Құрметті Әлихан Асханұлы!
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша 4 қала (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы), 6 аудан орталығы және
19 елді мекен табиғи газға қосылған. Бұл барлық елді мекендердің тек 11,3 пайызын құрайды.
Облыс аумағындағы табиғи газға қосылмаған елді мекен тұрғындары тарапынан газдандыру мәселесі жиі көтерілуде.
Атап айтқанда, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тек аудан орталығы – Жосалы кенті ғана газдандырылған.
Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан Қармақшы ауданы
Дүр Оңғар елді мекенін газдандыру жобасының жоба-сметалық құжаттамасы 2022 жылы әзірленіп, мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынған (31.08.2022 ж №19-0324/22).
Дүр Оңғар ауылын газдандыру жобасын жүзеге асыру жағдайында болашақта Қармақшы ауданының 9 ауылдық елді мекенін газдандыруға мүмкіндік пайда болады, себебі елді мекендердің табиғи газға қосылу нүктесі осы жобада қарастырылған.
Жобаның жалпы құны 7,1 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде: республикалық бюджет - 6,4 млрд. теңге, облыстық бюджет –
710 млн.теңге.
Жобаны жүзеге асыруға ҚР Энергетика министрлігіне 2024 жылға республикалық бюджеттен 750 млн.теңге бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылғанымен, қолдау таппады.
Жоғарыда аталғандар негізінде, құрметті Әлихан Асханұлы, жобаның әлеуметтік маңыздылығын және осы жоба аясында қосымша 9 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік пайда болатынын ескере келе, Дүр Оңғар елді мекенін газдандыру жобасын бастауға 2024 жылғы республикалық бюджеттің бірінші нақтылауына 1 млрд. теңге қаржы бөлуге ықпал жасауыңызды сұраймын.