Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, тараптардың шынайы түрде тең құқылы болуын сақтау және заңнаманы ізгілендіру жұмыстары әлеуметтік жаңғыртудың құқықтық негізі болу тиіс - Азат Перуашев.
Әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, тараптардың шынайы түрде тең құқылы болуын сақтау және заңнаманы ізгілендіру жұмыстары әлеуметтік жаңғыртудың құқықтық негізі болу тиіс – Азат Перуашев

Әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, тараптардың шынайы түрде тең құқылы болуын сақтау және заңнаманы ізгілендіру жұмыстары әлеуметтік жаңғыртудың құқықтық негізі болу тиіс – Азат Перуашев.

 

Іс жүзіндегі әлеуметтік жаңғырту әділ және тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз етуді талап етеді – бұл туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен ұсынылған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын талқылау барысында бүгін «Ақ жол» партияның Орталық кеңесінің пленумында партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді.  

«Медиацияны дамыту туралы сөз сөйлеуі кезінде Президенттің мән беріп өткеніндей, аталған саладағы орын алып отырған мәселелер дауларды шешудің баламалы түрлерін іздеуге мүжбүрлейді» – деп атап өтті Мәжіліс депутаты, - «Алайда әлеуметтік әділдік принципін жүзеге асырмай және тараптардың шынайы түрдегі теңдігін сақтамай сот процедурасын да, баламалы процедураларды да іске асыру мүмкін емес».    

Парламенттік оппозиция көшбасшысы атап өткендей, «Әлеуметтік әділдік және азаматтардың тең құқылы болуы мәселелері «Ақ жол» партиясы үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың бірінші жартысының өзінде Парламенттегі «Ақ жол» фракциясымен газдандыру бағдарламасын жүргізу кезіндегі біздің азаматтардың тең құқылы болуын (біз бұл бағдарламаға Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын қосқызған болатынбыз), Ұлы Жеңіске орай еліміздің әртүрлі аймақтарында қаржылай көмек алу кезіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құқықтарының теңдігін сақтауды, жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік гранттарды жеңіп алу байқауы кезінде, мектептегі білім алған тіліне қарамастан талапкерлердің тең құқылы болуын, аналардың босануы бойынша жәрдемақы алу кезіндегі жаңа туған сәбилердің тең құқылы болуын қамтамасыз ету және т.б. мәселелер көтерілді».

            «Атап өткен мысалдардың өзі ғана бұл салада көптеген мәселенің бар екендігін көрсетеді. Осыған байланысты, істерді соттарда қараудан бастап және дамудың мемлекеттік бағдарламаларымен аяқтай отырып, біздің азаматтарымыздың іс жүзінде тең құқылы болуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені әлеуметтік жаңғыртудың маңызды бөлігі атануы тиіс деп ойлаймыз», - деп «Ақ жол» партиясының төрағасы айтып өтті.

            Азат Перуашев бұл үдерістің келесі бір жағы жалпықылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағдарламасы болуы тиіс деп отыр. Бұл алдымен азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірумен байланысты емес істер бойынша екпінді қаржылық құралдарға аударумен жүргізілгені жөн.

«Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша экономикалық және шаруашылық құқықбұзушылықтарды декриминализациялау турасында жүргізіліп жатқан ауқымды шаруа осы саладағы үлкен жұмысты көрсетті.

Адамды құрыған қылмыскерге айналдыратын түрмеге қамау жазасына қарағанда 2 еседей не одан да көп қаржылай айыппұлдарды өндіріп алумен залалдың орнын толтырту жазасы құқық бұзушыға зор тәрбиелік әсерін тигізуі мүмкін», - деп Азат Перуашев өз сөзін толықтырды.

Азат Перуашевтің пікірінше, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, тараптардың шынайы түрде тең құқылы болуын сақтау және заңнаманы ізгілендіру жұмыстары әлеуметтік жаңғыртудың құқықтық негізі болуы тиіс.

 

2012 жылғы 20 шілде, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі