Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Ақмола облысына іссапары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е. Ж. Қошановтың а. ж. 1 маусымында Ақмола облысы Целиноград ауданында «Нұра топтық су құбырының» қайта құру барысын бақылау жөніндегі аудандық және облыстық мәслихат депутаттарымен кездесу барысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы С. Р. Егізбаев Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Қазсушар» РМК, облыс әкімдігінің өкілдерімен бірге Ақмола облысы Егіндікөл ауданының аумағында аталған су құбырын қайта жаңарту барысымен танысты. Аудан тұрғындарымен, жергілікті БАҚ өкілдерімен және жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұжымымен кездесу (25 адам) өткізілді, оның барысында құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері талқыланды. Сұрақтарға жауап бере отырып, С. Р. Егізбаев аудан тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің ауыр жағдайына байланысты бұл мәселе депутаттардың тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.