, біліктілікті арттыру, сондай-ақ өңірлік, өмірлік қажеттілікті ескере отырып, жұмысшының кәсібін жаңғырту қарастырылады. Мемлекет жұмысқа орналастырар алдында тегін білім берумен қоса, оқуға ынталы санаттың жолкіресін (егер алыс аудандарда болса, барыс-келіс шығынын), жатын орнын да өтеп береді. «Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамту мақсатында ағымдағы және перспективадағы жұмыс орындарының жалпыұлттық мәліметтер базасы құрылады. Мұнда елдегі барлық инвестициялық жобалар ескеріледі. Бұдан бөлек, бағдарлама аясында қазақстандықтарды оқытып, оларға жұмыс беруге ниет танытқан кәсіпорындар мен ұйымдарды мемлекет те қолдауға әзір. Бұл ретте мемлекет жұмыс берушінің кадр даярлауға қатысты 70 пайыз шығынын өтеуге барады. Әйтсе де бұл компонент 2012 жылдан бастап іске қосылады», – дейді еңбек министрі.
Екінші бағыт – ауылдағы кәсіпкерлік. Өз кәсібін дөңгелеткісі бар ауылдағы ширақ ағайын үшін көрсетілетін жәрдем түрі де жан-жақты. Кәсіпкерлік, негізінен, оқыту, бизнестік кеңестер беру, шағын несие ұсыну, олардың кәсібіне қатысты инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытып беру секілді қолдауларды мемлекет көтереді. «Соңғы тұтынушы үшін бесжылдық мерзімге 3 млн теңгеге дейін шағын несие беру қарастырылады. Дегенмен мұндай уақ қарыз тек ауылдық жерден кәсіп ашқысы келетін, бизнеске бетбұрыс жасаушыларға ғана арналады. Тұтыну мақсатына, басқа займдарды жабуға, жылжымалы мүлік алуға әлгіндей уақ қарыз берілмейді. Егер кәсіп ашқысы келетін ауылдың болашақ бизнесмендері өз істерін бастауы үшін инфрақұрылымдар қажет болса, мұны да мемлекет көтереді. Мәселен, ауылдың бір шетінен шағын өндіріс орнын ашқыңыз келсе, соған дейінгі жол құрылысын, су құбырын, кәріздер һәм электр желілерін мемлекет есебінен салуға болады.
Үшінші бағыт тұрғылықты жері бойынша лайықты еңбек етуге, бизнес ашуға перспектива болмаса, жергілікті атқарушы орган басқа өңірден жұмыссыздың «екі қолына бір күрек» тауып береді. Сөйтіп, экономикалық әлеуеті төмен елдің адамы басқа өңірге барып, өзінің өмір сапасын жақсартады. Тіпті бұл ретте түбегейлі көшкісі келмейтіндер үшін, оның үстіне еңбек нарығында келешекте қалыптасуы мүмкін нақты шаралар сараланса, вахталық әдісті де ұйымдастыру көзделеді. «Біздің мемлекет үшін урбанизация қашып құтылатын құбылыс емес. Қазірдің өзінде депрессиялық, перспективасы төмен деп саналатын өңірлер анықталып қойған. Дәл осындай аймақтардан бірінші кезекте ішкі облыстық және аудандық бағытта азаматтарды көшіру жұмыстары қамтылмақ. Ағымдағы жылы шамамен 14 мың адам осы шараға даярланатын болады деп санаймыз», – дейді Гүлшара Наушақызы.
Министрдің мазмұнды баяндамасы мәжілісмендердің көңілінен шықты. Десе де, еліміздің ең өзекті бағыты саналатын бағдардың түрлі тетіктері туралы сауал таусылмады. Бұл солай болуы да тиіс деп ойлаймыз. Депутаттар бағдарламаны еліміздің ең осал тұсын түзеуге арналған ең ауқымды бетбұрыс ретінде қабылдады. Мұны тиянақты орындау қажеттігіне назар аударды. Әсіресе елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, жалпы, даму көрсеткіштерін кері тартып, ілгері дамуға кедергі келтіріп отырған санат – өзін-өзі жұмыспен қамтитын халықтың жағдайын жете зерделеу керектігі ескерілді. «Бұл топтың жағдайын түзесек, халықтың әл-ауқаты да жақсарады, орташа тап та қалыптасады, жұмыссыздық та кемиді» дегенді құптады депутаттар. Ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды нарықтағы белсенді арнаға ауыстыру үшін ұжымшарларды, өндірістік кооперативтерді қайта ұйымдастыру туралы ұсыныс жасалып, шаруалардың басын біріктіру керектігін алға тартқандар болды. Индустрияландыру картасын толық жүзеге асырмас бұрын елдің еңбек күшін оңтайлы орналастыру мәселесі де көтерілді. Расында, ресми деректерге сүйенсек, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 370 мыңға тарта адам жұмысқа тартылмақшы екен. Әйтсе де осы 370 мың адамның қалай, қайда әм қашан даярланатыны әлі де түсініксіздеу көрінеді. Ауқымды күшті керек ететін кәсіпорындарды жер-жерден «балалатпас» бұрын, өңірлерде алып жоба салмас бұрын, оның жұмысшысына уақтылы назар бөлсек игі.
Кенжеғали Сағадиев келтірген тарихи дерек:
Еңбек құрылымындағы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар дедік қой, осыған орай бір тарихи дерегім бар, ағайындар. 1896 жылдан 1904 жылға дейін Қазақстанда әрбір өңірдегі шаруашылықты зерттеуге Ресей патшалығы экспедиция шығарып, академик Щербина сол экспедицияны басқарғаны белгілі. Қазір сол экспедицияның жазған 11 томдық еңбегі біздің мұрағаттарда жатыр. Ата текті жақсы білетін азаматтардың көбісі қазақ ауылдары туралы көп мәліметті содан ала алады. «Ауылдың басшысы кім? Кімдер тұрған, шаруашылығы не?» деген мәліметті алуға болады. Осы экспедиция сол кездің өзінде бір ауылға, оның ішінде бір қазақ шаңырағына не керегін есептепті. Мәселенки, бір отбасының тәуір күнкөрісі үшін он шақты сиыры болуы керек екен. Бір сиырды асырау үшін 0,7 десятина жері қажет болыпты, барлығын қоса есепке алғанда, 190-200 десятина жер керектігі шығады. Мұндай жері мен малы бар шаруаның өмір сүру сапасы «тәуір» деп бағаланады. Щербинаның көрегендігі мен ақылдылығы сол – ол осы дерекке сүйеніп, «Қазақстанға шеттен келімсек келуге еш негіз жоқ, өз жері өзінен артылмайды» деген қорытынды шығарды. Бұл – бір. Екіншіден, Щербинаның сол 11 томы «жабулы қазан» күйінде қалып отыр. Ал бүгінгі күнге келетін болсақ, бізде дәл сондай зерттеу жоқ! Неге? Ел-елді аралап, тұрмысты көзбен көріп зерттесек керек еді. Сонда өзін-өзі жұмыспен қамтудың «бет-әлпетін» анық көріп, оған не керек, қандай іс ашу қажеттігін бірден түсінер едік.
/«Ел» газеті, 17.05.2011 ж./ - Кеше Парламент Мәжілісінде “Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы” жайында Үкімет сағаты өтті. Онда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова баяндама жасады.
Статистика бойынша Қазақстанда халық саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 16,4 млн-ға жетті. Халықтың 48 %-нан астамы – жұмыспен қамтылған, бұл орайда жалдамалы қызметкерлер – 31,7 %, ал өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі – 16,5 %-ды құрайды.
Соңғы он жылда бірталай оң өзгерістерге қол жеткізілді. Қазақстандықтардың табысы 2,6 еседен астам өсті. Халық саны жалпы 1,8 млн. адамға көбейіп, жалдамалы қызметкерлер саны 1,7 млн-ға жетті, бұл жаңа жұмыс орындарының көптеп құрылғандығын көрсетеді.
Қазіргі кезде ауылды жерлерде өз бетінше жұмыспен айналысушылардың саны 71,2 %-ды құрайды, және тиісінше 25,8 % адам қалаларда жұмыс істейді.
“Үкімет биылғы жылдың наурызында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекітті. Оның мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыс деңгейін арттыру болып белгіленді. Алдымен, бағдарлама өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздарға және табысы аз қазақстандықтарға бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асыру биылғы жылдың 1 шілдесінен басталады.
Бағдарлама үш бағыттан тұрады. Бірінші – кейіннен жұмысқа орналастыра отырып кәсіптік оқыту. Екінші бағыт – жеке ісін, ең алдымен ауылда ұйымдастыруға жәрдемдесу. Үшіншісі – тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамыту мүмкін болмаған жағдайда, Бағдарламада экономикалық дамыған өңірге көшіп баруға мүмкіндік бар, бұл өз кезегінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға ықпал етеді”, – деді өз баяндамасында министр.
Жұмыссыздықты жоюдың үш бағыты
/«Заң газеті», 18.05.2011 ж., А. Құрманғали/ - Үкімет 2016 жылға қарай бір жарым миллион адамды жұмыспен қамти келе, еліміздегі кедейлік деңгейін 6 пайызға төмендетіп, жұмыссыздық дәрежесін 5,5 пайыздан асырмауға бекініп отыр. Азаматтардың әл-ауқатын арттырып, алдымызда тұрған стратегиялық міндеттерді тиімді шешуге жол ашатын бұл көрсеткіштерге атқарушы биліктің өзі наурыз айында бекіткен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы нәтижесінде қол жетпек. Бұл жөнінде кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Гүлшара Әбдіхалықова айтты.
Аталмыш құжаттың еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға, жұмыссыздарға және табысы аз азаматтарға бағытталып отырғанын білеміз. Олар елімізде аз емес. Гүлшара Әбдіхалықованың айтуына қарағанда, бұл азаматтардың жалпы саны 8,1 млн екен. Олардың ішінде жалдамалы қызметкерлер 5,4 млн болса, өз бетінше жұмыспен айналысушылар 2,7 млн адам. Өзін жұмыспен қамтитын азаматтардың дені, яғни, 71,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Қалғаны қалалықтар.
Ал, осы елімізде жұмыспен қамтылғандардың 33 пайызын құрайтын өзін жұмыспен қамтушылардың еңбек өнімділігі алдыңғыларынан алты есеге төмен көрінеді. Олар жалпы ішкі өнімнің он пайызға жуығын ғана өндіреді екен. Бұл белгілі деңгейдегі қомақты экономикалық әлеуеттің тиімді пайдаланбай жатқанын көрсетеді. Оның сыртында, осы азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандыру шаралары жоққа тән. Қолданыстағы заңнама бойынша елімізде тек құқықтық негізде жұмыс істейтін өзін жұмыспен қамтитындардың, яғни, адвокат, жеке нотариус, жеке кәсіпкер, салық тәртібін қолданатын жеке тұлғалардың ғана аталмыш мәселелері шешім тапқан. Осының бәрі бүгінгі таңда өз бетінше жұмыс істейтіндерді заңды нарықтық ортаға шығару қажеттігін туындатып отыр. Аталмыш бағдарламаға негіз болған мәселелер ретінде министр осы жайларды атап көрсетті.
Сонымен қатар, елімізде жүзеге асып жатқан инновациялық-индустриалдық даму бағдарламасы сапалы да білікті кадрларға сұраныс туғызбақ. Бүгінде белгілі болып отырғандай, осы бағдарлама арқасында республикада 370 жұмыс орны құрылмақ. Тек қана жаңа объектілердің құрылысы кезеңінде 207 мың жұмыс орны ашылып, кейін жаңа кәсіпорындарда 161 мың адамның тұрақты жұмысқа қолы жетпек. Олай болса, аталмыш бағдарламаны дер кезінде ойластырылып, қолға алынған шаруа деп айтуға болады.
Министр биылғы шілде айының алғашқы күнінен іске қосылатын бұл бағдарламаның үш бағытта жүргізілетінін атап көрсетті. Біріншісі, кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік оқыту, екінші, жеке ісін ең алдымен ауылда ұйымдастыруға жәрдемдесу, үшіншісі, тұратын жерінде жұмысқа орналасу немесе бизнесті ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда экономикалық дамыған өңірге көшіп баруға мүмкіндік жасау.
Алғашқысы, яғни, кәсіптік оқыту арқылы кадрларды қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстары жұмыс істейді. Бұл бағыт бойынша, азаматтар үшін мемлекет тегін оқу, жолақысы, тұрған жері үшін өтемақы төлейді. Оқудан кейін олар міндетті түрде жұмысқа орналастырылады. Бұл үшін кәсіпорындарда он екі айға дейінгі мерзімде мемлекет жалақының жартысын субсидиялайтын әлеуметтік жұмыс орындары құрылмақ. Жалпы, мемлекет кадр даярлау ісінің жетпіс пайызға жуық шығынын көтермек. Бағдарламаның бұл бөлігі 2012 жылдан бастап енгізіледі.
Ал, екінші бағыт бойынша, ауылдағы кәсіпкерлік шарасын қолдау шағын несиелеуге негізделеді. Кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттілер мемлекет есебінен кәсіпкерлік негіздеріне үйретіледі. Оларға, сонымен қатар, консультациялық қызмет көрсетіледі. Ең бастысы, бизнестерінің инфрақұрылымдарын дамытуға елеулі көмек жасалатын болады. Шағын несие үш миллион теңгеге дейінгі көлемде бес жылға дейін беріледі. Қарыз ақшаны тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсамау – басты талап.
Бағдарламаның үшінші бағыты, азматтарды тұрғылықты жерлерінен жұмыс таппаған жағдайда басқа өңірге көшіру – бір ауданның немесе бір облыс ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл орайда, көшіп келу мен жалға үй беруді субсидиялау көзделіп отыр. Жалдамалы үйлердің құрылысын салу және бөлумен жергілікті атқарушы ұйымдар айналысады.
Осындай үш ауқымды бағытта жүзеге асырылатын бағдарламаны орындау үшін аудандар мен қалалар деңгейінде жұмыспен қамту ұйымдары құрылатын болады. Сонымен қатар, шаралардың құқықтық базасын қамтамасыз ету мақсатында үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу дайындалып жатыр. Олар «Жұмыспен қамту туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» заң жобалары. Ал, бағдарламаларды кешенді түрде жүзеге асыру мақсатында ел бюджетінен 40 млрд теңге бөлініп отыр.
Гүлшара Әбдіхалықова бұл бағдарламаның қанатқақты жоба екенін, оны жүзеге асыру барысында жағдайға барынша талдау жасау, нәтижесін екшеу назарда болатынын атап көрсетті. Бағдарлама жаппай орындаушылық сипатта емес, әрбір өңірдің ерекшелігіне, азаматтардың мүмкіндігі мен ынтасына байланысты жүргізілетінін, әсіресе, басқа жерлерге көшіру шараларында мейлінше абай болуға тырысатындықтарын айтты.
Депутаттар бұл бағдарлама егер толықтай жүзеге асырылса, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына түбегейлі бетбұрыс жасалып, халықтың әл-ауқатының жаңа сапалық деңгейге көтерілетінін айтты. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша тиімді шешілуге тиіс бірқатар мәселелер бар екенін еске салды. Олардың қатарында мамандар дайындау, қайта даярлау үшін оқу орындарының базасын, оқытушылар құрамын жетілдіру, қажет мамандардың тізімін нақты жасау, несие өсімдерінің тым қымбат болмауы, жұмыс орындарының тұрақты болуын қамтамасыз ету, бизнеске қажет инфрақұрылымның толыққанды болу қажеттігі сияқты маңызды шаралар аталып көрсетілді.
/«Алтын орда» газеті, 20.05.2011 ж./ - Биыл 1 шілдеден бастап елімізде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жүзеге аса бастайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, ағымдағы жылдың наурызында «Нұр Отан» партиясында кеңінен талқыланып, бекітілген жаңа бағдарлама еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Ресми статистикаға жүгінсек, Қазақстанда халық саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 16,4 млн. адамға жетті. Оның ішінде жұртшылықтың 48 пайызынан астамы жұмыспен қамтылған болса, бұл орайда жалдамалы қызметкерлер – 31,7 пайызды, ал өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі – 16,5 пайызды құрайды екен. Бұдан бөлек, соңғы онжылдықта елдегі еңбек нарығында бірталай оң өзгерістерге қол жеткізілгенімен, өз бетінше жұмыспен айналысушылардың проблемасы күрделеніп отырғаны айқын болатын. Осы мәселені және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес еңбек нарығының жаңа талаптарын ескере отырып, Мемлекет басшысы билік алдына халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын әзірлеп, қабылдауды міндеттеген еді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыс деңгейін арттыру болып табылады.
Парламент Мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жай-жапсарын тағы бір мәрте түсіндіріп берді. Министрдің айтуынша, бағдарлама үш бағыттан тұрады. Бірінші бағыт аясында кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру көзделеді. Екінші бағыт бойынша ауылда кәсіп ашып, жеке ісін жүргізгісі келетіндерге жәрдем жасалады. Үшінші бағыт шеңберінде тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамытуға мүмкіндік жоқ болғандықтан, бағдарлама арқылы ондай адамдардың экономикасы дамыған өңірлерге көшуіне мүмкіндік қарастырылған. Бұл өз кезегінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға ықпал етеді.
Жалпы алғанда Үкімет 2016 жылға қарай бағдарламамен бір жарым миллионға жуық адамды қамтуды жоспарлауда. Соның нәтижесінде еліміздегі кедейлік деңгейін 6 пайызға дейін төмендетіп, жұмыссыздық деңгейін 5,5 пайыздан асырмай ұстап отыру міндеті көзделуде. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал етіп, алдымыздағы стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», -дейді Г.Әбдіқалықова.
Үкімет бір жарым миллионға жуық адамды
жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр
/«Дала мен қала» газеті, 21.05.2011 ж., Е. Досымбай/ - Өткен жылы елімізде жұмыспен қамтылғандардың саны 8,1 млн. болған. Олардың ішінде 5,4 млн. адам жалдамалы жұмысшы немесе жалпы жұмыспен қамтылғандардың 66,7 пайызын құраса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,7 млн., яғни 33,3 пайызды құрап отыр. Міне, осы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың мәселесі біздің еліміз үшін өзекті.
Бұл жөнінде Мәжіліс төрағасының орынбасары А.Бобровтың төрағалығымен «Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы туралы» деген тақырыпта өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті. Өзекті болатыны халықты зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру дегендеріңіз өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға тиесілі емес. Яғни, биліктен жұмыс сұрап, жалақы бұлдамайтын бұл топтың ертеңгі әлеуметтік жағдайы бұлыңғыр. Егер қартайғанша кісі қолына қарамай жұмысы жүріп, табысы түсіп тұрса бірсәрі. Ал олай болмаған күнде қайтпек, «әй, осы мені асырайтын шығар» деп кішкентайында еркелеткен баласы немесе немересі жағдайын қалауынша жасай ала ма? Ол да беймәлім. Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 2,7 миллион, оған 500 мыңдай жұмыссыздарды қосыңыз. Сонда үш миллионнан астам адам зейнетақы қорларына ақша аудармайды. Үш жылдан соң ортақ мемлекеттік зейнетақы жүйесі тоқтатылады да тек жинақтық қалады. Сонда әлгі үш милионнан астам адамға қатысты әлеуметтік қиындықтар туындауы әбден мүмкін. Дегенмен, Үкімет осы мәселеге бет бұра бастады. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын әзірледі. Ол ағымдағы жылдың наурызында «Нұр Отан» партиясында кеңінен талқыланды. Шілденің 1-нен бастап жүзеге асыра бастайтын бұл бағдарлама Мәжіліс депутаттарымен тағы бір пысықталды. Депутаттар алдында баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны жалпы еңбекпен қамтылғандардың 33,3 пайызын құрайды екен. «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тұрғылықты жері бойынша жіктесек, олардың басым бөлігі еліміздің Оңтүстік өңірінде және ауылдық жерлерде орналасқан. Атап айтсақ, бүгінгі күні ауылдық жерлердегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 71,2 пайызды құраса, қаладағы осындай санаттағылардың көрсеткіші 28,8 пайыз», – деді министр Г. Әбдіхалықова. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 27 пайызы жоғары білімді, 32 пайызы орта арнаулы, ал 41 пайызы орташа білімді екен. Ал, ауылдағы өзін жұмыспен қамтығандардың 8,5 пайызында жоғары білімі болса, 15 пайызы орташа арнаулы және 76 пайыздан астамы орта білімді. Министр Г.Әбдіхалықованың айтуынша, елді индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады. Яғни, жаңа нысандар құрылысы кезеңінде 207 мың адам қатысып, кейін жаңа кәсіпорындарда 161 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру мақсатында ағымдағы және перспективадағы жұмыс орындарының мәліметтер базасы құрылатын болады. Министрдің айтуынша, мемлекет бағдарламаға қатысқысы келетіндерді оқытып, жұмыспен қамтуға ниет танытқан кәсіпорындар мен ұйымдарға да қолдау жасайды. Бұл ретте кадрларды даярлауға арналған шығынның 70 пайызы жұмыс берушіге мемлекет тарапынан өтеледі.
Бағдарламаның басты бағыты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету, ал негізгі мақсаты – тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыс деңгейін арттыру. Сондықтан, жұмыспен қамту мәселесімен шалғайдағы ауылға орталықтан шенеуніктер келіп, қолыңызға «қармақ беріп» жатса таңқалмаңыз, әрі құлағыңыз түрік жүрсін. Бағдарлама үш түрлі – кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру, ауылда кәсіп ашып, жеке ісін жүргізгісі келетіндерді қолдау, тұратын жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамытуға мүмкіндік жоқ ауылдан адамдардың экономикасы дамыған өңірлерге көшуіне мүмкіндік жасау секілді бағыттардан тұрады. Министрдің айтуынша, кәсіптік оқыту техникалық және кәсіптік оқыту мекемелерінде білім беруге негізделетін болады. Оқу тегін. Оқитын жерге дейін және кері қайту жолақысы мен ай сайын жататын жері үшін өтемақы түрінде қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік жәрдем бағдарлама шеңберінде кадр даярлау мәселесіне қолдау білдіретін кәсіпорындар мен ұйымдарға да ұсынылатын болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың, жұмыссыздар мен табысы төмен отбасылардың көпшілігі ауылды жерлерде тұрады. Бұл орайда, бағдарлама шеңберінде шағын несиелеу жүйесі арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту көзделіп отыр. Мысалы, кәсіпкерлікті дамыту ниетінде қарыз алушыға үш миллион теңгеге дейінгі сомада бес жылға шағын несие беру қарастырылған. Несие бойынша негізгі қарызды өтеу 18 айға дейін, алайда кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін. Егер қажет болса, ауылдағы кәсібін жаңа бастаушы үшін жол құрылысы, жабдықтау, кәріз, телефон және электр желілерін жүргізу шаралары мемлекет есебінен өтеледі.
Ауылда жұмыс та және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік те жоқ болса басқа жақтан жұмыс ұсынылады. «Біздің мемлекет үшін урбанизация қашып құтылатын құбылыс емес. Қазірдің өзінде депрессиялық, перспективасы төмен деп саналатын өңірлерді анықтау басталған. Дәл осындай өңірлерден бірінші кезекте ішкі облыстық және аудандық бағытта азаматтарды көшіру жұмыстары қамтылмақ. Ағымдағы жылы шамамен 14 мың адам осы шараға даярланатын болады деп санаймыз», – деді Гүлшара Наушақызы. Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерді анықтау жұмыстарын Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесе жүргізбек. Басқа өңірге жұмысқа орналасу бойынша көшіп келу мен оларды баспанамен қамту үшін жалға берілетін үй мемлекет тарапынан субсидияланады. Көшкісі келмегендерге вахталық әдіс ұсынылуы да мүмкін. Алайда, депутаттар азаматтардың өзге өңірлерге көшіп баруына берілетін 800-900 мың теңгелік жәрдемақысының баспана алуға жетпейтіндігін айтты. Еліміздің барлық өңірлерінде аудандар мен қалаларда қосымша жұмыспен қамту орталықтары құрылмақ. Сондай-ақ, бағдарламаны тиімді іске асыру үшін құқықтық база қалыптасатын болады. Талқылау және түсіндіруге үкіметтік емес ұйымдар да тартылмақ. Бірқатар қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізіледі. Атаулы әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру мәселелеріне орай үкіметтік түзетулер де жобаға енгізілетін болады. Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 30 пайызы еңбекке жарамды саналады екен. Міне, осы еңбекке жарамды деген азаматтарға бағдарламаға қатысу ұсынылмақ. Жалпы, Үкімет 2016 жылға қарай бір жарым миллионға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН СҰХБАТТАР
Халықты төтенше жағдайлардан
міндетті сақтандыру жүйесін енгізу керек пе?
/«Алаш айнасы» газеті, 17.05.2011 ж./:
Өмірәлі Қопабаев, заң ғылымының докторы, профессор
Иә
– Өз басым мұны қолдаймын. Бізге осы жүйені әлдеқашан заңмен негіздеп, міндеттеу керек еді. Мұны айтып отырған себебім – қандай да бір төтенше жағдай орын ала қалса, азаматтардың қауіпсіздігі бірінші кезекте тұруы тиіс. Бұл – белгілі жайт. Десек те, көптеген жағдайда халықтың қауіпсіздігі ескерілмей, қарапайым халық шығын көріп жатады. Осыны көңілге түйіп бағамдаған көршілес елдердің біразы міндетті сақтандыру жүйесіне еніп те жатыр. Бұған қатысты Қытай Халық Республикасы мен көршілес Ресей елін алуға болады. Әсіресе Қытай елі оңтүстік-батыс аумағында жиі болатын жер сілкінісінен кейін арнайы міндетті сақтандыру үрдісін мықтап қолға алды. Сол тәрізді Ресей елі де ел аумағында қалыптасып кеткен түрлі оқиғалардан кейін сақтандыру жүйесіне осы бөлімді енгізді.
Айта кету керек, бізде «Сақтандыру қызметі туралы» Заң бойынша әрбір адам өз өмірін сақтандыруға, қамсыздандыруға құқылы. Десек те, ол заңда төтенше жағдайларға қатысты сақтандыру жүйесі міндеттеп көрсетілмеген. Тіпті біздің еліміздің азаматтарының бұл мәселеге бейжай қарайтыны соншалық – халықтың 70 пайызы өз өмірін сақтандыруға келгенде енжарлық танытады екен. Бір қызығы, жұртшылық мал-мүлкін, астындағы көлігін, баспанасын, банктегі қаржысын сақтандыруға келгенде тым ширақ қимылдайды. Ал өз өмірін сақтандыруға келгенде бұл жайт керісінше қалыптасып отыр. Негізінен, сақтандыру жүйесі еліміздің экономикалық саласына оң ықпал етсін десек, біз осы саланы нақты жүйелеуге кіріскеніміз абзал. Ол үшін алдымен өндіріс орындарындағы қауіп-қатер сипаты, ондағы адам өмірін сақтандыру үрдісі, түрлі апатты жағдайлар орын алғанда адам өмірі қалай сақтандырылуы керек, сақтық әдіс қорлардың жұмысы қалай ұйымдастырылуы қажет, міне, осы мәселелерді сауатты жүйелеп алған жөн. Содан кейін барып халықтың сақтандыру компанияларына, сақтандыру қорларына деген сенімі күшейе түседі. Негізінен, сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады: бірінші – қоғамдық қорғау жүйесі;
екінші – әлеуметтік сақтандыру (қорғау) және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, үшінші – жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру. Енді осы аталған сақтандыру жүйесіне төтенше жағдайларға қатысты бөлім енгізсек, өз басым мұны дұрыс деп есептеймін. Себебі қазірде технологиялық жағынан қуатты деген мемлекеттердің өзінде жер сілкініп, топан су басып, төтенше жағдай қалыптасып жатыр. Міне, осы тұста бізге де сақтанудың барлық шараларын қарастырған абзал...
Тасбай СИМАМБАЕВ, сенатор
Жоқ
– Мен мұны қолдамаймын. Себебі біздің отандық нарықта қазірдің өзінде ірілі-ұсақты түрлі сақтандыру компаниялары топтап саналады. Олардың қайсыбірі заңсыз әрекеттерге барып, халықты алдап, елдің қаржысын қанап жүр. Сондай-ақ елдегі сақтандыру компанияларының басым бөлігі бюджетке табыс түсіріп, салық төлеп жатқаны да шамалы. Демек, олардың жұмысын одан әрі жүйелеп, халықты міндеттеп сақтандыру жұмысын енгізудің қажеті жоқ. Бұл, әрине, сақтандыру қорлары мен компаниялары үшін халықтан қаржы қарпып қалуға тиімді болар. Бірақ бұл жерде қарапайым халыққа тиімділік көріп отырған жоқпын. Мысалы, халық қолындағы қаржысын төтенше жағдайдан сақтануға салды делік, бірақ сол сақтандыру қорлары мен сақтандыру компаниялары төтенше жағдай орын ала қалса, халыққа қомақты қаржы беріп, төтенше жағдайдан кейінгі жағдайын мамыра-жай етіп береді деуге сену қиын.
Өкініштісі, қазір «ел аман, жұрт тыныш» заманда жұрттың көбі сақтандыру жарналары бола тұра сақтандыру компанияларына алданып қалып жүр. Мәселен, көлікті сақтандыру жүйесі бізде дамымаған, көлігіңіз сақтандырылған күннің өзінде көлік апатына ұшырай қалса, азаматтар шығынның толық құнын алып жүрген жоқ. Сондай-ақ елде мүлікті сақтандыру жүйесі де дамымаған. Бұл орайда тіптен «ауызды қу шөппен сүртуге» тура келеді. Өмірді қамсыздандыру жүйесінің тек жобасы ғана бар. Саналы түрде мұны да нақты тәжірибеде пайдаланып көргендер жоқтың қасы. Енді келіп төтенше жағдайға қатысты міндетті сақтандыру жүйесін енгізгіміз келеді. Өзіңіз ойлап қараңызшы, төтенше жағдай орын алып жатқан тұста кім-кімнің жоғын түгендеп жатады?! Ондай сәтте халықтың қауіпсіздігін тек Үкімет қана мойнынан алады. Бұл тұрғыда Үкіметте арнайы жобалы-жоспарлы жүйе бар. Осыған орай айтарым – міндетті сақтандыру жүйесін енгізу қоғам қажеттілігі емес. Күні ертең бұл орайда сақтандыру жүйесін жүргізген сақтандыру компанияларының жауапкершілікті мойнына артатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Қайталап айтамын, қандай да бір төтенше жағдай орын алса, халықтың қауіпсіздігі Үкіметтің бақылауында болуы тиіс... Жалпы, Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, нарықтық қоғамдық қатынастарға сай халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік жүйесі құрылған. Міне, болашақта осы жүйені одан әрі жетілдіргеніміз жөн...
Бейтарап пікір
Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
– Бүгінгі күні сақтандыру жүйесі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементтерінің бірі болып отырғанын атап өткен жөн. Міндетті сақтандыру жүйесінің сақтандырудың басқа түрлерінен (мүлікті, көлікті және т.б. сақтандыру) айырмашылығы – ол еңбек қызметіне араласа алмауы себепті материалдық қамтамасыз етілмеуден азаматтарды қорғауды қамтамасыз етеді. Біздегі сақтандыру қызметінің басты түйткілі халықтың қалай сақтануды білмеуінен емес, сақтануға мүмкіндік беретін табысының аз болуынан туындап отыр. Шетелдерде кез келген азамат өзінің ертеңгі өмірін қамтамасыз етуді, қиын жағдайда тал қармап қалмауды басты қажеттіліктерінің бірі деп санайды. Сол үшін де сақтандыру компанияларын өздері іздеп барып, олармен ерікті түрде шарт жасасады екен. Өкінішке қарай, біздің елімізде ертеңгі күнін ойламақ тұрмақ, бүгін қалай жан бағарын білмей, шақшадай басы шарадай болып жүргендер көп. Демек, сақтығымызды қапысыз қамдау алдымен азаматтардың табысын көбейту міндетін алға қояды. Сақтандыру нарығына халық алаңсыз кіріксін десек, ел азаматтарының тапқан табысы көбеюі керек...
Көк байрақтың астында бірігуге кім қарсы?
/«Айқын» газеті, 17.05.2011 ж., К. Тасболат/ - Өткен жылдың қыркүйек айында Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов «Айқын» газетінде (07.09.10) жарияланған «Біз Көк тулы мемлекетпіз бе, әлде көп тулы мемлекетпіз бе?» деген мақалаға байланысты Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдаған болатын. Онда депутат: «7 қыркүйектегі «Айқын» газетінде басылған «Біз Көк тулы елміз бе, әлде көп тулы елміз бе?» деген мақалада, тіпті сорақы істердің бары жазылған. Мақалада Алматы көшелерінде қазақтың Көк туын емес, Шыңжаң автономиялық ауданының бейресми рәмізіне айналған, жарты ай мен жұлдыз безендірілген көгілдір туды автокөліктерінің алдыңғы және артқы терезелеріне іліп жүру үрдісі белең алып бара жатқаны деректермен берілген. Бұған шектеу қашан қойылады? Мен осыны білгім келеді» - деп, мәселені төтесінен қойған еді.
Бұл мәселенің өз шешімін тапқан-таппағанын білгісі келетін оқырмандарымыз да баршылық. Ел азаматтары депутаттардан да «мұның арты не болды екен?», «Мемлекеттік рәміздер туралы» заң талаптары қаншалықты сақталып жатыр деп сұрап та жатыр. Өзекті мәселені көтерген Берік Бекжановқа хабарласқанымызда, ол депутаттық сауалға Үкімет басшысынан жауаптың келгенін жеткізді. Осы мәселеге байланысты жауап берген Кәрім Мәсімов депутаттық сауалда көтерілген мемлекеттік рәміздерді қолдану жөніндегі өзекті мәселенің мұқият қаралғанын әрі мемлекеттік рәміздер саласындағы заң талаптарының сақталуын қадағалау прокуратура органдарының құзырына кіретінін мәлімдепті. Өз кезегінде Премьер-министр: «Бұдан басқа, жергілікті жерлерде азаматтардың өз автокөліктерінің ішінде басқа елдердің туларын орнатып жүруіне қатысты көтеріп отырған мәселеңіз маңызды. Алайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, жеке автокөліктің іші олардың иелерінің жекеменшігі болып табылады. Сондықтан азаматтардың жеке мүліктерін пайдалануларына шектеу қою заң талаптарына қайшы келетінін мәлімдейміз» дей келе: «Тұтас алғанда, сіздердің сауалдарыңызда көтеріліп отырған мемлекеттік рәміздерді орынсыз бейнелеу және азаматтардың жеке автокөліктерінің ішінде басқа елдердің туларын орнатып жүру жөніндегі келеңсіздіктердің алдын алу мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында» деп, жауап берген. Сондай-ақ Үкімет басшысының жауабында тиісті ақпараттың прокуратура органдарына ұсынылатыны айтылған.
Өкінішке қарай, соңғы кездері Қытайда сепаратистік ту ретінде танылған нышандар Алматыдағы жеке көліктерден бөлек, қоғамдық көліктерде, атап айтсақ, автобустар мен «маршрутка» атаулының кейбірінде кездесетін болған. Бұл өнімді «Анэль-Brothers» ААҚ-ы Қазақстанның ірі сауда орталықтарына жеткізетінін бұрын да жазғанбыз. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аталып өтетінін ескерсек, мұндай келеңсіз жайттардың кездесуі ұлттық идентификация тұрғысынан біздің әлі де бір ту - Көк байрақтың астында біріге алмауымызды білдіре ме? Мойындалмаған елдің туын көтеретіндер қаншалықты өздерін Қазақстан азаматымын деп санайды?
Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
- Қазақстанда «Мемлекеттік рәміздер туралы» арнайы заң бар. Бұл заң талаптарының орындалуын үнемі қадағалап отыру керек. Жалпы, бұл мәселе «мен қазақпын, Қазақстан азаматымын» деп, елді, мемлекеттік рәміздерді құрметтейтін барша азаматтарға қатысты. Сондықтан мемлекеттік рәміздердің қолданылуына қатысты талаптардың орындалуына баршамыз бірдей атсалысумыз тиіс.
Меніңше, мұны қадағалауға прокуратура органдары ерекше назар аудармаса болмайды. Егер меншік иелері, жеке тұлғалар тиісті талаптарды бұзып жатса, оларды жауапкершілікке тарту керек. Мұның бәрі заңмен қарастырылған. Қазақстанның ресми Туы, Әнұраны, Елтаңбасы бар. Біз күнделікті өмірде осы мемлекеттік рәміздерді насихаттауымыз керек. Өкінішке қарай, бізде тек ұйғырдың жалауын ғана емес, басқа да елдердің туларын көліктеріне іліп жүретін азаматтар бар. Ал бұған адамның жеке ісі деп қарауға тағы болмас. Қазақстанда тұрып жатқан соң, жергілікті ұстанымдарға бағынып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу міндет.
- Сіздің ойыңызша, өткен 20 жыл ішінде қазақстандықтар қазақ бола алды ма? Әртүрлі тулардың кездесуі біздің бір Ту аясында біріге алмағанымызды аңғарта ма?
- Бұл - өтпелі кезеңде болатын жағдай. Түптің түбінде боламыз, бірақ қазірше біз «біртұтас қазақстандық» бола алдық деп айта алмаймыз. Меніңше, басқаларды айтпағанның өзінде қазақтың өз арасында біртұтастық жоқ секілді... Халық тілге де, дінге де бөлініп жатыр. Ел боламыз десек, біртұтас ұлт болып ұйысуымыз керек. Бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар да бар. Мұның бәрін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен әрбір азаматтың жүрегінде ұлтқа, Отанға деген сүйіспеншілік отын тұтандыра алмай жатырмыз ба, әйтеуір, бас біріктіруімізге әлі де уақыт керек.
- Ал түптің түбінде қазақтар қазақстандық болуы керек пе, әлде қазақстандықтар қазақ болуы керек пе?
- Негізінде, қазақстандықтар қазақ болуы керек. Кеше теледидардан бір хабар көргенім бар. Басқа ұлттың бір өкілі Қазақстаннан Еуропаға барып-келіпті. Еуропада мемлекеттілік ұстаным бұрыннан басым. Содан болар, Қазақстаннан келген кез келген азамат олар үшін қазақ болып саналады. Бұл бүкіл әлемде бар жағдай: Ресейде тұрғанның бәрі орыс, сол сияқты Америка азаматтары - ұлтына қарамастан америкалықтар. Еуропаның өзі Қазақстанда тұрып жатқан барша ұлыс өкілдерін қазақ деп санаса, неге біз соған ұмтылмаймыз?! Меніңше, елдің, ұлттың беделі өскен сайын біз үлкен күш аламыз. Әрине, мұнда тұратынның бәрі қазақ болып кетпесе де, басқа елдер үшін қазақ болып аталады. Қазір оның алғашқы қадамдары жасалып жатыр. Біз соған жетеміз. Қазақстандық емес, қазақ болуымыз керек.
- Яғни бір Ту аясында ғана бірігуіміз керек қой...
- Әрине, сөз жоқ, солай. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ретінде таңдап алынған, заң жүзінде бекітілген Көк байрағымыздың астында өмір сүріп, топтасуымыз керек.
Мектеп бітірушілерден ақша жинауға
заң жүзінде тыйым салу керек пе?
/«Алаш айнасы» газеті, 17.05.2011 ж./:
Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер
Иә
– Мемлекет тарапынан қаржыланатын мектептерде оқушылардан ұдайы ақша жиналатыны қазір құпия болудан қалды. Осы орайда мектеп бітірушілерден ғана емес, жалпы, мектепте ақша жиналуына заң жүзінде тыйым салуымыз керек. Өйткені мектептегі ақша жинау үрдісі ушығып барады. Заман талабы осы деп «жауырды жаба тоқуға тырысқанымызбен», жыл өткен сайын балалардың өзара бәсекелестікке түсіп бара жатқанын аңғарып отырмыз. Сондықтан мектеп бітірушілерден ақша жинауға заң жүзінде тыйым салу керек. Рас, мектепте мүлдем ақша жиналмауы керектігі жайлы Білім және ғылым министрлігінің арнайы қаулысы бар.
Алайда бұл қаулы ештеңеге тосқауыл бола алмай отыр. Барлық мектептердің кіреберісінде ілулі тұрған министрліктің қаулысы іске асу үшін емес, мектеп қабырғасында ілініп тұру үшін ғана жазылған сияқты. Яғни заң шығарып алмайынша, біз мектептегі жаппай ақша жинау үрдісіне ешқашан тыйым сала алмаймыз. Тіпті оқушылардан ақша жинаудың ушыққаны соншалық, баланың біліміне қарай емес, ата-анасының мектепке қайырымдылық ретінде берген ақшасына қарай баға қоятын дәрежеге жетті.
Бұл тұрғыда тыйым салып қоя салу аздық етеді. Сондықтан заң шығарып, ақша жинауға мұрындық болған ата-ана, мектеп басшысына әкімшілік жаза тағайындауды қарастырған жөн. Негізі, кез келген нәрсеге темірдей тәртіп пен қатаң заң арқылы ғана қол жеткізуге болады. Мектептің жөндеу жұмысына бірлі-жарым ата-ананың көмектескісі келген ниеті жалпылық сипат алып кетпеу жағын ойластыру керек. Көбінесе сынып жетекшісіне жақын жүретін ата-аналардың біреуі бастамашы болып ұсыныс айтады да, қалғаны қосақ арасында кетеді. Әрине, мұндай қайырымдылық жұмыстары жағдайы нашар отбасылардың қалтасына күш түсірмей қоймайды. Көбінесе олар оны ашып айта алмайды. Осыдан келіп оқушылардың әлеуметтік теңсіздігі айқындала бастайды. Мектепте ақша жинау заңсыз екенін біле тұра, бала қатарынан кем болмасын деп ата-ана сұраған ақшасын тауып беруге тырысады. Сондай ата-ананың бірі – өзіммін. Жақында баламның сынып жетекшісі мектептің жөндеу жұмысына бес мың теңгеден жинап алды. Сонда мемлекеттің мектептің жөндеу жұмыстарына бөлген қаржысы қайда кетіп жатыр? Мұны ешкім бақылап отырған жоқ. Яғни жинап берген ақшамыз біреудің қалтасына құйылып жатыр ма, әлде мүлдем басқа мақсатқа жиналып жатыр ма, ол туралы ештеңе білмейміз.
Мектеп бітіруші түлектер де жыл сайын қыруар қаржы жинайды. Түлектің мектептегі банкеті, мектеп бітіру кеші, көшедегі серуені, естелік суретке түсуі, салтанатты киімінің өзі үлкен ақша. Егер бұлардың барлығына заң жүзінде тыйым салсақ, көп нәрседен ұтар едік.
Абай ЕРГЕШОВ, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің директоры
Жоқ
– Білім және ғылым министрлігі тарапынан мектептегі ақша жинауға тыйым салынған. Облыстық, аудандық білім басқармалары қаулы шығарып, барлық мектептерге ілінген. Мектептерде оқушылардан ақша жинамау туралы бұрыннан қаулы бар болғандықтан, енді арнайы заң қарастырудың қажеті жоқ. Егер осындай тосқауылдар арқылы бұған тыйым сала алатын болсақ, бір нәтиже шығар еді. Алайда тыйым салумен мектептердегі ақша жинау туралы әңгімелерге тосқауыл болмай тұр. Сондықтан бүгінгі мемлекеттік қамтамасыз етуге қоса, мектептің алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау, аттестат тапсыру кеші секілді рәсімдерін өткізуді де мемлекет мойнына алуы керек.
Тегін білім алу жүйесінде қосымша қаржы жинау жүрмеуі үшін біз осындай қадамға баруымыз керек.
Алғашқы қоңырау соғылатын 1 қыркүйек — Білім күні онсыз да жалпыхалықтық мереке. 25 мамыр да талай баланың аттестат алып, ер жететін салтанатты мерекесі. Балалардың мұндай сәттерді мерекелегісі, есте қаларлықтай етіп атап өткісі келеді. Бұл – олардың құқығы. Сондықтан мұндай салтанатты шаралардың өткізілуін мемлекет мойнына алса, мектептегі жырға айналған ақша жинау туралы әңгімелерге тосқауыл болар еді. Тіпті мұны арнайы тендер өткізіп, мерекелік жоба ретінде қарастырылып, әр мектеп соны ұтып алу арқылы жүзеге асыратын болса, үлкен мәдениетті, мерекелік іс-шараға айналар еді. Негізі, қай нәрсе болмасын, тыйым салған сайын өрши түседі. Сол секілді мектептерде ақша жинауды тоқтату туралы әңгіме шыққан сайын жер-жерде қарсылық үдеп барады. Ал бала қолына аттестатын алғаннан кейін оны қай жерде, қалай тойлатам десе өз еркіне беру керек. Мұны мектепке байланыстырудың да мүлдем қажеті жоқ.
Ата-ананың бар қуанышы – бала. Баласының ер жетіп, аттестат алғанын көрген ата-ана оны өзінше тойлатқысы келуі мүмкін. Оған біз араласпауымыз керек. Тойлағысы келгені қалағанынша тойлай берсін. Біз тек мектеп ауласында өтетін алғашқы, соңғы қоңырауларға ақша жиналмауын, толықтай мемлекет қаржыландыруымен іске асуын бақылауымыз керек.
Бейтарап пікір
Динар НӨКЕТАЕВА, Мәжіліс депутаты:
– Бізде мектептерде оқушылардан ақша жинамау туралы арнайы қаулы бар. Бар қаулыны жұмыс істете алмай отырып заңды аңсау дұрыс емес. Сондықтан қаулыны жұмыс істетуге тырысып, заңды бұзған мектеп басшысына шара қолдану қажет. Тіпті қажет болса, үстінен қылмыстық іс қозғап, қаулының жұмыс істей алатынын көрсетуіміз керек. Бұл мәселеге арнайы заң жазғаннан гөрі қаулыны іске қосуды ойластырған жөн секілді.
Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев әріптестеріне
өздерін-өздері таратуды ұсынды
/«ҚазАқпарат», 18.05.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев әріптестерін Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге шақырып, егер бұл іс қолдарынан келмесе өздерін-өздері таратуды ұсынды. Ол бұл ұсынысын бүгін, 18 мамыр күні Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
И. Елекеев өз сөзінде мәселе бюджеттен миллиардтаған қаржының жымқырылып жатқанына қатысты болған жағдайда дәп парламентшілер «өрт сөндіруші команда» болуы тиістігін атап көрсетті. «Біз, мәселе қордаланған проблемаларға және мыңдаған әрі миллиондаған сайлаушыларымыздың заңды құқықтарына, жүйелі жемқорлыққа және шенеуніктердің әрекетсіздігіне қатысты болған кезде «өрт сөндіруші команда» болуға тиіспіз», - деді ол. Осы орайда Қазақстанның кеден жүйесінде әрекет етіп келген қылмыстық топтың ауыздықталғанын еске салған депутат, сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық маңызды мәселелер Парламент қабырғасында талқылануы тиістігін атап көрсетті. «Дәл Парламентте қоғамдық пікір туындайды. Біз заң жобаларын қарастыратын жалпы отырыстармен ғана шектеліп қалмай, маңызды қоғамдық қарым-қатынастарды кеңінен талқылауымыз керек», - деді И. Елекеев.
Осы орайда қоғамда орын алған кейбір сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарға тоқталған депутат, қоғамның жегі құртына айналған бұндай істермен күресте парламентшілер қол қусырып қарап отырмай, сайлаушылардың құқықтарын қорғауы тиістігін, қылмыстық синдикаттар қызметінің алдын-алу үшін құқық қорғау органдырына көмектесулері тиістігін айтты. "Біз Мемлекет басшысының көмекшісі болуға, Елбасына жемқорлықпен күрес бойынша міндеттерді шешуде көмектесуге тиіспіз. Және әрбір мемлекеттік орган сөз жүзінде емес, іс жүзінде жемқорлықпен күресте нақты жұмысты жүргізуі тиіс", - деді ол.
«Егер де бұған қабілетсіз болсақ, онда қәнеки, тарайық», - деді И. Елекеев.
Депутат Ирак Елекеев әріптестерін жемқорлықпен күресте
«өрт сөндіруші команда» болуға, әйтпеген жағдайда
өз еріктерімен тарқасуға шақырды
/«BNews.kz.», 18.05.2011 ж./ – Депутат Ирак Елекеев әріптестерін жемқорлықпен күресте «өрт сөндіруші команда» болуға, әйтпеген жағдайда өз еріктерімен тарқасуға шақырды. Бұл үндеуін ол ҚР Мәжілісінің жалпы отырысында сауал жолдаған кезінде жеткізді.
«Менің ойымша, дәл біздер бюджеттен қаншама миллиардтаған ақша ұрланғанда оған тақтау болатын «өрт сөндіруші команда» болғанымыз абзал. «Өрт сөндіруші команда» тәрізді мыңдаған, миллиондаған сайлаушыларымыздың өзекті мәселелері шешімін таппай, сыбайлас жемқорлық тамырын жайғанда және шенеуніктер әрекетсіз отырғанда бірінші болып дабыл қағуымыз керек», - деді депутат сәрсенбі күні өткен төменгі палата отырысында.
Сондай-ақ И. Елекеев мырза депутаттар және жалпы парламент тек қана заңнамалық қызметпен айналысуы керек деген пікірге үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді.
«Дұрыс емес. Бұл әлемдік тәжірибеге мүлде қарама-қайшы. Парламентаризм институтын толықтай жерге қаратып, беделін түсіруде», - деп есептейді мәжілісмен.
Оның ойынша, парламент парақорлықтың барына көз жұмбай, онымен күрсеке белсене атсалысқаны жөн.
«Қоғамды мұндай құрттардан тазалап, барлық қылмыс желісін толықтай әшкерелеуде құзырлы органдарға қолқабыс еткеннің орнына өзіміз байқамай немесе байқай отырып не себепті парақорлар мен қазына тонаушыларды жақтайтынымызды түсінбеймін», - деген пікірімен бөлісті И. Елекеев.
Депутат Елекеев парламенттің жемқорлықпен күрестегі
әрекетсіздігіне байланысты оны таратуды ұсынады
/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 18.05.2011 ж./ - Қазақстан парламенттің жемқорлықпен күрестегі әрекетсізідіне байланысты оны таратуды ұсынады мәжілісмен Ирак Елекеев.
«Егер біз қабілетіз болсақ, онда өзіміз тарайық», - деді Елекеев Қазақстан мәжілісінің жалпы отырыс мәжілісі (парламенттің төменгі палатасы) барысында өзінің әріптестеріне қарап.
Оның пікірінше, парламенттарилер «мәселе бюджеттен миллиард долларды әкетуге қатысты болғанда өрт сөндіру командасы болуға тиіс».
Жемқорлықты жоюға дәрменсіз
ел парламентін тарату керек!
/«Қазақстан» ТРК, 18.05.2011 ж., Б. Омаров/ - Жемқорлықты жоюға дәрменсіз ел парламентін тарату керек! Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирак Елекеев осындай ұсыныс айтты. Халық қалаулысының айтуынша, заң шығарушы орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы ешқандай әрекет жасамай отыр. «Бюджетке миллиардтаған доллар шығын келсе, барлығымыз бір үйдің баласындай болып, шара қолдануымыз қажет», - дейді Елекеев мырза.
Ирак Елекеев, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты:
Шыдам таусылды. Депутат болғаннан кейін жұмыс істеу керек. Бізге жүктелген міндет бар. Нұр Отан партиясының атынан, халықтың атынан. Тарайық дедім. Дым істемей отырсақ неге отырамыз біз халықтың мүддесін қорғай алмасақ неғып отырамыз
Жалпы отырыста күн тәртібіне қойылған 15 заңнама толықтай бекіді. Сондай-ақ, бүгін бірқатар депутаттар Тәуелсіз мемлекеттер достастығы парламентаралық ассамблеясының «Достастық» орденімен марапатталып, кейбіреулеріне «Құрмет» грамоталары табысталды.
Парламент депутаттары Қазақстанда жүргізіліп жатқан
жемқорлықпен күреске үлес қоспай отыр
/«Хабар» агенттігі, 18.05.2011 ж./ - Сондықтан да Палатаның өздігінен таралатыны туралы жариялауды ұсынамын, деп мәлімдеді бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирак Елекеев.
«Біздің принципшілдік танытпауымыздың, келісе салатынымыздың нәтижесінде миллиардтаған теңге қазынаға түспей жатыр. Парламент пен депутаттар принципшіл болса, министрлеріміз бас бостандықтарынан айыру орындарында жазаларын өтемейтін еді. Біз ұстанымдылық танытсақ, бұрынғы әкімдеріміз қалталарын қамтитып алып, шетелде жүрмес еді», - деді Ирак Елекеев.
Ирак Елекеев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бүгінгі күнде айтайын дегенім шыдам таусылды, себебі шыдам таусылғаннан кейін жұмыс істеу керек. Сондықтан үлкен жауапкершілік бар маған жүктелген «Нұр Отан» партиясынан, сайлаушылардың атынан. Сондықтан Үкіметке тарайық деп айттым. Үндемей отыратын болсақ, не істейміз осылай. Егер халықтың мүддесін қорғай алмайтын болсақ, несіне отырамыз осында.
Мәжілісмендер Қазақстан Парламентінің
өзін-өзі тарату жөніндегі идеясын мақұлдайды
/«BNews.kz.», 18.05.2011 ж./ – ҚР Парламентінің пленарлық мәжілісінде депутаттар әріптесі Ирак Елекеевтің парламенттің өзін-өзі тарату жөніндегі ұсынысын қолдады.
«Жалпы алғанда мен оны қолдаймын. Көрінбейтін нәрсенің артынан қууға қатысты бізде ашықтық орын алуы қажет. Біздің тәжірибемізде жиі кездесетін қараңғы бөлмеден қара мысықты іздеудің керегі жоқ. Заң жобаларындағы салиқалы ұсыныстар көбіне саяси астарларға ұштасып жатады», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Рауан Шаекин.
Парламенттің өзін-өзі таратуына мәжілісімен Рамазан Сарпеков те қарсы еместігін білдірді.
Ұсыныс айтылды, Мәжіліс тарай ма?
/«Алаш айнасы» газеті, 19.05.2011 ж., Қ.Қазы/ - Өткен аптада ЕурАзЭҚ, ТМД ұйымдарының Парламенттік Ассамблея отырыстарына қатысып, құр мақтаннан гөрі омырауға орден тағып қайтқан қазақстандық мәжілісмендердің кешегі отырысы әп-әдемі, көтеріңкі көңілмен басталып-ақ еді. Мәжіліс төрағасы да жиынды халықаралық деңгейде көзге түскендерді марапаттаудан бастаған-ды. Осы мамыражай күйді Ирак Елекеевтің әріптестеріне қарата жасаған үндеуі құртты.
Айтпақшы, нендей себеп екені белгісіз, депутаттық сауалдар басталар тұста жиынның жетекшісі Орал Мұхамеджанов палата отырысын тастап шығып, модераторлық орынбасары Жәнібек Кәрібжановқа көшкен еді. Осы тұста Парламентке келгелі ұдайы ұтымды ой тастап, мүлгіген әріптестерін селт еткізіп оятатын Ирак Қасымұлы бүгінгі айтарының да салмағын бірден байқатқысы келгендей мінбеге бір-ақ ұмтылды. Әдетте депутаттық сауалды өз орындарында жайғасып отырып жасайтын ұзақ жылдар бойғы қалыптасқан дәстүрді бұзған Ирактың ендігі екпіні ерекше екені сол сәттен-ақ байқалған-ды. Солай болды да.
Депутат ең алдымен өз сөзін бұрмалап әкететін ақпарат құралдарына реніштен бастады. Өткен жолы «Нұр Отандағы» қабылдауларға қатысты айтқан пікірін қайсыбір әріптестеріміз әдемілеймін деп әсірелеп жіберсе керек. Сол тұста әріптесі Мұхтар Тінікеевпен бірігіп, Қорғастан шыққан даудың себебін анықтауға қатысты айтқанын да бірқатар БАҚ бұрыс қып жібергендей. Алайда бұл депутаттың «қаратпасы» секілді болды. Өйткені негізгі айтары да дәл осы «Қорғас ылаңынан» бастау алды. «Егер біз бір пленарлық отырысты осы тақырыпқа арнаған болсақ, көп мәселенің бетін ашып, әлгіндей жайсыздықтың алдын алуды қамтитын едік. Бүгінгі күні Қытаймен тауар айналымы арифметикалық прогреспен қарқындап тұр. Алайда ел қазынасына кеденнен құйылар пайда мүлде мардымсыз. Елбасы Парламентке бюджеттің орындалуын қадағалау туралы бірнеше мәрте айтты.
Ал мына «Қорғас оқиғасы» тікелей Парламенттің құзыретіне кіретін жағдай еді. Сондықтан да миллиардтаған доллардың бюджеттен ауып кетіп, сыбайластық етектен алып, шенеуніктің әрекетсіздігінен мың-миллиондаған сайлаушыларымыздың заңды құқықтары тапталып жатқанда, біз нағыз «өрт сөндіруші команда» болуымыз керек еді. Бірақ олай болмай тұр», – дейді Ирак Қасымұлы. Әңгіменің ауанын аңғартқан Ирак Қасымұлы өз ұстанымының қайсыбір әріптестеріне ұнамайтындығын айта келе, бұлай кете берсе мәселенің басын ашу үшін Мемлекет басшысынан көмек сұрап, үндеу жасау туралы ойдың ұшығын шығарды. Әйтсе де әріптестеріне мойын бұрып, олардың әрқайсысын сыйлайтынын айта келе, мәжілісмендерге қаратып: «Біз заң жүзінде өзіміз құқыққа иеленген функцияларымызды орындап жүрміз бе?» – деген сауал тастады. «Мен Парламент пен ондағы депутаттар түгелімен тек заң шығармашылығымен айналысуы тиіс деген мәселемен тіпті де келіспеймін. Бұл – нонсенс. Бұл – әлемдік тәжірибеге қайшы, парламентаризм институтын кемсітетін дүние. Ата Заңға сәйкес, Парламент депутаттары халықтан сайланған тұлға ретінде жалпымемлекеттік мүдделерді, сондай-ақ өз сайлаушыларының мүдделерін қорғауға міндетті. Ал бұл қалай орындалып жатыр?» – дегенді де көлденең тартты депутат. Ирак Қасымұлының есептеуі бойынша, жалпы, Парламент пен оның палатасының өкілеттігін қоспағанда, әрбір депутат 14 өкілеттікке ие екен. «Біз осы өкілеттіктерді жүзеге асырып жүрміз бе? Егер жүзеге асырмасақ, неге? Ал егер жүзеге асырып келген болсақ, біздің сайлаушыларымыздың үмітін ақтап жүрміз бе? Егер бұған қабілетіміз жетпесе, онда орынды соны істей алатын, қабілеті жеткілікті басқаға беруіміз керек», – деп бір тоқтады депутат Ирак Қасымұлы. Бұдан соң депутат халықты толғандыратын барлық мәселелер Парламенттің қабырғасында талқылануы тиіс екендігін, дәл осы Парламентте қоғамдық пікір туатынын алға тартты. Заң жобаларын талқылайтын пленарлық отырыстармен шектеліп қалмау қажеттігін айтты. «Неге біз аурудың бетін ашып, оны емдеудің орнына, керісінше, асқындырып барамыз? Түсініксіз. Неге біз қылмыстық ұйымды әшкерелеп, түп тамырымен жоюдың орнына, керісінше, парақор мен қазынаға сұғанақтық жасағанның мүддесін лоббилаймыз? Біз принципшіл болмай, үнсіз бас шұлғи салудың салдарынан миллиардтаған қаражат қазынаны айналып кетіп жатыр. Егер Парламент принципшіл болса, біздің бірқатар министрлеріміз темір тордың ар жағына тоғытылмас еді. Егер Парламент принципшіл болса, біздің бұрынғы әкімдеріміз қапшығын қампитып, еш қорықпастан шетелге қарай алшаңдап кете бермес еді. Егер Парламент принципшіл болса, онда айтар едік: «Қымбатты министрім, жалға ЖШС ашып, сол арқылы мемлекет қаржысын айналдырғанды қой» немесе «Қандай негізбен сіз өз ұлыңыздың атынан банк аштыңыз?» — деп. Ал олай айту үшін, ең алдымен, біздің өзіміз басқаға үлгі болуымыз керек. Сондықтан да негізгі міндет – сыбайластықтың алдын алу. Белгілі бір деңгейде билікке иеміз, бірақ сыбайластықпен біз емес, журналистер күресіп жатыр. Күні кеше Қарағанды облысы ІІБ басшыларының біріне қатысты шектен шыққан былықты солар көрсетті. Әлгі басшының жол қозғалысын бұзу арқылы 120 млн. теңгеден астам айыппұл жиналған екен. Осыны көріп отырып, үнсіз қаламыз ба? Неге бұлай? Өйткені біз мұнда айтуға тиістіні айта алмай келеміз», – деп Ирак Қасымұлы сөзін түйіндей бастағанда, манадан аядай тынған зал ішінен «регламент» деген айқай шықты. Әйтсе де соңғы сөзді депутат: «Егер біз қабілетсіз болсақ, онда өзімізді өзіміз тарқатайық, қанеки», – деп, қайырып үлгерді.
Сөйтіп, кешегі жиында «мүлгіген» Мәжіліс мазасыздыққа шалдықты. Тіпті жиынның берекеті кетті десе де болады. Жетекшілікте отырған Жәнібек Кәрібжанов залдағы тыныштықты үш қайтара сұрады. Әріптесіне қарап пікір айтушылар да екіге жарылды. Дегенмен көпшілігі «қабілетсіздікке», «лоббистікке» қатысты мәселені мойындайтындай.
Нұртай САБИЛЬЯНОВ:
– Біздің әріптесімізге, Ирак Қасымұлына, еш реніш болмауы керек. Мұнда көтерілген мәселені қолдаймын. Расында да, ең алдымен, бізге өзіміздің ар-намысымыздың тазалығы керек-ақ. Халыққа қызмет көрсетуімізді жоғары деңгейде көтерсек игі. Айтып отырғаны — шындық. Заң талқылаулары барысында байқаймыз – лоббистер қаптап кеткен тәрізді. Екі аяғын депутаттың мойнына салбыратып мініп алып, өз айтқандарын орындатып жүргендерді көзімізбен көрдік. Тіпті мұны қойып, бір-бірімізге шағым түсіре бастағандаймыз. Мәселен, «Нұр Отанға» бір депутат екіншісінің үстінен шағым түсіреді. Онымен қоймай, Перуашев мырза Президент Әкімшілігіне шағым жасапты. Осының бәрі өзіміздің ұйымшылдығымыздың жоқтығын көрсетеді. Парламенттің жұмысы аяқталуына бір жылдай уақыт қалды. Осы уақыт аралығында өз мүмкіндігімізді барынша көрсетуіміз керек деп ойлаймын.
Рауан Шаекин:
– Біз өзіміздің қабылдаған регламентімізді толық сақтасақ еді. Ресми емес шаралар қаралатын «әртүрлі мәселелер» деп аталатын жиында «шығармашылықтың» нәзік тұсын, Үкіметпен қарым-қатынасымызды, өз әріптестеріміздің арасындағы мәселені талқыласақ, Ирак Қасымұлының үндеуі тумас еді. Сол үшін әріптесімді қолдаймын, рақмет оған. Қарым-қатынаста ашықтық, мөлдірлік керек. Бізде жиі көрініс табатын «қараңғы бөлмеден қара мысықты іздегеннен» гөрі маңыздырақ мәселелер бар.
Р.S.
Тәуелсіз Қазақстанның парламентаризмі тарихында депутаттың бастамасымен өзін-өзі тарату тәжірибесі Мәжілісте бұған дейін болғаны есте. Алысқа бармай-ақ, осының алдындағы Парламент елдегі реформаны, оның ішінде заң шығарушы органға берілген өкілеттіктерді «сылтауратып» өз-өзін таратқан. Содан кейінгі мына шақырылымға қатысты «әне тарқайды, міне тарайды» деген болжамсөздер де жұрт аузында жүргеніне аз болған жоқ. Сондықтан да Ирак Елекеевтің «өзін-өзі тарату» туралы мәлімдемесі соншалықты таңдануға келмес. Жұртты қызықтыратыны — таратылудың терең себебінде жатыр. Өйткені тарихта «бір партиялы Парламент» деген атпен қалатын (заң бойынша бұдан былай Парламент кемі екі партиялы болатынын ескеріңіз. – Автор.) бүгінгі шақырылымды тарату үшін Ирак Елекеев «қабілетсіздік» мәселесін алға шығарып отыр. Мұны қолдаушылардың өз араларында болуына орай мәселенің басы ашық екендігін де болжайтындар баршылық. Дегенмен бәрін уақыт көрсетеді. Әйтсе де тарихқа бір сәт шегініс жасауды сұрар едік. Кезінде Алаш қайраткерлері ұлттық Тәуелсіздіктің мүмкіндігі туған тұста елде парламент болу жайын да талқылаған. Сол тұста «Қазақ» газетінде «Депутат қандай болуы керек?» деген мәселені көтерген Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының айтып кеткені: «Жақсы адам болу үшін депутат болу міндетті емес, депутат болу үшін жақсы адам болуыңыз міндетті». Ирак Елекеевтің әріптесіне қатысты айтары да осы еді деп ойлаймыз әрі бұл мәселе әмсе есте болса игі.
«Шындықты айтпасақ, еркімізбен тарайық!»
/«Жас қазақ» газет, 20.05.2011 ж., Т. Тілеубай/ - Мәжілістің сәрсенбідегі алқалы жиыны-ның сенсациясы – Мәжіліс депутаты Ирак Елекеевтің оқыс мәлімдемесі. «Халықтың үмітін ақтамасақ, аузын буған өгіздей отыра берсек, өз еркімізбен тарайық! Осы моп-момақан күйімізбен жүре берсек, халық бізден де, биліктің партиясынан да біржола күдерін үзеді», – деді сол күні мінберге шығып, мәлімдеме жасаған Ирак Елекеев.
«Айтпаса сөздің атасы өледі» деген депутат халықтың атынан сайланған қалаулылардың заң шығарумен ғана шектелмей, қоғамдағы ушығып тұрған мәселелерді ашық айтуы қажеттігін мәлімдеді. «Осыған дейін депутаттық құқығым бірнеше рет шектелді. Сөйлейін десем – тыйып тастайды! Егер біз шынында да, халық қалаулысы болсақ, қоғамдағы қаулаған қылмысты, сыбайлас жемқорлықты ашық айтып, оған бірлесіп қарсы тұруға тиіспіз. Ал, олай ете алмасақ, Парламенттің қадірін қашырмайық!» – деді ол. Бір қызығы, өз әріптестерін үркіткен үндеуінде батыл депутат сыбайлас жемқорлардың мүддесін қорғайтындардың «сол залда отырғанын» айтып қалды. Жиыннан соң біз Ирак Елекеевке жолығып, аз-мәз тілдескен едік.
Жас қазақ: Ирак аға, бүгінгі депутаттық мәлімдемеңізді мінберге шығып оқуыңызға не себеп болды?
Ирак Елекеев: Менің Мәжіліске келгеніме көп болған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, кешігіп келген депутаттардың бірімін ғой.
Әртүрлі ұсыныстарымды айтып, бір мәселе бойынша сөйлейін десем, талай рет маған сөз берілмегеніне өздеріңіз де куә болып жүрсіздер. Кейбір әріптестерім маған келіп: «Ирак Қасымұлы, мынау не болды өзі? Мәжілістің алқалы жиынынан кейін әртүрлі мәселелер қаралмайтын болды. Соңғы кездері комитеттің отырысына министрлер түгілі олардың орынбасарлары да келмейтін болды» дегенді айта бастады. Депутаттық сауалдарымыздың жауаптарын өздеріңіз де естіп жатырсыздар. Мен депутаттық сауалды министрлердің өздерін Мәжіліске шақырып алып, «бетпе-бет» отырып қояйық деп бірнеше рет ұсыныс жасадым. Осылардың барлығы заң шеңберінде бүгінгі ережелерімізде бар. Бірақ орындалмайды. Менің бүгінгідей депутаттық мәлімдеме жасау себебімнің бірі – осы. Мәжіліс төрағасы осыған үлкен мән беріп отырса, мұндай мәселені көтермес едім. Ал енді сөз берілмей жатса, айтайын дегеніңді жұртқа жеткізе алмасаң – бұл жерде отырудың қандай қажеттілігі бар?!. Менің сөйлеген сөзімнің астары осында.
Жас қазақ: Бір байқағанымыз, сіз мәлімдеме жасағанда төраға орнынан тұрып, кетіп қалды. Араларыңызда бір түсініспеушілік бар сияқты болып көрінді.
Ирак Елекеев: Оның жауабын төрағаның өзінен сұраңыздар. Не себептен тұрып кеткенін қайдан білейін. Мен – қарапайым депутатпын. Ол кісі – төраға, бастық. Менің ойымша, сөзімді тыңдамай кетуі орынсыз. Тыңдауға да болатын еді ғой.
Жас қазақ: Сізге жұрт «Бұған дейін Мәжілісті таратқан екінші Нұрбах Рүстемов деп баға беріп жатыр»...
Ирак Елекеев: Шынымды айтсам, бүгінгі сөзімді айтпауға да болатын еді. Егер де біз халықтың мүддесін тиісті орындарға жеткізе алмасақ, шындықты шырқыратып айтпасақ, халықтың қалаулысы болудың қандай қажеттілігі бар?.. Бұл өмірде бәріміз де тең құқылымыз. Сондықтан, меніңше, барлық нәрсені ашық айту керек, жариялау керек. Қарапайым халық алаңға шықпайды. «Шығып несіне әуре боламын? Менің мүддемді депутаттар айтып жатыр екен ғой!» дейді олар. Мен Елбасының игі бастамаларын қолдау үшін осындай сөз айттым. Кешеден бері кеден мәселесіне қатысты үлкен дау-дамай болып жатыр. Сіздерге бір мәліметті келтірейін. Өткен 10 жылдың ішінде біздің бюджетке 29 млрд АҚШ доллары (!) көлеміндегі кедендік баж салығы түспей қалған! Былтырғы жылмен бұрнағы жылды салыстырған кезде, бюджет қоржынына 5 млрд доллар қаржы түспепті. Осының себебі неде?.. Біреулер Қытай жағынан келетін мәлімет пен біздің мәліметтің арасында үлкен айырмашылық бар дегенді айтады. Енді осы айырмашылықты біз де білуіміз керек қой. Рас па, әлде, өтірік пе? Менің көтерген мәселем осы. Бірақ мен депутаттық сауалымды жолдағаннан кейін, төрағаның түсінбестік танытқанын көрдім. Бұл – жалғыз менің пікірім ғана емес. Өз әріптестерімнің жартысынан көбінің пікірі. Бірақ... ашық айтуға кейбіреулер ұялады. Кейбіреулер тағы басқа себептермен үнсіз қалды. Кейбіреулер болашақта депутаттыққа қайта келермін деп үміттеніп жүрген шығар?.. Мен сіздерге бір шындықты айтайын. Болашақта осы құрамның жартысынан көбі орындарын босатады. Себебі – олар үндемейді. Әй, үнемі ауыз ашпағаннан кейін, халық қай депутатқа дауыс береді?.. Бұлардың барлығы қазір Елбасының абыройының арқасында депутат болып отыр. Сондықтан, олар елдің мұңын билікке айтып-жеткізуі керек. Сонда ғана халықтың көңілінен шығады. Өз басым алдағы уақытта депутаттық мандатымды сақтап қалуға үміттенбеймін. «Біз өрт сөндіретін команда емеспіз!» – деп төраға айтып қалды ғой. Жоқ! Біз өрт сөндіретін командамыз! Өз қоғамымызда болып жатқан оқиғаларды, мәселелерді мәжілісте айтпағанда, қайда айтуымыз керек? Далаға шығып алып айқайлаймыз ба сонда?!.
Сіз не дейсіз?
Мұхтар Тінікеев, Мәжіліс депутаты:
Ирак Елекеевтің: «Парламент таратылсын!» дегені – жеке пікірі. Ол да, мен де өз сайлаушыларымыздың мүддесін қорғаймыз. Алайда, мен бұл жерде осы Мәжілістің таратылуына қатысты қандай да бір қажеттілік көріп тұрған жоқпын.
Амангелді Момышев, Мәжіліс депутаты:
Ирак Елекеев әріптесім төрағаға ашуланғандықтан, айтып қалды ол сөзді. Жұмыс істеуіне бір жыл қалғанда, Мәжілісті тарататындай қандай себеп бар?.. Меніңше, еш себеп жоқ.
Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:
Мен Ирак Елекеевтің мәлімдемесін қолдаймын. Расында да, ар-намысымыздың тазалығы мен қызметімізге келгенде, өзімізді жоғары деңгейде көрсете білуіміз керек. Бұл жерде лоббистердің қаптап кеткенін заң жобаларын талқылағанда байқап жүрміз. Депутаттардың мойнына екі аяқтарын салбыратып мініп алып, олар өз айтқандарын орындатып жүр. Тіпті оны былай қойып, бір-біріміздің үстімізден шағым түсіретін болдық. Арызды «Нұр Отан» партиясына жазамыз. Азат Перуашев деген азамат заң қабылдағанымыз үшін, біздің үстімізден Президент әкімшілігіне шағым түсіріп жатыр. Міне, осының бәрін ойлап қарасақ, бізге әріптестеріміздің өзара ұйымшылдығы керек. Енді жұмыс істеуімізге де, көп болса, 1 жылдай уақыт қалған шығар. Осы уақытта біз өзіміздің халыққа адал екенімізді көрсетіп, қандай заң болса да, халықтың мүддесіне сай қабылдауымыз керек.
«Тамырын тереңге жайған жемқорлыққа
біз бірінші соққы беруіміз керек»
/«Заң газеті», 20.05.2011 ж./:
Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Мәжіліс депутаты:
«Бюджеттен миллиардтаған теңге ұрланып жатқанда, біз, депутаттар, алдымен дабыл қағып, мұндай заңсыздыққа тосқауыл қоюға тиіспіз. Миллиондаған сайлаушылармыздың көкейкесті мәселелерін біз көтеріп, заңды құқықтарын алдымен біз қорғауға тиіспіз. Тамырын тереңге жайған жемқорлыққа, шенеуніктердің әрекетсіздігіне де біз бірінші соққы беруіміз керек», – деп мәлімдеді Ирак Елекеев осы аптада өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.
Ирак Қасымұлын елде орын алып отырған келеңсіз жағдайларға қатысты мәселелерді дер кезінде байқап, дабыл қағатын санаулы халық қалаулыларының бірі десек, өзге депутаттардың көңіліне келмеспіз. Қаралып жатқан заң жобаларының олқы тұстары жайлы өз көзқарасын әрқашан батыл білдіретін депутат бұл жолы да өз әріптестеріне қатысты шымбайға батар шындықты ашық айтты. Осының алдындағы жалпы отырыста ол азаматтардың түйткілді мәселесіне байланысты Үкімет басшысына сауал жолдаған еді. Онда халық қалаулысы «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауына қатысты мәселе көтерген болатын. «Нұр Отан партиясының қоғамдық қабылдауында болған сайын оған келген азаматтар үшін қабырғаң қайысады. Меніңше, көп ұзамай олар бұл қабылдауға бізге, Үкіметке сенбегендіктен мүлде келмейтін шығар», – деген еді сонда.
Оның биік мінберден жасаған соңғы мәлімдемесі осы сөзінің жалғасы іспетті. Депутат мұнда біз келтірген сөзінің кейбір басылымда халықтың аталмыш партияға ренжулі деген сипатта бұрмаланып берілгеніне қынжылыс білдіреді. Депутат осы ретте тек жер-жердегі құзырлы орындардың халық үшін жасап жатқан жұмыстарының сапалы, нәтижелі болуы қажеттігіне назар аудартқысы келгенін айтады.
Еліміздегі
көптеген құқықбұзушылықтар,
жемқорлық, бюджет қаржысының желге ұшуы
сияқты жайлар атқарушы орындарда орын алған
салғырттық салдары екеніне келіспеске шара жоқ. Мұндай
кемшіліктерге халық қалаулыларының сергектік танытып,
олардың себеп-салдарын анықтау, жойылуына атсалысуынан пайда
болмаса, зиян тимесі анық. Депутаттардың жемқорлық,
заңсыздық фактілеріне орай жасаған депутаттық сауалдарына
алдымен әріптестері қолдау көрсетуі олардың
маңызын үстемелей түсері даусыз. Ирак Елекеев осы ретте
Елбасының да бюджеттің орындалуына Парламент тарапынан
бақылаудың болуы қажеттігін айтқанына назар
аудартқан еді.
«Мен депутаттардың тек қана заң шығарумен шектелгеніне
түбегейлі қарсымын. Бұл әлемдік тәжірибеге
қайшы келетін жағдай. Конституция талаптарына сәйкес, депутаттар
жалпы мемлекет және өз сайлаушыларының мүддесі мен
құқығын білдіріп, қорғауға тиіс», –
дей келе, ол тиісті заңға сәйкес Парламент
депутаттарының он төрт өкілеттікке ие екенін айтты. «Алайда,
олардың бәрі халық қалаулылары тарапынан тиімді
қолданылып жүр ме?» – деп сұрақ тастады ол
әріптестеріне. Сондай-ақ, «Егер өз өкілеттіктерімізді жүзеге
асыра алмайтын болсақ, яғни, Парламент депутаты ретінде халықтың
мұң-мұқтажына қорған бола алмасақ,
онда биік мінберде неғып отырмыз?» – деп және бір сауал арнады
әріптестеріне. Сосын, «Бұған қабілетсіз болсақ,
онда орнымызды қолынан іс келетіндерге босатайық», – деген де
ұсынысын жеткізді.
Парламенттің өз депутатының осылайша «қолымыздан іс келмесе, тарайық» деп мәлімдеме жасаған оқиғасы біздің заң шығарушы ұйымның тарихында болған жоқ. Ирак Қасымұлының осы қадамымен өзіне дос та, жау да тауып отырғаны ақиқат. Әйтсе де, қалың көпшілік үшін оның бұл мәлімдемесі құланның қасуына мылтықтың басуы болғаны сөзсіз. Көріп жүргеніміздей, біздің қалаулыларымыздың арасында елдің мұңын өлең айтып іздеп жүргендер аз емес. Ирак Елекеев осы жолы айтып өткендей, көпшілігі халықтың мүддесін оңаша жерде ғана айтқаны болмаса, нақты шешім қабылданар сәтте өз ұстанымдарын білдіре алмай жатады. Өзекті мәселелерді көтерген депутаттар басқадан бұрын өз әріптестері тарапынан демеу таппайтын сәттер де бар.
Әріптестерінің арасында Ирак Қасымұлының батыл мәлімдемесін қолдағандар да болды. Солардың бірі депутат Нұртай Сабильянов: «Біздің жұмысымыздың аяқталуына аз, бір жылдай ғана уақыт қалды. Осы уақытта халыққа адал екенімізді көрсетіп, заңымызды халықтың мүддесіне сай қабылдауымыз керек», – деді. Ал, Рауан Шаекин: «Мұндай мәлімдеменің жасалуы депутаттар арасында бейресми басқосулардың болмауы салдары», – деді. Ашық, шынайы қарым-қатынас орнын «қараңғы бөлмеден қара мысық іздеу» пиғылы басқанын айта келіп, әріптесінің аталмыш ұсынысын қолдайтынын жеткізді.
Ел білетін Әділ Ахметов
/«Ана тілі» газеті, 18.05.2011 ж., Шейх Әбсаттар Қажы Дербісәлі, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти/ - Алматыдан ертелетіп шықтық. Мақсатымыз – Нарынқолда жаңадан салынған мешіттің ашылу салтанатына қатысып, жамағатқа жүрекжарды тілектерімізді жеткізу. Бұл жақ шалғайлау жатқандықтан ба, әдетте жол түсе бермейтін. Әдейі болмаса бара берудің де реті келе қоймайды. Әйтсе де осы жаққа баруға құштар екенімді жасыра алмаймын. Оның бірнеше себебі бар. Нарынқол – Райымбек батырдың, Мұқағали ақынның, досым, замандасым Сағат Әшімбаевтың және бірқатар қазақ зиялыларының туған жері. Оның үстіне Нарынқол маңынан бұлтсыз күндері алыстан қол бұлғай көрінетін Хантәңірі шыңын да бір көруді көптен ойлап жүруші едім.
Иә, бұл аймақ ел тарихында Хантәңіріндей биік, парасатты талай перзенттерін дүниеге келтірді. Солардың бірі – белгілі ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері, педагог-ұстаз, сенатор Әділ Ахметов. Ол көптен Нарынқолға Хантәңірін көруге шақырып жүретін. Соның реті келмей-ақ қойған-ды.
Шарын шатқалынан өте шықтық. Алда – Кеген. Одан соң – Мұқағалидың ауылы, атақты Сарыжаз бен Шалкөде, одан әрі Нарынқол. Ол – Сағат Әшімбаев пен Әділ бауырымыздың да туған мекені. Алтынбек Сәрсенбаев інім де осы топырақта дүниеге келген.
Қайнар асуынан өткен соң әйгілі Хантәңірі көрінді. Өйткені көбіне оның басын бұлт шалып жататындықтан, биік шың көзге түсе бермейді екен. Тоқтап, Хантәңіріне ұзақ қарадық.
Нарынқолдың таудай биік тұлғалары еске түсті. Солардың бірегейі – Әділ Құрманжанұлы Ахметов. Әдекеңді 30-40 жылдан бері танимын. Ашық. Ақкөңіл. Ешкімді жатсынбайтын дарқан көңілі – өз алдына бөлек әңгіме.
Ол 1941 жылы 23 мамырда Алматы облысының осы Нарынқол ауылында дүниеге келген. Орта мектепті сонда бітірген. Үйленген, екі ұлы, бір қызы бар. Алматы шетел тілдері институтын 1963 жылы ағылшын және қазақ тілдері мамандықтары бойынша үздік тәмамдап, сол жоғары оқу орнында ұстаздық қызметке қалдырылған. 1963-1997 жылдар аралығында аталмыш институттың қатардағы мұғалімі, аспиранты, аға мұғалімі, доценті, профессоры, декан орынбасары, деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры және ректоры қызметтерін атқарып, жоғары білім саласына тән ғылыми және ұстаздық жұмыс баспалдақтарынан өтіп, еліміздің ішкі және сыртқы сұраныстарына қажет шет тілі мамандарын даярлауға сүбелі үлес қосты.
Ысылған білікті маман ретінде 1992 жылы Алматы шет тілдері институтына ректор болып тағайындалады. Бұл қызметте осы жоғары оқу орны мәртебесінің биіктеп, Қазақ мемлекеттік әлем тілдері, кейіннен Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті болып қайта құрылуына және оның бірінші ректоры ретінде оқу орнының материалдық-техникалық базасының бекуіне, халықаралық байланыстарының күшеюіне, ғалым ұстаздар мен қызметкерлер сапасының нығаюына, жаңа факультеттер мен бұрын қолға алынбаған онға тарта жаңа шет тілдері мамандықтарының ашылуына және кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалатын университеттің Ғылыми кеңесінің құрылуына көп еңбек сіңірді. Шетелдік елшілермен тығыз байланыс орнатып, Америка, Австрия кітапханаларын ашып, жапондық лингофон кабинетін жабдықтау секілді университетке тиімді істерді де іске асырды.
Ол әкімшілік және ұстаздық қызметті ғылыми жұмыспен ұштастыра отырып, филология саласы бойынша 1973 жылы кандидаттық, 1995 жылы докторлық диссертациялар қорғады. Ғалымның ғылыми басылымдарда жарық көрген ғылыми еңбектерінің жалпы көлемі 150 баспа табақтан асады. Олардың ішіндегі ең бастылары – «Ағылшын-қазақ сөздігі», «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер», «Қазақстан Республикасының жоғарғы білім стратегиясы», «Орыс және шетел студенттеріне арналған қазақ тілі», «Азия-Берингия-Америка немесе америкалық «үндістердің» азиялық тегі», «Америкалық үндістердің алтайлық тегі» деген атпен қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан Америка «үндістерінің» түпкі тегін зерттеуге арналған монографиялар. Американың байырғы халқының арғы тегінің Алтайдан шыққандығын өте нанымды дәлелдейтін ғылыми жұмыстары – ғалымның ғылымға қосқан үлкен жаңалығы әрі салмақты үлесі.
Әділ Ахметов 1995 жылдан Ресей және Қазақстанның Халықаралық жоғары мектеп ғылым академияларының академигі. 1990-1992 жылдары Американың Аризона штатындағы Алматымен бауырлас Тусон қаласында үш жылдай уәкілдік қызметте болып, халықтық дипломатияны жолға қойып, қала, мектеп, жоғары білім, денсаулық сақтау, байланыс және ауылшаруашылық салаларының мамандары арасындағы тәжірибе алмасуды биік деңгейге көтерді. Сол жылдары «Халық кеңесі» газетінің штаттан тыс тілшісі қызметін де қоса атқарды. 1995 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі әрі осы одақтың сол жылғы Бейімбет Майлин атындағы сыйлығының жүлдегері атанды. 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Білім Комитетінің төрағасы қызметін атқарып, еліміздің орта мектептерін компьютерлендіруге атсалысты. 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды.
2000-2001 жылдары ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі, Ирландия Республикасындағы, Норвегия және Швеция Корольдіктеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін абыроймен атқарып, еліміздің сыртқы саясатын іске асыратын дипломатия саласында да нәтижелі жұмыс істеді. Елбасының Ұлыбритания, Дания және Норвегия елдеріне жасаған ресми сапарларын және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер ханым мен Еуропа қайта құру және даму банкі президенті Ж. Лемьер мырзаның Елбасымен кездесулерін ұйымдастырды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев және Ұлыбритания премьер-министрі Т.Блэрдің бастамасымен ашылған Қазақстан-Британ техникалық университетінің негізін қалап, оның бірінші ректоры ретінде осы оқу орнының қалыптасуына зор үлес қосты. 2004-2007 жылдары аталмыш университеттің халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры қызметін атқарып, оқу орнының сыртқы байланыстарын жоғары деңгейге көтерді. Мұнай-газ саласындағы шетелдік және отандық компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатып, университеттің ғылыми-техникалық және материалдық базасын нығайтты.
2007 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы – Сенатқа Елбасының Жарлығымен депутат болып тағайындалды. Сол уақыттан бері Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы. 2008 жылдан бері сенатор депутаттық қызметпен қатар ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының мүшесі ретінде оның жазғы, күзгі және қысқы сессияларының жұмысына да белсене қатысып келеді.
2009 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының іс басындағы төрағасы – Грекия мемлекеті Әділ Ахметовті мұсылмандарды шеттету және кемсітумен күрес жөніндегі жеке уәкіл етіп тағайындады. Бұл мандатты 2010 жылы Қазақстан бір жылға ұзартса, биыл Литва тағы бір жылға созды. Бұл қызметті де абыроймен атқарған ол кейінгі үш жылда АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Германияда болып, сол елдердегі мұсылмандарды кемсіту мен шеттетуге қатысты орын алып отырған орынсыз іс-әрекеттердің себептері мен салдарын жете зерттеп, олардың нәтижелерін әлгі елдердің мемлекеттік орындарымен қатар ЕҚЫҰ-ның Венадағы (56 елдің өкілдерінен тұратын) Тұрақты Кеңесіне жыл сайын баяндап келеді. 2011 жылы да бұл жұмыс Италия, Франция, Ватикан, Австрия, Швейцария мемлекеттерінде жалғасын таппақ.
Тәжірибелі саясаткер, сенатор республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телеарналар, газет-журналдар) еліміздің халықаралық аренадағы рөлі, сындарлы ішкі және көпвекторлы сыртқы саясаты туралы немесе ел өмірінің көкейкесті мәселелеріне қатысты тартымды да татымды сұхбаттар берумен қатар ғылыми-танымдық немесе публицистикалық материалдарды да жиі жариялап тұрады. Олардың ішінде Америкадағы Президент және Ұлыбританиядағы Парламент сайлауының ерекшеліктері мен нәтижелеріне немесе Ислам Конференциясы Ұйымы туралы, сондай-ақ мұсылмандарды кемсіту мен шеттетуге қатысты өткір мақалалары оқырманның назарына ілігіп, көңілінен шығып жатады.
Ол қоғамдық жұмыстарда, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі, Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қазақстан жоғары мектебі», «Ғылым академиясының хабарлары», «Қазақстан мектебі» журналдарының және ұлттық қоғамдық-саяси журнал «Ақиқаттың» алқа мүшесі ретінде елеулі еңбек сіңірді. Кезінде көркем аудармамен де айналысып, ағылшын тілінен тікелей қазақшаға Агата Кристидің таңдамалы әңгімелерін, Ауған халық ертегілерін және т.б. тәржімеледі. Олар жеке-жеке кітап болып басылып шықты.
Ә.Қ.Ахметов Еліміздің білім, ғылым, дипломатия және саясат салаларына сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтарымен, «Құрмет» орденімен және «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Ғалым қоғамдық, әкімшілік, мемлекеттік дәрежедегі қызметте жүрсе де, негізгі ғылыми ізденісін әрдайым жалғастырып келеді. Ол өзінің ғылыми ой-пікірлері мен пайым-болжамдарын толықтырып, соны жаңа толғаныстармен жетілдіріп отырады. Оның сыртқы және ішкі саясат саласындағы ізденістері мен жазған еңбектері өз алдына терең зерттеуді қажет етеді. Ал қазақ лингвистика ғылымына басқаларға ұқсай бермейтін жаңа арна, жаңаша бағыт әкелді. Қазақ тіл білімінің даму заңдылықтарын кезең-кезеңге бөле отырып, тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы бүгінгі сөздік қолданысымыздың арғы тегін жасады. Тілдік сөйлемде күнделікті қолданып жүрген тұлғалық сөздердің шығу төркіні, этносаяси және этномәдени қарым-қатынас барысында пайда болған жаңа сөздердің сіңісу үдерісін түсіндіру мәселесін қарастырды. Және де түркі тілдерінің лексикасын зерттеумен қатар, жағрафиялық-археологиялық еңбектер мен халықтар шежіресімен де шұғылданды.
Бұл орайда азаматтың жоғарыда атап өтілген, көпшілік назарын өзіне аударған «Азия-Беринг-Америка және америкалық үндістердің азиялық тегі» еңбегіне ерекше тоқталған жөн. Еңбек бес тараудан тұрады. Тараулар арнайы тақырыпшалармен аталып, соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген. Бұл еңбекте байырғы америкалықтардың азиялық тегі антропологиялық, археологиялық, палеонтологиялық, генетикалық, лингвистикалық және басқа тұрғыдан жан-жақты сарапталады. Еуроцентристік көзқарас бойынша қалыптасып қалған «үндіс» тайпалары надан, мәдениетсіз деген пікірді теріске шығарып, керісінше, оларды ұлы өркениет құрған деп пайымдайды. Америка құрлығын мекендеген халықтардың түбі Алтай халықтарымен бір екенін көрсететін нақты дәлелдерге сүйеніп, тың пікір айтады. Бір қызығы, ол «үндістер» деген сөзді ылғи да тырнақшаның ішіне алып жазады. Бұл ұғымды талай заманнан құлаққа сіңісті болған мағынасынан оқшаулап, өзгеше тұрғыдан көзқарас танытады. Осыдан бес ғасыр бұрын Христофор Колумбтың Үндістанды таптым деп жүріп қателесіп, Американы ашқаны, жергілікті халықтардың бәрін үндістер деп атап кеткендігі айтылады. Ол Американың жергілікті халқы «үндіс» атауына риза еместігін айрықша атап өтеді. Осы кітапты жазарда автор әлем кітапханаларындағы мол мәліметтерді қарап, талдап, саралап шыққандығы еңбектерінен айқын байқалады. Американың байырғы тайпалары мен түркі тілдері, оның ішінде қазақ тіліндегі ұқсас, түбі бір сөздерді жинақтаған. Кейбір сөздер қазір қолданыстан шығып қалғанымен, үндіс тілдерінде мағынасы ежелгі түркі сөздеріне ұқсас келетіні жөніндегі пікірін ортаға салады. Сонымен қатар қазіргі түркі тілінде араб, парсы тілдерінің әсері мол. Мысалы: қазақ тіліндегі Құдай, періште, рух, кептер, ана, отау, кілем, пәс, себет, хор, саф, жауап сөздері парсы тілінен енген болса, дін, мектеп, қалам, медет, рақмет, сөздері араб тілінен енген кірме сөздер екені белгілі. Ал «үндістерде» түркілер ұмыт қалдырған көптеген сөздер немесе олардың мағынасы сақталғандығы жөнінде де көптеген ізденістер жасаған. Мысалы, түркілер аруақты қасиетті деп санап, кие тұтқан және оның атауы да кие болған. «Аруақ» сөзі XVII-XVIII ғасырлардан бастап қалыптаса бастаған. Үндістер болса осы күнге дейін куо, яғни кие деп атап жүргені жөнінде ой толғайды. Автордың зерттеулеріндегі мына берілген сөзтізбелерінен де көп дүниені аңғаруға болады (кесте).
Археологиялық шығармашылық ізденістеріндегі тағы бір табысы – «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер» еңбегі. Бұл тақырыптағы еңбек баспаға бірнеше рет ұсынылған. Онда түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық және этномәдени жүйесі, классификациясы, жасалу жолдары, тіл байлығын дамытудағы орны, тіл мәдениетіне тигізетін әсері баяндалады. Түркі тілдерін зерттеуші ғалымдар бұл тұрғыда еңбек етсе де, табу мен эвфемизмді біржақты талдап келген еді, ғалымның бұл кітабы этнографиялық тұрғыдан да, лингвистикалық тұрғыдан да назар аудартады. Аталмыш еңбектің маңыздылығы оның ішкі құрылымының бөлімдерінен де көрінеді, себебі сол кезеңге дейін ғалымдар бұл тақырыпта ғылыми зерттеу жүргізбеген. Тек мақалалар мен ұсыныстар ғана бар, ал мұндай нақты еңбек бірінші рет басылып шықты. Бірінші тарауда: табу мен эвфемизмдердің зерттелу деңгейін көрсететін ғылыми жұмыстарға шолу; екінші тарауда: табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық жүйесі және олардың этномәдени негіздері; үшінші тарауда: дәстүрлі моральдік-этникалық қатынастар саласында қалыптасқан табу мен эвфемизмдердің классификациясы; төртінші тарауда: эвфемизмнің жасалу жолдары; бесінші тарауда: табу мен эвфемизмдердің тіл байлығын қамтамасыз етудегі орны. Әр тарау іштей тағы да тақырыпшаларға бөлінеді. Бұл жұмыстың құндылығы, зерттеу жұмыстарында пайдаланған түркі тілдерінің материалдары келешекте табу мен эвфемизмдердің арнайы сөздігін жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қазақ тілі бойынша алынған теориялық бітімді тәжірибесін іске асыруға арналған еңбегі: «Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар» кітабы. Бұл еңбек қазақ тілін оқытуға байланысты жаттығулар жинағын және әртүрлі тәсілдермен орындалатын тапсырмаларды қамтиды. Бұл оқу құралы – оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуда, олардың грамматикалық талдауды толық меңгеруіне жол ашуда, ережелер мен фактілерді тілдік қарым-қатынаста дұрыс қолданылуын іске асыруда таптырмайтын еңбек.
Ол осылармен қатар К.Жүнісбекова, Ф.Оразбаевамен бірлесе отырып, сөз құрамы, сөз таптары, зат есімдердің жасалу тәсілдері, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, есімше, көсемше, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай ережелеріне қатысты жаттығу жұмыстарын дайындаған. Оның жазған шығармалары – студент жастар мен ізденуші шәкірттерге бағыт-бағдар беріп, жол сілтейтін танымдық және ғылыми ізденістер жасауға жол ашатын құнды еңбек.
Жалпы, Ә.Ахметовтің еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытуға, сондай-ақ тәуелсіз қазақ елінің дамуы мен қалыптасуы жолында сіңірген еңбегі мемлекет тарапынан тиісінше бағаланды.
Айталық, қырғыз елінде орын алған жөнсіздіктер мен қалыптасқан жағдайды шешу барысында сол елге барып, ондағы шиеленістерді реттеуге араласты. Мұндай күрмеуі қиын мәселелерді шешуде халықаралық қатынастар саласы бойынша маман болумен қатар бірнеше тілді білу – әркімнің бойынан табыла бермейтін қасиет. Басқа тілдерді қоспағанда, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білгендіктен де тәуелсіз қазақ елінің қалыптасуы мен дамуы жолында өзіне жүктелген қиын да жауапты міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Себебі ол ел мен халық тағдырына және оның болашағына немқұрайды қарай алмайды. Оның ғылым саласындағы еңбектері және халықаралық қатынастар мен мемлекеттік жүйедегі атқарған қызметтерінен осыны айқын аңғарамыз.
Ел жақсы білетін Әділ Ахметов – осындай биік парасат иесі, белгілі мемлекет, ғылым қайраткері, үлкен жүректі, елжанды азамат.
Әділ әлемі
/«Егемен Қазақстан», 20.05.2011 ж., У. Қалижан/ - Кейіпкерім – Әділ Ахметов, сенатор, филология ғылымдарының докторы, профессор, ректор, елші, қазақша айтқанда, «сегіз қырлы, бір сырлы» жан, кесек тұлға, атпал азамат. Өмірде осындай адамдар неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғам да, адам да өзгерері анық. Мұндайда ұлы Абайдың: «Адам өзгерсе заман да өзгермек», дегені жадыңда жаңғырып шыға келеді.
Әдекеңнің – Әділ Құрманжанұлының рухани әлемі де өзгеше. Ол тілші ғана емес, әлем өркениетінің тамыршысы. Түркі әлемінің сыр сандығын ашу арқылы Әдекең қазақтың ізін кеседі, жоғалған тарихының соқпақтарын, арналарын табады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергендіктен Әдекеңнің ойы озық, қолы ұзын. Ол тек орыс жазбаларына ғана сүйенбей, Батыс пен Еуропа ғалымдарының ғылыми ізденістері мен болжамдарына арқа сүйейді, салыстырады, ой түйеді. Оны айшықты оймен, ғылыми танымдық тілмен көмкереді. Бір сөзбен айтқанда, Әдекең әлем өркениетіне қосқан ортақ бабаларымыздың тайқазанына көз салады, сүзеді, салыстырады, осылай адами өркениеттерді табыстырады.
Ол көз алдыма кейде «Мың бір түннен» келген данагөйге ұқсайды. Неге?! Өйткені, ол алпыстан асқандардан ақыл сұрауды пәлсапалық тұрғыда шешкен ертегінің кейіпкеріне ұқсайды. «Мың бір түнде» көл ішіндегі жақұтты қалай аларларын білмей, патша сардарлары суға мың рет сүңгісе де оны ала алмаушы еді ғой. Сонда: «Алпыстан асқандарды өлтіріңдер», деген патша жарлығына мойынсұнбай, оның қаһарынан қорықпастан әкесін арба күркесінде тығып ұстап, оны өлімге қимаған бір сардар бар емес пе еді?! Сол сарбаз әке даналығымен жаһұттың көл ішінде емес, су жағасында өскен шынар ағаштың ұшындағы құс ұясынан салбырап тұрған көлеңкесі екенін біліп, патшаға сыйлайтын. Бұған сарбаз ақылының жетпейтінін сезген патша қинағаннан кейін ғана ол шындығына көшіп, әкесі туралы айтуға мәжбүр болады. Осылай патша қаһарынан қайтып, алпысқа келгендерден ақыл сұрау керектігін айтып, жаңа пәрмен береді. Әдекең маған сол абызды көз алдыма елестетеді. Жетпіске келгенде де желіп жүрген сәйгүліктей ағаның жан әлемі кең, сұра да ала бер. Таусылмайтын қазына. Өзі де Мұхтар Мағауиннің Архив адамына ұқсамай, тапқанын екшеп, халық кәдесіне жарату үшін аянбай еңбек етіп жүр. Ол мақала, кітап болып таралып та жатыр. Бірақ кітаптардың таралымы 500-1000 дана аралығынан аспайтындықтан, қалың оқырман қолына тие бермейтіні өкінішті!
Филология – нақты ғылым сияқты жаңалығы бар жаһанға бірден жол тартпайтын ғылым. Сондықтан да бұл ғылым саласынан инемен құдық қазғандай әркім өз керегін алып жатады. Жолы, жөні бөлек ғылымда Әділ Ахметов зерттеулерінің орны бөлек.
Әділ Ахметовпен отыз жылдың шамасында ағалы-інілі сыйластықтамын. Дәм-тұзымыз араласқан, ойымыз жарасқан жандармыз. Сол себепті көп сырласуларымыз бірде ұшақта, бірде ат үстінде, бірде Парламент ғимаратында, кезінде редакция қабырғасында өткен. Мұның бәрі санада сәулеленіп, жүрекке жазылып, ойға тоқылып жатты. Сол сәттердің санадағы сынықтары сыр сандығында сақтаулы…
Сұрақ: Әлемді мазалайтын сұрақ көп. Сіз Колумб ашқан Жаңа Әлемнен не іздеп жүрсіз? Ол туралы ғылым сөзінің нүктесін қойған жоқ па еді?
Жауап: Ғылымның тылсым сырлары көп. Колумб ашқан географиялық жаңалық – Американың ашылуы ғана емес. Әр зерттеуші бұған әр мақсатпен қарайды. Ал ғылымда тосын жаңалықтар ашылып жатады. Колумб та солай. Ол Шығыста жатқан Индияны неге батыстан іздеп жүр деген заңды сұрақ туады. Демек, Колумб Жер шарының шар тәріздес дөңгелек екендігін білген. Мұны бір деп қой. Екіншіден, Колумб атақты флоренциялық ғалым Паило Тосконеллидің жасаған әлем картасына кәмілсіз сенген. Ал ол картаға Америка континенті де, Тынық мұхит та мүлдем кірмеген. Яғни, ол заманда Еуропа мен Азияның арасын тек Атлант мұхиты бөліп жатыр деген ой аксиомаға айналған еді.
Сұрақ: Колумб Индияға Батыс арқылы барамын деп, жаңа құрлықты ашқан болып шықты ғой?
Жауап: «Қателесу» географиялық жаңалық ашуға түрткі болды. Бұл – талассыз. Мұны әлем ғалымдары мойындап отыр. Бұдан Колумбтың жағрафия мен тарихтағы орны ортаяды деген ұғым тумайды. Ол ұлы тұлға, адамзатпен бірге жасайтын ұлы жаңалық. Жаңа Әлем – кейін Америка атанып кеткен қос құрлықтың кілтін әркім өз керегіне қарай бұрайды.
Сұрақ: Сіздің қолыңыздағы кілт не ашқалы жүр? Не таптыңыз?
Жауап: Төтесінен қойылған сұраққа төте жауап берейін. Осыдан бес ғасыр бұрын Колумб Индиямен жаңылыстырып, ежелгі халықты үндістер деген өгей этнонимге тели салған ұлттың кемінде арғысы 40 000, бергісі 12 000 жылдай тарихы бар еді.
Табиғаттың өзіндей таза халықты жиһангездер әкелген өркениет аздырып-тоздырып жіберді.
Сұрақ: Бірақ Жаңа Әлем Америго Веспуччидің атымен Америка атанып кеткен жоқ па?
Жауап: Дәл солай. Бұрын да, кейін де, қазір де пысықайлардың асығы алшысынан түсіп жүр. Қанша заман өтсе де адамзат пиғылындағы психология өзгере қойған жоқ. Байлықты қандай жолмен жинасаң да, кірі қолға жұқпайды. Сен айтып отырған Америго Веспуччи деген де сондай адамдардың бірі болса керек-ті. «Еуропа мен Азияның арасын және бір құрлық бөліп жатыр» деген Америго Веспуччи деген бір ұсақ саудагердің тоғыз сөзден тұратын мәліметі оның келісімінсіз баспа жүзін көреді де, ол ұлы жиһангерге айналады. Жаңа құрлыққа есімі беріледі. Ал Колумб болса, өмірінің соңында мүлдем елеусіз қалып, еңбегі еш, тұзы сор болып 1506 жылы Испанияда қайтыс болады. Тарихтың осындай кездейсоқ сәттері бола береді.
Сұрақ: Қош делік. Сонымен, қайта көп ғасырлық тарихы бар үндістерге қайта оралайық. Үндістер кімдер? Олар қайдан және қашан Америка құрлығын мекен еткен?
Жауап: Бұл туралы ғылыми ой әлі тоғысып, бір арнаға түсті деп айту қиын. Бір ғалымдар осыдан 2 миллион жыл бұрын, плейстоцен заманында, екінші бір ғалымдар мұз дәуірі кезіндегі Азиядан аңшылық кезеңімен қоныс аударғандар десе, үшінші бір топ 12000 жыл бұрын ежелгі америкалықтар Азиядан Америкаға қоныс аударған деген нақты тұжырым ұсынды. Олар Беринг жер көпірі немесе жер мойнағынан өтіп кеткен деген болжамды алға тартады. Демек, ол кезде мұхит пен жер бөлінбеген болып шығады. Қисынды әңгіме, атам қазақ «елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дейді. Яғни әлем де, табиғат та өзгеріп отырады. Оған жаңа тарих куә. Ірі-ірі жер сілкіністерінен бір жер пайда болып, бір жер су астына кетіп, астаң-кестең болғаны белгілі.
Сұрақ: Демек, адамдар Америкаға бірден емес, бірнеше ғасырлар бойы өтіп тұрған, яғни қазақтар сияқты мал өрісімен өмірін байланыстырған деген ұғым тумай ма?
Жауап: Дәл солай. Америкалықтардың түпқазығы Азияда жатқанын дәл қазір ешкім жоққа шығара алмайды. Батыс ғалымдарының деректерін екшей келе, мынандай қорытынды шығаруға болады. Америка құрлығына адамдар үш рет қоныс аударған. Біріншісі 35-40 мың, екіншісі 25-28 мың, үшіншісі 10-14 мың жыл бұрын. Одан кейін теңіз бен жердің арасы үзіледі. Осылай ұлы көшен (великое переселение) аяқталды. Бұл Азияның соңғы көші болатын. Мұны қазіргі соматологиялық, морфологиялық, краниологиялық, генетикалық, антропологиялық, геологиялық, археологиялық, лингвистикалық зерттеулер айғақтап отыр.
Сұрақ: Осыдан америкалық үндістердің шығу тегіне тарихи және этнолингвистикалық көзқарас мәселесі туындамай ма?
Жауап: «Олар (үндістер – У.Қ.) қызыл күрең түсті, бірақ ұдайы күн көзіне жүрмесе реңдері басқаша да болуы ықтимал: олар жалпақ бетті келеді. Бұл тұрғыдан алғанда олар татарларға ұқсайды». Бұл тарихи кескін-келбетті суреттеу 1500 жылғы Америго Веспуччидің хатында жазылған.
Сұрақ: Тоқтай тұрыңыз. Онда Америго Веспуччи тарихи таразысына салатындай ұсақ саудагер болмай шықты ғой…
Жауап: Әрине. Мәселен, жаңалықты ашу бар да, оны нақты бекіту бар. Ол заманда да адамның өзіне емес, жазған, рәсімделген сөзіне сенген. Америго Веспуччи бұл жерге Колумбтың ізімен келген, бірақ өз қожасына көрген-білген, жиған-тергендерін хатпен жазбаша жіберген. Соны бір пысық, Америго Веспуччидің келісімінсіз, қожасынан алып, бірнеше тілге аудартып, Еуропада жариялатып жіберген.
Сұрақ: Антропологиялық және лингвистикалық мәселеге қарай ойыссақ деймін. Сіз Америкада қызмет істедіңіз, үндістердің арасында болдыңыз, сырттағы зерттеулерге ғана сүйенбей өзіңіз сол ортада болдыңыз. Үндістердің азиялық тегі туралы нақты қандай ұстанымдарыңыз бар?
Жауап: Әуелі жағрапияға шағын саяхат жасалық. Осыдан 20-25 мың жыл бұрын Охот теңізі болмаған. Амур сағасы Сахалин мен Жапон аралдарымен, Камчаткамен тұтасып жатқан. Тіпті ол кездері Чукот, Шығыс Сібір теңіздерінің де бірі жоқ-ты. Яғни, Азия мен Американың арасы мыңдаған шақырымға созылған жер мойнағы арқылы жалғасып жатқан. Бұл – Р.Итс деген ғалымның пікірі. Ал Стюарт Фидель дейтін америкалық ғалым «Егер біз Американың байырғы тұрғындарын әлемдегі басқа халықтармен салыстыратын болсақ, олардың ең алдымен Азия монғолтектестеріне өте ұқсас екенін байқаймыз. Көзге ұрып тұрған ортақ ұқсастықты ең алдымен олардың қайратты түзу қара шаштарынан, сақал-мұрттары мен денеге бітетін түктерінің біршама сирек болатындығынан, қоңырқай түстерінен, қоңыр көздерінен, шығыңқы жақ сүйектерінен және күрек тістерінен анық байқауға болады. Сосын Азияда да, Америкада да жергілікті халықтардың жас нәрестелерінің жамбастарында ғылымда «моңғол дағы» деп аталатын көкшіл дақ болады». Бұл – нақты пікір, нақты зерттеу. Ал бұған өз қосарым, америкалық үндістердің сенім-нанымдарында шаманизм ерекше орын алады. Әрине, Сібір этностары Азия этностарына қарағанда америкалық этностарға әлдеқайда жақындау сыңайлы. Аляска эскимостары мен көршілес жатқан әлеуеттер тілдері оларға жақын болуға тиіс қой. Салыстырмалы грамматика мұны айғақтап отыр.
Мен қызмет істеген Тусон қаласының солтүстік жағына орналасқан таулардың бірі Бақатау деп аталады. Оны азсынсаң Қаратау, Бурылтау деген жер атауы бар екенін айтайын.
Ежелгі ацтектер, майя, кечуа тайпаларының тілдерінде түркілік сөздер қаншама. Мәселен, майя мен түркі тіліндегі «тас іші, тұлым, жалқау, жасын, жас жылан, шыбыншы, толы, ақ, көк, ойын, долы, исібар, бақалар» сынды сөздер қазақша сәйкестендірсе тура осы мағынаны береді. Оны аз десең мынаны айтайын. Майя тілінде қош – қазақша құс, маяша ақап – қазақша нағашы аға, маяша имиш – қазақша жеміс, маяша бақа – қазақша бақа, құрбақа, ал кечуа үндістеріндегі «кэт» – қазақша «кет», кэл – қазақша «кел». Тура сол мағынасында. Сиу үндістерінің тіліне үңілсек, «сиуша таң – қазақша таң», сиуша «тани» – қазақша «тану», «ате – әке», «ина», «ене» – «ана», «оиа – аяқ», «ишу – ішу», «қан – қан», майяша «аак» – қазақша «ағу, ағыс», «батал» – қазақша «бай», «икм – екі», «тур – тұр», «тік – тік».
Бұл жай ғана ұқсастықтар емес. Екі мыңнан астам тіл мен диалектісі бар үндістердің тілін қазақ филологиясы дербес зерттеуге тиіс. Сонда біз түркі мәдениетінің, оның ішінде қазақ мәдениетінің ежелгі ұлттар қатарында дамып отырғандығының дәлелін табамыз.
Сұрақ: Әдеке, үндістердің түбі түркілік тамырлары жөнінде біршама танымдық ой жинақталды ғой деп ойлаймын. Дегенмен, мен Мұрат Аджидің кітабының әр парағының астын сызып оқыдым білем. М. Аджи әлем өркениетінің бастауы – Алтайда дейді. Сіз де Алтай адам өркениетінің алтын бесігі дегенге саясыз. Осыны нақтылай түскім келіп еді.
Жауап: М.Аджиді қолдаймын. Ал бұған қосымша майялардың алтайлық тегі туралы бір тоқтамға келген адаммын. 2008 жылғы Парижде өткен «Халықтардың алғашқы ұлы көші» деген форум жұмысына қатыстым. О. Сүлейменовтің жетекшілігімен өткен бұл форумда керемет баяндамалар жасалды…
Әдекең екеуміздің бұл сұхбатымыз Астана – Алматы бағыты бойынша ұшаққа отырар алдында басталып, 10 мың метр биіктікте жалғасып еді. Уақыттың да қалай өткенін байқамай қалыппыз.
Иә, Әділ Ахметов тірнектеп жинап, ғылыми айналымға қосқан ізденістері қомақты. Бұл тақырыпты ертеректе көтеріп, сол үшін «таяқ» жеп қудаланған ғалымдар да жоқ емес. Солардың бірі О. Смағұлов болатын. Оның 1977 жылы шыққан «Этническая геногеография Казахстана» атты еңбегі санаға, жалпы ілімге төңкеріс әкелген һәм жаңа көзқарас болды. Бірақ ол кеңестік идеологияға мүлдем қайшы келетін. Ол Қазақстанның ежелгі тұрғындарының еуропалық типті және моңғолтүсті еместігін айқындаған-ды. Қорыта келгенде, «алтайлықтардың, қазақтардың, католондықтар мен баварлықтардың, ағылшындардың генотипі біртекті екендігі» айғақталды. Бұл белгілі ғалым-жазушы Мұрат Аджидің тарапынан жоғарыдағыдай түйінделді. Сол М. Аджи жазғандай, «Ғасырлар мен уақыт бәрібір адамдардың генетикалық кодын жоя алмайды». Бір сөзбен айтқанда, Еуразия кеңістігін жайлаған халықтардың генетикалық бірлігі ортақ. Ал ХХ ғасырда академик В.М. Жирмунский герман және түркі тілдерінің негіздерін, Алтай мен Еуропа кеңістігінде жатқан халықтардың эпостарын зерттей келіп, олардағы сюжеттер мен бейнелердің тікелей Алтайға қарай меңзейтінін айтады.
Мұрат Аджи «Альпхарттың» өлімі мен «Роланд туралы» әннің көне түркі жырларынан алынғандығын дәлелдейді. Ал академик Жирмунский еңбектерінде аттың ер қанаты екендігі салыстырмалы түрде пайымдалады.
Әділ Ахметов осындай әлемді мазалаған ойларға өзіндік көзқараспен келген. Әрі Америка үндістерінің генетикалық, грамматикалық, этимологиялық, топонимикалық атауларынан суыртпақтап түркі өркениетін табады, сол арқылы өз бабаларымыздың әлемдік үдерістерге қатысы бар екендігін там-тұмдап жеткізеді. Бұл ғылыми ойды қозғайтын үрдіс қана емес, салыстырмалы тарих пен салыстырмалы тіл арқылы, генетикалық ортаға енуді көздейді. Алтайлық текті іздеу арқылы тіл генетикасына сапар шеккізеді. Осындай ізденістер Әділ Құрманжанұлының сырлы әлемінің бір қырын ашады.
Білікті де білімді адаммен сұхбаттасу қандай ғанибет. Әдекең екеуміздің әңгімеміздің ауаны әрбөлек. Бірақ қайсысы болса да бояуы қанық, есте қаларлық ой толқындарына толы. Осыдан жиырма жыл бұрын Әдекеңді туған ауылым Бұғымүйіз – Бесмойнаққа шақырдым. Дариға жеңешем бара алмай қалды. Әдетте, жеңгем қасында болса, ағайым көңілді жүреді. Кейде өз сөзінің рас-өтіріктігін мақұлдатып алатыны тағы бар. Оның үстіне жеңешем күні кеше келін боп түскендей әркез әдемі киініп, бойын күтіп, биязы күлкісімен, жадыраған мінезімен ортаны толтырып отырады.
Ол кезде тумаса да туғандай болған немере ағайым, Социалистік Еңбек Ері Орынтай Ерекенов көкемнің көзі тірі-ді. Сол ауылдың басшысы еді. Алматыдан бар болғаны 110 шақырым жер. Неге екенін қайдам, Суықтөбеден аса тауда қарағай да, емен де өспейді. Жайдақ. Бірақ тау сілемдері анық көрінеді. Ауылымды көрсетіп, атқа қондық. Атқа мықты отырады екен. Мен қопаң-қопаң етіп, ебедейсіздеу жүріп келемін.
– Желіп отыр. Сонда қопаңдамайсың, – деп Әдекең кеңес беріп қояды. Бірте-бірте тақымым қатайып, тізгінді еркін ұстай бастадым.
Бұғымүйіз – Бесмойнақты, Жетімсайды, Қарашоқыны, аржағында қырғызға жақын Желсаз бен Қоңырсазды көрдік. Тұнып тұрған құрақ, сылдыр аққан бұлақ. Тауешкілерді, еліктерді, қаптаған кекіліктерді көрдік. Мен мылтық алмағаныма өкініш білдірдім.
– Мылтықтың қажеті не? Мынандай сұлулықты көргенге не жетеді! Қарашы. Фотоаппарат алмағанымызға өкінемін…
Қас қарая ауылға жеттік. Батыр ағамның малы союлы, қымызы сапырулы. Қолы кең Сара жеңгем үстелді жайнатып қойыпты. Ет желініп, қымыз ішілді. Әңгіме-дүкен құрдық. Мен осы ауылды мекендейтін Найманбай баба ұрпақтары туралы әңгімеледім.
– Мен де осындай Аспантау деп аталатын Хантәңірінің бойында Байынқол деп аталатын өзеннің бойында Нарынқол деген жерде дүниеге келіппін. Шіркін, тау деген жарықтық ойыңды өсіріп, қиялыңа қиял қосады ғой…
Мен осы ауылда алтыншы класқа дейін оқып, аға да, пана да болған бауырым, ірі математик, марқұм Уәли Қалижанов жөнінде әңгімеледім.
– Мен ағаңды танитын едім. Аужан дейтін жақын інім сол кісімен бір кафедрада мұғалім болған. Ағаң қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі еді ғой.
– Әкемнен бір айымда жетім қалыппын. 1948 жылдың 11 сәуірі. Шешем Мәртай ер екен. Ағайым екеумізге қалған өмірін арнады. Қар жауыпты сол күні. Ауыл оны күні бүгінге дейін «Қалижанның қары» деп атайды. Өкініштісі – суреті де қалмаған. Бейітінен де ажырап қалдым. Жетімдік, жоқшылық. Әр адам әр бейітті көрсетіп жүр…
– Тағдырлас екенбіз ғой… Мен де 1941 жылдың 23 мамырында дүниеге келіппін. Алты айға толғанымда әкем Құрманжан үш ағасымен бірге соғысқа аттанады. Ал 1942 жылы хабар үзіледі. Шешем Қаныша 22 жасында жесір қалып, Күләш әпкем екеумізді ел қатарына қосты ғой.
Әкемнен қалған белгі соғысқа аттанар алдында бауырларымен бірге түскен суреті мен аңшылық кітапшасы ғана…
– Сіз бақыттырақ екенсіз…
– Егер осы бақыт болса.
Әдекең ауыр күрсінді. Одан кейін екеуміз де ескі жараның аузын тырнамадық.
Таңертең ерте тұрдық. Аттар ерттеулі, самаурын қайнаулы. Сара жеңгем қуырдақты алға қойды. Бесмойнақтың салқын самалы-ай. Алматыда аптап ыстық, мұнда жүн көрпенің астында тоңып шығасың. Ал қысы жылы. Жерұйық осындай-ақ болар.
Ендігі сапар он шақты шақырым жердегі «Арасанды» көрсету. Ол Жаманты деп аталатын өзеннің бойында. Суы сондай суық. Балық та жоқ. Ал «Арасан» қасиетті. Қатар-қатар үш бұлақ тұр. Бірінің суы тастай, екіншісі жылы, үшіншісі ыстық. Жан-жағы борық. Әсіресе, бала көтермеген әйелдер келіп, балшыққа оранып, апталап жатады. Емге дәру. Талай әйел осыдан кейін бала көтеріп, «Арасанның» қасиеті жан-жаққа тараған. Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден келген адамдар қаншама. Сол шатқалға дейін автомашинамен баруға болады, ал ары қарай бұлаң-бұлаң жалғыз аяқ жол. Не атпен, не жаяу түсесің.
Қырға дейін машинамен барып, ары қарай атпен түспек ойым бар. Ағам «Волгасын» көлденең тартып қойған. Бірақ Әдекең шорт кесті.
– Тауда атпен жүрмегенде не істеуші еді. Баста.
Менің қашқақтайтын жөнім бар еді. Кешегі жүрістен кейін атқа отыру қиын-ды. Бірақ намысқа басып, бір жүйріктің үстіне қонжидым.
Әдекеңе «Арасан» керемет ұнады. Әр бұлақтан су ішті. Тізесіне дейін балшық кешті. Судың арғы бетіне өтіп, жартастағы Әулие үңгірдің ішіне кірді.
– Аңырақай шайқасынан кейін жаралы батырлар осында келіп емделген. Шейіт болғандары анау қорымда жатыр, – деп Жаманты өзенінің бойындағы бейітті нұсқадым. Осы жердің шырақшысы болған Сақпантай деген атамнан естіген әңгімемді қосып қойдым.
– Онда албандар да қол бастаған. Бір атаның қорымы екен ғой, жарықтық, – деп Әдекең сол қорымға келіп, дұға оқып еді. Шет тілдер институтының ректоры құран оқиды деп кім ойлаған?! Ол бөлек заман еді ғой…
…Өмірде жақсы адамдармен кездесу адам тағдырын өзгертіп жіберетіні бар. Әділ Ахметов те педагогикалық институттың ағылшын тілі факультетін үздік бітіріп, сол жерге мұғалім болып қабылданады. Курстас қыз Дариғаға ғашық болып, соңында бірге шаңырақ көтереді. Ол да институт мұғалімі. Үй алды. Бейнеттің зейнетін көрсетіп аналарын Алматыға көшірді. Үлкен ұлдары Нұрлан, одан соң Қарлығаш қыздары өмірге келді. Содан бір ұзақ жылдар перзент сүйе алмай жүрген-ді. Бірде анасы: «Дариғажан, осы сенің не ойың бар? Мен күйеуден соғыста айрылып, бір қыз, бір ұлдың тілеуін тілеп, ешкімге көз түрткі етпей, екеуін де бақтым, қақтым. Оқыттым. Айдың аманында, байдың базарында, өзіңнің ажарыңда болмаса тағы бір сәби берсеңдерші, бесігін тербетіп, ержеткізіп берейін», – дейді. Сонда Дариға келіні: «Айтқаныңыз Алланың құлағына шалынсын, апа!» – деп қолын жайыпты. Осылай он жылдан кейін зарықтырып, сағындырып Нұржан өмірге келеді. Сірә, келін қайын ененің топырағынан жаралады деген рас-ау.
Институтта сабақ бере жүріп, Әдекең ғылым жолын да ұмытпады. Ұстазы, белгілі тіл маманы, профессор Әмеди Хасенов екеуі ақылдаса келе әлі ешкім зерттеп те, жазып та көрмеген тақырып, «Табу мен эвфемизмдерді» зерттеуді таңдап, тіл білімі институты директорының орынбасары, профессор Шора Сарыбаевқа келеді.
Шора Сарыбаев сөзінің шыны қайсы, әзілі қайсы екенін адам бірден аңғара бермейтін ғажап мінезі бар кісі еді. Үлкенмен үлкендей, кішімен кішідей қалжыңдасып, небір анекдотқа бергісіз әңгімелерді айтып, ортасы той-думан болып жүреді. Мұны Әмеди Хасенов жақсы білгендіктен, алдын ала Әділдің құлағына құйып, таңғалмауын, ал сұраса қалай жауап беру қажеттігін ескерткен.
– Әмеди жолдас, мына көккөзің кім? Шымшықтың сарыуыз балапанындай жетектеп алған екенсің, не іздеп жүрсіңдер? Шаруаң болмаса бұйдаңды үзбеуші едің, таң атпай танауың желбіреп жетіп келгеніңе жөн болсын?!
– Шәкіртім, Әділ Ахметов. Табу мен эвфемизмдерді зерттегісі бар.
– Бәсе, тың, түрен тақырып. Менің картотекамда бұл тақырып жоқ.
– Өзіңнен де, картотекаңнан да айналайын, сенің. Жазып қой. Өзіңде, тіл білімі институтында қорғайтын боламыз.
Осылай тақырып таңдалып, ұзақ зерттеулер ақыры 1973 жылы «Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаумен аяқталды. Кейін докторлық диссертация қорғады. Ол ғылыми қорғауға өзім де қатыстым. Бұл кезде Әділ Ахметов Алматымен бауырлас қала – Тусонда қызмет істеп келген болатын. Сол жердегі үндістер мәдениетімен, оның Алтайлық, яғни түркілік тегіне назар аударды. Табу мен эвфемизмдердің үндістер руханиятының ірі бөлшегі, ұлттық болмысының ажырамас бір бөлігі екендігіне көз жеткізеді. Сондықтан да ғылыми тақырыбы Ә. Ахметов зерттеулерінің өмірмен, әлем өркениетімен тығыз байланыс орнатуға жол ашты.
1997 жылы Білім, ғылым, денсаулық сақтау, спорт және туризм деп аталатын жаңа министрлік ашылғаны белгілі. Министр – Қырымбек Көшербаев. Бұл азамат туралы ешкім жаман сөз айта алмаса керек. Қырымбек Елеуұлымен өзім де қызметтес болғанмын. Комсомолдың талқанын бөліп жегенбіз. Отбасымен аралас-құралас, ата-анасының қолынан дәм татқан, көзге жақын, көңілге ыстық азамат. Сол азамат Әдекең шет тілдер институтында ректорлық қызметте жүргенде, сол министрліктің Білім комитетіне төрағалық қызметке шақырады. Үлкен лауазым. Бұрынғы министрліктің функциясын алған комитет.
1999 жылы Әдекең бұрын өзі басқарған жоғары оқу орнына басшы болып келді. Бірақ енді ол институт емес, Қазақ мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар және әлем тілдері университеті болатын. Дәл осы кезеңде Ә. Ахметов білім беру саласында 36 жыл қызмет істеп, абырой биігінде жүр еді.
…Әділ Ахметов Сенаттың халықаралық мен Мәжілістің халықаралық істер комитетінде депутаттық қызметімізді атқарып жүрміз. Бірде кабинетіне бардым. Компьютерге шұқшиып, әлденені жазып отыр, анда-санда екі иығы селкілдеп күліп қояды.
– Өз-өзіңізге мәз болып: «Ай да Пушкин! Ай да сукин сын», дегендей рахаттанып отырсыз ғой…»
Әдекең өзіме қарсы сұрақ қойды.
– Сен әлі баяғыдай бәрін қаламмен жазасың ғой, ә…
– Иә, Шерағаң да, Әбіш көкем де (Кекілбай), ұстазым Қуаныш Сұлтанов та қаламмен жазады. Мен бұл тұрғыда өткен ғасырда қалып қалғандардың сортынанмын.
– Рахат қой, компьютер деген. Аласың, саласың, өшіресің, қосасың. Уақытың бар ма?
Мен басымды изедім. Әдекең жаңа жазып бітірген үш-төрт эпизодты оқи жөнелді…
Сұрақ: Саясатқа қалай келдіңіз?
Жауап: Өзім де білмей қалдым. Ректорлық қызмет қадірлі, абыройлы. Өз уақытыңды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ кенеттен оқыс ұсыныс алдым. Оңтүстік Кореяда жүргенмін. Университеттің шәкірт алмасу мәселесімен. Әрі ғылыми ізденісіміздің бір парасын осынан таптым. Корей сәбилерінің де құйрығында көк дақ болады екен. Бұл баяғы Алтайдан тарайтын генетикалық код қой. Корей тілінің Алтай тобына жататындығын, құда түсіп, келін алу шарттары да түркілік туыстықты меңзейтінін біліп, ғылыми қызығушылықпен жүргенмін-ді. Бірақ «тез қайт» деген хабар алдым да, Астанаға жеттім. Үкімет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кабинетінен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып бір-ақ шықтым.
Сұрақ: Иә, сол кезде мен де Астанаға келген едім. Сіз де «бойдақ», мен де «бойдақ» дегендей талай жексенбіні біздің жерүйдің моншасында өткізіп, ет асып жегеніміз есте. Түнгі 11-сіз жұмыстан шыға алмайтын едіңіз?
Жауап: Сенбі деген атымен жоқ-ты. Бірақ сенің шикілеу пісірген етіңнің дәмі әлі де таңдайда. Ол да бір қызық күндер еді. Бірде Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің сол кездегі тұрақты орынбасары, 17 жыл бойы осы қызметте болған сэр Джон Керр мырза іссапармен келді. Елбасы қабылдады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Британияның көмегімен энергетика саласына сапалы мамандар даярлайтын батыстық үлгідегі жаңа университет ашуға шешім қабылдағанын айтты, британдық дипломатты осы бастаманы қолдауға шақырды. Джон Керр қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Ал мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі болатынымды естідім. Осылай 2000 жылдың мамыр айында Дариға жеңгең екеуміз Лондонға ұштық та кеттік.
Сұрақ: Қалай ойлайсыз, елшінің қаруы не?
Жауап: Елшінің бес қаруы – тіл. Оны Лондонда қызмет істеген екі жылда сезіндім. Мәселен, Королева Елизавета ІІ-мен де, Премьер-министр Тони Блэрмен де олардың мемлекеттік тілінде сөйлестім. Егер бар мәселені тілмаш арқылы шешуге тырысқанда дипломатиялық қызметтің нәтижесі шамалы болар еді деп ойлаймын. Буыны бекімеген елге Батыс қалай да өз биігінен қарайтыны белгілі.
Қазақ-Британ техникалық университетін құрған – Н.Назарбаев, қолдаған Британия Премьер-министрі – Тони Блэр.
Сұрақ: Президент жаңа университетті ашты. Сіз қайта ректор болып оралдыңыз.
Жауап: Иә, әуелі үш сала бойынша, мұнай-газ, қаржы және экономика, ақпараттық технологиялар мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды қолға алғанбыз. Қазір қанатын жайып, бірегей жоғары оқу орнына айналды.
Сұрақ: Депутат болу сіздің тағдырыңыздағы кездейсоқ оқиға ма, әлде заңды жалғастық па?
Жауап: Кездейсоқтық тілектен пайда болады. 2004 жылғы Парламент Мәжілісінің сайлауына түсіп, бақ сынап та көргенмін. Бірақ жол болмады. «Бәз біреулер құсап, өтіп едім, өткізбей тастады», дей алмаймын. Біреудің де елші, ректор болғысы келген болар. Өмір осы. Бармақтай бақ еңбекпен, адал қызметпен келді ғой деп ойлаймын. Осылай, 2007 жылдың соңында Елбасының Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалдым. Елбасыға, халқыма рахмет. 38 жылдық білім саласындағы абыройлы еңбегім дипломатия саласына, дипломатиялық қызметім заң шығарушы орган – Сенат депутаты болуға баспалдақ болды.
Тәубе!
Сұрақ: Әдеке, жетпіс деген қандай екен?
Жауап: Қайдан білейін, 25-тің қандай екенін білемін. Ал 70-ті бұрын көрді дейсің бе? Ішіне кірген соң белгілі болады да…
Әділ Ахметов кім дегенде, ең алдымен көп қырлы ғалым, көп сырлы қаламгер, сөзі сенімді сенатор екендігіне көз жеткіземіз. Бұл Әдекеңнің сырлы әлеміне шолу боларлық мақала ғана. Өмірі – ғұмырлы, қызметі – абыройлы болсын!
«Медиация» төңірегіндегі талас
/«Ана тілі» газеті, 18.05.2011 ж., Ғ. Насыров, заң ғылымдарының кандидаты/ - Адам еріккеннен қолына қалам алмайды. Ой мазалап, толғанған кезде, баспасөз бетінде ой бөліскің келеді. Айтайын дегенім, «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бейшарасы» деген ұлы Абайдың осы жолдары тек ақындарға ғана арналған десек, әсте қателесеміз.
Бұлай деуіме себеп, үстіміздегі жылдың басында Парламентте талқыланған «Медиация туралы» заң жобасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзге ұлт емес, қазақтың өзін шатастырып жіберетіндей.
Мысалы, заңның 20-бабының 5-тармағына үңілейікші: «Медиацияны жүргізу медиация тараптары медиация туралы шарт жасасқан күннен басталады». Тек бұл ғана емес, заңның басынан аяғына дейін – тұнып тұрған осындай шұбатылған шұбарала сөз тіркестері. Бұдан не түсініп, не айтуға болады?
Бұл жерде заң жобасын дайындаушылардың не айтайын дегенін қарапайым жандардың бірден түсіне қоюы қиын. Сондықтан түсінікті болуы үшін бұл баптың «қазақшасын» қазақшаға аударайық. Сонымен қазақтың тілінде бұл баптың мазмұны «Мәмілелестіру мәмілегерлер шарт жасасқан күннен басталады» деген кәдімгі қазақтың еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін түсінікті алты-ақ сөзден тұратын ұғым. Ал бұл жерде бәрін бұзып тұрған, Абайша айтқанда, былғап отырған – «медиация» деген бөтен сөз.
Ал осындай шатасулар қайдан шығады? Бір жерден жаңа сөз ести қалса, соны өз сөздік қорында қолдануға дайын тұратын қазақ үшін «медиация» сөзі де тосын жаңалықтай көрінген болуы керек.
Шындығында, «медиация» деген ұғымның өзі қазақ үшін айтарлықтай жаңалық емес. Бұл – біздің ата-бабаларымыздың әлімсақтан бері ел ішінде дау-дамайды шешуде қолданып келе жатқан мәміле, мәмілелестіру деген ежелден елге таныс сөздерінің басқа тілдегі (латын) баламасы.
Сонда біз баршамызға түсінікті төл сөзімізден бас тартып, тілімізге орайсыз, түсініксіз жат сөзді кірістіргенде не ұтамыз?
Бұл жағдай депутаттардың назарынан тыс қалған жоғын айта кету керек. Парламенттің қос палатасының К.Сағадиев, И.Елекеев, А.Смайыл, Б.Тілеухан, Ж.Сүлейменов, сенатор Ө.Бәйгелді сынды бір топ депутаттары мәмілелестіру қазақтың ата дәстүрінде ежелден бар үрдіс екенін, сондықтан тілімізде бұрыннан бар әрі өмірімізбен біте қайнасқан ұғымдар төл тілімізде аталуы керек екенін айтып, «медиация» сөзінің «мәмілелестіру» сөзіне өзгертілуін талап етті.
Мәселен, Ирак Елекеев заң жобасының көздейтін мақсаты екіжақты бітімге шақырып, өзара мәмілеге келтіру екенін, ал «медиация» терминінің мүлде аударуға келмейтін ұғым-түсінігімізде болмаған атауға байланысты емес екендігін, оның ежелден қазақтың салтында бар, «мәміле, мәмілегер» сөздерінің баламасы екенін заң жобасын дайындаушыларға соқырға таяқ ұстатқандай етіп айтып түсіндірді.
Өз кезегінде Бекболат Тілеухан да «медиация» сөзінің «мәміле» дейтін тамаша баламасы бар екенін айтты. Ал Жарасбай Сүлейменов бұрын қабылданған заңдарымызда солай жазылған деген заң жобасы бойынша жұмыс істеген комитет мүшелерінің уәждерінің орынсыздығын айтып, «Осыдан он, жиырма жыл бұрын аударманың сапасы төмен болған кезде кейбір сөздердің баламаларын таба алмаған уақыт болған шығар, бірақ солай екен деп осы жолмен жүре беру тілдің бағын ашпайды. Сондықтан біз осы қателікті бірте-бірте түзеп, заңдардың сапасын жақсартуымыз керек. «Медиация» сөзі аталған заң жобасында аударылып, «мәмілегер» деп берілу керек» деген орынды сөзі, өкінішке қарай, басқа әріптестері тарапынан қолдау таппады.
Заң жобасын дайындаушылар да депутаттардың бұл орынды пікірлеріне құлақ аспады. Енді осы заң жобасын дайындаған жұмыс тобының пікірін тыңдап көрейік. Жалпы, заң жобасын дайындаған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты екенін атап көрсетуіміз керек.
Сонымен жұмыс тобының жетекшісі, депутат Светлана Бычкова ханымның және оны қолдаған басқалардың «мәміле, мәмілегер» сөздерін қолдануға қарсы айтқан басты уәждері:
– біріншіден, «медиация» атауының латын сөзі екені, халықаралық заңнамаларда оның аудармасыз сол күйінде берілетіні, ал ұсынылып отырған «мәміле» деген оның қазақша баламасы мүлде басқа аспектіде (басқа заңдардың баптарында деп түсінуге болады) қолданылатыны;
– екіншіден, егер бұл терминді аударса, бұрын қабылданып кеткен бірқатар заңнамалар бойынша түсініспеушілік туындайтындығы;
– үшіншіден, бұл «медиацияны» жақтаушылардың ең басты көзірі – ол Елбасының Жарлығында бұл терминнің мемлекеттік тілге аударылмағандығы.
Ал енді заң жобасын дайындаушылардың келтірілген осы уәждері қаншалықты дұрыс, сенімді, нақтылы заңмен негізделген. Осы тұрғыдан қарағанда, жоғарыда келтірілген уәждерінің олқы тұстары да, сенімсіз жерлері де жеткілікті. Сол туралы өз пікірімді айтып көрейін.
Біріншіден, «медиация» атауының латын сөзі екені, халықаралық заңнамаларда оның аудармасыз сол күйінде берілетіні. Шынында да, көптеген латын сөздері халықаралық құжаттарда аудармасыз қолданылатыны белгілі, бірақ одан ол терминдерді ешбір ел ешқашанда өз тіліне аудармасын деген түсінік тумаса керек. Мәселен, аударылмай қолданылсын деген терминдер тізімі бекітілген халықаралық шартты мен өзім көрген де, естіген де емеспін. Ал енді ондай шарт болғанның өзінде, ол шарттың талаптарына қосылу, қосылмау – әр елдің өз еркі. Қосылған жағдайда ондай шарт сол елдің Парламентінде ратификацияланып, бекітілу керек екенін айтып, түсіндіріп жатудың бұл жерде қажеті жоқ қой деп ойлаймын. Білетінім, дәл бүгін біздің Парламентте ондай шарт бекітілген жоқ.
Мысалы, «терроризм», «коррупция», «аэропорт», тағы осы сияқты көп терминдер халықаралық құжаттарда аудармасыз қолданылады. Алайда бұл терминдер қазіргі кезде біздің заңдарымызда «лаңкестік», «жемқорлық», «әуежай» болып төл тілімізге аударылып, қолданылып жүр, одан ешқандай қолайсыздық туындап жатқан жоқ. Сондай-ақ бұл пікірдің дұрыстығына көрші Ресей мемлекетінің жақында қабылдаған осы бітімгерлік туралы заңының атауы дәлел. Ол «Федеральный закон «Об альтернативной процедуре урегулирования споров с участием посредника (процедура медиации)» деп аталады.
Көріп отырғаныңыздай, ресейліктер «посредник» сөзін «медиацияға» аудармаған. Ал Ресей елі мұны халықаралық қағидаларды білмегеннен істеп отыр деуге есі дұрыс адамның аузы бармайтын шығар.
Демек, ата-бабаларымыздан жеткен көне дәуірдің мұрасындай «мәмілегер» үрдісін санамыздан сызып, сөздік қорымыздан өшірудің ешбір қисыны жоқ.
Заң жобасын әзірлеушілердің келесі уәжі – «мәміле» сөзінің мүлде басқа аспектіде (басқа заңдардың баптарында деп түсінуге болады) қолданылатыны және егер бұл терминді аударса, бұрын қабылданып кеткен бірқатар заңнамалар бойынша түсініспеушілік туындайтындығы.
Бізде барлық заңдардың жобасы, негізінен, орыс тілінде даярланып, содан кейін мемлекеттік тілге аударылатыны белгілі. Сондықтан қазіргі қолданыста жүрген кейбір заңдарды мемлекеттік тілге аударғанда көптеген қателіктер кеткені ешкімге құпия емес.
Міне, сондай қателік Азаматтық кодексті аударған кезде кеткен.
Нақтылап айтсам, осы кодекстің 7-бабының 1-тармақшасын орысшадан қазақшаға аударғанда «сделка» сөзі «келісім» деген баламасы бола тұра «мәміле» деп аударылған.
Ал енді заңдардың иерархиялық сатысында кодекстің дәрежесі жоғары болғандықтан, басқа заңдарды қабылдаған кезде де «сделка» сөзі «мәміле» болып, кодекске сәйкес аударыла берген. Мінеки, «мәмілеге» қарсы пікір айтушылардың «бұл сөз басқа аспектіде қолданылады» деп меңзеп отырғаны – кезінде аудармада кеткен осы қателік және сол қателікті мойындамау.
Аудармада кеткен қателік дегенді мен неге сүйеніп айтып отырмын?
Біріншіден, кезінде Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ғ.Ғ.Мұсабаев және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Н.Т.Сауранбаевтардың редакциялауымен 1981 ж. шығарған «Орысша-қазақша сөздікте» «сделка» сөзі «келісім, ымыраласу»; «выгодная сделка» – «пайдалы келісім»; «заключить сделку» – «келісім жасау» деп аударылған.
Оның бергі жағында, атағы тек республика көлемінде емес, шетелдерде де белгілі, үлкен ғалым-лингвист, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбай Бектаев ағамыздың «Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша» сөздігі бар. Осы сөздікке рецензия жазған адамдар да шетінен атақ-дәрежелерінен ат үркетіндей мықты мамандар: филология ғылымдарының докторлары, профессорлар Ә.Жүнісбеков, Е.Қажыбеков, С.Мырзабековтер.
Міне, осы сөздікте де «сделка» сөзі «келіс, келісім, мәміле» деп аударылған. Шынында да, біз ешқашан «выгодная сделка» дегенді «пайдалы мәміле» деп айтпаймыз, «пайдалы келісім» дейміз. Сондықтан Жарасбай Сүлейменовтің сөзінің жаны бар.
Ал енді жұмыс тобының ең басты уәжі ретінде Елбасының Жарлығында бұл терминнің мемлекеттік тілге аударылмағандығына сілтеме жасауы, бұл енді, шынын айтсақ, «сасқан үйректің артымен сүңгитіні» сияқты әрекет.
Елбасының Жарлығында сот ісін жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді қолдануды кеңейту, оның ішінде медиация институтының дамуын қамтамасыз ету айтылған. Бірақ бұдан қазақ билерінің ел ішінде дау-дамайды шешуде ғасырлар бойы қолданып келген бітімгерлік (мәмілегерлік ) рәсімі міндетті түрде «медиация» терминімен ауыстырылсын және ол еш өзгеріссіз қолданылсын деген ұғым тумауы керек. «Медиация» терминін өзгертпей қолдану туралы Жарлықта ештеңе айтылмаған. Жарлықтағы басты мақсат – бітімгерлік рәсімдерін сот ісінде кеңінен қолдану. Ал ол қолдануды заңдастыру – заң шығару билігінің, яғни Парламенттің құзырындағы шаруа. Ал заңның қалай жазылып, қалай қабылданатыны «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңда жазылған, оны бұл жерде тәптіштеп айтып түсіндіріп жатудың қажеті жоқ сияқты.
Енді Дайрабайдың көк сиырындай дау туғызып отырған «медиация» сөзінің мағанасына келетін болсақ, латынның «mediare» деген бұл сөзі – орыстың «посредничество», ал қазақша мағынасы – «делдалдық, татуластырушылық, мәмілегерлік, араағайындық» деген ұғымдарға сәйкес келеді.
Ал енді мәмілегерлік үрдісінің не екенін жоғарыда аты аталған депутаттар айтардай-ақ айтып түсіндірді. Өкініштісі, депутаттардың орынды ескертулерін осы заң жобасын дайындап, Парламентте баяндаған Жоғарғы Сот уәкілдерінің түсінбегені.
Осы арада мынаны айта кеткім келеді. Елдегі қандай да болсын сот ғимаратына барсаңыз, төрінен кезінде Үш жүзді ауыздарына қаратқан – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің мүсіндерін немесе суреттерінің ілулі тұрғанын көресіз. Сот қызметкерлерінің қимыл-қылықтарынан да өздерін заманында Алашты ауыздарына қаратқан орақ тілді, от ауызды, қара қылды қақ жарған әділ билердің ұрпақтарымыз, солардың ісін жалғастырушылармыз дегенді байқағандай боласыз. Сол бабаларымыздың даналық мектебі, ұлағатты дәстүрлері белгілі себептермен кезінде ұмытылып, енді, міне, тәуелсіздігіміздің арқасында оларды қайтадан қалпына келтіру мүмкіндігі туып отыр. Сондай дәстүріміздің бірі және бірегейі – билеріміздің араздасқандарды бітістіріп, мәмілелестіру дәстүрі.
Атақты заңгер-ғалым С.Зиманов: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылған заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың құрамдас бөлігіне – алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы өркениеттің мұрасына да айналар деген үмітім бар. Уақыт өте келе қазақ құқығы әлемдік құқықтық жүйелердің ішінен лайықты өзіндік орнын алатындығына сеніммен қараймын» деп болашаққа үлкен үміт артқан болатын. Алайда оны іске асырады дейтін кешегі өзінің шәкірттері, сот билігін ұстаған бүгінгі билер ғұлама ғалымның бұл үміт-сенімін ақтай алмаған секілді.
Өкініштісі, осындай ұлт мүддесі үшін жауапты сәтті сезіп, аса жауапкершілік таныту керектігін заң жобасын дайындаған Жоғарғы Сот қызметкерлерінің түсінбей, асығыстық жасағандары. Асықпай, сабыр сақтап, мәселенің байыбына барып, кесіп-пішіп шешім қабылдау керек еді. Асығыстық жасалды. Осындайда ойға қазақтың «Асығыста туған баланың атын Абыр-Сабыр қояды» деген сөзі еріксіз еске түседі. Әзіл-қалжың ретінде айта салған қазекеңнің осы бір сөзінің астарында атан түйеге жүк боларлықтай салмақты мағына жатқандай. Олай деуіме осы айтып отырған «Медиация туралы» заңның жобасы айқын дәлел.
Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндердің
құқықтық мәртебесін қалай анықтаймыз?
/«Алаш айнасы» газеті, 18.05.2011 ж., С. Жұмабаев/:
Елеусіз ҚАСЫМОВ, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Түркістан қалалық бөлімшесінің бастығы:
– Қазір базарда сауда жасайтындарға, шағын кәсіппен айналысатындарға немесе ауылда 5-10 қойын бағып отырғандарға зейнетақы қорына тапқан табысыңның 10 пайызын аудар дейтін болсаңыз, «ой, оған дейін бармыз ба, жоқпыз ба» деп, немқұрайдылық танытып жатады. Алайда олар ертеңгі күні зейнетақы жасына қалай жетіп қалғанын да білмей қалады. Оларға қазір зейнетақы қорларына ақша аударғаннан гөрі, өзінің күнделікті тапқан 5-10 тиыны маңыздырақ болып тұр. Дегенмен зейнетақы қорына қаржы аударылмаса, ертеңгі күні олар қалай зейнетақы алады? Қазіргі жастардың көбінің еңбек өтілі өте аз, тіпті жоқ десек те болады. Кейбіреуі қитырқы әрекеттерге барып, Үкіметке болмашы салық төлеп отыр. Бірдеңе десең, «міне, салық төледім, зейнетақы қорына ақша аударылып жатыр» дейді. Бірақ аударған сомасын қарасаң, мың теңгеге де жетпейді. Ертеңгі күні оларға қалай зейнетақы тағайындайсың? Әрі-беріден соң, бұл өзіне зиян болып тиюі мүмкін. Сондықтан мұны әрбір адам о бастан ойлануы тиіс. Дегенмен Үкіметіміз әсіресе еңбек өтілі жоқ оралман ағайындарға қолдан келген көмегін аяп жатқан жоқ. Жасына қарай 8100 теңге жәрдемақы тағайындап отыр. Демек, оларға зейнетақы берілмесе де, бүгін жасы келсе, оларды мемлекет далаға тастамайды. Жоқ дегенде 8100 теңге арнайы жәрдемақы береді.
Ізбасар БОЗАЕВ, экономист:
– Негізі, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандарға мемлекет түсіністікпен қарауы керек. Олар ұрлық жасап жүрген жоқ, жұмыссызбын деп, ел ішіне іріткі салып жүрген жоқ. Өз күнін өзі көріп, бар айыбы: зейнетақы қорына ақша аудармай отыр. Жаңа заң бойынша, егер олар зейнетақы қорларына жарна аудармаса, ешқандай зейнетақы ала алмайды. Енді жасы ұлғайған кезде, денсаулығы әлсіреп, жұмысқа жарамай қалған кезде зейнетақы ала алмауы үлкен әлеуметтік проблемаға айналатыны сөзсіз. Бізде жұмыссыздарға белгілі бір дәрежеде жәрдемақы төленеді. Алайда өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғаннан кейін, олардың көпшілігі ол жәрдемақыны алып жатқан жоқ. Мүмкін, сол алмаған төлемақының есебінен зейнетақы тағайындауымыз керек шығар. Қалай десек те, оларды қараусыз қалдырмауға тиіспіз.
Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Бұл – өте өзекті мәселе. Ауылдарда 10 қой, екі сиыр бағып, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандар да зейнетақы қорларына жарна аудармайды. Сондықтан мұндай адамдардың кәсібін заңдастыруға көмектесуіміз керек. Онымен қоса кейбір жұмыс беруші кәсіпорындар адамды жұмысқа қабылдаған кезде оны заңды түрде тіркемейді. Демек, жұмыскерлерінің зейнетақы қорына ақша аудармайды деген сөз. Сондықтан осындай олқылықтарды жөнге келтіру үшін мемлекет тарапынан бақылауды күшейтуіміз керек. Егер жеке компаниялар адамды жұмысқа алса, оның зейнетақы қорына белгілі бір пайыз мөлшерінде қаржы аударуға мәжбүрлеуіміз керек. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандарға да осындай талап керек секілді. Сонда ғана алдағы уақытта өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған қарапайым халықтың зейнетақысы төңірегінде мәселе туындамайды.
«Қазағым, қайда барасың?» (Е.Қ.3.11.2011 ж.)
/«Егемен Қазақстан», 18.05.2011 Ж., С. Қылышбек/ - Өткен жылдың қараша айының басында «Егемен Қазақстан» газетінде Ө.Байгелдидің «Қазағым, қайда барасың?» деген мақаласы жарық көрді. Оны басқа газеттер де қайыра басып, өз оқырмандарының назарына ұсынды. Мұның себебі не? Мақалада үлкен ойлар бар. Ол бойында қазақтың қаны бар әрбір азаматты ойландырса керек. Себебі, қазақ үшін аса зор қауіптің қайдан төніп келе жатқанын және оның алдын алу жайында ой толғаған ақсақалымыздың жанайқайы көзі қарақты оқырманын бей-жай қалдырмағаны белгілі.
Десек те одан бері уақыт жылжығанымен мәселенің мәнісіне қолдау білдірген қандастарымыздың қарасы аса көп емес. Расында ұлттық, рухани тұтастық бір рет айттым бітті, кестім үзілдімен жөнге келмесі анық. Дендеп енген кеселдің, мысқалдап шығатыны және бар. Олай болса, бұған діндегі- ділдегі – жалпы қоғамдағы жат құбылыстардың алдын алу үшін бірлесіп күресу, үн қосу керек шығар. Бұл әрбір отбасының міндеті, әрі болашақ үшін атқаратын парыз болғанда ғана жемісін береді. Отан отбасынан басталады десек, әрбір отбасы өз тәрбиесінде ұлттық құндылығымызды жастардың санасына біртіндеп сіңіре алсақ, талай қазақ баласы сырттан келген жат құбылыстардан бойын аулақ ұстары анық.
Ө.Байгелди өз мақаласында халқымыздың өткеніне талдау жасай отырып, оның рухының беріктігін, көне ғасырлар қойнауынан тарих көшінде қазақ болып қалыптасып келе жатқанын нақты дәйектермен баяндайды. Мақалада ұлтымыздың тұтастығын сақтаудың тұғыры туралы «…Қазақ тілге бай халық қой …Осы тұрғыда бүкіл халықтың болмысын, бірлігін, мықтылығын, тектілігін дүниенің төрт бұрышындай мығым ұстап тұруда, бәрі де А әрпінен басталатын төрт-ақ сөздің алатын орны ерекше. Олар-Алаш, Аттан, Асар, Алас сөздері» – дейді. Бұл сөздер тәртіпке, тәрбиеге, татулыққа, бірлікке шақыратын ұлттық құндылық, рухтық ұстаным болғанын айта келіп, бүгіндері жастарымыздың еліктегіштігіне, бірлі-жарым болса да басқа дінге кірген қандастарымыздың барына, уланған сананың әсерінен ата-анасынан, туыс-бауырынан, ұлтынан, отанынан безгендердің көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Осы жерде қатыгездік, зұлымдық, зорлық-зомбылық, лаңкестік, қорқыту, үрей туғызу арқылы адам өміріне қауіп төндіру, ислам дініне қайшы жат жолға түсуші екенін ескертеді.
Қанша жерден бөлек дегенмен бүгінгі күні дінді қоғамнан бөліп қарауға болмайды. Ислам – гуманизм діні. Ол – қоғамда бейбіт өмір мен татулықты сақтауға шақыратын дін. Сонда ғана әрбір қандасымыздың Отанын сүю, тіліңді, діліңді, дініңді аялау, ұятыңды сақтау, жан дүниеңді қорғау сияқты ізгілік ұстанымдары берік орнығады. Егер адасып жүргендер болса, ислам Алланың ақ жолында бірігуге, бейбітшілікке, тату-тәтті өмір сүруге шақырады. Біз тарихи тамырымыз бен төл салт-дәстүрімізге табан тіреп, исламның ең үздік жетістіктерін өзімізге бейімдей отырып, өз жолымызды анықтауымыз керек.
Осы жерде мынаны ескерсек болады. Осы күндері елімізде қазақы рәсімдерге сай емес, діни монархиялық ислам мемлекттеріндегі кейбір ұстанымдарды көшіріп алып пайдалану етек алып барады. Әсіресе қыз-келіншектеріміздің өзге елдердегі киім кию үлгісін ұстанушылығы алаңдатады. Біз өз дәстүрі бар, көне тарихы бар елміз, әрі зайырлы мемлекетпіз. Бұл туралы мақалада әбден түсінікті етіп жазылған. Соны ескеріп, ертеңімізге сеніммен қарасақ болады.
Ө.Байгелди осы мақаласында қазақы ғұрпымыз ата-баба аруағын қастерлеу мен Жаратушы, әлем иесі бір Алланың арасын ажыратып, шатыстырмауды ескерген. Аруақты құрметтеуді Аллаға серік қосу деп шатасу біздің елімізге ңұқсан келтірумен қатар, рухани тұғырымызды, тұтастығымызды бұзатын саяси қитұрқылық. Жік салудың жолы. Мұны бәрі білуі шарт десек, елімізге ислам діні келмей тұрып та қазақтар көк Тәңіріне құлшылық жасап, бір ғана Құдай бар деп табынды емес пе? Мұны осыдан екі жарым мың жыл бұрын Герадоттың өзі де мойындаған. Жалпы рухымызға әсер беретін, біздің еркімізден тысқары бір құдіретті күшті бәріміз де мойындауға тиіспіз.
Осы жерде өткен жылы жарық көрген академик Өмірзақ Айтбайұлының «Қазақ тілі мен тәуелсіздік – егіз ұғым» деген мақаласында айтылған мәселеге назар аударсақ болады. Дәлірек айтқанда, тіл мен тәуелсіздікке қатысты ұсынысы: «Елімізде іргелі діндерге (ислам, христиан, будда, иудаизм) ғана орын қалдырып, қаптаған конфессиялар мен секталарға қатаң тыйым салу қажет. «Діни сенім бостандығы туралы» заңды қайта қарап, талаптарын күшейту керек. Бізге жалпы жұртшылықтың (келімсек миссионерлердің) көңілін табудан гөрі, еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баянды болуы қымбат» – деген пікірін де ескерсек болады. Яғни, Ө.Байгелдидің мақаласында атап көрсетілгендей, өздерін ислам дінінің жанашыры санайтын түрлі ағымдардың еркінсінуіне жол бермеуіміз керек. Жалпы, ислам дінінің пайдадан басқа залалы жоқ. Тек дұрыстап уағыздап, дұрыстап тұтынғанымыз жөн. Дін бар жерде тазалық, адалдық, адамдық бар, ағайын!
Браконьерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілікті
мейлінше қатаңдатпайынша, киік санын сақтап қала аламыз ба?
/«Алаш айнасы» газеті, 19.05.2011 ж., Л. Билан/:
Берік Бекжанов, Мәжіліс депутаты:
– Қылмыстық жауапкершілікті қатайтып жатса, оған қарсылығым жоқ, әрине. Алайда менің ойымша, үлкен проблемаға айналып кеткен бұл мәселені оң шешу үшін жан-жақты, кешенді іс-шараларды қолға алу керек. Өйткені тек жазаны қатайту аз. Киік санын сақтап қалуға үкімет, қоғам, сондай-ақ еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар т.с.с барлығы бір кісідей атсалысулары тиіс. Тіпті қала берді, әрбір отбасында киіктің қасиеті мен киесі айтылып отырса, құба-құп. Негізі, кез келген адамның санасы мен түйсігіне киікті атуға болмайтынын құйып отырса деймін, яғни алдын алу шаралары мен насихат жұмыстарын мықтап қолға алудан басқа амал қалды ма? Аң-құстар да тіршілік иелері, олардың өз құқықтарының бар екендігін ұмытпағаймыз.
Әділбек ҚАБА, Бас прокуратураның тілдерді дамыту және БАҚ-пен байланыс департаментінің бастығы:
– Бүгінде екіаяқты жыртқыштар, яғни браконьерлердің кесірлерінен кейбір аң-құстарымыздың түрлерінен айырылып қалатын халге жеттік. Тіпті кейбір аңдар саны күрт азайып барады. Оған жол бермес үшін заң талаптарын күшейту керек екендігіне дау жоқ. Әйтпесе табиғатқа орны толмас зиян келтіретіндері анық олардың. Құмарларын қандыруды ғана көздейтін браконьерлердің көпшілігі аз ғана айыппұлмен құтылып кетуде. Осындай жағдайларды болдырмас үшін, менің ойымша, жазаны қатайтумен қатар, қоғамның табиғатты аялауға балабақшадан, мектептен үйренгендері жөн. Мысалы, бұрындары қазақ даласында неше түрлі аң-құстарымыз саны жағынан да көптеп саналатын. Өйткені ол кездері табиғатты қорғау мәселесі үлкен маңызға ие болатын. Екіншіден, аң аулаушыларға, бәлкім, арнайы коммерциялық жерлер бөліп қою керек шығар. Оның өзінде де уақыты мен мөлшері белгілі бір шамадан аспайтындай. Аң аулағысы келген екен, ақысын төлесін. Үшіншіден, табиғатты сақтап қалу үшін әрбір адамзат баласы санасына «ешбір тіршілік иесіне жан берген сен емессің, демек, алатын да сен емессің» дегенді сіңдіргендері жөн.
Айдар Бекбосынов, «Табиғат» экоодағының бас менеджері:
– Жазаны қатайту керек, әрине. Алайда ауыр жаза ең алдымен киіктерге қырғидай тиіп жатқандарға қолданылуы керек. Қарапайым адамдар етін алу үшін көп болса бір киік атар. Ал киіктер санының күрт азайып бара жатқандығына кінәлілер, негізінен, аңға шығатындар. Былайша айтқанда, мылтық асынып, аңға шығуды қызық көретіндер. Ең сорақысы, соларға рұқсат беріп, көз жұмып отырғандар — орман және аң шаруашылығындағылар. Аң аулауға құмартатындар олардың ауыздарын жақсылап майлап қойған. Қазір аң аулауға тыйым салу керек. Әйтпесе қорықтарымыз бос қалып жатыр. Көпшілік елдерде қылмыстық жаза қатаң. Тіпті ұзақ мерзімге соттауға дейін барады. Ал бізде аңшылар да, құзырлы саладағылар да жазаның тым жеңілдігі былай тұрсын, қатаң бақылаудың жоқтығынан тізгінсіз кеткен. Дұрыс айтасыздар, браконьерлерге қарсы іс-әрекеттерді күшейту арқылы киік болсын, басқа да сиреп бара жатқан аң-құстардың жойылып кетпеуіне қол жеткізген болар едік.
Талауға түскен театр
/«Жас қазақ» газеті, 20.05.2011 ж., Д. Айбеков/ - Иә, ып-ырас. Шындығында солай. Зәулім сарайларға шүпірлеп барып, кино көру бақыты Тараздың бүгінгі тайқы маңдай жастарына бұйырмапты. Анығында – бұйыртпай тастапты. Қазіргі ұрпақтың әлі бұғанасы қатпай тұрған кезінде әлді-белді ағалары кино көрсету ғимараттарын талан-таражға салып, пышақ үсті бөлісіп алыпты. Мемлекет мүлкін тиын-тебенге бағалап, жеке қанжығаларына байлап қойыпты.
Кеңестер Одағы күйрердің алдында ғана салынған Кенен Әзірбаев атындағы зәулім сарай, салтанатты кинотеатр ғимаратын Ғафур Қасымов деген кәсіпкер басып қалыпты. Айнала аласапыран болып жатқан кезеңде білдей бір мемлекеттің маңдайалды мүлкін өзбек жігіті қалтасындағы шақа-пақасына шақтап, жекешелендіріп үлгеріпті. Енді онда ойын-сауық отауы отын жағып, кәуап, палау, самса пісіріп, шарап құйып, кәнизактар сайран салып жүр. Ал білетіндер айтады: бұрынғы кино үйінде кәдімгідей мол қаражатқа алынған үлкен рояль бар еді, енді ізім-ғайым жоғалып кетіпті. Ілеуде біреудің ғана маңдайына бұйыратын аса құнды музыка аспабы жат жұртқа бел асты ма екен? Дерегін ешкім білмейді.
Ғафур аканың ағайыны Камал Юсупов дейтін қалталы жігіт «Еңбек» кинотеатрының иесі болып шыға келіпті. Мұнда да дәріхана, кафе, супермаркет, дүкендер... Ал кино көрсетілмейді. «Еңбектің» аты баяғыда өшкен...
Жақын күндері Парламент Мәжілісінің депутаты Амангелді Момышев БАҚ-қа сұхбат беріп, телеарналардан ашына сөз сөйледі. Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.
– Өзбекстанда жыл сайын бірнеше азаматымыз оққа ұшады, ұрып-соғылады. Таяуда өзбек ағайындар қазақ генералы Сабыр Рақымовтың зәулім ескерткішін бульдозермен сүріп тастады. Қазақтарға көзбе-көз қиянат жасап жатқан өзбек жағына «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» жоқ па? Тал түсте көзіміз бақырайып, қашанғы көрші елге жем бола береміз, – деп Мәжіліс депутаты ұлтына, еліне жанашырлығын шырылдаудай-ақ шырылдап жеткізді.
Бірақ... таяуда Тараз қаласы әкімінің орынбасары Күлімхан Тоғызбаева ресми мәлімдеме жасап, кинотеатр жөніндегі біраз шындықты жария етті. Сол кісінің сөзінен аздаған үзінді келтіре кетейік: «1969 жылдан бастап 30 жыл бойы халыққа сапалы мәдени қызмет көрсеткен, жоғары оқу орындары шоғырланған жердегі бұрынғы Шоқан Уәлиханов атындағы кинотеатр ғимаратын Парламент Мәжілісінің депутаты Амангелді Момышев жекешелендіріп алған. Кіреберіс залына бірнеше бильярд үстелдері орналастырылған, бірақ кино көрсетілмейді».
Осыны естіп отырып ойға қалдық. Өз елімізде ойларына келгенін істеу арқылы кинотеатр ғимараттарының ойран-ботқасын шығарып, тайраңдап жүргендерге «тәк» дей алмай отырып, елі, жері бөлек алыстағы ағайындарға айбат көрсетудің астарында не жатыр? Жалпы, жұртқа жақсы көрініп қалу ма?..
Айтпақшы, қала әкімінің орынбасары хаттамасынан тағы бір депутаттың, иә, Парламент сенатында бұрын бірнеше мәрте депутат болған Шамсат Исабековтің төбесін көріп қалдық. Депутаттыққа өтпей тұрғанда Шәкең «Мир» кинотеатрын өзі басқарған «Щит» компаниясы арқылы жекешелендіріп алып, кейін бауыры Талғат Исабековтің иелігіне беріп кетіпті. Кіші Исабеков кинотеатр үйін ешбір мақсатқа пайдаланбай, бос ұстап отыр. Әлде, мемлекетке қайта өткізу ойында бар ма?
Қайта өткізу демекші... Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мәдени көпшілік орындарын, балабақша үйлерін кезінде жекешелендіріп алған кәсіпкерлер енді есімізді жинағанда, сол мүліктерін мемлекетке қайта өткізсе, құба-құп. Онда да, бюджеттің шамасы келетіндей қаржыға сатса немесе ел болашағының ертеңі үшін тегін берсе, құба-құп. Ал осы жолды ұстанып жатқан азаматтар бізде баршылық» деген сөзінен кейін еліміздің кәсіпкерлері арасында үлкен серпіліс болды.
Таразда Аралбек Төлебаев деген кәсіпкер бұған дейін өз иелігінде болып келген қаладағы ең үлкен саябақты мемлекетке су тегінге сыйлады. Бұрынғы балабақша үйлерінің де біразы кей кәсіпкерлердің жомарттығы, ел-жұрт қамын ойлауы, намысы, ұлт жандылығы арқасында еш саудаға түспей, кері қайтарылды. Елбасымыздың арнайы сөзіне орай осындай хабарлар жер-жерде болып жатқанда, оны қолдаудан бойларын аулақ ұстап отырған біз мысалға келтірген кәсіпкерлер, депутаттар өз халқының ішінде болып жатқан осы жайлардан хабардар ма екен? Әлде, білсе де, «былқ» етпей, отырғаны отырған ба? Қайтсе де, бұл мәселе отансүйгіштікке, мемлекет басшысының жүргізіп отырған жұмысын қолдауға, жеке азаматтарға байланысты болары анық.
Иә, сонымен, қазір Тараз қаласында «мемлекет иелігінде» деп айтатын бірде-бір кинотеатр жоқ. Бұрындары саны «оннан асатын еді» деп еске алып қоятынымыз бар. Жекешеге өтісімен, көпшілігінің бағыт-бағдары өзгерді, қайта жасақталып, сауда-саттық, мейрамханаға айналып кетті. Тіпті күні кешеге дейін жұмыс істеп келген «Голливуд» кинотеатры да «Болашақ» колледжінің директоры, қашқын банкир Мұхтар Әбiләзовтiң жақыны Пернебай Асқаровтың жекеменшігіне айналды.
Қала халқының, әсіресе, жастардың рухани талап-тілектерін қанағаттандыру бағытында облыс, қала басшылығы қазір жаңа бір жобаны қолға ала бастады. Орталық «Атшабар» массивінің маңынан 4 залы бар кинотеатр үйінің құрылысын жүргізуге «Ақ ниет» фирмасы шілде айында кіріспекші. Басшылық қатты мән беріп отырған бұл салаға жоғарыда аталған ағайындар мойын бұрып жатса, ол енді – ел игілігі, халық қажеті, жастар талабының орындалуындағы оңды іс болары сөзсіз.
Тараз қаласы
«Жас қазақ» газетінің Астанадағы тілшісі Төлен Тілеубай Мәжіліс депутаты Амангелді Момышевтің пікірін сұраған еді. Назарларыңызға халық қалаулысының айтқанын түгел ұсынғанды жөн көрдік
Мәжіліс депутаты Амангелді Момышев:
«Ол заңды емес қой. Алғанда да түсіндірдік. Роза дейтін келіншек бар. Ол кинотеатрдың бұрынғы директоры. Сол келіншек жекешелендіріп алған. Соның қасында менің Болат деген балам бар. Екеуі 50 пайыздан бөлісіп алған. Бұл жерде менің қандай қатысым бар?.. Өтірікті қалай айтады?.. Қала басшылығындағылар білмейді ештеңені. Мен ол кинотеатрды қалай жекешелендіріп аламын?.. Декларация бар емес пе?!. Баламның жұмысын менікі дегені несі?.. Ресми мәлімдемесі дұрыс емес. Ондағылар: «Әй, Момышевтікі!» деп айта салады. Баламды менімен шатастырып отыр. Содан кейін, ол кинотеатрды қалай мемлекет меншігіне қайтарады?.. Анау қасындағы адам бермейді. Өйтіп, өтірік айтудың қажеті жоқ. Айтарым – осы».
/«Алтын орда» газеті, 20.05.2011 ж., Парламент Мәжілісінің депутаты Р. Халмурадовпен сұхбат/:
– Биыл Тәуелсіздігіміздің туы желбірегеніне 20 жыл толады. Тарих үшін қас-қағым сәт саналатын осынау мерзім ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, биіктерді бағындыра білді. Әрине, бұл өркендеу жолында ұлтаралық татулықтың, этносаралық келісімнің қосқан үлесі қомақты.
– Мемлекетіміз Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Елбасының айтып келе жатқаны – осы татулық пен бірлік, бейбітшілік пен тыныштық. Ең алғашқы жылдары, яғни, 1992 жылдың желтоқсанында Алматы қаласында Қазақстан халқының бірінші форумын өткізіп, онда жасаған баяндамасында күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде экономиканы емес, бірлік, татулық, қоғамдық келісім, ынтымақты қойды. Осы мәселе тұрақты болған жағдайда экономикамыз да дамиды, халықтың әл-ауқаты көтеріледі дегенді айтқаны есімде. Осы жиынға қатысқан бір кісілерден «зауыттар тоқтап жатқанда, жалақы, зейнетақы бере алмай жатқан кезде бірінші өндірісті дамытып алмаймыз ба, бірлік бір жаққа қаша ма?» деген әңгімелерді де құлағымыз шалғаны бар. Бірақ, Елбасының сол кездегі көрегенділігін бүгін өмірдің өзі көрсетті. Сол жиында «барлық этностарды біріктіретін бүгінгі жиынды форум деп атаймыз ба, ассамблея дейміз бе, әлде кеңес деген дұрыс па, әйтеуір тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық институт құру керек» деген болатын. Елбасы өзіне тән мән-жайды жан-жақты өлшеп, таразылап, салмақтап барып бір шешімге келетін қасиетінен бұл жолы да жаңылмады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында айтқан ұсынысы негізінде 1995 жылы 1 наурызда Жарлыққа қол қойып, бүгінгі ассамблея құрылды. Оның алдына қойған негізгі мақсаты – елдің бірлігін нығайту. Түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастыру. Осыған байланысты аудандарда, облыстарда түрлі этностық мәдени орталықтар құрылды. Бұл тәжірибенің өте тиімді болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Мұны Назарбаев «ноу-хауы» деп те, «қазақстандық модель» деп те атап жатты. Басқа елдер, басқа ұйымдар мұның тәжірибесін өздерінде пайдалана бастады. Әйтпесе Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жан-жағымыздағы мемлекеттерде түрлі келіспеушіліктер, дау-жанжалдар болып жатты. Сонда батыстың бір сарапшылары «бұл жанжал Қазақстанға да келеді» деп болжаған болатын. «Қазақстанда осындай жағдай болса, ел болмайды, өйткені онда тұратын ұлттар саны өте көп» деп сәуегейлік танытқандар да болмай қалған жоқ. Елбасының салиқалы саясатының арқасында, жергілікті ұлт өкілдерінің қонақжай мінезінің, табиғи болмысының, даласы қалай кең болса, жүрегінің де солай кең болуының, бітімгершілік қасиеттерінің молдығының арқасында бұл мәселеде келеңсіздік бола қоймады. Түрлі тағдырмен келген өзге ұлт өкілдері Қазақстаннан тұрақты мекен тапты, өзінің Отаны есептеді. Келген адамға баспана бермесең, жеп отырған наныңнан бір үзім бөліп бермесең, ол адам бір-екі күннен артық тұра алмас еді. Қазақта ондай болған жоқ. Барлығын бауырына баса білді, көмектесті.
– Осы тарихи жағдайды, яғни, қазақтың баршаға құшағын ашып, асын тосқан жақсылығын кейінгі буын өкілдері қаншалықты жақсы біледі деп ойлайсыз?
– Шыны керек, орын алған осы оқиғаларды жеткілікті деңгейде көрсете алмай келе жатқан секілдіміз. Жасөспірімдердің көпшілігі ата-бабаларының, ата-аналарының Қазақстанға қандай жағдайда келгенін, келгеннен кейін не болғанын жақсы біле бермейді. Біз соны тамаша бір әдеби туындылар, көркем фильмдер арқылы насихаттай білуіміз керек. Кеше ғана дүниеге келген Елбасының жастық шағына арналған фильмде болгарлардың қалай көшіп келгендігі әсерлі көрініс беріпті. Міне, сондай дүниелерді көптеп түсіруіміз, жиірек көрсетуіміз қажет. Бұл қазіргі жастардың бірлікке, татулыққа, сыйластыққа деген сана-сезімін оятады деп ойлаймын. «Менің атам келгенде қиналып келген екен ғой, сонда жергілікті халық көп жәрдем берген екен» деп ойланады. Жақсылықты жергілікті тұрғындардан тапқандығын түсінеді. Осындай жұмыстар жетіңкіремей жүр. Кешегі Ассамблеяның ХVІІ сессиясында Елбасы осыны да айтты. Осы тақырыпты зерттеп отыратын орталық құру керектігін сөз етті.
– Сізге мемлекеттік тілді өмір үйретті ме, әлде қызмет пе?
– 1967 жылы комсомолда істеп жүрген кезімде облыстық теледидардан бір журналист хабарласып, нақты бір тақырып төңірегінде сұхбат жасау керектігімізді айтты. Оған келісімімді беріп, сұхбатқа дайындалдым. Ол жылдары барлығымыздың да үйренетініміз, сөйлейтініміз орыс тілі болғанын бүгінде жасыра алмаймыз. Жатсақ та, тұрсақ та сол тілде сөйлейміз. Бюрода орыс тілін білмесең, «бар, үйреніп кел» деп шығарып жіберген замандар да болды. Сол дағдымен сұхбатқа орыс тілінде дайындалып келсем, журналист бағдарламаның қазақша жүретінін айтты. «Қалай қазақша, мен қазақ тілін білмеймін ғой, мектепті, жоғары оқу орнын өзбек, орыс тілдерінде бітіргенмін, жұмыста да орысша, қазақ тілін қайдан білемін» деймін. Журналист көнбейді. «Сұрағыңды қазақша қоя бер, шамам келгенше өзбекше, орысша, білген жерімді қазақша араластырып жауап беруге тырысайын» дедім. Сөйтіп, алдын ала аз уақыт дайындық жасап алдық. Үйдегілерге «сағат пәленшеде теледидардан сөйлеймін» деп айтып кеткенмін. Бағдарламаның уақыты жеті-ақ минут. Сол жеті минуттың ішінде жазғы шілденің ыстығы бар, қазақша сөйлей алмай қысылғаным бар, әйтеуір қара терге түстім. Бағдарлама біткен бойда көйлегімді шешіп, сығып жібергенде кәдімгідей су төгілді. Қағып-қағып киіп алдым. Журналиспен қоштасып, көлігіме міндім-дағы дүңгіршектен қазақша газеттер сатып алдым. Қазақ тіліндегі кітаптар, сөздік алдым. Әйтеуір табылғанын ала бердім. Сөйтіп, оларды жұмыста да, үйде де оқып жүрдім. Қарамағымдағыларға тапсырманы қазақша бере бастадым. Олар «жұрттың барлығы жаппай орысша үйреніп жүргенде қазақшаны не қыласың?» дейді таңырқап. Қажет болып қалды деп қоямын. Сонымен не керек, төрт айда әжептәуір сөйлейтін дәрежеге жеттім. Сол жылы кеңес өкіметінің 50 жылдық мерекесі тойланатын болды. Маған облыстағы комсомол жастардың атынан құттықтау сөз сөйлейсің деген тапсырма түсті. Төрт минут сөйлеуім керек. Мәтінін орысшалап жақсылап жаздым. Обкомның идеология бөліміне әкеліп көрсеттім. Өте жақсы. Содан шығып, Сайрам ауданының орталығындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебіне барып, ондағы бір дос мұғалімге құттықтауды қазақша аударып бер дедім. Сөзбе-сөз емес, мағынасын сақтап, көркем тілмен жазу керектігін түсіндірдім. Әдемілеп жазып берді. Оны жаттап алдым. Мереке күні құттықтауды барлығы орысша айтып жатқанда мен ғана қазақша сөйледім. Облыста бірінші хатшы орыс болғанымен, қазақшасы әжептәуір еді. Бір қарап қойды, бірақ үндемеді. Орныма барғанымда біреулер «енді сені құртады» дегенді айта бастады.
– Әріптестеріңіздің қазақшасына көңіліңіз тола ма?
– Кейде мен оларға депутаттық сауалды мүмкіндігінше қазақ тілінде жолдауларын ескертемін. «Өзің жаза алмасаң, аудармашының көмегіне жүгін, бұл аптаға дайын болмасаң, келесі аптадағы отырысқа қалдыр, өзің қазақша сөйлей алмасаң, өзгелерінен не сұраймыз?» деймін. Кейде әріптестерім «Реке, сіз ұрыспаңызшы, осы жолғы сауалымды орысша оқиын, кейінгісін қазақша дайындаймын» деп алдын ала айтып кетеді. Жалпы, тілге қатысты айтарым, мектепте қазақ тілін өзге пәндермен тең дәрежеде оқыту, қажеттілік туындату керек. Ағылшын тілін де репетитор жалдап, екі айдың ішінде үйреніп жатыр ғой. Ал қазақ тілін 11 жыл оқыса да білмей шығады. Неге? Демек, тілді дұрыс оқытпаймыз немесе басқа бір себеп бар. Біз өзбек мектептерінде мемлекеттік тілді тереңдетіп оқу бойынша 2003 жылы арнайы жоба енгізгенбіз. Сол жоба енгізілген «Юсуп Сайрами» деген гимназиясын жоба енгізілгенге дейін бітіргендердің 10-15 пайызы мемлекеттік білім грантына ие болған. Ал одан кейінгі, яғни, 2008-2010 жылдары мемлекеттік грантқа ие болғандардың қатары 90 пайызға жетті. Бұрын бір бала «Алтын белгі» алса, енді 14-ке жетті. Оқушылар 100 пайыз қазақ тілінде еркін сөйлейді. Осы әдісті ұйғыр, тәжік, орыс тілдерінде дәріс беретін мектептерге енгізу жөнінде Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар жібердік. Тәжік, ұйғыр тілінде оқытатын мектептерге бағдарлама жетті, ал орыс мектептерінде іске асырылмай қалып қойды. Ал негізгі мемлекеттік тілді білмей келе жатқандар осы орыс мектебінің оқушылары. Оларда қазақ тілі қосымша пән ретінде оқытылады. ҰБТ-ның балына да әсер ете алмайды. Сосын қазақ тілін кім ынты-шынтысымен оқысын? Егер дәл осы қалыпта кете беретін болсақ, тілге байланысты ойымыз орындалмайтыны сөзсіз. Тәулік бойы қазақ тілінде сөйлейтін арнаның ашылады дегеніне екінші жылға кетіп барады. Әлі шешілмейді. Неге шешілмейді, оны мен білмеймін. Қолда тұрған нәрсені созудың қажеті қанша? Енді жалтақтаудың реті жоқ. 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметке мемлекеттік тілді білетіндер ғана қабылданады деген секілді нақты межені заң жүзінде бекітуіміз керек. Оған дейін әлі төрт жыл бар. Осы уақыт ішінде қазақ тілін үйренбеген адамның өмірінің соңына дейін үйренбесі анық. Үйренгісі келмесе, мемлекеттік қызметке келмей-ақ қойсын. Өзінің кәсібімен шұғылдана берсін. Ал, қазіргі тіл үйрету орталығының жұмысы жарамсыз. Мемлекеттің ақшасы босқа шашылуда. Сол орталықтың арқасында Парламентте, Үкіметте, министрліктерде таза қазақша сөйлеген адамды көргенім жоқ.
/«Егемен Қазақстан», 21.05.2011 ж., Мәжіліс депутаты Е. Рахметов/ - Семей қаласы бүкіл Қазақстанның мәдени-рухани орталығы болып келгені баршаға мәлім. Абай, Шәкәрім, Мұхтар мен Әмірені айтпағанда, Семей жерінде көрнекті жазушы Федор Достаевский мен қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов арасында достық байланыс орнаған. Дәл осы жерде «Алашорда» партиясының көшбасшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов бостандық пен тәуелсіздік туын желбіретті. Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев, ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан, танымал жазушылар Всеволод Иванов, Николай Анов, Галина Серебрякова, ақындар Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, зерттеуші-абайтанушы Қайым Мұхамедханов, мәдениет қайраткерлері Еркеғали Рахмадиев, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева және тағы да басқа саңлақтар Семей жерінде әр жылдарда оқыды, өмір сүрді және шығармашылықпен айналысты.
Семей Қазақстан футболының отаны болып табылады. 1913 жылы жас Мұхтар Әуезов «Ярыш» футбол командасын құрды және сол команданың мүшесі болды. 2013 жылы осы команданың 100 жылдығы атап өтілмек. Сонымен бірге, дүние жүзіне әйгілі қазақтың батыр балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов өнер көрсеткен тұңғыш ұлттық цирк те осы жерде құрылды. Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ Ғұсман Қосанов, Леонид Никитенко, Василий Ярков, Дәулет Тұрлыханов және тағы басқа көптеген спортшылар әлемдік және халықаралық жарыстардағы жетістіктерімен Қазақстан туын көкке көтерді. Олардың қатарында Жақсылық Үшкемпіров те бар, ол Семей қаласының арқасында Олимпиада жеңімпазы атанды.
Өкінішке қарай, бүгінгі күнде осы бір жақсы дәстүр бара-бара жойылып барады. Бұл таланттардың жоқтығынан емес, 350 мың тұрғыны бар қалада тиісті спорттық инфрақұрылым мен материалдық-техникалық база жоқ. Сондай-ақ, Семей студенттер қаласы болып табылады, онда 50 мыңнан астам студент жастар оқиды. Семей қаласында мәдени-сауықтыру іс-шараларын жоғары деңгейде өткізуге болатын бірде-бір спорттық ғимарат жоқ. Әмбебап мұз айдыны қарастырылған Спорт сарайы жоқ Қазақстандағы жалғыз қала Семей болып тұр.
Тұрғындарының саны Семейден әлдеқайда аз Қостанай, Орал, Атырау, Көкшетау, Рудный секілді қалаларда әмбебап мұз айдыны қарастырылған Спорт сарайы бар және осы қалалардың халқы спорттың алуан түрімен, оның ішінде қысқы спорт түрлерімен белсенді түрде айналысуға мүмкіндігі бар. Семей қаласының халқы, әсіресе, жастары әмбебап мұз айдыны қарастырылған Спорт сарайын, типтік жүзу бассейнін, қазіргі заман талабына сай стадионды армандайды.
Осы мәселе бойынша жуырда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мырзаның атына депутаттық сауал жолдадым. Келтірген мәліметтерімді негізге ала отырып, Семейде әмбебап мұз айдыны қарастырылған Спорт сарайын салу мәселесін қарауды және оның оң шешімін табуына ықпал етуі жөнінде өтініш жаздым. Айта кету керек, бұл 40 жыл ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей қаласының халқы үшін Семей сынақ полигонының жабылуының 20 жылдығына мемлекет тарапынан үлкен сыйлық болар еді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы №409 Жарлығымен Семей сынақ полигоны жабылды. Бұл жабылуды 2011 жылы тамыз айында әлемдік қоғамдастық кең ауқымда атап өтпек.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі