Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.03.2021

Н.Нығматулин: Алғыс айту күні – халықты бірлік-берекеге шақыратын ең жарқын мереке


Нұр-Сұлтан, 1 наурыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин барша қазақстандықтарды «Алғыс айту» жалпыхалықтық мерекесімен құттықтады.

«Алғыс айту мейрамы 2016 жылы Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен белгіленіп, содан бері барша қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметін көрсетіп, ризашылығын білдіретін, бірлік-берекеге шақыратын мемлекетіміздегі ең жарқын мерекелердің біріне айналды. Сондай-ақ, ұлттар арасындағы бауырластықты одан әрі тереңдетіп, жас ұрпақты мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін ерекше мереке» - деді Палата Спикері.

Осы ретте, Нұрлан Нығматулин тұрақтылық пен жалпыұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі нығайту Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді дамыту жолындағы негізгі бағытының бірі екенін айтты.

Сонымен қатар, Палата Спикері Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне, оның ішінде, Мәжілістегі Ассамблеядан сайланған депутаттардың елімізді дамытуда еселі еңбек етіп келе жатқанына назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Тәуелсіз Қазақстанымыздың тірегі саналатын барша халқымызға өз алғысын білдіріп, әрбір отбасына, әрбір азаматқа денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір тіледі.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі