Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.09.2014

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕН КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ӘРҚАШАН ӨЗЕКТІ, АШЫҚ БОЛУ КЕРЕК


ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕН КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ӘРҚАШАН ӨЗЕКТІ, АШЫҚ БОЛУ КЕРЕК

 

Астана, 17 қыркүйек, Мәжіліс Үйі.

 

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов  еліміздің Премьер-Министрі К. Мәсімовтің және  Қазақстан Республикасының Бас прокуроры А. Дауылбаевтың атына депутаттық сауал жолдады. Онда:

                «Депутаттардың өңірлерде сайлаушылармен кездесу барысында тұрғындар тарапынан энергетикалық кешен кәсіпорындарының қызмет бағасының өсуі және олардың қызметінің ашық еместігі туралы мәселе  жиі айтылуда. Сондай-ақ, бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында да көтеріліп жүр.

                Сондықтан тарифтерді қалыптастыру барысында энергетикалық кешен кәсіпорындарының қызметі әрқашан өзекті, ашық болу керек және  ол мемлекеттің тұрақты бақылауында болуы қажет.

                Мысалы, «Орталық-Азиялық электроэнергетикалық корпорация»                   АҚ - 4 жылуэлектроорталықтарды, яғни Павлодарлық ЖЭО-2,                    Екібастұз ЖЭО, Петропавл ЖЭО-2, Павлодар және Солтүстік Қазақстан электр желілері, Павлодар, Екібастұз және Петропавл жылу желілері, аталған қалалардағы және Астана қаласындағы өткізу компаниялары біріктіретін ең ірі энергетикалық корпорациялардың бірі.

                Аталған корпорацияның инвестициялық бағдарламалары және  объектілердің құрылысын жобалаумен онымен аффиилирленген ұйымдар айналысады. Энергетикалық компаниялар өз қызметінде делдал компанияларды, құрылыс немесе жұмысты атқарудағы қосалқы мердігерлерді тартып, бұл олар көрсететін қызметтердің құнының өсуіне әкеліп соғады.

                Ал, инвестициялық қызмет пен энергетикалық компаниялармен тарифтік саясатты қалыптастыруға бақылау жасайтын уәкілетті  мемлекеттік органдардың қызметі өз деңгейінде емес. Энергетика министрлігі инвестициялық бағдарлама бойынша жобаларға салалық қорытынды береді  және аталған ведомствомен табиғи монополия субъектілері бағдарламаларды атқару бойынша келісім жасасады, ал уәкілетті орган тарифтерді және табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламасын бекітеді.

                Энергетикалық компаниялар – монополистердің тендер өткізуде және инвестициялық саясаттағы  қызметтің ашық еместігі, тұтынушылар үшін  жылу және электрқуаттарына тарифтердің өсуіне өз әсерін тигізеді. Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуінен тұтынушылар уақытында  оны   төлей алмай, соның салдарынан  үлкен қарыздар  қалыптасады.

                Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден:

1.  Әрбір өңір бойынша энергетикалық компаниялардың  қызметін, соның ішінде  олардың инвестициялық және тарифтік саясатты жүзуге асырудың, энергетикалық салалар объектілерін жобалау және құрылысын жүргізудің тиімділігін қарастыруды;

2.  Стратегиялық объектілерді тендерді өткізбей сенімді басқаруға берудің мақсаттылығы мен тиімділігі туралы мәселені қарастыруды;

3. Өңірлер бөлінісінде энергетикалық салалар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары туралы, энергетика салаларының субъектілерін жекешелендірудің тәртібі туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз.

Депутаттық сауалға жауапты «Қазақстан Республикасының  Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 27 бабына сәйкес, заңмен белгіленген мерзімде жазбаша түрде жауап беруді сұраймыз»,-делінген сауалда. Құжатқа мәжілісмен А.Базарбаев та қол қойған.                                                   

 

 (Зәмеш Кеңесқызы, Т.74-63-02.  ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі