Парламент Мәжілісінің «Ақ жол» демократиялық партиясынан депутаты Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «CТ Assembly» ЖШС (CLAAS комбайндар өндірісі) және «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС ұжымдарымен кездесулер өткізді. Оған «Ақ жол» ҚДП Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Подковров Дмитрий Дмитриевич және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Кинцель Евгений Юрьевич еріп жүрді.
Петропавл кәсіпорындарының өзекті мәселелері талқыланды, қызметкерлер инфляцияны тежеуге және бағаны мемлекеттік реттеуге қатысты сұрақтар қойды. Өнеркәсіпті одан әрі қолдауға тілек білдірілді.