Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.09.2014

РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨТЕРМЕ САУДА НАРЫҒЫНДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?


РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨТЕРМЕ САУДА НАРЫҒЫНДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

 

Астана, 17 қыркүйек, Мәжіліс Үйі.

 

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Рауан Шаекин еліміздің Премьер - Министрі К. Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдады. Онда:

«Депутаттық сауал жолдауыма ішкі рынокте мұнай өнiмдерiнің бөлшек саудасын мемлекеттiк реттеу және теңгерімсіздікке алып келген осындай реттеудің көтерме саудада жоқтығы  себеп болып отыр. 

                    «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңға сәйкес Ұлттық экономика министрі 2014 жылғы 21 тамызда бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне ҚҚС қоса алғанда шекті бағаны келесі мөлшерлерде белгіледі:
дизель отынының литріне - 115 тенге, АИ-80 бензинінің литіріне – 89 тенге, АИ-93 бензинінің литіріне – 128 тенге, яғни АИ 92/93 маркалы бензиннің бағасы 11,5 пайызға өскен, ал дизель отыны және АИ-80 маркалы бензин бұрынғы деңгейде қалған.  Демек, жанар-жағар  майдың барлық түрінің бағасы орта есеппен 4 пайызға өскен. Бұл бөлшек сауда рыногіндегі жағдай.
                    Ал Республикамыздың мұнай өнімдерінің көтерме сауда рыногінде не болып жатыр? Көтерме сауда деңгейінде рынок реттелмейді, салалық министрлік мониторинг пен бақылауды жүзеге асырмайды. Көтерме сатушыларға шектеу болмағандықтан еш қиындықсыз рынкоте манипуляция жасай алады. Өзіңіз қараңызшы, АИ-92 маркалы бензиннің жылдық тұтыну мөлшері 2,8 млн. тонна, дизель отынынікі  - 4,6 млн. тонна. Қазақстанның үш мұнай өңдеуші зауыты («Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) жалпы алғанда жыл сайын  1,9 млн. тонна АИ-92 бензинін және 4,0 млн. тонн дизель отынын өндіреді. Өндіру мен тұтыну арасындағы жетіспейтін мөлшер Ресей Федерациясынан жеткізіледі.  Осы мақсатта үстіміздегі жылдың наурыз айында Ресей Федерациясынан жеткізілетін мұнай өнімдерінің біріңғай операторы ретінде  - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС компаниясы құрылды. Бұл жағдайды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е. Досаев 2014 жылғы 3 наурыздағы Үкімет сағатында «мұнай өнімдерінің импорттық жеткізулерін және ішкі рыноктың тұрақтылығын  реттеу мақсатында» деп түсіндірді. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-ның жұмысы ол құрылған сәттен бастап мемлекеттік органдардың ақпараттарында көрсетілмеді. Егер компания Ресей Федерациясынан Қазақстанға белгілі бір көлемді жеткізген болса ол қандай отын, қай аймақтараға, қандай рынокке (көтерме, бөлшек) жеткізілген, яғни оның қызметі ашық болмады және онда тұрақтылық жоқ. Нәтижесінде үйреншікті жағдай қалыптасты, мұнай және газ министрі халықты қараша айына дейін баға көтерілмейді деп сендіргенімен барлығы керісінше болды. 
                    Энергия жеткізгіштер бағаларын мелекеттік реттеу ең дұрыс жол емес, бәсекелестік болу керек. Олар барлық тауарлар мен қызметтердің өзіндік құндарының құрамында болғандықтан, біз назарымызды бөлшек саудаға ғана емес, көтерме саудаға да аударуымыз керек.  Көтерме баға бөлшек бағадан арзан болады – бұл сауда қатынастарының аксиомасы. Алайда ЖЖМ барлық түрлерінің көтерме бағасы бөлшек сауда бағасынан 10%-ға қымбат, ал бұл барлық тауарлар мен қызметтерге әсер етеді. 



Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

 

Менің 2014 жылғы 12 сәуірдегі депутатық сауалыма (қоса беріліп отыр) Сіз мұнай өнімдерінің көтерме бағасына мемлекетік реттеу енгізу мәселесі егжей-тегжейлі қаралуда дегенсіз. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Сізді осы мәселеге қайта оралып, тиісті министрлікке заңнамадағы құқықтық олқылықтың орнын толтыруды тапсыруыңызды сұраймын»,-делінген депутаттық сауалда.

 

 (Зәмеш Кеңесқызы, Т.74-63-02.  ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі