Әбенов
Мұрат
Абдуламитұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Жұмыс тобының көшпелі отырысы
«Егемен Қазақстан» газеті

«Егемен Қазақстан» газеті

№336-337 05.10.2008 жыл

 

 

Жұмыс тобының көшпелі отырысы

 

Мәжілісте еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне балық ша­руашылығы мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жо­басын бірінші оқылымда қарау барысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Арал өңірінде жұмыс тобының көшпелі отыры­сын өткізу жөнінде Ауыл шаруа­шылығы министрі Ақылбек Кү­ріш­баевқа ұсыныс жасаған бола­тын. Соған орай Қызылорда облысының Арал ауданы, Қаратерең ауылында жұ­мыс тобының көшпелі отырысы болып өтті. Делегация құрамында Мәжіліс депутаттары Ұ.Елеубаев, М.Әбенов және Ауыл шаруа­шылығы министрлігі Балық ша­руашылығы комитетінің төрағасы Қ.Сүлейменов болды.

Аталған заң жобасын қа­был­дау балық шаруашылығының өң­деуші саласын дамытуға, осы салада ғы­лыми-зерттеулер жүр­гізу­ге, балық ша­бақтарын қолдан көбейту сала­сын­дағы бәсекелес­тікті реттеуге жағ­дай жасайды деп күтілуде. Айта кету керек, осы жыл­д­ың көктемінде Мұрат Әбенов Арал ауданында сай­лау­шы­лармен кездесуі бары­сында бұл өңірдің республиканың балық шаруашылығында маңызды ор­нын ескере отырып, жергілікті балықшылармен аталған заң жобасын талқылаған болатын.

Осы жолы Қаратерең ауылын­да балықшылармен кездесу ашық түрде өтті. Оған делегация мүшелерімен қатар, осы салаға жауапты жергілікті атқарушы би­лік өкілдері, балық шаруашылығы саласының қызметкерлері, үкі­меттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Онда заң жобасының артық­шылықтары мен салада орын алып отырған проблемалық мәселе­лер­ді шешу жолдары қарастырылды. Жергілікті балық шаруашылығы саласының қызметкерлері заң жобасына оң пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын қабылда­ған­дарына ризашылықтарын білдірді. Мәжіліс депутаты М.Әбенов заң­дар оған тікелей қатысы бар ор­та­да, осындай отырыстарда тал­қы­ланған жағдайда сапалы және барлық тараптардың мүддесін қорғайтын болып шығатындығын атап өтті.

 

Жақсыбай САМРАТ