Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.04.2021

Н.Нығматулин: Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды


Нұр-Сұлтан, 16 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Бұл заң жобасы бюджет саясатының және бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану процесінің тиімділігін арттыру мақсатында бюджет шығыстарының қайтарымдылығын арттыруға бағытталған бюджет процесін реформалау көзделген.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы бар.

Аталған құжат ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуіне қатысты бірқатар заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі