Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Ақ жол" партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының сайлаушыларымен кездесті
«Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының сайлаушыларымен кездесті

 

«Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының сайлаушыларымен кездесті

 

«Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының сайлаушыларымен кездесті

Кездесуде Азат Перуашев сайлаушыларды партия қызметі мен ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Фракция жұмысының алғашқы нәтижелері туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ жиында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаладан туындайтын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмаларын орындау бойынша «Ақ жол» партиясының ұсыныстары талқыланды. «Байлар мен кедейлер арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты қысқартумен, әділ сот төрелігін қамтамасыз етумен, жемқорлыққа қарсы тұрумен, жаппай кәсіпкерлікті дамытумен, банктердің тәбетін шектеумен және т.б. байланысты біздің ұсыныстарымыз ақыр соңында ұсынылған Бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған», - деп «Ақ жол» партиясының төрағасы атап өтті.   

Мәжіліс депутаты сайлаушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Кездесуге қатысқан Малтабар ауылының тұрғындары мешіт құрылысына арнап жер телімін алуға жәрдемдесу туралы  өтініштерін білдірді. Сонымен қатар тұрғындар Ерейментау қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға арналып салынып жатқан асхана құрылысының аяқталуына қатысты мәселелер көтерді. Ал көп балалы жас отбасы баспана алу жолында көмек көрсетуді сұрады.    

«Біз осы үшін Парламентте отырмыз және Қазақстан халқының алдындағы өзіміздің міндеттерімізді орындау бойынша әрі қарайғы іс-әрекетімізді осындай кездесулер барысында толығырақ нақтылай алатынымызға үміттіміз», - деп сендірді Азат Перуашев.

 

 

2012 жылғы 6 тамыз, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі