Спортшылардың тамақтануы туралы нормаларды қайта қарау қажет
Астана, Мәжіліс үйі.27 қаңтар. Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Майра Айсина Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке мемлекеттік бюджет есебінен спортшылар мен басқа да спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету шығыстарының қазіргі нормаларын қайта қарау қажеттігін айтып депутаттық сауал жолдады. Оған Палатаның 13 депутаты мақұлдап қол қойған.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 27-бабының ережелеріне сәйкес Сізге депутаттық сауал жіберіп отырмыз.
Қазіргі заманғы рекордтар деңгейінің қаншалықты жоғары екендігі ешкімге де құпия емес. Жаттығу жүктемелерінің артуы және жарыс қызметінің қарқындануы, климат жағдайы мен уақыт белдеуінің жиі ауысуы, тау-қыратты жерлерде жаттығулар өткізу – мұның бәрі спортшылардан дене және моральдық күштің орасан зор жүктемесін талап етеді.
Және спортшылардың функционалдық жай-күйін қамтамасыз ету, жаттығу процесі мен жарыс қызметін медико-биологиялық қамтамасыз етудің маңызды құрауышы толыққанды, тағам мөлшерімен және теңдестірілген тамақтану болып табылатын даусыз.
Тамақтану – бұл кез келген адам үшін маңызды мәселе, ал спортшы үшін тағы да көптеген белгісіз жәйттер бар мәселе: денсаулыққа зиян келтірмей барынша жоғары нәтижеге қол жеткізудің оңтайлы тәсілін табу өте күрделі міндет болып табылады.
Бүгінгі мәселе табиғаттың барлық құрауыштарының пайдалы қасиеттеріне бай қандай да бір әмбебап препарат жасау туралы емес, бұл әрине мүмкін емес, алайда мемлекеттік бюджет есебінен спортшылар мен басқа да спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету шығыстарының қазіргі нормаларын қайта қарауға болады және ол қажет.
Бүгінгі күні спорттық колледждер мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттағы оқушылар күніне 880 теңгеге, еліміздің ұлттық құрама командасының спортшылары – 1140 теңгеге тамақтанады, бұл олар үшін нәрлілігі 2300 килокалориялық азық-түлік жиынтығын қамтамасыз етеді.
Салыстыратын болсақ, манекеншінің тәуліктің қуаттылығы 1500 килокалорияны, үйдегі жайлы жағдайдағы адамның орташа қуаты 2880, тігінші мен студенттікі – 3000 килокалорияны құрайды. Түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын.
Ғалымдардың ұсынымдары бойынша спорттың әр түрі үшін қуат пен негізгі азықтық заттардың тәуліктік көрсеткіші дененің 1 кг салмағына 66 ккал-дан 84 ккал-ға дейін ауытқиды. Қазақ Академиясының есептеуінше, дайындық және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу, қазақстандық спортшының организмін толық қалпына келтіру үшін кемінде 6 мың килокалория көлемінде тәуліктік тағам мөлшері қажет.
Бұдан басқа, спортшы үлкен спорттағы қызметін аяқтаған соң, патология кезеңіне өтетін, емделуі мол қаржылық қаражатты талап ететін, әртүрлі кәсіптік ауруларымен, жарақаттарымен өзімен өзі жеке қалады.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, жоғарыда айтылғандарға байланысты Сізден спорттық колледждер мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттағы оқушылар үшін тамақтану нормасын тәулігіне 2 айлық есептік көрсеткіш және еліміздің ұлттық құрама командасының спортшылары үшін 3 айлық есептік көрсеткіш сомасына дейін арттыру, сондай-ақ біздің еліміздің спортқа еңбек сіңірген шеберлері спорт ардагерлерін жеке әлеуметтік санат ретінде тегін негізде мемлекеттік медицина мекемелеріне бекіту мәселесін шешуіңізді өтінеміз.
(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратып отыр.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі