Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.07.2015

АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАРЫЗДАРЫН ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗУДІ СҰРАЙМЫЗ


АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАРЫЗДАРЫН ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗУДІ СҰРАЙМЫЗ

 

Астана, 8  шілде., Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Айқын Қоңыров Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовке депутаттық сауал жолдады.

«Ерекше кезеңдегі» экономикалық саясат шараларын ескере отырып, Қазақстан Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпанда өткен кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын  іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 87-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасы  №69 (24.04.2015) Қаулыcымен  Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын (әрі қарай – Бағдарлама)  бекітті. 

Аталмыш Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қоғамдық қабылдауларына өздерінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау мақсатында банктер мен ипотекалық ұйымдардан ипотекалық несие алған  азаматтар, сонымен қатар банктік операциялар жүргізетін  өкілетті мемлекеттік орган лицензиясынан айырылған «БТА-Ипотека» АҚ мен «Астана-Финанс Ипотека» АҚ-ның борышкерлері шағымдануда.

Жоғарыда айтылған ұйымдардың банктік операциялар жасауға лицензиясының жоқтығын ескерсек, бұл ұйымдардың борышкерлерінің Бағдарлама бойынша өз несиелерін қайта қаржыландыруға мүмкіндіктері жоқ. 

Сот орындаушылары болса борышкерлерді жалғыз баспаналарынан  шығарып жатыр. Бұл санаттағы борышкерлер үшін заң жүзінде бағдарлама орындалуға қабылданған болып саналады, ал іс жүзінде  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәдесі болып отыр.

Осыған орай Сізден қысқа мерзімде «БТА-Ипотека» АҚ мен «Астана-Финанс Ипотека» АҚ алдында міндеттемелері бар азаматтардың тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру Бағдарламасына қол жеткізу мүмкіндігі механизмін анықтап енгізуді сұраймыз. 

 

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі