Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Ақ жол" ҚДП Орталық кеңесінің бүгін өткен Пленумында партияның парламенттік фракциясы мүшелері, Мәжіліс депутаттары Азамат Әбілдаев пен Меруерт Қазбекованың есептері тыңдалды.

             «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің бүгін өткен Пленумында партияның парламенттік фракциясы мүшелері, Мәжіліс депутаттары Азамат Әбілдаев пен Меруерт Қазбекованың   есептері тыңдалды.

            2012 жылғы 26 мамыр, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз-қызметі

            «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің бүгін өткен Пленумында партияның парламенттік фракциясы мүшелері, Мәжіліс депутаттары Азамат Әбілдаев пен Меруерт Қазбекованың   есептері тыңдалды.

            Депутаттар партия алдында сайлаушылардың өтініштері бойынша жұмыс жөнінде, жіберілген депутаттық сауалдар мен олардың нәтижелері жөнінде, жұмыс топтарына қатысу жөнінде және нақты заң жобалары бойынша олар енгізген депутаттық бастамалар жөнінде, халықаралық деңгейдегі кездесулер жөнінде есеп берді.  

            Есептер қоса беріледі.

 

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП Фракциясы жетекшісінің орынбасары А.Р.Әбілдаевтың 20.01.12ж. мен 26.05.12ж. аралығындағы жұмысы  туралы ақпарат

 

Заң шығару қызметі:

Депутат жұмыс тобының мүшесі болып табылатын, ұсыныстарды енгізген және жұмыс топтарына қатысқан заң жобалары:

-          «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

-          «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы»;

-          «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының қару-жарағы мен әскери техникасының техникалық және ақпараттық үйлесімділігін қамтамасыз ету туралы хаттаманы ратификациялау туралы»;

-          «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiнің күштерi мен құралдары құралымдарының мәртебесi туралы келiсiмді ратификациялау туралы»;

-          «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсаттағы өнім жасауға қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы»;

-          «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

 

Депутаттық сауалдар:

Премьер-Министрдің атына екі депутаттық сауал жіберіді:

  1. 15.03.2012ж. Ипотекалық несиені субсидиялау туралы
  2. 02.05.2012ж. Селолық елді мекендерде тұратын жас мамандарды, сонымен қатар  басқа да азаматтар санаттарын әлеуметтік қолдау және ынталандыру туралы

 

Округтегі жұмыс:

05.04.2012ж.-14.04.2012ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қ. сайлаушыларымен кездесті

Сөз сөйлеулер, мақалалар мен жарияланымдар:

31.01.2012ж. № 15 пен 16.03.2012ж. № 45 «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газетінде мақалалар

Азаматтар өтініштерімен жұмыс жасау: Депутаттың атына осы мерзімде 6 хат келіп түсті. Әр хатқа жауап берілді.

 

 

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты – Экономикалық реформа жөніндегі комитеттің хатшысы, «Ақ жол» ҚДП Фракциясының мүшесі

Меруерт Айтқажықызы Қазбекованың қызметі туралы есеп

 

1.      Заң шығару қызметі бойынша:

-          Комитеттің заң жобалары бойынша Қорытындылар дайындалды:

1)      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

2)      «Микроқаржы ұйымдары туралы»;

3)      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

4)      «2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қауымдастақ Сотының Статутына өзгерістерді енгізу жөніндегі Хаттаманы ратификациялау туралы».

-          «Қазақстан Республикасының заң жобаларына ұсыныстар дайындалды:

1)      «Микроқаржы ұйымдар туралы»;

2)      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

3)       «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

4)      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы»;

5)      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

 

2.      Депутаттық сауалдар:

-          балаларға телефондық қоңырау шалу, әсіресе сенім телефонына тегін, қызмет көрсетуді ұсыну туралы – депутат А.С.Соловьевамен бірлесіп,

-          республика аумағында қаржылық пирамидалардың қызметін жою туралы.

3.      Халықаралық қызмет

-          биылғы жылдың 28 ақпан мен 4 наурыз аралығындағы мерзімінде АҚШ Нью-Йорк қаласына сапарға барды.

                        2012 жылдың 29 ақпанында Нью-Йорк қаласының БҰҰ Штаб-пәтерінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдер жағдайы жөніндегі Комитетімен және Парламентаралық Одағымен ұйымдастырылған «Селолық аудандарда әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту: парламенттердің рөлі қандай» тақырыбына Парламенттік іс-шараға қатысты.

            Осы іс-шарада еліміздің саяси үдерісіндегі қазақстандық селолық әйелдердің жағдайы, сонымен қатар жергілікті деңгейде олардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюі белгіленген баяндама жасады.

                        Сапар барысында Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі Б.С.Айтимовамен кездесу болды.

                        Сонымен қатар Парламентаралық Одақтың Президенті А.Ради мырзаның  (Марокко) ресми қабылдауына қатысты.

-          2012 жылдың 5 сәуірінде Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Президенті жанындағы пен Ресей халық шаруашылығы және  Мемлекеттік қызмет Академиясының Саяси басқару саясаттану  кафедрасымен өткізілген «Жаңғырту жағдайларындағы саяси басқару: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша Халықаралық конференцияның (бұдан әрі-Конференция) жұмысына қатысты.

Конференция Академияның Саясаттану және саяси басқару кафедрасының 20-жылдығына арналған. Осы Кафедраның түлегі болғандықтан, жоғарыда аталған Конференцияның тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғаған болатынмын.

                        Конференция барысында «Соңғы сайлау циклінің контекстінде Қазақстандағы жаңғырту үдерістері» тақырыбына баяндама жасадым.

                        Конференцияда 2011-2012 жылдардағы парламенттік және президенттік сайлаулардан кейін Ресеймен алынған жаңғырту курсын жүзеге асыру мен саяси басқару тиімділігінің мәселелері қарастырылды.

- биылғы жылдың 15-18 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Парламенті делегациясының құрамында депутат Қазбекова Меруерт ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, ЕурАзЭС  Парламентаралық Ассамблеясының және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының Парламенттік Ассамблеясының іс-шараларына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласында болды.

                        16 мамырда қазақстандық делегация Жамбыл Жабаев ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты.

                        Санкт-Петербург қ. Парламенттік орталығында өткен ОДКБ Парламенттік Ассамблеясының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі Тұрақты комиссиясы (бұдан әрі-Комиссия) отырысының жұмысына қатысты.      

                        Отырыс жұмысына Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікістан өкілдері қатысты.

                        Отырыста мыналар қаралды:

-          Комиссияның 2007-2011 жылдардағы жұмыс нәтижелері және ОДКБ мүшелері-мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындату мен үндестіру жөніндегі ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы қызметінің 2011-2015 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру бойынша міндеттері;

-          Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының шеңберінде жасалған халықаралық шарттарды ратификациялау жөніндегі жұмыс;

-          ОДКБ Секретариатының РФ-нда, Белоруссияда, Молдова мен Украинадағы Қызыл Кресттің Халықаралық Комитетінің Өңірлік делегациясымен ынтымақтасу мәселелері;

-          «Табиғи және техногенндік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу проблемаларын заңнамалық реттеудің өзекті аспектілері» тақырыбына Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны жүргізу нәтижелері.

                        Сондай-ақ Комисия шеңберінде қабылданатын нормативтік-құқықтық құжаттардың жобалары және ұйымдастыру мәселелері қаралды.

                        17 мамырда делегация құрамында Тавриялық сарайдың Думалық залында өткен ТМД қатысушылар-мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясының отыз жетінші алқалық отырысына және ОДКБ Парламенттік Ассамблеясының бесінші алқалық отырысына қатысты. 

4. Өңірлердегі жұмыс

            9 сәуірде Қазақстан халқына Президент Жолдауын түсіндіру бойынша Павлодар облысына көшпелі іс-шаралар шеңберінде С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекетік университеті мен Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының студент жастарымен және профессорлар-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.

            10 сәуірде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары А.Нұркина мен М.Бегентаевпен бірлесіп, Павлодар қ. Инновациялық Еуразиялық  университетінің студент жастарымен және профессорлар-оқытушылар құрамымен кездесті.

            Орталық аппараттың ұйымдастыру-көпшілік жұмысы жөніндегі хатшысы Әбдіразақ Сұлтановпен бірге «Ақ жол» ҚДП Павлодар облыстық филиалы Кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

            Павлодар құбыр жұқарту зауытына барып, кәсіпкер-әйелдермен кездесті.

            2012 жылдың 11 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысына бару барысында Петропавл қаласының жұртшылығымен, «Қазақстанның іскер әйелдері» Қоғамдық бірлестігімен, қалалық пен облыстық мәслихат депутаттарымен, кәсіпкер-әйелдермен кездесті, облыстық теледидардың тікелей эфирінде сөз сөйледі.

            12 сәуірде СҚО Жамбыл ауданында (облыстық орталықтан 160 км. жерде) көшпелі іс-шаралар ұйымдастырылды, оның барысында әлеуметтік маңыздағы объектілерге барды: аудандық кітапхана, аудандық орталық аурухана, тарихи-өлкетану мұражайы мен Шухов атындағы мұражай, 14 ұлттық орталық пен Ардагерлер үйі. Жалпы аудан тұрғындарымен 5 үлкен кездесу өткізілді, солардың ішінде аудандық мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп, аудан жұртшылығымен бас қосу.

            13 сәуірде Ақмола облысына бару барысында Көкшетау қаласындағы «Көкше» Академиясында кәсіпкер-әйелдермен, мәслихат депутаттарымен, оқытушылармен және студенттік актив белсенділерімен «Стратегия 2020: Әйелдерге арналған жаңа мүмкіндіктер» тақырыбына кездесулер өткізді.

            Сондай-ақ мынадай кездесулер орын алды:

-           әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебін қолдау үшін «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Өңірлік филиалының басшысымен;

-           Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеттінің оқытушылар құрамымен және студенттік кеңесінің белсенділерімен.

Сонымен қатар ресейлік шикізат жеткізушілердің бағалық демпингінің мәселелері бойынша «НовоПЭК» басшылығымен кездесу болып өтті.

14 сәуірде «Ақ жол» ҚДП Қоғамдық қабылдауында азаматтар қабылданды.

Тұрғындармен кездесу кезінде заң шығару жүйесі жөнінде, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің қабырғасындағы депутаттық қызмет жөніндегі және келешектегі перспективалар жөніндегі; мемлекеттік рәміздер, жеңілдіктер мен стипендия, жұмысқа орналасу, практикадан өту, несиелік оқыту, түлектерге арналған кешенді тестілеу, сапалы өнім, зейнеткерлік қамтамасыз ету мен инновациялық саясат жөніндегі мәселелерді қосқанда түрлі-түрлі тақырыптар талқыланды.

5. Сөз сөйлеулер

- биылғы жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқасында;

- «Астана сұхбаты» клубында;

- «КТК» телеарнасындағы «Слуги народа» атты бағдарламасында;

- қаржы пирамидалары жөніде «Алаш айнасы» газетінде;

- «Акмолинская правда» атты газетте.

6. Қазақстандағы АҚШ, Украина, Япония Елшіліктерінің өкілдерімен кездесулерге қатысты.