Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Нашақорлыққа қарсы Ақтөбе қаласындағы семинар-практикум

2023 жылғы 4 қараша күні Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі мен қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Jastan» форумы аясында «Нашақорлық – шын қорлық» атты семинар-практикумы өтті.

Жастар арасында нашақорлық пен құқықбұзушылықтың, лудомания мен буллингтің, вандализмнің алдын алу, патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстауға шақыру мақсатында өткен шараға 500-ден астам жасөспірім қатысты.

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров және әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің тарихшысы, PhD доктор Алмас Тоқсанбаев арнайы шақырылды.

Кездесу барысында жасөспірімдер спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алды. Отбасы құндылығы, білім алудың маңыздылығы, патриотизм сияқты тақырыптар қозғалды.