Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Ақ жол" партиясы Қазақстанда техникалық реттеудің еуропалық жүйесін енгізуге күш салады".
Азат Перуашев: «Партия «Ак жол» настаивает на внедрении в Казахстане европейской системы технического регулирования»

Азат Перуашев: «Ақ жол» партиясы Қазақстанда техникалық реттеудің еуропалық жүйесін енгізуге күш салады».

 

Бұл тақырып өткен жұма күні Техникалық реттеу және метрология комитетінде ұйымдастырылған «Техникалық реттеу туралы» заң жобасы бойынша дөңгелек үстелде көтерілді. Соның ішінде Азат Перуашев тауардың шығуын сертификаттау үрдісіндегі кемшіліктер туралы айтты (ТШС): «Қазіргі кездегі ТШС жүйесі тым бюрократияланған, көп көлемдегі қаржы мен уақыт шығынын талап етеді, сонымен бірге нақты алғанда мәнсіз. Қалыптасқан жағдай қазақстандық экспортты кеңейту бойынша жұмсалып жатырған күш-жігерге, отандық өндірісті қолдау бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларына қарама-қайшы».            

Еске сала кетейік, ТШС сараптама Актісінің негізінде беріледі, ал оны алу үшін барлық келісім-шарттардың көшірмелерін, олардың сипаттама құжаттарын, шикізат пен қаптамаға берілген сертификаттарды, кедендік жүк декларацияларын, теміржол жүк құжаты мен шот-фактураларды, экспортқа шығарылатын тауардың әрбір құрамдас бөлігі бойынша төлем тапсырмаларын тапсыру қажет. Алынған Акт осының алдында, сараптама жүргізу кезінде тапсырылған сол құжаттардың жиынтығын қайтадан қосымша ретінде тапсыру міндеттемесімен ТШС-ты рәсімдеу үшін ұсынылады. Бұл құжаттар жиынтығын тауардың әрбір партиясына рәсімдеу қажет және оның құны 30-80 мың теңге аралығын құрайды. Осылайша бір ТШС-ты алу үшін кейде 350-400 бетті құрайтын құжаттарды жинау қажет.         

Сондай-ақ, бір ғана келісім-шарттың аясында болғандығына қарамастан сертификаттың өзі тауардың әрбір партиясына рәсімделеді. Мысалы, егер де тауар партиясы сатып алушыға бірнеше көлік құралдарымен жөнелтілетін болса (вагондармен, автофургондармен), ол кезде ТШС оның әрқайсысына талап етіледі. Ал бұл кезде сертификаттау үшін қажетті құжаттардың көлемі мыңнан аса бетті құрайды! Барлық осы еңбек және қаржылай шығындар тауар өндірушілерге ауырлық түсіреді және қазақстандық компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін нақты түрде төмендететін айтарлықтай бюрократиялық кедергі болып табылады.     

«Мәселенің ең оғаштығы, тауардың қайдан шыққандығын көрсететін сертификаттар әлем бойынша міндетті болып табылмайды, тек ерікті түрде ұсынылатын құжат. Және бұл пост-кеңестік мемлекеттерде ғана экспортталатын тауарларды жаппай сертификаттау бақылаушы органдардың міндетті талабына айналды», - деп мәлімдеді А.Перуашев.  

«Ақ жол» партиясы сертификаттаудың еуропалық моделіне өтуді   тиімді жол ретінде есептейді, себебі оның аясында тауарды сертификаттау жүргізілмейді, берілген тауар түрін өндіруге қабілеттілігі бойынша  кәсіпорындар (тауар өндірушілер) сертификатталады. Одан әрі кәсіпорын тек берілген тауар партиясының өндірісі үшін жауапты екендігін декларациялайды. 

Бұл қадамдарды қолға алу қаржылай және еңбек шығындарын айтарлықтай қысқартады, отандық тауар өндірушілерді өнімді экспортқа шығару кезіндегі қисынсыз бюрократиялық қысымдардан босатады.

Мәжіліс депутаты айтқандай, «Ақ жол» партиясы жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды Парламентте «Техникалық реттеу туралы» заң жобасын қарау кезінде енгізетін болады.

 

 

Астана қ. 2012 жылғы 13 ақпан. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі