Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.10.2014

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФОРУМ ӨТКІЗУГЕ НИЕТІ БАР


СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФОРУМ ӨТКІЗУГЕ НИЕТІ БАР

 

 

Астана, 1 қазан, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Абай Тасболатов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

     Біздің бүгінгі отырыста көтергіміз келіп отырған депутаттық сауалымыз     Қазақстан Республикасы шекаралық аумағында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы  жөнінде болып отыр.

Бүгінгі таңда, Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы тығыз, екі жақты қарым-қатынастың арқасында өзінің тиімділігін көрсетіп берді. Биылғы жылы осы екі жақты форумды Атырау облысы өткізіледі.                                                             Қорған, Тюмен, Ом облыстарымен шекаралық белдеуде орналасып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық салалар бойынша екіжақты байланыста болатын Солтүстік Қазақстан облысының Форумды өткізуге үлесі бар деп ойлаймыз.

Солтүстік Қазақстан облысының Кедендік одақ мемлекеттері аясында Ресеймен ішкі тауар айналымы 72 пайызды құраса, жалпы 98 пайызды құрайды. Бұл екі жақты  өзара ортақ мүдделі көршілес мемлекеттердің одан әрі бірлесіп әрекеттесіп дамуын  растайды.                                                                                                         Қыркүйек айындағы Елбасымыздың Қызылжар өңіріне барған сапарында берілген тапсырмасын сәйкес Қазақстан мен Ресейдің аймақтық ынтымақтастығы екіжақты қатынастарды нығайту мақсатында 2016 жылы Петропавловск қаласында Қазақстан мен Ресейдің XIІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өткізілу жоспарлануда.

Осыған орай, Форумды өткізуді дайындық жұмыстары басталып кетті. Жергілікті бюджет арқылы және жеке инвестицияларды тарту арқылы Спорт сарайын салу, көркейту, көгалдандыру, жол жөндеу және әлеуметтік объектілерді жөндеуге 2015-2016 жылғы облыс бюджетіне 10 млд. теңге қаржы қарастырылған.

Сонымен қоса аталмыш Форумды жоғары деңгейде атап өту үшін республикалық бюджеттен:

Бірінші: Петропаловск қаласы әуежайының ұшып-қону жолағының ескеріп тозуына байланысты үлкен сыныпты ұшақтарды қабылдау мүмкін болмай отыр. Техникалық–сараптамалық құжаттары дайындалып, 6,7 млд. теңге қаржыға қажыландыру жөнінде оң шешімін алған. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі арқылы  әуежайдың ұшу аймағының жолағын жөндеу жұмыстарын бастау мен жобалық-қаржылық құжаттамаларын жасау үшін 500 млн. теңге қаржы  бөлінген.  2015 жылғы республикалық бюджетті жоспарлағанда қосымша 7,5 млд. теңге;

Екінші: Облыс орталығындағы көшелерді жөндеу, автобус аялдамаларын салу, көшелерді абаттандыру мен жарықтандыру, жөндеу жұмыстарына 8,6 млд теңге;

Үшінші: Форум өткізілетін орын ретінде көп функциональды әлеуметтік- мәдени объекті ретінде Достық Үйі анықталып, оның құрылысын аяқтауға 2 млд. теңге;

Төртінші: Петропавловск қаласы орталығындағы 1041 көпқабатты үйлердің жартысынан астамы 70 жылдарғы құрылыстың еншісінде. Осы көпқабатты 345 тұрғын үйлердің қасбетін бір деңгейге лайықтап жөндеу жұмыстарына 1,7 млд. теңге;

Жалпы Форумды жоғары деңгейде атап өту жұмыстарына республикалық бюджеттен қосымша 29 млд. қаржы қажет екені анықталды.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі