Бүгін, 30.05.2024ж. Мәжіліс депутаты Динара Наумова «Республика» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізді. Екі сағатқа созылған қабылдауда депутат еліміздің әр өңірінен келген 10 адамның жеке мәселесін қарады.
Азаматтар депутатқа жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауы, еңбек өтілін есепке алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне несиелерді қайта құрылымдау, мүгедектер үшін кедергісіз орта құру, санаторийлермен қамтамасыз ету және курорттық қызметтер мен инватакси, сондай-ақ мүгедектікті тағайындау, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету және т.б. мәселелері бойынша көмек пен кеңес алу үшін жүгінді.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Динара Наумова олардың өтініштеріне нақты жауап берді. Қарау үшін қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынады. Барлық өтініш берушілерге жан-жақты жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.