Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Н.Назарбаевпен ұсынылған Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасы уақыт талабы мен халқымыздың ұлттық мүдделеріне сай келетін құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастырады - "Ақ жол" ҚДП.
Н

Н.Назарбаевпен ұсынылған Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасы уақыт талабы мен халқымыздың ұлттық мүдделеріне сай келетін құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастырады – «Ақ жол» ҚДП.

 

 «Ақ жол» партиясы Президент Н.Назарбаевпен ұсынылған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын қолдайды – бұл туралы партияның Орталық кеңесінің бүгін өткен пленумына қатысушылар мәлімдеді.

Пленум бейне-конференция түрінде ұйымдастырылды және партияның барлық аймақтық филиалдары Астанадағы орталық кеңсемен тікелей бейнебайланысқа шықты. Алдымен әлеуметтік жаңғырту бағдарламасы бойынша «Ақ жол» партиясының ұстанымы туралы басты баяндаманы партия төрағасының орынбасары Людмила Жуланова оқыды. Сондай-ақ, Орталық кеңестің хатшысы Сәбит Байдалы қосымша баяндама жасады.         

Бағдарламалық мақаланы талқылауға қатысқан «Жас қазақ үні» газетінің жетекшісі Қазыбек Иса, Ақмола облысындағы Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Тәжин өз ойларын білдірді. Мақаланы талқылау жиынындағы бейнебайланысқа Қостанайдан – облыстық филиал төрағасы Өмірбек Сатмұхамбетов, Қызылордадан - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев, Атыраудан - облыстық филиал төрағасы Ермекқали Юсупов, Ақтаудан - облыстық филиал төрағасының орынбасары Аймұханбет Жигелдиев, Алматыдан - партия төрағасының орынбасары, қалалық филиалдың төрағасы Талғат Әбдіжаппаров, Шымкенттен - облыстық филиалдың төрағасы Анарбек Орман және Орал қаласынан - облыстық филиалдың төрағасы Серік Мерғалиев шықты.   

Бағдарламалық мақаланы талқылау жиынын қорытындылай келе партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев экономиканың дамуы миллиондаған адамдардың өмірін жақсартуға, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты қысқартуға, интеллектуалды біліммен, лайықты жұмыспен және ізгілікті денсаулық сақтаумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ мыңдаған отбасыларды қолжетімді баспанамен және өмірлік перспективамен қамтамасыз етуге бағытталған жағдайда ғана мән-мағыналы болатындығын айтып өтті.   

«Мемлекет басшысымен көтерілген мәселелер Қазақстан дамуының базалық мақсаттары мен міндеттерін анықтауға жаңа талаптар қойып, халқымыздың ұлттық мүдделері мен уақыт талабына сай келетін құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастырып отыр», - деді Азат Перуашев.

Президенттің «Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады» деп айтуы тек жаһандық тұрғыда емес, сондай-ақ жеке тұрғыдан алғанда бизнес саласынан шыққан адам, экономиканың нақты секторының өкілі ретінде мен үшін аса ғибрат аларлық болды – деп Мәжіліс депутаты өз пікірін білдірді.

Отырысқа қатысушылар әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының көптеген басқа да ережелерінің «Ақ жол» партиясының кадрлық негізін құрайтын ойшыл зиялы қауым мен іскер адамдар үшін үндес және жақын екенін атап өтті. 

Базалық құндылықтар мен сайлаушылар мүдделерінің ортақтығын ескере отырып, «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің мүшелері Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын түбегейлі қолдайтындарын және оны іске асыруға белсенді түрде атсалысатындарын мәлімдеді.

Сонымен бірге, «Ақ жол» партиясы осы бағдарламаға тікелей қатысы бар, алайда іске асырылуы бойынша жауапты мемлекеттік органдармен жарияланған жоспарларда әзірше тиісті дәрежеде көрініс таппаған бірқатар қосымша мәселелерді атап өтуді қажет деп санайды. Осыған байланысты, партия филиалдары мен Орталық кеңеске бір айлық мерзім ішінде осындай бастамаларды жинақтап, «Ақ жол» партиясының ұсыныстарының жобасы ретінде Үкіметтің қарауына енгізу ұсынылды. 

 

2012 жылғы 20 шілде, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі