Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.03.2010

«Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»


«Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде»

 

Астана. 19 наурыз. Мәжіліс үйі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми-практикалық конференцияда әл-Фариби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шет тілдер филологиясы факультетінің магистранты Анна Данченко өз ойын мемлекеттік тілде жеткізіп, келелі ой қозғады.

Мәжілістің баспасөз қызметі Анна Данченконың сөзін толық  түрінде БАҚ назарына ұсынып отыр:

 

«Мен сөзімді бір шумақ өлеңіммен бастайын:

 

Туған жерім кең байтағым, бесігім,

Қайда жүрсем сені мақтан етемін.

Қазақстандай туған жердей жер болмас,

Өз анамдай құрметтеймін, сүйемін...

 

 ....деп өз сөзімді өзімнің жазған өлең шумақтарымен бастағым келіп тұр.  Қазақ жерінде туып өскендіктен отанамызды сүю- біздің парызымыз.

 «Туған жерде жер болмас, туған елдей ел болмас» дейді қазақ мақалы. Ал туған жерді құрметтеу- халықты, тіліді құрметтеумен тең. Қазақ тілін білу- осы елдің бастан кешкен тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діл-иманын, бір сөзбен айтқанда жанын білу, сырын түсіну. Сол себепті де мемлекеттік тілімізді білу, осы керемет Абай, Ыбырай сөйлеген, жазған тіліне үйренуіміз қажет, тілге ешқашан немқұрайлы қарауға болмайды.

«Ел болам десең-бесігіңді түзе!» Осы мақал арқылы ел болашағын жоспарлауға, алдын ала мақсаттарды анықтауға, бақытты ғұмыр кешуге, халыққа барлық жағдайды жасауға болатынын көре аламыз. Қазақстанның болашағын, ел болашағын ойламайтын адам жоқ шығар. Ал елеміздің болашағы- халқымыздың өмір сүру жағдайына, тіліміздің даму деңгейіне байланысты екені белгілі.

Бір қуаныштысы мемлекеттік тілдің мәртебесі, қазіргі халы туралы жаңашырлардың жазбағаны жоқ. Жазып жатыр да, айтып та жатыр. Өзге тілдерді білген сөзсіз жақсы, бірақ Қазақстанда тұратын қазақтарға өз ана тілін білмеу-ұят! Осы елдің азаматымын деп есептейтін қандай да өзге ұлт өкілі болмасын, мемлекеттік тілді білу- басты міндет.

Халық неліктен қазақша сөйлемейді? Әлде тілді құрметтемейді ме? Әлде осы күнге дейін қазақ тілін білу қажеттіліктердің біріне айналмады ма?  Осы сұрақтар мені мазалайды. Жаным аурады.

Қазақ тілі- өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар қанша, жылытытын да, жұбататын да жырлар қаншама. Қазақ халқының бойына сіңген ата-бабаларымыздың тәлім- тәрбиесі, үлгі- өнегесі, бізідің тұлға болып қалыптасуымызға себебкер болғаны, үлкен үлес қосқаны байқалатыны анық. Халқымыз жас ұрпақтың болашағын ойлап тіл арқылы, іс арқылы тәрбиелеуге бет бұрды. Ал сөйлеген сөзіміз бен жасаған ісіміз жараспаса болашақта неге жетеміз? Еш нәрсеге де қол жеткізу мүмкін емес!

Тілдің түп қазығы, діңгегі Конституцияда ғой. Бұл туралы бұрын да, Конституция қабылданбай тұрғанда да талай айтылды. Енді міне, Үкімет қамқор болғалы, қайта-қайта қаулы қабылдап жатыр. Соңғы Конституцияның 7-ші бабы өзгермей ештеңе өзгермейді.  « Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми қазақ тілімен тең қолданылады» деп тұр ғой сол бап. Ал енді құжатты орысша жазып отырған мемлекеттік қызметкерге  барып «Мұныңыз қалай?» деңізші, осы бапты негізге алып сөзіңізді қайтарып тастайды. Ал егер осы бап сәл ғана өзгертілсе, қазақ тіліне деген қажеттілік артады, бұрын тілге мән бермейтіндер ойлана бастап, тәубәсіне келеді, үйрене бастайды. Жаңа идеялар, өзгертулерсіз болашаққа қалайша қадам басуға болады? Әрине, тілді үйрену- халықты мәжбірлеуден тұрмайды. Халықтың салт- санасын өзгерту қажет. Дәлелдемелер мен мысалдар арқылы тілшіміздің құндылығын түсіндіруіміз керек. Адамда қызығушылық болмаған соң, оны қина не, қинама не ештеңе шықпайды.

Тілдің негізі- бесікте, балалар балабақшасында. Ал балалар- бізідің болашағымыздың айнасы. Ал сол жеткіншеке тіл үйрететін құдіретті көпшілік құрал- теледидар. Мен өзім « 31 арнада» жұмыс жасаймын. Тілге деген қызығушылығым мектеп кезінде басталды. Ақтөбе қаласында Жоғары Оқу Орныныда оқып жүргенімде, тілді дамытуға деген өз үлесімді қоссам екен деп армандайтынмын. Сәті түсіп өзімінің жеке телебағдарламамды аштым. Ол бағдарлама мектеп жасқа дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған қазақ және ағылышын тілдерін орыс балдарына үйретуге бағыттылған «Айна line» атты бағдарлама еді. Менің алдыма қойған мақсатым тілдерге деген қызығушылықты ойындар арқылы арттыру, ойындар арқылы тілдерді тез үйрену болатын. Жарты жыл ішінде өз мақсатыма жеттім, хабарласқан көрермендер де көп болды, бірақ қаржы жағынан қиналып қалып, ол бағдарлама жабылды. Міне, қызығушылық та бәрі де сөнді. Айтайын дегенім, біздің балдарға осындай қызықты бағдарламар керек, қызықты оқу құралдары керек. Сонда ғана олар қызығып оқи бастайды. Сонда ғана тіліміздің деңгейі, мәртебесі көтеріледі. Балаларды ойлауымыз керек. Ертеңгі күні олар өсіп өмірге деген көзқарастары қалыптасады, елімізді биікке жеткізетін де осы балалар. Тілді, халықты құрметтейтін де осы балалар, болашақта нағыз тілді білетін Қазақстан азаматтары болса екен де армандаймын.

Болашағымыз ашық, жарқын болсын десек осы бастан бар күшімізді аямай еңбек етуіміз қажет. Сол кезде ғана армандарымызға, көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Еліміздің, тіліміздің мәртебесі биік болып, жер шар бетіндегі халықтар, біз өзімізді, тілімізді құрметтегеннен кейін ғана, қазақ халқын, тілін құрметтей бастайды. Бәрі де өз қолымызда!

Еліміз тыныш, болашағымызды ойлауға, өз өмірімізді дұрыс ұйымдастыруға, дұрыс бағытқа күшімізді жұмысауға мүмкіндіктер жеткілікті. Ендеше сөз соңында «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» екенін ұмытпайық. Қазақ жерінде, қазақ топырағында өскен біз- қазақстандықпыз!»

 

(Айбатыр Сейтақ, Мәжілістің баспасөз қызметінен. Фотосуретті түсірген Сайлау Майлыбаев. Тел: 74-63-02. Seitak@parlam.kz Ақпаратты Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты) 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі