Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.02.2013

2013 жылғы 11-18 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға Ш О Л У


2013 жылғы 11-18 ақпан аралығында

Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы

жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға

Ш О Л У

 

Ақпарат-талдау бөлімі сіздердің назарларыңызға «Бұқаралық ақпарат құралдары Парламент туралы» ақпараттық шолуды ұсынады. Шолуға қазақ баспасөзінде және республикалық телеарналар мен ақпараттық агенттіктерде, сондай-ақ Интернет-басылымдарда жарық көрген материалдар енгізілді. Парламент қызметі туралы мемлекеттік тілде барынша жиі, шұғыл және егжей-тегжейлі ақпарат ұсынған мемлекеттік тілдегі БАҚ арасынан «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Заң газеті», «Алтын Орда», «Ана тілі», «Нұр Астана», «Халық сөзі», «Түркістан» және «Жас Алаш» газеттерін, «ҚазАқпарат», «BNews.kz», «Kazakhstan Today», «ҚазТАГ», «Қазақстан жаңалықтары», «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттіктерін және «Қазақстан» ТРК, «Хабар» телеарналарының жаңалықтар қызметін атап өтуге болады.

 

Шолуда қамтылған кезең ішінде баспасөзге жасалған мониторинг мынаны көрсетті: Парламент тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарының 94 материалында көрініс тапты, олардан 25 жарияланым – Парламент жұмысының заң шығару мәселелеріне, ал қалған 69  жарияланым қоғамдық-саяси жұмыс қырларына қатысты болды.

Атап айтқанда, заң шығару қызметіне орай, 13-ші қаңтарда өткен жалпы отырыста қаралған мәселелер «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Халық сөзі», «Заң»  газеттері, «ҚазАқпарат», «BNews.kz» «КТК», «Қазақстан ТРК», «Хабар»  ақпарат агенттіктері арқылы қалың жұртшылыққа жеткізіліп отырылды.

Шолудың «Депутаттық қызмет» бөлігінде: 14-ші ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Бұл туралы мынадай БАҚ беттері хабарлайды. («Егемен Қазақстан», «Айқын», «ҚазАқпарат», «BNews.kz» «КТК», «Қазақстан ТРК», «Хабар» агенттігі және т.б. )

Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президентіне V сайланымдағы Парламент Мәжілісінің заң шығару жұмысы туралы баяндады. Бұған қоса, Парламенттің төменгі палатасының төрағасы депутаттардың еліміз өңірлері тұрғындарымен кездесулерінің қорытындылары туралы айтты,- деп хабарлайды БАҚ беттері.

Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын дайындау тақырыбы да қозғалды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы талқыланған мәселелер бойынша тиісті тапсырма берді және бірқатар нақты міндет жүктеді.-деп хабарлайды БАҚ беттері.

 

13-ші қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен жалпы отырыс өтті. Мәжіліс депутаттары мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша, «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы түзетулерді мақұлдады.

Жалпы отырыстың соңында дәстүр бойынша депутаттар бірқатар лауазым иелеріне сауалдарын  жолдады. Бұл тақырыпта шолудың депутаттық сауалдар бөлігінен көруге болады.

13-ші қаңтарда Мәжілісте «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы»  депутаттық  тобының  кезекті  отырысы  болды, отырыста  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауын  насихаттаудағы ақпараттық  жұмыстардың  негізгі  артықшылықтары  қаралды. («ҚазАқпарат». 13.02.2013.)

Депутаттық  топ жетекшісі Жұматай Әлиев Мәжіліс депутаттарының  өңірлерде  болған  жұмыстарын қорытындылады.

Сонымен  қатар, отырыста Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XIX  сессиясында Ел Президентінің  бейбітшілікті, қоғамдық  және  этносаралық  келісім сұрақтары  бойынша, партияаралық  ынтымақтықты  ұйымдастыру  үшін депутаттық  топ  құру жөніндегі  берген тапсырмасының орындалу барысын  тыңдау мақсатында,  өңірлердегі  мәслихаттардағы  депутаттық  топтарының  басшыларымен  семинар-кеңес  өткізу үшін  әзірлік  барысы  талқыланды.

          Депутаттық  топтың  отырысына Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  Секретариаты  меңгерушісінің  орынбасары  Л. А. Прокопенко мен ҚР Президенті  жанындағы мемлекеттік  басқару академиясының  этносаралық  және  конфессиялық  қатынастарды  зерттеу  орталығының  жетекшісі  Айгүл    Сәдуақасова  қатынасып  сөз  сөйледі.

13-ші ақпанда  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы»  және  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының   таныстырылымын өткізді.

Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев беташар сөзбен бастады. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, аталған комитет мүшесі,  Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров таныстырылымды жүргізді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен жасалған тоғыз тарау, отыз екі баптан тұратын «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» (жаңа редакция) Заң жобасымен парламентшілерді  Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кенбаев таныстырды.

12-ші ақпанда  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті  «Жол жүрісі туралы» және  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының  таныстырылымын өткізді.

Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко қатысып, Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев беташар сөзбен бастады. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, аталған комитет мүшесі,  Мәжіліс депутаты Рамазан Сарпеков таныстырылымды жүргізді.

Үкімет ұсынып отырған заң жобасымен парламентшілерді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кенбаев таныстырды.

Шолудың «Депутаттық сауалдар» бөлімінде  Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов  («Заң газеті». 08.02.2013.); Дариға Назарбаева («Хабар» агенттігі. 13.02.2013, «КТК». 13.02.2013.,); Азамат Әбілдаев («Хабар» агенттігі. 13.02.2013.); Нұрлан Жазылбековтың («ҚазАқпарат». 13.02.2013., «Kazakhstan Today». 13.02.2013.) депутаттық сауалдарын БАҚ беттерінен көрулеріңізге болады.

Шолудың «Түсініктемелер мен сұхбаттар» бөлімінде депутаттардың елдегі қоғамдық-саяси өмірдің маңызды мәселелері жөніндегі пікірлері, мақалалары мен сұхбаттары жинақталды. Олардың арасынан Мәжіліс депутаттары Нұрлан Жазылбеков («Заң газеті» 08.02.2013ж.), Абай Тасболатов («Егемен Қазақстан» 12.02.2013ж.), Нұртай Сабильянов («Алаш айнасы» 12.02.2013ж.), Ізбақ Өмірзақов («Егемен Қазақстан». 12.02.2013ж.); Виктор Киянский («Егемен Қазақстан». 13.02.2013ж.); Тұрсынбек Өмірзақов («Егемен Қазақстан». 14.02.2013ж.);   Тұрарбек Асанов («Егемен Қазақстан». 15.02.2013ж.);   Бақтыбек Смағұл  («Егемен Қазақстан». 15.02.2013ж.);   Серік Нұрғисаев, («Егемен Қазақстан».16.02.2013ж.) және  Төлеген Ибраевтарды («Егемен Қазақстан». 16.02.2013ж.)  атап кетуге болады.

 

 

 

Шолуды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты Рауза  Жайшиева  дайындады.

   ____________________________________________________________________________

 

ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ ____________________________________________________________________________

 

Мәжілісте «Жол жүрісі туралы» жаңа заң жобасы таныстырылды

 

/«ҚазАқпарат».12.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Аталған заң жобаларының мақсаты жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді күшейту болып табылады. Бұдан бөлек, заң жобасымен жол жүрісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері заңнамалық деңгейде реттеледі.

«Жалпы «Жол жүрісі туралы» қолданыстағы заңның қабылданғанына 16 жыл толды. Бұл уақытта жол қауіпсіздігінің жағдайына әсер ететін, бірақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай тұжырымдамалық көзқарасты және қажетті тиімді шешімдерді қамтамасыз етпейтін бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілер қабылданды. Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнамада азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері қалыс қалған», - деп атап өтті заң жобасы туралы баяндаған Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев.

Заң жобасында сондай-ақ, ұлттық заңнаманы халықаралық шарттарға сәйкес келтіру мәселелері де қарастырылған. Бұл ретте заң жобасымен республика аумағында айыру белгісінің және Қазақстан Республикасы туының суреті бар жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін енгізу және жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктерін енгізу көзделген.

«Халықаралық стандарттарға сәйкес көлік құралдары мен олардың қосалқы бөлшектеріне қойылатын бірыңғай қауіпсіздік талаптары белгіленеді», - деді Е. Кененбаев.

 

Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заң жобасын талқылады

 

/«Хабар» агенттігі. 12.01.2013. - Жолда жүру ережелерін сақтамаған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігін арттырып, әкімшілік айыппұлды уақытылы төлеуге ынталандыру. 

Осы және басқа да шаралар ішкі істер министрлігі әзірлеген жаңа құжат - «Жол жүрісі туралы» заңда қарастырылған. Бүгін оның тұсауы кесіліп, мәжіліс депутаттарының тұңғыш талқысына түсті. Заң жобасының қабылдануымен, бұрын "Жол жүрісі қағидаларының ережелері" деп айтылып жүрген жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің құқықтары мен міндеттері заң деңгейінде бекітіледі. Заң жобасы қазір қолданыстағы "жол жүрісінің қауіпсіздігі туралы" заңын алмастырады. Депутаттар жаңа құжаттың қысқарған атауымен қоса жолдағы қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалып қоймай ма деген қауіптерін жасырмады. Ішкі істер министрінің орынбасары құжат қамтитын мәселелер аясы тарылып қалмай, қайта кеңейді деді.

Ерлік КЕНЕНБАЕВ, ҚР ІІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

-Мына заң жобасында тек қана қауіпсіздік мәселелері емес, бүкіл жол инфраструктурасын жер бөлуден бастап, планировкасы бар, ТЭО бар қарастырған заң жобасы.

Вице-министрдің айтып отырғаны -құжатқа енгізілген жаңа институт - жол қауіпсіздігінің аудиті. Оның көмегімен, жол жөнделіп не жаңадан салынып жатқанның өзінде қауіпсіздік мәселелері ескеріледі. Депутаттар жүргізушілер арасында жоғары сұранысқа ие болған мемлекеттік нөмірлердің бағасы өзгелерден жоғары болып, жалпы нөмірлердің сатылғанына қарсылықтарын білдірді. Сол сияқты жүргізушілерді дайындайтын мектептерге қойылатын талапты жоғарылатып, мас күйде рөлге отырғандардың жазасын күшейту қажет деді мәжілісмендер.

Ерген ДОШАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

-Мас күйде жүргізетін азаматтар көбейіп кетті. Әрине ол бірінші себебі заңна-дың жауапкершілігі өте төмендігі. ДЖ тәжірибені алсақ, америкада алты айға дейін бостандығынан айырады. Жол полициясы әкеліп отырған заң жобасы мына жауап-гін күшейтуге әлі жол іздеу керек сияқты. Мынау заңның тұсау кесері әрине жқмыс тобында жан жақты талқыланады, сол жұмыс барысында әр түрлі өзгерістер енгізіледі.

 

ІІМ көлік құралдарына сенімхаттарды міндетті түрде тіркеуден бас тартпайтын болады

 

/«ҚазАқпарат».12.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Ішкі істер министрлігі көлік құралдарына сенімхаттарды міндетті түрде тіркеуден өткізуден бас тартпайтын болады. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» жаңа заң жобасын талқылау барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев осылай мәлім етті.

«Расында да, бүгінгі таңда елімізде көлік құралдарын басқаруға сенімхаттар тіркелуге міндетті. Біз ондай тіркеуден бас тарта алмаймыз. Оның өзіндік себептері де бар. Мәселен, осы жайында әңгіме болғанда Ресей мен Украина секілді елдердің тәжірибесі алға тартылады. Алайда, ол елдердегі халық саны есепке алынбай отырғанын еске салғым келеді. Қазақстанда 14 млн. халыққа 4 млн.-ға тарта автокөліктен тиеді. Яғни, еліміздегі ересектерінің әрқайсысында бір көліктен бар деген сөз», - дейді Е. Кененбаев. Оның айтуынша, Қазақстанда көлік құралына сенімхатты тіркеу алып тасталса, онда автокөлік иесін іздеуде көп қиындықтар туындайтын еді. Сондай-ақ, сенімхатты алып тастау жол-көлік оқиғасына қатысты нағыз кінәліні анықтау барысына да теріс әсерін береді.

«Біздің елімізде басқа елдерге қарағанда жол-көлік апаты шын мәнінде жыл сайын өршіп тұр. Ендеше біз бұндай жағдайда сенімхатты тіркеуді алып тастай алмаймыз. Егер біз бұл мәселені жүгенсіз өз жөнімен жіберсек, онда жағдай тіпті ушығып кетуі ықтимал. Сондықтан да біз көлік басқаруға қатысты сенімхатты тіркеуден бас тарта алмаймыз әрі бұған мәжбүрлі түрде барамыз. Сосын біздегі инфрақұрылым, біздің жолдарымыз, сондай-ақ жүргізушілердің менталитеті де бұндай міндетті тіркеуге мәжбүр ететінін еске салғым келеді», - деді Е. Кененбаев. 

Тоқтала кететін жайт, құжатты талқылау барысында депутаттар көлік құралдарына сенімхаттардың міндетті түрде тіркеуден өтуі жүргізушілердің жұмысын қиындатынын айтқан еді. Сонымен қатар, тіркеуді жою туралы мәселені Мәжіліс депутаттары өткен жылғы Ішкі істер министрі алдында да көтерген еді. Бірақ, ол кезде министр Қалмұхамед Қасымов ведомствоның сенімхаттарды жоюға дайын еместігін, өйткені жол полициясына барлық көліктер мен олардың иелерінің есебін электронды  базаға толық кіргізу үшін уақыт керектігін алға тартқан еді.

Сонымен қатар, Еуро одақ елдерінде, АҚШ-та, Ресейде, Украинада, Беларусьта, Балтық жағалауы елдерінде бұндай тіркеу мүлдем алынып тасталған және көлік құралын басқару үшін тек қана үш құжат - жүргізуші куәлігі, техникалық төлқұжат және сақтандыру полисі сұралады.

 

 

Автомектептер жүргізуші даярлау ісіне атүсті қарап отыр - ІІМ

 

/«ҚазАқпарат».12.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Еліміздегі автомектептер жүргізуші даярлау ісіне атүсті қарап отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» жаңа заң жобасын талқылау барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев осылай мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, құжатты талқылау барысында депутат Ерген Дошаев жүргізушілерді даярлаумен айналысатын еліміздегі оқыту орындарының жауапкершілігін күшейтуді талап еткен болатын. Оның айтуынша, былтыр жол қозғалысы ережелерін 14 мыңға тарта жүргізуші бұзса, солардың едәуір бөлігі жүргізуші куәлігін жаңадан алғандар екен. «Бұл фактінің өзі еліміздегі автомектептердің атүсті оқытатындығын білдірмей ме? Бұндай автомектептердің саны шамамен  900-дей заңды тұлғаны құраса, жыл сайын оларда шамамен 400 мыңдай қазақстандық оқиды. Автомектептердің жұмысы үшін бүгінгі күнде ешқандай шектеуші тетік те жоқ. Сондықтан олар бұны бизнес көзіне айналдырып, жүргізушілердің сапалы даярлануына аз көңіл бөледі», - дейді Е. Дошаев.

Өз кезегінде депутаттың көтерген мәселесімен Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев та келісті. «Шындығында елімізде автокөлік жүргізушілерін даярлайтын 900-ге тарта мектеп бар. Алайда, онда оқып шыққан жүргізушілердің сапасы талаптарға сай келмейді. Әрине, біз оқу үдерістерін бақылай алмаймыз. Дегенмен, емтихан қабылдаулары барысында біздің өкілдер қатаң талаптарды ескеріп  жұмыс істейтін болады. Бұл бағытта біз мақсатты жұмыстар жасауға әзірміз», - деді Е. Кененбаев.

 

Депутат Е. Дошаев мас күйінде көлік басқаратындардың саны күрт өсіп отырғанына алаңдаушылық білдірді

 

/«ҚазАқпарат».12.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» жаңа заң жобасын талқылау барысында депутат Ерген Дошаев елімізде мас күйінде көлік құралын басқаратын жүргізушілердің саны күрт өскеніне алаңдаушылық білдірді.

Депутаттың мәліметтеріне қарағанда, егер 2011 жылы ішімдікке «сылқия тойған» жүргізушілердің кесірінен болған жол көлік оқиғаларының саны 424-тен астам болса, өткен жылы бұл көрсеткіш екі есеге дейін өсіп кеткен. Соңғы бес жылда жол полициясы қызметкерлері тарапынан 330 мыңнан астам мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер ұсталған.

«Сондықтан бұндай өте ауыр жағдайға алып келетін жол қозғалысындағы жүйелі келеңсіздіктерді тек қана заңнамалық деңгейде шешетін уақыт келді. Біріншіден, халықаралық тәжірибеге сүйеніп, мас күйінде көлік басқаратындарға қылмыстық жауапкершілікті күшейту қажет. Мысалы, Қытайда, мас күйінде жол жүру тәртібін бұзған алғашқы жүргізуші ату жазасына кесілген. АҚШ-та көлікті мас болып басқарған адам темір тордың арғы жағында 48 сағаттан 6 айға дейін отыруы мүмкін. Еуропада мас күйінде рульге отыратындар үшін салынатын ең көп айыппұлды Ұлыбритания белгілеген. Ол елде мұндай жағдайда көлік басқару 7200 еуроға түседі», - деді Е. Дошаев.

Депутаттың айтуынша, жапон елінің заңнамасында қатаң жаза түрлері тек мас күйіндегі көлік басқарған жүргізушіге ғана қарастырмайды. Мәселен, ол елде сол «қызу» жүргізушінің автокөлігіне отырған әрбір кәмелет жасындағы жолаушы 3 мың АҚШ долларына тең көлемде айыппұл төлейтін болған. Маршруттық және туристік автобустардың жолаушыларына да кешіріммен қарамаған. Сонымен қатар, мас болып рульге отырған жүргізуші кемінде 8700 доллар көлеміндегі айыппұл төлейді немесе 5 жылға түрмеге отырады.

«Қазақстанның заңнамаларында да бұндай жағдайдағы жауапкершілікті арттыра түскен абзал», - деді депутат Е. Дошаев.  

 

 

 

Өткен жылы жол-көлік оқиғалары салдарынан 3 мыңнан астам адам қаза болды

 

/«ҚазАқпарат».12.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - 2012 жылы жол-көлік оқиғалары салдарынан 3 мыңнан астам адам қаза болды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» заң жобасын талқылау барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев мәлім етті.

Министр орынбасарының айтуынша, жол полициясы тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан еліміздің жолдарында апаттылық жағдай күрделі күйінде қалуда. «Шындығында 2012 жылы елімізде 14 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ондай оқиғалардың салдарынан 3 мыңнан аса адам қайтыс болып, 17 500-ге тарта азамат түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алды», - деді Ерлік Кененбаев. Оның айтуынша, 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда жол-көлік апаты 18 пайызға дейін артқан.  Ал ондай оқиғалардың салдарынан қайтыс болғандар саны 11,6 пайызға өссе, жарақаттанғандардың саны тиісінше 24,9 пайызға артып отыр.

 «Осы тіркелген 14 мыңнан астам жол-көлік оқиғаларының 400-ге жуығы көлікті мас күйінде жүргізуден туындап отыр», - дейді Е. Кененбаев.

 

Елімізде жол жүрісі қауіпсіздігінің аудит институты енгізіледі

 

/«ҚазАқпарат».12.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Алдағы уақытта елімізде жол жүрісі қауіпсіздігінің аудит институты енгізіледі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» жаңа заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев мәлім етті.

«Заң жобасының басты жаңалықтарының бірі - жол-көлік оқиғаларының орын алу тәуекелін тудыратын ақауларды ерте анықтау мақсатында жолдар мен автокөліктердің технологиялық дайындығын қадағалау. Осыған орай, дайындық сараптамасын өткізетін жол жүрісі қауіпсіздігінің аудиті институтын енгізу қарастырылуда. Аудит институты негізінен дер уақытында өзгерістер енгізу үшін жобалау кезеңінде немесе құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жолдың техникалық жобасындағы қауіпсіздік қаупін анықтауға мүмкіндік береді. Ал сараптама барысында ұсынылатын жаңа немесе жаңартылған жол ашылғаннан кейін оны пайдалану деңгейі бағаланады», - дейді министрдің орынбасары.

Е. Кененбаевтың айтуынша, аудит институтын енгізу қауіпсіздікті арттыруға қатысты шығындарды едәуір үнемдеуге септігін тигізеді. Өйткені, ондағы тәжірибелер жол салу аяқталғаннан кейін емес, жол құрылысы барысында ескерілетін болады. Бұндай институттың тиімділігі әлемдік тәжірибелерде де байқалған. «Жалпы әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жол салынып, ол қолданысқа берілгеннен кейін бір нәрсені өзгертуден гөрі оның кемшіліктерін жобалау немесе құрылысын салу кезеңінде жоюдың едәуір арзан болатынын айғақтайды», - дейді Е. Кененбаев.

 

 

 

Көліктің ең қымбат нөмірі қанша тұрады?

 

/«Айқын».13.01.2013. Елдос Сенбай./ - Ішкі істер министрлігі көліктердің «крутой» нөмірлерінің жаңа бағасын жариялады. Бір ғажабы, кейбір жол сақшысына «біртүрлі» әсер ететін «сиқырлы сандардың» құнының мыңдаған долларға баратындығы, тіпті аукционда сатылатындығы бұған дейін айтылған. Осылайша, ел қазынасына қыруар қаржының құйылатындығын ІІМ-нің өзі алға тартқан. Бірақ кеше қалаулылардың өздері қайран қалды: ерекше нөмірлердің жаңа тарифі көп «салмақ» жоғалтыпты. Кімнің лоббиі екендігі беймәлім, бірақ «беделді» автонөмірлер енді тым арзанға түспек. 

Тағы бір айта кетер жайт, егер бұған дейін «беделді» нөмірлерді сату – ішкі істер орган­да­рының жеке бастамасы ғана болса, енді оны заң жүзінде бекіту ұсынылып отыр. Кеше Пар­ламентте «Жол жүрісі туралы» және оған ілеспе – қос заңның тұсауы кесілді. Енді қа­раңыз: ІІМ дерегінше, бұл жобалар «жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерге тарифтеу енгізуді көздейді». Соны­мен, егер сіздің «100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700 (неге екені белгісіз, бәлкім, 7 санын қасиет тұтатын қа­зақы болмыс ескерілді ме, әйтеуір, ведомство «777» санын «әлдеқайда құнды» деп тауыпты), 800, 888, 900, 999» әдемі сандарымен белгілен­ген мемлекеттік тіркеу нөміріне көңіліңіз құ­ласа, онда ол үшін 221 мың 666 теңге төлесеңіз, жеткілікті көрінеді. Бұл жерде ІІМ мынадай арифметика ұсынады: 1 АЕК 1618 теңге х 137 = 221666.

Ал егер «темір тұлпарыңызға» «001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777» нөмірін тағуға құштарлансаңыз, 368 мың 904 теңге (1 АЕК х 228) көлемінде «мемлекеттік баж» алымын төлеуге тиістісіз. Ішкі істер министр­лігі ұлттық заңнамаға осыны көздейтін тиісті түзетулер енгізілетіндігін хабарлады.

Осы орайдағы бұл органның ресми түсінік­те­месі таңғалдырады: «Мемлекеттік баждар­дың ұсынылған мөлшерлемелерінің көлемі Қа­зақстандағы орташа жалақының көлеміне, сондай-ақ халықтың барлық топтары үшін осы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін сатып алу мүмкіндігіне негізделген». Яғни осы арқылы министрлік «001» сияқты «сескен­ді­рер» нөмірлерді алу мүмкіндігінің тек бай­лар­да ғана емес, былайғы қазақстандықтарда да болуын мақсат етіпті.

Айтпақшы, Ішкі істер министрлігі бұл баж алымының мөлшерін белгілеген кезде «басқа елдердің тәжірибелерін зерделегендерін» атап көрсетеді. Рас, бір қызығы, артынша: «Мәсе­лен, Грузияда жоғарғы сұраныстағы нөмірлік белгі үшін 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі сома белгіленген» дегенді айтады. Ең қызығы сол, осы тұста ІІМ осындай жоғары алым арқасында бұл елдің «крутой» нөмірлерге құштарлану секілді кеселді жойғандығын мойындайды: «Осы жүйе жұмыс істеген 5 жы­лы ішінде Грузияда осындай 7 нөмір ғана бе­рілген». Демек, бізде «жоғары сұраныстағы нөмірлердің» арзандауы керісінше, ондай нөмірлерге құмартуды күшейтетін шығар?

Қалай болғанда, кейбір қалаулылар мұндай қадамды «заңсыздық» санайды, тіпті ондайды заңмен «қудалау» керек дейді. Осындай ұста­нымды ұстанатын депутаттардың бірі Розақұл Халмурадов қолданыстағы «Жол қозғалысы­ның қауіпсіздігі туралы» заңын алмастырғалы отырған жаңа заңның атауынан «қауіпсіздік» сөзінің түсіп қалғандығына назар аудартты (жаңасы – «Жол жүрісі туралы» деп аталады).

– Осы заң жобасына ілеспе заңның жоба­сымен сіздер «жоғары сұраныстағы мемле­кет­тік тіркеу нөмірлік белгілері» деген тер­минді енгізіп жатырсыздар, – деді ІІМ бас­шы­­лы­ғының өкіліне қайырылған Мәжіліс депутаты. – Бұл біздің Конституциядағы «Қа­зақстан­ның барлық азаматтары заң алдында тең, бәрінің құқығы бірдей» деген нормаға қайшы келмей ме?! Неге біз енді нөмір беруде «мынау бай, мынау кедей» деп араздастырғалы отыр­мыз? Неге сол «777» деген нөмірді зейнет­кер­дің алуға құқы жоқ? Жоғары сұраныстағы нө­мірлерді сатуды қойған жөн! Ол ол ма, сол жоғары сұраныстағы нөмірді кезексіз, пұлы барларға берген адамды қайта жауапқа тар­туды қарастыру керек!

Розақұл Сатыбалдыұлы «бұл нөмірлердің кезегімен, кез келген адамға берілуіне» қол жеткізуді ұсынады. Яғни мұны өзгелерге бер­мей, тек «бармақ басты, көз қыстымен» үлес­тіретін жемқорларды жою қажет. «Сонда бұл нөмірлердің маңызы жойылып, ондай нөмірі барлар қызылға қарамай, тайраңдамас еді. Бұл қауіпсіздікке әкелмейді, қайта, керісінше бо­лайын деп тұр ғой?» деп ашынды қалаулы.

Бірақ жауапты орган ендігі өздерінде бұған қатысты шешім қабылдап қойғанға және сол ұсыныстарын заңдастырып алуға белді бекем буғанға ұқсайды. «Бұған жақсы өмірден барып отырған жоқпыз! – деп шорт кесті ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Б.Бисен­құ­лов. – Көптеген әңгімелер болды, соның ішінде коррупцияға ықпал ететіндігі айтылды. Сондықтан біз осыған бардық. Халықаралық тәжірибені зерттедік. Еуропалық біраз ел, посткеңестік кеңістікте – Грузия өздерінде осындай норма енгізіпті. Біз болсақ, тарифтеу жолына түстік. Бағасын шарықтатып жатпадық. Грузия «001»-ді 10 мың доллар деп бағалап қойған, біз сол елге барып, қарадық, зерделедік, соңғы жылдары небары 7 адам ғана сондай нөмір алыпты. Біз содан «қол жетімді» баға белгілеуге ұйғардық».

Соңғы жылдары Қазақстанда «сескендірер» нөмірді жаны сүйетіндер арасында тағы бір кесел пайда болды: олар екі-ақ әріптен тұратын меморгандар нөмірлерін иелене бастаған. «Мемлекеттік нөмірлер – мемлекеттік меншігі! – деді Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев. – Бірақ қазір тіпті мемлекет меншігіндегі нөмірлер де жекеге сатылады».

–1994 жылдан бастап, мемлекеттік нөмірлерді шығарумен және әзірлеумен «Латон» фирмасы айналысады,–деді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Ке­нен­баев. – Өз тұсында осы фирмамен Ішкі істер министрлігі келісімге отырыпты. Енді бұл іспен солар ғана айналысады. Біз бұл мәселені әлденеше рет қойдық, барлық мәселе қаржы­ландыруға тіреледі. Осы жүйені тегіс мемле­кетке алып қою үшін қаржы керек.

– Сіздің жауабыңыз «Мен не деймін, дом­бырам не дейдінің» кебін келтірді, – деп бас шайқады жұмыс тобының жетекшісі Рамазан Сарпеков. Рас, былтырғы жылдың соңында ІІМ-нің «Латон» ЖШС-нан «мемнөмірлерді өндіру құқығын» сатып алу үшін Үкіметтен қаржы сұрағандығы хабарланған. Әлгі фирма кезінде мемлекеттен алған сол құқықты енді мемлекетке 50 миллион доллардан артыққа сатпақ көрінеді.

Депутаттар тағы бір мәселені көтерген. «Қол­даныстағы заңда автокөліктердің әйнек­терін қараңғылатып қоюға тыйым салын­ған, – деді Р.Халмурадов. – Бірақ барлық құқық қорғау мекемелерінің басшыларының, барлық әкімдердің машинасы осылай қараңғы­латып тасталған. Ешкім қарамайды бұған. Заң жобасы осыған тыйым сала ма?»

– Біз мұндай мәселелерді тұрақты бақы­лауда ұстаймыз. Заң жобасына ілеспе жобада әкімшіліктік жазаны күшейту көзделген, – деді Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов.

– Сұраққа нақты жауап беріңіз, – деп, оның сөзін бөлді жұмыс тобының жетекшісі. – Бүй дейді: «Неге бастықтар, неге әкімдер, неге сіздердің өздеріңіз тонировкамен жүреді, қарапайым қазақтан оны сыпырады?»

– Тонировкамен біз де, бастықтар да, қарапайым халық та жүрмеуі керек! Біз барлық мүмкін шараларды қабылдап жатырмыз. Ме­нің өзім тонировкасыз жүрмін, – деп мойын­дады жол полициясы басшысы.

 

Аса жоғары сұранысқа ие көлік номерлерінің бағасы 200 мыңнан басталады

 

/«Егемен Қазақстан ТРК». 13.01.2013. Рауан Есқали./ - Жаңа үлгідегі мемлекеттік номерлердің арасында ерекше сұранысқа ие дегендеріне баға 200 мыңнан басталады. Ол туралы ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов Мәжіліс Парламентінде «Жол ережесі» туралы Заң жобасын және оған енгізілетін толықтыруларды таныстыру кезінде мәлім етті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігі.

Ондай автокөліктерге мемлекеттік номерлерді беру мәселесіне келгенде, біз халықаралық тәжірибеге жүгіндік. Мысалы, Грузияда «беделді» номерлер бірнеше мың АҚШ долларына сатылды. Заң жобасын әзірлеушілер Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейінің көрсеткіштеріне сүйене отырып осындай бағаларды негізге алған.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап елдегі автокөлік иелеріне жаңа үлгідегі мемлекеттік номерлер беріле бастады. Енді отандық көліктердің номерлеріне сан мен әріптерден басқа, мемлекеттік нышан – туымыздың суреті қосылды.

Бұған қоса, Берік Бисенқұлов мәлім еткендей, жеңіл көліктер үшін техникалық тексеруді тоқтатуы мүмкін. «Біз әлемдік тәжірибені зерттеп көрдік, кейбір елдерде көлік қауіпсіздігі үшін жауапкершілік соның иелеріне жүктелген. Біз де осы әңгіме дайын болсақ», деді ол.

Оның айтуынша, жүк көліктері, қопарғыш заттарды тасымалдаушы көліктер міндетті түрде техникалық тексеруден өтуге тиіс.

Ол еске салып өткендей, қазіргі уақытта бұл шара көлік министрлігінің құзыретінде.

 

 

 

«Жол қозғалысы туралы» Заң жобасы талқыланды

 

/«Қазақстан ТРК». 13.01.2013. Айбек Қобдабай./ - Қалалардағы көліктердің кептелісі жолдар мен жол қиылыстарының дұрыс салынбауынан болып отыр. Сондықтан да, Жол полициясының қызметкерлері көлік қозғалысын қолмен реттеуге мәжбүр. Бұл туралы бүгін Мәжіліс қабырғасында «Жол қозғалысы туралы» Заң жобасының таныстырылымы кезінде Жол полициясы комитетінің төрағасы мәлімдеді. Сонымен қатар, отырыс кезінде депутаттар жол қозғалысы мен көліктерге қатысты кесе көлденең келетін көптеген кемшіліктерді жіпке тізді.

Жол мұраты - жету. Ал, жолдың қадірін жортқан ғана біледі. Бірақ, біздің елде атқосшысыз жолға шықпайтын шенеуніктер қазіргі жолдардың жайымен жақсы таныс, дегенге сену қиын. Себебі, қалада жүрсе де, қалағанын істейтін олар тіпті көлік кептелісінің де не екенін, неден екенін мүлдем білмейді.

 Абай Тасболатов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Жол полициясының қызметкері ала таяғын алады да, кеш уақытында жолға тұрып алады, жолдың қиылысында. Содан кейін барлығы тығылады. Машиналардың бәрі сол жерде. Тығылған көліктердің арты қайда баратынын білмейсің. Сонда бұл қайдағы қауіпсіздік?

 Берік Бейсенқұлов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің төрағасы:

 Біз бұл сұрақты жиі көтереміз. Эксперимент те жүргіздік. Барлық қиылыстағы бағдаршамдарды әдеттегі жұмыс кестесімен қосып қойдық. Сосын биік ғимараттардың төбесінен тұрып бақыладық. Сөйтсек, бұл жерде біздегі жолдардың қиылыстары мен жалпы жолдар қазіргі көліктің нөпіріне сай салынбаған болып шықты. Сондықтан, жол қозғалысын қолмен реттеуге тура келеді. Біз мұны баяғыдан бері айтып келеміз.

 Жол қауіпсіздігін күшейтуге қатысты осыдан бірер жыл бұрын тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізілген. Соның бірі автокөліктің әйнектерін тұмшалап қара қағазбен жауып тастауға тыйым салынған. Алайда, бұл тәртіпті қазір өздерін өзгелерден өр санайтындар сақтап отырған жоқ.

 Жол полициясы соңғы кездері көліктердің мемлекеттік нөмірлерін жікке бөліп, әдемісін әлдекімдерге әрқилы бағамен саудалауға көшті. Депутаттар тыңға түрен тарқан Жол полициясы қызметкерлерінің бұл бастамасы Ата заңның талаптарына қайшы әрі азаматтарды алалау екенін айтып, мемлекеттік нөмірлерді саудалауға тыйым салу керектігін талап етті.

Розақұл Халмұрадов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Неге біз осы нөмір беруде де, мынау бай, мынау кедей дегенді араластырамыз? Неге сол үш 7-і бар нөмірді бір зейнеткер алуға құқығы жоқ? Сонда үш жетісі барлар немесе 001 барлар немесе 100 нөмірі барлар қызыл түс жанып тұрғанына қарамай, басқаларды да басып өтіп кетпеген болар еді. Бұл қауіпсіздікке әкелмейді емес, нақ керісінше болайын деп тұр ғой.

 Енді Заң жобасындағы жаңалыққа келсек. Өзгерген көп дүние жоқ. Тек қана бұдан былай жол қозғалысы мен қауіпсіздігін реттеу үшін, арнайы аудит институты жұмыс істейді. Ол жолдарды салу кезінде жобалаудан бастап, оның барлық сапасына жауап береді. Әрі құжат жол қауіпсіздігіне жауапты мекемелердің құзыретін нақтылап, мүдделі мемлекеттік мекемелердің жұмыс жүйесін жетілдіруге бағытталған. Алайда, депутаттар, асыққанның жолы алыстап кетеді,дегенді ескерді ме, құжаттың шикі тұстарын жұмыс топтары мен комитеттің отырыстарында нақтылып қарауға уағдаласты.

 

 

 

Жаңа заң жобасы құқықбұзушылықты азайта ма?

 

/«Заң газеті». 14.01.2013. Қуаныш Әбділдақызы./ - Қолданыстағы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» заңды қабылдаған кезден бері 16 жыл өтіпті. Енді осы саладағы ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес келтіру қажеттілігі туындап отыр. Осы­ған орай, жақында Мәжілістің кезекті отырысында жол жүру ережесіне қатысты заң жобасы талқыға түсті. Бір қайнауы ішінде қалып бара жатқан заң жобасы жайлы мамандардың пікірін білген едік.

Рахат ТҰРҒЫНБАЕВ, «RTS» көлік жүргізу мектебінің директоры:

– Елімізде соңғы кездері ірі жол-көлік оқиғаларының жиі тіркеліп, жолаушылардың көптеп қайтыс болуы алаңдатпай қоймайды.

 Демек, жуық арада жол жүру ережелеріне заңдық тұрғыда өзгеріс енгізіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары жүргізілу қажеттігін уақыттың өзі талап етіп отыр. Өз басым талқыланып жатқан заң жобасының кейбір тұстарын қолдаймын, кейбіреуіне қарсымын. Айыппұлды жазаның барлық түрінде жаппай көбейтудің қажеті жоқ. Мәселен, астындағы көлігімен адам тасып, бала-шағасын асырып отырған, одан басқа жұмыс көзі жоқ  жүргізушілерге айыппұлды көбейтумен олар одан әрі қиналып қалады. Алайда, мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты жазаны барынша күшейту керек. Өйткені, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі мас күйінде рөлге отырған жүргізушілердің қатысуымен орын алып жататынын статистика дәлелдеп отыр. Сондықтан, айыппұлды жол жүру ережесін бұзудың түрлеріне қарай көбейту керек. Сондай-ақ, жүргізушілерді әкімшілік айыппұлды төлеуге ынталандыру мақсатында қысқа уақыт ішінде айыппұлын төлеуге ұмтылған жүргізушілердің айыппұлының белгілі пайызын қысқарту да жақсы бастама секілді.

Тағы бір заң жобасындағы сөз болып отырған мәселе көлік жүргізу мектептерінің жауапкершілігін күшейту болып отыр. Шыны керек, егер көлік жүргізушісі жол жүру ережесін толығымен білетін және тәртіпті  жүргізуші болса, жол-көлік оқиғалары да азаяр еді. Сондықтан, жүргізушілерді дайындайтын көлік жүргізу мектептерінің жауапкершілігін қатаңдатқан дұрыс. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді деп ойлаймын. Аталмыш заң жобасындағы көңілге қонбаған тұсы жүргізушілердің арақашықтық сақтауына байланысты айтылуда. Алматы қаласының көшелері тар. Алдыңдағы көлікпен араңды сәл аша бастасаң ортаға келіп кез келген көлік кіріп кетуі әбден мүмкін. Ал, бұған бола көлік жүргізушісіне ережені сақтамадың деп айыппұл салу әділетсіздік болар еді. Бұл ереже кейбір шетелдерде бар болғанымен, біз алдымен жолдарымызды сол шетелдегідей жасап алуымыз керек.

Жалпы, заң жобасында біршама дүниелер қамтылған секілді. Негізі заңды жұмыс істететін құзырлы орындар мен жол полициясының өкілдері. Заң оны жұмыс істете алғанда ғана пәрменді заңның қатарына қосылады. Сондықтан, заңды жұмыс істететін жол полициясы өкілдерінің де жауапкершілігін арттыру артықтық етпес еді.

Майра АЙСИНА, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

 – «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» заң жобасының тек алғашқы таныстырылымы болды. Ол бойынша депутаттар әлі жұмыстарын бастаған жоқ. Мен өзім заң жобасын толығымен қарап, танысып шықтым.

Сонда байқағаным, заң жобасы әлі де болса көптеген өзгерістер мен толықтыруларды қажет етеді, кемшіліктері де баршылық. Біз енді алдағы уақытта өзіміздің ұсыныстарымызды енгізген соң заң жобасы шын мәнінде пәрменді заң жобаларының қатарына қосылады деген ойдамын. Міндетіне сай жол-көлік оқиғаларының алдын алуға да септігін тигізеді деп үміттенемін. 

Аталған заң жобасы  жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді күшейту, жол жүрісін ұйымдас­тыру және оның қауіпсіздігін арттыру саласында жаңа басқару әдістерін енгізуге, жол жүрі­сіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін заңнамалық деңгейде реттеу мақсатында жасалып отыр. Мұның алдындағы заң жобасын қабылдаған кезде біз жүргізушілерге қатысты жауапкершілікті күшейтіп, жазаны барынша қатаңдатуды басты мақсат еттік. Нәтижесінде, сол кездері жол-көлік оқиғаларының азайып, жол жүру ережесін бұзатын жүргізушілердің санының да кемігенін байқадық. Бұрынғыдай емес, қазір жол апаттарынан зардап шегетін адамдардың саны да азайды. Сондықтан, қазір де басты мақсатымыз көлік жүргізушісіне, жаяу жүргіншіге қатысты жауапкершілікті күшейтіп, заңды қатаңдату болып отыр. Негізі,  жауапкершілік күшейген жерде тәртіптің болатыны сөзсіз. Осы тұрғыдан кеңесе келе өз күшінде жұмыс істей алатын заң жасауға тырысудамыз. 

Жалпы, қоғам сұранысына сай заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізген сайын ол заң талапқа сай жұмыс істейді. Мәселен, мен мұның алдындағы заңды да жақсы жұмыс істеді деп айта аламын. Өйткені, сол заңды қабылдағаннан кейін жол-көлік оқи­ғасы динамикасының кемігені анық байқал­ды. Осы тұрғыдан келгенде бұл заң да саладағы жауапкершілікті одан әрі күшейтеді және өз күшіне сай жұмыс істейді деп ойлаймын. Мен, әсіресе, жүргізуші куәлігін кім көрінгеннің иеленуіне қарсымын. Осы тұрғыдағы ұсынысымның заң жобасында қарастырылуына тырысамын. 

 

 

 

Техникалық байқау қажет пе?


        
/«Айқын». 16.01.2013. Қайыржан Төрежан./ - Парламент Мәжілісінде «Жол қозғалысы туралы» заңның жобасы қаралуда. Жаңа заңның жобадағы нұсқасы бекітілсе жол қозғалысына қатысушыларға тәртіп күшейтіледі, мүмкіндіктері шектеулі жүргізушілерге жол үстінде бірқатар жеңілдіктер беріледі, тағы басқа біраз өзгеріс болады. Жүргізушілерді алаңдатып жүрген тағы бір мәселе – автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу мәселесі де осы жаңа заңмен белгіленетін болмақ.

Жеңіл автокөліктерді жыл сайын тех­никалық байқаудан өткізу мәселесі төңірегіндегі әңгіменің басталғанына бірнеше жыл болды. Бұрын оны Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы ат­қаратын, былтыр Көлік және комму­никация министрлігі қолына алды. Көптеген жекеменшік техникалық бай­қау орталықтары ашылды. Сол үшін шетелдерден қымбат құрал-жабдықтар са­тып алынды. Қазақстандықтар осы­лай әуре-сарсаңға түсіп жатқанда Ресей Федерациясы техникалық байқауды алып тастап, жауапкершілікті көлік иелерінің мойнына артты. Өкінішке қарай, техникалық байқаудан көлікті өткізу ұзақ уақыт алатындықтан көлік иелері көбінесе ақша беріп өтетіні құпия емес. Одан автокөліктер жөнделіп кет­пейді және көлік иелеріне де, Үкі­метке де келер пайда жоқ. Бұл ортадағы делдалдарға пайдалы.

Өткен жылдың желтоқсанында Ресей премьер-министрі Дмитрий Мед­ведев тиісті құжатқа қол қойып, автокөліктердің техникалық байқау талонын алып тастады. Қаулыға сәйкес ресейлік жүргізушілерде техбайқау талонының орнына диагностикалық карта болады. Картаны ресми дилерлер береді, бірақ дилерлік орталықтардың клиенттері техникалық байқау орын­дарына баруға міндетті емес. Ең бастысы – МАИ инспекторлары жүргізушіден техникалық байқау талонын да, диаг­нос­тикалық картаны да көрсетуді талап етпейді. Жүргізушілер ондай құжаттарды қалтасына салып жүруі міндетті емес. Диагностикалық карта тек сақтандыру полисін алған кезде қажет болады. Жол полициясына сақтандыру полисін көрсетсе болғаны, қалғанының бәрі дұрыс деген сөз. Мұндай жағдайда әр адам өзінің қамсыздығы үшін жауап беретін болмақ және парақорлыққа жол берілмейді.

Бізде де жол бойындағы жемқор­лық­пен күрестің осындай жолдары қа­рас­тырылып жатқан сияқты. Мәжілісте «Жол қозғалысы туралы» заңның жобасын талқылау барысында Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов жеңіл автокөліктерді техникалық байқаудан өткізуді тоқтату мәселесін қайта қарауға дайын екендігін мәлімдеді. «Бұл мәселе Көлік және ком­муникация министрлігінің құзы­рында. Алайда бұл қызметті Көлік және коммуникация министрлігіне өткізген кезде, техникалық байқауды өткізу бойынша барлық мәселелерді, соның ішінде әлемдік тәжірибені де ескердік. Кейбір елдерде жауапкер­шілік­ті көлік құралдары иелерінің өзіне жүктеген. Қазіргі кезде біз техникалық байқаудан толықтай бас тарта алмаймыз. Бірін­шіден, бұл – жолаушылар тасы­мал­дайтын көліктер, жүк көліктері және жарылғыш заттар тасымалдайтын көлік құралдарына қатысты. Жеке тұлғалар бойынша ойлану керек, біз келіссөзге дайынбыз», – деді Берік Бисенқұлов.

Жекеменшік орталықтар автокө­лік­терді техникалық байқаудан алғаш өткізе бастаған кезде ұзақ уақыт кезекке тұрып шаршаған жүргізушілер көп шағымданды. Сол кездерде техбайқауды міндеттеуді алып тастау туралы Мәжіліс депутаты Виктор Рогалев ұсынған бо­латын. Бірақ Көлік және коммуникация министрлігі жақын арада бәрі орнына келетіндігін айтып сендірген. Содан кейін алты ай ішінде МАИ тексеруге мораторий жарияланды. Жақында ол мерзім де аяқталады, содан кейін не бола­рын көре жатармыз. Жеңіл авто­көліктерді міндетті техникалық байқау­дан босатып, жүк көліктері мен жолау­шылар тасы­мал­дай­тын көліктерді қалдыратын болса онда қазір жұмыс іс­теп тұрған 585 техбайқау орталықтары үлгеретін шығар.

– Техникалық байқаудың мүлде қажеті жоқ, – дейді заңгер Сергей Уткин, – автокөліктердің ақауларына иелері жауапты, олар өздерінің өмірі, денсаулықтары үшін жөндейді. Ал техникалық байқау орталықтары көлік­тің ақауын тексеріп қана қояды, оны жөндеуге құқы да жоқ. Жарайды, жы­лына бір рет тексерді делік, әлгі көлік тексеруден шыға салысымен шұңқырға түсіп, онда ақау пайда болды, делік, көлік иесі оған қайтып бармайды ғой. Техбайқау орталығы өзіне тиесілі ақ­шаны алды, әрі қарай – көлік жүргізу­шінің проблемасы. Сондай-ақ көліктің ақауына қатысты болатын жол-көлік оқиғалары барлық жол апаттарын қос­қан­да 1 пайызды да құрамайды. Неге бү­кіл ел болып осыған күш салуы­мыз керек?

Елімізде 3 млн автокөлік болса әр­қай­сысынан қаншама қаржы жиналады, оның бәрі біреулердің қалтасына кетіп жатқан ақша. Бізге ресейліктер сияқты сақтандыру полисін алғанда тексеруден өтетін диагностикалық орталықтар оң­тайлы сияқты. Өйткені мұндай орта­лық­тар өздері жөндеген бөлшектерге бел­­гілі бір мерзімге кепілдік бере алады.

Шындығына келгенде, техбайқауға берген ақша біздің қалтамыздан босқа кетіп жатыр. Қазақстандық сарап­шы­лардың айтуынша, техбайқау нары­ғы­ның заңсыз айналымы 9 млрд теңгені құрайды. Ресей міндетті техбайқауды тоқтатты, сөйтіп, 19 млн автокөлік ие­лері жыл сайын төлеп отырған қосымша салықтан құтылды. Еуропа мен Амери­каға теңесуге бізде жағдай жоқ. Олар әрбір 4-5 жылда автокөлігін ауыстырып отырады, сондықтан техникалық байқау деген проблема емес.

Техникалық байқауға қатысты жаңа заңға өзгертулер мен толықтыруларды жақын арада, заң бекітілгеннен соң бі­летін боламыз. Қазір халық қалаулылары осы мәселені талқылап жатыр.

 

Жаңарту – заман талабы

 

/«Егемен Қазақстан». 16.02.2013. Сәуле Досжанова, журналист./ - Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізді.

Шараға Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко қатысып, палатаның Заңнама және сот-құқықтық ре­форма комитетінің төрағасы Рах­мет Мұқашев кіріспе сөз сөйледі. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, аталған комитет мүшесі, Мәжіліс депутаты Рамазан Сарпеков таныстырылымды жүргізді.

Үкімет ұсынып отырған заң жобасымен парламентшілерді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кенбаев таныс­тырды.

«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» қолданыстағы Заң қа­был­данғалы бері 16 жыл өтті. Содан бері Жол жүрісі туралы конвенция ратификацияланды. Енді ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес келтіру қажеттілігі туындады.

Аталған заң жобалары жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мем­лекеттік және жергілікті ат­қа­рушы органдардың қызметін үй­лестіруді күшейту, жол жүрі­сін ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін арттыру саласында жаңа басқару әдістерін енгізу, жол жүрісіне қатысушылардың құ­қықтары мен міндеттерін заң­намалық деңгейде реттеу мақсатында жасалған.

Атап айтқанда, заң жобасында республика аумағында айы­ру белгісі мен Қазақстан Рес­публикасының Туы бейнеленген жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін енгізу және 7: А,В, С, D, BE, CE, DE санаты мен 6: А1, В1, С1, D1, C1E и D1E кіші санаттары бар жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктерін енгізу көзделген.

«Жол жүрісі туралы» заң жобасының негізгі ережелері алты бағыт бойынша бекітілді. Олар: Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару жүйесі, Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Жолдар қауіпсіздігін қам­тамасыз ету, Көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Жол жүрісіне қатысушылардың қазіргі уақытта заңға тәуелді нор­мативтік-құқықтық актілермен реттелетін құқықтары мен мін­дет­терін заңнамалық түрде бе­кі­ту және Жол жүрісіне қаты­суға рұқсат беру. Бұл көлік құ­рал­дарына рұқсат беруді рет­тейді: сәйкестікті растау;­ мемлекеттік тіркеу; көлік құрал­да­рын міндетті техникалық қарап тексеру; адамдарға көлік құралдарын жүргізуге рұқсат беру: көлік құралдарын жүргізу құқығына куәліктерді беру, көлік құралдары уақытша иелікке және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу.

Автомобиль жолдары – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Заң жобасында жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп ұстау және басқару кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптары, жолдардың жағдайына жауапты лауазымды және өзге тұлғаларға қойылатын талаптар, жолдарда жол және басқа жұмыстарды орындайтын субъектілерге қойылатын талаптар көзделген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасында қолданыстағы заңнама негізгі заң жобасына сәйкес келтіріледі.

Заң жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лин­гвис­тикалық, құқықтық және эко­номикалық сараптамалар жүргізілді.

Заң жобасының таныстырылымында Ерген Дошаев, Розақұл Халмұрадов, Гүлнәр Сейтмағанбетова, Майра Айсина, Алмас Тұртаев, т.б. депутаттар баяндамашыға сұрақтар беріп, өз пікірлерін білдірді.

Заң жобасына қосылатын алдағы ұсыныстар мен толық­ты­рулар жұмыс тобының отырыстарында айтылып, жазбаша түсірілетін болды.

 

Жол қозғалысындағы келеңсіздіктерге тосқауыл қойылмақ

 

/«Заң газеті». 14.02.2013. Айша Құрманғали./ - Елімізде жол қозғалысы ере­жесінің бұзылуы жиілеп ба­рады. Мәселен, республика бойынша 2011 жылы 12 мың, ал, былтыр 14 мыңға жуық осын­дай оқиға тір­ке­ліпті. Жол-кө­лік оқиғаларынан өт­кен жыл­дың өзінде 17 мың адам зар­дап шек­кен. Жол үстіндегі тәртіп­бұзу­шылық көбіне мас күйінде көлік жүргізу салдарынан бо­лып отыр. Соңғы бес жылда арақ ішіп жолға шығатындар қа­тары 300 мыңнан асып ке­тіпті. Бұл деректер еліміз­дің жол жүру ережесіне қа­тыс­ты заңнамаларда көлік жүр­гі­зу­шілерді дайындау ісіндегі жа­уапкершілікті көтеріп және мас бо­лып көлік жүргізетіндерге қатаң шара қолдану қажеттігін көрсетеді.

Осы аптада Парламент Мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұсауы кесілген сәтте депутаттар тарапынан осындай ұсыныс жасалды.

Еліміздегі жол ережесінің сақталуына қатысты туындап отырған өзекті мәселелерді жаңа құжаттар бойынша баяндама жасаған Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кенбаев та жасырып қалмады. Оның айтуынша, шынында да республика бойынша тіркелген автокөлік жүргізушілерін даярлайтын 900-ге тарта мектептен оқып шыққан жүргізушілердің сапасы талаптарға сай емес. Алдағы уақытта құзырлы орын оқу үдерістерін бақылай алмаса да, емтихан барысында қатаң талап қоятындығын айтты. 
Ал, жалпы, аталған құжаттар бойынша елдегі жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметін үйлестіруді күшейту, жол жүрісін ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін арттыруға жаңа басқару әдістерін енгізу, жол жүрісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттеу көзделгенін ортаға салды.  Кенбаев мырза құжаттардың басты жаңалықтары ретінде республика аумағында айыру белгісінің және Қазақстан Республикасы туының суреті бейнеленген жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін енгізу және 7: А,В, С, D, BE, CE, DE санаты мен 6: А1, В1, С1, D1, C1E, D1E кіші санаттары бар жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктерін беру өлшемін атады. Сол секілді, заң жобаларына халықаралық стандарттарға сәйкес, көлік құралдары мен олардың қосалқы бөлшектеріне қойылатын бірыңғай қауіпсіздік талаптары қосылып отырғанын жеткізді. Вице-министрдің айтуынша, олар жол-көлік оқиғаларының орын алу тәуекелін тудыратын ақауларды ерте анықтау мақсатында жолдар мен автокөліктердің технологиялық дайындығын қадағалау үшін қажет.   Дайындық сараптамасын өткізетін жол жүрісі қауіпсіздігінің аудиті деп аталатын бұл институт негізінен дер уақытында өзгерістер енгізу үшін жобалау кезеңінде немесе құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жолдың техникалық жобасындағы қауіпсіздікке қатер төндіретін кемшіліктерді  анықтауға мүмкіндік береді. Өйткені, әлемдік тәжірибе жалпы  жол салынып, ол қолданысқа берілгеннен кейін бір нәрсені өзгертуден гөрі оның кемшіліктерін жобалау немесе құрылысын салу кезеңінде анықтап, жою едәуір арзан екенін көрсетіп отыр.

Алайда, заң жобасын талқылау кезінде депутаттар вице-министрдің бұл сенімін бөліспеді.  Олар аталмыш мәселенің жаңа құжаттарда осылайша көрініс табуы жол қозғалысы қауіпсіздігі шараларының назардан тыс  қалуына соқтыруынан қауіп еткен еді. Олардың айтуынша, Жол полициясы аудитке бар ынтасымен ден қойып, өздерінің тікелей міндеттерін талапқа сай атқармауы мүмкін.

Шынында да, ойланарлық мәселе. Негізі, жолдың қауіпсіздік талаптарына  сай салынуымен  Көлік және коммуникация министрлігі айналысқаны жөн болса керек. Бірақ, Кенбаев мырза депутаттардың  алаңдаушылығына қатысты мардымды уәж айта алмады. Дегенмен, халық қалаулылары заң жобаларын қабылдап алды. Жаңа құжаттармен жұмыс жүргізетін топтың жетекшісі болып Мәжілістің Заңнама, сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сәрпеков бекітілді. Шикілеу болып тұрған мәселелер осы білікті де тәжірибелі заңгер бастаған депутаттар пәрменімен талап деңгейінде жетілсе, құба-құп.

 

Мәжіліс Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің Жарғысын ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

 

/«ҚазАқпарат».13.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

ИРЕНА халықаралық агенттігі ресми түрде 2009 жылдың қаңтарында Бонн қаласында құрылған. Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің жарғысына құрлықтағы 75 мемлекет қол қойған. Жарғыға сәйкес Агенттіктің мақсаты жаңартылатын энергияны аралас пайдалану және энергияны пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде алынған мемлекеттік артықшылықтарды орнықты пайдалануды ынталандыру болып табылады. Сондай-ақ, қоршаған ортаның сақталуы үшін жаңартылатын энергияның барлық түрлерінің таралуын ынталандыру шараларын қарастырады. Өз мүшелерінің мүддесі үшін әрекет ететін Агенттік жаңартылатын энергия саласындағы саясатты іске асырып, қазіргі заманғы тәжірибелерге талдау жүргізеді. Жаңартылатын энергияларды қаржыландыруға қатысты мәселелерді қарастырады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанды қоса алғанда ИРЕНА-ға қол қойған 55 мемлекет Агенттіктің толыққанды мүшесі болуға үміткерлер болып табылады.  Ал Агенттіктің Жарғысын қабылдау арқылы еліміз аталмыш халықаралық ұйымның толық қолдауын иеленеді. Агенттік қабылдайтын шешімдерге дауыс беру құқығы болады», - дейді вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. 

 

 

Мәжіліс мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіруге бағытталған құжатты мақұлдады

 

/«ҚазАқпарат». 13.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасының басты мақсаты мемлекеттік жоспарлау саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, іске асыру және оңтайландыру үшін бірыңғай құқықтық жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік жоспарлау жүйесі бірқатар құжаттардан тұрады. Атап айтқанда, олар: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған даму жоспары, еліміздің аумақтық кеңістігі дамуының болжамды схемасы, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, басқа да мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, аумақтардағы дамыту стратегиясы, салалық бағдарламалар мен республикалық және жергілікті бюджет және т.б.

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаты бірыңғай мемлекеттік жоспарлау саласындағы заңнамалық біртұтастық болып табылады. Сонымен қатар, тәжірибе барысында қолданыстағы заңнамадағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес келмейтін, кейбір жағдайларда тіпті қайшы келетін нормалардың бар екені анықталды. Атап айтқанда, кейбір заңнамаларда қандай да бір мәселелер бойынша жалпы мемлекеттік, өңірлік, республикалық сектораралық және басқа бағдарламалар әзірлеу қарастырылған. Осыған орай, Елбасы қолданыстағы заңнамалардан мемлекеттік органдарды стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге міндеттейтін нормаларды алып тастауды тапсырған болатын. Осы мақсатта министрлік барлық заңнамалық актілер мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге тікелей  және жанама нормалардың болуына талдау жүргізді», - дейді министр Е. Досаев.

Оның айтуынша, заң жобасымен кейбір заңнамалық актілерді мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестендіру мүмкіндігі көзделген.    

 

Әріптестік ел дамуының кезекті кезеңін қамтамасыз етеді

 

/«Егемен Қазақстан». 14.01.2013. Асқар Тұрапбайұлы./ - Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі және Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын заңдастыру туралы мәселелерді қарады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріп­тес­тіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда Экономика және бюджеттік жос­парлау министрі Ерболат Досаев таныстырды. Заң жобасы Елбасы Жолдауына сәйкес мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту үшін жағдай жасауға қатысты әзірленген. Онда мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандары мен келісім-шарттық мемлекеттік-жеке меншік әріп­тес­тіктің жаңа модельдерін енгі­зуге, әлеуметтік бағыты бар инвес­тициялық жобалар бойынша жеке сектор үшін тартымды жағдайлар жасауға бағытталған өзгерістер қарастырылған.

Депутаттар заң жобасын қы­зу талқылай отырып, осы ретте әріптестік барысында  жауап­кер­шілік тетіктерінің жазылып қойылуы қажеттігіне назар ау­дар­ды. Заң жобасы бойынша өз ойын ортаға салған Мәжіліс Төрағасы жалпы кез келген мемлекетте экономика дамуының белгілі кезеңдерден тұратынын баса айтты.

– Қиын 90-шы жылдарды да бастан өткердік, ол кезде біз­дің еліміздің қарапайым қар­жы­лық жүйесін құру туралы сөз қоз­ға­латын, одан кейін барлық бюд­жет­тік мекеме қызметкерлерін еңбек­ақымен кезең-кезең бойынша қамтамасыз ету мәселесі көтерілді, даму кезеңі жолға қойылды, өндіріс әртараптандырылды, – деді Нұрлан Зайроллаұлы. – Ал қазір тағы бір жаңа белеске көтерілейік деп отырмыз. Ол – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік түрі. Және тек қана әртіптестікпен шектелмей, олардың қолданылу салаларын кеңейту қажет. Сондықтан, осындай алғашқы өте маңызды кезеңде, арнайы заң жобасын пайдаланбай, бұрынғыдай байқап көру, қателіктерге жол беру әдісімен қозғалу тиімді болмақ емес.

Сонымен қатар, Н.Нығматулин заң жобасын әлі де жетілдіру қажеттігін жоққа шығармады. Спикер көптеген заң жобалары тиісті деңгейде жазылғанымен, оның орындалмауының белгілі бір себептері бар екендігіне де тоқталып өтті. Атап айтсақ, тіпті заңдық құжаттардың өзінде осы заңдарды орындауға жауапты адамдардың жекелеген жауапкершілігінің көрсетілмейтіндігі.

Мемлекеттік-жеке меншік әріп­тестік туралы заң жобасын бірінші оқылымда қолдайтынын байқатқан палата Төрағасы былай деді: «Ол үшін екінші оқылымда бизнес-қауымдастықты қатыстыра отырып, жұмыс тобында кеңінен талқылау мүмкіндігіміз бар. Заңды барынша шынайы өмірге лайықтау қажет, өйткені, бұл заңмен тек мемлекеттік институттар ғана емес, ең негізгісі, бизнес-қауымдастық жұмыс істейді». Сөйтіп, заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Сондай-ақ, кешегі жалпы отырыс­та «Қазақстан Рес­публи­ка­сының кейбір заңнамалық акті­ле­рі­не оларды Қазақстан Республи­ка­сының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мә­се­лелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қолдау тапты. Заң жобасында Қазақстан Республикасының 87 заңнамалық актісіне өзгерістер енгізіп, оларды Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Президентінің «Қа­зақ­стан Республикасындағы мем­лекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына және «Қазақстан Рес­публикасындағы мемлекеттiк жос­парлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы Жар­лығына сәйкес келтіру ұсынылады.

Бұдан басқа депутаттар «Жаңартылатын энергия жөніндегі халық­аралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. ИРЕНА Жарғысы 2009 жылғы 26 қаңтарда Боннда жасалған. Агенттік жаңартылатын энергия саласындағы қазіргі заманғы практикаға талдау мен мониторинг жүргізеді және оны жүйелейді. Сонымен бірге, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл­ды қамтамасыз ете отырып, жаңар­тылатын энергияға байланыс­ты жобаларды қаржыландыруға қатыс­ты консультация жүргізуді жүзеге асырады. Бұдан басқа технологияларды беруге, зерттеулерді көтермелей отырып, жаңартылатын энергия саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге жәрдемдеседі. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия саласындағы ұлттық, халықаралық техникалық стандарттарды дамы­ту­ға және енгізуге қатысты ақ­парат береді. Ассамблея, Кеңес, Хатшылық агенттіктің басты ор­ган­дары болып табылады. Агент­тік өз қызметін Хатшылық дайын­даған, Кеңес қараған және Ас­самблея қа­былдаған жылдық жұмыс бағ­дар­ламасы негізінде жүзеге асырады.

 

Мәжіліс мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізуге байланысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

 

/«ҚазАқпарат».13.01.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолдану салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжат Мемлекет басшысының былтырғы қаңтардағы Жолдауын іске асыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту үшін жағдай жасау мақсатында әзірленген.

Заң жобасы қолданыстағы 8 заңнамалық актіге мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізуге байланысты өзгерістер енгізуді қарастырады. Бұдан бөлек, құжат келісімшарттық мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа үлгілерін енгізуді, әлеуметтік бағыты бар инвестициялық жобалар бойынша жеке сектор үшін тартымды жағдайлар жасауды көздейді. Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар құжаттың мазмұнын біршама толықтырды.

Атап айтқанда, мемлекеттік уәкілетті органдардың мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы құзыретін нақтылау, конфессионерлердің қызметін мемлекеттік қолдау бағытындағы өзгерістер қамтылды.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы, екінші оқылымға әзірлеуге тапсырылады.

 

 

 

Ревизия жасаудың реті келді

 

/«Айқын». 14.01.2013. Айхан Шәріп./ - Қазақстанда барлық бағдарламалар мен стратегияларға жаппай ревизия жүргізу науқаны басталып кетті. Соның аясында осындай қаптаған құжаттардың көбінің қысқартылатындығы жарияланды. Бұл жұмыс Қазақстан Президентінің тапсырмасымен қолға алыныпты. Осы орайда Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кешегі жалпы отырысында депутаттар еліміздегі барлық бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды «Қазақстан – 2050» Стратегиясымен үйлестіруді қарастыратын жаңа заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжілістің кешегі жалпы оты­рысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемле­кеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бірінші оқы­лымда мақұлданды. Аталған жоба депутаттар тарапынан қызу тал­қыға түсті. Ол жеке инвесторларға мемлекетпен әріптестікте, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мәселен, егер кәсіпкер балабақша салса, мем­лекет оны «тапсырыспен» қам­тамасыз етеді, оған баратын ата-аналардың төлейтін ақысының бір көлемін өтейді.

Халық қалаулылары жоба аясын­да бірқатар өзекті жағ­дайларды сөз етті. Ал Палата спикері Нұрлан Нығматулин жалпы кез келген мемлекетте экономика дамуының белгілі кезеңдерден тұратынын баса айта келіп, «Қиын 90-жылдарды да бастан өткердік, ол кезде біздің еліміздің қарапайым қаржылық жүйесін құру туралы сөз қозғала­тын, одан кейін барлық бюджет­тік мекеме қызметкерлерін ең­бекақы­мен кезең-кезең бойын­ша қамтамасыз ету мәселесі көтеріл­ді, даму кезеңі жолға қойылды, өндіріс әртараптандырылды. Ал қазір, тағы бір жаңа белеске көтерілейік деп отырмыз. Ол мемлекеттік жекеменшік әріп­тестік түрі. Және тек қана әріп­тестікпен шектелмей, олардың қолданылу салаларын кеңейту. Сондықтан осындай алғашқы өте маңызды кезеңде, арнайы заң жобасын пайдаланбай, бұрын­ғыдай байқап көру, қателіктерге жол беру әдісімен қозғалу тиімді болмайды», – деді Мәжіліс Төрағасы. Сонымен қатар Нұр­лан Нығматулин заң жобасын әлі де жетілдіру керектігін жоққа шы­ғармады.

Мәжіліс төрағасының айтуын­ша, көптеген заң жобалары тиісті деңгейде, лайықты жазылған. Оның орындалмауына бір ғана себеп бар. Ол тіпті заңдық құжат­тардың өзінде осы заңдарды орындауға жауапты адамдардың жекелеген жауапкершілігінің көрсетілмейтіндігі. «Бізге осы мемлекеттік – жеке меншік әріп­тестік бойынша қарастыру керек. Ол үшін екінші оқылымда бизнес-қауымдастықты қатыстыра отырып, жұмыс тобында кеңінен талқылау мүмкіндігіміз бар. Заңды барынша шынайы өмірге лайық­тау қажет, өйткені бұл заңмен тек мемлекеттік институттар ғана емес, ең негізгісі – бизнес қауым­дастық жұмыс істейді», – деп түйіндеді Н.Нығматулин.

«Қазақстанның кейбір заң­на­малық актілеріне оларды Мем­лекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойын­ша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қолданыстағы 87 заңды өзгертпек! Осы жобаны қорғап, сөйлеген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевтан ең алдымен қалау­лылар: «күні бүгінге дейін орталық және жергілікті деңгейлерде қанша стратегиялық және бағ­дар­ламалық құжаттар қабылданды?» деп сұрастырды.

– Бүгінгі таңда мемлекеттік жоспарлау жүйесінде 91 құжат бар, – деді Ерболат Досаев. – Оның ішінде стратегиялық-бағ­дар­ламалық сипаттағысы – 8 құжат. Ал енді жергілікті дең­гейлерде 768 құжат бар. Оның ішінде стратегиялық және бағ­дарламалық сипатқа жататыны – 213. Оның барлығы өзара бай­ланысып, басты мақсатқа – Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға қызмет етуге тиісті.

Ел Үкіметі Елбасы жариялаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясына сәйкес, қазір екі бағытта жұмыс жүргізуде екен. «Біріншіден, осы Стратегия талаптарын ескере оты­рып, еліміздегі барлық қолда­ныс­тағы стратегиялық құжат­тарды түзетеміз, – деді министр депутаттарға. – Екіншіден, қазіргі бар бағдарламалық құжаттарға тегіс ревизия жүргізіп, соның нәтижесінде тиімсіз бағдарла­малар мен шараларды алып тас­таймыз. Қалғандары өзектілен­ді­ріледі. Осы жұмысты биылғы жыл­дың күзіне дейін бітіріп, сіздердің алдарыңызға қайтып келеміз деп отырмыз. Өйткені көп бағдарламалар мен стра­те­гияларды бір-біріне кіріктіреміз». Ол қолданыстағы осындай барлық құжаттарға толық тексеру жүргіз­геннен кейін биылғы күзге қарай Үкіметке нақты ұсыныстармен шығуды жоспарлап отырғандарын хабарлады. Қандай бағдарлама мен стратегияның күші жойы­ла­тындығы, мұрағатқа жол тар­та­тындығы сонда белгілі болуға тиіс.

– Осы заң жобасын қабылдау әзірленіп жатқан бағдарлама­лардың санын да оңтайландыруға мүмкіндік береді екен. Осыған орай басын ашып беріңізші: бюд­жеттік шығындар да қысқара ма? – деп сұрады депутат Үсенгелді Медеуов.

– Жаңа бағдарламалардың қабылданбауы жаңа бюджеттік шығындардың болмайтындығын білдіреді, – деді министр Ерболат Досаев. – Яғни өзара тікелей бай­ланысты. Тура айтайын, бүгін­де кетіп жатқан қажетсіз шығыстар кемиді. Өйткені қазір бізде бірін-бірі қайталайтын бағдарламалар көп. Біз әр алуан бағдарламаларды біреуге жинау үшін жұмыс жасаудамыз. Мәселен, инфра­құры­лымды дамытуға қатысты бағдарламаларды біріктіру ар­қылы пәрменділігі мен тиімділігін күшейте аламыз.

Экономика министрі тағы бір жаңалықты хабарлады: «Біз сонымен қатар «үлкен мемлекеттік бағдарламалардың аясына қаптаған салалық бағдарламалар­ды жиямыз» деп келістік. Себебі олардың бір-бірімен кірігуіне, үйлесуіне қатысты проблема бүгінде де қалып отыр. Тіпті әр бағдарламада – әртүрлі инди­ка­торлар, әртүрлі бағыттар көз­дел­ген». Яғни сайып келгенде, қан­дайда бір саланың енді бес-он жыл­дан кейін нақты қандай ме­жеге жетуге тиістігі айқын емес.

Бір қызығы, әлгіндей «айна­ла­сына топтастырушы» ірі бағдар­ламаларға Үкіметтегілер «қол­шатырлық» («зонтичный») деген шартты атау беріпті. Ал дұрысы, қазақы ұғымға салып, «шаңырақ-бағдарламалар» деп атауға болар ма еді?! Сонда: «Мына «шаңырақ-бағдарлама» астында мынадай бағдарламалар біріктіріледі» десе, жатық естілетіндей.

Қалай болғанда, бағдарла­малық-стратегиялық құжаттарды оңтайландыру аса қажет-ақ. Себебі олардың ауқымы таудан құлаған жентек қардай жыл сайын артып барады. Ол ол ма, эконо­мика министрі биылғы жылы тағы бірнеше бағдарламаның әзірленетіндігін айта кетті. Ер­болат Досаев депутаттарға: «2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспар (яғни «Қазақстан – 2020») толығымен қайта түзілетін бо­лады» деп мәлім етті.

Ұсынылған заң жобасын құп­тағандарымен, кейбір қалаулылар бұл салада тәртіптің орнарына онша сеніңкіремей­тіндей. «Бар­шамызға да мәлім, әртүрлі бағдарламаларда көзделген мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізіле бермейді, – деді депутат Орал Мұхамеджанов. – Алайда оған Үкіметте ешкім қайғырмайды да, уайымдамайды да! Өйткені ешкім жауап бермейді. Мұндайда халық: «жаны ашымастың, басы ауырмас» дейді. Тіпті кейде ешбір министрлік: «осы неден болды? не себептен алға қойған міндеттер орындалмай қалды?» деп ойла­майтындай. Олай дейтініміз, 2-3 жылдан соң жаңа бағдар­ламалар қабылданып, солардың төңіре­гін­дегі үйреншікті абыр-сабыр басталып кетеді де, тағы біраздан кейін оларды да шала-пұла орын­дай салып, басқа жобаларға ауы­сып кетеді».

Орал Байғонысұлы облыс­тарда, аудан-қалаларда жағдай бұдан да бетер екендігін айтады: «Онда жаңадан келген әкім бұ­рынғы бағдарламаларды архивке жіберіп, өз дәуірін жаңа бағдар­лама қабылдаудан бастайды. Сөйтіп, бірі – жағалай бордюр қоюды, екіншісі – ағаштардың балағын ақтауды, үшіншісі – үйлердің көше жақ қабырғаларына түрлі-түсті бояу жағуды ермек қы­лады. Мұндайды қазақ «барымен – базар» дейді».

– Нарық кезінде «жоспар» деген сөзден қашып, «болжам» де­генге ауысқан едік, – дейді де­путат Омархан Өксікбаев. – Енді жоспарсыз болмайтынына көзіміз жетіп отыр. Олай болса, жоспар нақты болуы керек. Кезінде Кірістер министрлігін басқарған Зейнолла Кәкімжанов деген: «Бір күнде кеден түсімдерін 40 пайызға арттыруға болады және соны орындай аламыз!» деген екен. Және 40 пайызға ар­тып, түсімдер орындалыпты. Қазір де жоспарлау процесінде көптеген резервтер бар. Сондық­тан стратегиялық жоспарлау әдістемесіне Үкіметтің баса көңіл бөлгені жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________________________________________________________________

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР _____________________________________________________________________________

 

 

«Ядролық сынақ зардабын тартқандарға берілетін көмек өзгеріске зәру»

 

/«Заң газеті». 08.02.2013./ - Арман Қожахметов,  Парламент Мәжілісінің депутаты:  «Ядролық сынақ зардабын тартқандарға берілетін көмек өзгеріске зәру»

Семей ядролық сынақ поли­го­нының зардабы төрт онжылдық бойы біздің халқымызға және қоршаған ортамызға көптеген зардаптар тигіз­гені белгілі. Бүгінгі таңда ядро­лық сынақтан зардап шеккендерге  әлеуметтік қолдауды  мемлекет  1992 жылы қабылданған «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес көр­сетіп отыр. Бұл құжат еліміздің  сол кездегі  экономикалық әлеуетіне сай   жасалған еді. Сондықтан, он­дағы қарас­­тырылған көмектер ең төменгі көлеммен белгіленген.  Оның үстіне, олар – бірыңғай дең­гейдегі өтемақылар, зейнетақыға үстеме,  ластанған аймақ­тардағы жұмыскерлердің жалақы­сына үс­теме, ластанған аймақтардағы жұмыс­­керлерге қосымша  төленетін дема­лысқа, медициналық қызмет көр­сетудің деклара­тивтік міндет­темелері ғана. Демек, қарасты­рылған әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер аймақтағы негізгі мәселе – халықтың денсаулығын сауықтыру және радиа­циялық жағдай­ды жақсартуды ше­ше алмады. Бұған бұл аймақтағы  онкологиялық аурулардың өсуі, азамат­тардың  өзге де әлеуметтік хал-ахуалының төмендеп бара жатқа­ны дәлел. Сондықтан, тұрғылықты жеріне байланысты жеңілдіктер мен компен­сациялар беру туралы ұлттық заңна­мадағы қарама-қайшылықтар қайта қарастырылып, халыққа пәр­менді көмек көрсете алатын деңгейге келтірілуі керек.Осы аптада өткен Парламент Мәжілісінің жалпы оты­рысында депутат Арман Қожахметов Үкімет бас­шысы Серік Ахметовке депутаттық сауал жасап, осындай мәселе көтерді. Оның қысқаша маз­мұны төмендегідей болды.

«Жеке алғанда, аталмыш заңның 13-бабына сәйкес радиациялық ай­мақ­та тұратындар мен ядролық сынақ­тан 1949-1990 жылдар аралы­ғында зардап шеккендердің қосымша  еңбекақы алуға және қосымша ақы­лы демалысқа шығуға құқығы бар. Бірақ та, ядролық сынақтан зардап шеккендігі туралы мәртебеге ие болған азамат тиісті объективтік себептерге байланысты радиациялық аймақтан көшіп кетсе және онда тұрақты тұрмаса (соның ішінде тиісті білікті дәрігерлік көмек алу, емделу, реабилитациялық рәсімдерден өту және т.б), онда қосым­ша төленетін  еңбекақы алу мен жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс алу құқығынан айырылады. 
Осыған сәйкес жоғарыда атап өт­кен жағдайда жұмыс берушілер осы категориядағы азаматтарға жеңіл­діктер беруден бас тартуда. Осы ұс­танымды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдар да ұстанады.

Ал, еліміздің Ата Заңында мем­лекеттің ең қым­бат қазынасы болып  адам және адам­ның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары табылады деп көр­сетіл­ген. Яғни, Конституцияның 28-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақ­стан Республикасының азаматы  науқастанған, мүгедек болған жағдайда  әлеу­меттік  қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi. 

Олай болса, республикалық және жергiлiктi мемлекеттік органдар ядро­лық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың өз денсаулығы мен мүлкіне келтiрiлген зиянның орнын толтыртуға құқықтарын қамта­масыз етуге мiндеттi.  Сол себеп­тен, жоғарыдағы заңнаманың 13-бабына сәйкес аталған әлеуметтік қолдауды тек осы радиациялық аймақта тұрып жатқан азаматтарға ғана жүргізеді. Сондықтан, да, бұл лайықты өзгеріс­терді енгізуді қажет етеді», – дейді халық қалаулысы.

 

Мәжілістің жалпы отырысында бірнеше маңызды депутаттық сауалдар қойылды

 

/«Хабар» агенттігі. 13.02.2013./ - Концессиялар туралы заң 2006-шы жылы қабылданған болатын. Алайда осы уақытқа дейін мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің ең жемісті үлгісі боларлықтай бірде бір аяқталған жобаның жоқтығын заң жобасын қорғаған министр Ерболат Досаев мойындады.

Мәжілістің жалпы отырысына шығармай тұрып, заң жобасын пысықтаған жұмыс тобы мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің жаңа үлгілеріндегі мемлекеттік органдардың құзыры, мемлекеттік меншіктегі нысанды сенімді түрде басқару, концессионер ретінде мемлекеттік қолдауға үмітті жандарға қойылатын талаптарға келгенде біртөбе өзгерту енгізіп үлгерді. Соған қарамастан депутаттардың заң жобасына көңілдері толмай отырды. Оның ең бірінші себебі Парламенттен шыққан құжаттардың орындалмай қағаз бетінде қалатындығы. 

Айта кетейік, концессиялар туралы заң 2006-шы жылы қабылданған болатын. Алайда осы уақытқа дейін мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің ең жемісті үлгісі боларлықтай бір де бір аяқталған жобаның жоқтығын бүгін заң жобасын қорғаған министр Ерболат Досаев мойындады. Сөйте отырып, жаңадан әзірленген заң жобасының салмақты екенін дәлелдеуге тырысты. Құжаттың әсіресе әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асыруда маңызы зор деп.

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРІ: 

-Ол проектер өздерінің проектный мощность дейді ғой соған шыға алмай жатқанда сол жағдайда бюджеттен бөлінетін біздің шығарылымдарымыз бар. Соған қарағанда басқа салаларға қарағанда жаңа мектеп салсақ сол жерде 10-15 жылға кететін контрактілерге қол қойғаннан кейін біз бюджеттен сондай көмегімізді беретін боламыз. Әлеуметтік мәселелерді шешуге қаражат жептей отыр. Бірақ конц-ц проектер бірден 100 млн теңге бөлінбей оны 10 жылға бөліп, бюджетке 10 млн кіргізіп, сондай инвесторы әлеуметтік жекеме меншік бір бірімізді осы шараларға шешу үшін сол үшін шақырып отырмыз. 

Сауал сансыз, шикіліктер көп болғанмен, депутаттар маңызды құжаттың аса қажеттілігін назарға ала отырып, заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бәрін екінші оқылымда ескереді деп. Мәжілістің жалпы отырысында бірнеше маңызды депутаттық сауалдар қойылды. Дариға Назарбаева Алматының сейсмикалық аудандастыру картасын әзірлеуге қажетті қаражатты бөлу жайын үкіметтің есіне салды. Қазір қолданыстағы карта осыдан отыз бұрын дайындалды деді ол.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

-Қазіргі таңда Алматы қаласындағы құрылыс бұл картасыз жүргізіліп жатыр. Бүның жер сілкінісі бола қалған жағдайда қаупі зор. Бұған қажетті бағдарлама төңірегіндегі жұмыс былтыр басталған. Бюджеттен оған 400 млн теңге жоспарланған еді, бірақ бөлінгені 86,7 миллион ғана. 

Ал, «Ақ Жол» фракциясының депутаты Азамат Әбілдаев зейнетақыны тағайындау әдістемесін қайта қарау керек деп есептейді. Оның ойынша, биыл ғана 9 пайызға өскен зейнетақының ең төменгі көлемі әлі де төмен. Қазір ол 28 мың теңгеден сәл асады. Оны құрметті демалыстағы 43 мыңнан артық адам алады.

Азамат ӘБІЛДАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

-Олардың көпшілігі кеңес одағы заманыда а-ш қызметкерлері мен қарапайым жұмысшылар дамыған елдер стандарттарына сәйкес өмір сүруге қажетті ең төменгі мөлшер орташа еңбекақының тең жартысына тең болуы шарт. Қазақстандағы еңбек ақы 100 мыңдай болса онда бір жан басының ақысы 50 мың теңге болуы керек. 

Депутаттың есептеуінше, ең төменгі зейнетақы 50 мың теңге болған жағдайда жылына бюджеттен 74 млн ақш доллары жұмсалады. Бұған Қазақстанның қауқары жетеді дейді Азамат Әбілдаев. 

 

 

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" мемлекет жүктеген әлеуметтік рөлді атқармай отыр

 

/«Kazakhstan Today». 13.01.2013./ - "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" халыққа арналған ипотека құнын азайту жөніндегі мемлекет жүктеген әлеуметтік рөлді атқармай отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. 

Бүгін Парламент Мәжілісінде Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Нұрлан Жазылбеков осылай мәлім етті. 

"Елімізде жүзеге асып жатқан "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасының мақсаты баспанаға қол жетімділікті арттырып, тұрғын үй құрылыстарын дамыту проблемаларын кешенді шешу болып табылады. Осы ретте халықтың басым бөлігі үшін баспана жағдайын жақсартудың жалғыз жолы - ипотека. Алайда, республикалық банктерде оның пайыздық мөлшерлемесін азайту байқалмайды. Сондықтан, тұрғын үй құрылыстарын дамыту қарқынын сақтауға мүмкіндік беретін тетіктердің бірі мемлекеттік субсидия есебінен және салымшылардың жинақтауларынан қорландырылған тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесін дамыту болып танылып отыр", - дейді Н. Жазылбеков. Оның айтуына қарағанда, тек 2011 жылы бюджеттік қаражаттан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жарғылық капиталын өсіруге 57 млрд. теңге бөлінсе, одан 25 млрд. теңге тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін азайтуға Үкімет шешімімен қайта бөлінді. Сонымен қатар, 2012 жылы "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы бойынша жылдық 1% мөлшерлемесі бойынша банкке бюджеттік кредит беруге қосымша 12 млрд. 200 млн. теңге бөлінген болатын. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларының салымдарына Банктің 2% мөлшерінде сыйақысы белгіленген, ал коммерциялық банктердің депозит бойынша мөлшерлемесі 9 пайызға дейін жетеді. 

"Бүгінгі таңда, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның 372 мыңнан астам шарт бойынша салымдар сомасы 129,85 млрд. теңгені құрайды. Басқаша айтқанда, салымшылардың осы депозиттер бойынша алынбаған пайдасы жылына 7% шамамен 9 млрд. теңгені құрайды. Яғни, салымшылар екінші деңгейлі банктермен салыстырғанда Тұрғын үй құрылыс банкіндегі өздерінің депозиттерінен 7 % -ға дейін жоғалтып отыр. Алайда, жылдық 1% мөлшерлемесі бойынша бюджеттен бөлінген қаражатқа және жылдық 2% мөлшерлемесі бойынша депозитке қолжетімділігіне қарамастан "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" қарыздары бойынша жылдық сыйақысы 7,5-10% құрайды", - дейді депутат. Осыған орай Н. Жазылбеков Банкте қарастырылған 2012-2013 жылдардағы тиімді мөлшерлеме, яғни нақты кредит құны 11-19% дейін құрайтынын айтып, бұны коммерциялық банктердің ипотекалық кредиттерінің құнымен салыстыруға әбден болатынын алға тартады. "Айырмашылығы екінші деңгейлі банктер қаржыны нарықтық жағдайда тартса, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" іс жүзінде бюджеттік қаражат пен азаматтардың жинақтары есебінен пайда тауып отыр. Басқаша айтсақ, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" халық үшін тұрғын үй кредитінің құнын азайту бойынша, оған мемлекет жүктеген әлеуметтік рөлін атқармай отыр", - дейді ол. 

Бұл ретте депутат "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін" өз міндетін дұрыс атқармай отыр деп айыптайды. "Салыстыру үшін айтайын, қаржы дағдарысын басынан өткізіп отырған Еуропада, кредит бойынша жылдық орташа ставка 3-4 пайызды құрайды. Сосын бұл қаражат банктермен ашық нарықтан 1,5-2 пайызбен тартылады. Осылайша банктердің таза маржасы 1-2 пайыздан аспайды. Ал Қазақстанның "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" мемлекеттен бюджеттік кредиттері 1%, ал салымшылардың депозиттерінен - 2 пайыздан алады да, 19% маржа табады. Бұл мемлекет пен халықтың қаражатынан масылдықпен күн көру емес пе?", - дейді Н. Жазылбеков.

 

Д.Назарбаева Алматы қаласында сейсмологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн қаржыны толық бөлуді талап етті

 

/«Kazakhstan Today». 13.01.2013./ - Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң отырысында Дариға Назарбаева ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалында Алматы қаласы аумағы бойынша сейсмологиялық зерттеулердiң дұрыс жүргiзiлуi үшiн қаржыны толыққанды бөлуді талап еттi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Менiң депутаттық сауалыма Алматы және Алматы облысында байқалып отырған сейсмологиялық белсендiлiктер себеп болды. Қазақстан Президентiнiң тапсырмасына сәйкес, 2012-2014 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарлама, Жаңа әдістемелік негізде Алматы қаласы аумағын сейсмикалық қауіптілігіне байланысты шағын аудандарға бөлу картасы әзірленген болатын. Ол бағдарламаны БҒМ Сейсмология институты жасап шығарды", - дедi депутат Назарбаева.

Оның айтуынша, бүгiнгi қолданыстағы картаның Алматы қаласы аумағындағы сейсмологиялық үдерiске сәйкес келмейді, ол осыдан 30 жылға жуық уақыт бұрын ескiрген әдiстеме бойынша даярланған.

"Мұндай карталар әрбiр он жыл сайын қайта қаралуы тиiс. 30 жылдың iшiнде Алматы аумағы үш есеге жуық ұлғайған. 2013 жылдың 21-шi қыркүйегiндегi Қазақстан Президентiнiң Алматы қаласының аумағын өзгерту туралы Жарлығы бойынша оның аумағы 27,2%-ға жақын көрсеткiшке артқан. Жаңа аумақ күрделi таулы және тау маңындағы аймақтарда орналасқан геология-геофизикалық, сейсмикалық-тектоникалық және инженерлiк-геологиялық тұрғыдан зерттелмеген. Осылайша, қазiргi уақытта Алматы қаласы сейсмикалық шағын ауданға бөлу картасынсыз құрылып жатыр", - деп толықтырды Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, аталған мәселеге орай қатты жер сiлкiнісi болған жағдайда қала нысандары мен тұрғындарының өмiрiне үлкен сейсмикалық қатер төндiредi.

"Аталған бағдарлама бойынша жұмыс осы жылы басталған. Оған бөлiнген қаржы көлемi 86,7 млн теңгенi құрайды, ал 2012 жылдың бюджетiнде көрсетiлген сома 400 млн теңге болған. Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн 3 жылға арналған қаржының жалпы көлемi 1 млрд 660 млн теңгенi құрайды. Алматы аумағы бойынша мұндай картаны құру кабинеттiк жұмыс емес, оған мыңдаған ұңғымаларды бұрғылап, қаланың жаңа шекарасы бойынша алынған үлгілердiң зертханалық сараптамасын, электр барлау жұмыстары, топырақтың гидро-геодинамикалық, физикалық-механикалық, химиялық құрылымын анықтау, тағы да басқа жұмыстар кiредi. Сондықтан 2012 жылы жоспарланған барлық жұмыс кешенi бүгiнгi таңда толық қаржыландырылмау себебiне байланысты орындалмаған", - деп атап өттi Мәжiлiс депутаты.

Жоғарыда аталған мәселелерге орай, Д.Назарбаева Үкiмет басшысының бiрiншi орынбасарынан 3 жылдың iшiнде толыққанды зерттеу жүргiзу үшiн қаржыны толық бөлуді сұрады. 

"Бұған қоса, қалада орын алатын мәселелердiң бiрi нысандарды сейсмологиялық тұрғыдан жетiлдiру болып табылады. Бiлiм беру нысандарының 61%-ы сейсмологиялық тұрғыдан жетiлдiрудi қажет етедi, ал денсаулық сақтау нысандары бойынша бұл көрсеткiш 43%-ды құрайды. Нысандарды сейсмологиялық тұрғыдан жетiлдiру жұмысы мүлдем жүргiзiліп жатқан жоқ. Осыған орай, Алматы қаласының әлеуметтiк нысандары мен тұрғын үй кешенiнiң сейсмологиялық төзiмдiлiгiн жетiлдiру бойынша жақын болашақта iске асырылатын жұмыстар жоспарын ұсынып, сейсмологиялық тұрғыдан жетiлдiрудi қажет ететiн әлеуметтiк сала ғимарттарына қатысты статистикалық мәлiметтердiң берiлуiн сұраймын", - деп түйiндедi ол.

 

Алматының сейсмикалық картасы 30 жылдан бері өзгертілмеген

 

/«КТК». 13.01.2013. Ербол Сейілхан./ - Алматыда қуатты жер сілкінісі болса жаңадан салынып жатқан нысандар бір сәтте қирап қалуы мүмкін. Ал миллиондаған халықтың өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан Үкімет сейсмикалық қауіпсіздікке бас ауыртпай отыр. Министрлер кабинетінің осы әрекетін бүгін депутат Дариға Назарбаева сынға алды.

Халық қалаулысының айтуынша, Алматы қаласының отыз жылдан бері өзгермеген сейсмикалық картасын жасауға қаржы аз бөлінген. Бұл маңызды бағдарламаға ғалымдар 1 жарым млрд сұраса, Үкімет 86 млн теңге жетеді деп артық бір тиын да татырмапты. Ал бөлінген сома толықтай жұмсалып, енді қолға алынған іс басталмай жатып тұралап қалған. Сейсмикалық карта жасалса Алматыда құрылыстар қай жерге салынуы керек, жаңа ғимараттар дүмпуге қаншалықты шыдас беретінін білу оңайға түсер еді дейді депутат. 

Дариға Назарбаев, Мәжіліс депутаты:

- Алматының жаңа ауданы таулы аймақтарда орналасқан. Бірақ оның геология, сейсмологиялық қауіптілігін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Қазіргі таңда оңтүстік астана сейсмикалық картасыз тұрғызылып жатыр. Қуатты жер дүмпуі болса ғимараттар мен тұрғындарға қауіп төнеді.

 

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мемлекет жүктеген әлеуметтік рөлді атқармай отыр - Н. Жазылбеков

 

ҚазАқпарат». 13.02.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» халыққа арналған ипотека құнын азайту жөніндегі мемлекет жүктеген әлеуметтік рөлді атқармай отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінде Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Нұрлан Жазылбеков осылай мәлім етті.

«Елімізде жүзеге асып жатқан «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының мақсаты баспанаға қол жетімділікті арттырып, тұрғын үй құрылыстарын дамыту проблемаларын кешенді шешу болып табылады. Осы ретте халықтың басым бөлігі  үшін баспана жағдайын жақсартудың жалғыз жолы - ипотека. Алайда, республикалық банктерде оның пайыздық мөлшерлемесін азайту байқалмайды. Сондықтан, тұрғын үй құрылыстарын дамыту қарқынын сақтауға мүмкіндік беретін тетіктердің бірі мемлекеттік субсидия есебінен және салымшылардың жинақтауларынан қорландырылған тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесін дамыту болып танылып отыр», - дейді Н. Жазылбеков. Оның айтуына қарағанда, тек 2011 жылы бюджеттік қаражаттан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жарғылық капиталын өсіруге 57 млрд. теңге бөлінсе, одан 25 млрд. теңге тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін азайтуға  Үкімет шешімімен қайта бөлінді. Сонымен қатар, 2012 жылы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша жылдық 1% мөлшерлемесі бойынша банкке бюджеттік кредит беруге қосымша  12 млрд. 200 млн. теңге бөлінген болатын. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларының салымдарына Банктің  2% мөлшерінде сыйақысы белгіленген, ал коммерциялық банктердің депозит бойынша мөлшерлемесі 9 пайызға дейін жетеді.

«Бүгінгі таңда, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 372 мыңнан астам шарт бойынша салымдар сомасы 129,85 млрд. теңгені құрайды. Басқаша айтқанда, салымшылардың осы депозиттер бойынша алынбаған пайдасы жылына 7% шамамен 9 млрд. теңгені құрайды. Яғни, салымшылар екінші деңгейлі банктермен салыстырғанда Тұрғын үй құрылыс банкіндегі өздерінің депозиттерінен 7 % -ға дейін жоғалтып отыр. Алайда, жылдық 1% мөлшерлемесі бойынша бюджеттен бөлінген қаражатқа және жылдық 2% мөлшерлемесі бойынша депозитке қолжетімділігіне қарамастан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қарыздары бойынша жылдық сыйақысы 7,5-10% құрайды», - дейді депутат. Осыған орай Н. Жазылбеков Банкте қарастырылған 2012-2013 жылдардағы тиімді мөлшерлеме, яғни нақты кредит құны 11-19% дейін құрайтынын айтып, бұны коммерциялық банктердің ипотекалық кредиттерінің құнымен салыстыруға әбден болатынын алға тартады. «Айырмашылығы екінші деңгейлі банктер қаржыны нарықтық жағдайда тартса, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» іс жүзінде бюджеттік қаражат пен азаматтардың жинақтары есебінен пайда тауып отыр. Басқаша айтсақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» халық үшін тұрғын үй кредитінің құнын азайту бойынша, оған мемлекет жүктеген әлеуметтік рөлін атқармай отыр», - дейді ол.

Бұл ретте депутат «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» өз міндетін дұрыс атқармай отыр деп айыптайды. «Салыстыру үшін айтайын, қаржы дағдарысын басынан  өткізіп отырған Еуропада, кредит бойынша жылдық орташа ставка 3-4 пайызды құрайды. Сосын бұл қаражат банктермен ашық нарықтан 1,5-2 пайызбен  тартылады. Осылайша банктердің таза маржасы 1-2 пайыздан аспайды. Ал Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мемлекеттен бюджеттік кредиттері 1%, ал салымшылардың депозиттерінен - 2 пайыздан алады да,  19% маржа табады. Бұл мемлекет пен халықтың қаражатынан масылдықпен күн көру емес пе?», - дейді Н. Жазылбеков.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

___________________________________________________________________________

 

ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ _____________________________________________________________________________

 

Мемлекеттік тіл және Мамытбековтың мәселесі

 

/«Дала мен қала». 11.02.2013./ - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығма­ту­линнің жетекшілігімен өткен жалпы отырыста депутаттар Еуропа Қай­та құру және даму банкіне қатысты заң жобаларын, сондай-ақ бәсекелес­тік мәселелері бойынша Сенат енгіз­ген өзгерістерді қарады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мә­селелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерге палата өз ке­лісі­мін берді. Заң жобасы Қазақстан, Беларусь және Ресей Біртұтас экономикалық ке-ңістігінің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде Кеден одағына қатысушы елдердің монополияға қарсы заңнамасын үйлестіруге, еліміздің қол­да­ныстағы монополияға қарсы заңнамасын одан әрі жетілді-руге бағытталған. Жалпы отырыста, сондай-ақ «Еуропа Қайта құру және даму банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Жоба бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев түзетудің мән-маңызына тоқ­талды. Министрдің айтуынша, еліміз аталған банктің мүшесі болғанымен, оның жарғысындағы үлесі 0,23 пайыздан аспайды. Банк елімізде өз қызметін бастағалы 15 миллиард АҚШ доллары құйылыпты. Техникалық көмек ретінде 79,3 миллион доллар салған. «Еуропа Қайта құру және даму банкін құру туралы келісімге алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы да депутаттар тарапынан қолдау тапты. Заң жобасында банк­тің алушы елдерде ғана емес, сонымен қатар, әлеуетті алушы елдерде де өзінің арнайы қорларын пайдалану мүмкіндігін көздейтіні қарастырылған. Заң жобалары бойынша өз ойын ортаға салған Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин әрбір ратификация – халықаралық қатынастарды жақын­дататын нақты қадам екенін атап өтті.

Ал, депутат Розақұл Халмұрадов әріп­тестеріне мемлекеттік тілге мән беру қажеттігін ескертті. Депутаттың айтуынша, жаңа сайланған Парламентте мем­лекеттік тілде сөйлегісі келмейтіндердің қатары көбейіп барады. «2007 жылдан бас­тап, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар өздерінің депутаттық сауалдарын қай тілде жариялағандарын зерделеп көрдім. Бесінші сайланған осы Мәжілісте, өткен бір жылдың ішінде ұлты қазақ депутаттар барлығы 186 депутаттық сауал жариялаған екен. Солардың тек 78-і немесе 42%-ы ғана қазақ тілінде, ал 108-і немесе 58%-ы – орыс тілінде жарияланыпты. Осының алдындағы 4-ші сайлан­ған Мәжілісте депутаттық сауалдардың 60 пайызы мемлекеттік тілде, 40 пайызы ғана орыс тілінде жарияланған бола­тын» – дей келе Р.Халмұрадов қаңтардың со­ңында өткен жиыннан мысал келтірді. «Сол отырыста 11 қазақ әріптесімнің 9-ы өздерінің депутаттық сауалдарын орыс тілінде, тек екеуі ғана қазақ тілінде жа­риялады. Бұл Елбасының Жолдауын өңір­лерге барып, халыққа насихаттап қайтқаннан кейін болып отырған жағдай! Кейбір әріптестерім: «Біздің қай тілде сөйлейтінімізде не ша­руаң бар?» деп айтатын шығар. Мен мұны біреуді сынау үшін емес, өзімнің азамат­тық борышым деп санағаннан, жүрегімнің ауырғанынан айтып отырмын», – деді депутат. Сондай-ақ, ол Парламентте мемле­кеттік тілді үйре­нуге барлық жағдай жасалып жат­қан­дығын әріптестерінің есіне салды. Кейбір қазақ бауырларының қа­зақша сөйлемейтініне түсінбей-ақ қой­ғанын ашына жеткізіп, әріптестерін мем­лекеттік тілді құрметтеуге шақырды.

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев Ауылшаруашылығы министрі А.Ма­мытбековтың атына бірқатар сын айтып, ол саланы басқаруға лайықты емес деп есептейтінін мәлімдеді. Жалпы депутат В.Косарев министрліктің жұмысын бұған дейін де сынаған болатын. Ал, бұл жолғы мәлімдемесіне Павлодар облы­сындағы малдың жаппай қырылуы түрткі болса керек. Айта кетелік, облыста жағдай ушы­ғуда, жұттан өлген мал саны артуда. Ресми дерек бойынша, өңірде 100 мыңнан астам жылқы бар. Бірақ, соңғы бір айда оның 500-ге жуығы арам қатқан. Ал, өңірдегі шаруа қожалығының басшысы Марат Шупшин БАҚ-қа берген сұхба­тында 1500 жылқының жартысынан айы­рылғанын айтыпты. Малшылар Үкіметтен көмек сұрайды. Алайда, Ауылшаруа­шылығы министрі шаруалар өз қамдарын жасау керектігін мәлімдеген. В.Косаревтің айтуынша, министр А.Мамытбеков бұл мәселеде «түйеқұстай» қалып сақтап, шаруаларға көмектесуге асықпай отыр. Депутат азаматтардың жеке шаруашы­лықтарынан еліміздің ішкі рыногына сүттің 86 пайызы, еттің 90 пайызы түсе­тінін айта келе, ауылдағылардың бүгінгі жағдайына алаңдаушылық білдірді. Мал шаруашылығындағы күрделі жағдай­лар­дың себебін санамалап өтті. «Түйеқұстай» позиция ұстанған Ауылшаруашылығы министрінің бағыты таңғалдырады. Ол мемлекет жеке секторға араласпайтынындай кейіп танытады. Сонда тұрғындарды сүт және етпен қамтамасыз ету бұл мем­лекеттік мәселе емес пе?..

Министр бар және ол жауапкершілікті алуы керек. Егер бұл секторда тұрақсыздық болып жатса, онда министр отставкаға кетуі тиіс. Мен Мамытбеков мал шаруашылығы жетекші саласы болып табылатын Ауылшаруа­шы­лығы министрлігін басқаруға лайықты емес деп есептеймін», – деп мәлімдеді В.Косарев. Сондай-ақ, ол Үкіметтен мал шаруашы­лығына мамандар жіберіп, жайлауды пайдалануға көмектесуін, техникаларды қардан тазалауға жұмылдыруды сұрады.

 

 

Жайлы  жағдайды кім жасайды?

 

/«Дала мен қала». 11.02.2013. Е. Әбдіжаппарұлы./ - Еліміздегі әлеуметтік жағдайға көпшіліктің көңілі толмайды. Елдің әрбір азаматына өмір сүруге жайлы жағдай жасауға тиіс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атқарып отырған жұмыстарының басты мақсатын ұмытып кететін тәрізді. Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде сала жұмысына осындай сын айтылды. Ретімен баяндасақ.

Соңғы он жыл ішінде жұмыспен қамтылғандардың саны өсіп, сапалық құрамы өзгерген. Жастар арасындағы жұмыссыздық 5 есе төмендеген, яғни 2002 жылғы 17,3 пайыздан 2012 жылы 3,8 пайызға дейін азайыпты. Халықтың бел­сенділігін арттыруға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы ықпал етуде. Бағдар­лама жүзеге асырыла басталғалы бері оған 187,5 мың адам қатысып, бюджеттен 95 млрд. теңге бөлінген. Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда өткен жылы 5,4 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеген. Алайда, бұл көрсеткіш ТМД елдерінің арасында ең төмен болып саналады. Алқа мәжілісінде баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов осындай деректер келтірді.

Әлеуметтік бағдарламаларды қаржы­ландыруға соңғы екі жылда 80 млрд. тең­геден астам қаражат жұмсалған. Өткен жылы 97,3 мың адам мекенжайы бойынша әлеуметтік көмек алыпты. Олардың 60 па­йыздан астамы 18-ге толмағандар. Министр келтірген деректерге жүгінсек, Қазақстанда 572 мыңнан астам мүгедек тұрады. Олар­дың үштен бірі еңбекке жарамды жаста болса, 10 пайызы балалар. Мүгедек­тердің құқы мен сапалы өмір сүруін қам­тамасыз етуді көздейтін 2012-2018 жылдарға ар­налған іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Мекенжайы бойынша әлеуметтік көмек қайта түзіліп, енді азаматтарға немесе отбасына мұқтаждығына қарай жасалатын болады. Шешімін таппаған проблемалар да аз емес. Бұл орайда, министр еңбек ресурстары сапасының төмендігі мен жұ­мыспен қамтудың тиімсіз тұстарын атады. Жұмыспен қамтылғандардың 30 пайыздан астамының кәсіптік орта және жоғары бі­лімдері жоқ. Үштен бір бөлігін өзін-өзі жұ­мыспен қамтитындар құрап отыр. Еңбек ресурсында тапшылық болады деген болжамдар да бар. Министрдің мәлімдеуінше, өт­кен ғасырдың 90 жылдарындағы демогра­фиялық ахуалдың әсері енді байқала бастайды, яғни 2021 жылға дейінгі аралықта еңбек етуге қабілетті жастар саны күрт азаймақ. Осы орайда, министрлік жұмыспен қамту саясатын жаңғыртудың 6 қадамын айқын­дапты. Қолда бар еңбек ресурстарын пай­даланудың тиімділігін арттыру, еңбек на­рығын реттеу тетіктерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттырып, қолайлы еңбек жағ­дайын жасау, жұмыспен қамтудың өнім­ділігін ынталандыру, жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйе­сін сапалы түрде ұйымдастыру және әлеу­мет­тік көмек көрсету жүйесін жетілдіру алдағы уақытта министрлік беткеұстар ба­ғыттар болмақ. Сондай-ақ, министр ең­бекақы төлеудің жаңа моделінің жобасы әзірленгенін, ол жеке және мемлекеттік сектордағы жұмысшылардың еңбекақы төлеу деңгейіндегі алшақтығын азайтуға мүмкіндік беретінін мәлім етті.
Есептегі сандарда бәрі жақсы сияқты, шын мәнінде, олай емес. Мәжілістің Әлеу­меттік-мәдени даму комитетінің Төрайымы Дариға Назарбаева министрлік жұмысы жөнінде осындай пікірін мәлімдеді. «Елі­міздегі әлеуметтік жағдайға көпшіліктің көңілі толмайды. Күнделікті күйбең тір­ші­лікте сіздер атқарып отырған жұмыс­тарыңыздың басты мақсатын ұмытып кететін тәріздісіздер. Сіздер елдің әрбір азаматына өмір сүруге жайлы жағдай жасауға тиіссіздер», – деді Д.Назарбаева. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты зейнетақы жүйесіндегі кемшіліктерге тоқталды. «Тиімсіз менедж­мент – жүйенің басты соры.

Мәселен, «Ұлар Үміт» қоры өз салымшыларының қар­жысын «Шар-Өскемен» теміржолы құрылысына салды. Ақша жұмсалды, ал жоба жөнді жұмыс істемейді. Қазіргі уақытта теміржол уақытша пайдалануға берілді. Станса бекеттері салынбаған, жолға техникалық қызмет көрсету жоқ, мемле­кеттік комиссия жүргізілмеген. Бүгінде жол шамамен 70 пайызға жұмыс істеп тұр. Яғни, дұрыс жоспарланбаған. Салымшылардың ақшасы желге ұшты. Енді мемлекет, яғни, еліміздің жұмыс істейтін азаматтары біз бен сіздер аталған қордың қабілетсіз менедж­менті үшін төлейтін боламыз. Бұған кім жауап беруі тиіс әрі мұндай келеңсіздіктер қашан тоқтайды? Бұл мысал зейнетақы жүйесінің осал тұсын көрсетеді», – деді халық қалаулысы. Сонымен қатар, Д.Назарбаева 1948-1950 жылдары дүниеге келген зейнеткерлердің мәселелерін шешу үшін бірлескен комиссия құруды ұсынды. Депутат келтірген деректерге қарағанда, 1948-1950 жылдары дүниеге келген зейнеткер­лердің саны 260 мың. Олардың басым бөлігінің жалпы еңбек өтілі 35-40 жыл. 1990 жылдардағы өтпелі кезең дәл осы аза­мат­тардың тағдырында кері әсерін тигізді. «Бұл мәселе жылдан-жылға сөз болады. Бірақ, ешқандай шешім жоқ. Біздер 1998 жылға дейін зейнетке шыққан азаматтардың көп­теген үндеулеріне қалай жауап берерімізді де білмейміз. Оларға не істеу керек? Мұндай инфляция мен өмір сүру деңгейінің өсімі кезінде 28 мың теңгеге қалай өмір сүрулері қажет? Біз бұл проблемамен байсалды айналысуды ұсынамыз. Нақты шешімдер әзірлеу үшін бірлескен комиссия құру қажет», – деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Алқа мәжілісін қорытындылаған Пре­мьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев ел өмірін жақсарту саласындағы Үкімет тарапынан жасалып отырған қам­қорлықтарға, алдағы уақыттарда қолға алы­нуға тиіс қомақты іс-шараларға тоқ­талды. Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларымен ел халқының шамамен төрттен бірі қамтылғанын тілге тиек еткен вице-премьер елімізде мемлекет бюджетінен 75 млрд. теңге түрлі әлеуметтік жәрдемақы­ларға бөлінетінін, оны қазіргі уақытта 1,3 млн. адам алатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың наурызында Елбасы тапсырмасымен қолға алынған Қазақстанның әлеуметтік дамуы жаңа тұжырымдамасының бірінші нұсқасы әзірленбек. Вице-премьер ми­нистрлікке Экономика және бюджеттік жос­парлау министрлігімен бірлесіп, тұ­жы­рымдаманы Парламентте таныстыруды, оны үкіметтік емес ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен, жеке ұйым­дармен талқылауды тапсырды.

 

 

 

 

Сенаттың бюро отырысы

 

/«Егемен Қазақстан». 11.02.2013. Е. Әбдіжаппарұлы./ - Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюрода Парламент Мәжілісінде мақұлданған заң жобалары тұрақты комитеттер мен Сенат Аппаратына берілді.

Отырыста Қаржы және бюджет комитеті «Еуропа Қайта құру және даму банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасын одан әрі пысықтау үшін бас комитет болып белгіленді.

Сондай-ақ, осы комитет «Еуропа Қайта құру және даму банкін құру туралы келісімге алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша да бас комитет болып белгіленді.

 

"Қазақстан-2050" стратегиясы талқыланды

 

/«Хабар» агенттігі. 11.02.2013./ - Елбасының халыққа арнаған жолдауы- асыл арманнан туған инновациялық ізденіс. Парламент Сенатының депутаты, академик Ғарифолла Есім "Қазақстан-2050" стратегиясына осындай баға берді. 

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде өткен кездесуде жолдау жүктеген міндеттердің жастар мен болашақ ұрпақ үшін маңызы зор екендігі айтылды. Мемлекет басшысы әлемді шарпыған экономикалық дағдарыстың қандай сын-қатерлер туғызатынын және оның алдын-алуда қандай қам-қарекет жасау керектігін нақтылап берді. Азық-түлік қауіпсіздігі, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және индустриялы-инновациялық даму бағытындағы ауқымы кең шаралардың барлығы да қоғамның заманауи қажеттіліктерге бейімделуі үшін жасалып отыр. Ауыл шаруашылығы өніміне қазір жаһандық сұраныс артып келеді. Сондықтан Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында агроөндірістік кешенді дамытудың жаңа бағыттарын атап көрсетті. Бұл -еліміздің үшінші өндірістік серпіліс жасауына әзірленудегі қам-қарекеттің бірі. Жүздесуде Сенат депутаты "Мәңгілік қазақ елі" идеясының түпкі мән-маңызын анықтап берді. Бұл ретте жастарға үлкен үміт артылатындығына тоқталды. Ал үш тұғырлы тіл- ақпараттық өріс әрі өркениетке батыл қадам деп түсіндірді. Сол себепті жастарды жаңа заман талабына сай үнемі ізденісте болып, білімге көкжиегін кеңейтуден қалыс қалмауға шақырды. 

Мақсат Есмағұлов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің студенті: 

-Соның барлығы біздің болашағымыз деп сенемін. Өндірісте ең алғаш инновация енгізу қажет деген ойды біз жолдау арқылы айқын түсіне білдік. Білім мен инновация бізге болашаққа кең жол ашады деген сенімдеміз.

 

Сенатор Ғ.Есім: Бізде әлі күнге дейін бюрократия бар

 

ҚазАқпарат». 11.02.2013. Арман Асқаров./ - Қазақстанда инновацияларды іске асыру қиын болып жатыр. Себебі бізде әлі күнге дейін бюрократия бар. Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Қазақстан - 2050» бағдарламасы бойынша дәріс оқыған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Ғарифолла Есім мәлімдеді.

Осы орайда Н.Назарбаевтың инновацияларды іске асырудың «университет - бизнес - мемлекет» жүйесіне тоқталған сенатор: «Демек, университет идея беріп, бизнес оны іске асыруы шарт. Ал мемлекет оған барлық жағдайды жасап беруі тиіс. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда біз, яғни мемлекет университет пен бизнесті қосып, алып кете алмай отырмыз. Былайша айтқанда, мемлекет өзі бөгет болып тұр. Үшеуі бірге болса екен деген арманымыз бар. Сіздерден (университет - авт.) шыққан идея бизнеске барып, оны біз (мемлекет - авт.) тез-тез заңмен бекітіп, жағдай жасауымыз қажет. Осы жерге келгенде, біз, мемлекет, жағдай жасаудың орнына бөгет болып қаламыз. Неге? Өйткені бюрократия бар бізде, бюрократия. Баяғы социализмнен қалған, өзіміз ойлап тапқан бюрократия. Соның салдарынан жаңадан шыққан идея ескіріп қалып жатады. Мерзімі өтіп кеткен қияр сияқты бүлініп қалады», - деп атап көрсетті Ғ.Есім.

 

 

Астанада Ахмет Байтұрсынұлы еңбегіне арналған халықаралық ғылыми-танымдық мәжіліс өтіп жатыр

 

/«Хабар» агенттігі. 11.02.2013./ - Бүгін Астанада халықаралық "Диолог Еуразия" Платформасының ұйымдастыруымен "Ахмет Байтұрсынұлы әлемі: білім, мәдениет және диолог" атты ғылыми-танымдық мәжіліс өтіп жатыр. 

1923 жылы 11 ақпан күні Орынборда қазақ зиялылары ұлт ұстазы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойын елдік деңгейде атап өткен болатын. Осы тарихи шараның 90 жылдығын және рухани көсемнің ресми 140 жылдық мерейтойының жалғасы іспетті ұйымдастырылған жиында Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім, Ұлттық ғылым Академиясының академигі Сейіт Қасқабасов, Еуразия Ұлттық Университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, "Заман Қазақстан" газетінің бас директоры Ахмет Альяздар Ахмет Байтұрсынұлының Қазақ елінің өркендеуіне қосқан еңбегі туралы жан-жақты баяндама жасады. Сонымен қатар, қазақ халқының саяси, қоғамдық санасына түбегейлі өзгеріс жасаған "Қазақ" газетінің жарыққа шыққанына биыл 100 жыл толып отыр. Шара жиналғандар Алаш арыстары армандаған ұлттық мемлекет құру идеясы бүгінгі күні іске асырылып келе жатқанын жеткізді. 

Ғарифолла ЕСІМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

-Сол идеялар қазір жаңғырып, нақты іске асып жатыр. Сондықтан біз Тәуелсіз ел болсақ, өз тарихымызды неге қарамаймыз, неге зерттемейміз? Осы идеяға мына зиялы қауым келіп отырмыз. Бұл іс-шара тек жай өтіп кететін шара емес, бұл ойлану іс-шарасы. Осы жерде біз ойланып қалуымыз керек. 100-дан бұрын қалай болды? Енді 100 жылдан кейін қалай болады деген ой мені ойландырып отыр. 

 

 

Білім және ғылым министрлігін қайта құру қажет - академик Ғ.Есім

 

/«ҚазАқпарат». 11.02.2013. Арман Асқаров./ - Бүгінде біз білім беру саласындағы қайта даярлау мәселесін шешпейтін болсақ, қайсы ұстаз, қайсы шәкірт екенін айыра алмай қалуымыз әбден мүмкін. Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне дәріс оқыған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Ғарифолла Есім осы мәселені ерекше атап өтті.

Осы орайда ғалым жиналған қауымға бір сауал қойды: «Ақпараттық жүйеге кім жақын? Мен ба? Жоқ, әлде менің алдымда отырған жас па? Әрине, ол (жас шәкірт - авт.). Егер ол ақпараттық жүйеге жақын болса, кімнің ойы инновацияға жақын болады? Әлбетте, оның ойы. Ал, енді мен оған қандай ақыл айтамын?.. Менің дайындығым төмен болса, қайтіп дәріс беремін? Сондықтан «Қазақстан - 2050» бағдарламасында көрсетілген қайта даярлау бұл - басты мәселе. Ұстаздар үздіксіз білім алып, жетілуі тиіс. Әйтпесе, бүгінгі шәкірттер біздің өкшемізді басып келеді. Ертең қайсы ұстаз, қайсы шәкірт екенін айыра алмай қалуымыз әбден мүмкін», - деп налиды Ғ.Есім. Ғалымның айтуынша, Білім және ғылым министрлігін қайта құрып, жүйесін өзгертпесе, ол мәселені шешу қиын болады. «Президенттің өзі айтты. Бүгінгі инновациялық ойлауға әкімшілік жүйе кедергі жасап отыр. Демек, бүгінгі әкімшілік жүйені өзгерту қажет-ақ», - дейді ол.

«Мәселен, мен өзім бағдарламаны («Қазақстан - 2050» - авт.) орындауға дайын емеспін. Себебі ағылшын тілін білмеймін. Ал инновациялық жаңалықтар ағылшын тілінде тарайды. Оның барлығы орысшаға аударылып, маған жеткенше, кеш болып қалмай ма?! Әрине, көштен кейін қалмас үшін мені қайта даярлау қажет», - деді Ғ.Есім.

 

Үкімет басшысы заң жобаларының сараптамасын сынға алды

 

/«ҚазАқпарат». 11.02.2013. Әбу-Асқар Мекешұлы./ - Үкімет басшысы ҚР Парламентіне қарауға жіберілетін заң жобаларының сапасын сынға алды.

Оның айтуынша, биыл Үкімет Парламентке 53 заң жобасын тапсыруға тиіс екен.

«Мен олардың сараптамасының сапасына басты назар аударғым келіп отыр», - деді ол бүгін өткен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

«Өздеріңіз білесіздер, біз заң шығару институттарының ғылыми қызметкерлерінің еңбек ақысын айтарлықтай көтердік. Сараптаманың барлық түрлеріне бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді. Дегенмен, соның өзінде депутаттар жағынан заң жобаларының сапасына байланысты сындар түсіп жатады. Мәселен өткен жылы 14 заң жобасы талапқа сай болмауына байланысты, қайтарылды. Ал сонда олар лингвистикалық сараптамадан қалай өтті деген заңды сұрақ туады», - деді С. Ахметов.

Осы мәселені көтере келіп, Үкімет басшысы Әділет министрлігіне заң жобаларының сараптамасын сапалы түрде жасауды тапсырды.

«Сондықтан сараптама сапасын, соның ішінде ғылыми сараптаманың сапасын арттыру Әділет министрлігінің негізгі тапсырмаларының бірі болып табылатынын қадап айтқым келеді», - деді ол.

 

Үкімет басшысы 5-ші шақырылымдағы Парламенттің қызмет кезеңі барысында заң шығару жұмысының Тұғырнамалық жоспарын қабылдауды жеделдетуді тапсырды

 

/«ҚазАқпарат». 11.02.2013. Әбу-Асқар Мекешұлы./ - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов заң шығару жұмысының Тұғырнамалық жоспарын Парламенттің 5 шақырылымымен бірігіп тездетіп қабылдауды тапсырды.

«Биылдан бастап біз 5-ші шақырылымдағы Парламенттің қызмет кезеңі барысында заң шығару жұмысының Тұғырнамалық жоспарға сәйкес Парламентпен, «Нұр Отан» партиясымен әріптестіктің жаңа кезеңіне өтеміз. Сөйте тұра, аталған жоспар әлі қабылданған жоқ, мемлекеттік органдар кейбір ұстанымдар бойынша әлі де ортақ шешімге келген жоқ», - деп атап өтті С. Ахметов бүгін өткен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Үкімет басшысының атап өтуінше, осыған байланысты Әділет министрлігі қарқынды жұмыс жасап, шешуші рөл атқаруы тиіс.

«Бұл жоспар заң шығару үдерісіне мейлінше жүйелі және жоспарлы түрде келуге ықпал етеді. Ең бастысы,  Үкіметтің, Парламент пен «Нұр Отан» партиясының заңшығарушылық бастамаларын біріктіреді», - деді Үкімет басшысы.

 

Қазақ мемлекеті болу үшін оған сай заңдарды жазу қажет - сенатор Ғ.Есім

 

ҚазАқпарат». 11.02.2013./ -  Бүгінде қазақ мемлекеті болу үшін оған сай заңдарды жасауымыз қажет. Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Қазақстан - 2050» бағдарламасы бйоынша дәріс оқыған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Ғарифолла Есім осы мәселені көтерді.

«Мына заңдарымыз жарамайды. Ал қазақ мемлекеті қай кезде болады? Егер қазақ тілі нағыз мемлекеттік тіл болып, елдікке апаратын болса, онда біз Қазақ мемлекеті атанамыз. Оны Президент Нұрсұлтан Назарбаев та атап көрсеткен болатын. Бұл мақсатты бүгінгі жастар іске асыруы тиіс», - деп атап көрсетті Ғ.Есім.

 

 

 

 

«Менің атым –Қожа» енді көрсетілмеуі мүмкін

 

/«Айқын». 12.02.2013. Елдос Сенбай./ - Талай қазақ баласы көріп өскен, ұлты­мыздың «алтын қорына» енген «Менің атым – Қожа» фильмін балалардың көруіне енді тыйым салынуы мүмкін. Бүгінде Парламентте жас қазақстандықтарды, олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғауды қарастыратын, тыйым қоятын заң жобасы қаралуда. Әрине, депутаттар: «оған бара қоймас!» дегенді айтады. Бірақ заң қабылданған соң, шешімді олар емес, уәкілетті орган тартатын сарапшылар шығармақ. Ал заң жобасында «баланы қоғамға жат және құқыққа қарсы іс-әрекеттерге арандататын –баланың... психотроптық немесе есеңгірететін заттарды пайдалануына, ... қаңғыбастықпен және қайыршылықпен шұғылдануына түрткі болатын ақпараты» бар туындыларға тыйым салу көзделген.

Ендеше, ұстазының сөмкесiне бақа са­латын, сыныптасына сияны рогаткамен ататын, балыққа барып, көршiнiң ауын «ұрлайтын», iргелес ауылдағы бейтаныс үйде бүлдіршінді алдап соғып, етiн жеп, қымызын iшiп кететiн Қожаның қы­лықтарын сарапшылардың «қоғамға жат жә­не құқыққа қарсы іс-әрекеттер» деп бағала­масына, фильмнің басты кейіпкерін ұзын­тұра Сұлтанның темекі тартуға үй­реуін – «психотроптық немесе есеңгіре­тетін заттарды пайдалануға түрткі болу» деп таппасына, тіпті басты қос кейіпкер­дің үйден қашып, ел кезуін – «қаңғыбас­тықпен шұғылдану» деп айыптамасына кім кепіл? Сұрақ көп. Сондықтан болса керек, осы заңды пысықтайтын жұмыс тобына же­тек­шілік ететін ұлтжанды де­путат Алдан Смайыл, осы топтың кешегі өткен отыры­сында, дау туғызар көптеген позициялар бойынша шешім қабылдау­ды кейінге қалдырды, ол Мәжілістің Заң­нама және сот-құқықтық реформа ко­ми­тетіне әлгі бап­тарды және соларға қатысты депу­тат­­тардың енгізген түзетулерін ма­мандармен жеке қарап, бірыңғай ұстаным-байлам түзуді ұсынды.

Отырыс барысында бірқатар депу­тат­тар балаларды теріс ақпараттардан қор­ғауда батыстық озық үлгілерге сүйенуді, тіпті кейбірі Ресейдің осының алдында қабылданған заңының жақсысын алуды ұсынған. Бірақ жұмыс тобының жетекшісі Батысқа жалтақтаудың жақсылық әкел­мейтіндігін ұғындырды:

– Менің шошитын бірдеңе бар, – деді әріптестеріне қайырылған Алдан Смайыл. – Осы заңды талқылағанда естеріңізде бол­сыншы! Таяуда ғана Франция парла­менті бір жынысты некелерді мақұлдады. Америка президенті кандидат болғанда, сондайды жақтап шықты. Енді елді осыған дейін жеткізбеу үшін бірдеңе істеуіміз керек! Осы заңның мағынасы да сол. Еуро­па–Еуропа дегенде, оның жеткен жері жаңағы болып отыр. Масқара! Фран­ция парламенті бүкіл адамзатқа қарсы, Алланың жаратылысына қарсы шешім қабылдады. Осыдан кейін шошынасың. Осыдан кейін біздің қолда бар мүмкіндікті мына заңға енгізуіміз керек. Ештеңеден қалтырамай, жасқанбай.

Еуропа демек, еліміздің Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Д.Миятович офисінің осы заң жобасына қатысты түсініктемесін жолдапты. Онда еуропалық осы ұйым тарт­қан сарапшы: «аталған заң жобасы цензура ретінде бағалануы мүмкін тыйымдар мен шектеулерді ендіруге жол ашады» деген «ортақ қорытындыға» келіпті. Демек, бұл құжат айналасында алда талай пікірталастар жүретінге ұқ­сайды.

Бұл заңның қабылдануын кешіктіруі мүмкін тағы бір қызықты жайт мәлім бол­ды: жұмыс тобының жиынында оның жобасының орыс тіліндегі мәтініне қа­тысты кейбір түсінбеушіліктер туындаған. Мұның мәнісі мынада болып шықты: «Ба­лаларды денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау туралы» заң жобасы – қазақ тілінде жа­зылған заң екен! Кейін оны орыс тіліне аудару кезінде сәйкессіздіктер кеткендігі хабарланды. Осы орайда аудармашы­лар­-ға жұмыс табылып отыр.

Бұл заңның тыйымдары тек телеарна, радио және баспасөзге ғана емес, интер­нетке де таралуы мүмкін. Осыған байла­нысты жобадағы біраз бапты «орындау мүмкіндігінің жетіспеушілігіне орай», алып тастау ұсынылған. Бұған жұмыс тобы­ның жетекшісі қарсы шықты. «Жал­пы, кодтау арқылы баланың теріс ақпа­раттарды көру мүмкіндігін шектеуге бо­лады,– деді Алдан Смайыл. – Бұл – тех­ни­калық жағынан мүмкін дүние. Ал оны ата-аналардың барлығы бірдей істей ала ма, жоқ па, ол – басқа мәселе. Бірақ заң­-да осыны бекітеміз бе, жоқ па, мә­селе сонда».

Депутаттың пікірінше, баласының «жо­ғарғы, ақпараттық» құралында әл­гіндей «сүзгіні» орната алмайтын ата-ана­ларға провайдерлер көмекке келуі қажет. «Интернеттен хабар тарататындардың өздері балалардың бәленбай уақытта көруіне, тағы басқаларына өз тарапта­рынан шектеу қоя алады. Сондай келі­сімдер бар» деген Алдан Смайыл ми­нистрлік өкіліне бұрылды: «Мысалы, Мә­дениет және ақпарат министрлігі Қа­зақстандағы интернет таратушылармен осындай келісімге отыра аласыздар. Он­дай мүмкіндік бар. Еуропада 32 ірі ин­тернет-провайдерлермен келісімге отыр­ған: «балаларға мынадай-мынадай ақпа­раттарды көрсетуге мүмкіндік бер­мейсіздер» деп. Мына мәселе содан алынып отырған дүние. Ендеше, неге Қазақстанда мүмкін емес?! Бәрі мүмкін!» деп шорт кесті топ басшысы.

 

Тәуелсіз кәсіподақтар жұмысын жандандырудың қандай жолдары бар?

 

/«Алаш айнасы». 12.02.2013. Қанат Бірлікұлы./ - Талғат Мекебаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы: 

– Менің ойымша, біріншіден, 1993 жылы қабылданған кәсіп­одақ­­­тарға қатысты заңды қайта қарайтын уақыт жеткен секілді. Яғни осы заңға өзгерістер енгізіп, оған «жұмыс беруші қызметкерді кә­сіп­о­дақ­тың келісімімен ғана жұмыстан шығара алады» деген бап ен­гізуіміз керек. Осының нәтижесінде кәсіподақтарға деген көз­қарас түзеліп, жауапкершілік артар еді. Екіншіден, белгілі бір ұжым­да еңбек дауы тумауы үшін әр ұжым өзінің ұжымдық шартын жа­сағаны жөн. Ол шартта жұмыс беруші мен жұмыс алушы арасын­да­ғы міндеттер айқын­далуы қажет. Үшіншіден, әлеуметтік серік­тес­тіктің дамуына мүм­кіндік туғызу жолын қарастыру керек. Мыса­лы, біздің универси­тетте басшылық пен кәсіподақ арасында әлеу­­меттік серіктестік орна­ған. Оның айғағы ретінде 2012 жылы мем­лекеттік бағдарлама бо­йын­ша 118 қызметкерімізге әр шар­шы метрі 350 АҚШ доллары тұра­тын пәтер алып бергенімізді айтуға бо­лады. Яғни біз әлеуметтік серік­тестікке қол жеткізу арқылы осын­дай кешенді жобаларды жүзеге асыру­ға мүмкіндік алып отырмыз. Еліміздегі кәсіподақ ұйымдары да осын­дай дәрежеге жетсе, кәсіподақтар жұмысын жандандыруды жол­ға қойған болар едік.  

Камал Бұрханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Меніңше, кәсіподақтардың аяқ-қолын шідерлеп бай­лап қойған ешкім жоқ. Сондықтан да кәсіподақтардың жұмысын жандан­дыру үшін Үкімет, жұмыс беруші және кәсіподақ біріге отырып, жұмыс жүргізуі керек. Бірақ бүгінгі кәсіподақтарды кеңестік кезеңдегі кәсіподақтармен салыс­тыр­мауымыз керек. Ол кезде кәсіподақтар тікелей партияның меңзеуімен жұмыс істейтін. Менің ойымша, бүгінгі кәсіподақтар заманға сай болуы қажет. Бір мысал айтайын. Біз жақында өңірлерді аралап келдік. Сол сапар барысында Алматы қаласындағы құры­лыс нысандарында 90 пайыз өзге елдің азаматтары жұмыс істеп жатқанын ес­тідік. Біздің азаматтар жалақы аз деп жұмыс істе­мей­тін көрінеді. Мұндай мә­селені болдырмау үшін кәсіподақтар сол нысан­дар­дағы жалақының азды­ғын көтеруі керек қой. Тура осы мәселені қалалық әкімшілік, кәсіподақ ұйым­дарының төрағалары, құры­лыс компанияларының басшылары бірігіп шеш­се, кәсіподақ­тар­дың беделі көтерілер еді. Мұны айтып отырған себе­бім, кәсіп­одақ­тар жұмысын жандандырудың төте жолын сол кәсіподақтар өз­дері табуы, сол бағытта жасауы қажет.   

Оразәлі Сәбден, академик: 

– Дүниежүзіндегі дамыған елдердің көпшілігінде – Польшада, Францияда кәсіподақтардың рөлі аса жоғары. Бұл мемлекетте кәсіподақ дегеніміз халықтың әр саладағы электорат жағдайын жасап, демократиялық жүйесін қалыптастырып отыр деуге болады. Біз қазір 2050 жылы 30 елдің қатарына қосыламыз деп отырмыз. Ол биікті бағындыру үшін кәсіпке мән беру, өндірісті күшейту қажет. Ал біздің кәсіподақтарымыз жұмысшының айлығынан жарнасын алғанымен, жұ­мыс істемейді. Мұндай жайды болдырмау үшін алдымен кәсіп иелері интел­лектуалды һәм кәсіби күшін біріктіріп, кәсіпорынды дамытудың, жұмысшылардың жайын жасаудың жолдарын қарастыруы керек. Екіншіден, бізде кәсіби азамат­тық-патриоттық белсенділік жоқ. Ол аздай, көптеген қызметкер заңды, өзде­рінің құқығын, қызмет орнының жарғысында көрсетілген міндеттерді біле бер­мейді. Үшіншіден, Парламент «ҚР Кәсіподақтар туралы» Заңын қайта қарап, кү­­­шей­ту керек. Төртіншіден, біз кәсіподақтар жұмысын жандандырғымыз келсе, «Де­меу­шілер» заңын жасап, қабылдауымыз керек. Сол заң аясында халыққа кө­мек­тес­кен, ғылыми жаңалық ашқан ғалымдарға қол ұшын созған т.б демеу­ші­лерді салықтан босату қажет. Сонда ғана біздегі адами белсенділік артып, кә­сіп­одақтар демеушілермен жұмыс істеу арқылы идеяларын жүзеге асырар еді.

 

 

Қазақстан "SKODA" автокөлігінің жаңа үлгісін шығарады

 

/«Хабар» агенттігі. 13.02.2013./ - Бүгін Премьер-министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрі Мартин Кубомен кездесті. 

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін жеткізді. Келіссөздердің нәтижесінде бизнесті дамыта отырып, екі жақты біріккен кәсіпорын өндірістерін құруға уағдаласты. Бұл салада Чех мемлекетімен жасалған және іске асырылып жатқан біршама жобалар бар. Бүгінге дейін екі ел арасында 80-ге жуық біріккен кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар Қазақстанда өз өнімдерін шығарып отыр. Алдағы сәуір айында Қазақстанда Чехиямен біріккен технологиялық орталық ашылады. Орталықтың негізгі мақсаты - құрал-жабдықтар шығарып, Қазақстанда технология саласын әрі қарай дамыту. Осы саладағы мол тәжірбиесін бізбен бөліспек ниетте. Келешекте екі ел бизнесмендері біріккен кәсіпорындар құрып, шыққан тауарларды тек қана Қазақстанда ғана емес, көрші мемлекеттерге, соның ішінде кеден одағы аясына шығару жоспарланып отыр. Қазақстанның Чехиямен жасаған алғашқы жобасы - Өскеменнің Азия Авто зауытында "SKODA" автокөлігін шығару болатын. Қазір зауытта аталмыш көліктің бір-екі түрі құрастырылуда.

Мейрам ПІШЕМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

-Бұл жөнінде де жаңа келіссөздер болды. Шкоданың бір-екі модельі ғана қазір шығып жатыр, соны ары қарай дамытып, 5-6 модельге дейін жеткізіп, тек қана құрастырып қоймай, толық зауыт салып, бізден шығару керек деген талап қойдық бұл кісілерге. Чехия жағы қолдап отыр, мұнай, темір жол саласындағы машина жасауды дамыту, энергетика, оның ішінде жасыл экономикаға байланысты желдің, күннің, судың энергиясын дамытуға байланысты келісімшарттарға жетті. 

Мартин КУБО, ЧЕХИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІ: 

-Біз Чехияда сіздердің экономика саласының өсу деңгейін жіті бақылап отырмыз және Қазақстан Үкіметінің индустриялды кластерді дамытуда қолданып отырған шараларына оң баға береміз. Біз жаңа технологиямен бөлісуге және маман оқытуға дайынбыз. Өз кезегінде біз сіздерге Чехиядағы мұнай, химия саласында әріптестік аясын кеңейтуге ұсыныс білдіреміз. Әріптестігіміз ұзағынан болады деп ойлаймын. 

Одан кейін мәртебелі мейман алда ашылатын Қазақстан-Чех технологиялық орталығының жұмысымен танысты. Орталық болашақта жылына 900млн теңгенің өнімін шығаруды жоспарлап отыр. Қаржы капиталының барлық көлемі 1млрд 679 млн теңге. Оның үштен екісі Чехия елі жағынан келген станоктар мен құралдар. Еуропа елдерінің 70 пайызы машина жасау, локоматив құрылысы, энергетика саласында чехтардын станоктарын колданады. Астанадағы технологиялық орталыққа да қазіргі таңда Чех елінен 9 құрылғы әкелінген. Локомативтің сынған саймандарын қайта жөндейтін бұл станоктың тілін білетіндер біздің елде саусақпен санарлық. Сондықтан жуырда жеті маман құрылғылардың қыр-сырын меңгеру үшін Чехияға барып біліктіліктерін арттырып келді. Олардың қатарында Руслан Бабамұрадов та бар. Жас инженер, енді білгенін басқаларға да үйретпек.

Рүстем БАБАМҰРАТОВ, СТАНОКТІК ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ: 

-Бұл станок негізінен қайта жөндеуге арналған. Бұрындары, локомативтерге арналған мына "флансалар" істен шықса, қайтадан сатып алуға тура келетін. Оның біреуі 5млн теңге тұрады. ал, енді мына құрылғы арқылы біз оны жөндей аламыз. Бұдан бөлек біз локоматив зауыттарымен де жұмыс жасаймыз. Олардың бұйымдарын біз қайта өндейтін боламыз. 

 

Ғалымдарға арналған «Академик» клубы ашылды

 

/«Қазақстан ТРК». 13.02.2013. Мөлдір Нұрман./ - «Қазақстан-2050» стратегиясы отандық ғылымды дамытуға басымдық береді. Бұл жұмыстар екі басты бағыт бойынша жүзеге асырылады. Алғашқысы, зерттеулер сапасын халықаралық деңгейге жеткізу, кейінгісі ғылымды экономика мен инновацияға тікелей бағыттау. Бұл ғалымдарға жаңа мақсаттарды міндеттейді. Астанада «Академик» атты клубтың ашылуына жиналған академиктер мен профессорлар бірқатар өзекті мәселерді талқылады.

Ел индустриясының алдында инновациялық даму міндеті тұр. Ғалымдарға да инновациялық тұрғыдай ойлауға ойысу керек. Бұл мақсатты іске асыру үшін Назарбаев университетінің жанынан инновациялық-интеллектуалдық кластері құрылады және өзге де 11 оқу орыны айналасады. Мәселе, маман тапшылығында. 1 миллион адамға 1 мың зерттеушіден ғана келеді, бізде. Ал, шетелде 3-5 мыңнан тиеді. Қазір жас ғалымдарды ынталандыру қолға алынды.

 Амандық Төлеш, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары:

100 адам ғылыммен айналысып жатса, оның 30-ы жас ғалым. PH-D докторантураны қолдау бойынша ғалымдарды дайындау мемлекет тарапынан жүріп жатыр. 3 жылға ақша бөлінеді-дағы, әрбір жас ғалым өзінің жұмысын шетелдік консультанттармен бірге жүзеге асырады.

 Әттеген-айы, жергілікті кәсіпкерлер өз ғалымдарымыздың ғылымына жүгіне бермейді. Шеттен арзан әрі дайын технологияны сатып әкеліп, өндіріске енгізгенді оңай көреді. Ендігі жерде, мемлекеттің жәрдемінен жетілген ұлттық және аймақтық технопарктер отандық ғылыммен етене жұмыс істеуге жұмылдырылмақ. 

 Уәлихан Бишімбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі, академик:

Бұл міндетті Заңмен негіздеп, талапты күшейтуді көздейміз. Ғылыми орталықтар мен технопарктердің арасында әріптестік қатынас орнауы қажет. Сонда ғана жұмыс алға жүреді. Индустриялды-инновациялық дамуымызға тежеу болып жатқаны да осы, ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында байланыс жоқ.

 Ғылым қуған ғалымдардың барлығы бірдей елге танылып жатқан жоқ. Кітаптан оқығаны болмаса, бүгінгі ұрпақ біле де, бермейді, кімнің білімін санасына тоқып жүргенін. Ғылымды дәріптеу, ғалымдарды насихаттау кенжелеп барады,  дейді академик Жабайхан Әбділдин. 

Жабайхан Әбділдин, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Бүгін сен жазып жатсың ба, кітап шығарып жатсың ба, соны көрсетудің жағы нашарлап кеткен. Сондықтан да, мен ойлаймын, біріншіден, ғылымға көмек берілуі керек. Екінші жағынан, не жасалып жатыр, ғылымда, көркем әдебиетте қандай тұлғалар пайда болды, қандайдан үлгі алу керек, деген мәселелерге қатты көңіл бөлу керек. 

 Бүгінде 400-дің төңірегінде ірілі-ұсақты ғылыми-зерттеу орталықтары бар. Бұған қоса, Академиялар да, академиктер де, ғылым докторлары мен кандитаттары да баршылық. Кілтипан, сан мен сапада болып тұр. Бір тәуірі, жаппай дисертация қорғаудың тәртібі өзгерді. «Академик» клубы ғалымдардың өзекті мәселелерді ортаға салатын ордасына айналатын болды.  

Мақсұт Нәрікбаев, Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, академик:

Аты «Академик» деп аталғанымен, тек академиктер жиналмайды, белгілі ғалымдардың бас қосатын орыны болады. Меніңше, бұл клубтың келешегі зор болады, деп есептеймін.

 Ғылымды қолдауға қаражат қоры молайды. Соңғы үш жылда үш есеге өсті. Ғалымдар еліміздің өркендеуіне үлес қосуға әрдайым, даяр. «Оқусыз білім жоқ» сияқты, ғылымсыз тірлік алға баспайды. Ендеше, ғалымдардың арқасында ғұлама ел ретінде танылатынымызды біле жүрейік.

 

Үкімет басшысы криминалистикалық зертхана жұмысымен танысты (толығырақ)

 

/«Қазақстан ТРК». 13.02.2013. Ғабит Ұзақбай, Дулат Абибуллаев./ - Бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметов Ішкі істер министрлігіне қарасты жедел криминалистикалық зертхананың жұмысымен танысты. Аты айтып тұрғандай зертхана жедел жұмыс жүргізуге қажетті құрылғылармен жабдықталған. Ал, түстен кейін Парламент қабырғасында тап осы ішкі істер органдары туралы Заңның жаңа редакциясы таныстырылды. Жаңа Заң жобасында полицейлерге ескертусіз қару қолдану құқығы қарастырылып, жол полициясы мен әкімшілік полицияны біріктіру секілді жаңашылдықтар енгізілген.

 Үкімет басшысы Серік Ахметов Ішкі істер министрлігінің криминалистикалық зертханасында болып, қылмыстың ізін суытпай ашуда қолданылатын заманауи технологиялармен танысты. Мұнда Премьердің назарына денесі темір тормен қапталған, көзден жас ағызып, су мен газ бүркитін машина мен ДНҚ арқылы адамды тануға арналған соңғы үлгідегі құрылғы көрсетілді.

Мейрамқұл Шәйкенов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел криминалистика департаменті бастығының орынбасары:

Бұл зертхананың артықшылығы үш сағаттан үш күнге дейін зерттей аламыз, қысқа мерзімде. Бұл дегеніміз, Үкіметтің ақшасын үнемдеуге болады және кінәлі, кінәсіз екендігін үш сағаттан үш күнге дейін бере аламыз.

 Жалпы жуық арада ішкі істер органдарының құзыреті жаңа заңмен реттелмек. Бүгін Парламент қабырғасында «Ішкі істер органдары туралы» өзгертілген Заң жобасының таныстырылымы болды. Вице-министрдің сөзінше, қолданыстағы заң ескірген. Жаңа жобада жаңашылдықтар аз емес.

Ерлік Кененбаев, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары:

Жаңа редакцияда біз ішкі істер органдарының міндеттерін өзгерттік. Қолданыстағы заңда оның міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыспен күресу болса, жаңа жобада Қазақстан халқына қызмет етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған міндеттерге баса мән берілген.

Сондай-ақ, жаңа заң қабылдана қалған жағдайда, полицейлерге ескертусіз қару қолдану құқығы берілуі мүмкін. Яғни, ішкі істер қызметкерінің өміріне қауіп төніп тұрса, ол алдын ала ескертусіз оқ атуы мүмкін. Жаңа құжатпен танысқан халық қалаулылары заң жобасын дайындағандарға тағы басқа өзекті мәселелерді қамтуды сұрады.

 Алдан Смайыл, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Балаларды зорлайтын сұмдық шықты. Педофил, дейміз ғой. Оны қай қылмысқа жатқызасыз? Қалай іздейсіз? Сіздің бір учаскелік полицейіңіз барады да қылмыстың барлық түрімен айналысады. Баяғыда, ауылда фельдшер-дәрігер деген болатын, акушердің де міндетін сол атқарады, хирургтың да міндетін сол атқарады. Ішкі істер қызметкерлері қазір сол сияқты болып кетті. Осыған байланысты мамандандыру, ішкі істер қызметін мамандандыру, деген бап болу керек.

 Басқосуда учаскелік полицейлердің жағдайы да сөз болды.

 Нұртай Сабильянов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Елді мекендердегі көп мәселелер осы учаскелік полицейлерге байланысты. Мал ұрлау бар, ұсақ қылмыстар бар, басқа да қылмыстар бар. Міне, осыларға байланысты, кей кезде қарап отырамыз, олардың машиналары жоқ. Бір ауылдан екінші ауылға жете алмай, такси  ұстап тұрады. Сондықтан, сіздер осы жағына көңіл бөлсеңіздер.

 Серік Сүйінбаев, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

Учаскелік инспектор бар. 1898 учаскелік инспектор керек болып тұр. 1800 қызметкерде автокөлік бар. Қосымша бізге 1338 автокөлік керек болып отыр.

 Жаңа заң жобасына бұдан бөлек «құқық қорғаушыларға қару сатып алу мен атыс қаруынан бөлек, өзге де қаруларды қолдану құқығын беру» және «әкімшілік полиция мен жол полициясын біріктіру» секілді  баптар енген.

 

Адам құқықтары жөнінде Ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленуде

 

/«Қазақстан ТРК». 13.02.2013. Гүлжазира Ғалиқызы./ - Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов бүгін БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы басшысы Стивен Туллмен кездесті. Басқосуда тараптар еліміздегі адам құқықтарының жалпы ахуалын және осы саладағы ынтымақтастық мәселелерін талдады. Комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов Адам құқықтары жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ал, Стивен Тулл комиссияның қызметіне жоғары баға бере отырып, Адам құқықтары жөнінде жаңа Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуге көмектесуге дайын екенін жеткізді. Қазақстан БҰҰ аясындағы Адам құқықтары жөніндегі Кеңеске мүше 47 елдің бірі. Сондықтан, Адам құқы - Елбасы жария еткен, 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасының негізгі өзегіне, іргетасына айналып отыр,- деді Қуаныш Сұлтанов.

 Қуаныш Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы:

Біз қалай дамимыз? Ең алдымен, адам құқымен. Яғни, біздің мемлекет адам арқылы біздің халқымыздың сапасы, санасы арқылы жүрмек. Қандай да технологиялық жаңалықтарды жасайтын не? Адамның білімі, ақылы, санасы.

 

Мемлекеттік бағдарламалар бір жүйеге келтіріледі

 

/«Қазақстан ТРК». 13.02.2013. Мөлдір Нұрман./ - Жоспарсыз жұмыс - бос әурешілік. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру барысында барлық министрліктер мен барлық деңгейдегі әкімдіктердің қол жеткізетін көрсеткіштерінің өлшемі белгіленуі тиіс. Бұл мемлекеттің жүйелі дамуына мүмкіндік береді. «Қазақстан-2050» стратегиясында елге тиімсіз бағдарламалардың санын азайту міндеттелген болатын. Осыған орай, кейбір заңнамаларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестендіруге тура келді. Бүгін Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында осындай Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Әлі Сенаттың талқысынан өтетін құжат қабылданса, керексіз бағдарламалар жойылып, олардан үнемделген қаржылар басымдық берілген мақсаттарды жүзеге асыруға жұмсалатын болады. Заң жобасы күшіне енгенде әрбір мемлекеттік орган өзінің стратегиялық жоспары негізінде жұмыс істеуге кіріседі. Олардың еңбектері елдің негізгі құжаттарында белгіленген межені орындаумен өлшенетін болады. Орындайтын шенеунік болса, Заң жобасына енгізілген өзгертулер халыққа пайдалы. Алайда, депутаттар талапты орындамаған лауазым иелеріне жазаны күшейту қажеттігін айтты. Заң жобасын шала-шарпы әзірлеп әкелген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрін сын-сұрақтың астына алды.

 Орал Мұхамеджанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Әртүрлі мақсаттарға бағытталған бағдарламаларда көзделген мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізіле бермейді. Олай дейтініміз, 2-3 жылдан соң жаңа бағдарламалар қабылданып, солардың төңірегіндегі үйреншікті абыр-сабыр басталып кетеді де, тағы біраздан кейін оларды да шала-пұла орындай салып, басқа бір жобаларға ауысып кетеміз. Ал енді, облыстарда, аудан-қалаларда жағдай бұдан да бетер. Онда жаңадан келген әкім бұрынғы бағдарламаларды архивке жіберіп, өз дәуірін жаңа бағдарлама қабылдаудан бастайды. Сөйтіп, бірі жағалай бордюр қоюды, екіншісі ағаштардың балағын ақтауды, үшіншісі үйлердің көше жақ қабырғаларына түрлі-түсті бояу жағуды ермек қылады.

 Ерболат Досаев, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:

Шынымен, сонша бағдарламаның ішінде өзгерістерді енгізіп отырмыз. Жыл сайын индикаторларға жетпесек, бағдарламаларға өзгертулер енгізіп отырмыз. Ол жағынан әр Заң жобасында, әр бағдарламалардың ішінде осы лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін көтеру үшін сондай нормаларды кіргізіп отырмыз. Енді өздеріңіз білесіздер, барлық жерде, бәрі осы жұмысты бітірдік, жауапкершілікті бөліп, әр органдарға кіргіземіз, деп айта алмаймын.

 

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінде парламенттік дипломатияны дамыту мәселелері талқыланды

 

/«ҚазАқпарат». 13.02.2013./ - 12 ақпан күні ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен 2013-2015 жылдарға арналған парламенттік дипломатияны дамыту Жол картасын келісу мақсатында жұмыс отырысы болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

Отырыс жұмысына Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, Мәжілістің халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, сенатор Мұхтар Алтынбаев, мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Владислав Косарев, Жұматай Әлиев, Азат Перуашев, Айгүл Соловьева, ҚР Бас Прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, сонымен қатар Сенат пен Мәжіліс аппаратының қызметкерлері мен сыртқы саяси ведомство өкілдері қатысты.

Кездесу барысында парламенттік дипломатияны дамыту, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара ықпалдастық пен жұмысты үйлестіру мәселелері қарастырылды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы өскен беделін және жаңа ғаламдық сындар туралы айтып өтті, бұл өз кезегінде ҚР сыртқы саясатын жаңарту мен дипломатияны жүргізудің жаңа формаларын қолдануды талап етеді.

Заң шығарушы биліктің сыртқы саясатты жүзеге асыруға барынша белсенді араласып отырған шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, әсіресе Еуропарламент осының айқын мысалы бола алады, қазақстандық депутаттар мен дипломаттар парламенттік дипломатияны дамыту Жол картасының жобасын талқылау мен үйлесімділікті нығайту мақсатында жиналды.

Отырыс қорытындысында қатысушылар сыртқы саясатты дамыту бойынша келісілген жұмыстар жүргізу мен шетелдердегі парламенттермен ынтымақтастықты белсендетуге келісті.

 

Депутаттар «Қазақстан – 2050» стратегиясын халыққа насихаттады

 

/«24 KZ». 13.02.2013./ - Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысын шығарды.

Депутаттар тұрғындарды «Қазақстан – 2050» стратегиясының басты талаптарымен таныстырып, халықтың 50%-дан астамы құжатты жақсы біледі деген тұжырымға келді. Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бейбітшілік пен келісім бойынша партияаралық әріптестікті жетілдіру қажет екендігін айтуда. Бұл тәжірибе облыстық мәслихат деңгейінде де қолданылатын болды.

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз ақпан айының соңына жақын облыстық мәслихаттардың депутаттық топ жетекшілерін ҚР Парламентіне шақырып, депутаттар қалай жұмыс істеп жатқандығын оларға көрсетіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмысымен таныстыру мақсатында семинар өткіземіз.

 

 «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының отырысы өтті

 

ҚазАқпарат». 13.02.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының  кезекті отырысы болып өтті. Онда Мемлекет басшысының  Қазақстан  халқына  Жолдауын  насихаттаудағы ақпараттық  жұмыстардың негізгі артықшылықтары жайында сөз болды.

Жиын барысында депутаттық  топ жетекшісі Жұматай Әлиев Мәжіліс депутаттарының өңірлерде болған жұмыстарын  қорытындылады. Оның айтуныша, Қазақстан  халқы Ассамблеясынан  сайланған депутаттар Қазақстан Республикасының  Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жасаған Жолдауын насихаттау барысында республиканың 59 елді-мекенінде болып, халықпен 87 кездесу өткізген. Ондай кездесуге 13 700 қазақстандықтар қатысса, депутаттардың жеке қабылдауында 90 адам болды.

Сонымен қатар, отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында ел Президентінің бейбітшілік пен бірлікті сақтау, қоғамдық  және этносаралық келісім мәселелері бойынша, партияаралық ынтымақтықты ұйымдастыру үшін депутаттық топ  құру жөніндегі берген тапсырмасы жайында сөз болды. Осы тапсырма аясында өңірлердегі  мәслихаттардағы депутаттық топтар басшыларымен семинар-кеңес өткізу қарастырылып отыр.

Депутаттық топтың отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л. Прокопенко мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының этносаралық және конфессиялық қатынастарды зерттеу  орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова қатынасып сөз сөйледі.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отырысы өтті

 

/«Қазақстан ТРК». 13.02.2013. Перизат Ермекқара./ - Халқымыздың бірлігі - Қазақстанның алға дамуының баға жетпес кепілі. Елбасының  Ассамблеяның XIX сессиясында айтқан пікірлері дөңгелек үстелде кеңінен талқыға түсті. 100-ден астам ұлт пен ұлыстың басын қосқан қоғамдық институттың маңызын парықтауға Ассамблея мүшелері жиналды. Қазақстан халқы бірлігінің негізі - азаматтардың тең құқығы мен еркіндігінің сақталуы. Нақтырақ айтқанда, ұлттар арасындағы төзімділікті күшейтуде Ассамблея жұмысының маңызы зор. Сонымен қатар, жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының өңірлерде болып, Елбасы Жолдауын насихаттаудағы жұмыстары қорытындыланды. Ендігі қадам - ұлттық бірлікті нығайту жұмыстарын жалғастырып, Ассамблеяның қызметін азаматтық қоғамның жетекші ұйымдастырушы күші ретінде нығайту. Әсіресе, мұндағы басым бағыттардың бірі - барлық этностардың мемлекеттік тілді меңгеруіне қолдау көрсету.

 Розақұл Халмурадов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА-ның мүшесі:

Еліміздің барлық азаматтары қазақ тілінде сөйлеп кетсе, біз елімізді қазақ мемелекеті деп атаймыз дегенде, халық өте бір қуанышпен қабылдады. Сол біздің мына Алаш асылдардан келе жатқан біздің армандарымыз іске асатын болды ғой деген үмітпен. Сондай жақсы көтеріңкі күймен біз осы Елбасының барлық тапсырмасын орындауға бірге ат салысамыз, деген ниеттерін де білдірді.

 

 

Депутаттар «Қазақстан – 2050» стратегиясын халыққа насихаттады

 

/«24 KZ». 13.02.2013. Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысын шығарды.

Депутаттар тұрғындарды «Қазақстан – 2050» стратегиясының басты талаптарымен таныстырып, халықтың 50%-дан астамы құжатты жақсы біледі деген тұжырымға келді. Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бейбітшілік пен келісім бойынша партияаралық әріптестікті жетілдіру қажет екендігін айтуда. Бұл тәжірибе облыстық мәслихат деңгейінде де қолданылатын болды.

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз ақпан айының соңына жақын облыстық мәслихаттардың депутаттық топ жетекшілерін ҚР Парламентіне шақырып, депутаттар қалай жұмыс істеп жатқандығын оларға көрсетіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмысымен таныстыру мақсатында семинар өткіземіз.

 

 

Мәжілісте жаңа заң жобасының таныстырылымы өтті

 

/«Хабар» агенттігі. 13.02.2013./ - Бүгін Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде жаңа редакциядағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. 

Депутаттардың алдында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев баяндама жасады. Оның сөзіне қарағанда қазіргі қолданыстағы заң 1995 жылы қабылданған және соңғы 17 жыл ішінде туындаған жаңа талаптарға толықтай сай келмейді. Жаңа құжат бойынша ішкі істер органдарына қоғамдық бақылау жүргізу, полиция қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау және олардың кәсіби біліктілігін көтеру көзделген. 

Ерлік Кененбаев, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

-Осы біз реформа жүргізіп жатырмыз. Мамандандыру мәселесімен. Бір оқу орнында Әкімшілік полиция, бір оқу орнында тергеушілер, бір оқу орнында криминалистерді дайындау жөнінде. Бұл өз нәтижесін береді деген ойдамыз. Қазір бір оқу орнында криминалист, полицейді де бәрін бір жерде дайындайды және тиісті, сапалы білім алып жатқан жоқ. 

 

 

 

 

Өңірлерде атқарылған насихат жұмыстары қорытындыланды

 

/«Хабар» агенттігі. 13.02.2013./ - Өңірлерден оралған Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы-ныңдепутаттар тобы, бүгін, атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Еліміздің 59 елдімекенінде болған депутаттар халықпен - 87 кездесу өткізген. Жалпы бұл іс-шараларға 14 мыңға жуық тұрғын қатысыпты. Депутаттардың жеке қабылдауында 90 адам келген. Кездесулер барысында Мәжіліс депутаттары жергілікті аймақтарда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, отандас-тарымызға арнаған «Қазақстан-2050» стратегиялық Жолдауын насихаттады. Бұл құжатты жүзеге асырудағы - тиімді тетіктер төңірегінде де, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
-Халықтың ең бірінші айтып жатқан мәселесі Елбасы өзінің Жолдауында қазақ тіліне, мемлекеттік тілге ерешке мән бергендігіне, егер осы мемлекеттік тіл - қазақ тілі жаппай қолданысқа ие болып, еліміздің барлық азаматтары қазақ тілінде сөйлеп кетсе, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атаймыз дегеніне халық өте бір қуанышпен қабылдады. Біз осы Елбасының тапсырмасын бәрін орындауға бірдей ат салысамыз деген ниеттерін де білдірді. 

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 19-шы сессиясында, Елбасы - бейбітшілік, қоғамдық және этнос-аралық келісім мәселелері бойынша, партия-аралық ынтымақ-тастықты ұйымдастыру үшін, депутаттық топ құру туралы айтқан болатын. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, өңірлер-дегі мәслихат депутаттары тобының жетекшілері-мен, ақпанның 20-22-сі аралығында, семинар-кеңес ұйымдастыру көзделіп отыр.

 

 

Құқықтық кеңістік жайы талқыланды

 

/«Хабар» агенттігі. 13.02.2013./ - Қазақстандағы құқықтық кеңістіктің сапасын арттыру жайы - бүгін Мәжіліс қабырғасында көтерілді. 

Бұл туралы Парламент депутаты, Қуаныш Сұлтанов, БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы басшы өкілі - Стивен Туллмен кездесу барысында айтылды. Тараптар, елдегі адам құқықтарының жалпы ахуалын және осы саладағы ынтымақ-тастық мәселесін талдады. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, депутат Қуаныш Сұлтанов, 2020-шы жылға дейінгі аралықты қамтитын, Қазақстан-ның адам құқықтары саласындағы Ұлттық Іс-қимыл жоспарының жаңа жобасын таныстырып өтті. Сөз кезегінде Стивен Тулл БҰҰ-ның адам құқықтары саласында дайындалып жатқан жаңа жобасын әзірлеуге, барынша көмектесіп, жан-жақты ынтымақ-тастыққа ашық екендіктерін жеткізді.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ: 

-Үлкен пікіралмасу болды, біз осы тұрғыдан қазір 2020 жылға дейінгі адам құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты жаңа бағдарлама жасап жатырмыз. Елбасының тапсырмасы бойынша осы бағдарлама жасалып жатыр. Сол бағдарламаға даму бағдарламасының БҰҰ өздерінің қосатын үлестері болады, белгілі бір рухани жағынан болсын яғни құқықтық кеңестік сапасын көтеруге ықпал етуіміз керек. 

 

 

ҚР Президенті Мәжіліс төрағасын қабылдады

 

BNews.kz». 14.02.2013./ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.

Н.Нығматулин Қазақстан Президентіне V сайланымдағы Парламент Мәжілісінің заң шығару жұмысы туралы баяндады. Бұған қоса, Парламенттің төменгі палатасының төрағасы депутаттардың еліміз өңірлері тұрғындарымен кездесулерінің қорытындылары туралы айтты.

Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын дайындау тақырыбы да қозғалды.

Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 133 заң жобасы қабылданғанын атап өтті. Сенатқа жолданған 84 заң жобасының 63-і бүгінде заңдық күшіне енді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, Үкіметпен бірлесіп әлеуметтік жаңғыртуды қамтамасыз ету және «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мәселелеріне байланысты жұмыс жоспары дайындалды.

Мемлекет басшысы парламентшілердің халықпен кездесуінің маңыздылығына назар аударды.

«Депутаттар еліміздің барлық өңірін аралап шығып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру жұмыстарын жүргізді және атқарылған істер туралы айтып берді. Бұл өте маңызды. Биыл бұдан да көп әрі белсенді жұмыстар күтіп тұр», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті заң жобаларын әзірлеу кезінде кешенді талдаудың қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы талқыланған мәселелер бойынша тиісті тапсырма берді және бірқатар нақты міндет жүктеді.

 

Елбасы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

 

/«Хабар» агенттігі. 14.02.2013./ - Бесінші шақырылымдағы Парламенттің осы уақытқа дейінгі жұмыс кезеңінде 133 заң жобасы қабылданып, Сенатқа жолданған 84 заң жобасының 63-і заңдық күшіне енді. 

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деп мәлімдеді. Мәжіліс төрағасы Елбасына бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің заң шығару жұмысы және депутаттардың аймақ тұрғындарымен кездесулерінің қорытындылары туралы баяндады. Сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын дайындау мәселесі де сөз болды. Өз сөзінде Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясын насихаттау жолында депутаттардың халықпен жүздесуінің маңызы зор екенін айта келе, алда бұдан да белсенді жұмыстар тұрғанын нықтады. Бұған қоса Мәжіліс төрағасына заң жобаларын әзірлеу кезінде кешенді талдаудың қажеттігіне назар аудару қажеттігін және тағы бірқатар нақты міндеттер жүктеді. 

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Елбасымызға Парламент Мәжілісінде атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы баяндалды. Сонымен бірге Президентіміздің «Қазақстан-2050» стратегиясы мен тағы да басқа әлеуметтік бағдарламаларды заң жағынан талдау да айтылды. Нұрсұлтан Әбішұлы барлық мәселелерге қатысты тиісті зейін қойып, нақты тапсырмалар берді. 

 

Н.Нығматулин Қазақстан Президентіне V сайланымдағы Парламент Мәжілісінің заң шығару жұмысы туралы баяндады

 

ҚазАқпарат». 14.02.2013. Н. Нурахмет./ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметінен.

Н.Нығматулин Қазақстан Президентіне V сайланымдағы Парламент Мәжілісінің заң шығару жұмысы туралы баяндады. Бұған қоса, Парламенттің төменгі палатасының төрағасы депутаттардың еліміз өңірлері тұрғындарымен кездесулерінің қорытындылары туралы айтты.

Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын дайындау тақырыбы да қозғалды.

Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 133 заң жобасы қабылданғанын атап өтті. Сенатқа жолданған 84 заң жобасының 63-і бүгінде заңдық күшіне енді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, Үкіметпен бірлесіп әлеуметтік жаңғыртуды қамтамасыз ету және «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мәселелеріне байланысты жұмыс жоспары дайындалды.

Мемлекет басшысы парламентшілердің халықпен кездесуінің маңыздылығына назар аударды.

- Депутаттар еліміздің барлық өңірін  аралап шығып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру жұмыстарын жүргізді және атқарылған істер туралы айтып берді. Бұл өте маңызды. Биыл бұдан да көп әрі белсенді жұмыстар күтіп тұр, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті заң жобаларын әзірлеу кезінде кешенді талдаудың қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы талқыланған мәселелер бойынша тиісті тапсырма берді және бірқатар нақты міндет жүктеді.

 

Мәжіліс спикері Қазақстан президентіне палатаның қазіргі жұмысы туралы әңгімелеп берді

 

/«Интерфакс-Қазақстан». 14.02.2013./ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесті, деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Н.Нығматулин Қазақстан президентіне парламент мәжілісінің заң шығару жұмысы туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, мәжіліс спикері депутаттардың ел өңірлерінің тұрғындарымен кездесу қорытындылары туралы мәлімдеді.

Әңгіме барысында тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасын әзірлеу тақырыбы сөз болды.

Н.Нығматулин V шақырылымдағы парламент жұмысы кезеңінде 133 заң жобасы қабылданды. Сенатқа 84 заң жобасы жіберілді, оның 63-і заң болып табылады. Президенттің тапсырмасымен үкіметпен бірлесіп әлеуметтік жаңғырту әне "Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру мәселелерін қамтамасыз етуге байланысты жұмыс жоспары әзірленді.

Мемлекет басшысы парламент мүшелерінің халықпен кездесуінің маңыздылығына көңіл бөлді.

«Депутаттар ел өңірлерін аралап, «Қазақстан – 50» стратегиясын түсіндірді және атқарған жұмыстары туралы айтып берді. Бұл өте маңызды. Биыл тағы белсенді іс күтіп тұр», - дейді Н.Назарбаев.

Президент заң жобаларын әзірлеу кезінде кешенді талдау қажеттігіне көңіл бөлді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы талқыланған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

 

 

 

 

 

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

 

Kazakhstan Today». 14.02.2013./ - Н.Нығматулин Қазақстан Президентіне V сайланымдағы Парламент Мәжілісінің заң шығару жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұған қоса, Парламенттің төменгі палатасының төрағасы депутаттардың еліміз өңірлері тұрғындарымен кездесулерінің қорытындылары туралы айтты.

Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын дайындау тақырыбы да қозғалды.

Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 133 заң жобасы қабылданғанын атап өтті. Сенатқа жолданған 84 заң жобасының 63-і бүгінде заңдық күшіне енді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, Үкіметпен бірлесіп әлеуметтік жаңғыртуды қамтамасыз ету және "Қазақстан-2050" Стратегиясын іске асыру мәселелеріне байланысты жұмыс жоспары дайындалды.

Мемлекет басшысы парламентшілердің халықпен кездесуінің маңыздылығына назар аударды.

"Депутаттар еліміздің барлық өңірін аралап шығып, "Қазақстан-2050" Стратегиясын түсіндіру жұмыстарын жүргізді және атқарылған істер туралы айтып берді. Бұл өте маңызды. Биыл бұдан да көп әрі белсенді жұмыстар күтіп тұр", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті заң жобаларын әзірлеу кезінде кешенді талдаудың қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы талқыланған мәселелер бойынша тиісті тапсырма берді және бірқатар нақты міндет жүктеді.

 

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

 

/«Егемен Қазақстан». 14.02.2013. Рауан Есқали./ - Н.Нығматулин Қазақстан Президентіне V сайланымдағы Парламент Мәжілісінің заң шығару жұмысы туралы баяндады. Бұған қоса, Парламенттің төменгі палатасының төрағасы депутаттардың еліміз өңірлері тұрғындарымен кездесулерінің қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын дайындау тақырыбы да қозғалды.

Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 133 заң жобасы қабылданғанын атап өтті. Сенатқа жолданған 84 заң жобасының 63-і бүгінде заңдық күшіне енді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, Үкіметпен бірлесіп әлеуметтік жаңғыртуды қамтамасыз ету және «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мәселелеріне байланысты жұмыс жоспары дайындалды.

Мемлекет басшысы парламентшілердің халықпен кездесуінің маңыздылығына назар аударды.

- Депутаттар еліміздің барлық өңірін аралап шығып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру жұмыстарын жүргізді және атқарылған істер туралы айтып берді. Бұл өте маңызды. Биыл бұдан да көп әрі белсенді жұмыстар күтіп тұр, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті заң жобаларын әзірлеу кезінде кешенді талдаудың қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы талқыланған мәселелер бойынша тиісті тапсырма берді және бірқатар нақты міндет жүктеді.

 

 

Бүгінде 63 заң қолданысқа енді

 

24 KZ». 14.02.2013./ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады.

Төраға Елбасына V  шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің заң шығару жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар депутаттардың өңір тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы туралы айтылды. Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын дайындау тақырыбы да қозғалды. Нұрлан Нығматулин соңғы шақырылым депутаттары 133 заң жобасын қабылдағанын атап өтті. ҚР Парламенті Сенатқа жолданған 84 заң жобасының алпыс үші бүгінде заңдық күшіне енді. Мемлекет басшысы депутаттардың халықпен кездесуінің маңыздылығына назар аударды.

Мемлекет басшысы депутаттар еліміздің барлық өңірін аралап, «Қазақстан – 2050» стратегиясын түсіндіру жұмыстарын жүргізгендігін және атқарылған істердің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар биыл бұдан да көп әрі белсенді жұмыс күтіп тұрғандығын айтты.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Елбасына ҚР Параламенті Мәжілісінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндалды.  Сонымен бірге ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» стратегиясын тағы басқа да әлеуметтік бағдарламаларды заң жағынан қолдау туралы да айтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық мәселеге қатысты тиісті міндет қойып, нақты тапсырма берді.

 

Спирттік ішімдіктерді сатуға қатаң тыйым салынбақ

 

24 KZ». 14.02.2013./ - ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысында «Қазақстан халқы ішімдікке әуестеніп барады және оған қарсы жасалып жатқан іс-әрекеттер нәтижесіз» деп уәж айтқан депутаттар ащы суға әуестенген тұрғындардың қатарын азайту үшін құзырлы органдар бірігіп әрекет ету қажеттігін айтты.

Депутат Алдан Смайыл қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді сатуға қатаң тыйым салу қажет, ол үшін халықаралық тәжірибелердің үлгісіне сүйену керек дейді. 

Алдан СМАЙЫЛ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Халықаралық тәжірибелерге келер болсақ, мысалы Норвегияда бір кездері арақ мәселесі өткір қойылған. Оларда мереке күндері арақ мүлдем сатылмайды. Егер оны сататын болса, мейрамхана лицензиясынан айырылып, жабылып қалады. Олардың зерттеуі бойынша.

Ал еліміздің бас дәрігерінің орынбасары отандастарымыздың ішімдікке әуес екенін жоққа шығарды. Оның айтуынша, жастардың арасында бұл індет тіптен сирек кездеседі дейді.

Ерік БАЙЖҮНІСОВ, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Қазақстанда ішімдік саны көбейіп, оларды қолданатындар саны да артып келеді деген ақпараттар таратылуда. Оның бәрі жалған. Соңғы 5 жылда бізге түскен ақпарат бойынша азаматтар санының азайғандығын айтуға болады. 

 

Парламентші Назарбаева қымызды мектеп, санаторий, колонияларда міндетті түрде ішкізуге қол жеткізуді ұсынуда

 

/«Интерфакс-Қазақстан». 14.02.2013./ - Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева қымызды мектеп, санаторий, колонияларда міндетті түрде ішкізуге қол жеткізуді ұсынып отыр.

"Тұтынушылар бұл өнімді тұтынулары үшін сұранысты заңды түрде ынталандыру шаралары керек. Оны мектеп, санаторий, колонияларда міндетті түрде ішкізуге қол жеткізу керек, көптеген елдер солай жасаған", деді ол бейсенбіде мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің отырысында.

"Біржақты болып кеттік, ет өндірісін ынталандырып отырмыз, бірақ оған деген отандық рыноктағы сұранысты ынталандырмаймыз, сүт өндірісі де солай", деді ол.

Отырыста ауыл шаруашылық вице-министрі Гульмира Исаева "Агробизнес - 2020" жаңа салалық бағдарламасында мал шаруашылығын дамыту, мал жайылымын арттыру, жылқы өсіру саласын дамытудың көзделгендігін айтты.

 

Депутат Халмұрадов әріптестеріне орынды сын айтты

 

/«Ана тілі». 14.02.2013. Нұрперзент Домбай./ - Мемлекеттік тіл мәселесі сөз болғанда жұртшылық Парламентке қатысты да өкпе-реніштерін білдіріп жүр. «Мемлекеттік сипаттағы орын. Елдің тағдыры қолдарына тапсырылған – таңдаулыларымыз, қалаулыларымыз. Парламент депутаттары неге отырыс-жиындарын мемлекеттік тілде өткізбейді?» деп сынайды. 

Бұл орынды реніш болатын. Расында да ел мүддесіне, онда да заң жүзінде шегелеп бекітілген мемлекеттік тілдің хал-ахуалына ең алдымен мемлекеттік биліктің әлеуетті бір тармағы саналатын Парламенттің жаны ашымағанда, кімнің жаны күйзелуі тиіс?
Елдің ішіндегі қо­ғамдық пікірден Қазақстан Республикасы Парламен­ті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов жақсы хабардар екен. Ол қа­зақтың өзінен де намысшыл болып шықты. Мәжілістің таяудағы жалпы отырысында қазақ тіліне қатысты сөз сөйлеп, дабыл қақты.

Розақұл Сатыбалдыұлы алдымен Елбасымыздың өткен жылдың соңына таман Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан мына сөздерді тілге тиек етті: «Қазақ тілі туралы айтқанда істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс… Тілге деген көзқарас шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамайық». Мұнан соң депутат «Ал біз халық қалаулыла­ры, бұған қалай қарап жатырмыз? Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналу үшін қандай үлес қосып жатырмыз?» дей келе, 2007 жылдан бастап тек қана ұлты қазақ де­пу­таттардың Парламент Мәжілісінің оты­рыстарында депутаттық сауалдарын қай тілде жолдағандарын жария етті. Мәселен, төртінші сайланған Мәжілісте қазақ депутаттар тарапынан депутаттық сауалдардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде білдірілсе, ал қазіргі бесінші сайланған Мәжілістің бір жылы ішінде 186 депутаттық сауалдың 78-і немесе 42 пайызы қазақ тілінде, ал 108-і немесе 58 пайызы орыс тілінде жолданған. Сонда ілгерілеу емес, кері кету бар.

«Кейбір әріптестерім біз қай тілде сөйлегенімізде не шаруаң бар деп те айтатын шығар. Ол рас, менің шаруам емес. Дегенмен, мұны біреуді сынау үшін емес, өзімнің азаматтық борышым деп санағандықтан, жүрегімнің ауырғанынан айтып отырмын» деген Р.Халмұрадов сөзінің аяғын былайша аяқтады: «…Сайлаушыларымыз елімізде қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, мемлекеттік тіл мәртебесіне лайық төрден орын алуында өздері сайлаған депутаттардың алдыңғы қатарда болуларын қалайды. Осы сенімге лайық болып, өзге тілдің бәрін білейік, өзіміздің мемлекеттік тілімізді құрметтейік. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде екендігін ұмытпайық, ағайын».

Осы сөздер қазақтың аузы­нан шығу керек еді. Алайда түйсігі, түйгені мол отандасымыз боз­торғайдай шырылдап, іштегі шерін ақ­тарды. Бұл жеке бастың уайымы емес. Қазақтың мұң-шері. Рахмет, сізге Розақұл Халмұрадов! Аза­маттық парызыңыз, мол түсінігіңіз үшін. Елдің, жердің қасиетін әрбір қазақ, әрбір қазақстандық өзіңіздей сезінсе, қанекей.

Сөйтіп, депутат Р.Халмұрадов әріп­тестеріне ой тастады. Ой тас­тады дегеніміз жай, Парламентте орын алып отырған үлкен олқылықты бетке бас­ты. Азаматтық парызына адалдығын танытты.

Депутаттың бұл сөзі әріптестерінің шымбайына батты ма екен?!

 

Жыраулық жайы мәжілісте сөз болды

 

/«Ана тілі». 14.02.2013. Бағдагүл Балаубаева./ - Белсенді авторымыз, белгілі ақын Мыңбай Рәштің «Ана тілі» (№46 (1147), 15-21 қараша, 2012 жыл) газетінде «Жыраулық дәстүр неге жалғаспай отыр?» атты мақаласы жарияланып, онда автор жыраулық-жыршылық дәстүрдің ел өмірінде ерекше рөл атқарғанына тоқтала келе, соңғы кезде жырау мен жыршылардың азайып кеткеніне, бұл өнерге аса бір мән берілмей, көңіл аударылмай келе жатқанына өз қынжылысын білдірген еді.Сонымен қатар «Оқырмандар сүйіп оқитын басылым бетінде жыраулық өнерге арналып арнайы байқау жарияланса. Кең байтақ республикамыздың облыстардағы мәдениет басқармаларымен келісіп, Алматы қаласында «Жыраулар жарысы» байқауын өткізу­ге мұрындық болсаңыздар екен» деген тілегін де жеткізген. Осы мақалаға орай газетімізде оқыр­мандардың қолдау көрсеткен бірнеше мақалалары да жарық көргені белгілі.

Осы үрдістің жалғасы ретінде газе­тіміздің өткен санында (№6 (1160) 7-13 ақпан, 2013 жыл) Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің профессоры, жыршы Алмас Алматовпен «Жыраулық, жыршылық өнер – бабадан қалған асыл мұра» атты сұхбат жарияланған еді. Осы сұхбатта еліміздің жыраулық-жыршылық өнеріне қатысты бірқатар мәселелер ай­тылған болатын. Атап айтсақ, былтыр Қызылорда облысының Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі жиырма екі жыл жұмыс істеген «дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының жабылып қалғандығы, бұл мамандықтарға мемлекеттік гранттың аз бөлінетіндігі, оқу ақысының шамадан тыс қымбаттығы, соның салдарынан талантты ұлдарымыз бен қыздарымыз ауыл түкпірінде қалып қойып жүргендігі, т.б. бірнеше мәселелер қамтылған болатын.

Міне, осы мәселелердің кейбірі жуыр­да Қазақстан Республикасы Парламенті­нің Мәжілісінде де сөз болды. Сөйтіп, о баста «Ана тілі» көтерген мәселе Парламент тарапынан қолдау тапты. Тарқатып айтар болсақ, Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс отырысында 18 депутат Үкіметке нақты өз ұсыныстарымен шықты. Депутаттардың айтуы бойынша, ел Үкіметінен жоғары оқу орындарында жыраулар даярлауға мемлекеттік гранттар бөлуді сұрайды.

Онда бағзы замандарда жырау-жыршылардың елдің саяси өміріне белсене араласқанын, шешім қабылдауда да маңызды орын алғанын тілге тиек ете келе: «Осы орайда дәстүрлі жыр өнерін мемлекет өз қамқорлығына алса; «Дәстүрлі музыкалық өнер түрлері» бойынша жыр мамандығының аймақтық орындаушылық ерекшеліктері ескеріліп, Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне алдағы уақытта тұрақты түрде әр аталмыш оқу орындарының бакалаврына 10 және магистріне 4 мемлекеттік білім грантын бөлуді сұраймыз» делінген. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысынан осы мәселеге өзі баса назар аударып, оны шешу үшін тиісті шаралар қабылдауын өтінеді.

Халық қалаулыларының осы жы­рау­лық дәстүрді қайта жандандыру бағытындағы талпыныстары көңіл қуантады.

Ұлттық өнерді дамыту бүгінгі күндегі өзекті мәселе. Осы бағытта белгілі бір жұмыстар жүзеге асырылып, одан нақты нәтиже шығатын болса құба-құп.

 

 

 

 

Мәжіліс комитетінде денсаулық сақтау мәселесі қаралды

 

/«Хабар» агенттігі. 14.02.2013./ - Денсаулық сақтау министрлігі биыл Үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік жобаларды іске асыруға 740 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында айтылды. 

Депутаттар аталған жиында барлық мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің іске асырылуын талқылаған болатын. Арнайы баяндама жасаған денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов әскер қатарына алынатын жастарды медициналық тексеруден өткізу ісін әскери комиссариаттардан емханаларға ауыстыруды ұсынды. Ал депутаттар болса мектеп жасындағы балалар арасында қан аздығы ауруын болдырмау үшін оларға оқу орындарында қымыз беруді ұсынды. Жиында сондай-ақ түрлі аурулардың алдын алу және мемлекеттік стандарт мәселелері жан-жақты қаралды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева әлеуметтік стандарттарды қайта қарап, тиісті өзгерістерді дайындау қажеттігін атап өтті. 

Дариға НАЗАРБАЕВА, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Стандарттауға қатысты барлық министрліктермен басталған жұмысқа сіздердің де белсенді түрде қатысқандарыңыз аса маңызды. Бүгінгі кездесуден кейін көптеген нормативтердің ескіргені мәлім болып отыр. Оларды жаңалау қажет. Бұл істі кейінге қалдыруға болмайды. Бұған қоса Елбасының минималды стандарттар жөніндегі заңға қатысты арнайы тапсырмасы да бар. 

Комитет отырысында сондай-ақ мектеп оқушыларының денсаулығы да сөз болды. Депутаттар балалардың денсаулық көрсеткішіне алаңдаушылық білдіріп, мектептердегі медициналық қызметкерлердің мәртебесіне де қатысты ойларын ортаға салды. 

Ерік БАЙЖҮНІСОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

- 2000 жылдары мектептегі медициналық қызметкерлер Денсаулық сақтау министрлігінен Білім және ғылым министрлігіне берілген болатын. Осы бүгінгі жиналыстың нәтижесі бойынша екі жүйе бірігіп осы жұмысты қолға алып, сол ауруларды белгілеп, анықтап, солардың емдеу тәсілін бірігіп жүргізуіміз қажет. 

 

 

 

Депутаттар денсаулық сақтау саласына өзгерістер енгізуді ұсынады

 

/«КТК». 14.02.2013. Гүлнұр Имандосова./ - Халықтың денсаулығы депутаттар назарында! Бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті бұл жолы Денсаулық сақтау министрлігін сынға алмады, бірнеше ұсыныстар білдіріп отыр. Ішіп-жеп отырған тағамның құнарсыздығы ғана емес, түрлі аурудың көбейіп бара жатқанын айтты. Сондықтан депутаттар халық денсаулығының жақсы болуын мектеп қабырғасынан қатаң бақылауға алу керек дейді.

Мысалы, депутат Алдан Смайылов мектеп оқушыларына құнарлы әрі табиғи өнім беруді ұсынады. Ол сылдыр тәтті судың орнына қымыз немесе саумал ішкен баланың туберкулезге шалдығуы екіталай деген пікірде. Өйткені, елімізде осы ауруға шалдыққандар қатары өсіп барады екен. Мұнымен қоса мектеп дәрігерлерінің де нақты қандай қызметпен айналысатыны белгілі болмақ. Соңғы уақытта балалар арасында көз ауруы мен арқа сүйектерінің қисаюы сияқты сырқаттар артқан. Мұның бәрі мектеп дәрігерінің өз ісіне салғырт қарауынан дейді депутаттар. Сондықтан, нәпақасын мектеп директорының арқасында тауып жүрген дәрігерлер бұған дейін Білім министрлігіне қараған болса, енді олар Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өтпек.

Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:

-  Мектептегі медициналық қызметті қайта қарауымыз керек. Әсіресе дәрігердің біліктілігіне. Жалақысын көтерейік, сәйкесінше, дәрігерлер бесаспап болулары керек. Әрі психологтың қызметін атқарсын әрі отбасылық дәрігер ретінде жұмыс істесін.

 

Халықты қарумен қорқытпақ па?

 

/«Нұр Астана». 14.02.2013. Арай Дәулетқызы./ - Соңғы уақытта жаңалықтардың легіне көз жүгіртіп отырсаңыз, құқық қорғаушылардың қолымен жасалған қылмыстық оқиғалардан көз сүрінеді. Ұрған, соққан кім? Полицей. Қорлаған, зорлаған кім? Полицей. Адам атқан полицей, жала жапқан полицей… Күн сайын бір қорқынышты дерек андағайлап әр жерден естіліп жатады. Енді онсыз да қоғам алдындағы бет-бейнесі оңып тұрмаған жандарға қару қолдануға еркіндік берілуі мүмкін.

Кеше Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Аталмыш құжатта көрсетілген бір ерекшелікке тоқталмай кете алмадық. Ол заң жобасында «Егер оның (құқық қорғаушы – А.Д.) өміріне қауіп төндіретін қарсылық туындаса, қаруды ескертусіз қолданудың» қарастырылуы болып отыр. Заң жобасының түсіндірмесінде айтылғандай, аталмыш заң жобасының қабылдануы азаматтардың конституциялық құқығының сақталуына мүмкіндік беретін көрінеді. Құжатты Ішкі істер министрлігі әзірлегенін де айта кету керек.

Жалпы, құқық қорғаушылардың өз өмірлеріне қауіп төнген жағдайда алдымен ауызша ескерту жасап, содан соң қаруын аспанға кезеп бірер оқ шығындып, содан соң ғана адамға атуы – заң жүзінде бекітілген бұлжымас ереже. Қару-жарақ ұстап жүруге рұқсат етілген АҚШ сияқты елдерде болмаса, құқық қорғаушылар ескерту жасамай жатып, жайратып салуға асықпайды. Ал Қазақстанда атқыш қару тұрмақ, суық қару ұстап жүруге де тыйым салынған. Есесіне құқық қорғаушылардың қара халыққа қалқан болудың орнына қаруын шошаңдатып, оққа байлағаны туралы фактілер дүркін-дүркін естіліп жатады. Содан болар, жұртшылықтың өзгені емес, оқалыларды жау санауы қалыпты құбылысқа айналған.Олай болса, ескерту жасамастан оққа байлаудың қандай қажеттілігі бар?! Әлде, екінің бірі автомат асынып жүретін, азаматтық соғысы жүріп жатқан елде тұрамыз ба?!

Өркениетті елдерде жұрт заңды бұзудан қорқады. Ала жіпті аттадым дегенше, заң бойынша жазаңды алуға дайындала бер. Ал бізде ше? Бізде бәзбіреулер қоғамды заң алдындағы жауапкершілікпен емес, қарумен қорқытуды көздейтіндей көрінеді. 

 

 

 

 

 Қазақстанда  «Қымыз туралы» арнайы заң шығуы мүмкін

 

/«Айқын». 15.02.2013. Айхан Шәріп./ - Кеше бұған Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазіргі басшылығы өз қарсылықтарын білдірді. АШМ-ның ұстанымынша, әзірге қолданыстағы жанама заңдар да жеткілікті. Бірақ Парламент депутаттары сол ұсыныста табандап тұратын сыңай танытты. Осымен шектелмеген қалаулылар Қазақстандағы барлық мектептерде балаларды қымызбен тамақтандыруға қол жеткізбек, сонда елдің ертеңгі тізгінін ұстар ұрпақтың иммунитеттері бекіп, денсаулығы мықты болып өсуге тиіс. Өзі – нәр, өзі – дәру қымызды, сондай-ақ ауруханаларда ауыр сырқаттарға беру ұсынылып отыр.

Парламент кеше «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін («Денсаулық кодексі») жүзеге асы­ру барысын қарады. Бұл мәселе бойын­ша есеп беру үшін Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, сондай-ақ Спорт және дене шынықтыру істері агент­ті­гінің басшылықтарының өкілдері ша­қырылыпты. Қалаулылар оларға қымызды жаппай ішу жайын ойластыруды ұсынды.

– Үлкен мәселе – тамақтану, – деді жи­налғандарға қайырылған Мәжіліс де­путаты Алдан Смайыл. – Қазақстан халқының негізінен не тамақ жеп жүргенін зерттедік пе? Қытайдан әкеледі, анау Американың бәленбай жыл тоңазыт­қыш­тарда үсіп кеткен тауығын әкеледі. Соны ішіп-жеп аламыз-дағы, сауықтыру жөнінде әңгіме қозғаймыз. Одан түк шықпайды ғой! Ештеңе шықпайды одан! Сондықтан өзіміздің тамақ өндірісінің мәселесіне назар аударатын уақыт жетті.

Баяғыда әл-Фараби бабамыздың өзі: «Егер ұлттық тағам дастарқаннан кететін болса, ұлт ауруға шалдығады» деген. «Сонау заманда дәлелдеген! – деді Алдан Зейнол­лаұлы. – Біз өзі ұлттық тағамнан айырыл­дық. Ешкім дұрыс қымыз ішпейді, баяғы құрт, ірімшік, тағы басқалары жоғалды». Сосын ұяты барлардың бәрін ұялтты: бұл істе бізден орыс елі де озып кетіпті! «Ре­сей­дің мысалын келтірейін: Якутияда қымыз туралы заң шықты. Сол бойынша қымыз өндірушілерге жеңілдік беріледі. Қазір Якутияда бүкіл балабақшалар мен мек­тептерде балаларға тегін қымыз ішкізеді! Жасай алмай отырмыз ғой осыны, қолдан келсе де! Осыны істемегеннен кейін, тамақтандыру, балалардың денсаулығы туралы әңгіме қозғаудың қанша қажеті бар?»

Сол Ресейде «туберкулезді» қымызбен емдейтін 40-тан астам санаторий бар. Германияда арнайы мамандандырылған, қымыз өндіретін 50 ферма ашылды. «Не­міс­тер қымызды дәрі ретінде, таблетка кү­йінде бүкіл Еуропаның дәріханаларында сатып жатыр, – деп хабарлады депутат А.Смайыл. – Ол тағы да бізде жоқ. Ре­сей­дің өзінде жыл сайын биенің сүтінен 500 тонна балалар тағамдары жасалады! Олардың зерттеулері бойынша, биенің сүті мен ананың сүтінің айырмашылығы шамалы. Соны біз жасап отырмыз ба? Жа­самақ түгіл, ол туралы ой да жоқ! Сол Якутияда ауыр хирургиялық операциялар жасалған адамдарға қымыз береді. Ол тағы да жоқ» деген Мәжіліс депутаты Үкіметке барлық жауапты министрліктерді жүктеп, «Ұлттық тамақ өндірісін дамыту туралы бағдарлама» жасау туралы ұсыныс айтты.

– «Қымыз туралы» жеке заң қабылдау бойынша айтарымыз, – деді Ауыл ша­руа­шылығы министрінің орынбасары

Г.Исаева. – «Агробизнес-2020» атты жаңа салалық бағдарламада жайылымдық мал шаруашылығын дамыту қарастырылған. Соның негізгі бір бағыты – табындық жыл­қы шаруашылығын дамыту болып табылады. Сондай-ақ «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың «жол картасында» табындық жылқы шаруа­шы­лығын дамытумен байланысты бірқатар іс-шаралар көзделген. Сондықтан осы бағ­дарлама аясында жоспарланған суб­си­диялар мен жаңа қаржылық құралдар ет пен қымыз өндіру үшін табындық жылқы шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік береді деп санаймыз.

Гүлмира Исаева: «Қымыз туралы» жеке заңда көрініс табуға тиісті деп ұсынылып отырған басқа мәселелердің бір бөлігі ендігі «Ветеринария туралы», «Тамақ қауіпсіздігі туралы» заңдарында көрініс тапқан» дейді. «Ал қымыз өндірі­сін арттыруға қатысты мәселелерді жаңа заң тудырмай-ақ, шеше аламыз» деген АШМ басшылығының өкілі «қолда­ныстағы заңдармен шектелуді» жөн санайтындарын жеткізді.

– Сонда ол шаруашылықтар мемле­кет­тік меншік формасында құрыла ма, әлде сіздер осы бағытта жеке бизнесті ын­таландырасыздар ма? – деп сұрады жиынға төрағалық еткен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева.

– Салалық бағдарлама бойынша біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру­шілерге қандайда бір қызмет түрімен ай­­­налысуына жағдайлар жасаймыз, – деді АШМ вице-министрі. – Мына жағдайда біз бірнеше жаңа құралдарды, соның ішінде инвестициялық субсидияларды қарастырдық, бұлар жылқы шаруашы­лы­ғының да дамуына қозғау салуға тиісті. Бір мысал келтірейін: жайылымдарда су шығаруға бағытталған жаңа инвести­ция­лық субсидия енгізілетін болады, осы ар­қылы біз ауыл шаруашылығы өнді­ру­ші­леріне шалғайдағы жайылымдық жер­лерді малдарды, соның ішінде жыл­қы­ларды жаюға пайдалануларына жағдай жасаймыз.

– Бірақ тіпті тұтынушылардың осы пай­далы өнімді тұтынуына қозғау салу үшін де заңнамалық ынталандыру шара­лары қажет қой? – деп қарсы сөз айтты Дариға Назарбаева. – Заң сол үшін керек емес пе?! Алдан Зейноллаұлы соны айтып отыр. Мектептерді қымыз ішуге міндеттеу қажет. Санаториялық-профилактикалық, емдеу-сауықтыру мекемелерінде қымыз беру керек сырқаттарға.

– Сүт өнімдері, соның ішінде қымыз бойынша да бізде жұмыс тобы құрылды, – деп жауап қатты АШМ басшылығының өкі­лі. – Қазақстанның Сүт одағының ма­мандарымен бірлесіп, біз дәл қазір «Мектеп сүті» («Школьное молоко») бағ­дар­ламасын жетілдірудеміз. Бұл бағдар­лама тамақ қауіпсіздігі талаптары бо­йын­ша мемлекеттік мекемелерге, соның ішінде мектептерге, ауруханаларға жет­кі­зілетін сүт өнімдерінің сапасына қатысты мә­селелерді де қамтиды. Бұл жерде сүт өнімдерінің табиғи құрамына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, сиыр сүтінде кейде өсімдік майлары пай­даланылады және оны фальсификат­таудың кең тараған басқа да түрлері бар. Ал барлық дәстүрлі ұлттық тамақ түрлері ішінде әсіресе, қымызды қолдан жасау қиын, бірден сезіледі. Сондықтан қы­мызды біз табиғи, экологиялық таза тамақ түрі ретінде ілгерілететін боламыз.

Үкімет өкілін тыңдап болған төрайым «сұранысты заңнамалық ынталандыру шаралары бәрібір қажет» деген ойында қалды.

Депутаттардың айтуынша, қымыз өн­діретін фермалар Қазақстанда да – «Жаңа­арқа ауданында, Алматы өңірінде, Тараз­да және басқа жерлерде» ашылған, бі­рақ «АШМ және басқа мемлекеттік құры­лымдардан қамқорлық болмағаннан ке­йін бәрі жабылып қалған». Алдан Смайылдың бұл мәселені арнайы көте­руі­не де солар ықпал етіпті: әлгіндей ша­руа­шылықтар депутаттарға қоңырау ша­лып, хат жазып жатыр екен. «Олардың ай­татыны: «Ештеңе де, тіпті субси­дия­сының да керегі жоқ. Тек жайылымдық жер керек, содан кейін дамып кеткенше, салықтан 4-5 жыл жеңілдік керек. Болды! Басқа ештеңенің қажеті жоқ көрінеді. Енді соның бірін де жасап отырған жоқ қой! Әйтпесе, қымыз шығаратындарға өздері жылқы өсірмесе, бие сүтін сатып алу қымбат» деген депутат Ауыл шаруа­шылығы вице-министрінен: «Сіздің өзіңіз айтыңызшы: қымыз өндіріп жатқан фер­маға барып көрдіңіз бе?» деп сұрады. Исаева ханым тура жауаптан жалтарды.

Осы жиында Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мектептердегі штаттық дәрігерлерді БҒМ-нан өз ми­нистрліктеріне беруді ұсынды. «Онда ол дәрігерлерді оқу, тәрбие, мектептен тыс жұмыстарға тарту қиындап кетеді» деп қарсылық білдірді БҒМ вице-министрі Мұрат Әбенов. «Оның барлығын ішкі тәртіппен шешуге болады» деп жоқ жер­ден бәрін қиындатпауды ұсынды Дариға Назарбаева.

Осында балалардың психикалық ден­саулығы мәселесі де талқыланды. «Ол ба­лалар неден «псих» болып отыр? Қазір оқу­шыларға түсетін жүктемені зертте­ді­ңіздер ме?» деп сұрады осы орайда Алдан Смайыл БҒМ вице-министрі Мұрат Әбе­новтен. – Білім мен денсаулық министр­ліктері осыны неге бірлесіп зерттемейді? Ме­нің өзімнің бақылауымша, немереле­рім күнде оқу бойынша 13-14 сағат жұмыс істейді. Сонда да игеріп үлгере алмайды мек­теп бағдарламасын. Енді ол балада қандай денсаулық, қандай нерв болады? Құлаш-құлаш жаттаулар, математикада да сондай тапсырмалар, бәрінде сондай. Артық пәндер көп. Соның бәрінен арылту керек» деп ұсынды қалаулы.

Жиында Білім және ғылым, Денсау­лық сақтау министрліктеріне кешіктір­мей, мек­теп бағдарламасындағы сабақ­тардың ба­лаларға салмағы туралы мә­се­ле­ні зерттеп, бір қорытынды жасауды ұсынды. Соның негізінде оқу бағдарла­масына өзгерістер енгізілуі қажет. Өйткені ұрпақ денсаулы­ғы­на ұлт тағдыры тәуелді.

 

Шындықты айта білу екінің бірінің қолынан келмейді - мәжілісмен С.Жалмағамбетова

 

/«ҚазАқпарат». 15.02.2013. Марлан Жиембай./ - «Шалқар» радиосының тұрақты «Депутат сағаты» бағдарламасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Жалмағамбетовамен сұхбат өтті.

Тікелей эфирде өткен сұхбат барысында халық қалаулысы: «Шындық мұрат болуы керек. Шындықты айта білу екінің бірінің қолынан келмейді. Меніңше, депутаттар да кейде шындықты аса айта бермейді. Бірақ шындықты айту - ол мақсат. Өйткені сайлаушылар сайлағанда «біздің мүддемізді ашық қорғайды, ештеңеден қорықпайды, осы мәселелерді көтереді», деп сенеді ғой. Сондықтан да сол сенімді ақтауымыз керек деп ойлаймын. Кейде менің айтқан шындығым Үкіметке ұнамайтын да шығар, көптеген өкпелер де болуы мүмкін. Бірақ мен айтпай қоймаймын. Әсіресе, бюджеттің орындалуы барысына көптеген қатты сын айтып жүрмін», - дейді.

 

 

Сенатор Е.Мұқаев Армениядағы президенттік сайлауды байқауға қатысады

/«ҚазАқпарат». 15.02.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының құрамында Армения Республикасы Президентінің сайлауына әзірлік және оның өтуін байқауға қатысады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Сайлау 2013 жылғы 18 ақпанда болады. Тоқтала кететін жайт, Президент сайлауы -  ел егемендік алғалы өткізіліп жатқан 6-шы Президенттік сайлау. Ең бірінші Президент 1991 жылдың 16-қазанында сайланған болатын. Қазіргі елдің басшысы Серж Саргсян 2008 жылдың 19-ақпанында қызметіне кіріскен.

Елдің Конституциясына сәйкес, Армения Президенті 5 жыл мерзімге сайланады және бір тұлға екі реттен артық сайлана алмайды.

 

 

Қазақ қызының шетелдікке тұрмысқа шығу, шықпауы өз еркі - Мәжіліс депутаты

 

/«ҚазАқпарат». 15.02.2013. Марлан Жиембай./ - Қазақ қызының шетелдікке тұрмысқа шығу, шықпауы өз еркі.

Бұл пікірді бүгін «Шалқар» радиосының онлайн-конференциясы барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светала Жалмағамбетова білдірді.

«Қазақ қыздарының шетелдіктерге шығу, шықпауы өз еркі. Елімізде - демократия. Әрине, басқа  елдерде тәжірибе бар. Мәселен, Тәжікстанда, Өзбекстанда қыздары басқа елдердің азаматтарына тұрмысқа шықса, онда олардан қосымша  қаржы талап етіледі. Біз қаржы талап ететін ондай кедей мемлекет емеспіз ғой. Ал басқа дамыған елдерде ондай шектеу жоқ», - деді ол.

Халық қалаулысының пайымынша, қазақ қыздарының тек қазақ отбасының түтінін түтетуі үшін оларға дұрыс бағытта тәрбие беру керек. Ол көбінесе ата-анасына, отбасындағы тәрбиеге байланысты.

 

БҚО әкімі Мәжіліс депутаты, ауған соғысының ардагері Б.Смағұлды қабылдады

 

/«ҚазАқпарат». 15.02.2013. Елжан Ералы./ - 15 ақпан күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Мәжіліс депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлерi» қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Сауап» қоғамдық қорының төрағасы Бақытбек Смағұлды қабылдады.

Қабылдаудан кейін Б.Смағұлдың атап өткеніндей, бүгін - Ауған соғысы жауынгерлерінің осыдан 24 жыл бұрын ұрыс даласын тастап шыққан күні. Бұл күн - сол бір жылдарда елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Әр үйдің бесігі бейбіт күнде тербетіліп, әр шаңырақтың түтіні түзу шыққанын қалайтын ардагерлер үшін айтулы күн. «Ардагерлеріміздің ынтымақ-бірлігі ешқашан ажырамай, бір мақсат, бір пікірде бола берсін деген ниетпен осы облысқа ат басын тіреп отырмыз. Өзгеге үлгі болатындай, Батыс Қазақстан облысы -Ауған соғысының ардагері атына лайық нағыз ерлерді өсірген аймақ. Ауған соғысына қатысқан ерлерге ҰОС ардагерлерінің лайықты ізбасары ретінде «Соғыс ардагері» деген мәртебе беру туралы Парламентте де жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бұл мәселе тек қана Ауған соғысы емес, Чернобыль апатын жою, Семей полигонына қатысқан бауырларымызды да қамтиды», деді Мәжіліс депутаты.

 

 

Алда қауырт жұмыстар күтіп тұр

 

/«Егемен Қазақстан». 15.02.2013./ -Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Н.Нығматулин Қазақстан Пре­­зи­дентіне V сайланымдағы Пар­­ламент Мәжілісінің заң шы­ғару жұмысы туралы баяндады. Бұған қоса, Парламенттің тө­менгі палатасының Төрағасы де­путаттардың еліміз өңірлері тұрғындарымен кездесулерінің қорытындылары туралы айтты.

Кездесу барысында елдің әлеу­меттік-экономикалық ор­нықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын дайындау тақырыбы да қозғалды.

Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 133 заң жобасы қабылданғанын атап өтті. Сенатқа жолданған 84 заң жобасының 63-і бүгінде заң­дық күшіне енді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, Үкіметпен бірлесіп әлеуметтік жаңғыртуды қамтамасыз ету және «Қазақстан-2050» Стра­­тегиясын іске асыру мәселе­леріне байланысты жұмыс жоспары дайындалды.

Мемлекет басшысы пар­ла­ментшілердің халықпен кездесуінің маңыздылығына назар аударды.

– Депутаттар еліміздің бар­лық өңірін аралап шығып, «Қа­зақ­­стан-2050» Стратегиясын түсін­діру жұмыстарын жүргізді және атқа­рылған істер туралы ай­тып берді. Бұл – өте маңызды. Биыл бұдан да көп әрі белсенді жұ­мыстар күтіп тұр, – деді Мем­лекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Прези­денті заң жобаларын әзірлеу кезінде кешенді талдаудың қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойын­ша, Мемлекет басшысы талқы­лан­ған мәселелер бойынша тиісті тапсырма берді және бірқатар нақты міндет жүктеді.

 

 

Көкейкесті мәселелер талқыланды

 

/«Егемен Қазақстан». 15.02.2013./ -Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен кеңейтілген комитет отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру туралы (ведомствоаралық және сектораралық өзара әрекеттестік)» мәселесі қаралды.

Отырыста баяндама жасаған Қа­зақ­стан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ерік Байжүнісовтің мәлімдеуінше, саламатты өмір салты, дұрыс тамақтану, жол-көлік қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық-құтқару көмегі, аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мәселелері бойынша азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған сек­тораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл қамтамасыз етілуде. Мысалы, Спорт және денешынықтыру агенттігі 18,9 мың, оның ішінде 12,6 мыңы ауыл­дық жерде, спорттық-көпшілік іс-шара өткізген. Оған 3 миллионнан астам адам қатысқан. Денсаулық сақтау министрлігі республика бойынша 72788 адамды қамти отырып, 48 акция, 16-сы жалпы республикалық «Дұрыс тамақтану – өмірдің қазіргі заманғы стилі» деп аталады.

Балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастыру мақсатында 1-11 сыныптардың «Денешынықтыру» сабағында мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қозғалыс аппаратын нығайту бойынша жаттықтырулар жүргізілуде. «Сенің денсаулығың – сенің қолыңда» тақырыбында әдістемелік құрал әзірленген.

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан болатын жарақат пен өлімді төмендету мақсатында Ішкі істер министрлігі республикалық телеарнада жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесі бойынша арнайы бағдарлама ашты.

Отырыста талқыланған өзекті мәсе­лелерді шешу мақсатында еліміздің Еңбек және Салық кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, денсаулыққа ортақ жауапкершілікті (мемлекет – жұмыс беруші – азамат) күшейтуге қатысты мәселелерді ведомствоаралық деңгейде пысықтау қажеттігі айтылды. Медицина кадрларын тұрақтандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бұл орайда, әлі де болса жергілікті атқарушы органдар атқарар істердің аз еместігіне назар аударылды.

Отырыста қаралған мәселелерді талқылауға депутаттармен бірге Ішкі істер, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері де қатысты.

 

 

Әлеуметтік төлемнің жаңа жүйесі

 

24 KZ». 15.02.2013. Жадыра Медетбек, Марат Диханбаев./ - Енді аналарға өмірге бала әкелгені үшін мемлекет төлейтін бір жолғы төлем ең төменгі 10 айлық жалақының көлемінен аспайды. 

Бұл жоғары табыс табатын әйелдер үшін тиімсіз болып отыр. Ал шенеуніктер мен депутаттар қоғамда осылайша әлеуметтік тепе-теңдік орнайтынын айтады. 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңындағы өзгерістер бір күнде енгізіле салған жоқ. Маңызды құжат ҚР Парламенті қарауына осыдан екі жыл бұрын ұсынылған болатын. Төртінші шақырылымдағы депутаттардың қызу талқысына түскен заңнама бесінші шақырылымдағы халық қалаулылары сүзгісінен өтіп қана қабылданды. Заң жобасы мәжілісмендердің қолына түскен бетте басы-қасында жүріп, ақ-қарасын анықтауға бір адамдай ат салысқандардың бірі – Светлана Ферхо болатын.

Светлана ФЕРХО, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әйелдердің барлығы миллиондап алып жатқан жоқ. 200 мың теңге алған әйелдер бар. Бірақ көпшілік 500 мыңдап, миллиондап алмайды. Сондықтан бұл айырмашылықты енді жұмыс беруші төлейтін болады.

Жаңа жүйе бойынша мемлекет төлейтін жәрдемақылар 10 ең төменгі жалақымен өлшенеді. Балалы болған әйелге ең көп дегенде 700 мың теңгеге дейін ғана аударылады. Егер жас ананың айлығы 10 ең төменгі жалақыдан яғни 186 мыңнан көп болса, арадағы айырманы жұмыс беруші төлейді.

Раушан СӘРСЕНБАЕВА, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

- Кәсіпорын басшыларының саған мұндай қаражат төлейтін жағдайым жоқ, басқа маман табамын дейтіндей де мүмкіндігі жоқ. Өйткені жоғары білікті сұранысқа ие мамандарды табу бүгінде оңай емес.

Өткен жылы елімізде жүктілік пен бала туу бойынша демалыс төлемін 152 мың әйел алған. Соның ішінде тек 6700 әйелдің табысы 10 ең төменгі жалақыдан жоғары деп тіркеліпті.  Оларға бұйырған төлемнің орташа мөлшері 1,5 миллионға жуық. Ал қалған 145 мың әйелге төленген төлемнің орташа мөлшері 228 мың теңгемен шектеліпті. Бірақ кез-келген жұмыс беруші әлеуметтік аударымға қызметкердің  10 ең төменгі айлық шегіндегі табысының  5%-ын ғана береді. Алайда жәрдемақы алар тұста осындай тепе-теңдік байқалмайды.

Қанат ӘБДІҚАЛЫҚОВ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының департамент директоры:

- Көп ақша алатын аналар аз ақша алатын аналарға қарағанда жәрдемақыны көбірек алады. Ол әділетсіздік қой.

Мамандар жүйенің тағы бір тиімді тұсы алаяқтықтың жолы кесіледі деп отыр. Себебі кейбір жүкті әйелдер мемлекеттен қомақты қаржы алу үшін  заңсыз әрекеттерге барады екен.

 

Ауған соғысының аяқталғанына жиырма төрт жыл

 

24 KZ». 15.02.2013./ - 15 ақпан ­- Ауған соғысының аяқталғанына 24 жыл. 

Дәл осы күні бейбіт елде тұрып жатса да, Отан алдындағы адал борышын өтеу үшін арыстай азаматтар Ауған соғысына аттанды. Он жылға созылған соғысқа елімізден  22300 жауынгер барған екен. Олардың 925-і ерлікпен қаза тапса, 20-ы із-түссіз жоғалып, ал мыңдағаны мүгедек болып елге оралды. Бүгін «Ауған жерінде қаза болған жауынгерлерге арналған» ескерткіш жанына жиналғандар гүл шоқтарын қойып, 1 минут үнсіздікпен Отанына оралмаған жауынгерлерді еске алды.

Бақытжан ЕРТАЕВ, Халық қаһарманы:

- Біз алақанды жайып, Алладан сұрап отырған жоқпыз ғой. Бізге «Соғысқа қатысты» дейтін статусты мемлекетіміз беруі керек.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-  Осындай соғыс болмасын дей отыра, өз мемлекетімізде оларды қолдап, қамқорлығымызды күшейтуіміз керек. 

 

Бұрынғы мәселе бүгін де өзекті

 

/«Айқын». 16.02.2013. Халима Бұқарқызы./ -Алаш баспасөзінің бастауы, ұлт жаршысы болған «Қазақ» газетінің ұлттық мүдде жолындағы бастамаларын бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары жалғастырып әкетуі керек. Осыдан бір ғасыр бұрын жарық көрген «Қазақ»-тың көтерген мәселелері әлі де өзекті. Бұл туралы кеше Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мен «Руханият» орталығы өткізген «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстелде айтылды.

ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялы­ла­рының көтерген дүниелеріне бүгінгі қо­ғамның көзқарасымен қарап, қазіргі за­манғы өзекті мәселелерді талқылауды мұ­рат еткен басқосуда сөз алған Л.Гу­ми­лев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің журналистика факультетінің де­каны Қайрат Сақ ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының негізгі идеялық орталығы, ақыл-ойының ұясы, сондай-ақ жалпы қазақ санасының оянып, жүрегін дүр сілкіндіруге түрткі болған «Қазақ» га­зетінің тарихы, тағылым-тәжірибесі бү­гінгі таңда да аса өзекті екенін айтады. «Сондықтан да «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған шаралар тек тарих үшін ғана емес, бүгініміз бен болаша­ғымызды айқындау үшін де, ұлтымыздың бағ­дарын, жолын айқындап алу үшін де өте маңызды» деді ол.

Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанға­зы­ның пікірінше, «Қазақ» газеті ұлт мә­се­лесін аршып айтып, оны келешек ұрпақ алдына да қойып кетті. «Біздің бақытымыз – ұлт мәселесін жетер жеріне көтеріп кет­­кен «Қазақ» газетінің болғаны. Сол үшін онда қызмет еткен қайраткерлердің аты мәңгі өшпейді. Ол кісілердің аруағы риза болсын десек, бүгінгі қолына қалам ұстаған әрбір журналист «Ахаңның, Жахаңның сөзін мен айтпағанда, кім айтады?» деп, ұлттың мәселесін жұрттың санасына жететіндей етіп көтеруі керек. Бір ғана жер мәселесін алайық, қазір жерді алып пайдаланбай жатқандар бар. Ол пайдаланбайын деп жатыр ма, мүмкін пайдалануға техникасы, болмаса қара­жаты жетпей жатқан шығар? Олай болса, бұл мәселені қалай шешу керек деген сұ­рақ­тың жауабын республикалық газеттен бастап, аудандық газетке дейін жазу ке­рек. Осы ретте журналистердің істейтін жұ­мысы көп дер едім» дейді депутат.

Қазақстан Дипломатия қызметінің ең­бек сіңірген қайраткері, экономика ғы­­лымдарының докторы, профессор Сай­­лау Батыршаұлы бүгінгі БАҚ тәуел­сіздігімізге нұқсан келтіретін жайт­тарды жіті қадағалап отыруы керек екенін ай­тады. «1991 жылы 16 желтоқсанда тәуел­сіз­дігімізді жариялап, қуанып жатқан уа­қытта Мәскеу бізді мемлекет ретінде мойындаған жоқ. Қазақстанды 80-нен астам мемлекет тәуелсіз ел ретінде мойын­дап, келісім жасап үлгерген 1992 жыл­дың 22 қарашасына дейін Мәскеу бізді мойындамады. Соның салдарын бүгін де көріп отырмыз. Мысал айтайын, Кедендік одақтан кейін Еуразиялық одақ пен оның Парламентін құрамыз деді. Пар­ламенттің құрамы әр елдің халық са­нына сәйкес болады екен. Демек, ол Пар­ламенттің 80 пайызы орыстар, 9 пайы­­зы беларусьтар, ал 11 пайызы қа­зақ­тар болады деген сөз.

Парламентте шешім көп­шілік дауысьпен қабылданатынын ес­­керсек, онда Мәскеу кеңес үкіметі ке­зін­­дегідей билемекші болды бізді. Әрине, бұған еліміздің интеллигенциясы қарсы болды, жазатын жерге жазды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа рақмет, Мәскеу, Алматы, Астанада өткен басқосуларда осы мәселенің басын бір емес, бірнеше рет ашып берді. «Біздің тәуелсіздігімізге қол созбаңдар, біз экономикалық интег­рация туралы айтамыз, бізде саяси интег­рация жоқ. Біз БҰҰ-ға мүшеміз, тәуелсіз мемлекетпіз» деген сөзін де өткен жыл­дың 19 желтоқсанында айтты. Біз тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін мәсе­лелерді ашық айтуымыз керек. Ресей бас­шысы В.Путин осыдан үш ай бұрын Еуразиялық одақ құруға қатысты: «В связи с предстоящим созданием Евра­зийского Союза отпадает обустройство государственной границы между Россией и Казахстаном» деген пікір білдірді. Бұл не сөз? Екі мемлекет арасында шека­ра болмаса не болады? Біздер осындай пікірлер мен мәселелерді ескеріп отыруы­мыз керек. Мұны не үшін айтып отырмын. Осыдан бірер жыл бұрын біздің шекара­шыларымыз Ресейдің астық тиеген 30 КамАЗ көлігін ұстады. Алайда босатула­рына тура келді. Себебі екі тарап көлік ұсталған аумақты Қазақстан мен Ресейдің қайсысына тиесілі екенін дәлелдей алмаған. Өйткені ол маңда шекара қазығы қағылмаған. Осындай мәселені журна­листер ашық көрсетуі керек» деді Сай­лау Батыршаұлы.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университеті қазақ әдебиеті ка­фед­расының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов «Қазақ» газеті туралы айтқанда, оның алдында жарық көрген «Түр­кістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» га­зеттерінің болғанын ұмытпауымыз керек екенін еске салды. «Дала уәлаяты» газе­тінде де ұлттық мәселелерге қатысты көп мақала жариялағанын тілге тиек еткен профессор осы үш басылымның ұқсас­ты­ғы мен ерекшеліктері туралы мағыналы әңгіме шертті. «Қазақ»-та көтерілген ұлт мәселесінің бүгін де алдымызда тұрғанын шегелеп тұрып жеткізді.

 

 

 

 

 

Тариф неге тәртіпке бағынбайды?


      /«Айқын». 16.02.2013./ - Биылғы қыс ешкімге де оңай соғып тұрған жоқ. Екі күннің бірінде еліміздің әр аумағында коммуналдық жүйеде әйтеуір бір апат болады. Соның кесірінен қаншама халық сусыз, жылусыз, электр жарығынсыз қалып отыр. Коммуналдық қызмет тарифі жылдан-жылға өскенімен жүйе ретке келіп жағдайы жақсарып жатқаны шамалы. Керісінше, кеңес заманынан келе жатқан жылу, электр, су жүйелері уақыт өткен сайын тозып барады. Статистика агенттігінің мәліметіне жүгінсек, 2005-2011 жылдар аралығында электр жарығының орташа құны 118 пайызға, ал газ, ыстық және суық судың құны 50 пайызға көтерілген. Коммуналдық құрылымның 80 пайызының тозығы жетіпті. Алайда оны жөндеп жатқан монополист көрінбейді. «Ендеше тұтынушылардың қалтасынан шығатын миллиондаған қаржы қайда кетіп жатыр, тарифтердің өсуі неге негізделеді, коммуналдық сала неге инвесторларға қызықты емес» деген сауалдарды Саяси шешімдер институты өткізген «ТУКШ тарифтері: өсуінің негізі, ашықтығы, пайдаланудың тиімділігі» атты жиында кеше бас қосқан сарапшылар талқыға салды.

Табиғи монополияларды реттеу агентті­гі төрағасының кеңесшісі Лилия Рогозян арнайы тұсаукесер жасап, қазіргі таңдағы та­рифтік саясатты таныстырды. АРЕМ өкілінің айтуынша, тарифтің көтерілуіне элктростансалардағы электр энергиясы құнының өсуі, қызмет көрсету сапасын сақтау үшін табиғи монополиялардың не­гізгі объектілерін жаңалауға кететін қаржы себеп болады. Сонымен қатар шикізат құнының өсуі де үлкен әсер етеді. Ал тұты­нушылар құқығын қорғау үшін тұрғын­дардың арыз-шағымдары бойынша жұмыс істейтін арнайы жұмыс топтары құрылған. Өткен жылы тұрғындардан 710 арыз-шағым келіп түсіпті.

«Тарифтердің өскендігі соншалық зейнеткерлер оны төлей алмай отыр» деп тұжырымдайды «Казпотребнадзор» қо­ғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен Қайсаров.

– Зейнеткерлер алған ақшасының  70-80 пайызын коммуналдық төлемге жұм­сауға мәжбүр. Табиғи монополистер мен тұтынушылардың, реттеу орындарының да арасында ешқандай байланыс жоқ. Біздің жүргізген зерттеуіміз бойынша, Алматы қаласында Өскеменге қарағанда жылудың құны 4 есе көп екен. Өскемен Алматыға қа­ра­ғанда жылуды бірнеше есе артық тұ­тынатыны белгілі. Жағдайдың неге бұлай қалыптасқаны туралы түсініктеме не реттеуші мекеменің, не министрліктің сайтында жоқ. Осы зерттеуімізде күшті ге­нераторлардың жекенің қолында екені белгілі болды. Яғни тек пайда табуды ойлайтындар жүйені жаңарту мен тұты­ну­шы­ның жағдайына бас қатырмайды.

Біз барлығының қаржыны қайда жұм­сағаны, қайда инвестиция салғаны, қан­ша пайда алғаны жөніндегі есеп ашық жарияланатын портал құруды ұсынғанбыз. Бүгінде тариф кестені табудың өзі азап,– дейді Дәурен Қайсаров.

Тарифтік саясатта қолданылып жат­қан әдістемеде «бюрократиялық тарифтік те­жегіштер» деп атаған Петр Своик тұ­тыну­шыны ешкім елеп отырған жоқ деп тұ­жырымдайды:

– Өйткені тарифтік реттеудің негізін қа­расақ, тек екі жақты байланыс орна­тыл­ған. Яғни мемлекеттік реттеуші және та­биғи монополистер. Ал «тұтынушы» де­ген үшінші жақ заңда кейбір жерлерде ға­на көрсетілсе, оның есеп беруге еш қа­тысы да жоқ. Мәселен, заң бойынша мо­нополистер жыл сайын коммуналдық тө­лемдерден түскен қаржыны қайда жі­бер­гені туралы есеп беруі керек. Біреу есеп берсе, келесісі оны ойламайды да. АРЕМ өкілінің тұсаукесерінде табиғи монополистердің саны олар берген ресми есептен екі есе көп. Бұл есептер тек ка­бинеттерде ғана талқыланып, өндіріске қаншалықты қаржы керек екенін толық анықтау мүмкін болмағандықтан, ке­лешекке арналған есептерге құрылған. Яғни монополист өзінің келесі жылға ке­тетін шығынын да бірнеше жылға жос­парланған инвестициялық шекті тарифін да болжамдап көрсетеді. Ал оны АРЕМ қалай да бекітеді? Бұл тарифтік сметаны бір жылда бір-ақ рет ұсынуға болатын­дық­тан, монополистер оған әртүрлі не­гіздемені жазады. Тариф өскеннен кейін жүргізілген сансыз тексерулер айналып ке­ліп монополисті ақтап алады,– дейді Алматыдағы қоғамдық ан­тимо­нопо­лия­лық комиссияның тө­ра­ғасы.

АРЕМ-нің есебі бойынша, 2009 жыл­дан бері 600-ден аса инвестициялық бағ­дар­лама бекітіліпті. Ал «шекті» тариф бойын­­­ша жұмыс істейтін табиғи моно­по­лия субъектілерінің саны 59-ға жетіп, та­риф­тің негізін құраған «инвестициялық үс­теме» 507,3 миллиард теңгеге жеткен. «Ал осы ақшаға қуаттылығы 1320 МВт бо­­­ла­тын Балқаш жылу-электр станса­сы­ның бі­рінші кезегін іске қосуға болатын еді» деп пайымдайды сарапшылар.

– Мәселен, шетелдерде «біз бүгін жаңар­туға қажетті қаржы үшін тарифті кө­теріп жатырмыз, белгілі бір уақыттан кейін тарифтер төмендейді» деп ашығын айтады. Ал бізде ондай тәжірибе бар ма, қазақстандықтар қашанғы «жүйені жаңар­ту үшін» делінетін 40-50 пайыз «ин­вестициялық үстеме» төлемек? – деп сауал тастаған Дәурен Қайсаровқа Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Алматы қалалық департаментінің директоры  Дәу­рен Жандарбек былай жауап берді:

– Елдің бәрі инвестиция тек тарифтен құ­ралады деп ойлайды. Егер жылу-энер­гетика саласын алатын болсақ, қазіргі таң­дағы жылу жүйесін ауыстыру үшін қа­зына қаржысынан жыл сайын 10 мил­лиард теңге бөлінеді. Ал бұл қаржы Ал­маты қаласы жылу жүйесінің 1 пайы­зын ғана ауыстыруға жетеді. Біз жыл сайын 1 пайызын ғана ауыстырғанның өзінде, оның құны жылу жүйесінің жылдық айналымына тең келіп тұр. Осындай жағ­дайда қандай нәтиже күтіп отырсыздар? Ал жүйенің барлығын жаңалау үшін оған кететін қаржы жүздеген есе көбеюі керек, сонда ғана нәтиже болады, – дейді де­партамент бастығы.  Сондықтан тұтынушылардың құ­қы­ғын қорғайтын қоғамдық сарапшылар-дың институтын құру керек. Осындай ұсыныс білдірген Алматы кәсіпкерлері қауым­дастығының вице-президенті Ана­толий Пурицтің айтуынша, бұл институт­тың мақсаты – табиғи монополистердің қызмет құнын төмендетуге ықпал жасау. Олар заңдық тұрғыда аудиторлық комис­сияның құрамына кіретіндіктен, та­рифтердің өсу негізін қадағалайтын бо­лады. 

Ал мәжіліс депутаты Светлана Рома­новская мемлекеттік реттеушіге 700 ғана шағым түссе, «Қазақстан тұтынушылар лигасына» бір жылдың ішінде тұтыну­шы­лардан 28 мың арыз түсіп, оның барлығы сот­та қаралғандығын айтады.

– Бұл сандардан қаншама адам қызмет құны мен сапасына көңілі толмайтын­ды­ғын көруге болады. Қазір біз бір топ депу­та­­ттар­мен «Қоғамдық бақылау» туралы заң жо­басын қолға алдық. Бұл заң жо­басының арқасында қоғамдық бақылау жүйесін бір ретке келтіре аламыз. Өзге елдерде бұл жүйе жақсы жұмыс істейді. Тұтынушы әр­қа­шан келісімшарттың ең әлсіз жағы болып қалады. Ол барлық салада маман бола алмайтындықтан, үкіметтік емес ұйымдар тұтынушылардың құқығын қор­ғау бағытында мемлекеттің қолдауына ие болуы керек, – деп тұжы­рымдайды мә­жіліс депутаты.

Басқосуға табиғи монополистер де шақырылғанымен, олар төбе көрсет­педі.

 

Ғарыш саласын дамытуда Солтүстік Қазақстанның әлеуетін пайдалану мәселесі қаралады - Талғат Мұсабаев

 

ҚазАқпарат». 16.02.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевпен және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаковпен кездесті, деп хабарланды СҚО әкімінің ресми сайтында.

Бүгінгі ақпараттық технологиялар заманын спутниктік байланыссыз елестету мүмкін емес. Қазақстанның ғарыш кемелерін ұшыратын «Байқоңыр» кешені бар. Қазір Ұлттық ғарыш агенттігі құрылып, аспан тұңғиығына шарықтайтын зымырандар құрастыру және сынау орталығы салынып жатыр. Бұл жөнінде ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаев мәлім етті. Халық қаһарманының айтуынша, Қазақстанда бұл ғылымды жетік білетін мамандар тапшы.  Қазір агенттік қызметкерлері Франция және Англия елдерінде жаңа саланың қыр сырын меңгеріп жатыр. Бүгінде бұл шаруаға мыңдаған адам тартылған. Талғат Мұсабаев СҚО-дағы зауыттардың мүмкіндіктері жайында да сөз қозғады.

«СҚО аграрлы ғана емес өндірісі жақсы дамыған өңір. Бұл мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Петропавл ауыр машина жасау зауыты бізге қажет құрылғылар жасай алады деп санаймыз. Бұрындары кәсіпорын ракеталар шығаруға бейімделгендігін білеміз. Ол үшін алдымен өндіріс кешенін толықтай зерттеп алу қажет. Қазір ғарыш кемелері мен отандық жерсеріктік желілер құрастыру қажеттілігі туындап отыр», - деп атап өтті агенттік төрағасы.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков та осы маңызды тақырып аясында әңгіме өрбітті. Халық қалаулысы СҚО топырағы Александр Викторенко, Владимир Шаталов сынды атақты ұшқыштарды түлеткенін тілге тиек етті.

Жиын соңында өңір жетекшісі ел игілігі үшін аса өзекті істе өлкемізге сенім артқан қадірменді меймандарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар атқаруға даярлығын жеткізді.

 


Мәжіліс депутаттарының парламентаралық ынтымақтастық кездесулері жалғасады

 

ҚазАқпарат». 16.02.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Мәжіліс депутаттарының парламентаралық ынтымақтастық кездесулері жалғасады.

Атап айтқанда, ақпан айының ортасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан-АҚШ» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Гүлмира Исімбаеваның Қазақстандағы АҚШ Елшісінің орынбасары Э. Миллард ханыммен кездесуі жоспарланып отыр. Олар кездесу барысында тараптардың өзара байланысы мен парламентаралық ынтымақтастығын кеңейту жолдарын қарастыратыны күтілуде. Қазақстан жағынан аталған жүздесуге депутаттар О.Киколенко мен А.Қожахметов қатысатыны жоспарланған. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Сонымен қатар, осы айда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов Санкт-Петербор (Ресей Федерациясы) қаласына ТМД ПАА жанындағы Бірлескен комиссиясының лаңкестік пен қылмыс және нашақорлыққа қарсы күрес саласында заңнамаларды үйлестіру бойынша өтетін отырысының жұмысына, сондай-ақ ТМД ПАА жанындағы Тұрақты комиссиясының қорғаныс пен қауіпсіздік мәселесі бойынша отырысына қатысады деп күтілуде.

Тоқтала кететін жайт, бұған дейін Мәжіліс депутаты, ҚХКП ОК хатшысы Владислав Косарев International Crisis Group аймақтық кеңсесінің шолушысы Татьяна  Купермен, ал Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов  БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі С.Тулмен кездескен болатын. Сондай ақ депутат Зағипа Балиева  Біріккен Ұлттар Ұйымының балаларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық төтенше қорының Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері бойынша кеңесшісі П.Эвенспен жүздесіп, тараптар «Балалар құқы бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасын талдады.

Ал Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі К. Фэйрфакспен кездесті. Әңгіме барысында тараптар мемлекеттердің екіжақты қатынастарын заңнамалық ұйымдар деңгейінде тереңдете түсу мәселесін талқылады. Аймақтық қауіпсіздікті тұрақтандыру, соның ішінде  Ауғанстаннан  алда тұрған халықаралық әскер күштерін шығару, мәселесіне баса назар аударылды.



Мәжілісте өңірлерді дамыту мәселесі талқыланады

 

ҚазАқпарат». 16.02.2013. Қанат Мәметқазыұлы./ - Дүйсенбі, 18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Өңірлерді дамытудың заңнамалық қамтамасыз етілуі» деген тақырыппен дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

Шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр. Осы тақырып аясында басқосуда Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов пен бірқатар Мәжіліс депутаттары баяндама жасайды деп күтілуде.

 

Жұмыс үйлесімді болғанда ұтымды

 

/«Егемен Қазақстан». 16.02.2013./ - Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен 2013-2015 жылдарға арналған парламенттік дипломатияны дамыту Жол картасын келісу мақсатында жұмыс отырысы болып өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыс жұмысына Сенаттың Халықара­лық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, Мә­жілістің Халықаралық қатынастар, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитетінің төр­аға­сы Мәулен Әшімбаев, сенатор Мұхтар Ал­тынбаев, Мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Владислав Косарев, Жұматай Әлиев, Азат Перуашев, Бас Прокурордың орынбасары Андрей Крав­ченко, сонымен қатар, Сенат пен Мә­жі­ліс аппаратының қызметкерлері мен сыртқы саясат ведомствосының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында парламенттік дипломатияны дамыту, Парламент пен Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара ықпалдастық пен жұмысты үйлестіру мәселелері қарастырылды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы өскен беделін және жаңа ғаламдық сындар туралы айтып өтті, бұл өз кезегінде еліміздің сыртқы саясатын жаңғырту мен дипломатияны жүргізудің жаңа формаларын қолдануды талап етеді.

Отырыс нәтижесінде қатысушылар сыртқы саясатты дамыту бойынша келісілген жұмыстар жүргізу мен шетел парламенттерімен ынтымақтастықты белсенділендіруге келісті.

 

 

Қазақстандық сенатор

 

/«Егемен Қазақстан». 16.02.2013./ - Армениядағы президенттік сайлауды байқауға қатысады Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының құ­рамында Армения Респуб­ликасы президентін сайлауға әзірлік және оның өтуін байқауға қатысады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

 

Үздіктерге төсбелгі табыс етті

 

/«Егемен Қазақстан». 16.02.2013. Әбдірахман Қыдырбек./ - Жуырда Сәкен Сейфуллин мұ­ражайында Парламент Мәжі­лі­сінің депутаты Жамбыл Ахмет­беков өнер шеберлері Оспан Сү­лейменов пен Бақытжан Дүйсен­ға­лиевке Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.

«Қазақтың қасиетті күй өнерін насихаттап жүрген бұл өнер саңлақтарына қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Мәдениет және ақпарат министрлігі беріп отырған бұл атақ осындай еңбек сіңірген өнерпаздар еңбегінің жемісі деп білеміз. Оспан ағамыз жайында айтар болсам, әлемнің отыздан астам елінде оркестрмен қазақтың күй өнерін танытып, жас дарындардың жолын ашқаны біз үшін үлкен мақтаныш. Зейнет жасынан асып кетсе де өзінің ізденімпаздығымен, еңбекқорлығымен елорда жұртшылығының ыстық ықыласына бөленген абзал азаматқа шығармашылық қуатыңыз молынан болсын дегім келеді», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Ахметбеков.

Сондай-ақ үздіктерді құт­тықтаған аталған мұ­ра­жай директоры, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Несіпбек Айт­ұлы О.Сүлейменов шы­ғар­машылығына тоқталды. «Сәкеннің аруағы бір риза болса, осы Оспанға риза шығар. Неге десеңіз, қаншама уақыттан бері жас ақындар клубын құрып, осы мұражайда олардың басын қосып, шығармашылықтарын шыңдауда ақысыз-пұлсыз қызмет етіп келеді», – деді ол.

 

Жауапкершілік тікелей көлік иелеріне жүктеле ме?

 

/«Егемен Қазақстан». 16.02.2013./ - Жеңіл автокөліктердің техникалық байқауын алып тастау туралы «Ақ жол» депутаттарының ұсыныстарын Жол полициясы комитеті қарауға дайын – бұл туралы ЖПК төрағасы Берік Бисенқұлов Мәжілісте «Жол жүрісі туралы» заң жобасын таныстыру барысында «Ақ жол» депутаттары Меруерт Қазыбекова мен Алмас Тұртаевтың сұрақтарына жауап бергенде мәлімдеді.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары бұған дейін жеке пайдаланудағы жеңiл ав­токөлiктер және мотоцикл­дер үшiн техникалық бай­қау­дан өтуді алып тастауды ұсынғанын еске саламыз. Фрак­ция депутаттарының пі­кі­рінше, «қазіргі кезде кө­бінесе үстіртін өткізілетін тех­никалық байқау көлік құ­ралдарының техникалық жа­рамдылығына маңызды әсері жоқ. Бұл көрсеткіштер көп жағдайда жеке көлігінің жа­рамды болуы үшін көлік иесінің жеке өзінің алаңдауы есебінен қамтамасыз еті­ле­ді». Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, жеке авто­кө­ліктердің техникалық жа­рамсыздығының салдарынан болған жол-көлік оқиғалары туралы статистикалық мә­ліметтер жоқ деуге болады.

«Ұсынылып отырған жеке пайдаланудағы жеңіл ав­токөліктер және мотоциклдер үшін техникалық байқауды алып тастау көлік әуесқойларын пайдасыз ауыртпалықты рәсімдерден босатады және онымен байланысты әкімшілік кедергілерді жояды», деп есептейді фракция жетекшісі Азат Перуашев.

«Ақ жол» фракциясымен тиісті түзетулер дайындалған және көлік мәселесі жөніндегі заң жобасы бойынша Жұмыс то­бының қарауына жіберілген. Алайда, Жұмыс тобының мү­ше­лері бұл түзетулерді «Жол жү­рісі туралы» заң жобасы шең­берінде қарауды ұсынып отыр.

ЖПК төрағасы Берік Бисенқұлов депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, техникалық байқауды өткізу бойынша барлық мәселелер, оның ішінде әлемдік практиканың да зерделенгенін атап өтті. Оның айтуынша, кейбір елдерде жауапкершілік тікелей көлік құралдарының иелерінің өздеріне жүктелген.

«Қазіргі уақытта жолаушыларды таситын көліктерге, жүк көліктеріне және жарылуға қауіпті заттарды таситын көлік құралдарына техникалық байқаудан өтуден бас тарта алмаймыз. Ал жеке тұлғалар бойынша біз диологқа дайынбыз», деп атап өтті Жол полициясы комитетінің төрағасы.

«Ақ жол» ҚДП парламент­тік фракциясы «Жол жүрісі ту­ралы» заң жобасына ұсы­ныс­тар әзірлеуге кірісті.

 

Күн тәртібі қалыптастырылды

 

/«Егемен Қазақстан». 16.02.2013./ - Кеше Мәжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бюро отырысында  алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы қарастырылды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Депутаттардың талқылауына  «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заң жо­ба­сы бі­рін­ші оқылымға шығарыл­мақ­шы. Сонымен бірге, халық қа­лау­лыларының қарауына бірін­ші оқылымға «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсынуы жүйе­сін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, бюро отыры­сын­да Мемлекет басшысы Н.Ә.На­зар­­баевтың заң шығару жұмы­сындағы басымдықтар жайындағы тапсырмасы айтылып, комитет төрағалары мен Мәжіліс аппаратына заң жобаларының сапасына баса назар аудару тапсырылды.

 

 

Жекенің байлығы жерімізде қалсын десек…

 

/«Егемен Қазақстан». 16.02.2013. Жаксыбай Самрат./ - Мәжілістің соңғы отырысында мемлекет пен жеке мен­шік әріптестігін жетілдіруге байланысты жаңа формалар қолдану бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігін жетілдіру – біздің ел­де күн тәртібінен түспей тұрған мә­селенің бірі. Елдің ішінде, өз мемлекетінің қолдауы және қор­ғауының арқасында жүздеген мил­лион, тіпті миллиард доллар тапқан көптеген байлар Қа­зақ­станның экономикасына инвестиция салғысы келмейді. Өйт­кені, эко­номикалық тәуекелдің күш­ті­лігінен, заңдардың жетілме­ген­­дігінен қаражатымнан айырылып қаламын ба деп қорқады. Сон­­дықтан бар тапқанын сыртқа шы­ғарып, басқа елдердің экономи­ка­сына инвестиция салады неме­се шетелдерден миллиондаған дол­ларға жылжымайтын мүліктер са­тып алып, соны жалға беріп, жам­бастан жеп жата беруді ғана бі­леді. Егер сол миллиондар Қазақ­станның өз ішінің дамуына қызмет ете­тін болса, біз елге аса қажетті мың­­даған жобаларды іске асырар едік.

Мемлекеттік және жеке меншік капиталдың қатысуы арқасында жүзеге асуға тиісті жобалар туралы алғашқы «Концессиялар туралы» Заң сонау… 1991 жылдың аяғында, Қазақстан тәуелсіздігін алған елең-алаң шақта қабылданған болатын. Содан бері оған бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Соның өзінде жеке меншік капиталды елге қажетті ортақ іске мемлекетпен бірге жұмылдыру оңай болып тұрған жоқ. Енді мына заң жобасы сол проблеманы біршама шешуді мақсат етеді.

Заң жобасы туралы баянда­ма жасаған Экономика және бюд­жеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев заңнамалық құжат мемлекет пен жеке меншіктің арасындағы әріптестікке инсти­туционалдық және келісім-шарттық жаңа формалар енгізуге, сондай-ақ ғылым, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. салалардағы ын­тымақтастықты кеңейтуге мүм­кін­дік беретінін айтты. Әсіресе, әріптестіктің әлеуметтік бағыт ала­тын жобаларын іске асыруға жеке меншіктің қызығушылығын арттыратыны да сөз болды.

Министрдің баяндамасынан кейін сұрақтар жауып кетті. Депутат Гүлнәр Ықсанова мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің тендер жариялау арқылы іске асырылатын мемлекеттік сатып алудан қандай айырмашылығы барын сұрады. Оған мемлекеттік жеке меншік әріптестіктің ұзақ жылдарға есептелетіні айтылды. Біздің елде ол 15 жылдан 30 жылға дейін созылуы мүмкін екен. Оразкүл Асанғазы концессиялық міндеттерді шектеудің көлемі қандай болмақ деген сауал тас­тады. Оған ІЖӨ-нің 5 пайызына дейінгі көлемде концессиялық міндеттемелер жүктеуге болатын­ды­ғы көлденең тартылды. Бірақ бұл лимит өзгеріп тұратын көрі­неді.

Депутат Азат Перуашев концес­сиялық келісімдер арқылы іске асқан 2-3 жобаны атап бере аласыз ба деген нақты сұрақ қойды. Оған министр концессиялық келісімдер арқылы іске асырылған бірде-бір жоба жоқ екенін айтты. Сондықтан да біз осы бағыттағы заңнаманы жетілдіруді көздеп, сіздердің алдарыңызға келіп тұрмыз. Темір жол саласында осы келісім-шарт бойынша іске асырылмақ жоба аяқталмай қалып, оның келтірген шығынын әлі күнге бюджет тарапынан жабуға мәжбүр болып отырмыз, деді министр. Сонымен бірге, ол Елбасының жаңа тапсырмаларына сәйкес ұсынылып отырған заң жобасына да өзгерістер әзір­ленетінін жеткізді.

Бұл сөз депутат Владислав Ко­сарев­тің шамына тиіп кеткен болуы керек, ол: «Бізге осындай шала дайындалған заң жобасын неге әкелесіз, одан да барынша же­тілдіріп бір-ақ ұсынбайсыз ба?», – деп шап ете қалды. Өзінің қол­дарымен сомдап, ұзақ уақыт жарақтаған дүниесін шала деп жатқанға министрдің де шыр-пыры шықты. Мен заң жобасын шала, кемтар дегенмен келіспеймін. Бүгін­гі күнгі қолданыстағы заң­нама­мен әріптестікті жетілдіре алмағандықтан, біз осы жаңа заң жобасын ұсынуға мәжбүр болып отыр­мыз. Ал келесі жолғы жобада біз әріптестікті одан әрі жетілдіруді көздейтін боламыз. Бізде төрт аяғын тең басқан ешқандай да заң жоқ, бәрі де жетілдіріліп жатыр емес пе, деді Е.Досаев.

Талқылау барысында­ сөз алған депутат Рамазан Сәр­пе­ков заң жобасының маңыз­ды­лығы депутаттардың белсене қатысқанынан да көрініп отыр­ға­нын айта келіп, одан әрі 2006 жылы «Концессиялар туралы» жаңа Заңның қабылданып, ол қызу талқыға салынғанын еске алды. «Содан бері осы заңды қол­данып, елімізде жасалып жат­қан әрекеттерді көре алмай отырмыз. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралінің Қытай шекарасынан Алматыға дейінгі 304 шақырымдық жолы концессиялық келісім-шарттың негізінде іске асырылады делінген еді. Бірақ сол құжат бойынша бір шеге де қағылған жоқ. Мүдделі органдар оның себебін анықтап, келісім-шартты орындамаған тарапты неге жауапкершілікке тартпады? Соған заңның талабы жетпей отыр ма? Енді мына заң сондай ол­қылықтардың орнын толтырса игі», деді ол. Басқа да бірнеше депутат заң жобасының қажеттілігі туралы өздерінің пікірлерін жеткізді.

Оқырманға түсініктірек болу үшін бізде мемлекет пен жеке меншік әріптестігін ұйым­дас­тыра­тын арнайы орталық бар екенін де айта кеткіміз келеді. Ак­ционерлік қоғам формасында құрылған бұл орталық мемлекет тарапынан өкілетті орган болып саналады. Қазір ол Экономика және бюджеттік жос­парлау министрлігіне бағынады. Осы күнге дейін орталық мемлекет пен жеке меншік капиталдың қатысуы арқылы іске асырылуға тиісті құны 80 млрд. теңге болатын алты ірі жобаны қолға алған. Оның ішінде Шар стансасынан Өскемен қаласына тартылатын темір жол, Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы, Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы газтурбиналық электрстанса және т.б. Бірақ бұлардың біреуі де әлі күнге іске асырылған жоқ. Енді мына заң жобасы қабылданса, бәлкім, мемлекет пен жеке меншік әріптестігі жанданатын шығар…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

___________________________________________________________________________

 

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН СҰХБАТТАР _____________________________________________________________________________

 

 

«Малшы мен диқанға ақша емес, өндірген өнімін өткізуге қолдау қажет»

 

/«Заң газеті». 08.02.2013. А. Тұрмағанбетова./ - Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: «Малшы мен диқанға ақша емес, өндірген өнімін өткізуге қолдау қажет»

– Нұрлан Әбдіжапарұлы, бүгінде кәсіпкерлерге жасалып жатқан қам­қор­лық аз емес сияқты. Бірақ, соған қара­мастан, еліміздегі шағын және орта биз­нестің дамуында әлі де іркілістердің аз емес екені байқалады. Бұл, сіздіңше, нені аңғартады? Кәсіпкерлерге қолдау әлі жет­кіліксіз бе, әлде, біздің кәсіпкерлеріміз өздеріне бері­л­іп отырған мүмкіндікті тиімді пайдалана алмай отыр ма? Осы тұр­ғыда  неден қапы қалып отырмыз?

 – Рас айтасыз, бүгінде шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық елеулі түрде артты. Айталық, тиісті заң бойынша 300-ден астам рұқсат беру құжаттары қысқарды. 2015 жылға дейін оларды тағы да  30 пайызға дейін азайту мақсат етіліп отыр. Бұл үлкен жетістік. Еліміздің  бизнеске қолайлы ахуал жасау жөнінен әлемдегі елдердің алдыңғы сапында, яғни, елу тоғызыншы орында тұрғаны осыны аңғартады.Мұның сыртында  кәсіпкерлікті қолдау бағытында қазір Даму қоры арқылы сервистік қыз­мет көрсетіліп жатыр. «Жол картасы» бойынша жасалып жатқан көмек те аз емес. Бірақ, өзге елдерде экономиканы әртараптандырып, халықтың әл-ауқатын арттырудың бірден-бір мүмкіндігі болып отырған шағын және орта бизнестің Қазақстандағы қауқары олқы соғып тұр.  Меніңше, мұның себебі  бірінші кезекте шағын кәсіпкерлікке жасалып отырған көмектің нақты тиімділігі бар іске бағытталып отырмауынан. Оған бөлініп отырған қаржы өзінің шын иесін таппай отыр. Бұл бизнесті қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жүйелі түрде мониторингтің жасалмау салдары. Елімізде оған жұмсалып жатқан қаржының шыққан ізі бар да, қайтқан ізі жоқ. Есеп комитетінің беріп отырған мәліметтеріне сүйенетін болсақ, бизнесті дамыту бағы­тында жасалып жатқан шаралардың ара­сында қағаз жүзінде қалып отырғаны аз емес. «Осынша адамға бизнес жүргізу үйретілді, оның өз ісін ашуына осынша қаржы бөлінді, индустриалдық карта бойынша бизнес ұйымдары мынанша кәсіпорын ашты» деген мәліметтердің көбі құр сан болып шығуда. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің де кінәсі деп білемін. Жасыратыны жоқ, біздегі кей­бір кәсіпкерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну деңгейі төмен. Бұл бір жағынан сауатсыздықтан, істің жөнін білмегендіктен болып отыр. Шыны керек, кәсіпкерлер арасында қарапайым бизнес әліппесін білмейтіндер бар. Осы тұрғыда бізге бұл саланың нағыз мамандарын дайындау өте өзекті болып тұр. Нақтырақ айтқанда, бір кездегі Алаштың рухани көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың:  «Біз бай, білімді, әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін – кәсіп, білімді болу үшін оқу керек», – деген сөзін санамен тоқып, оймен зерделеу қажет болып тұр. Алаштың тағы бір серкесі  Әлихан Бөкейханов: «Қазақтың  қойының жүні тоқылып, үстіне киім болып, әрбір темірі өзіне түйме болуы тиіс», – деп, нарықтық экономикаға негізделген мемлекет қана өркендейді деген еді. Бұл арманды да бүгінгі Қазақстан бейнесінен көруге тиіспіз. Ол үшін бізде орта кәсіпкерлікті дамытуға барлық білім-білік, ой-сана, қаржы-қаражат жұмсалуы қажет.

– Дегенмен, кәсіпкерліктің нарық айды­­нында еркін құлаштауына кері әсер етіп тұрған факторлар да аз емес қой. Мәселен, Кеден одағына енгеннен бері олар үшін өз өнімдерін өзге тұрмақ өз елінде еркін саудалаудың мұңға ай­нал­­­ғанын көріп отырмыз. Базар, дүкен толы Ресей мен Беларусьтің өнімі. Он­­­сыз да шатқаяқтап тұрған кәсіпкер­лік­ке жәрдем ақша беру мәселесі де осы кеден­дес елдердің ыңғайына қарай жүзе­ге асырылатын болыпты. Сіздіңше, бұл қанша­лықты дұрыс?

– Бұл – шындық. Беларусь, Ресей  кәсіп­керлері үшін Қазақстан еркін сауда орны болып тұр. Ал, біздің кәсіпкерлердің бұл елдерге кіретін мүмкіндігі шектеулі. Бұл енді өз кінәміз. Кеден одағына енбестен бұрын  мемлекет осы мәселені жан-жақты шешіп алуы керек еді. Мәселен, Беларусь пен Ресейдің өз кәсіпкерлерінің жүк тасымалын реттеп, бағыттап отыратын үйлестіру орталықтары бар. Олар мұны Кеден ода­ғына енбестен бұрын сайлап алған. Бізге де тездетіп осындай ұйымдар құрып, олар сырттан келетін, сыртқа шығарылатын өнімдердің бағытын айқындап, тиісті жеріне жеткізу жолдарын жүйелеп отыруы керек. Сауда сөрелерінде өзге ел өнімдерінің қаптап кеткеніне қатыс­ты базынаңызға айтарым, мұнда белгілі критерийлер белгіленуі қажет. Нақтырақ айтқанда, импорт өнімдердің саудалануына шек қойылу керек. Яғни, сауда орталықтарында қатаң түрде отан­дық өнімдер алпыс пайыз, ал, сырттан келген өнімдер қырық пайыз болу талабы белгіленіп, сақталуы керек.

Сөзіңізге қосыламын, шынында да, бізде кәсіпкерлерге субсидия беру мәселе­сінде  өзге елдердердің деңгейіне бейімделу үрдісі бар. Бұл дұрыс емес.  Өйткені, бізде онсыз да бұл саланың дамуы мәз емес. Бүгінде жұмыс істейтіннен тоқтап тұрған кәсіпорын көп. Оларға, әсіресе, ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейтін, сыртқа өнім шығаратын кәсіпкерлерге субсидия беру мәселесі кең ауқымда шешілуі қажет. Қазір қарап отырсаңыз, жүзеге аспай жатқан бағдарлама аз емес. Оларға бөлінген қаржының дені мақсатқа сай жұмсалмай желге ұшуда. Соның бәрін осы кәсіпкерлерге жәрдем беруге бағыттасақ, елімізде отандық өнім көлемін арттыру  және халықты жұмыспен қамтуда мәселе толық шешімін тапқан болар еді.

– Ауыл шаруашылығы демекші, осы саладағы кәсіпкерлікті дамыту бағы­тында шешімін күткен мәселе аз емес.  Онымен айналысуға тиіс Ауыл шаруа­шылығы министрлі­гіндегілердің тір­лігіне қарның ашады. Олардың көп шаруасы саланы алға жылжытып, елді азық-түлікпен қамтамасыз ету емес, мегажобалар шеңберінде шетел асып,   қаржыны оңды-солды жұмсау секілді. Бүгінгі таңда бұл саладағы жемқорлық фактілерінң көптігі осыны аңғартады. Оны үкімет сағаттарында өздеріңіз де айтып жүрсіздер.

– Өкінішке қарай, бұл салада осындай жағдай қалыптасып тұр. Жуырда үкі­метте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков таныстырған  2013-2020 жылдарға арналған аграрлық секторды дамыту бағдарламасында белгіленген шараның бәрі «Казагроны» қаржыландыруға бағытталған. Онда ауыл­дағы қарапайым малшы мен диқанға көмек көрсетуді көздеген бір жоспар жоқ. Шын мәнінде, оларға ақшадан бұрын өндіріп жатқан өнімдерін өткізіп, пұл етуге қолдау қажет. Біздің фермерлер осындай жәрдемнің жоқтығынан өндірген өнімін тұтынушыларға баға сүйгізіп сата алмай, шығынға батып отыр. Олардың бұл дәрменсіздігін көбіне-көп ресейлік алып- сатарлар пайдалануда. Бұдан айналып келгенде ұтылып жатқан өз халқымыз, өзіміздің қазынамыз. Мұны Мамытбеков мырза қаперге алғысы келмейді. Айтаты­ны – «өндірген өнімдерін өздері сатсын».  Бұл Ауыл шаруашылығы министрінің айтатын сөзі ме?

– Сіздіңше, аграрлық сектордағы кәсіп­керлік үлесін арттыру үшін не іс­теу керек?

– Агротехнопарктер ашу қажет, сол арқылы ауыл еңбеккерлеріне нағыз жасампаз міндет – ауыл шаруашылығын жүргізудің қоғамға нақты пайдасын тигізіп, жеміс беретінін және бұл өндірісті қазіргі заманғы технологиялар базасында дамыту  қажеттігін көрсету керек. Осы арқылы жас кадрлардың ауылдан кету проблемасын шешу қажет. Дұрыс көзқарас болған жағдайда инновациялық негіздегі отбасылық фермерлік агробизнестің бірнеше кәсіпорнынан тұратын ауыл шаруашылығы технопарктері жас отбасының дамуы және барлық әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жағдай жасайды.

 

 

 

Дауылпаз баба – Қожаберген

 

/«Егемен Қазақстан». 12.02.2013. Абай ТАСБОЛАТОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор./ - Өз заманында кең байтақ жерімізді, бытырай қонған елімізді қызғыштай қорғаған, халқының бостандығы, болашақ ұрпақтың бақыты жолында қасық қаны қалғанша күрескен қазақтың хас батырлары жылдар, ғасырлар өтсе де ұмытылмайды. Елі­міз Тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері олардың тарихтағы орнын айқындау, өне­гелі істерін ұрпаққа үлгі ету, лайықты құр­­мет көрсету бағытында айтарлықтай жұ­мыстар атқарылуда. Соның бір мысалы, Үкімет үстіміздегі жылы Қо­жаберген Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуын атап өту туралы жақында қаулы қабылдады.

Расы сол, тарих қойнауында қалған баяғының батырларының, би-шешендерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді ғылыми тұрғыдан негіздеу, жүйелеу жеңіл жүріп жатқан жоқ. Сірә, ол ұзақ жылдар бойы қазаққа ерлікті де, білімдарлықты да, шешендікті де, бір сөзбен айтқанда, көп игіліктерді қимаған саясаттың санамызға сіңіп қалғанынан болса керек. Қожаберген бабамыздың аты да көп уақыт қалың елге белгісіз болып келді. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі Бұқар жыраудың Қожабергенге арналған «Ғадыл ер» деген толғауындағы:

Көшебе Керей ағасы,

Толыбай сыншы баласы.

Қол бастаған Қожекең,

Үш жүздің болды-ау данасы, – деген немесе «Ұстазыма» деген толғауындағы «Бата алған Бұқармын, Қожаберген асылдан» – деген сөздерді, Қожабергеннің өзі «Елім-ай» дастанында Бұқар жырауға:

Шәкіртім Сүйіндікте Бұқар жыршы,

Ол Бұқар – өзі ақын, өзі сыншы.

Олдағы қарап жатпас аттан салар, –

Сөзіне оның, халқым, құлақ түрші! – дегенін көзге ілмей келдік.

Десек те, зерттеушілердің Қожаберген бабамыздың ғибратты ғұмырына қызығу­шылығы ешқашан да бәсеңсіген емес. Қо­жабергеннің өмірі мен еңбегі қазақ хал­қы­ның алғашқы ағартушысы Ыбырай Ал­тынсаринді де қызықтырған. Ыбырай Ал­тынсарин Қожабергеннің атын 1879 жы­лы Орынбор баспасынан жарық көрген «Қа­зақ хрестоматиясы» және Қазан қала­сын­да басылып шыққан «Мәктубат» деген кі­та­бына енгізеді. Қожаберген мұрасына С.Сей­фуллин, І.Жансүгіров, С.Көбеев, Б.Май­лин, Ғ.Мүсірепов, І.Омаров сынды хал­­қы­мыз­дың асыл ұлдарының да ден қой­ғаны тарихтан белгілі.

Бұларға дейін Қожаберген Толыбайұлы туралы Дәстем сал Қарабасұлы (1677-1752), Жанкісі жырау Көшекұлы (1734-1817), Жанақ Төлекұлы (1743-1821), Баһрам Шақшақұлы (1779-1826), Көрпеш, Сегіз сері Баһрам ұлдары, Шәңгерей Бөкеев (1847-1920), Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазған.

1983 жылы Алматыдағы ғылым баспасынан «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» деген еңбек жарық көрді. Осы кітапта Қожаберген жырауға да орын берілген. Міне, содан бері Қожаберген Толыбайұлы туралы бірнеше кітап, жүзден астам зерттеу мақалалар жарық көрді.

2000 жылдың 19-20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Қожаберген Толыбай сыншыұлының ел тарихындағы орны мен рөлі» деген тақырыпта Қызылжар қаласында өткен ғылыми-теориялық конференцияда негізгі баяндама жасаған академик марқұм М.Қ. Қозыбаев Қожаберген мұрасын зерттеу, бүгінгі ұрпаққа жеткізу – замана талабы екенін баса айтқан. «Қожаберген бабамыз көп батырлардың бірі ғана емес. Ол 1688-1710 жылдары 22-23 жыл бойында қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек, ордабасы, Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер! «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Қожаберген ұлы жеңісті шыңдаған стратег», – деген еді сонда атақты академик ағамыз.

Тарихтан бізге жеткен деректер бо­йынша, Қожаберген Толыбай ұлы 1663 жылы наурыз айының басында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Благовещенка селосының маңайындағы Гүлтөбе деген жерде, батырлар мекенінде дүниеге келген. Олай дейтініміз, Орта жүздің Керей руынан тарайтын Толыбай сыншы да, ХVІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген Дәулен де (Толыбайдың әкесі), арғы атасы Көшебе де батыр болған. Қожабергеннің:

Арғы атам ту ұстаған ер Көшебе,

Қай батыр тең келіпті Көшебеге,

немесе:

Ол соғыс Есімханның тұсында өткен,

Қалмақты Дәулен атам қырған шеттен, – деуі содан.

Осындай ел қорғаны болған асылдардың тұяғы Толыбайдың аты болашақты болжай білетін көрегендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, шешендігімен, ел іргесі сөгілсе, қылышын қынабынан суырар ерлігімен де шыққан. Ол Гүлтөбеде көп жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерін басқарып ел тыныштығын қорғаған, ордабасы – баһадур атанған. Ел ішінде әлі күнге дейін Толыбай сыншыға телінетін нақыл, қанатты сөздер аз емес.

Ал, Қожабергенге келсек, ол ақын-жырау, әнші-күйші, сазгер ғана емес, ел тағдыры таразы басына тартылған қан-майдан жорықтарда қалың қолды бастаған батыр, Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы сияқты тарихи конституциялық пәрмені бар «Жеті жарғыны» жазған жеті бидің бірі. Жүз жасаған Қожаберген өмірінің алпыс жылын елінің тәуелсіздігі үшін күресіп, ат үстінде өткізген. Бұл жөнінде көзі тірісінде ұлт намысы атанған әйгілі заңгер Салық Зиманов 2011 жылы белгілі қоғам қайраткері Сабыр Қасымов бастаған бір топ азаматтың ұйым­дастыруымен Қызылжар қаласында өт­кен Халықаралық конференцияда былай деген болатын: «Қожаберген – біздің та­рихымыздағы тұтас құбылыс, бүкіл ғұ­мырын қазақ халқының тәуелсіздігі жо­лын­дағы күреске арнаған ұлы тұлға.» Атақты ғалым бұл сөздерді тектен-тек айта салған жоқ. Ол Қожаберген Толыбайұлы, оның «Жеті жарғыны» жазуға қатысқаны туралы өзінің толық шығармалар жинағында да құнды деректер келтіреді.

Белгілі Көтеш ақын Райұлы да өзінің «Жиен жырау» дастанында:

Ақылдасып үш бимен

«Жеті жарғыны» жазған ер.

Кім десеңіз ол бекті:

Қожаберген кемеңгер, – деп жазады.

Қожаберген жасында Үргеніш, Бұхара, Самарканд медреселерінде оқып мол білім алады. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгереді. Осындай білімінің арқасында 1683-1688 жылдары Әз-Тәуке ханның елшілік қызметіне 5 жыл басшылық етіпті. Оның:

Тіліне араб-парсы болдым жетік

Оны да қолданбадым өнер етіп.

Көрші елге елшілікке ылғи барып.

Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп, – деген жолдары осыны ұқтырады.

Бабамыз – 1688-1710 жылдары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының бірік­­кен қолына әскербасы болып қалмақ шап­қыншылығына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда талай рет ірі жеңістерге жетіп, ордабасы атағын алған үлкен баһадур, әскери қайраткер. Оның 23 жыл әскер басқарғаны өзінің «Үш би» атты өлеңінде былай деп көрсетілген:

Басқарып Үш жүз қолын 23 жыл,

Орнымды Бөгенбайға бердім биыл.

Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды,

Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын.

Ендеше, М.Қ. Қозыбаевтың жоғарыда біз сөз еткен конференцияда «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Қожаберген ұлы жеңісті шыңдаған стратег. Қожаберген батырлардың батыры, қолбасшы, Әз-Тәукедей дананың оң қолы, қиын замандағы ел қорғаны», – деп саңқылдауы өте орынды. Атақты тарихшы «Дауылпаз баба – Қожаберген» деген еңбегінде Қожаберген жыраудың Әз-Тәукенің тапсырмасымен «Жеті жарғыны» ақ былғарыға жазып, ханға табыс еткені туралы деректер де келтіреді.

Қожаберген жыраудың ұрпаққа қалдыр­ған әдеби мұрасы өте мол. Олардың бәрін жинап, сақтаған – Сегіз сері. Атақты Се­гіз сері «Елім-ай» жырын шығарған Қожа­берген жырау екендігін былайша айтып кеткен:

Қожаберген бабамыз

Әріде өткен данамыз.

«Елім-айдай» қисасын

Әнмен шырқап саламыз.

Тұлпар мініп ту алған.

Қожаберген бабамның

«Елім-ай» жырын жаттағам.

«Ата тектей» дастанын

Жадыма мықты сақтағам

«Елім-ай» әнін бабамның

Бала кезден шырқадым.

Ол жыраудың «Күлдірмам-ай», «Қойлы­бай көрген», «Қарасары Болат керей», «Соқыр абыз», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр», т.б. төлтума шығармаларын жинап, өзінен кейінгі ұрпаққа аманат еткен. Осы дастандарының бәрінде де ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырып, қазақ халқының бірігіп, іргелі ел болуын армандап, соны жырға қосады.

Қожаберген шығармаларының ең шоқтықтысы, сөз жоқ, – «Елім-ай» дастаны. Жеті бөлімнен, 3683 шумақтан, 14732 жолдан тұратын «Елім-ай» дастанында жырау 1723 жылдың апатын, халықтың қайғы-қасіретін, күйзелісін ашына жазады. «Елім-ай» – ел өміріндегі тұтас бір кезеңді қамтитын тарихи шығарма. Автор бұл еңбегінде Жоңғар империясының дәуірлеп, күшею себептерін, Әз-Тәукеден кейінгі қазақ хандығында болған текетірес, бақталас, алауыздықтың бетпердесін ашады. «Елім-ай» дастанындағы:

Әз Тәуке болса-дағы достыққа ынтық,

Сатпады көрші екі жұрт бізге мылтық.

Жоңғарлар қорғасын оқ жаудырғанда,

Найза ұстап, садақ тартып қарсы шықтық – деген жолдардың да астарында көп ой жатқаны анық. Бұл арада әңгіме жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенінде болып отыр. Дастанда Түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұхардың қазақ еліне деген қастандығы, өзбек пен тәжіктің жалтақтығы әшкереленеді. Осы тұрғыдан алғанда, М.Қ. Қозыбаевтың тілімен айтсақ, «Оны тек «дастан» деу аз сияқты. Оның арнасы кең – ұлттың болу, болмауы, Отан тағдыры. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлттың сан ғасырлық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген мемлекет, әскери, саяси қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар болған жерді аралап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттық сергелдеңге душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш сілтеп, қайсар намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының шаншыла атқан қайнар жыры да сыры. «Елім-ай» – ұлтымыздың Илиада мен Одиссеясындай эпикалық өміршең трагедиясы».

Халқымыздың аяулы ұлдарының бірі, батыр – қаламгер Бауыржан Момышұлы «Елім-ай» дастаны жайлы: «Керей Қожа­берген жыраудай бұрың-соңды өмір сүрген қазақ ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан! Жас бала кезімде оны әншілердің аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?» – деп жазған екен.

Ірі ғалым, тарих ғылымдарының докто­ры, профессор Ермұқан Бекмахановтың пі­кірі де осыған үндес. Ол өз ойын: «Көше­бе Керей Қожаберген ақын Толыбай сын­шы­­­­­ұлының «Елім-ай» дастаны – тарихи эпо­пеялық жыр. Әрі сол «Елім-ай» ерлік хис­­сасының бірінші бөлімі – 1723 жылғы «Ақ­табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден-бір тарихи құжат!» – деп тұжырымдапты. Осы мазмұндас бағаны кезінде академик Әлкей Марғұлан, академик Ақай Нүсіпбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бек Сүлейменов те шегелеп айтқан екен.

Жырау 1710 жылғы жазда өзінің көп жылдарға созылған ауыр соғыстарға үздіксіз қатысып шаршағанын мойындап, Әз-Тәуке ханнан өзін Ордабасы қызметінен босатуды өтініп, орнына шәкірті жас Бөгенбай батыр Ақшаұлын ұсынады. Әз-Тәуке хан арнайы құрылтай өткізіп, Бөгенбайды Ордабасы етіп сайлатады, сол жиында Қожаберген Бөгенбайға ақ батасын береді.

Бұл жайында Бұқар жырау былай дейді:

Қожаберген ғаділ ер,

Қадірін білген қалың ел.

Бөгенбайдай батырға

Билігін берген ардагер.

Қожекеме Бөгенбай

Шәкірт болған жан еді.

Сайлатқан оны ұстазым

Қарадан шыққан хан еді.

Жоғарыда Қожабергеннің өмірі мен шығармашылық қызметіне XIX ғасырда өмір сүрген ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин алғашқылардың бірі болып ден қойғанын айттық. Филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің айтуынша, одан сәл бұрын, 1875 жылы «Записки Оренбургского отдела Императорского русского географического общества» атты кітапта (253 – бетінде) «Қаратаудың басынан көш келеді» әнұранының алғашқы нұсқасы 16 жол көлемінде беріліпті. Сонымен бірге, Түрсекең «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» атты еңбектің бірінші томында «Қожаберген жырау (1663-1763)» атты арнайы тарау жарияланып, қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет «Елім-ай» әнінің авторы жайлы бірқыдыру мәліметтер берілгенін де айтады.

Алайда, кейін ұзақ жылдар бойы Қожаберген есімі аталмай келді. Академик Манаш Қозыбаев оның екі себебін атайды. «Бірінші – Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы, оның «Елім-айы» империяға қарсы туынды. Онда ол орыс империясы қалмақтарға қару сатты, қолдады деп айыптайды… Екіншісі – «Елім-айы» қазақ хандарының төре тұқымынан сайлануына қарсы. Ал, төрелер әулеті қазақ қоғамына ендеп, бойлап араласып, құраласып кеткен-ді».

Қожаберген Толыбайұлы – шын мәнінде, бар қазаққа ортақ тұлға. Сондықтан да оның өмірі мен шығармашылығы жайлы солтүстікқазақстандықтар ғана емес, еліміздің барлық аймағында тұратын зерттеушілер жазуда. Соның нәтижесінде Қожаберген батыр халқына қайта оралды. Оның ерлігі, даналығы туралы көптеген еңбектер жарық көрді. Осындай игі істерге белгілі заңгер Бекет Тұрғараев басқаратын «Жеті жарғы және Қожаберген жырау қоғамдық қайырымдылық қорының» ұйытқы болып келе жатқанын айту жөн. Аталмыш қордың қолдауымен жыраудың туған жеріндегі қорымында жерлестері оған арнап күмбез орнатып, ас берді. Жамбыл ауданының орталығы Пресновка селосындағы қазақ мектебінің алдындағы алаңға есімі беріліп бюсті орнатылды, мектепте мұражайы ашылды. Петропавл қаласындағы № 6 қазақ орта мектебі жырау есімімен аталады.

Иә, айта берсек, қолға алынып жүзеге асырылып жатқан игі істер аз емес. Бірақ, кезегін күтіп тұрған шаруалар да бастан асып жатыр. Осы жайында жақында мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметовке депутаттық сауал жолдадым.

Онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1678 қаулысына сәйкес үстіміздегі жылы 350 жылдығы аталып өтілетін Қожаберген Толыбайұлының мерейтойына дайындық барысында әлі шешімін таппаған кейбір мәселелерге тоқталып, атап айтқанда, балалар мен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында еліміздің театрларында тарихи деректерге сүйене отырып, Дауылпаз баба – Қожаберген Толыбай сыншыұлы туралы сахналық қойылымдарға бәйге ұйымдастырылып, үздік шыққан сценарийлер бойынша спектакльдер қоюға; тарихи деректерге сүйене отырып, «Елім-ай» жыры мен Қожаберген бабамыз туралы қазақ және орыс тілдерінде бір сағаттық деректі фильм түсіруге және оны еліміздің басты телеарналарынан көрсетуге; «Елім менің» патриоттық әндер конкурсы аясында халық ақынының өмірі мен ерлігіне арналған конкурс ұйымдастыруға; «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка елді мекеніне қарасты «Бүркіт қонған» деген орманның маңында орналасқан Қожаберген жыраудың кесенесін мемлекет қамқорлығына алып, қайта тіркеуден өткізіп, кесенеге күрделі реставрациялық жөндеу жұмыстарын жүргізуге; Астана қаласының орталық бір көшесіне Қожабер­ген жыраудың есімін беру және құжат­тарын дайындауға; республикалық ақын­дар, жырау­лар байқауын, ұлттың рухын қиын кезеңде де көтере білген тарихи тұлға Қожаберген жырау өміріне арнал­ған республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыруға; барлық республикалық, облыстық кітапханаларда дауылпаз баба – Қожаберген Толыбай сын­­­­шыұлының туғанына 350 жылдығына ар­налған кітап көрмелерін ұйымдастыруға; бабамыздың 350 жылдығына арналған іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жариялауды ұйымдастыруға; Қожаберген Толыбайұлының өміріне қарасты тарихи деректерді қайта сүзгіден өткізіп, мемлекеттік тапсырыс аясында шығарылатын әдебиеттер негізінде арнайы кітап шығаруға қаржы бөлуді сұрадым.

Қазақ «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді. Олай болса, бабаларымыздың алтын басын төрге сүйреп, олардың рухын асқақтата беру – ұрпақ парызы.

 

 

Қауіпсіздігімізді нығайту үшін шекара аймағына қаражат бөлуіміз керек

 

/«Алаш айнасы». 12.02.2013. Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының мүшесі:/ -

– Ассалаумағалейкүм, Нұртай мырза! Осы жақында ғана Елба­сы­ның Жолдауын насихат­тау, оны халыққа түсіндіру мақ­саты­мен ай­мақтарды аралап келді­ңіздер. Әңгімені осыдан баста­сақ.

 – Біз, Парламент Мәжілісінің депу­таттары, жақында өңірлерге шығып, халықпен кездесулер өткізіп, аймақтар­дағы орын алып отырған мәселелерді біліп, болашақта атқарылатын жұмыс­тар туралы халықты хабардар еттік. Өңірлерге шығудағы басты мақсат Елбасымыздың желтоқсандағы халық­қа Жолдауын, яғни 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму страте­гиясын түсіндіріп, осы стратегиядан туын­дайтын мәселелерді шешу, тапсыр­маларды орындау және қандай заңдарды қабылдап, жүзеге асыруы­мыз керек деген сияқты сауалдарға жауап іздеу болатын.

– Қай аймақтарда болды­ңыздар?

– «Нұр Отан» партиясының мүшесі Төлеген Ибраев екеуміз Шығыс Қазақ­стан облысының Өскемен қаласында, Аягөз, Жарма, Үржар, Көкпекті, Ұлан аудандары­ның елді мекендерінде болып, халықпен ашық кездесулер өткізіп, ондағы халықтың ой-пікірлерін біліп, қордаланып қалған мәселе­лермен бөлісіп қайттық. 

– Қандай мәселелер қорда­ланып қалған екен?

– Қазіргі таңда көптеген жерлерде ауызсу мәселесі халықты қатты толған­дырып отыр. Сосын құрылысы аяқтал­май жатқан мектептер жайында көп­теген сұрақтар қойылды. Қазіргі қыс кезіндегі бір ауыл мен екінші ауыл арасында жол ашу мәселелері, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету, жұмыссыздық, кәсіп­керлікке қолдауға беріліп жатқан шағын несиенің көлемін көбейту, жалпы, ауыл шаруашылығын дамыту туралы көптеген мәселелер туындады. 

– Жолдаудың ауыл-аймақтағы тіршілікпен үндес келетін тарау­ларына қатысты және оның іске асуына бағыт болатындай, сол өзіңіз аралаған аймақтың тірші­лігінен бір нақты мысалдармен айтып беруге бола ма?

 – Елбасымыз өз Жолдауында елдегі ауылшаруашылық және ауыл­шаруа­шылық өнеркәсібі кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жасауды және оны жүзеге асыруды тапсырған болатын. Қазір осы бағытта көптеген іс-шаралар атқары­лып жатыр. Дегенмен көптеген жерлерде жұмыс істейін десе, көбінің несие алуға қолы жетпей жатады. Бұл мәселе «Жұмыс­пен қамту» бағдарламасында қарас­тырылған, ауылдық кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет шағын несие береді. Бірақ ол барлық жерге жетпейді және жұмыс істеп жатқан, сонымен қатар жұмыссыз жүрген азаматтарды оқытамыз, мамандық алып береміз, бірақ ары қарай жұмыс табуға келгенде кедергілер бар. Сондықтан осы жағына тыңғылықты құжаттар әзірледік. Бола­шақта осы жағы нақтыланса деген ұсыныстар қарас­тырылуда.

– Өткен жылы Елбасымыз облыс әкімдеріне денсаулық са­ла­сы мен білім саласына қатысты сын айтты. Мысалы, қағаз­бастылық туралы. Одан бері, міне, біршама уақыт өтті. Сол сыннан шығарылған қорытын­дыны байқадыңыз ба?

– Ол сыннан қорытынды шығару әкімдердің міндеті деп ойлаймын. Елді мекендерді аралағанда, әсіресе шалғай аудандардан осындай көптеген мәселелер болып жатқанын көзімізбен көріп қайттық. Мысалы, дәрігерге ке­леді, кезекке тұрады, құжат тол­тырады, оны Астанаға жібереді, бағдар­ла­ма­сына енгізеді, одан қайта жауап күтеді, ол бірталай уақытты алады. Тағы бір айта кететін жайт, денсаулық объек­тілерін салуға, мектептерді са­луға мемлекеттен дер кезінде ақша бөлінеді, жоба жаса­лынады, бірақ мер­дігерлердің нем­құрайдылығына, жауапсыздығына байланысты ол нысандар бітпей жатады. Көп жерлерде сол нысандарды бітіру үшін бір-бірін құқық қорғау органдарына беріп жатқандары бар. Бірақ одан нәтиже жоқ. Ол жерде кім қалай ақша алады және кім қалай жұмыс істейтіні белгілі. Сондықтан көзбояушылыққа салмауы­мыз керек. Бұл жерде нақты заңдық тұрғыда тәртіп орнатып, екінші қайталанбауын қарас­тырған абзал. Мұндай жағдайлар елді мекендерде көптеп кездеседі.

– Елге барып, көптеген сұрақ-жауаптар алу барысында заң­дардың қаралуын, қайтадан түзетуін немесе қайта қабыл­дануына байланысты қандай ұсыныстар алып келдіңіз?

– Ұсыныстарды халық арасынан көптеп кездестірдім. Қазір «Нұр Отан» пар­тиясы Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар қабыл­дап, оны партияның парламенттік фракциясы жүзеге асырып жатыр. Яғни Парламент Қазақстанда заң шығарып, жүзеге асы­ратын ең жоғарғы өкілді орган болған­дықтан, біздің басты жұмысымыз – халыққа адал жұмыс істеп, жақсы заңдар шығару. Парла­ментте мемлекеттік қыз­меттер көрсету туралы заң бірінші оқылымда қабыл­данып, екінші оқылымға дайын­далып жатыр. Бұл мемлекеттің халыққа көр­сететін қызметтерінің сапа­сын, көлемін арттырады. Мысалы, жергілікті жер­лерде саябақ салынуға немесе көше жөндеуге ақша бөлінеді. Бірақ оны қарапайым жұртшылық біле бермейді. Әкімдер «мынаған 80 миллион теңге бөлінді, осыны игердік» дейді, бірақ сол 80 миллион теңгеге одан екі есе артық жұмыс атқаруға болады. Сон­дықтан да болашақта өзіме түйіндеп қайтқаным, бюджет кодексін қайта қарап, бюджет ақшасын тиімді пайда­лану үшін бюджет үдерісіне қатысушылардың жауапкер­шілігін арттыруды қарастыру керек. Соны­мен бірге, мысалы, жергілікті бюджет­тегілерге жиналатын қаражат­тың көзін көбейту мәселесі. Көп аудан­дар облыс­тан алады, ал облысты республикалық бюд­жет қамтамасыз етеді. Респуб­ликалық бюджет халықтың салығынан жиналған­дықтан, болашақ­та осы жағы реттілікті қажет етеді және денсаулық сақтау, білім саласына, оның ішінде Бірыңғай тестілеу­дің артықшылықтары, халыққа қызмет көрсету саласындағы көптеген мәселе­лер айтылды. Оны біз заңдарымызды талқы­лаған кезде ұсыныс жасап, оны шешуге тырысамыз.

– Оның нәтижесі болашақта кө­рінеді дейсіз ғой...

 – Оның міндетті түрде нәтижелері болады, өйткені біз барған сайын көп­теген ұсыныстармен танысып, сол арқылы заңдарымызды халыққа жақын етіп қабылдап жатырмыз. 

– Нұртай мырза, бізге хабар­ласқан тыңдаушымыз ауылша­руа­шылығын қолдауға байла­ныс­ты несие алып, үлкен көлемде астық, дәнді дақыл сепкен екен. Бірақ құрғақ­шылық болып, екі жыл қатарынан өнім ала алмаған. Ол үлкен шығынға ұшырап, қа­рыз­ға белшесінен батқан деуге болады. Сізге қойылар сұрақ: табиғи апат, ауа райының түрлі кедер­гілері заңда қарастырылған ба?

– Бұл несие беруші мен несие алушының ортасындағы шартта қарас­тырылады. Ол заң бойынша  реттеледі, егер де осындай табиғи жағдайлар, құр­ғақ­шылық немесе тағы да басқадай кедергілер болып жатса, онда несие алушы несие берушіге барып акт жасайды. Кәсіп иесіне тиісті органдар анықтама беріп, сол арқылы несиені қайтаруды шегеру немесе басқалай жол қарас­ты­рылады. Бұл – заңда реттелген мәсе­ле.

         Кәсіподақ туралы заң қанша­лықты күшінде?

         - Елбасымыз кәсіподақтар туралы заң қабылдауды тапсырған болатын. Бұл заңды қабылдау биыл жүзеге асырылады. Яғни ол заңда кәсіподақтар жұмыс­шылардың құқықтарын қорғауы көздел­ген. Қоғамда кәсіподақтардың рөлін күшейтіп, санын арттыруымыз қажет. Мысалы, мамандықтары бірдей бола тұ­ра, өзіміздің жұмысшылар мен басқа шетелден келетін жұмысшылар арасын­дағы жалақының айырма­шылықтары, ұжымдардың ортасында болатын даулар т.б. мәселелер қарас­тырылуы керек. Конс­титуция бойынша бәрінің заң алдында құқықтары бірдей. Сондықтан осыны жүзеге асыру – кәсіподақтардың басты міндеті. Жұмыс беруші мен жұмысшылар ортасындағы келісімшартты жүргізіп, құқығын қор­ғайтындар екеуінің ортасын­дағы дәнекер болуы керек. Сонда ғана бізде жұмысшылардың жұмысқа деген ынтасы артады, еңбегін толық өндіріп алады.

       – Қарапайым халық өз ұсы­ныс­тарын депутаттарға хат арқы­лы білдіріп жатса, жауабын тиісті дең­гейде ала ала ма? Мәселен, кейбір аймақтарда «депутат­тардың ел аралап жүргенін естідік, бірақ кез­десе алма­дық» деп, Алматыдан хабарласқан тыңдау­шыларымыз бар.

       – Депутаттар өңірлерге барғанда азаматтарды «Нұр Отан» партиясының филиалдарында қабылдайды. Сол кезде келуге болады. Сонымен бірге біздің кездесулеріміз өңірде ашық түрде өтеді және әр өңірде, мысалы Алматы, Астана қалаларында, облыс орталықтарында «Нұр Отан» партия­сының және облыс аудандарында пар­тияның филиалы бар. Соларға барып, «міне, осы хатымызды мына депутатқа жеткізіп беріңіз» немесе пошта арқылы хат жіберіп, депутатқа жауап бер десе, депутат оған толық жауап беруге мін­детті. Ал мен өз атыма келген хаттардың барлығына уақы­тында жауап беруге тырысамын. Әртүрлі мәселелер бар. Депутат бәрін шешіп тастайды деп айта алмаймын. Ол шындыққа жанаспайды да. Біздің басты жұмысымыз – халықтың мәсе­лесімен қатар, оны шешуге байланысты заң шығару. Көптеген сұрақтар жер­гілікті атқарушы органның құзырын­дағы мәселелерді қояды. Мысалы, әкімдердің істелмей жатқан жұмыс­тары, тұрғын үйге, жерге байланысты. Бұлар жергілікті әкім­дердің тікелей өзі шешетін мәселе немесе құқық қорғау органдарына байланысты нәрселер. Біз, әрине, оларды тиісінше Үкіметке, мемлекеттік органдарға жіберіп, азаматтарға жауап беруге міндеттіміз. Сондықтан да хат жазыңыздар, біз жауап береміз.

       – Демек, хат белгілі бір депу­таттың атына жазылуы керек, жалпы жазуға болмайды ғой?

       – Бізде хаттың қалай жазылуына байланысты заң бар. Хат жазғанда «Астана қаласы Парламент үйі» деп белгілі бір депутаттың аты көрсетілуі керек. Сонымен қатар хат жазған адам өзінің аты-жөнін, мекенжайын көрсетуі керек. Егер де бұлай жазылмаса, онда заң бойынша хаттарға жауап беріл­мейді. Сондықтан жазылған мәселені қысқаша, нақты жинақтап, ары кетсе бір, бір жарым бетке сыйғызу керек. Кейде бізге бес, алты, жеті беттік хаттар келеді. Сонда жетінші бетте ғана мәселесі туралы айтылады. Сондықтан хат жазудың мәдениетін ескеріп, заңда көрсетілгендей, біреудің ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуді ойлауымыз керек.

         – Өңірлердегі орыс-қазақ тілінде білім беретін аралас мек­тептерде қазақ тілінің деңгейі қандай екен?

         – Қазір аралас мектептермен қатар, қаладағы қазақ мектептерінде де балалар орысша сөйлеп жүргенін көріп жүрміз. Сондықтан да бұл мә­селені болашақта түбегейлі шешуіміз керек. Содан кейін ол әр ата-ананың өзіне де байланысты болады. Бізде осы жағынан немқұрай­дылық болып жа­тады. Бұрынғы кеңестік менталитетті жойып, өзіміздің ұлттық менталитетті арттыруымыз керек. Сонда ғана біз намысшыл, Отанын қорғай алатын, осы елдің болашағы болатын аза­маттарды тәрбиелей аламыз.

         – Өзіңіз аралап қайтқан ай­мақ­тардан «Шағын қалаларды дамыту» туралы қандай ой түйдіңіз?

        – Шекаралық аймақтарға барған кезде Мақаншы ауылында болдық. Сол кезде бұрынғы Мақаншы ауданын қайта қалыпқа келтірсе деген ұсыныс айтылды. Елбасымыз өз Жолдауында шекарамен шектес аудандар туралы шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осыған байланысты біз де қазір ұсыныс жасап отырмыз. Көптеген шекаралық, бұрын таратылып келген аудандарды әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға тиісінше қаржы бөліп, ондағы көптеген шешілмей, қордаланып жатқан мәселе­лерді шешу туралы, сонымен бірге Ел­басымыз өз Жолдауында «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасын жасауды тапсырған болатын. Бұл да үлкен мәселе. Салалық қалалар туралы бағдарлама жасалды, оған 27 қала кіргізілді. Қалған қалалар кірмей қалды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында Зайсан, Аягөз, Шар деген қалалар бар. Жергілікті халық осы өңірлерді «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасына енгізсе деген ұсы­ныстар айтты. Тек осы облыс қана емес, басқа да облыстарда мұндай мәселелер бар. Сондықтан біз қауіпсіздігімізді нығайтқымыз келетін болса, сол шекара аймағына қаражатты тиісінше бөлуіміз керек. Ауылдар көшіп, мек­тептер жабылып, шекара аймағында халық азайып бара жатыр. Мысалы, бір Шығыс Қазақстан облысында үш жылдың ішінде 60-тан аса мектеп жабылып, 48 мектептің мәртебесі өзгертіліпті. Мұндай мәселелерді шешу кезінде халықтың пікірін ескеруіміз керек.

        – Нұреке, мәселелер шешу барысында «халықтың пікірін ескеруіміз» керек деген ойы­ңызды сұхбатымыздың қорытын­ды сөзі деп есептеп, хабарымызды аяқ­тайық. Уақыт бөліп келгені­ңізге көп рақмет.

 

 

Елбасы Жолдауы – ел дамуының серпіні

 

/«Егемен Қазақстан». 12.02.2013. Серік Пірназар./ - Парламенті Мәжілісінің депутаты Ізбақ ӨМІРЗАҚОВ:

- Ізбақ Қуанышұлы, Мемлекет Басшысының жаңа Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында жуырда ғана өңірлерге іссапармен барып келдіңіздер. Өзіңіз барған өңірдің қазіргі жағдайы қалай екен? Сайлаушылар қандай мәселелерді көтерді?

-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттарымен таныстыру мақсатында мен бірнеше Парламент депутатымен бірге Ақтөбе облысында болып қайттым. Бүгінгі күні еліміздің Үдемелі индустриялды-ин­но­ва­циялық даму бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы да даму жолына түсіп, ел аймақтарының ішінде көшбасшы ретінде көрініп келеді. Қазақстанның ин­дуст­рия­лан­дыру картасына облы­ста жалпы сомасы 631,5 млрд. теңге болатын, салу ке­зін­де 10,6 мың жұмыс орны және пайдалану кезінде 9,9 мың жұмыс орны ашылатын 68 жо­ба­сы енді. Жалпы алғанда, оны іске асы­­рудың 2,5 жылы ішінде (2010- 2012 жылдың бірінші жартысында) индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 186,8 млрд. теңге 56 өндірістік ны­сан­ пайдалануға беріліп, 4,7 мың жұмыс орны ашылды. Іске қосылған сәтінен бастап, аталған кәсіпорындар жалпы сомасы 346,2 млрд. теңгеге өнімдер шы­ғарды. Бұл облыстың осы ке­зең ішіндегі жалпы өндірілген өнер­кәсіптік өнімдерінің 12 пайызын қамтиды. Әрине, жобалардың не­­гізгі үлесін тау-кен өндіру са­ла­лары, құрылыс ин­дус­трия­сы секілді салалар алады.

Сапар барысында біз өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен қатар, әлеуметтік салаларында қызмет жасайтын ұжымдармен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмалардың өңірде қалай жүзеге асып жатқанына назар аудардық. Кездесулерде сайлаушылар тарапынан көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласына қатысты электр қуатының бөлек тарифтері, терең скважиналардынбұрғылау мен оған субсидия бөлу, салық салу, байланыс жүйесінің даму мәселелері елді мекендердің тұрғындарын алаңдатып отыр.         

-Жаңа Жолдаудан туындайтын келелі мәселелер мен маңызды міндеттер туралы айтып өтсеңіз.

-Мемлекет басшысы «Стратегия-2030» қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енгенін айта келіп, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біздің ел әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіргеніне тоқталып еді. Ендігі басты мақсат – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысатыны анық.

Ең бастысы, Қазақстанның тұтастығын сақтап, дамыту міндетін асыра орындап, «біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ішкі саяси тұрақтылық пен бірлікті нығайттық»,- деді Президент. XXI ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс. Жүзжылдық тұсындағы тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміздің құндылықтарының дағдарысы мен әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі секілді сын-қатерлерін нақты талдай келіп, Елбасы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын ұсынды. Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиіс. Менеджменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет. Жолдаудағы келелі мәселелердің бірі – осы.

Елбасы 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен бірнеше міндеттерді шешу қағидаттарының маңыздылығын кеңінен баяндады. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жаңғыруы, инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарастың болуы, мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу, индустрияландырудың келесі фазасының жоспарын құру, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажеттілігін алға тартты. Президенттің айтуынша, көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, елімізде энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Инновациялық технологияларды дамыта келе, экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге ұлғаяды. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есеге өсуге тиіс.

Қазіргі таңда Үкімет еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасыны әзірлеп жатыр. Бұл бағдарламаның басты мақсаты 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есеге арттыру болып табылады.

Елбасымыз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру қажеттігін атап, Қазақстан XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіспіз деді. Ендеше, баршамыз қай салада жұмыс жасасақ та, осы мақсатқа жету үшін еңбегімізбен өзіміздің үлесімізді қосуға атсалысқанымыз жөн.

-Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын іске асыру жөнінде сайлаушылар қандай ой-пікірлерін білдірді?

-Елбасымыз өз Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа принциптеріне арнайы тоқталған болатын. Еліміздің азаматтары үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төмеңгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз тиіс. Осыған байланысты біздің сайлаушылар мемлекеттің зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатына ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі таңда облыста Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірқатар кәсіпорындар ашылып, жаңа жұмыс орындары белгіленіп отыр. Мемлекет жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудан өткізуге, яғни оларға әлеуметтік қолдау көрсете отырып, жаңа мамандық игеруіне қолдау көрсетуде. Ендігі жерде біздің жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай жасау керектігіне сайлаушылар да назар аударды. Елімізде жүзеге асып жатқан «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша бірнеше мәселелерге тоқталып, олар жергілікті атқарушы билікке нақты іс-шаралар жасау жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

-Өзіңіз туып-өскен өңірмен тығыз байланыстасыз ба? Ақтөбе облысының қандай экономикалық, индустриалдық жетістіктерін ерекше айтар едіңіз?

-Мәжіліс депутаты бола отырып, әрине, мен Ақтөбе облысымен тығыз байланыстамын. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы әрқашан біздің назарымызда. Баршаңызға белгілі, біздің негізгі қызметіміз заң шығарушылық болып табылады. Осыған байланысты елімізге қажетті заң жобаларын қарастыра отырып, өзіміздің ұсыныстарымызды енгізуге тырысып келеміз. Жылына төрт рет сайлаушылармен кездесіп, олардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын заң шығарушылық қызметімізде қолданудамыз.

Ақтөбе облысының индустриалдық жетістіктеріне келсек, олар мынадай. Тау-кен өндіру және мұнай-газ саласында «СНПС-Ақ­тө­бемұнайгаз» АҚ-ның жалпы ин­вестиция көлемі 51,0 млрд. теңгені құрайтын үш ірі нысан іске қосылды; мыс-мырыш ке­нін қайта өңдейтін №2 байыту фаб­рикасы («Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС) кен байыту үде­рісі озық технологиялар не­гі­зін­де құрылды. Өнімді өткізу Қа­зақстанның ішкі нарығына, Ре­сей, Қытай және басқа елдердің нарықтарына бағдарланған. Мыс концентратын өндіру жүр­гі­зі­леді, мыс құрамы 20%, мырыш концентраты 50% болмақ. Сон­дай-ақ «Восход» кенішіндегі жерасты рудник-шахтасында («Вос­ход Ориел» ЖШС) әлем­дік фирмалардың заманауи жаб­дық­тарын қолдану арқылы тау-кен ұңғымаларын жасаудың жаңа әдістері пайдаланылуда. Өнім­дерді өткізу шетелдік на­рыққа бағдарланған, 40% хром концентраты Ресей Фе­де­ра­циясы, Ұлыбритания на­рық­та­рына түсетін болады, ал қалған бөлігі Қытайға экспортталады. Бұл әлемдік хром нарығындағы Қа­зақстанның беделін нығайта­тын болады. Сондай-ақ халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз етеді, Хромтау ауданының бір­қатар әлеуметтік мәселелерін ше­шеді. Газды пайдаға асыру кешені жұмыс істеуде, оның қуаты жылына 420,0 млн. куб.м. газ, құны 42,0 млрд. теңге («Казахойл Ақтөбе» ЖШС). Сонымен қатар кенді қайта өңдеу және катодты мыс кенін өндіру кешені бар, оның қуаты жылына 7 000 тонна катодтық мыс, құны 5,0 млрд. теңгеден астам («КазКуппер» ЖШС). Өндірісте сұйықтық экстракция және электролиз технологиялары  қолданылады, ол­ар жоғары технологиялық өнді­ріске жатады әрі Қазақстан Рес­публикасы аумағындағы өнер­кәсіптік масштабта теңдесі жоқ. Шығарылатын өнімдері – ка­тодтық мыс, сым, шина, ка­тан­калар, профилдер және басқа көп­теген бұйымдар.

Құрылыс индустриясында – виб­­ропрестелген және қыш бұ­йымдарды шығару зауыт­тары («СпецТрансСтрой Ком­па­ни» ЖШС, «Ситал-2» ЖШС, «Ақтөбеқұрылысмон­таж» ЖШС), жергілікті ши­­­­­кі­­­­­­зат­­­­тан қиыр­шық тас шығаратын үш зауыт («Мұғал­жар­­Мұнай­Құ­ры­­лыс» ЖШС, «Теміржол­Құ­ры­лыс­­Аты­рау» ЖШС, «Ком­пания Текше Тас» ЖШС), ме­­­талл құрастырмаларын шы­ға­ра­тын зауытты жаңғырту жұ­­мыстары жүргізілді. Поли­эти­лен құбырлар («Ақтөбе­құ­рылысхиммонтаж» ЖШС), по­ли­уретанды композициядағы («По­лимерМунайГаз» ЖШС), бел­сендірілген және белсенді­ріл­меген минералды ұнтақ («Ба­тыс ­Даму Жол» ЖШС), дә­не­кер­леу электродтары («Электрод и К-Ақтөбе» ЖШС) шығаратын зауыттар қарқынды жұмыс іс­теуде. Ал химия саласында Батыс Қа­зақстандағы жарылғыш зат­тарды шығаратын бірегей зау­ытты («КазЦКУБ Нитрохим» ЖШС) атап өткен жөн. Сондай-ақ Шилісай кеніші базасындағы фос­форитті ұн өндірісі («Темір Сер­вис» ЖШС) бар. Аталмыш жо­баны жүзеге асыру күрделі ми­нералдық тыңайтқыштарды шығаруда ауқымы ірі ха­лықаралық ықпалдасқан жоба­ны жасаудың бірінші сатысы бо­лып табылады, мұндағы ин­вестиция көлемі 45,0 млрд. тең­геден асады. «СКРП-Аманат» ЖШС-і жылына 7,5 мың тонна химиялық реагенттер шығарып, өнімді жылына 25% ұлғайтатын болады. Индустрияландыру Кар­та­­­сы шеңберінде жүзеге асырыл­ған жобалардың бірі батыс ай­мақтағы бірегей көлік-ло­гистикалық орталықтың жо­ба­сы болып табылады. Ол жал­пы ауданы 13 мың шаршы шм 3 терминалды қамтиды. Ке­ліп түсетін жүктерді өңдеу за­манауи жабдықтарды пайда­лану арқылы жүргізіледі. Та­у­арлар туралы барлық ақ­па­рат он-лайн режимінде мо­бильді тер­миналдарға келіп түсетін болады.

Көлік-логистикалық орта­лықтың Ақтөбе облысының эко­номикасын дамытуда стра­тегиялық маңызы бар. Өйткені Ақ­төбе теміржолдар, әуе қатынастары өтетін ірі көлік то­рабы болып табылады, ал та­­­­­яу уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автома­гистраль да іске қосылмақ.

Облыстағы сүт өң­деумен айналысатын ірі кәсіп­орын­дар­дың бірі «Айс» ЖШС, Мәр­төк ауданында 1100 бас сиыр­ға арналған сүт-тауарлы фер­­ма құрылысының жобасы іс­ке асырылды. Жобаны іске асы­ру кезінде сүт өндірудегі «Van Der Ploed» голландиялық фир­масының ең заманауи технологиялары қолданылды. Бұл кә­сіпорындағы еңбек өнім­ді­лігін 3 еседен аса арттыруға мүм­кіндік береді. Машина жасау саласында Ақ­төбеде еліміздегі бірегей ме­­дициналық техника жасау­­шы болып саналатын «Актюб­ренген» АҚ-да компьютерлік томографтар шығару жобасы іс­ке асырылды.

-Әңгімеңізге рахмет.

 

Мемлекет болашағы бедерленген

 

/«Егемен Қазақстан». 13.02.2013. Виктор КИЯНСКИЙ, Парламент Мәжілісінің депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі./ - Жаңа Жолдаудың басты ерек­шелігі – оның стратегиялық ма­ңыздылығында. Бұл Жолдау Ота­нымыз дамуының және елдің алдында тұрған міндеттердің жа­ңа парадигмасын айқындап берді. «Қазақстан-2030» Стра­те­гиясының көптеген параметрлері мерзімінен бұрын орындалды. Сондықтан, ел дамуының жаңа стратегиялық жоспарын әзірлеудің қажеттілігі туындағаны анық. Сол себепті Елбасы өте маңызды Жолдауды кейінге қалдырмай, 14 желтоқсанда жария етті деп ойлаймын.

Бұл Жолдау түрі мен маз­мұ­ны, алға қойған міндеттері тұр­­ғысынан алғанда 1997 жыл­ғы алғашқы жария етілген «Қа­зақстан-2030» Стратегиясына ұқсайды. Ал жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларда әр сала бойынша қысқа мерзімді қамтитын нақты міндеттер мен мақсаттар атап көрсетілетін еді. Жаңа Жолдауда мемлекеттің болашағы көрініс тауып отыр. Ел дамуының кең ауқымда алғандағы 7 басты бағыты айқындалды. «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасында да 7 бағыт болған еді.

Сонымен қатар, Президент осы Жолдауда ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерін атап көрсетті. Қазіргі уақытта адамзат баласы жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келіп отырғаны анық. Соған орай біз айқын бағытты ұстана біліп, дұрыс әрі әділ іс-әрекет жасауға тиістіміз.

Елбасы бірінші сын-қатер деп тарихи уақыттың жедел алға басуын атады. Шынымен де, Жер шары тұрғындары санының арта түсуі әлемді алаңдатпай қоймайды. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түсетіні байқалады. Бірақ, біздің жас еліміздің, жас ұлтымыздың жаңа ғасырдағы мүмкін­діктері мол екендігін ес­кер­сек, Жалпыға ортақ еңбек қо­ға­мын дамыту арқылы жетер жетістігімізді арттыруға толық жағдайымыз бар.

Елбасы бүгінгі таңда әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіріп отырғанын айта келіп, әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіре түсетінін және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі үшінші сын-қатер екенін атады.

Төртінші – әлемде таза ауыз судың тым тапшылығы, бесінші – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік. Барлық дамыған елдерде баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестиция бөлу қарқыны арта түсуде. Біздің еліміз де эко­ло­гиялық таза энергия көзін пай­далануға бағыт алып отыр.

Жердің табиғи ресурстарын асыра пайдалану әр түрлі апаттарға алып келетіні анық. Сондықтан, Елбасы табиғи ресурстардың сарқылуын алтыншы сын-қатер деп атады. Ал ғылымның озық жаңалықтарын пайдаланып, индустриялық серпіліс жасаған ел қарқынды дамиды. Осы орайда, Президент жетінші сын-қатерді үшінші индустриялық революция деп атап көрсетті.

«Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік» деген Елбасы бұл бағытты сегізінші сын-қатер деп алса, адамзат баласы жинаған рухани байлықтың бірі – өркениет құндылықтарының дағдарысын тоғызыншы сын-қатер деп есептейді.

Әрбір дамыған елді, келешекке көз салған халықты толғандыратын бір мәселе бар. Ол – әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі. Мемлекет басшысы мұны оныншы сын-қатер деп атап көрсетіп отыр. Әлемдік қаржы дағдарысының ықпалы әрбір елге ғана емес, әр адамға да әсер ететіні анық. Соған орай 2050 жылға дейінгі басты бағыттарын айқындаған еліміз әлемдік өзгерістерге дер кезінде көңіл бөліп, жедел шешім қабылдап, қандай кедергіні де еңсеру мүмкіндігін таба білуі қажет. Бұл Жолдаудың негізгі ерекшеліктері осында деп ойлаймын.

Президент жүріп өткен кезеңді қорытындылай отырып, алға жаңа міндеттерді қояды. Ол саяси менеджмент қағидаттары жүйесімен ойлайды. Яғни, «жоспарла, іске асыр, тексер және түзету енгіз» қағидаттары бойынша жұмыс істейді. Бәрін жоспарлаудан бас­тау керек. Біздің ел дамуының ең мықты жағы алдағы міндеттерін жоспарлап алуында. Егер жос­пар болмаса, бәрі де бейберекет істелген жұмыс болар еді. Ал бұрын айтылғандай, жоспарлау тек социализмге ғана тән емес. Көптеген өркениетті елдер келешектегі бағыттарын алдын ала айқындап алады. Мәселен, Жапония әрқашанда алдағы 50 жылға жасалған стратегиялық жоспарларымен өмір сүріп келеді. Сол жоспарға сәйкес ресурс­тарды пайдалану мөлшері мен мерзімдері белгіленеді. Өйткені, бүгінгі таңда елді дамытудың сая­си, мемлекеттік, экономикалық, индустриялық, инновациялық барлық жобалары өте жоғары шығындарды талап етеді. Егер ұзақ мерзімді қамтитын келешекке жоспарламаса және айқын бағытта алға басу үшін жеткілікті қаражат жинақтамаса, ол ел ешқашанда алдыңғы қатарлы мемлекет бола алмайды.

Қазір ғылымды өте қажет­сінетін өндірістер іске қосылуда, олар өте жоғары деңгейде қаржы бөлуді керексінеді. Бұл жерде мемлекет үшін тәуекелдік қатері өте жоғары. Егер мол көлемдегі қаражат дұрыс жұмсалмаса, елге үлкен шығын әкелуі мүмкін. Сондықтан, Президент стратегия­да көптеген мәселелерде болуы мүмкін экономикалық, саяси және басқа да тәуекелдерді алдын ала есепке алуды ұсынды.

Елбасы соңғы жылдары маңызды жобалардың эко­но­ми­калық тиімділігі мен пайда әкелуі жағына баса мән беру керек екенін жиі айтып жүр. Өйткені, жаңа жобаны іске асыруға салынған әрбір теңге пайда алып келуі тиіс. Қаражатты өте үнеммен жұмсауға үйренуіміз керек. Сондай тәсілдің бір нұсқасы – «жасыл» технология. Бұл – болашақтың технология­сы. Астанада «жасыл көпір» технологиясы бастамасы көтерілді. Бұл – Қазақстан Президентінің бастамасы. Осы бастама РИО-20 саммитінде талқыланатын болады. Н.Ә.Назарбаев сонау 1992 жылы Мәскеу қала­сын­да, Ресейдің басқару академиясында «Нарықтық қаты­настардың қалыптасуы мен дамуы жағдайында ресурстарды үнемдеу стратегиясы» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Тәуелсіз еліміз жаңа құрылып жатқан тұста, әлі нарықтық экономика қоғамға толық енбеген кезде Президент нарықтық қатынастар жағдайында ресурстарды үнемдеу туралы мәселе көтерген екен. Ол үнемдеу арқылы дамудың негізгі бағыттарын айқындаған. Соның бәрі араға бірнеше жыл салып Жолдауда көрініс тауып отыр. Елбасы бастапқыда айтқан идеясын кейін жүзеге асырады.

Осы Жолдаудың және бір ерекшелігі ғылыми болжамдар мен алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру шешімінің әдіс-тәсілдері өте жақсы үйлесім тапқан. Президент қандай бағдарлама болса да, оның теориялық жағына да, жүзеге асыру жағына да мән береді. Егер Елбасы бір бастама көтерсе, оның қалай жүзеге асатынын жан-жақты есептеп алады. Бұл – кез келген саяси тұлғаға берілмеген қасиет.

Елбасы айтқан 2050 жылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық жаңа деңгейде дамыған әлемнің 30 елінің қатарына ену міндеті біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын. Өйткені, бізде ресурстар жеткілікті, адам капиталы бар. Еңбек ету арқылы жаңаша дамып, Жолдауда айқындалған әлеуметтік басымдықтарды жүзеге асырудың нәтижесінде интеллектуалды ұлтқа айналамыз.

Бұл Жолдаудың мазмұнына бірнеше маңызды құжаттар еніп отырғанын көреміз. Соның ішінде Президенттің өткен жазда жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын айтар едім. Жолдауда елімізде әлеуметтік жаңғыртуды іске асы­рып, Еңбек қоғамын дамыту арқылы алдағы мақсаттарға жетудің басты бағыттары көрі­ніс тапқан. Кәсіпкерліктің әлеу­меттік жауапкершілігі арқы­лы, әрбір азаматтың жеке жауап­кершілігі арқылы, тұтастай ал­ғанда, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі арқылы біз ең дамыған 30 елдің қатарына кіре аламыз. Тағы да қайталаймын, бұл міндет біздің қолымыздан келеді. Егер бәріміз өз орнымызда аянбай еңбек етсек, Елбасы белгілеп берген бағыттарды іске асырсақ, «Қазақстан-2050» Стратегиясы толық орындалады деп сенемін. Бұл – жарқын болашаққа бастайтын өте өміршең мақсат. Қазірден бастап Қазақстанның әрбір азаматы осы мақсат жолында жұмыс істеуі керек.

 

Еңбек қатынастарын демократияландыру – күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе

 

/«Егемен Қазақстан». 14.02.2013. Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы./ - Әлеуметтік жаңғырту, әлеу­мет­тік бағдарланған мемлекет құру өндірістік демократия инс­титуттарының дамуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты мақаласында еңбек қатынастары саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі тетіктерін құру қажеттігін атап өтті.

Еңбек дауларының негіз­гі себептері қатарында жұмыс­шы­лардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен шеттетілуі мен дау­ларды және жанжалдарды сот­тан тыс реттеу тетіктерінің әл­сіздігін атауға болады. Жұмыс­шылардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен шеттетілуі – олар­дың тиімді еңбекке деген ынтасын едәуір төмендетеді де бұл, сайып келгенде, адамдардың қызмет нәтижесіне немқұрайлығын тудырады. Қазіргі таңда қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастың мұндай моделі өзін өзі ақтамай отыр. Адам өзін қарапайым жалданушы ретінде сезінеді. Өндірістік қатынастарды демократияландыру Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрудағы ажыратылмас элемент болып табылады.

Өнімділіктің өсуін, демек, қа­зіргі заманғы экономиканың тұ­рақты дамуын еңбек қатынастарын демократияландырусыз көзге елес­тету мүмкін емес. Осындай үдеріс бүкіл әлем бойынша дерлік іске қосылды. Оның негізгі мәні – еңбек және капитал арасындағы қайшылықтарды жою. Ал бұл қайшылықтарды жұмысшылардың кәсіпорын капиталына қатысуын қамтамасыз ету арқылы жоюға болады.

Еңбек қатынастарын демокра­тия­ландырудың алғашқы ізашары АҚШ болып табылады. 1974-1994 жылдар аралығында Америка Конгресі жұмысшылардың ак­цио­нерлік меншігін дамыту жос­пары негізінде жұмысшыларды акционерлік капиталдың иегер­леріне айналдыру үдерісін ынталандыратын 25 заңнамалық акт қабылдады. Өндіріс қаты­нас­тарын демократияландыру бағдарламасына қатысушы компаниялардың көбіне қабылдан­ған заңнамалар бойынша салықтық жеңілдіктер берілген. Сөйтіп, жұмысшылар меншігі «Шеврон», «Проктел энд Гэмбл», «Крайслер», «Локхид» және басқа аса ірі компанияларға тарала бастады.

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің бастамасы бойынша елде азаматтарға ірі ұлттық компаниялардың тең меншік иелері болуға мүмкіндік беретін «Халықтық ІРО» бағдарламасы іске қосылды. 2016 жылға дейін халыққа 10 компанияның акциялары ұсынылатын болады.

Алғашқы кезеңде «Қаз­Транс­Ойл» АҚ акциялары сатылымға шығарылды. Акцияның бағасы 725 теңгені құрайды, бұл бұқара халық үшiн қолжетімді болып табылады. Қазіргі кезде «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде 26,5 мың қазақстандық брокер шоттарын ашты.

Акцияны иеленген қазақстан­дықтар ұлттық компаниялар­ды басқаруға, оның ішінде акцио­нерлердің жалпы жиналыстарында дауыс беруге қатысу мүм­кін­дігіне ие. «Халықтық ІРО» бағ­дарламасына «ҚазТрансОйл» компаниясы жұмысшыларының белсенді түрде қатысулары ма­ңыз­ды. Компания басшысы жұ­мысшыларын акцияларды сатып алуға жеңілдік, бонус, үстеме ақы беру арқылы ынталандыру туралы ойластыруы қажет. Осыған барлық ірі компания басшылары қызығушылық танытқаны жөн. Мұндай тәсіл жұмысшылардың кәсіпорынды басқаруға қатысуына мүмкіндік береді.

Мұндай кәсіпорындар халық­тық кәсіпорындар деп аталады. Ондай кәсіпорындар АҚШ, Қытай, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Дания, Норвегия және құ­қықтық негіздерімен бірге шаруашылықты жүргізудің ұжым­дық нысанын дамытудың арнайы бағдарламалары әрекет ететін басқа да елдерде құрылған.

АҚШ-та 11 млн. адам, яғни бү­кіл жұмыс күшінің 10%-дан ас­тамы өздері жұмыс істейтін ком­паниялардың меншік иелері болып табылады. Шамамен 10 мың компания өз акцияларын­ жұ­мысшыларына сатса, оның ішінде 1,5 мың жұмысшы акция­лардың бақылау пакеттерін иеленген.

1998 жылдан бері Ресейде «Жұмысшылар акционерлік қоғам­дарының (халықтық кәсіпорындар) құқықтық ережелерінің ерекше­лік­тері туралы» федералды заң қолданыста. Қазіргі кезде елде өң­деуші өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында 200-ге жуық халықтық кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Халықтық кәсіпорындарды ғылым өндірістік қатынастарды демократияландырудың құралы ретінде қарастырады. Өндірістік қатынастарды демократияландыру, жұмысшылар меншігін дамыту – әлемдегі елдердің көбінің маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттарының бірі, қоғам талап ететін әлеуметтік әдiлдiк жолы.

Жалпақ жұртқа жақсы танымал испандық «Мондрагон», британдық «Джон Льюис Партнершип» корпорациялары, сондай-ақ, Америка бизнесінің классикалық үлгілерінің бірі – «Линкольн Электрик» компанияларында кәсіподақтар, қызметкерлерге үстеме ақы төлеу және бонустар жоқ. Бірақ бұл компаниялар әрбір қызметкерге өмір бойғы жұмысқа орналастыруға кепілдік және компания акционері болуға мүмкіндік береді. Фирманың таза табысына жалақы көлемі ті­келей тәуелді. Қызметкерлерді ын­таландыруды көздеген бұл тәсіл халықтық кәсіпорындардың бә­секеге қабілетті болуына мүмкіндік туғызады.

Ресей заңнамасы бойынша халықтық кәсіпорын бас ди­ректорының еңбекақысының көлемі қарапайым жұмысшының еңбекақысының орташа көлемінен 10 еседен аспауы тиіс екендігі қы­­зықтыратын жайт. Бұл, әдет­те­гі акционерлік қоғаммен сал­ыс­тырғанда, табыстарды едәуір адал бөлуге деген ұмтылысты баса көрсетеді. Компанияның табысына деген жұмысшылар мүдделілігі алынған табыстардың қайта инвестициялануына, өндірісті басқарудың едәуір тиімділігіне ынталандырады және компанияның келешегін ойламайтын, акцияларды алып-сататын кездейсоқ тұлғалардың капиталға қатысуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Халықтық кәсіпорындар әлеу­меттік және зейнетақы қолдауына да мүдделі. Жұмысшылар зейнетақы жинақтары аналогиясы бойынша акцияларды сатудан түсетін қаржыны зейнеткерлікке шыққан кезде пайдалана алады. Қазақстан осы секілді бағдарламаларды зейнетақы жүйесi реформасы шеңберінде жете зерттесе жөн болар еді.

Осыдан шамалы уақыт бұрын Мәжілісте бәсекені дамыту мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтті. Қазіргі кезде Қазақстанда көбінесе тиімсіз және зиян шегуші 6 мыңға жуық мемлекеттік кәсіпорын жұмыс жасауда. Кейбір тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындар базасында халықтық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы жүздеген өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік бар.

Еңбек қатынастарын демо­кратияландырудағы маңызды рөлді кәсіподақтар атқаруы тиіс. Алайда, сөз іс жүзіндегі кәсіподақтар ту­ралы болып отырған жоқ. Аза­маттарға тек қана кәсіподақ жар­наларын жинайтын, жұмыс бе­рушілер мүдделеріне қарсы келе алмайтын құрылымдардың қажеті жоқ. Кәсіподақтар жалдамалы еңбек мүдделерін белсенді түрде қорғаулары тиіс. Әрбір жұмысшы кәсіподақтар қолдауын сезінулері қажет. Бұл ретте, ең бастысы, кәсіподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз болулары керек. Бізде, кәсіподақтар көш­басшылары кәсіпорын басшысы тарапынан тағайындалады немесе тіптен кәсіподақтық және әкімшілік басқаруды қоса жүр­гізетіндігін жиі кездестіруге болады. Бұған жол беруге болмайды. Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақ қозғалысын бұдан әрі дамыту үшін «Кәсіптік одақтар туралы» Заңды түбегейлі қайта қарастыру керек. Әлеуметтік әріптестік түсі­нігі ұжымдық шартты жасау мен орындау тетігін, жұмыс берушілермен кәсіподақтардың өзара қатынастарын, олардың өкілдігін кеңейтуді және т.б. заңнамалық актілермен бекітуді қажетсінеді.

Өндірістік қатынастарды демократияландыруға жұмысшы­лар­дың қатысуымен жүзеге асатын кеңесші органдар құру да игі септігін тигізе алады. Менеджменттің шетелдік тәжі­ри­бесі көрсеткендей, еңбекші елдің құқығын қорғауда кеңесші органдардың рөлі зор. Кеңесші органдар Австрия, Бельгия, Гер­ма­ния, Франция, Нидерланды, АҚШ, Жапония, Австралия және басқа да елдерде құрылуда.

Мәселен, Германияда кәсіп­орын басшысы өндірістік кеңеспен айына кем дегенде бір рет кезде­седі. Кездесуде кең ауқымды мә­селелер талқыланады. Жұмыс беру­ші кадрлық саясатына қатысты қажетті шараларды қолдану жө­нінде өндірістік кеңеспен міндетті түрде ақылдасады. Өндірістік кеңеске қызметкерді басшы лауазымға тағайындау туралы ақпарат ұсынылады. Өндірістік кеңес кәсіпорын басқармасы мен бақылау кеңесінде шешушi дауыс құқығына ие.

Бірқатар елдерде жұмысшы өкілдері өндірістік кеңестен басқа кеңесші дауыс құқығымен Директорлар кеңесіне қатысады. Осыған мысал ретінде Дания, Швеция, Норвегия және басқа да елдердегі кәсіпорындарды атап өтуге болады.

Еңбек ұжымы жоспар, кесте құру, өндірісті ұйымдастыру, оқыту, тәлімгерлік секілді әр түрлі ұйымдық мәселелерді шешетін өндірістік кеңестерді Қазақстанда да құруға болар еді.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру әрбір қазақстандықтың еңбекке теңдей мүмкіншілігін қарастыруды көздейді. Сондықтан, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесіне айрықша ықылас қою қажет. Осыған орай әлеуметтік жұмыс орындарына қатысты заңнамалық нормаларды да қайта қарастыратын уақыт жетті. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда белгіленген «жұмыс орындары жалпы санының 3 пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарынан квота бөлу» талабы орындалмауда.

Осылайша, Қазақстанның алдында еңбек қатынастарын реттеуді жетілдіру жөніндегі күрделі міндеттері тұр. Бұл міндеттерді орындауға тек өкімет пен жергілікті мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ, оның идея, ой-пікірлері мен мүдделерін ілгерілетуге үлес қосуы тиіс үкіметтік емес ұйымдар да белсенді түрде атсалысулары керек. Яғни, қазақстандық қоғамның барлық институттарының өзара тиімді қатынасы нәтижесінде әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыруға болады.

 

Қазақстан – ұзақмерзімді стратегиялық бағыт-бағдарын айқындаған санаулы мемлекеттердің бірі

 

/«Егемен Қазақстан». 15.02.2013. Тұрарбек АСАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі./ - 2013 жыл – еліміз үшін жаңа кезеңнің басталуы. Бұған негіз болып отырған басты құжат – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арна­ған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы.

1997 жылы қабылданған «Қазақ­стан-2030» Стратегиясы негізгі базалық өлшемдері бойынша мерзімінен бұрын орындалып отыр. Ол бағдарламадағы негізгі бағыттар жаңа кезеңде де жалғасын табатыны анық. Осы орайда, Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында: «Мен ұлт­тың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын жасауды ұсынамын, оның ішінде 2030 Стратегиясының міндеттерін орындау жалғасын табатын болады. Уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасы сияқты біздің жоспарларымызға түзетулерін енгізетінін нақты түйсінуіміз керек», деді.

Елбасы әлемдік қоғамдастық та, сон­дай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүние­жүзілік азық-түлік ұйымы секілді халық­аралық ұйымдар да 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндамасын жариялағаны туралы айтып өтті. Әлем бойынша біздің еліміз 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағыт-бағдарын айқындаған санаулы мемлекеттердің бірі. Биыл да, алдағы кезеңде де көптеген елдер осы үрдіспен ХХІ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді қамтитын өз келешектерін белгілеп алатынына күмәніміз жоқ.

Осы Жолдауда Мемлекет басшысы 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарында болу міндетін алға қойды. Бұл барша Қазақстан халқына үлкен серпіліс берген бастама болып отыр. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Бірақ бұл меже өздігінен келе қалмасы анық. Ел Президенті өз сөзінде дамушы елдер арасында осындай биікке көтерілу үшін бәсекелестіктің қатал болатынын ескертті. Сондықтан да «Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс», деді.

Ол үшін ең бірінші кезекте мем­ле­кет­тілікті одан әрі дамыту және нығай­ту, экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу, ұлттық эконо­ми­каның жетекші күші болып табылатын кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету, жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру міндеттерін іске асыруымыз керек. Сонымен қатар, білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функцио­нал­дығын арттыру, халықаралық жә­не қорғаныс саясатының жаңа сын-қатер­леріне парапар саясат құру мақсаты алға қойылып отыр.

Мемлекет басшысы осы міндеттерді жүзеге асырудың жан-жақты жолдарын қарастырып, 2013 жылы жалпыұлттық іс-қимыл жоспарды әзірлеу жөнінде Үкіметке шұғыл түрде тапсырма берді.

Сондай-ақ, Елбасы ауыл шаруашы­лығы өнімдерін қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті  дамыту мақсатында Үкіметке агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын әзірлеу, 2020 жылға қарай ауыл шаруа­шы­лығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есе арттыру, жаңа агротехнологияларды қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық ауылшаруашылық өндірістерін құру жөніндегі заңнамалық және экономикалық ынталандырулар жүйесін тұжырымдау туралы жаңа тапсырмалар берді.

Соңғы жылдары жердің құнарлылығын сақтау, экологиялық зардаптарға жол бермеу мәселесі жиі көтеріліп келеді. Осыған мән берген Елбасы енді жер өң­деу мәдениетін өзгертуіміз керек екенін баса айтты. Және де жаңа ғылы­ми, техно­логиялық, басқарушылық жетіс­тіктерді ескере отырып, ата-бабамыздан келе жатқан мал шаруашылығындағы өмір­шең дәстүрлерімізді қайта жаңғырту қажеттігін алға тартты.

Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерін азық-түлік мәселесі толғандырып отыр. Қолымыздағы бар байлығымызды өзіміз үнемді пайдалана білумен қатар, «Қазақстанда өндірілген» деген ерекше белгі соғылған сапалы өнімдерімізді шетелге дұрыс шығара білу де елдің дамуына және танылуына қызмет ететіні белгілі. Сол себепті Елбасының айтуынша, аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін бас­ты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек. Мемлекет басшысы осы салада жүзеге асырылған нақты жұмыстардың нәтижесінде 2050 жылға қарай еліміздің ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есеге артатыны жөнінде мәлімет келтірді.

Ел азаматтарының денсаулығын сақтау, халықтың жағдайына баса көңіл бөлу, әлемдегі және елдегі экономикалық өзгерістерді ескере отырып, әлеуметтік мәселелерді жақсарту үнемі Елбасының назарынан тыс қалған емес. Мемлекеттің алдағы дамуын көрсеткен осы Жолдаудың арнайы бір тарауы «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік» деп аталады. Президент «Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі», деп атап өтті.

Әрине, дамыған елдердің қатарында болу үшін біздің азаматтарымыз білімді де білікті, парасатты да пайымды болуы тиіс. Өз Отанын шын сүйетін адам ғана ортақ мүдде жолында аянбай қызмет жасап, еңбегімен алда болатыны анық. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қазақстан патриотизмін дамытуға ерекше мән беру қажеттігін айтты. Биік межені белгілеген мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі тиіс. Ендеше, жас ұрпақтың тәрбиесіне де жаңаша көзқарас керек.

Халыққа арнаған аса маңызды құ­жат­та Елбасы халықаралық мәсе­лелерге жіті көңіл аударатынын аңғартты. Өйт­ке­ні, жедел қарқынмен дамып бара жат­қан жаңа ғасырда қай мемлекет те әлемдік қоғамдастықтан тысқары өмір сүрмейтіні анық. Қазақстан да жаһан­дық өзгерістерге бейімделе отырып, өз ұстанымдарын жүзеге асырады. Біз­дің еліміздің бейбітшілікті қалайтын, барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынаста болуды көздеген және алпауыт елдерді ядросыз әлем құруға шақырған сыртқы саясатын дүние жүзі мойындап отыр. Тәуелсіздік жылдары осы мақсатта жүргізілген жұмыстарымыз өз нәтижесін беріп, жас мемлекетіміздің абыройы артып, тез арада әлемге танымал болды.

Жолдауда сыртқы саясатты жаңғыртудың басымдықтары атап өтілді. Оның ішінде аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті жан-жақты нығайту, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту, мәдени-гума­нитарлық, ғылым-білім және басқа шек­тес салалардағы халықаралық ынты­мақтастықты арттыру, азаматтарымызды құқықтық қорғауды, олардың шетел­дердегі жеке, отбасылық, іскерлік мүд­де­лерін қорғауды күшейту мақсаты көз­деліп отыр.

Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерін жеке-жеке айтып өтті. Елбасы тарихи уақыттың жеделдеуін, Жер бетіндегі адам санының артуын және жаһандық демографиялық теңгерімсіздікті бірінші және екінші сын-қатер деп алған. Адамзат саны арт­қан сайын азық-түлік проблемасы күшейе түсетіні анық. Үшінші сын-қатер жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төніп тұрғанын жеткізді. Келесі кезекте судың өте тапшылығы, жаһандық энер­ге­тикалық қауіпсіздік, табиғи ре­сурс­тар­дың сарқылуы мәселелеріне тоқталған Елбасымыз осы әлемдік қатерлердің ал­­дын алу үшін қазірден бастап нақты ша­ра­лар­ды жүзеге асыру қажет екенін ескертті.

Жетінші жаһандық сын-қатер деп үшін­ші индустриялық революцияны айт­қан Мемлекет басшысы жаңа ғасыр­дағы ғарыштық жылдамдықпен өмірге еніп жатқан технологиялық жаңа­лықтар әлемдік нарықтың құрылы­мы мен қажет­тіліктерін түбегейлі өзгер­тетінін жеткізді.

Сонымен қатар, өз болашағын ай­қын­даған біздің мемлекетіміз әлемдегі үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздыққа, өрке­ниет құндылықтарының дағдарысына, әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупіне төтеп бере алуы керек. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл тұрғысындағы ой-пікірін: «Осыған байланысты біз халық­аралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағы­тын тұжырымдауға тиіспіз», деп қорытын­дылады.

Елбасының жаңа Жолдауындағы ел­дік мақсатты іске асыруда Парламент те, Үкімет те, салалық министрліктер де аса белсенділікпен қызмет етеді деген сенімдемін. Барша халқымыз өңірлерді дамытуда облыс, қала, аудан мен ауыл әкімдіктері де жаңаша серпінмен еңбек ететініне үміт артып отыр. Сондай-ақ еліміздің әрбір тұрғыны жасы мен жынысына, ұлты мен туған жеріне бөлінбейтін, біртұтас Қазақ елінің азаматы ретінде тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуі жолында өз үлесін қосуы – Отан алдындағы парызы. Өз елін сүйетін және Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының қағидаларына сай еңбек ететін азаматтарымыз барда Елбасы ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы сөзсіз жүзеге асатынына толық негіз бар. Осы ұстанған бағытымыз жас елімізді бірлік пен берекеге, келісім мен ынтымаққа бастайтын тура жол деп сенемін.

 

Жеңімпазсыз соғыс

 

/«Егемен Қазақстан». 15.02.2013. Бақытбек СМАҒҰЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы./ - Қазақстан Рес­пуб­лика­­сы­ның Тұң­ғыш Президенті Н.Ә.На­зар­баев: «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды, – деп айта келіп. – Қаза тапқандардың ата-аналары, жақын туыстары мен таныстарының қайғысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын жүректерінде мәңгі сақтайды. Соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету – біздің қасиетті парызымыз» – деген болатын.

Жалын жігер жігіттердің жастық шағына жара түсіріп, болашағына балта шапқан сол 10 жылға созылған соғыстың аяқталғанына 24 жыл болыпты. Дәл сол күні, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауғанстан жерін тастап шықты.

Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген түбіт иек бауырларымызды еске алар күн!

Бұл күн – сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяу­лы аналарымыздың перзенттерін жоқтаған күні! Бұл күн – бақи болған қаһарман бауырларымызды қатардан іздеген күн! «Интернационализм» деген саясаттандырылған сөздің құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл-талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей дал болған жандардың өзегіне өкінішін жасырған күн!

Бұл күн Ауған соғысы ардагерлеріне қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалса да тәуелсіз Қазақстанның әрбір күні бейбіт өмірдің бесігінде тербетіліп, әрбір үйдің түтінінің түзу шыққанын тілейтін біздер үшін, санамызда қанмен және термен жазылған күн болып қала бермек.

 

Ауғанның қанды даласы,

Адамзаттың наласы.

Бүк түсіп жатыр қан құсып,

Қаралы таулар, қарашы.

Адасып барып армандар,

Кабулда күл боп қалғандар.

Гүл болып өніп көгеріп,

Өмірді қайта жалғаңдар.

Арманда кеткен ар үшін,

Ұмытпас елім арысын.

Ту етіп ұстар қашанда,

Тәуелсіз елдің намысын.

Баласын іздеп аналар,

Анасын аңсап балалар.

Жүрекке түскен бомбадай,

Жазылар қашан жаралар?…

Есімде ол күн қаралы,

Зуылдап жылдар барады.

Сарбаздар бәрін біледі,

Ауғаннан қайтқан жаралы.

Ар үшін туған арысым,

Егемен елдің бағы үшін.

Биіктен туың түспесін,

Естіме оқтың дауысын.

Азаттық орнап арман ел,

Құлпырды дала, жайнап көл.

Байрағың басын имесін,

Ауғанда болған ардагер!

Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер!

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.

 

Отан үшін оққа тостың кеудеңді,

Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.

Кей бауырлар жер жастанып, жерленді,

Жебейді олар аруағымен сендерді.

 

Аналардың көл боп ақты көз жасы,

Жетімдер мен жесірлерді ойлашы.

Сондай күнді көрмесін бұл халқымыз,

Елі үшін құрбандық тек ер басы.

 

Бүгін біздер сарбазымыз егемен ел қазақтың,

Туды, міне, жас ұрпаққа ғажап күн.

Біздер көрген азаптар тек артта қап,

Енді атса, тек бейбітшілік таңы атсын.

 

Еске алайық құрметтейік, құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толып, суық жер де жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгілікке тірісіңдер, тірісің!

 

«Су – тілсіз жау»

Халқымызда осындай ұстаным бар екенін ұмытпайық

 

/«Егемен Қазақстан». 16.02.2013. Серікбай НҰРҒИСАЕВ, Мәжіліс депутаты./ -Бір топ Парламент Мә­жілісінің депутаттары Ал­маты облысындағы кез­десулерінде «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жол­дауының ережелерін тү­сін­діруге баса назар аударып, облыстағы әлеуметтік және өндірістік саланың ны­сандарында болып қайт­қан еді.

Облыс жұртшылығын алаң­датып отырған мәселе – Алматы облысының елді ме­кендерін су басу қаупі. Қыс­тың соңғы екі айында облыс аумағына жауын-шашын мол түсіп, Іле және Же­тісу Алатауында 1,5-2 есе шамадан тыс қар жауды. Өңір­дің солтүстік аймағында да қар мөлшері жоғары. «Қаз­гидромет» мекемесінің мәлі­меті бойынша, ақпан айының екінші жартысы мен наурыз айында жауын-шашын жылдық орта мөлшерден жоғары болады деп күтілуде. Қауіпті жағдай Жетісу өңірінің барлық ауданында орын алып отыр. Бұл, әсіресе, Ескелді, Көк­су, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қа­расай, Жамбыл және Пан­филов, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған қаласында тым жоғары.

Халқымызда «Су – тіл­сіз жау» деген сөз бар. Қызыл­ағашта орын алған су тасқыны осы ақиқатты жұрттың есіне тағы да бір рет мықтап салғысы келгендей, елді мекенді жой­қын салдарға ұшыратқаны әлі де елдің есінде. Сол кездегі табиғат апатының салдары то­маға-тұйық күн кешіп, ел қатарлы өмір сүріп жатқан шағын ауылға үлкен зардаптар алып келгені әлі ұмытыла қоймаса керек.

Осыған орай облыс әкімдігі тарапынан тұрғын үйлерді, өндірістік, мәдени-тұрмыстық нысандарды, темір жолдарды, автожолдарды, басқа да инженерлік құрылыстарды су алуын болдырмау мақсатында жергілікті атқару органдары, кәсіпорындардың, ұйым­дардың мекемелердің басшылары және тұрғындар су тас­қынына қарсы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып жат­қандығына көзіміз жетті. Аудан, қала әкімдері, құқық қорғау органдары табиғаттың тосын жағдайларына біріге отырып, іс-қимыл, әрекет ету мақсатында облыстық штаб құрылған.

Өңір халқын және шаруа­шылық нысандарын су тасқы­ны­нан қорғау және апатты­ жағ­дайларды болдырмау мақса­тында жергілікті бюджеттен соңғы екі жылда 3,1 млрд. тең­ге бөлінген. Сонымен бірге, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және шұғыл шығындарға ағымдағы жылы резервте 348 млн. теңге қаражат қарастырылыпты.

Алайда, қазіргі кезде­ Іле өзе­ні­нің су көлемінің өзгеруінен Балқаш ауданының Бақанас және Ақжар елді мекендерінің шекарасындағы жағалық аймақ шайылып, арнасы өзгеруде, бұл су іркуіш құрылыстардың және тұрғын үйлердің бүлінуіне әкеліп соғады. Сонымен қа­тар, 2011 жылдағы еріген қар-жаңбыр тасқындарымен Ұй­ғыр ауданының Шарын және Тас­қарасу елді мекендерінің аума­ғындағы жер суарғыш каналдар лайланған, су іркуіш құрылыстар толығымен бүлінген.

Биылғы қардың мол болуын ескере отырып, өңірдің апатқа қарсы қызметтері алдын алу жұмыстарына жедел кірісулері қажет. Бүгінгі қалыптасқан жағ­дай жайбарақаттықты көтермейді.

 

 

 

Тұрақтылық табысы

 

/«Егемен Қазақстан». 16.02.2013. Төлеген ИБРАЕВ, Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі./ - Қоғамдағы тұрақтылық қазіргі заманда ең қымбат та басты құн­ды­лық. Соңғы 15-20 жылдағы дүние­дегі әртүрлі құбылыстар қоғам тұрақ­тылығына өте үлкен әсер етіп отыр­ғанына әбден көзіміз жетті. Тұ­рақтылығынан айырылған қоғам ел-жұрты сеңдей соғылып, ертеңге деген сенімнен үміт үзген қоғам.

Қоғамдағы тұрақтылық жер қойнауын­да­ғы қазба байлыққа, халық санына, не ел мекендеген жер аумағы мен жағдайына байланысты емес.

Қоғамдағы тұрақтылықтың мызғымас негізі – мемлекеттің салиқалы саясатын қа­лыптастырған, оны іске асырып отырған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың парасаттылығы. Болашаққа ай­қын болжам жасап, халқының күш-қайратын ел игілігіне асырудың сара жолын табуы.

Қоғам тұрақтылығының жемісі мем­ле­кет­тің ішкі-сыртқы саясатымен көрші елдердің санасуы, дүниежүзілік ұйымдардың ісіне белсене араласуы, өз пікірі мен бастамаларын халықаралық деңгейде жүзеге асыра білуі.

Біз жиырма жылда жеткен осындай жетістікке жүздеген жыл тарихы бар мем­лекеттердің өзі әлі күнге дейін қол жеткізе алмай отыр.

Шүкіршілік, тәуелсіз еліміз аса маңызды халықаралық ұйымдардың жұмыстарын өте жоғары жауапкершілікпен өткізіп әлемге аттары мәлім, тәжірибесі мол сарапшылардың лайықты бағасын алды.

Осының бәрі Елбасының сарабдал саясатының негізінде қоғамда орын алған тұрақтылықтың жеңісі мен жемісі.

Күні кеше Париж қаласында ЭКСПО көрмесінің 2017 жылы Астанада өткізілуі туралы шешім қабылдануы да еліміздің мерейін көтеріп отыр. Бұл Елбасымыздың абыройы мен беделін дүние жүзіне белгілі қауымдастықтың құптауы мен қолдауы.

Жер шарының алтыдан бір бөлігін жалпағынан басқан, алпауыт, қабағына дүниенің тең жартысы қараған Кеңес өкіме­тінің еншісі болмаған жетістік бүгін іргелі ел болған қазағыма сеніп тапсырылғанына қалай қуанбаймыз.

Бұл жағдай ең алдымен, Елбасын қол­даған қазағымның ауызбірлігінің, ел кәсіпкерлері ынтымағының, ел басқарып отырған азаматтардың табанды­лығының жетістігі!

150 жылдық тарихы бар халықаралық көрмені өткізу құқығына ие болу біздің мемлекетіміздің жоғары мәртебесі мен беделінің әлемдік қоғамдастыққа танылуына және Қазақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуына ықпал ететін болады. Осындай ауқымды іс-шаралар өткізу шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына елеулі серпін берері сөзсіз. Көрме Астанамыздың одан әрі көркейіп, сәніне сән, салтанатына салтанат қосатын болады.

«Болашақ энергиясы» деген көрме тақырыбы әлемдік қауымдастықтың көкейтесті, көптен бері толғандырған қазіргі заманның ең өзекті маңызды мәселесі. Көрменің жетістігі ертеңгі күннің, болашақ ұрпақ пайдаланатын немесе іске асыратын энергетиканың балама көздерін игеру жолдары туралы болуында.

Астана энергетика саласында үздік идея­лар мен тәжірибелерді жинайтын, ғылым мен техниканың ең озық нәтижелерін ұсынатын орталыққа айналады.

ЭКСПО көрмесін өткізу экономикалық алып мемлекеттер еншісі. Осындай өте маңызды, аса жауапты шараны еліміздің абыроймен атқаруын тілеп, өз тарапымнан бірер тілегімді жұмыс тобының назарына ұсынбақшымын.

Біріншіден, Елбасы атап өткендей, ұялы телефон байланысын, электронды құжат саласын, интернетті дайындау қажет. Дүниенің төрт бұрышын шарлаған, көргені көп, байланыс құралдарының мән-жайын, мүмкіншілігі мен артықшылығын анасынан туа білетін шетелдік мамандар мен қонақтардың көңілінен шыға білейік.

Екіншіден, бүгіннен бастап Астанамызды әдемілігі көз жауын алардай, таза қонақүйімен, жылы лебізді, күлім көзді қонақжай тұрғындарымен, дәмді де тәтті тағамы мол асхана, мейрамханаларымен, құлақ құрышын қандыратын әнімен, күмбірлеген домбырасы мен ілтипатты қызметімізді келген қонақтардың есінде қалатыңдай етіп дайындайық.

Қонағын құдайындай сыйлаған халықпыз.

Үш ай бойы 5 миллионға жуық қонақ қазағымның табиғатына таңғалып мәдениетімен, өнерімен танысып, қызметімізге риза болып, қимас достай қоштасып, тағы бір келуге қол беруі үшін барлығымыз Елбасымыздың ойын іске асыру үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз қажет, ағайын.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі