Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Павлодар облысына іссапары

Мәжіліс депутаттары - партияның фракция жетекшісі, «Ауыл» ХДПП Төрағасы Серік Егізбаев пен «Ауыл» ХДПП Төрағасының орынбасары Николай Арсютин Павлодар облысы, Екібастұз қаласында орналасқан «Greenhouse Qaztomat» жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.

Партия төрағасы мұндай ке­шен­ді бірінші рет болып отыр­ғанын, барлық технологиялық жүйе заманға сай екенін атап өтті. Кәсіпорын бас­шы­лығы жы­лыжайға агроном маман­дар­дың жетіспейтініне алаң­дау­шылық танытты. «Көкөніс тұқымдары шетелден қым­батқа сатып алынады. Бұл мә­селелер ең әуелі шаруа­шы­лық­тың дамуы­на, екіншіден баға, карантин мәселесіне кері әсер етіп тұр», деді жылыжай өкілдері. Де­путат­тар кәсіпорын мәселе­лерін мем­ле­кеттік жауапты органдарға жет­­кізуге уәде етті.

«Greenhouse Qaztomat» жылыжай шаруашылығы 2016 жылы пайдалануға берілген. Онда қызанақ, баклажан, қияр өсіріледі. Кәсіпорын қуаты - 11 000 тонна. Өнімді өткізу нарығы - импорт және экспорт.

Кәсіпорында 500-ден астам қызметкер еңбек етеді.

Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев заманауи кәсіпорын жұмысын жоғары бағалады.

Image title