Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақ жол: Маңғыстау облысының халқымен кездесулер.
1

Тема: Ақ жол: Маңғыстау облысының халқымен кездесулер.

 

Анонс: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП Фракциясының жетекшісі, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесті.

 

            8-10 сәуір күндері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП Фракциясының жетекшісі А.Перуашев Президенттің халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша сапары аясында Маңғыстау облысының сайлаушыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Іс-шараларға Орталық аппараттың аймақтармен жұмыс жөніндегі хатшысы Талғат Ерғалиев, партияның аймақтық филиалының басшылығы мен активі қатысты.  

            9 сәуір күні Ақтау қаласында А.Перуашев 2011 жылғы 16-18 желтоқсанда орын алған Жаңаөзен оқиғасы бойынша ашық сот отырысына қатысты.   

            Жаңаөзен қаласында А.Перуашев қала тұрғындарымен және тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті. Депутат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі 10 бағытты түсіндірді, соның ішінде өңірлерді дамыту  жөніндегі міндеттерді айтып өтті. Кездесу қатысушылары аймақтағы жұмыссыздық, қалалықтардың бос уақытын өткізетін орынның жетіспеушілігі, зардап шеккен кәсіпкерлерге «Даму» қорымен бөлініп отырған несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету және мерзімін ұзарту, сондай-ақ Үкімет тарапынан бөлініп отырған несиелер бойынша ақпараттың жетіспеуі туралы мәселелерді көтерді. Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлері А.Перуашевқа кәсіпкерлерге жер телімдерін бөлуде жәрдем көрсетуге, аймақтағы мал шаруашылығын дамытуды, соның ішінде тері өңдеу саласын қолдауға өтініш білдірді.           

            Маңғыстау облыстық «Болашақ» институтында А.Перуашев партия активімен, қалалық және облыстық ішкі саясат басқармаларының басшыларымен, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен, белгілі өңір тұрғындарымен және студент жастармен кездесті.   

            Кездесуде балалар ойнайтын алаңдардың жетіспеушілігі, облыстағы және Ақтау қаласындағы теңіз жағалауындағы заңсыз құрылыс фактілері, Ақтау қаласында ардагерлер бас қосатын орталықтың жоқтығы туралы мәселелер қозғалды. Жас сайлаушылармен пікірлесу барысында мамандарды дайындау сапасы, кадрлардың тапшылығы, баспананың қолжетімділігі, жас мамандарды жұмысқа орналастыру туралы мәселелер көтерілді. А.Перуашев партия қызметінің жастар бағыты туралы айтып өтіп, бірқатар жастарға салтанатты түрде партиялық билеттерді табыстады.         

            «Маңғыстау облыстық Ауған соғысы ардагерлерінің жауынгерлік бауырластық қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Нұркен Қаражанов жастардың патриоттық сезімін ұштау мақсатында оларды отансүйгіштікке, еңбекке баулып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуларына қолдау көрсету керектігін атап өтті және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай партия белсенділеріне алғыс хаттар мен естелік медальдарды табыстады. 

            ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Тоқтар Әжіғұлов «Ақ жол» партиясының облыстық филиалымен бірлесе атқарып жатырған жұмыстарына тоқталды және өткен жылдың 26 қарашасында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды жеңілдікті дәрігерлік қызмет көрсету арқылы қолдау үшін «Ақ жол» партиясының облыстық филиалы төрағасы Ж.Доспаев, ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ МОФ төрағасы Тоқтар Әжіғұлов және «Ча-Кур» ЖШС-нің директоры С.Курманованың арасында меморандумға қол қойылғандығын айтты.

            «Ақ жол» ҚДП МОФ «Ақсақалдар кеңесінің» мүшесі, «Маңғыстау облыстық су жүйесі» МКК директоры Абдулла Мурзаев облыстағы экология, сумен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.  

            Кездесу соңында А.Перуашев азаматтардың ұсыныстары және сапар нәтижесі бойынша алынған ақпарат депутаттың және «Ақ жол» ҚДП фракциясының одан әрі қызметінде қаралып, пайдаланылатындығына сендірді.