Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Ақ жол" ҚДП-ның Орталық кеңесінің пленумы Амангелді Баракатовты Мақат ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты партияның Атырау облыстық филиалы төрағалығы қызметінен кетуін бекітті.

                                                                                                     

«Ақ жол» ҚДП-ның Орталық кеңесінің пленумы Амангелді Баракатовты Мақат ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты партияның Атырау облыстық филиалы төрағалығы қызметінен кетуін бекітті.

 

 

Бүгінгі өткен «Ақ жол» ҚДП-ның Орталық кеңесінің пленумы Амангелді Баракатовты а. ж. 24 мамыры күні Мақат ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты партияның Атырау облыстық филиалы төрағалығы қызметінен кетуін бекітті.

Партияның Орталық кеңесі пленумына «Ақ жол» ҚДП ОК мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Рысқали Амангелді Баракатовтың партия мүшесі болып қалатынын, алайда оның Мақат ауданының әкімі болып тағайындалуына орай, тұрақты түрде облыс аумағында болу қажеттілігімен байланысты партияның Атырау облыстық филиалы төрағасының міндетін атқару мүмкін еместігін баяндады.      

Сонымен қатар Баракатов мырза өзінің облыстық мәслихат депутаты өкілеттігін тоқтатады, ол депутаттыққа «Ақ жол» партиясы атынан ұсынылып және а.ж. 15 қаңтарында сайланған болатын 

Осыған байланысты Орталық кеңестің пленумының шешімімен А.Рысқалиға жаңа төрағаны сайлау бойынша бір айлық мерзім ішінде «Ақ жол» ҚДП-ның кезектен тыс облыстық конференциясын өткізуді дайындау; сондай-ақ орнын босатқан А.Баракатовтың орнына облыстық мәслихатқа өтетін қосымша сайлауға партия атынан жаңа үміткерді ұсыну мен қатысуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Пленумға қатысушылар А.Баракатовқа жауапты қызметке тағайындалуына байланысты құттықтауын жолдап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

 

А. ж. 26 мамыры, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі