Жеке парағыБЕЙСЕНБАЕВ Ержан Алмабекұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі 1990 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген
Талдықорған қаласындағы «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша Талдықорған - политехникалық колледжін бітірген (2010)
Талдықорған қаласындағы «Қаржы» мамандығы бойынша Гуманитарлық-экономикалық колледжін бітірген (2016)
2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қызмет
2011-2012 жылдары – «Нұрбанк» АҚ программист
2013 жылдан 2022 жылға дейін – «Бейсенбаев» ЖК директоры
2017 жылдан 2022 жылға дейін – "BIGLIFE"ЖШС директоры
2023 жылғы наурыздан бастап – VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі