Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.02.2015

БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫС: АТА-АНАНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖӘНЕ ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ ОТБАСЫНА ОРНАЛАСТЫРУ НЫСАНДАРЫН ДАМЫТУ


 

БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫС: АТА-АНАНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖӘНЕ ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ ОТБАСЫНА ОРНАЛАСТЫРУ НЫСАНДАРЫН ДАМЫТУ

 Астана. 16 ақпан, Мәжіліс үйі.  Ертең, яғни, 17-ақпанда, 16:00 сағатта Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды отбасына орналастыру нысандарын дамыту жөніндегі заңнамалық қамтамасыз ету» мәселесі бойынша бірлескен отырысы (Астана қ., Қонаев көшесі, 12/1, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимараты, № 406 каб,) өтеді.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жетекшісі Д.Н. Назарбаева, сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, қоғамдық және халықаралық ұйымдар өкілдері қатысады деп күтілуде.  

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі