Жалған кәсіпкерлік туралы қылмыстық норма арқылы салық органдары адал кәсіпорындарды алаяқтардың қулық-сұмдығын өтеуге мәжбүрлеп отыр – Азат Перуашев.
Жалған кәсіпкерлік туралы қылмыстық норма арқылы салық органдары адал кәсіпорындарды алаяқтардың қулық-сұмдығын өтеуге мәжбүрлеп отыр – бұл туралы парламенттік оппозиция көшбасшысы, «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша өткен конференцияда сөз сөйлеуі кезінде мәлімдеді.
«Бұл мәселе «Атамекен» ҰЭП-ның бастамасы бойынша көтерілген кезде, өткен жылдардағы парламенттегі талқылаулар депутаттардың арасында көбінің бұл мәселені түсінбейтіндігін көрсетті. Оны нақтылап зерттеу жағдайы кейде «алаяқ төлеуі тиіс» деген тақырыптағы жалпы пікірлермен алмастырылды» - деп ескертіп өтті ол.
«Ақ жол» партиясына Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына сүйене отырып, соттар көбінесе мәмілелердің адалдығын мойындау туралы материалдарды қарауға алмайтындығы жөнінде кәсіпкерлердің хаттары түсіп жатады. Бұл сот шешімінсіз ешкімнің де өзінің мүлкінен не оның бір бөлігінен айырыла алмайтындығы туралы конституциялық мүліктік құқықты белден басуға алып келеді.
Іс жүзінде сот бір тұлғаны айыпты деп табады, ал ол үшін салықтар бойынша берешекті, айыппұлдары және өсімақыларды бірде-бір сот айыпты деп таппаған адал кәсіпорындарға жүктейді.
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының Қылмыстық кодекстен 192-ші «Жалған кәсіпкерлік» бабын және Салық кодексінен осыған ұқсас нормаларды алып тастауға қол жеткізуді жалғастырып жатқандығын мәлімдеді. Берілген баппен қарастырылған қылмыстардың барлық құрамы Қылмыстық кодекстің басқа баптарындағы диспозициялармен қамтылып отыр (192-1, 221, 222).
Сонымен бірге берілген саладағы қылмыстардың алдын алу үшін, Ресей Федерациясының тәжірибесі бойынша (бірнеше жыл бұрын осыған ұқсас баптан бас тартқан) кәсіпкерлік субъектісінің заңсыз құрылуы үшін жауапкершілік енгізу ұсынылады.
«Ақ жол» ҚДП төрағасы бизнес-қауымдастықтың және партияның Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің, Қаржы министрлігінің, Әділет министрлігінің басшылығымен жүргізіп отырған жұмысы біртіндеп осы мәселе бойынша анық бір түсіністікке алып келе жатыр, бұл жақында өткен ведомствоаралық комиссия отырысында құптау тапты деп атап өтті.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі, а.ж. 17 мамыры.