Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.01.2015

КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МҮМКІНДІГІН КЕҢІРЕК ПАЙДАЛАНУ


КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МҮМКІНДІГІН КЕҢІРЕК ПАЙДАЛАНУ

 

Астана. 21 - қаңтар. Мәжіліс үйі. Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста Парламент Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина  Қазақстан Үкіметінің  Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

«Кезінде Елбасымыздың тапсырмасы бойынша Астана қаласында ел экономикасының түрлі салаларына арналған жұмыс кадрларын даярлайтын кәсіптік-техникалық колледж ашылған болатын. Оны «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС салды.

Бұл оқу орнында республиканың барлық өңірлерінен келген жетім балалар оқиды, ғимараттың жалпы көлемі - 28855, 4 шаршы метрді құрайды, материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай келеді.  

Колледж бүгінгі таңда еңбек нарығына сұранысы зор болып табылатын

көлік, құрылыс және машина жасау салаларына арналған жұмыс кәсіптерінің 8 мамандығы бойынша кадр дайындайды. Бұлар: «дәнекерлеу, токарь ісі, металл өңдеу»; «жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»; «электр станциясын, кіші станцияны және желілерді электрмен жабдықтау»; «өнеркәсіптегі механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу құралдары және автоматикасы» және басқалар.

2009 жылдан бері колледж 462 адамды оқытып шығарды. Оқуды аяқтаған соң үш жақтық шарттарға сәйкес түлектер өңірлерге барады. Жыл сайын колледж түлектері Астана қаласының және Қазақстан өңірлерінің кәсіпорындарына орналасып, жұмыс істейді. Ашылатын кезден бері колледжде тек қана жетім балалар оқыса, бүгінде  жатақханаға орналастыруынсыз (өйткені жатақхана 300 адамға есептелген) оқушылар контингентін кеңейтуге мүмкіндік туып отыр.

Қолданыстағы материалдық-техникалық базаны, ғимараттың жалпы көлемін, тиісті кадрлардың болуын есепке ала отырып, жатақханаға орналастыруынсыз Астана қаласындағы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын оқытатындай етіп колледж мүмкіндіктерін пайдалануды жөн көріп отырмыз.

Бұл мәселені шешу колледждің материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануға және мектеп бітірушілерге жұмыс мамандығын алуға, ал ең бастысы – Қазақстан жастарын техникалық және кәсіптік білім алуға, сондай-ақ индустриялау бағдарламасына қатысуға ынталандыру және тарту, жаппай кәсіптер кадрларының тапшылығын еңсеру және дамып келе жатқан экономикамызды білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Президенті алдымызға қойып отырған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді деп есептейміз»-делінген сауалда.

Депутаттық сауалға сондай-ақ, Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Г. Иксанова, М. Айсина, И. Аронова, М. Ахмадиев, Ж. Ахметбеков, Ж. Әлиев, М. Бегентаев, В. Бишимбаев, К. Бұрханов, Г. Исимбаева, Қ. Қаракен, А. Нұркина, Н. Петухова, Г. Сейтмағанбетова, Б. Смағұл, А. Смайыл, С. Ферхо қол қойған.

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі