Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.07.2015

АРНАСАЙ БӨГЕТІНДЕГІ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР КЕШЕНІН ҚАЙТА ЖАҢАРТУДЫ ТЕЗДЕТІП АЯҚТАУ КЕРЕК


АРНАСАЙ БӨГЕТІНДЕГІ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР КЕШЕНІН ҚАЙТА ЖАҢАРТУДЫ ТЕЗДЕТІП АЯҚТАУ КЕРЕК

 

Астана, 8  шілде., Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Розақұл Халмұрадов Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

«Өзіңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2011 жылдан бастап Шардара су қоймасының Арнасай бөгетіндегі гидротехникалық құрылыстар кешенін қайта жаңарту бойынша жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, аталған объектіні қайта жаңарту бойынша жұмыстар осы күнге дейін аяқталмаған, оның үстіне 2013 жылдан бастап тиісті қаржыландырудың болмауына және құқық қорғау органдарымен, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрлігі және басқа да уәкілетті органдар бастамашы болған, созылып кеткен тексерістерге байланысты объектідегі құрылыс-монтаждау жұмыстары уақытша тоқтатылған.

Нәтижесінде, стратегиялық маңызды сушаруашылық объектісі және Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының суармалы жерлері үшін жалғыз кепілді суару суының көзі болып табылатын Шардара су қоймасы Арнасай бөгетіндегі гидротехникалық құрылыстар кешенін қайта жаңарту жобасының I-ші, II-ші және III-ші кезектерімен көзделген салынудағы дамбаның шайылып кету қаупіне байланысты 2012 жылдан бері су қоймасы толық көлеміне дейін толтырылмауда, ал жыл сайынғы суару судың толмауы 1,2 млрд. м3 құрайды.

Мақтаарал және Шардара аудандарының арасындағы автокөліктік байланысты қамтамасыз ету қажеттілігіне, Арнасай бөгетінің гидротехникалық кешенін қайта жаңартудың IV-ші кезегімен қарастырылған жолдарды абаттандыру мен бөгетше нығайту жұмыстарының аяқталмауына байланысты, халықтың саны 400,0 мың асатын адамы бар аталған 2-і ауданның тұрғындары қатынас үшін екі есе қашықтықты (160 км) жүруге мәжбүр болып жүр.

Сонымен бірге, стратегиялық маңызы бар Шардара су қоймасының

34 км пайдаланушы жолы, сондай-ақ Арнасай суқашыртқысы Өзбекстан Республикасының аумағында қалғанын атап өтеміз, және де осы жағдай оларды тиісті дәрежеде ұстау мен қауіпсіз пайдалану шарттарын қиындата түсуде.

Осы стратегиялық маңызды объектіде қалыптасып отырған жағдай Арнасай бөгетіндегі гидротехникалық кешенін қайта жаңартуды аяқтау бойынша кідіріссіз шараларды қабылдау қажеттілігі депутаттық сауал жолдауымызға себеп болды.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, сондай-ақ Шардара су қоймасының тұрақты және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, 2016 жылдың вегетациялық кезеңінен бастап Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін кепілді суару суымен қамтамасыз ету мақсатында, Үкіметке Шардара су қоймасының Арнасай бөгетіндегі гидротехникалық құрылыстар кешенін қайта жаңартудың I-ші, II-ші және III-ші кезектерін аяқтау, сонымен қатар IV-ші кезегін іске асыруды бастау үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2,0 млрд. теңге іздестіруді қажет деп санаймыз.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі