Жеке парағыКОЛОДА Дмитрий Владимирович Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі 1975 жылы 8 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецкое ауылында дүниеге келген.
Солтүстік Қазақстан университетін, Қорған мемлекеттік университетін тәмамдады. Заңгер.
1990-1993 жылдары Петропавл есеп-экономикалық техникумында оқу
1993-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан Университетінде оқу
1997-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Сергиев ауданы прокурорының аға көмекшісі
1997-2000 жылдары Қорған мемлекеттік университетінде оқу
1999-2000 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы жанындағы ҚСжАО қылмыс туралы статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры
2000-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы прокурорының көмекшісі
2004-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы прокурорының көмекшісі
2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әділет бөлімінің бастығы
2005-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әділет басқармасының бастығы
2007-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары
2020-2021 жылдары «Бірлік» заң қызметтері орталығы» ЖШС директоры
2021-2023 жылдары «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша VII сайланымның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды
2023 жылғы наурыздан бастап «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланымның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды
Мемлекеттік наградалар: «Қазақстан Конституциясы 25 жыл» (2020), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (2020), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016)
Ведомстволық наградалар: «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері», санаттар ІІ и ІІІ «Заңгер» төсбелгі