Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Оқушылармен кездесу


2023 жылғы 14 қараша күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров Астана қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде «Елінің абыройын арқалаған азамат» атты кездесуге қатысты.

Кездесу барысында мотивация алу, отансүйгіштік, адалдық, білім алу тақырыптары қозғалды. Мектеп оқушылары қызықтыратын сұрақтарын қойды, өздерінің жетістіктерімен бөлісті.