Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Комитеттің көшпелі отырысы

Отырыстың мақсаты Ақтөбе облысы ауыл тұрғындарының осы бағдарлама аясындағы жұмыс тәжірибесін зерделеу болды. Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж. Құрманов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі О. Т. Ордабаев, Аграрлық несие корпорациясы мен Қазагроқаржы өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы және агроқұрылымдар басқармаларының басшылары қатысты. Ақтөбе облысының әкімі Е.Л. Тоғжанов отырысқа қатысушыларды «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру нәтижелерімен, ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы өндірісіне тарту, олардың әл-ауқатын арттыру және жалпы ауылды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Ақтөбе облысындағы жобаның ерекшелігі бюджет қаражатын тартпай мал шаруашылығын дамыту мақсатында ірі шаруа қожалықтары есебінен тауарлық несиелер беру болып табылады. Іс-сапар барысында депутаттар Ақтөбе облысының фермерлерімен кездесіп, Мәртөк және Қарғалы аудандарында болып, құс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру саласындағы жобаға қатысушылармен танысты. Комитет отырысында қайта қарыз алу кезінде кредит сомасын ұлғайту; ҚазАгроҚаржы іске асыратын қолданыстағы несиелеу бағдарламаларын кеңейту; сервистік, дайындау және өткізу кооперативтерін құру арқылы кооперацияны дамыту; құс шаруашылығының қажеттіліктері үшін жемшөп өндіру: көкөніс қоймаларының құрылысын жеңілдікпен қаржыландыру және т. б. мәселелер талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша Үкіметке «Ауыл аманаты» жобасын тиімді іске асыру бойынша ұсынымдар жіберілетін болады.