Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
СҮЛЕЙМЕНОВА Зүлфия Болатқызы

1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген, қазақ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жапонияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған.

Президенттік жастар кадрлық резервінің финалисті (2019 ж.).

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (Бангкок, Таиланд) Қоршаған орта және даму, энергетика, сондай-ақ макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру жөніндегі дивизиондарының консультанты, Қазақстан мен Түрікменстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңселерінде, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.


Жеке парағы