Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.10.2014

Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТР ЗАМАН ТАЛАБЫНАН ҚАЛЫП ОТЫР


Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТР ЗАМАН ТАЛАБЫНАН ҚАЛЫП ОТЫР

 

Астана, 15 қазан, Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Бақытбек Смағұл Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

Бұл депутаттық сауалға себеп болып отырған Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұжымынан келіп түскен өтініш болып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларында, мәдениет пен өнердің қазақстандықтардың салауатты өмір сүруі үшін, театр өнерінің алатын орнын ерекше ескерте келе, театр өнерін дамытудың жаңа инновациялық жолдарын қарастыруды ескерткен болатын. Сонымен қатар, театр ғимараттарының іші-сыртының эстетикалық тұрғыда талап-тілектерге сәйкес болуын қадағалауды тапсырғаны белгілі. Қазіргі кезде, біздің Тәуелсіздігіміз бен болашағымызға үміт артып отырған жас ұрпақ, ертеңгі ел тағдыры деп білеміз.

Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, осы жоғарыда айтылған жастар мәселесінде тікелей жұмыс істеуде. Әрине, тәрбиелік мәні бар шығармаларды сахнада толық- қанды етіп көрсету үшін, қазіргі талап-тілектерге сай, жүйеде жұмыс істеуге қажетті қондырғылар бүгінгі заманның талабы болып отыр.

2015 жылы театрдың 70-жылдық тойының қарсаңында, театр ғимаратының іші-сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, театр сахнасына жарық, дыбыс пен желдеткіш беру жүйелерін іске қосу үшін қаржыландыруды қажет етеді. 

Сондықтан өнеріміз одан әрі өрістеп, бұл салада да өркениетті елдердің қатарына қосылып, жоғарыда атап кеткен іс-шараларға Сіздің де қолдау көрсететініңізге сенемін. 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі