Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.09.2014

ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖАҒДАЙЫ АЛАҢДАТАДЫ


ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖАҒДАЙЫ АЛАҢДАТАДЫ

 

Астана, 17 қыркүйек, Мәжіліс Үйі.

 

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Светлана Романовская еліміздің Премьер - Министрі К. Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдады. Онда:

«Депутаттық сауалға 2014 жылы туристік қызметтер нарығында орын алған жағдайлар себеп болып отыр.

Биылғы жылдың демалыс маусымы шетелдік саяхат ұйымдастыратын компаниялар айналасында болған жайсыз оқиғалармен есте қалып отыр. Әрекеттері нәтижесінде 12 мыңнан астам отбасы зардаб шеккен ең ірі отандық туроператор лицензиясынан айырылды, бұқаралық ақпарат құралдарында басқа да туристтік агенттіктер тұтынушыларында туындаған қиындықтары туралы мәліметтер әлденеше рет байқалған болатын. Туристтік нарықтың жүйелік қателіктері бар екендігі байқалуда. Нәтижесінде азаматтарымызға, сонымен қатар мемлекетімізге үлкен материалдық және моралдық залал әкелген он мыңдаған орындалмаған шарттық міндеттемелерге куә болып отырмыз.

Тәжірибе көрсеткендей, аталмыш қызмет тұтынушылары қыржылық және моралдық тұрғыдан еш қорғалмаған. Демек, туристтік фирма келісімді орындамай немесе лицензиясынан айырылып және тұтынушы артынан сотқа шағымданса да, шығындарды қайтару көп жағдайда мүмкін емес болып шығады. Бұған себеп - турфирмалардың ең төмен жарғылық капиталына ерекше талап қойылмай, бүгінгі таңда орташа бизнеске бар жоғы 100 орташа айлық көрсеткішті құрап отыр. Алайда, бір келісім-шарттың сомасы орташа 600 теңгені құрайды. Одан басқа, «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» ҚР Заңының нормалары орындалмайды, сақтандырудың бар болуы тексерілмейді.

Жоғарыда айтылғанды ескере келе, туристтік нарықта орын алған мәселелерді шешуге және тұтынушылар құқықтарының одан әрі бұзылуын болдыртпауға бағытталған қабылданатын іс-шаралар туралы мәлімет беруіңізді сұраймыз.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзімде, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 27 бабына сәйкес беруіңізді сұраймыз»,-делінген.

Сауалға Мәжіліс депутаттары М. Айсина, Н. Әбдіров, Г. Баймаханова, А. Бекенов, Ж. Дүйсенғалиев, Б. Ертаев, С. Жылқайдаров, Т. Ибраев, О. Киколенко, А. Қожахметов, Н. Логутов, Р. Мәдинов, Ш. Мырзахметов С. Нұрғисаев, І. Өмірзақов, Р. Сәрпеков, С. Сейдуманов, Г. Сейтмағанбетова, А. Тасболатов, М. Тінікеев, С. Үмбетов, Е. Шпанов қол қойған.     

 

 (Зәмеш Кеңесқызы, Т.74-63-02.  ҚР Парламенті Мәжілісі

Аппаратының  Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі