Әлеуметтік жаңғырту мемлекеттің зайырлы сипатын нығайтуға кепілдік беруі, экстремизм мен діни радикализмнің әлеуметтік алғышарттарын барынша төмендетуі тиіс – Азат Перуашев.
Әлеуметтік жаңғырту қоғамның рухани өмірінде болып жатқан үдерістермен санасуы, мемлекеттің зайырлы сипатының және білім жүйесінің нығаюына кепілдік беруі, экстремизм мен діни радикализмнің әлеуметтік алғышарттарын барынша төмендетуі тиіс – бұл туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен ұсынылған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын талқылау барысында «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесінің пленумында партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді.
«Азаматтарды қоғамдық пайдалы еңбекке прогрессивті түрде тартуға бағытталған әлеуметтік жаңғыртудың үдерістері бейәлеуметтік мінез-құлықпен және діни, тіпті экстремистік сипаттағы жалған құндылықтармен бетпе-бет келуі мүмкін. Өкінішке орай, осындай пиғылдағы ағымдардың арамызға тереңдей еніп және жастардың олардың алғашқы құрбандарына айналып жатқандығын көріп отырмыз» - деп парламент депутаты Азат Перуашев өз сөзінде айтып өтті.
Сондай-ақ ол таяуда ғана терроризм және экстремизммен күрес жөніндегі жиында айтылған Президент Н.Назарбаевтың сөздерін еске салды: «...елде радикалды және экстремистік элементтер жалпы алғанда мемлекет пен қоғамға толық масштабты түрде қысым көрсетуде... 2011-2012 жылдардың өзінде терроризм және экстремизммен байланысты жүзден аса қылмыс жасалған. Ондаған азамат пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың құрбандарына айналды».
«Сондықтан әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын осындай қауіп-қатерді еңсеру, қоғамның жағымды көңіл-күйін қалыптастыру мен біздің халқымызға тән емес және азаматтарымыздың бойына сырттан сіңіріліп жатқан жалған құндылықтарды жаппай қабылдамау жолында пайдаланған маңызды» - деді «Ақ жол» партиясының лидері.
«Экстремизм теңсіздік, әділетсіздік, жұмыссыздық және өмірлік перспективаның болмауы түріндегі әлеуметтік алғышарттары бар жерлерде пайда болады.
Президентпен ұсынылған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғырту бағдарламасы бұл талаптарға нақты балама болып отыр. Біздің міндетіміз – осы конструктты парасатты түрде іске асыру» - деп атап өтті Азат Перуашев.
Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты қысқартумен, әділ сот төрелігін қамтамасыз етумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрумен, жаппай кәсіпкерлікті дамытумен, банктердің тәбетін шектеумен және тағы да басқаларымен байланысты бүгін «Ақ жол» партиясымен айтылған ұсыныстар ақыр соңында біздің елімізде үдемелі, әділ және ауқатты қоғамды қалыптастыру жолындағы Н.Назарбаевпен ұсынылған әлеуметтік жаңғырту бағдарламасына іс жүзіндегі жәрдемдесуге бағытталған» - деп толықтырды ол.
Азат Перуашев партия филиалдары мен Орталық кеңеске бір айлық мерзім ішінде түсіп жатқан бастамаларды жинақтап және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша «Ақ жол» партиясының жобасы ретінде бекітуге енгізуді тапсырды.
Осыларды негізге ала отырып, «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы сондай-ақ заң шығарушылық қызметінде өзіндік тәсілдерін қалыптастыратын болады, ал қажет жағдайда тиісті заң жобаларын дайындайтын болады.
2012 жылғы 20 шілде, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі