Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.09.2014

МЕКТЕП ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КОМБИНАТТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ


МЕКТЕП ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КОМБИНАТТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТ

Астана, 24 қыркүйек, Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Ирина Аронова Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

 

Осы депутаттық сауалға сайлаушы ата-аналардың жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына түсе алмаған балаларын - орта мектептер түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша көптеген өтініштері себеп болып отыр.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша республикада жыл сайын мыңдаған орта мектептер түлектері бос жүреді. Олар оқу орындарына түспей, жұмыс істемей, жұмыссыздардың қатарын толтырып келеді. Кәсіптік білімнің болмауы олардың жұмысқа орналасуына кедергі болуда.

Біздің ойымызша, бүгінгі таңда барлық дерлік орта мектептерде ойдағыдай кәсіптік бағдар жұмысы жоқ, ал жүргізілгеннің өзінде жүйелі түрде іске асырылмайды. Осының салдарынан, өз кезегінде,  кәсіптік және техникалық білім мекемелерінде оқушыларды қабылдауда проблемалар туындайды.

Бұған қоса, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасында да осы санаттағы азаматтарды кәсіптік даярлау бойынша арнайы бағыт жоқ. 

Бұл проблемалар ішінара 9-11 сынып оқушыларының мектеп бағдарламаларына көлік жүргізу, аспаздық, тігу ісі курстарын енгізу есебінен шешілер еді. Бұрынғы кезде, осы курстарды бітіргеннен кейін куәлік беріліп, бұл әрі қарай жұмысқа орналасуына ықпал ететін. 

Сондықтан бүгінгі таңда мектеп оқу-өндірістік комбинаттардың (ОӨК) жүйесін жандандыру қажет деп есептейміз, және де, біздің ойымызша, бұл бюджеттен айтарлықтай қаражатты талап етпейді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде айтылған проблемаларды жүйелі және кешенді түрде шешу бойынша Үкіметтің ұстанымын білдіруіңізді сұраймыз.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

                                                                                             

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі