Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов мырзаға
Қазақстан Республикасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

Б.Т. Жұмағұлов мырзаға

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Бақытжан Тұрсынұлы!

 

«Ақ жол» Демократиялық партиясына жеке жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттері келесі мәселе бойынша өтініштер білдіруде.

А.ж. 26 ақпанында Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы жеке оқу орындарының санын күрт қысқарту жоспары және әр облыста біреуден артық емес жеке жоғары оқу орынын  қалдыруға ниеттеніп отырғандығы хабарланған болатын.

Министрліктің  пікірінше, Қазақстанда ЖОО, әсіресе мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін жеке оқу орындары көп.

Нақты жеке жоғарғы оқу орындарының «мамандарды сапалы дайындауды  қамтамасыз етпейтінгі туралы» қандайда бір дәлелдемелер келтірілмейді.

Сондай-ақ аймаққа бір жеке жоғары оқу орны деген өлшемнің қайдан алынғаны да түсініксіз.

Сонымен қатар, оқыту сапасына, профессор-оқытушылар құрамына немесе мекеменің оқу-әдістемелік базасына қойылатын талаптар туралы ешнәрсе айтылмайды, жай ғана қысқарту міндеті қойылады.

«Ақ жол» партиясының депутаттары осыған байланысты біреулерге жеке оқу орны ұнайды/ұнамайды деген көзқараспен емес, мамандарды сапалы дайындайтын ЖОО-ның қабілеттілігін бағалау ұстанымы қажет деп есептейді.

Егер әділеттілікпен қарайтын болсақ, бірқатар жеке оқу орындарының деңгейі мемлекеттік ЖОО-нан төмен емес, ал кейде тіпті басым түсіп те жатады. Сонымен бірге, меншік нысаны аралас, акционерлік, бірақ мемлекеттік қатысу үлесін сақтаған  жоғары оқу орындарының мысалдары бар.

Кейбір аймақтарда 1 емес, 3-4 мықты және сапалы жеке ЖОО болуы, ал кейбір аймақта біреуі де болмауы мүмкін. Бұдан басқа, жұмыс қолы көп аймақтарда ЖОО-ына қажеттілік тұрғындары және жастардың үлесі аз аймақтардан әлдеқайда жоғары болатыны рас.  Сондықтан, министрлікпен мәлімделген іріктеудің «бір аймаққа – бір жеке жоғары оқу орны» қағидасы өте күмәнді көрінеді.

ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы бойынша жеке жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн.

Тіпті елімізде ЖОО артық екені байқалғанымен келіскеннің өзінде, неге олардың санын қысқарту жеке мекемелердің есебінен жүргізілуі керек?

Чехияда жеке ЖОО саны мемлекеттік ЖОО-ның санынан 2,5 есеге дейін асып түседі (барлығы 66 ЖОО, оның 28 - мемлекеттік), Малайзияда 599 жоғары оқу орнының 521-і – жеке, яғни мемлекеттік жоғары оқу орнына қарағанда жеке ЖОО 6,7 есеге көп.  АҚШ-да жеке университеттердің саны мемлекеттіктен 4,5 есе, Ұлыбританияда – 53,3 есе, Сингапурда – 3 есе артық.

Жалпыға мәлім, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттікпен бәсекелес жеке сектордың бар болуы өнімдердің және қызметтердің сапасын көтеруге әкеледі.

Қазақстанда студенттердің жартысы мемлекеттік, екінші жартысы жеке ЖОО-да оқиды. Нақты жеке ЖОО бітірушілер сапасыз білім алып жатыр дейтіндей зерттеулермен дәлелденген ешқандай  мәліметтер жоқ. Білім деңгейінің төмендігі – жекеге де, мемлекеттік жоғары оқу орындарына да тән жоғары білім берудің отандық жүйесінің ортақ проблемасы.

Біздің ойымызша, ең жақсы көрсеткіш оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру болып табылады, ал бұл критерий бойынша көптеген жеке ЖОО-ы мемлекеттіктен кем түспейді. ЖОО сапасын ірі отандық және халықаралық компаниялардан пікір сұрау жолымен  жасалған ҚР-ындағы ірі  қазақстандық жоғары оқу орындарының сапалық  рейтінгіне («ИА «Рейтинг.KZ» агенттігі) сәйкес, еліміздің таңдаулы бес жоғары оқу орындарының үшеуі (60%)  - дәл осы жеке жоғары оқу орындары. Бірінші ондықта – 7 жеке ЖОО. Төменгі позицияны мемлекеттік ЖОО алды. Яғни, жұмыс берушілер жеке оқу орындары өздерінің бітірушілерін еңбек нарығына жақсы дайындайды деп есептейді және өздерінің осы пікірлерін, оларды басымдықпен жұмысқа алып, растап отыр.

Сондықтан «Ақ жол» партиясы жоғары білімнің сапасын көтеруді айтқанда, оны бағалаудың критерийі жоғары оқу орнының  меншік нысаны емес, олардың шығарған кадрларының деңгейі болуы тиіс деп санайды.

Өкінішке орай, ЖОО қысқартудан оқытушылардың босап қалуы, студенттерді одан әрі оқытудың шарттары және т.б. әлеуметтік салдарлары есептелген бе, жұршылыққа ештеңе де белгісіз.

Қазіргі уақытта, ЖОО ортасында бұл процесс туралы кімді кіммен қосуға «мәжбүрлейтіндігі» жайында неше түрлі лақап сөздер жүр. Қаржыландыру және мемлекеттік грант үшін бәсекесіз күресте ықпал ету саласын дөрекі түрде қайта бөлісу жүріп жатыр деген қауіптер айтылуда.

Осыған байланысты Сізден:

-         қалайша және қандай критерийлер бойынша жоғары оқу жүйесін оңтайландыру жүргізу жоспарлануда,

-         бұл ретте жеке жоғары оқу орындарының заңдық құқықтары мен мүдделері қаншалықты қорғалатын болады,

-         сондай-ақ білім сапасын көтеруге нақты болжамдалған қадамдар бола ма, немесе барлығы мемлекеттік емес жоғары оқу орындарымен күрес жөніндегі науқанға тіреле ме?

Сауалды қараудың нәтижелері туралы жазбаша түрде, қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Құрметпен,

 

 «Ақ жол» ҚДП

Парламенттік  фракция мүшелері

А. Перуашев

 

А. Әбілдаев

 

Е. Никитинская

 

Т. Ерғалиев

 

Н. Жазылбеков

 

А. Тұртаев