Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.10.2014

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМСІЗ ЖҰМСАЛУЫН БОЛДЫРМАУҒА ЫҚПАЛ ЕТУІҢІЗДІ СҰРАЙМЫН


ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМСІЗ ЖҰМСАЛУЫН БОЛДЫРМАУҒА ЫҚПАЛ ЕТУІҢІЗДІ СҰРАЙМЫН

 

 

Астана, 1 қазан, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Құттықожа Идирисов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

«Депутаттық сауалымның себебі, өзіңізге белгілі 2007 жылдан бастап республикамызда бюджет үш жылға жоспарланып келеді. Оның негізгі мақсаты бюджеттің сапалы, тиімді, уақытылы атқару болуы көзделген. Дегенмен де жоспарлау кезінде кемшіліктерге жол берілуде. Оның дәлелі аймақтарда салынатын инвестициялық жобаларға жергілікті бюджеттен жобалау - сметалық құжаттамалар дайындалып, тиісті орталық атқарушы органдарға тапсырылып, ол үш жылдық бюджеттің келесі екі жылдың жобасында орындалатынына қаражат қаралады. Бірақ та, келесі жылдарда бюджет жобасында орындалады деген жоба болмай шығады. Ал, жобалау-сметалық құжаттама үш жыл көлемінде ғана жарамды болғандықтан оның уақыты өтіп кетіп, жаңа жобалау - сметалық құжаттаманы жергілікті бюджет қаражатынан қайта жасауға мәжбүрленеді. Өйткені ол аймаққа қажет инвестициялық жоба. Қорытындысында жергілікті бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына әкеп соқтыруда.

Бұл жағдайды болдырмау үшін және де мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, жергілікті атқарушы органдармен әр жылға республикалық бюджеттен атқаруға тиісті инвестициялық жобаларды орталық атқарушы органдармен келісіп алып, содан соң жобалау- сметалық құжаттамаларын ұсынуы қажет. Сонда барып, бюджет қаражатының тиімді пайдалануы болады. Егерде келісілмеген инвестициялық жобаларға және бюджет қаражатынан жобалау-сметалық құжаттама орталық атқару органның келісімінен тыс жасалынып республикалық бюджеттен инвестицияны қаржыландыруын ұсынуы ол жергілікті бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы болып табылып, бақылау органдарының анықтауымен шара көрілуі тиіс. Келешекте бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеуге себебі тиеді. Үш жылдық республикалық бюджет заңының жобасын әзірлеуде де тиімділігі артады.

Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы тұрақты түрде мемлекет бюджетін тиімді, сапалы пайдалануды және де сыбайластыққа жол бермеуге тапсырма беруде. Осы тапсырманың да нақты орындалуының да бір шарасы болары сөзсіз. 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, жоғарыдағы жағдайды түсіністікпен қарай отырып, келешекте жергілікті бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болдырмауға ықпал етуіңізді және де республикалық бюджеттен қаржыландырылуға дайындалған инвестициялық жобаларға жасалынған жобалау-сметалық құжаттамалардың уақыты өтіп кеткен аймақтар бойынша талдау жасатып қорытындысын, депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депуттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27 бабына сәйкес жауап беруіңізді сұраймын».

  

      

                                                                                                      

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі