Бүгін Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Қаржы министрі лауазымына Такиев Мәди Төкешұлының кандидатурасы келісілді. Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.