Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Ақ жол" ҚДП парламенттік Фракциясының басшылығы жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік Фракциясының басшылығы жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды

«Ақ жол» ҚДП парламенттік Фракциясының басшылығы жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды.

 

2012 жылғы 25 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: «Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі А.Перуашев пен Фракция жетекшісінің орынбасары Е.Никитинская Қарағанды облысының сайлаушыларымен кездесті. 

Кездесу барысында Мәжіліс депуттары Парламент қабырғасында қаралып жатқан заң жобалары мен ақжолдық халық қалаулыларының жасаған депутаттық сауалдары, Мәжілістегі Фракция жұмысының алғашқы нәтижелері туралы айтып берді. Соның ішінде сәуір айындағы қарағандылықтармен болған кездесудегі «Ақ жол» партиясы депутаттарының атына түскен хаттар бойынша мәлімет берді.   

  Сондай-ақ кездесу қатысушылары Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен ұсынылған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын талқылады. А.Перуашев кездесуге келгендерді аталған бағдарламаға тікелей қатысы бар, алайда оны іске асыру жоспарында тиісті деңгейде көрініс таппаған «Ақ жол» партиясының ұсыныстары туралы хабардар етті. «Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты қысқартумен, әділ сот төрелігін қамтамасыз етумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрекетімен, жаппай кәсіпкерлікті дамытумен, банктердің тәбетін шектеумен және т.б. байланысты біздің ұсыныстар ең ақырында осы Бағдарламаны нәтижелі іске асыру жолында практикалық жәрдемдесуге бағытталған», - деп А.Перуашев атап өтті.    

Қарағандылық сайлаушылар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қорғау бойынша Фракция тарапынан қолға алынып жатқан шараларға және әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша айтылған партия ұсыныстарына оң бағасын берді. 

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары басым бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты, соның ішінде салық салу, шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу, ауыл шаруашылығын дамытумен байланысты сайлаушылар сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ білім беру сапасына, жұмысқа орналасуға, Желтоқсан оқиғасының қатысушыларына қатысты мәселелер көтерілді. Кездесуге келген кәсіпкерлер жағы несиелеудің тиімсіз шарттары кесірінен өздерінің несие алу мүмкіндіктерінің жоқтығын жеткізді. Мысалы, ШОБ-ті несиелеуге тиісті қаржылық ұйымдар тек ірі бизнеске ғана несие береді екен және несие сомасының 120 %-ын құрайтын кепілдікпен қамтамасыз етуді талап етеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің айтуы бойынша, қаржы институттарының аймақтық филиалдарының несие беру бойынша шешім қабылдауға құқықтары жоқ, сол себепті кез келген мәселе бойынша оларға астанаға баруға тура келеді. Тіпті несие алу өтініштерін қарау мерзімін екі жылға дейін созу секілді мысалдар келтірілді.       

Мәжіліс депутаттары кездесуге келгендерге барлық өтініштерінің, ұсыныстарының және кездесу қорытындысы бойынша алынған ақпараттың қаралатындығын және «Ақ жол» ҚДП фракциясы мен депутаттарының алдағы қызметінде пайдаланылатындығын айтты. «Біз аймақтардағы осындай кездесулер барысында Қазақстан халқының алдындағы өзіміздің міндеттерімізді орындау бойынша алдағы қадамдарымызды толығырақ нақтылайтынымызға үміттіміз», - деді А.Перуашев. 

Күннің екінші жартысында Мәжіліс депутаттары облыс әкімінің м.а. Г.Мұхамбетовпен кездесті. Оның барысында сайлаушылар тарапынан көтерілген проблемалар айтылып, әрі қарайғы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

2012 жылғы 25 шілде, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі