Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін алып тастау жөніндегі партия бастамасы туралы телеарналарға сұхбат берген "Ақ жол" ҚДП қызметкерінің жеке көлігіне залал келтірілді.
Автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін алып тастау жөніндегі партия бастамасы туралы телеарналарға сұхбат берген «Ақ жол» ҚДП қызметкерінің жеке көлігіне залал келтірілді

Автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін алып тастау жөніндегі партия бастамасы туралы телеарналарға сұхбат берген «Ақ жол» ҚДП қызметкерінің жеке көлігіне залал келтірілді.

 

 

18 маусым күні таңертең «Ақ жол» ҚДП-ның заң департаментінің директоры Т.Нұғманов көлігінің үстіне кетпейтін бетон қоспасының төгілгендігін анықтаған. Автокөлікке түзелмейтін залал келтірілген.    

Партияда бұл бұзақылық іс-әрекеттің жеке пайдалануға арналған автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін алып тастау туралы  партия бастамасымен байланыстылығын жоққа шығармайды. Бұл туралы жақын арада Тимур Нұғманов бірқатар телеарналарға сұхбат берген болатын. Сонымен бірге, Көлік министрлігі басшылығының жауап хабарламасында техникалық байқауды алып тастау кейбір тұлғалар мен компаниялардың қаржылық мүдделерін қозғап кететіні айтылды.  

Орын алған жағдай бойынша Т.Нұғманов Астана қ. Алматы ауданы бойынша АІІБ-не арыз түсірді.

         Бұл жағдай партияның ОК-нің жақын арада болатын отырысында қаралады.

 

 

2012 жылғы 19 маусым, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі