Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЛГБТ, ұлттық идеология жөнінде депутаттық сауал

Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Ардақ Назаров Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдап, Қазақстанда ЛГБТ насихатына жол бермеу керектігін айтты.

"Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тоз-тозын шығаруды көздейді деп білемін. Ал, дәстүрі мен руханиятынан айрылған ұлттың болашағы жоқ екені айдан анық. Ұлт құрыса – мемлекет құлайды", - деп атап өтті.

Ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды барлық платформаларда, оның ішінде әлеуметтік желілерде көрсетуге және насихаттауға тыйым салуды, сондай-ақ теріс ағымдарды насихаттайтын көздерден қорғайтын заң нормаларын әзірлеуді және Парламенттің қарауына енгізуді, ҚР оқу орындарында ұлттық мәдениетті насихаттау бойынша сабақтар өткізуді ұсынды.