Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Еліміздің әскеріндегі мәселелер жөнінде депутаттық сауал

Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Ардақ Назаров Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа әскердегі мәселелер жөнінде депутаттық сауал жолдады.

Ол өзінің депутаттық сауалында бүгінгі күні әскердің әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, мынадай ұсыныстарды айтты: оқу орындарында дрондармен ұшу, құрастыру, жетілдіруге қатысты жан-жақты қамтылған бағдарламаларды енгізу, сарбаздардың өз-өзіне жедел көмек көрсету бағытын мектептерде, жоғарғы оқу орындарында кеңінен үйрету, қару-жарақ, оқ-дәрімен қамтамасыз ету бағдарламаларын әлемдік стандарттарға көшіру, әлемдік озық технологияларды елімізге алып келіп, қажетті қару-жарақ шығару өндірістерін елімізде ашу.