Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметы

    Бүгін Комитеттің кезекті отырысында «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қаралды. Заң жобасы осы салалардағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді. Жоба бойынша негізгі баяндамашы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. А. Тлепов болды. Жобаны талқылау барысында баяндамашыға депутат Нұрымова Г.А. өз сұрағын қойды:"Заң жобасында мемлекеттік меншік объектілерін волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарына сенімгерлік басқаруға беру көзделеді. Осы ұйымдарға мемлекеттік көмек көрсету критерийлері жасалды ма?" Вице-министр ережелер әзірленуде деп жауап берді. Заң жобасы еріктілер қозғалысы мен қайырымдылық ұйымдарын ынталандыруға қызмет етеді.