1. «Өсімдіктер мен Жануарларды қорғау» ЖШС-нің директоры Адишев Керімбекпен Тұманұлы «Ауыл» ХДПП жастар қанатының төрағасы Ермен Қайрат Ерменұлымен бірге қабылдауда болып, Түркістан облысы бойынша зиянкестерге яғни, шыбын-шіркейлер мен шегірткеге қарсы күресуге ұсыныстарымен келді.
2. «Мүгедектер қоғамы» Caрable Group қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сүйін Бейімбет Жабекұлы мен Ауыл партиясының белсенді мүшесі Оразалиев Хазрети Әли Төрегелдіұлы Отандық өнімді дамту және аудан ауылдарға қол жетімді ету мәселесі бойынша болды.
3. «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің Түйе шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, жалғыз және қос өркешті түйе тұқымдарының Республикалық палатасының басшысы Ермаханов Мейрамбек Нысанбекұлы мен жетекші ғылыми қызметкер Абдуллаев Қоныс Шойұлы республикада түйе шаруашылығын қарқынды дамыту үшін депутаттардан республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесін шешуге жәрдемдесуді, сондай-ақ Түркістан облысының мал шаруашылығындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын берді.