Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Жеке қабылдау өткізді

 Әңгіме барысыда Кәкімжанов мырза Қазақстан ғылымының дамуы, отандық ғылыми өнімдердің өндірісте пайдаланылуы, ғылыми зерттеулердің экономикалық мақсаттылығы туралы айта келе, жалпы ғылым саласы елдің экономикасына жұмыс істеу керек екендігін атап өтті. Бүгінгі күні бұл бағытта, әсіресе ауыл шаруашылығы ғылымдары идеяларына, өнімдеріне агроөнеркәсіптік кешен өндірісінің сұранысы өте төмен. Сала құрлымдары ғылыми жетістікті пайдаланғаннан гөрі, өндіріс тиімділігін келешегі дүдамал басқадай мүмкіндікпен арттыруға ынталы. Сондықтан, ғалымның айтуы бойынша, ауыл шаруашылығы өндірісінде әділ бәсекелестікке ынталандыратын салықтық, басқадай экономикалық тетікті қарастыру керек.