Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.09.2014

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ БӨЛУДІ ҚОЛДАУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ


ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ БӨЛУДІ ҚОЛДАУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ

 

Астана, 24 қыркүйек, Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Айгүл Нұркина Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

Соңғы жылдарда елімізде бір қатар әлеуметтік маңызды бағдарламалар іске асырылуда, көптеген тұрғылықты аймақтарда халықты сумен, тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде.

Жылдан жылға атаулы бағдарламаларға деген халық тарапынан да қызығушылық артуда, бұлардың қатарында Павлодар облысы да бар.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014 - 2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңына сәйкес Павлодар облысына бөлінетін субвенциялардың көлемін жыл сайын 7,0 млрд. теңгеге төмендету қаралған.

Сонымен бірге, Павлодар облысында бірқатар басымдық сипаттағы маңызды мәселелер шешілмей қалып отыр.

Аталған мәселелер 2014 жылдың 12 мамырында Сіздің төрағалығыңызбен өткен кеңесте көтерілген. Кеңес қорытындысы бойынша Облыстың проблемалық мәселелерін шешу бойынша карта қабылданған.

Картаны орындау мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін салалық министрліктерге бюджеттік өтінімдер жолданған.

1. «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы шеңберінде құны 6,6 млрд. теңгені құрайтын 16 үйдің құрылысы ұсынылған. Бірақ, ұсынылған шығыстардың ішінде 4,6 млрд. теңгенің 11 жобасы қолдау таппаған, оның ішінде Павлодар қаласы бойынша – 8 жоба, Екібастұз қаласы – 1, Ақсу қаласы – 2.

Ағымдағы жылы аумағы 61,0 мың шаршы метр 990 пәтерден тұратын 11 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Өз кезегінде Республикалық бюджеттік комиссия 2015 жылға жалпы аумағы                   30 мың шаршы метрді құрайтын 5 үйдің құрылысын ғана қолдап отыр.

2014 жылдың 1 қыркүйегіне облыс қалаларында мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте 18 мыңнан аса адам тұр. 2011-2015 жылдарға арналған Павлодар облысының аумақтарды дамыту бағдарламасымен белгіленген нысаналы индикаторларға сәйкес кезектілікті азайту мақсатында жыл сайын 117,1 мың шаршы метрден кем емес тұрғын үйді пайдалануға беру қажет.

2. «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде қалалық сумен қамтамасыз ету және су бұру бойынша 8,5 млрд. теңгеге 18 жоба ұсынылған. Бірақ, ұсынылған шығыстардың ішінде 4,7 млрд. теңгенің       10 жобасы қолдау таппаған, оның ішінде Павлодар қаласы бойынша –                  5 жоба, Екібастұз қаласы – 4, Ақсу қаласы – 1.

Облыс қалаларында коммуналдық меншікте 1066 шақырым су жүйелері және 830 шақырым кәріз желілері бар. Ұзақ мерзім пайдаланудан желілер өз ресурстарын тауысқан, олардың тозығы              70-тен 85 пайызға дейін құрайды. Жыл сайын кем дегенде                           50 шақырымды қайта қалпына келтіру қажет.

Қазіргі таңда 1 шақырым су желілеріне апат саны 1,2-ні құрайды, қосымша қаржыландыру жүргізілген жағдайда бұл көрсеткіш 1 шақырымға 0,8 -1,0-ге дейін төмендейді.

3. Қоршаған орта нысандарын дамыту шеңберінде ұзындығы             23,6 шақырым 0,4 млрд. теңге сомасында 2015 жылы іске асыру бастауымен Тюлька өзенінің басынан Ақтоғай ауданы Алға ауылына дейінгі учаскесінде өзен тармағын қалпына келтіру бойынша инвестициялық жоба қаржыландыруға ұсынылған. Жобаның жалпы құны – 1,4 млрд. теңге.

Тюлька өзенінің арнасы бойынша 2013 жылы жүргізілген инженерлік-геодезиялық және инженерлік-геологиялық іздеулердің нәтижесінде 45 шақырымның 23,6 шақырымы лайланғандығы анықталды.

Жобаны іске асыру суармалы егіншілік аумағын қосымша                      1000 гектарға арттыруға мүмкіндік береді және агроөнеркәсіптік сектордың дамуын қамтамасыз етеді.

4. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға микрокредит беруге қосымша 0,5 млрд. теңге қажет.

Бүгінгі күнге 718 ықтимал кәсіпкерлер көлемінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған қатысушылардың резервы бар.

Сонымен қатар, 2015 жылға көзделген қаражат (1,2 млрд. теңге) ықтималды қатысушыларға 0,5 млрд. теңге сомасында кредит беру қажеттілігін қамтамасыз етпейді. Аталған қаржыны бөлу ауылдық жерде шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер санын                     7 пайызға арттыру жөніндегі мақсатты көрсеткішті орындауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған жобалардың жоғары әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын ескере отырып, Сізден Облыс мәселелері картасына сәйкес облыстың маңызды сұрақтарын шешуге қолұшын беруіңізді және оларды іске асыруға 2015 жылғы бюджеттің шеңберінде, жалпы сомасы 10,2 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлуді қолдауыңызды сұраймыз:

- «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы шеңберінде «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» 037 – бағдарлама бойынша – 4,4 млрд. теңге, «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» 032 - бағдарлама бойынша – 0,2 млрд. теңге, әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

- «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» 035 - бағдарлама бойынша – 4,7 млрд. теңге, әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

- қоршаған орта объектілерін дамыту шеңберінде «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері» 009 – бағдарлама бойынша – 0,4 млрд. теңге, әкімшісі – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

- Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде «Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге кредит беру» 019 - бағдарлама бойынша – 0,5 млрд. теңге, әкімшісі – Қазақстан Республикасының Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 27-бабының 4-тармағына сәйкес жауап беруіңізді сұраймыз.

 

 

 

 

(Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі